«Банк ісі» лекциялық курсы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

1 Банк ісі және оның Қазақстандағы дамуы . . . 5

2 Қазақстан Республикасының банк жүйесі . . . 8

3 Қазақстан Республикасындағы банк ісін ұйымдастыру және реттеу . . . 11

4 Банк ресурстарын қалыптастыру операциялары . . . 24

5 Банк активтерінің құрылымы және жіктелуі . . . 32

6 Банктің есеп айырысу-кассалық операциялары . . . 35

7 Банктің несиелік саясаты және несиелік механизм . . . 38

8 Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау жүйесі . . . 46

9 Банктің қаржылық операциялары . . . 49

10 Банк өтімділігін басқару және бағалау . . . 55

11 Банктердің табыстары мен шығыстары . . . 58

12 Банктің комиссионды- делдалдық операциялары . . . 60

13 Банкаралық ақша аудару жүйесі арқылы есеп жүргізу тәртібі (БЕАТ) . . . 64

14 Банктік аудит және банктік қадағалау . . . 65

Әдебиеттер тізімі . . . 74

БАНК ІСІ

Лекциялар курсы

«Банк ісі» лекциялық курсы нарықтық қатынастағы нарықтық экономикаға тән банк жүйесінің құрлымын, еліміздің бактік жүйесінің жаңа халықаралық банк жүйесінің жұмыс істеу принциптеріне көшу барысында әлемдік банк технологиясын меңгеру, банктердің әр түрлі шаруашылық, меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілермен өзара қарым қатынасын, қызметін ұйымдастыру, реттеу және бағалау, өтімділігін басқару, олардың нарықтық экономикаға өтудегі рөлі мен қызметтері жайлы нақты Қазақстан Республикасының тәжірибесіне сүйене отырып жазылған мәлметтермен сипатталады.

КІРІСПЕ

Банк ісі нарықтық экономиканың ең маңызды өсіңкілік құрлымы болып табылады. Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банктік жүйесі бар. Оның біреуі мемлекеттің орталық банкі болып табылатын Ұлттық банк және ол банк жүйесінің жоғарғы деңгейін көрсетеді, ал екіншісі коммерциялық банктер. Банктер ақшалай есеп айырысуды жүргізіп, экономиканы несиелеп, өндірістердің тиімділігін арттырып, елдің қор жинауына өз әсерін тігізеді. «Банк ісі» атты лекциялық курс Қазақстан Республикасындағы банктер шығу тарихын, қызметін ұйымдастыру тәжірибелерін және олардың клиенттерге көрсететін қызметтері мен операцияларының түрлерін, банк ресурстарын қалыптастыру және орналастыру, сондай-ақ банк қызметтерін реттеу, бағалау және өтімділігін басқаруға қатысты теориялық және практикалық мәселелер жайындағы мәлметтері толығырақ қамтылады.

Оқу құралы нарықтық қатынастағы нарықтық экономикаға тән банк жүйесінің құрлымын, еліміздің бактік жүйенің жаңа халықаралық банк жүйесінің жұмыс істеу принциптеріне көшу барысында әлемдік банк технологиясын меңгеру, банктердің әр түрлі шаруашылық меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілермен өзара қарым қатынасын банктердің қызметін ұйымдастыру, реттеу және бағалау, өтімділігін басқару, олардың нарықтық экономикаға өтудегі рөлі мен қызметтері жайлы нақты Қазақстан Республикасының тәжірибесіне сүйене отырып жазылған.

Лекциялық курс «Банк ісі» пәнінің типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Лекциялық курстың құралымы: 12 тақырыптан және бірнеше тақырыпшалардан тұрады, әр тақырыптан соң бақылау сұрақтары мен ұсыналатын әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БАНК ІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУЫ

  1. Банктердің экономиканы басқарудағы рөлі және пайда болуы
  2. Банктік капиталдың Қазақстанға келуі және қазақстан территориясында ірі сауда - өнеркәсіп қызметінің орталықтары болып саналатын мемлекеттік банк бөлімшелерінің қатарлары
  3. Қазақстандағы банктік реформалар

1. Банктердің экономиканы басқарудағы рөлі және пайда болуы

Экономиканың басқару органы ретіндегі банктің рөлі оның өзінің қызметкерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады. Экономиканы басқару процесінде банкттер негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.

