Өндірістік шығындар экономикалық категория ретінде


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасында жалпы табиғи-тарихи заңдылыққа сәйкес XXI ғасырдың қарсаңында рыноктық қатынасқа бағыт алынды. Осыған орай көптеген күрделі мәселелерді тұңғыш рет шешуге ұмтылып келеміз.

Кеңес Одағы тараған соң Қазақстан Республикасы саяси тәуелсіздікке ие болып өз алдына жеке мемлекет ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне қабылданды. Басқа да тәуелсіз елдер сияқты әкімшілдік жүйеден рынок қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алып, өтпелі дәуір кезеңдерін басынан өткізуде. Осыған орай республикамызда жаңа өндірістік қатынастар заңдылықтарын, олардың ерекше көріністерін зерттеу мүмкіндігі ашылды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының басты міндеттері мен алға қойған мақсаттары ол - әлеуметтік бағыттағы жоғары, әрі тиімді экономиканы қалыптастыру, әлемдік кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, рынок орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу болып табылады.

Қазір еліміздің экономикасында әкімшілдік-шаруашылық жүйесінен арыла келе рынок шаруашылығына қажет алғы шарттар жасау жүзеге асырылуда. Нарық экономикасына көшу бір дүркін қозғалыс емес, оны тарихи тұрғыдан алғанда адамзат қоғамының көп жағдайда экономикалық және әлеуметтік прогресін айқындайтын табиғи процесс.

Әрине, біздің елімізге бүкіл әлемдік рынок экономикасының тарихын, даму сатыларын басынан өткізу міндет емес. Біз басқа мемлекеттердің тәжірибесін ескеруге тиістіміз. Қазақстан экономикасының басқа мемлекеттер тәрізді рыноктық қатынас бағытында дамуы сөзсіз. Кешегі әкімшілдік социализмнен кері қарай капитализмге көшудеміз деушілер де бар. Соңғы жылдары экономика теориясы түбірлі өзгерістер алуда. Ол кездейсоқ емес, мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестрге тікелей байланысты.

Мен өзімнің курстық жұмысымда микроэкономикадан өндіріс шығындары мәселесін теориялық тұрғыдыдан қарастырып кетуді мақсат етіп отырмын.

1 - ТАРАУ. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ

  1. Өндірістік шығындар туралы жалпы ұғым. Өндірістік шығын түрлері

Өндіріс процесі - бұл факторлардың өзара іс-қимыл нәтижесінде өнімге айналуы. Өндіріс факторларының шығын құрылымы мен өнімінің ең жоғарғы шығарылымы арасындағы технологиялық тәуелділік өндірістік функция арқылы көрінеді.

Өндірістік функция дегеніміз - өндіріске енгізілетін факторлар мен өнімнің шығаылуы арасындағы өзара тәуелділік.

Q = f (L, K),

мұндағы L - еңбек (жұмыс күші) ; К - капитал ; Q - өнім.

«Микроэкономика» курсының шығындар ұғымы туралы тарауы өндірістегі өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты шығындардың қалай өзгеретінін талдауға арналған. Бұл байланысты зерттеудің маңызы өте зор, себебі фирмалардың өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өндірілетін өнім көлемінің өзгеруі жалпы және орташа шығындарды өзгертеді, ал бұл жағдай баға мен фирмалар ұсынатын тауарлардың мөлшері арасындағы қатынасқа едәуір ықпалын тигізеді.

Бұл тақырыпты қарастырғанда өндірістің экономикалық және бухгалтерлік шығындарын ажырата білу керек.

Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді. Оған мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар.

Ал экономикалық шығындарға біз жалпы, баолық шығындарды жатқызамыз, оның ішінде фирманың өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланғандағы айқынсыз шығындар да бар. Бұл факторларға меншік иесінің (фирма басқарушысының) еңбегін, жерді, капиталды - барлық нарық құны бар және оларды балама қолданғанда төлем алуға болатын факторларды жатқызамыз. Сонымен, экономикалық шығындарға біз фирманың өз ресурстарын қолданғандағы табысты да кіргіземіз.

Бұдан былайғы талдауымызда өндірістік шығындарды экономикалық шығындар деп түсінеміз.

Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары

Бұған дейін айтқанымыздай, қысқа мерзім кезеңі деп - белгілі бір уақыт аралығын айтамыз. Ол уақыт ағымында өндірістің кейбір факторлары өзгермей қалады. Сондықтан, қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы шығындарын (TC) анықтағанда, оның тұрақты (FC) және айнымалы (VC) шығындарын ажыратады, яғни:

TC=FC+VC

Тұрақты шығындар (FC) деп - қысқа мерзім кезеңінде өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз. Оларға мыналар жатады: амортизациялық өтемдер, жал төлемі, тұрақты салықтар, сақтандыру төлемдері, дербес басқарудың жалақысы және т. б.

Айнымалы шығындар (VC) деп - шығарылатын өнім көлемінің өзгеруіменн бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындарға: шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың жалақысы, салықтар, энергия мен отын ресурстарына, транспорттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар және т. б. жатқызамыз.

Жоғарыда көрсетілгендей анықтамаларға негізделіп, олардың графиктерін тұрғыза аламыз. 1-суретте айнымалы және тұрақты шығындардың жалпы графигі көрсетілген.

1-сурет. Өндірістік шығындар

Жалпы шығындар мен өнімділік арасында байланыс бар. VC және TC қисықтарының қысқа мерзім кезеңіндегі түрі шекті өнімділіктің азаю заңы және еңбектің жалпы өнімділігі қисығының түрімен түсіндіріледі.

Еңбек өнімділігінің артуымен айнымалы шығындардың VC А нүктесіне дейін төменгі жылдамдықпен өсуі өндірістің бірінші сатысында еңбек өнімділігінің жоғарылауының нәтижесінде өнім шығару көлемінің тез артуымен түсіндіріледі. Шекті өнімділіктің азаю заңының әсері күшейген кезде, өнім шығару шамасының көбеюіне байланысты айнымалы шығындар да тез қарқынмен өсе бастайды (А нүктесінен бастап қисық бойымен жоғары) . TC қисығы түгелімен VC қисығын қайталайды және соңғысының вертикаль осімен FC -тің жылжуы болып табылады.

Орташа және шекті шығындар

Өндірістік шығындарды талдағанда, жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды да өте жиі қолданамыз.

Өндірістің орташа жалпы шығындары (АТС) жалпы шығынның (ТС) өндірілген өнім көлеміне (Q) қатынасымен анықталады да, өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығынды көрсетеді. Сонымен орташа жалпы шығындар мына формуламен есептеледі:

ATC=TC/Q

Берілген көрсеткіш өнімнің өзіндік құнының хақын нұсқасы болып табылады, бірақ ол соңғысынан айқынсыз шығындар шамасымен өзгешеленеді. Орташа жалпы шығындарды екі түрге бөлуге болады: орташа тұрақты шығындар (AFC) және орташа айнымалы шығындар (AVC) . Олар келесідей анықталады:

AFC=FC/Q; AVC=VC/Q

Өндірістің шекті шығыны (МС) жалпы шығындардың өзгеруінің (∆ТС) өнім көлемінің өзгеруі (∆Q) қатынасына тең болады және өнімнің қосымша данасын шығарғанға кететін қосымша шығындарды көрсетеді, яғни:

MC=∆TC/∆Q.

Өнім шығану көлемі өскен кезде тұрақты шығындар өзгермейтіндігі белгілі, сондықтан жалпы шығынның өсуі әрқашан айнымалы шығындардың өсуіне тең болады. Осы айтылғандарды ескере отырып, шекті шығынды былай есептеуімізге болады:

MC=∆VC/∆Q .

Орташа өнімділік пен орташа шығындар арасында, сонымен қатар шекті өнімділік пен шекті шығындар арасында кері байланыс бар. Жоғарыда айтылған байланыстарды түсіну үшін, біз еңбекті тұрақты төлем мөлшері бар Р L жалғыз айнымалы деп қарастырайық. Бұл жағдайда:

MC=∆VC/∆Q=P L *∆L/∆Q=P L /∆Q=P L /MP L ;

AVC=VC/Q=P L *L/Q=P L /(Q/L) =PL/AP L ;

AC=P L /AP L +AFC.

Осы жерден біз зерттеп отырған көрсеткіштер арасындағы кері байланысты көреміз. МР өскен жағдайда, МС төмендейді және керісінше МР максимумге жеткен уақытта МС минимумге жетеді. Осындай байланыс АР және АС арасында да бар. 2-суретте МС және МР , және АР арасындағы өзара байланыстар көрсетілген. Сонымен, табылған нәтижелер өндірістің орташа, шекті шығындары мен өндіріс факторларының өнімділіктерінің арасында тығыз байланыс бар екендігін көрсетеді.

2-сурет. MC және MP, AC және AP арасындағы өзара байланыс

1. 2 Шекті, орташа айнымалы және орташа жалпы шығындар арасындағы қатынас

Өндірістің шекті шығындары мен орташа шығындарының қисықтарын график түрінде көрсетейік. Ол үшін 3-суретте көрсетілген VC және TC қисықтарын, сонымен бірге AVC , AC және MC анықтамаларын қолданамыз.

МС , AVC және АС қисықтарының U тәрізді формасы жоғарыда айтылғандай шекті шығындар мен өнімділіктің, орташа шығындар мен орташа өнімділіктің арасындағы кері байланыспен түсіндіріледі.

3-сурет. Орташа және шекті шығындардың қисықтары

Өнім шығару көлемін көбейткен кезде AC және AVC қисықтары бір-біріне жақындайды, өйткені AFC бұл кезде азаяды.

MC мен AC арасындағы тәуелділікті келесіден көруге болады: егер өнімнің қосымша бір данасын өндірген кездегі шекті шығындар орташа шығындардан асып кетсе (MC>AC) , онда орташа шығындар көбейеді. Және керісінше, егер MC>AC болса, онда AC -ның көлемі кішірейеді. Сонымен MC қисығы AC қисығын, оның минимум нүктесінде қиып өтеді. Осындай тәуелділік MC және AVC арасында да бар.

Фирманың пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізетін ұтымды өнім көлемін таңдаған кезде, өндірушілер әрдайым орташа және шекті шығындардың өзгерісін ескеріп отырады.

Изокоста және ең кіші шығындар принципі

Изокоста дегеніміз - жалпы шығындарының құны бірдей болатын, еңбек пен капиталдың барынша мүмкін болатын тіркесімін қамтитын сызық. Изокостаның теңдеуін табу үшін, еңбектің бір сағатына деген төлемді P L арқылы белгілейік, ал Р К - арқылы капиталдың дір данасына кететін жал төлемінің құнын белгілейік.

Сонда жалпы шығын былай анықталады:

TC=P L *L+P K *K

Мұнда, P L *L - еңбекке кететін шығындар;

P K *K - капиталға жұмсалған шығындар.

Берілген теңдеудің жазықтықтағы графигі изокоста болып табылады. Изокостаның теңдеуін былай жазуға болады:

K=TC/P K -P L /P K *L.

Бұдан біз изокостаның бұрыштық көлбеуі - (P L /P K ) -ге тең екендігін көреміз.

4-сурет. Изокоста

Изокостаның бойында орналасқан кез-келген А және В нүктелері үшін жалпы шығындар деңгейі бірдей. А нүктесінен В нүктесіне жылжығанда қолданылған капиталдың саны ∆К -ға азаяды, ал еңбек саны ∆L -ге көбейеді. Сондықтан, еңбектің қосымша сағаттарын төлеуге кеткен шығындардың орнын капитал шығындарының азаюымен толтыру керек,

яғни:

P L *∆L=-P K *∆К.

Бұдан -∆К/∆L=P L /P K тең екендігін көреміз. Яғни, изокостаның бұрыштық коэффициенті, шығындар тұрақты деп ұйғарғанда, капиталды еңбекпен ауыстыру шамасын көрсетеді.

Фирма берілген өнім көлемін (мысалы, Q=200) ең аз шығындармен өндіру үшін қолданылатын еңбек пен капитал санын анықтауы керек деген есепті қарастырайық.

5-сурет. Берілген өнім көлемінің өндірістік шығындарын төмендету

5-суретте Q=200 дана өнім көлемін шығаруға сәйкес изокванта көрсетілген. Үш изокостаны қарастырайық. 1-изокоста изоквантадан төмен орналасқан және ешқандай нүктеде олар қиылыспайды немесе бірін-бірі жанап өтпейді, яғни өндіріс көлемін 200 бірлікке жеткізуге өндірістік ресурстардың деңгейі аз. 2-изокостаны қарастырсақ, онда А нүктесі ТС 2 изокоста мен изоквантаға ортақ және осы нүктеде 200 бірлік өнім өндіргендегі шығындар ең төменгі деңгейде болады.

Бұл нүкте тепе-теңдік жағдайын көрсетеді, сонымен қатар төмендегідей шарт орындалады:

MP L /P L =MP K /P K .

В нүктесінде Q=200 өнім бірлігін өндіргендегі шығындар А нүктесіндегіден көп болады немесе ТС 3 >ТС 2 . Сондықтан 3-изокоста берілген өнім көлемін өндіргендегі неғұрлым жоғары шығындарды көрсетеді.

Өндіріс шығындарының өсу траекториясы

Өсу траекториясы фирма өнім көлемін шығаруды көбейткен кезде өндірістің айнымалы факторлары қалай өзгеретінін көрсетеді. Көптеген изокванталарды өзара қарастырайық. Олардың әрбіреуінде изоквантаның изокостамен жанасу нүктесін көрсетуге болады. Онда берілген өнім көлемі ең төменгі деңгейдегі шығындармен өндіріледі. Осы қисықтардың нүктелерін қосу арқылы біз фирманың траекториясын аламыз.

6-сурет. Фирманың даму траекториясы

Ұзақ мерзім кезеңіндегі өндірістік шығындар

Бұл уақыт ағымына байланысты өзгеріп тұруы мүмкін. Жоғарыда ұсынылған модельдерде өндірістік факторлардың бірі (капитал) тұрақты болып, ал басқа факторлар (еңбек) өзгермелі болғандағы жағдайлар қарастырылған. Біз қысқа мерзім кезеңіндегі шекті, орташа шығындардың қисықтарын алдық.

Ал ұзақ мерзім кезеңіндегі орташа жалпы шығындар қисығын түсіндіру үшін, ұзақ уақыт аралығында өндіріс (өнеркәсіп) көлемі өзгеріп отырады деп ұйғарамыз. А 1 , А 2 , А 3 қисықтары - көлемдері әр түрлі өнеркәсіп орындарының қысқа мерзім кезеңіндегі орташа жалпы қисықтары делік (7-сурет) .

7-сурет. Көлемі әр түрлі 3 өнеркәсіптің қысқа мерзімдегі орташа жалпы щығын қисықтары

Өнім шығару көлемі 0<Q<1500 болған жағдайда бірінші өнеркәсіп орнының көлемі ең ұтымды болады, себебі жоғарыда көрсетілген өнім көлемін ең төменгі деңгейдегі шығындармен өндіруге болады. Егер 1500<Q<2700 болса, онда ұтымды өнім көлемін екінші өнеркәсіпте, ал Q>2700 болса, үшінші өнеркәсіпте өндірген тиімді болады. 7-суретте өнеркәсіп көлемінің 3 мүмкіндігі берілген және ұзеқ мерзім кезеңіндегі орташа жалпы шығын қисығы LRAC қара сызықпен көрсетілген.

8-сурет. Ұзақ мерзімдегі орташа жалпы шығын қисығы

Егер 3-тен әлдеқайда көп өнеркәсіп орындарын қарастыратын болсақ, онда 8-суретте көрсетілгендей ұзақ мерзімдегі орташа жалпы шығын қисығын (LRAC) аламыз және бұл қисық қысқа мерзімдегі орташа жалпы шығындарды жанап өтеді. LRAC өнім көлемі Q * шамасына жеткенге дейін төмендейтін болса, онда өндірістің өсу ауқымы оң әсерлі болады, демек еңбекті тиімді қолдану, өндіріс факторларының өнімділігін арттыру, жаңа технологияны пайдалану және т. б., көлемі үлкен өнеркәсіп орындарында жақсы нәтижелерге жеткізеді. LRAC -тың жоғарылауы өндіріс ауқымы өсуінің өндіріске теріс әсерін тигізетінін, себебі бұл уақытта көлемі үлкен өнеркәсіпті басқару тәсілдері ойдағыдай болмай, еңбек және капитал өнімділігін төмендетеді. Ұзақ мерзім кезеңіндегі шекті шығын қисығы (LRМC) осы мерзімдегі орташа жалпы шығын қисығын (LRAC), LRМC -тың ең төменгі деңгейі нүктесіндебасып өтеді. Ұзақ мерзімдегі шекті шығын

9-сурет. Ұзақ мерзімдегі шекті және орташа жалпы шығындар қисығы

қисығы LRМC өнім көлемі өзгеруіне байланысты жалпы шығынның қалай өзгеретінін көрсетеді. LRМC мен LRAC -тың арасындағы өзара байланыс қысқа мерзім кезеңіндегі шекті шығындар (МС) мен орташа жалпы шығындар (АС) арасындағы байланыс сияқты болады.

2. 1 Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері

Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.

Шығындар - бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын нәтижесі болып есептеледі. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:

  • өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;
  • өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;
  • өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын-үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.

Өндірістік шығындардың жіктелуі:

Сыныптау белгілері
Шығындардың бөлшектенуі
Сыныптау белгілері:
  1. Экономикалық элементтер
  2. Өзіндік құнының статьялары
  3. Технологиялық процестерге қатыстылығы
  4. Құрамы
  5. Өнімнің өзіндік құнына қатысудың тәсілі
  6. Өндірістік процестегі рөлі
  7. Мақсатқа сәйкес жұмсау
  8. Жоспарға қатысу мүмкіншілігі
  9. Өнімнің көлеміне қатысы
  10. Шығу мерзімділігі
  11. Дайын өнімге қатысы
Шығындардың бөлшектенуі:

Шығындардың экономикалық элементтері

Өзіндік құнының калькуляция статьялары

Негізгі, қосымша

Бірэлементтік, кешенділік

Тікелей, жанама

Өндірістік, өндірістен тыс

Өндірістік, өндірістік емес

Жоспарлы, жоспарсыз

Тұрақты, ауыспалы

Күнделікті, бір жолғы

Аяқталмаған өнімге кететін шығындар, дайын өнімнің шығындары

Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және т. б.

Ауыспалы шығындар - бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия көлік қызметі және т. б. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтың елеулі маңызы бар. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындар мен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.

Шығындар экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады. Экономикалық шығындар деп кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрдерін айтады. Олар екі түрден тұрады: сыртқы (анық немесе ақшалық) және ішкі (күңгірттік немесе өзінен-өзі түсінікті) . Сыртқы шығындар - бұл ресурстарды жеткізуге ақшалай түріндегі төлемдері; шикізаттар төлемдері, материалдар, отын, еңбекақы, тозуды есептеу және т. б. Бұл топтағы шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады. Кәсіпорынның ішкі шығындары күңгірт, өзінен-өзі түсінікті сипаттамада болады. Олар кәсіпорын иелігінің қарамағындағы ресурстарды өндірісте пайдаланғанын нақтылап көрсетеді: жерді, ғимараттарды, олардың жеке еңбектері және т. б. үшін кәсіпорын ресми төлемейді.

Өндірілетін өнімнің өзіндік құны

Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштерді бірі - өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Сөйтіп, жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды.

Өзіндік құнының экокномикалық мазмұны - жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіорынның өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдардық ресурстардың құны, еңбекақы - бұл шығындардың басты статьялары.

Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын жасау - бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды.

Өзіндік құн тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері: пайда және пайдалылығының деңгейі мен серпінін анықтайды. өзіндік құнының маңызы оның орындалу функцияларымен анықталады.

  1. Өзіндік құн өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәнісі, өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.
  2. Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіз бола алмайды.
  3. Өзіндік құнының негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығының, яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.

Кәсіпорынның өзіндік құны, жалпы табыс және пайдасы

Жалпы табыс
: Материалдық шығындар
Жалпы табыс: Еңбекақы
Пайда
: Өндірістің шығындары (өзіндік құны)
Жалпы табыс: Таза табыс
: Ө т к і з у к ө л е м і

Бұл айтылғандардан өнімнің өзіндік құнына деген көзқарасты төмендетуге болмайтындығын көруге болмайды. Өзіндік құнның деңгейіне кәсіпорынға қатысы бар және қатысы жоқ факторлар әсер етеді. Мысалы, кәсіпорынға табиғи жағдайлар оның ішінде шикізат көздерін және өнім тұтынушыларда территориялық қашықтығы, шикізатқа баға деңгейі, отын, жабдықтар, электроэнергия және көлік тарифтері және т. б.

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен топтастырылады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлмкеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Пайда және оның эволюциясы
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары, олардың мазмұны, құрамы мен құрылымы
Тәуекел деңгейін төмендету әдістері
Мемлекеттік шығын
Жергілікті бюджет
Несиелік қатынасқа несие беруші мен қарызға алушының мүдделік танытуы
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
Мұнай өндірісінің тиімділігін көтеру
Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz