Баяндауыш.туралы



І.Кіріспе бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.1.Баяндауыш ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.5
1.2.Баяндауыш мүшенің зерттелуіне шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.7
(Ғалымдардың пікірі)

ІІ.Негізгі бөлім

2.1.Есім баяндауыштардың табиғаты, қалыптасып, даму жолдары.8.9
2.2.Жасалу тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9.14
а)Баяндауыштық морфологиялық тәсіл арқылы жасалуы (баяндауыштық тұлға)
ә)Аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы
б)Есім баяндауыштарды жасаудағы интонацияның рөлі
2.3.Есім баяндауыштардың атаулы сөйлемдермен арақатынасы..14.15
2.4.Есім баяндауыштардың семантикалық грамматикалық
Топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15.16
а)Сын есімді баяндауыштар
ә)Зат есімді баяндауыштар
б)Сан есімді баяндауыштар
в)Есімді баяндауыштар
г)Еліктеу баяндауыштар
д) Үстеулі баяндауыштар
е)Модаль сөзді баяндауыштар

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Есім баяндауыштар туралы жалпы қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Курстық жұмыстың тақырыбы: Ә.Нурпейісовтің «Қан мен тер» романындағы есім баяндауыштар.Кешегі аумалы-төкпелі замандағы дала тұрмысының қат-қабат шежіресін шерткен бұл роман қалың ақырман қауымын өзіне баурап алды.Тілдік ерекшелігі, сөз саптауы, ойды ұшқыр жеткізе білуі жазушының шеберлігі.
Тіл білімі салаларының ішіндегі ең бір арнасы кең грамматиканың- синтаксис саласы екені сөзсіз.Синтаксистің күрделі категорияларының бірі- баяндауыш мәселесі айтарлықтай сөз болды.Бұл жұмыста баяндауышқа әр ғалымдардың берген бағасын, көзқарасы мен тұжырымдарын саралап,салыстыра отырып анықтама берілді.Сөзге баяндауыштық сипат беріп тұрған негізгі морфологиялық көрсеткіші негізге алынады. Осы орайда жіктік жалғауының предикаттық мәнін айқын аңғардым.Етістік баяндауыштардың мағыналық әрі грамматикалық ерекшелігі бар баяндауыштың ерекше семантикалық тобы болып саналатын есім баяндауыштардың қалыптасып,даму жолдары тарихи тұрғыдан зерделеніп, оның қалыптасуына әсер ететін тілдік экономия заңы, шақтық ұғым және стильдік талаптардың орны сөз болды.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

І.Кіріспе бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.1.Баяндауыш ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 4-5
1.2.Баяндауыш мүшенің зерттелуіне
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-7
(Ғалымдардың пікірі)

ІІ.Негізгі бөлім

2.1.Есім баяндауыштардың табиғаты, қалыптасып, даму жолдары.8-9
2.2.Жасалу
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..9-14
а)Баяндауыштық морфологиялық тәсіл арқылы жасалуы (баяндауыштық тұлға)
ә)Аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы
б)Есім баяндауыштарды жасаудағы интонацияның рөлі
2.3.Есім баяндауыштардың атаулы сөйлемдермен арақатынасы..14-15
2.4.Есім баяндауыштардың семантикалық грамматикалық
Топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..15-16
а)Сын есімді баяндауыштар
ә)Зат есімді баяндауыштар
б)Сан есімді баяндауыштар
в)Есімді баяндауыштар
г)Еліктеу баяндауыштар
д) Үстеулі баяндауыштар
е)Модаль сөзді баяндауыштар

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .28
Есім баяндауыштар туралы жалпы қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 9

І.Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы: Ә.Нурпейісовтің Қан мен тер романындағы
есім баяндауыштар.Кешегі аумалы-төкпелі замандағы дала тұрмысының қат-қабат
шежіресін шерткен бұл роман қалың ақырман қауымын өзіне баурап алды.Тілдік
ерекшелігі, сөз саптауы, ойды ұшқыр жеткізе білуі жазушының шеберлігі.
Тіл білімі салаларының ішіндегі ең бір арнасы кең грамматиканың-
синтаксис саласы екені сөзсіз.Синтаксистің күрделі категорияларының бірі-
баяндауыш мәселесі айтарлықтай сөз болды.Бұл жұмыста баяндауышқа әр
ғалымдардың берген бағасын, көзқарасы мен тұжырымдарын саралап,салыстыра
отырып анықтама берілді.Сөзге баяндауыштық сипат беріп тұрған негізгі
морфологиялық көрсеткіші негізге алынады. Осы орайда жіктік жалғауының
предикаттық мәнін айқын аңғардым.Етістік баяндауыштардың мағыналық әрі
грамматикалық ерекшелігі бар баяндауыштың ерекше семантикалық тобы болып
саналатын есім баяндауыштардың қалыптасып,даму жолдары тарихи тұрғыдан
зерделеніп, оның қалыптасуына әсер ететін тілдік экономия заңы, шақтық ұғым
және стильдік талаптардың орны сөз болды.
Есім баяндауыштардың жасалуының синтетикалық және аналитикалық
тәсілдері нақты фактілер арқылы яғни Ә.Нурпейісовтың Қан мен тер
романынан алынған мысалдармен дәлелденді.
Есім сөз таптарының баяндауыш қызметінде жұмсалуының әркелкілік
сипаты ерекше сараланып, нақты фактілермен дәлелденді. Сондай-ақ
есімдіктердің,есім негізді баяндауыштарда үстеу мен модаль сөздердің
семантика-грамматикалық топтары бойынша да кездесетіндігі нақты тілдік
фактілермен дәлелденді.

1. Баяндауыш.

Тіл қарым-қатынас жасаудың құралы да, сөйлем- сол қарым-қатынас
жасауда кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Айналадағы нақты өмір
құбылыстары негізінен зат және оның қимыл-қозғалыстары мен іс-әрекетінен
тұратыны мәлім. Бұл айтылған жалпы заттың құрамына кіретін жанды заттардың,
оның ішінде адамзаттың орны ерекше.Өйткені адам айналадағы тіршілік
құбылыстарын тануға ұмтылады. Қоғамдаса өмір сүріп бір-бірімен қарым-
қатынас жасайды. Бұл тәрізді нақты өмір құбылыстарын адам тілдік құралдар
арқылы таңбалайды және оны өз жадында сақтайды.Сол секілді қоғам өмірінде
оқиғалар мен өз жеке басындағы жағдайларды қорытып, өзара пікірлеседі. Осы
айтылған мәселелер тілде сөйлем арқылы жүзеге асады. Кез келген сөйлемнің
белгілі бір құрылымы болады.Ол сөйлем бірнеше сөздерден құралуы
мүмкін.Немесе екі сөзден, тіпті бір сөзден де жасалатыны белгілі.Әр
нәрсенің өзіне тән формасы болатындай сөйлемнің де құрамындағы сөздердің
санына сай формалары әр түрлі болып келеді(1.630)Яғни сөйлем құрамындағы
сөздің саны аз болуы,көп болуы ерекшелігімен байланысты. Сөйлемде
грамматикалық мағынаға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын
сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.Сөйлем мүшелері өзінің қызметтеріне қарай
екі үлкен топқа бөлінеді:
Сөйлем құруға негіз болатын бас мүшелер-тұрлаулы мүшелер сөйлем
атаулының грамматикалық ұйытқысы.Қалған мүшелердің сөйлемдегі негізгі
қызметі тұрлаулы мүшелердің мағынасын нақтылау болып келеді. Бұлар
тұрлаусыз мүшелер деп сондықтан аталған.
Тіл білімінде сөйлем туралы ғылыми ойдың тарихи бастауы көне дәуірдегі
логикалық зерттеулерден басталады. Бұл тұжырым бойынша сөйлем-пікірге,
бастауыш-субъектіге,баяндауыш-преди катқа негізделді. Сондықтан да тіл
туралы зерттеулерде бастауышты субъект,баяндауышты предикат деп қолдану
дәстүрі де сақталған.Сөйлемнің негізі болатын предикативтілік осы атаудан
пайда болған. Яғни предикативтілік дегеніміз зат-субъектінің өзі, немесе
оның жаңа бір сапасы туралы сөйлеушінің ойы.Сөйлемде айтылған ойға әрбір
мүшені ортақ етіп тұратын басты мүшелер-бастауыш пен баяндауыш.Бұлер сөйлем
құрамының діңгегі, айтылған ойлардың негізгі қаңқасы.
Баяндауыштың өзіне кіріспес бұрын,алдымен баяндауыштардың
морфологиялық көрсеткіші болып табылатын жіктік жалғауы туралы бір-екі
сөз.
Баяндауыш жалғауының мағынасы мен синтаксистік функциясында қазіргі
әдеби тілден өзгешелігі жоққа тән.XVғасырдан бері қарайғы жазу нұсқаларында
да баяндауыш жалғауы қай сөз табына жататындығына қарамастан, баяндауыш
болып тұрған сөздің бәріне де талғаусыз жалғана береді.
Баяндауыш жалғауларының қазіргі әдеби тілден кейбір ерекшеліктері
олардың дыбыстық құрамдары мен сөзге жалғану тәсілінде кездеседі.
Қазіргі әдеби тілде баяндауыш жалғауы еріндік дауыстысы бар
вариантта (ду-м,дү-м,ду-қ,дү-к) қолданылмайды, бұл врианттар тек жазба
ескерткіштерде жиі кездеседі.(2.51)
Көңіл аударарлық тағы бір өзгешелік XIX ғасырға дейінгі
ескерткіштердің көбінде баяндауыш жалғауының бір жағында көптік мағына
көптікті білдіретін екі түрлі аффикстердің қосарланып,айтам-ыз-лар, көрәм-
із-лер түрінде келуі арқылы да беріледі.Ал мұндай мағына қазіргі
әдебиеттерде тек –ыз,-із формалары арқылы ғана беріледі.Үстіміздегі
ғасырға дейінгі жазба ескерткіштерінде бірінде аз, бірінде көп болса да,
баяндауыш жалғауы құрамында – дүр формасы да кездеседі.”Бұл форма ХІХ
ғасырдағы жазу нұсқаларының көпшілігінде кездеседі,тіпті онша жиі
қолданылмаса да, жеке ақындар мен фольклорлық шығармаларда да бар, ал іс
және қатынас қағаздары тілі мен мерзімді баспасөзде өте жиі
кездеседі.”(2.53)
“Етістік баяндауыштың барлығы да бірдей жіктеліп келе бермеген.
Олардың ішінде тұлғалы баяндауыш жазба ескерткіштерінің қай-қайсысынан да
табылады.”(2.52-53)
Дамуы тұрғысынан етістікті, одан есім сөз бен көмекші етістіктен
жасалған құрама баяндауыштың семантика-грамматикалық өзгеріске түсуі
нәтижесінде пайда болған. Есім баяндауыштардың грамматикалық табиғатын ашу
қазақ тілі біліміндегі күрделі проблемалардың біріне саналады. Өйткені
баяндауыш ұғымын етістік сөз табына ғана байланысты қарастыру теориялық
еңбектерде де, соның салдарынан практикада да орын алып келгені жасырын
емес. Түркітануда,оның ішінде қазақ тілінде баяндауышты зерттеу мәселесіне
ғалымдардың әр түрлі аспектіде келуі баяндауыш деп аталатын күрделі
синтаксистік категорияның грамматикалық сипатын ашуға мүмкіндік жасады.

1.2.Баяндауыш мүшенің зерттелуіне шолу.

Сөйлемде айтылатын ойдың негізгі тірегі-баяндауыштың сөз таптары
ыңғайындағы есімді және етістікті болып бөлінуі- тарихи дамудың кейінгі
кезеңдерінің жемісі. Ертедегі ескерткіштер тілінде-ақ баяндауыш қызметінде
есімдік,етістік сөздерінің қолданылғандығын дәлелдейтін тіл фактілері де
жоқ емес. Бұл жөнінде Е.Ағманов:”Алайда жай сөйлемдердің баяндауыштары
есімдер тобынан не етістіктерден болып бөлінуі біздің жыл санауымыздың
басында-ақ дараланып, қалыптасқан процесс екендігін тіл материалдары
дәлелдейді,”- деп келіп, Күлтегін ескерткішіндегі сөйлемдер баяндауышы
есімнен де, етістіктен де жасалғанын мысалға келтіреді.(3)Түркі тіліндегі
сөйлемнің синтаксисі мен морфологиялық құрамын тарихи тұрғыдан зерттеуге
арналған еңбектердің қорытынды пікірі бұл тілдегі сөйлемдердің есім
негізді екенін көрсетеді. Түркі тіліне арналған алғашқы грамматиканың
өзінде-ақ баяндауыштың есім сөздерден де, етістіктерден де жасалатыны сөз
болды. П.М.Мелиоранский қарапайым, бірқалыпты сөйлемде жай сөйлем кемінде
екі мүшеден-бастауыш пен баяндауыштан тұратынын, бастауыштың да
баяндауыштың да атау септікте тұрып, бастауыштың баяндауыштан бұрын
тұратындығын айтады.(4)
Өзбек тілі жөніндегі зерттеу еңбектерінде А.Кононов баяндауыштың
жіктік жалғауы, іліктен басқа септік жалғаулары, эмас, эмоқ, бұлмақ
көмекші етістіктерінің тіркесіп жұмсалатыны туралы айтады.(5)
Әзірбайжан тілінде З.И.Будагова есім баяндауышты жалаң және құрама деп
екіге бөледі де, алдыңғысына есім сөздерге жіктік жалғауының жалғануы
арқылы қалыптасқан баяндауышты жатқызса, соңғысына есім сөздер тіркесінен,
негізгі көмекші сөздер тіркесінен құралған баяндауыштарды жатқызады.(6)
Сондай-ақ жай сөйлем синтаксисін зерттеу барысында есім баяндауыштарға
талдау жасаған А.Жапаровтың,А.Ч.Кунаның, Қ.Ахмедовтың, А.Т.Тыбыковалардың
тағы басқалардың іргелі зерттеу жұмыстары түркі тіліндегі есім баяндауышты
сөйлемдердің табиғатын ашуға септігін тигізері сөзсіз.
Синтаксистің,сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің, соның ішінде
баяндауыштың жалпы теориялық мәселесіне арналған құнды
еңбектердің маңызы ерекше. Әсіресе баяндауыш деп аталатын күрделі
синтаксистік категорияны танытуға әр қырынан келген О.Төлегенов,М.Балақаев,
Т.Сайрамбаев,Р.Әміров, Е.Ағмановтардың зерттеу жұмыстарының орны
айтарлықтай. Есім баяндауыштардың зерттелуі дегенде сөйлем мүшелері туралы
шыққан алғашқы мақалалар мен оқулықтардың өзінде-ақ баяндауышқа түрліше
анықтамалар беріліп келді. Қазақ тілінде баяндауыш туралы ең алғаш сөз
қозғаған А.Байтұрсынов 1925жылы Қызылордада басылып шыққан “Тіл құрал”
оқулығында:”Баяндауыш болатын сөз бастауыш атаған нәрсенің сыр-сипатын, не
амалын, не жайын, не болмысын көрсетеді,”-деп анықтама береді.(7.270)
Алғашқы анықтамаға ұқсас анықтаманы Қ.Жұбанов та берді. “Сөйлем
мүшелерінің ішінде біреудің не бірдеменің не қылғанын,я не болғанын баяндап
тұратын бір мүше болады. Оны баяндауыш дейміз,-деп көрсеткен.”(8.142)
С.Аманжолов “Баяндауыш- заттың жалпы көрінісін, болмысын тура
көрсетеді.Біздің тілде баяндауыштың сөйлем аяғында келуі, баяндауыш
бастауыштың көрінісі екеніне ерекше дәлел,”-деп тұжырымдаған.(9.105)
Ал М.Балақаев пен Т.Қордабаев “Баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын,
күйін және басқа заттық, сындық сапасын білдіріп, бастауышқа
бағынады.”(10.85)Сондай-ақ Р.Әмір мен Ж.Әмірова “Предикативтік іс-әрекетті,
сапаны білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш деп атаған екен”.(11.116) Енді
Қ.Шәукенұлы “Синтаксис”оқулығында: “Сөйлемде айтылған ойдың белгілі бір
тиянағы болатын мүшені баяндауыш,”- деп түсіндіреді.Баяндауыш болатын мүше
бастауыштың әр түрле жай-күйін білдіретіндігін айтқан.(12.85) Қалай дегенде
де, баяндауыш деп- белгілі бір жаққа қатысты предикативтілікті білдіріп,
сөйлемдегі ойды тиянақтайтын мүше. Сөйлем мүшелері туралы жазылған
еңбектерде баяндауыштың есім сөз табынан, етістіктен де жасалатыны сөз
етіледі. А.Байтұрсынов баяндауыштың әр сөз табынан жасалатыны туралы айта
келіп, қосарлы баяндауыш деген түрін қосады. С.Аманжолов есім мен
етістіктен жасалған баяндауышты аралас, кейіннен құрама баяндауыш деп
атайды. Қазіргі қазақ тілінде баяндауыштың осы 3түрі(есімді, етістікті,
құрама)көрсетіліп жүр. Т.Сайрамбаев бұған
модаль сөзді баяндауышты қосады.(13.133) Ал Т.Қордабаев пен
М.Балақаев “Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады,”- дей келіп көбінесе
баяндауыштық қызметте жұмсалатын сөздерді:
1)есім баяндауыштар
2)етістік баяндауыштар және құрама
болуы мүмкін деп көрсетті.(10.95-96)
Есім баяндауыштардың түрлері алдымен баяндауыш қызметінде жұмсалып
тұрған сөздің қай сөз табынан жасалатынына байланысты болады.Осыған орай
есім баяндауыш өз ішінде зат есім, сын есім, сан есім, есімдікті, үстеулі,
модаль сөзді баяндауыш болып жіктеледі. Ал құрылысы жағынан екі түрі бар:
1)дара
2)күрделі
Күрделі баяндауыш өз ішінде:
а)тіркескен баяндауыш
ә) құрама баяндауыш
болып жіктеледі. Тіркескен баяндауыш толық мағыналы есім сөздің
тіркесуі арқылы жасалса, құрама баяндауыш есім сөзге көмекші етістіктің,
шылаудың тіркесуі арқылы жасалады.

ІІ.Негізгі бөлім.

2.1. Есім баяндауыштың табиғаты,қалыптасып, даму жолдары.

Түркі сөйлемдерінің дамуындағы ең көне және баяндауыш құрамының ең
толық түрі жіктеу есімдіктерінің сараланып шығып, баяндауыш құрамында
қолданылуымен байланысты. Мен(біз), сен(сендер), сіз(сіздер), ол(олар)
есімдіктері ешқандай өзгеріссіз етістікпен бірлесіп субстантивтік элемент
құрамында қолданылған. Орта ғасыр жазбаларында: Мен санға ашық турур мен.
Сен менин турур сен(КРТ) (14)сияқты сөйлемдерден байқалатындай, жіктеу
есімдіктері баяндауыш қызметіндегі етістіктерге тіркескен. Жіктік жалғауы
есім сөзге тікелей жалғануының нәтижесінде қазіргі тіліміздегідей есім
баяндауышты сөйлемдер қалыптасты. Баскаковтардың пікіріне сүйене отырып
есім баяндауышты сөйлемнің даму эволюциясы алғашында баяндауыш құрамында
негізгі семантикалық жүкті атқаратын есім сөзге тіркескен есімшеге жіктеу
есімдігі тіркеседі. Кейіннен тіркескен есімше түсіп қалып, жіктеу есімдігі
баяндауыштық аффикске айналуы нәтижесінде есімді сөйлемдер қалыптасты.
Жанама септіктерді меңгеретін құрама баяндауыш құрамынан көмекші
етістіктердің түсіп қалуы есімнің меңгеруін қалыптастырып, есім
баяндауыштың қалыптасуына жол ашады.Айтылатын ой ықшам, әрі түсінікті,
оралымды болуы үшін сөйлем құрамынан белгілі бір сөйлем мүшелері түсіріліп
отырады. Мұндай сөйлемдерді қазіргі қазақ тілінде эллипс дейді. Әсіресе,
мақал-мәтел мен ауыз екі сөйлем стиліне тән болып келетін эллипс сөйлемде
сөйлем құрамынан көбіне етістік баяндауыш түсіріліп, сөйлем баяндауышы
қызметін оның алдында тұрған есім сөз атқарады.
Негізгі лексикалық мәннің есімге тән болуы, сондай-ақ логикалық
екпіннің көмекші етістікке түспей, оның алдындағы есім сөзге түсуі етістік
баяндауышты сөйлемнің ықшамдалған түрі- есім баяндауышты сөйлемдерді
қалыптастырды.
Құрама баяндауыш құрамынан көмекші етістіктің түсірілуінің
төмендегідей себептері бар:
а)тілдегі экономия заңына байланысты:айтылатын ой жинақы, тұжырымды
болуы үшін сөйлем құрамынан басы артық мүше ығыстырылады.Мұндай
құбылысқа,лексикалық мағынасынан айырылған көмекші етістіктер, кейде толық
мағыналы етістіктер де ұшырайды.Баяндауыштық сөйлемде айтылатын ойда
ешқандай мағыналық олқылық болмайды. Қазіргі тілдегі есім баяндауышты
сөйлемдер деп танылып жүрген сөйлемдердің бәрінің түп-тамыры етістік
баяндауышты сөйлемдерде дені сау баяндауышты сөйлемдер.(Ердің ісі- келіс,
ездің ісі-керіс, Жері байдың –елі бай, және т.б.)
ә)шақтық мағынамен байланысты. Есім сөзбен тіркескен байланыстырушылық
қызметтегі көмекші етістіктер(еді, болды т.б.)
өзі тіркескен сөзге өткен шақтық, келер шақтық мағына үстейді.Ал
тіркес құрамынан бұл етістіктердің түсірілуі есімдердің дара қалпында
тұрып осы шақтық мағына беруімен ерекшеленеді.
б)стильдік талапқа байланысты. Әр жанрға қойылатын стильдік талаптар
болады. Көркем прозада жазушы субъектіге баса назар
аударту мақсатымен оны баяндауыш құрамында қайта қолдануы
мүмкін.(Жырық қараның аты-Жел жетпес деген ат.(Ғ.Мүсірепов)). Мұндайда
көмекші етістіктердің бірге тұруы стильдік талапқа сай келмейді.Тавтология
болмас үшін екі қайталанып тұрған сөз де түсуі мүмкін. Ал поэзияда есім
баяндауыштар лирикада жиірек кездеседі.
Мұны Р.Сыздықованың: “Абай өлеңдерінің синтаксистік құрамы(А70)”-
көруге болады.”Ал лирикада іс-әрекетті баяндау сирек болатыны мәлім. Сондай-
ақ табиғат құбылыстары мен жеке адамдарда немесе жылқыны, я болмаса
100жылғы өткен ескі киімдерді сөз еткен өлеңдердің бірде-біреуінде ашық
райдағы етістік ұйқас жоқ,керісінше, сын есім мен сындық ұғымда қолданылған
өткен шақтағы есімше жиірек кездеседі,”-деп түсіндіреді.(155-156)
в)экстралингвистикалық факторларға байланысты. Тілдің бір-бірінен
даралануы олардың генетикалық тұрғыдағы ерекшелігіне, ішкі даму жолдарына
байланысты десек те, әр тілдің сөйлем жүйесінің қалыптасуына сол тілді
сөйлеуші халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы да әсер етеді.
Территориясы жақын, сол халықпен үнемі байланыста болуы гениологиялық
жағынан туыстас емес тілде ізін қалдырып отырады.Орыс халқымен үнемі
экономикалық,мәдени байланыста болу сол тілдің үлгісіндегі жаңа типті
сөйлемдердің қалыптасуына жол ашты. Мұндайда сөйлем баяндауышы қызметін
септік жалғауындағы есім сөздер атқарған. Тілде жатыс, шығыс, көмектес
септік жалғауындағы сөздер жіктеліп, баяндауыш болуы-бұрыннан бар құбылыс.
Ал барыс септігіндегі сөздер жіктелмейтіндіктен, баяндауыш қызметінде
қолданылмаған сондықтан барыс септік тұлғасындағы баяндауышты сөйлемдер
орыс тіліндегі сөйлемдер үлгісінде қалыптасқан деп пайымдамыз.(Барлық жақсы-
балаларға т.б.)

2.2.Жасалу тәсілдері.

Әрбір сөз табы сөйлемдегі өзге сөзбен синтаксистік қатынасқа түсіп,
сөйлем мүшесі болуы үшін белгілі бір амал-тәсілдерді негізге алады.белгілі
бір грамматикалық топтағы сөздердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы 2тәсіл
арқылы жүзеге асады:
1)синтетикалық(морфологиялық)
2)аналитикалық
Есім баяндауыштың жасалуының ең негізгі тәсілі-
синтетикалық(морфологиялық) тәсіл.Тілімізде баяндауыш болмайтын
сөз табы жоқ десек, оны баяндауыштық позицияға түсіретін арнайы
формасы болады. Ол баяндауыштық тұлға деп аталады.
Аналитикалық тәсіл-сөзді баяндауыштық позицияға түсіретін көмекші
тәсіл, өйткені, әсіресе, баяндауыштың жасырын формасындағы сөз сырт тұлғасы
жағынан сөйлемнің өзге мүшесімен тұлғалас келуі
мүмкін.Сондай жағдайда көмекші тәсілдер белгілі бір рөл атқарады. Оған
орын тәртібі,интонация, көмекші сөздер тәсілі жатады.
а)Баяндауыштың морфологиялық тәсіл арқылы жасалуы(баяндауыштық тұлға).
Қазақ тіл білімінде баяндауыштық тұлға туралы аз сөз болып жүрген
жоқ.Н.Сауранбаев баяндауыштық тұлға ретінде жалғаусыз жіктік жалғауын,
тәуелдік, көптік, атау және жатыс септігі жалғанған, -нікі,-дікі
көрсетсе.(15.17) Аманжолов атау тұлғасын және жіктік жалғауын
көрсетеді.(16.58-64).Балақаев сөздің түбір күйінде, грамматикалық тұлғада,
жіктік жалғауы –дүр,-нікі,-тікі,-дікі баяндауыш болатынын,О.Күлкенова түбір
күйіндегі жіктік,септік, тәуелдік, жалғау тұлғасындағы сөздердің
баяндауыштық қызметін көрсетеді.(17.122-130)
М.Балақаев түбір сөздің баяндауыш қызметінде жұмсалуы туралы:”Есім
сөздер де түбір күйінде ешқандай баяндауыштық жалғау жалғанбай-ақ
баяндауыш бола береді.Бірақ ол үшін бастауыш пен баяндауыш қатар айтылуы
керек. Сонда олардың сол қызметте жұмсалуына себеп болатын жағдай олардың
сөйлемде белгілі орында тұруы болады.” М:Жамал отауда,Ол тәртіпті, деп
көрсетеді.
Түбірдің беретін мағынасы-лексикалық мағынаның негізінде туындайтын
жалпы грамматикалық мағына дейтін болсақ, аталған сөйлемдегі 3жақтық
мағынаны беріп тұрған 3жақтық жіктік жалғауының нөлдік тұлғасы екендігі дау
туғызбайды.
Тәуелдеу тұлғасындағы сөз сол күйінде басыңқы сыңармен байланыспайды,
мұндай жағдайда ол белгілі бір септік формасында тұрып, баяндауышпен
предикаттық қатынасқа түссе (Жасың жиырмада) ілік септігінде тұрып өзі
бағынған сөзбен атрибуттық қатынаста(инесінің көзі) қалған септік
формаларында тұрып, объектілік,адырбиалдық қатынаста жұмсалады.Тәуелдеулі
сөз баяндауыш болғанда белгілі бір жақ тұлғасында тұрады. Ол-інім.

Бұдан көріп отырғанымыздай, тәуелдік жалғауындағы сөз де, түбір сөз де
өздігінен сөйлемнің баяндауышы бола алмайды.-Ніді,-дікі,-тікі қосарлы
сөздердің синтаксистік қызметі жөнінде түркологияда көптеген пікірлер
бар.Аталған құранды журналдың ілік септігінен қалыптасқандығын ғалымдар
дұрыс көрсеткенімен, оның құрамындағы –кі аффиксінің табиғаты туралы әр
түрлі пікірдің (бірі сын есім тудыратын жұрнақ десе, бірі онымен омонимдес
, мағынасы басқа қосымша деп таниды) болуы оның синтаксистік қасиеті
жайында нақты тұжырым жасауға қиындық келтіреді.Тілдегі –нікі,-дікі,-тікі
қосымшалы сөздері жіктік жалғауын қабылдап, бастауыш септік жалғауында
тұрып сөйлемнің өзге мүшелерінің де қызметін атқаратынын тіл фактілері
көрсетіп отыр.Мыс:
табыс септігінде: Өзімдікін жөн екен деді де, ұмтылып кеп құлаштай
тұрып жігітке қамшы сермеді (ж.т)
барыс септігінде:Кәрімбек жайбарақатсынды
Шығыс септігінде:үйінен
Сондай-ақ осы жұрнақ жіктеліп келіп қолданылу үлгісінің барлығы (мен
сіздің ауыл-дікі-мін)оның предикаттық қосымша емес екенін нақтылай түседі.
Септік жалғауының баяндауыш қызметінде қолданылуы туралы да айтқанда,
олардың білдіретін грамматикалық мағынасы мен атқаратын қызметін басты
назарға аламыз.Грамматикалық септіктердің (атау,ілік, табыс) баяндауыш
қызметінде жұмсалмауының басты себебі: бұл септіктің субстанттық,
меншіктік, тура объектілік мағынаны білдіріп, синтаксистік қызметтің
саралануынан деп те тұжырымдауғы болады, ал көлемдік септіктерде мұндай
қасиет жоқ. Барыс, жатыс, шығыс,көмектес септіктеріндегі сөз жанама
объектілік мағынаны білдіріп, заттық мәнде қолданылғанда, толықтауыштың,
бағыттық, мезгілдік, мекендік, амалдық мағынаны білдіріп, адырбиалдық мәнде
жұмсалғанда пысықтауыш, өзі меңгеріп тұрған басыңқы сөз сөйлемнен
түсіріліп, ал оның білдіретін жақтық, шақтық мәні осы септіктегі сөздің
өзіне ауысқанда, сөйлемнің баяндауышының да қызметін атқара береді.
Мыс:Қызым-үйде,қылығы-түзде,Нар-түй еден, тұлпар-биеден,
Сары баладан есіткен түндегі әңгіме де есінде(18.44) Еламан содан
бері ойда(18.10)Сөйтіп баяндауыштық тұлға дегеніміз- сөйлемде
баяндауыш болып тұрған сөздің сыртқы морфологиялық құрылымы емес, осы
сөйлемдегі ойдың негізгі қазығы болып тұрған діңгек сөздерді
байланыстыратын предикаттық мәндегі морфологиялық тұлға.
ә)Баяндауыштың аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы.
Есім баяндауышты жасаудағы орын тәртібі мен тәсілдерінің рөлі.
Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі басқа түркі тілдеріндегі сияқты қазақ
тілінде де негізгі синтаксистік тәсіл болып саналады. Тілдің ғасырлар бойы
жасалып, қалыптасқан синтаксистік құрылысындағы заңдылық бойынша, түркі
тілдерінің барлығында да бастауыш пен баяндауыш қиыса байланысып, баяндауыш
сөйлемнің соңында тұрады.Қазақ тіліндегі сөз таптарының барлығы дерлік
сөйлемнің соңында тұрып, баяндауыш қызметін атқара алады.Өйткені баяндауыш
сөйлемдегі белгілі бір мүшелерді өзіне бағындыра отырып, ойды тиянақтайды.
Бұл әсіресе, есім баяндауышты сөйлемдерде айқын рөл атқарады. Өйткені
баяндауыштық тұлға жіктік жалғауы десек, есім баяндауышты сөйлемде ІІІ
жақтың арнайы морфологиялық көрсеткіші жоқ. Мұндай сөйлемде негізгі
айырымдық белгіні сөздердің орын тәртібі атқаратыны сөзсіз. Мен сурет
салдым Сурет салған-мен Менің салғаным-сурет.
Есім баяндауышты сөйлемді жасаудағы орын тәртібі тәсілінің рөлі.
әсіресе бастауышы да, баяндауышы да есім сөздерден жасалған сөйлемдерде
айқын байқалады. Мыс:Қасым-Сәтібекбің Омарының 3-ші баласы.
Демек, есімдер баяндауыш болуы үшін сөйлемнің соңында келіп,
сөйлемдегі ойды тиянақтап тұруы керек. Бұл кезде баяндауыш қызметіне
ауысқан сөздердің морфологиялық құрылымында бұрынғымен салыстырғанда
тұлғалық айырмашылық болады.

б)Есім баяндауышты жасаудағы интонацияның ролі.
Сөйлемдердегі сөздердің байланысу тәсілдерінің қатарында интонацияның
атқаратын жүгі ерекше. Бұл,әсіресе, есім баяндауышты сөйлемдерде айқын
көрініс табады. Қалыпты сөйлемдерде интонация сөйлемде тиянақтаушы қызмет
атқарса, есім
баяндауышты сөйлемдерде әрі ажыратушылық қызмет атқарады.
Айырмашылығы: интонацияның мәні бастауышы да, баяндауышы да есім
сөздерден, субстантивтенген есімше тұйық етістіктен жасалған сөйлемдерде
бастауышты баяндауыштан ажырату қызметімен сипатталады. Бұл-үй, Ол-бала.
Бұл сөйлемдердің сөйлемдік сипатына ықпал етіп тұрған-интонация.
Бастауыштан соң біршама дауыс кідірісі болып, сөйлем құраушы сөздер өзара
тең салмақты дауыс ырғағымен айтылады. Егер аталған сөйлемдерді айтқанда,
дауыс кідірісі сақталмаса, алғашқы сөз екі сөзбен қабыса байланысқан
анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін құрайды. Бұдан байқағанымыздай,
сөздердің әр түрлі интонациямен айтылуы олардың сөйлемдегі синтаксистік
қызметіне де әсер етеді. Қатар тұрған есім сөздердің сөйлемдегі атқаратын
қызметін интонация айқындайды.Үнді-европа тілдерінде көмекші сөздер
бастауыш пен баяндауышты байланыстыратын негізгі тәсіл болса, түркі
тілдеріндегі көмекші сөздердің сөйлем ішінде атқарар жүгі әр түрлі.Зат
есімге,есімдікке тіркесетін көмекші есімдер көмекшілік қызмет атқарып қана
қоймай, сөйлемдегі ойды тиянақтауға да ықпал жасайды.Көмекші есімді
баяндауыш құрамынан оны (көмекші есімдерді) алып тастау- сөйлемнің
мазмұнына, тиянақтылық сипатына нұқсан келтіреді.Өйткені ілік септікті
сөзде сөйлемді тиянақтау қасиеті жоқ.Ол өзінен кейін міндетті түрде
тәуелдік жалғаулы сөзді керек етіп тұрады.
Көмекші етістіктің атқаратын ролі көмекші есімнен өзгеше.Негізгі
лексикалық мағынасы солғындаған көмекші етістіктер өзі тіркескен есім сөзге
ғана емес, бүтіндей сөйлемге мән үстейді.Есім баяндауыштың қызметін
тиянақты ете түсіп,оларға шақтық, видтік мағына қосу керек болғанда,олардан
кейін әр түрлі көмекші етістіктер айтылады. Әдетте есім баяндауыштың
негізгі белгісінің бірі оның осы шаққа қатыстылығы десек,көмекші етістік
тіркескенде,не өткен, не келер шақтық мағынадағы сөйлем
жасалады.Мыс:Промсолдағы жалғыз жанашырымыз осы сары бала еді.(18.62) Бүгін
ауға балық тәуір түскен екен.(18.28)
Екен, еді көмекшілері есім баяндауыштың қызметін нақтылай түседі.
Сондай-ақ сөйлемде екі түрлі қызмет атқарады:
1)шақтық мән үстейді;
2)айтылған нәрсе туралы айтушының көзқарасын, пікірін білдіреді.
Емес сөзі баяндауыш қызметінде айтылатын есімнің заттық, сындық,
сандық т.б. сапасы екенін жоққа шығарып, болымсыз ету үшін жұмсалады.
Есім баяндауышқа көмекші қызметінде жиі қолданылатын етістіктің бірі-
болымсыз етістік. Ол баяндауыш қызметіндегі есімдердің шын болмыс екенін
білдірумен қатар, етістіктерге тән түрлі қосымшаларда жұмсалып,есім
баяндауыштарға әр түрлі шақтық мағына қосып тұрады.Сияқты, секілді,
тәрізді, шығар, болар, көрінеді, білем, керек, тиіс деген модальдық сөздер
есім баяндауыштарға көмекшілік қызметте айтылғанды модальдік мән
береді.Қайта, оның бойы Еламаннан гөрі ұзындау,иықтылау сияқты.(18.42)
Өзіне ет керек, атына шөп керек.(18.69)
Көмекші сөзді баяндауыштардың қатарына шылаулы тіркестер де жатады.
Түркі тіліндегі, соның ішінде қазақ тіліндегі шылаудың арнайы грамматикалық
белгісі-жеке тұрғанда сөйлем бола алмайтындығы. Шылаулар, әдетте, өзіне
қатысты сөзден кейін келіп, оған қосымша мән үстейді.Мыс:Келін
қарағым,қалың жақсы ма?(18.104 )
Модальдық мән беретін шылауларға қазақ тіліндегі :ау, ғой, ма, ме, ба,
бе, па, пе,ақ және т.б. жатады. Бұл шылаулар сөйлемде модальдық мән берудің
лексикалық тәсіліне жатады. Септеулік шылаулар да өзі тіркескен сөзге әр
түрлі грамматикалық мән үстеп, сөйлем баяндауышы қызметінде жұмсалады.Атау,
барыс, шығыс септігіндегі сөздермен тіркесетін шылаулар көмекші етістігі
түсірілген эллипсис сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады.Сондықтан
көмекші сөздер толық мағыналы есім сөздерге тіркесіп, онымен мағыналық
бірлікте тұрып, олардың тұрақты баяндауыштық формасы,белгісі болып
саналады.

2.3.Есім баяндауыштың және атаулы сөйлемдермен арақатынасы.
Тілдегі баяндауыш мүшенің есімдік, етістікті болуы баяндауыш
қызметіндегі сөйлемнің семантика-грамматикалық ерекшелігіне байланысты
туындағаны білгілі тіл фактілерінде есім сөздердің баяндауыш қызметінде
үнемі жұмсалып,берік орнығуы оның өзіне тән ерекше белгілерін
қалыптастырды.Белгілі бір ортақ грамматикалық сипаттарына қарамастан, есім
баяндауышты сөйлемдер өзіне тән құрылымдық,семантикалық белгілеріне орай,
етістікті баяндауышты сөйлемнен де,атаулы сөйлемнен де ерекшелінеді. Есім
баяндауышты сөйлемді етістікті баяндауыштан ажытаратын басты белгі-
баяндауыш қызметіндігі сөздің семантикалық-грамматикалық ерекшелігі. Осы
тұрғыдан келгенде,логикалық-грамматикалық сипаты жағынан етістікті
баяндауышты сөйлемдер заттың,қимыл иесінің қимылға,іс-әрекетке қатынасын
білдірсе, есім баяндауышты сөйлемдер мынадай мағыналық қатынасқа құрылады:
1)Субъект зат пен оның заттық сапасының қатынасын білдіретін,
сөйлемдер. Мыс:Абай-ақын.Мұндай сөйлемнің бастауышы да, баяндауышы да зат
есімнен жасалады.
2)Субъект зат пен оның сындық, сандық сапасының, күйінің қатынасын
білдіреді.Мыс:Аты қаратер.(18.5) Жауласқасын-екінің бірі.(18.83)
Басты атрибуттық қатынастағы сөз тіркесі болса, сөйлем баяндауышы сын,
сан есімдердер,үстеуден жасалады.
3)Қимыл-іс пен логикалық субъект – заттың қатынасын білдіретін
сөйлемдер.Мыс:Жанын сату- қателік, Уәдеде тұрмау жаман.
Келгенім-бүгін,Білгенің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрама баяндауышты тұлға
Баяндауыштың жасалу жолдары
Cептік жалғаулы баяндауыштар
Баяндауыштың жасалу жолдары жайлы
Модаль сөзді баяндауыштар
Қaзaқ тiлiндeгi бaяндaуыштың тaбиғaтын aшу
Баяндауыштың жасалу жолдары жайында
Тұрлаулы мүшелерді жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқыту жолдары
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және олардың грамматикалық тұлғасы
Тұрлаулы мүшелердің тіл біліміндегі зерттелуі
Пәндер