Банк жүйесінің маңызды элементі - банктер болып табылады. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) XIV-XV ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.

2. Банк капиталының Қазақстанға келуі.

Банк капиталының Қазақстанға келуі (1917 жылға дейін) . Банк капиталының Қазақстанға енгізілу мерзімі ХІХ ғасырдың аяқ кезін қамтиды. Революцияға дейінгі Қазақстанның көп укладты экономикасында несиенің әр түрлі формалары дамыған. Қазақстанның несиелік жүйесі негізінен Ресей империясының несиелік жүйесінің бір бөлігі ретінде: Мемлекеттік банк бөлімшелірінен, акционерлік, коммерциялық банктер филиалдарынын, өзара несие беру қоғамдарынан, қалалық қоғамдық банктерінен, ипотекалық несие банктері немесе ұсақ несие мекемелерінен және жинақ кассаларынан тұрды. Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан территориясында ірі сауда-өнеркәсіп қызметтерінің орталығы болып саналатын Оралда (1876 ж. ), Қызылжарда (1881 ж. ), Семейде (1887 ж. ), Омбыда (1895 ж. ) және бұрыңғы Верныйда (қазіргі Алматы 1912 ж. ) ашылып жұмыс жасады, оны төмендегі кестеден көреуге болады.

Кесте 1 - Қазақстан территориясында ірі коммерциялық банктер қатары:

Банк атауы
Қазақстандағы бөлімшелер реті:
Қазақстандағы банктің құрылған жылы:
Банк атауы: 1
Қазақстандағы бөлімшелер реті:: 2
Қазақстандағы банктің құрылған жылы:: 3
Банк атауы: Сібір сауда-банкі
Қазақстандағы бөлімшелер реті::

-Омбыда (1894 ж. ) ;

- Семейде (1898 ж. ) ;

- Қызылжарда (1905 ж. ) ;

- Верныйда (1908 ж. ) ;

- Ақмолада (1909 ж. ) ;

- Қостанайда (1911 ж. ) ;

- Керекуде (1916 ж. )

Қазақстандағы банктің құрылған жылы:: 1872 жылы
Банк атауы: Орыстың сауда-өнеркәсіп банкі
Қазақстандағы бөлімшелер реті::

- Қызылжарда (1905 ж. ) ;

- Қостанай (1904 ж. ) ;

- Оралда (1909 ж. ) ;

-Омскіде (1916 ж. ) .

Қазақстандағы банктің құрылған жылы:: 1916 жылы
Банк атауы: 1 - ші кестенің жалғасы
Банк атауы: 1
Қазақстандағы бөлімшелер реті:: 2
Қазақстандағы банктің құрылған жылы:: 3
Банк атауы: Орыс-Азия банкісі
Қазақстандағы бөлімшелер реті::

- Семейде (1907 ж. ) ;

- Верныйда (1903 ж. ) ;

- Омбыда (1898 ж. )

Қазақстандағы банктің құрылған жылы:: 1910 жылы
Банк атауы: Орыс банкі
Қазақстандағы бөлімшелер реті:: - Керекуде, Омбы (1909 ж. )
Қазақстандағы банктің құрылған жылы:: 1910 жылы
Банк атауы: Волжекамский
Қазақстандағы бөлімшелер реті::

-Омбыда (1905 ж. ) ;

- Семейде (1907 ж. )

Қазақстандағы банктің құрылған жылы:: 19010 жылы

Қызылжарда, Семейде және Оралда, Ярослав-Костромкі жер банкісінің агенттіктері ашылып, қызмет көрсетті. Жалпы, бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде Қазақстанның әр аудандарында болды.

Кесте 2 - Қазақстанның әр аудандарында мынандай банк түрлері бар

Бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде Қазақстанның әр аудандарында мынандай банк түрлері болды:
Бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде Қазақстанның әр аудандарында мынандай банк түрлері болды:: Мемлекеттік банктің
6 бөлімшесі
Бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде Қазақстанның әр аудандарында мынандай банк түрлері болды:: Акционерлік-коммерциялық банктердің
18 бөлімшесі
Бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде Қазақстанның әр аудандарында мынандай банк түрлері болды:: Өзара несие беру қоғамдары
12 бөлімше
Бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде Қазақстанның әр аудандарында мынандай банк түрлері болды:: Қалалық қоғамдық банктер
8
Бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде Қазақстанның әр аудандарында мынандай банк түрлері болды:: Несиелік және ссудалық серіктестіктер
345

Бұл құрылғылар салалық банктер қызметтерінің басты бағыттары салаларды қаржыландыру және ұзақ мерзімді несиелеуді көздеді.

3. Қазақстандағы банктік реформалар .

Қазақстандағы қайта құру тұсындағы банк жүйесінің дамуы, КСРО-да

соңғы рет жүргізілген банктік реформаға (1987-1988 жж. ) сәйкес келеді.

1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жарияланғаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады. 1990 жылы желтоқсан айында қабылданған «ҚазКРО-ғы банктер және банктік қызмет туралы» алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргузудің бастапқы кезеңдерін қамтиды. Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған «Қазақстандағы банктік жүйені реформалау» бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:

І кезең. 1988-1991 жж (КСРО-ның тұсында) ;

ІІ кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары;

ІІІ кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі.

2 ҰЛТТЫҚ БАНК - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ОРТАЛЫҚ БАНКІ

  1. Қазақстан Республикасының банк жүйесі және оның міндеттері
  2. Ұлттық банктің несиелік ресурстары
  3. Ұлттық банк жұмысының негізгі бағыттары

1 Қазақстан Республикасының банк жүйесі және оның міндеттері

Банк жүйесінің құрылымы елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сәйкес екі деңгейден тұрады. Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкі болып табылады және банктік жүйенің жоғарғы деңгейін көрсетеді. Ұлттық банктің міндеттерін, принциптерін, іс - әрекетін, құқықтық құзырын және өкілеттілігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк жөнінде» заңымен анықталады. Ұлттық банк өзінің компетенциясы шегінде банктік қызметтің жеке сұрақтары бойынша бақылайды және тұрақтандыруды жүзеге асырады және банктік қызметтің жеке түрлерін жүзеге асыратын банктердің және ұйымдардың жеке қызметі үшін жалпы жағдай жасауға қалыптасқан.

Банктік қызметтің жеке түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар қатынасында Ұлттық банктің бақылаушы және тұрақтандырушы қызметі Қазақстан республикасындағы ақша-несие саясатын тұрақтандыруды қолдауға, банк кредиторларының, олардың клиенттері мен салымшыларының қызығушылығын қолдауға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі - банктердің банкі. Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады. Орталық банк елеміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның басты мақсаты ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.

Ұлттық банк - бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.

Өзге банктердің барлығы (Қазақстан Республикасының заңды актілерімен анықталған, Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) - төменгі деңгейдегі, яғни екінші деңгейді сипаттайды. КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығы, содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат - отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғаны.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына жасалған соңғы толықтырулар мен өзгерістердің кейінгі Ұлттық банкінің басты міндеті - еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сол сияқты, Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктелді:

  • Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді, валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
  • мемлекеттің ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • төлем жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
  • бантік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

2 Ұлттық банктің несиелік ресурстары

Ұлттық банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден құралады:

  • меншікті қаражат есебінен;
  • басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
  • ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;
  • арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан

қаражаттар есебінен.

3 Ұлттық банк жұмысының негізгі бағыттары және ақша - несие саясаты

Ұлттық банк жұмысының негізгі бағыттары:

  • елдегі несие ресурстарын және ақша айналымын басқару;
  • өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкасациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару, есеп жүргізуді және банктердің есеп беруін ұйымдастыру.
  • банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеу әдістерінің формаларын талдау;
  • елдің банк жүйесінің тәуекелсіз балансын жасау;
  • ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
  • валюталық операциялар жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т. б.

Қазақстан Ұлттық банкі (ҚҰБ) мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.

Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты - ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі - Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарпынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Шаруашылық конъюнктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

1 Рестрикциялық ақша-несие саясаты. Бұл екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

2 Экспанциондық ақша-несие саясаты. Несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.

Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ

  1. Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру
  2. Банк қызметін реттеу әдістері
  3. Банктік қадағалаудың әдістері
  4. CAMEL жүйесі

1 Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» және 1995 жылдың 31 тамызда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңдарын басшылыққа алады.

Коммерциялық бантер - банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады. Коммерциялық банктің негізгі қызмет саласы және қызмет көрсету қатары К1 және К2 қосымшаларында көрсетілген.

Қосымша К1: Коммерциялық банктің негізгі қызмет саласы

Қосымша К2: Коммерциялық банктің қызмет көрсету қатары

1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынандай үш кезеңнен тұрады:

1 Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;

2 Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;

3 банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.

2 Банк қызметін реттеу әдістері

Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативті құқықтық актілермен анықталады.

1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңының 41- бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың салымшыларының мүдделерін қорғау, сондай-ақ республикадағы ақша- несие жүйесінің тұрақтылығын қолдап отыру мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді мынандай жолдармен жүзеге асырады:

  • пруденциялық нормативтер белгілеу;
  • банктердің орындауына міндетті нормативттік құқықтық актілер шығару;
  • банктердің қызметін тексеру;
  • банктің қаржылық жағдайын сауықтандыруға байланысты ұсыныстар беру;
  • банктерге ықпал етететін шектеу шараларын қолдану;
  • банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар беру.

Банк қызметін реттеу шаралараның ішіндегі ең маңыздысы пруденциялық нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ережеге сәйкес оларға мыналар жатады:

  1. жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;
  2. меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті;
  3. бір қарыз алышуға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері;
  4. өтімділік коэффициенті;
  5. ашық валюталық позиция лимиті;
  6. негізгі қорларғы және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.

Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері

Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк басқармасы бекітеді. Банк акционерлерден өзінің акцияларын номиналдық бағадан төменгі деңгейде ғана, сондай-ақ ондай сатып алу кез келген пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді бұзбаған жағдайда ғана сатып ала алады.

Ұлттық банк халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы. Ол сонымен катар банктердің пруденциялық нормативтерді және орындауға міндетті 6аск, а да нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді.

Банктік қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындарды табу мақсатында банктер резервтік қор құруға міндетті. Резервтік қорлар банктердің дивидендтерді төлеуге дейінгі табысының есебінен құрылады. Банктер резервтік қорларының көлемін Ұлттық банк белгілейді.

Меншікті к, аражаттардың жеткілікті коэффициенті

Меншікті капитал (К) - бұл I деңгейлі капитал мен II деңгейлі капитал (I деңгейлі капиталдан аспайтын мөлшерде) қосындысынан банктің инвестицияларын шегеру арқылы есептеледі.

Банк инвестициясы - акцияның (жарғылық капиталда қатысу үлесі) және еншілес ұйымдардың, сондай-ак, басқа заңды ұйымдардың субординирленген қарызына жұмсалымдар сомасы.

Ұйымдардың субординирленген қарызына жұмсалымдар мынадай шарттардың біріне сәйкес келуге тиіс:

  • жоғарыда аталған заңды тұлғалардың қаржылық есебі халықаралық стандартына сәйкес жасалуы және аудиторлық қорытындымен расталуы тиіс;
  • жоғарыда аталған заңды тұлғалардың акциялары Қазакстан қор биржасының ресми тізімінің «А» категориясына енуге тиіс;
  • жоғарыда аталған заңды тұлғалардың қарыз рейтингі Standard & Роогs және басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің «А» рейтингінен төмен болмауға тиіс.

Бірінші деңгейлі капитал (КІ) мыналардан құралады:

  • төленген жарғылық капитал;
  • қосымша капитал;
  • өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс (өткен жылдардағы таза табыс есебінен құрылған қорлар, резервтер) ;
  • шегерілген (-) :
  • материалдық емес активтер (Халықаралың қаржы есебіне Халықаралық стандартына сәйкес банктің негізгі қызметінің мақсатына алынған лицензияланған бағдарламамен қамсыздандыру) ;
  • өткен жылдардағы зиян;
  • ағымдық жылдағы шығыстардың ағымдық жылғы табыстардан артық сомасы.

Екінші деңгейлі капитал мыналардан қуралады:

  • ағымдық жылдағы табыстардан ағымдық жылғы шығыстардың артық сомасы;
  • бағалы қағаздар мен негізгі құралдарды қайта бағалау мөлшері;
  • тәуекелді есепке алып өлшенген активтер сомасының 1, 25 % -нан аспайтын сомадағы жалпы резервтер (провизиялар) мөлшері;
  • бірінші деңгейлі капитал сомасының 50%-нан аспайтын сомадағы банктің субординарлық қарызы;

Банктің субординар лық, қ, арызы - бұл мынадай талаптарға сәйкес келетін банктің қамтамасыз етілмеген міндеттемесі:

  1. депозит немесе міндеттеме болып табылмауға тиіс;
  2. банктің немесе онымен байланысты аффинирленген тұлғалар талаптары бойынша кепілдік ретінде қамтамасыз етілмеуге тиіс;
  3. алдын ала (толық немесе жартылай) өтелмеуге тиіс;
  4. банктің таратылуы барысында соңғы кезекте канағаттандырылуға тиіс (акционерлер арасында қалған мүлікті бөлу алдында) .

Банктің субординарлық қарызы - бастапқы қайтару мерзімі 5 жылдан жоғары болып келетін меншікті капиталға жататын субординарлық қарыз.

Меншікті қаражаттардың (меншікті капиталдың) жеткіліктілігі төмендегідей екі коэффициенттің көмегімен есептеледі. Банктің бірінші деңгейлі капиталының, оның барлық активтерінің сомасына қатынасы 0, 06-дан кем болмауға тиіс.

,

мұнда: К1- бірінші деңгейдегі капитал;

И - банктің акцияға жұмсаған инвестициялары және басқа да заңды тұлғалардың субординарлық қарызы;

А - банктің жиынтық, балансына сәйкес барлық активтерінің сомасы.

Банктің меншік капиталының, оның тәуекел дәрежесіне байланысты өлшенген активтерне қатынасы 0, 12-ден кем болмауы тиіс :

,

мұнда: К - банктің меншік капиталы;

Ар - тәуекел дәрежесіне байланысты өлшенген активтер және баланстан тыс міндеттемелер сомасы. Тәуекел дәрежесіне байланысты өлшенген активтерді есепке алу барысында кастодиандық келісім-шарт негізінде банкке қабылданған ақшалар есепке алынбайды;

П - арнайы резервтер (күмәнді және үмітсіз активтер бойынша құрылған провизиялар) қосылған меншікті капиталға қосылмаған, құрылған жалпы резервтер сомасы (яғни тәуекелді есепке алып, өлшенген активтер сомасының 1, 25% асатын сомасы) .

Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері

Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің мөлшері мыналардың сомасынан тұрады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХИ КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері
Пәннің оқу - әдістемелік кешені негізінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдіснамалық негізі
«Молекулалық физика курсы бойынша электрондық қабықша
Информатикадағы жаңа технологияны қолдану
Дене шынықтырудың спорт саласындағы әлеуметтік экономиканың қатынастары
Психологияны оқытудың негізгі әдістемесі
Практикалық және лекциялық дәрістерді өткізу және оған дайындық
Пәннің студенттерге арналған жұмыс оқу бағдарламасы «менеджмент» пәні бойынша
Жаратылыстану-математика сыныптарында оқытылатын математиканың элективтік курстарының мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz