Баладағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың психологиялық негіздері



Кіріспе

І. Баладағы қарым.қатынас мәдениетін қалыптастырудың психологиялық негіздері
1.1.Отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым.қатынас ерекшеліктері

ІІ. Қарым.қатынас мәдениетінің этнопсихологиялық ерекшеліктері
2.1. Отбасындағы мектепке дейінгі баланың қарым.қатынасының
қалыптасуы
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қазіргі кездегі елдегі экономикалық -әлеуметтік жағдайлардың қиындығы, жұмыссыздық, материалды, рухани қажеттіліктердің тапшылығы, осының бәрі отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты күрделендіріп отыр. Сондықтан да балаларды тәрбиелеу мен оқыту қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылуда. Мектеп жасына дейінгі бес-жеті жас аралығы-баланың жеке тұлға болып қалыптаса бастайтын, оның барлық таным үрдістерінің қарқынды дамып, мінез-құлық нормаларын игеретін кезең болғандықтан, отбасының жалпы психологиялық жағдайы бала психологиясына міндетті түрде өзінің әсерін тигізбей қоймайды.
Мектеп жасына дейінгі тәрбие туралы мәселені ең алғаш қарастырғандардың бірі – чех ғалымы ЯН Амос Коменский болды (1592-1670). Ол туғаннан 6 жасқа дейінгі балалар тәрбиесін арнайы қоғамдық мекемелерге емес, отбасына – «аналар мектебіне» жүктеді. Я.А.Коменский аналар мектебінде балалардың дене, адамгершілік, ақыл-ой дамулары жүзеге асады дей келе, сол кездің өзіне баланың сөйлеуінің, тілінің дұрыс шығуы анаға байланысты деп, аналарға үш жастан бастап балаға дауытарды дұрыс, таза айтуды үйрету керектігін айтты. Отбасындағы бұл тәрбие шаралары ойын түрінде жүзеге асуы керек деген де Я.А.Коменский болатын.
1. Коменский Я.А. Материнская школа // Избр. Пед.соч.: В 2 Т.т. 1. М., 1982. -224-228с.
2. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім – тәрбиесі. Алматы «Санат», -1995. -81б.
3. Аркин Е.А. Родителям о воспитании – М:, Уч. Пед. Гиз. 1957. -347с.
4. Усова А.П. Обучение в детском саду. Под. Ред. А.В.Запарожеца, М., 1981. -176с.
5. Тихеева Е.И. Развития речи детей (раннего и дошкольного возраста): Под.ред. Ф.А.Сохина. -5изд. –М.: Просвещ., 1981. – 159с.
6. Меңжанова А. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы. «Рауан», 1992.-206б.
7. «Балбөбек» бағдарламасы. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа кабинаті. 2000, 237б.
8. Шерьязданова Х.Т. Учите детей общению., Алматы, Рауан 1992, 108с.
9. Касымова Г.М. Психолого-педагогические основы применения развивающих игр в обучении детей дошкольного возраста. Автореферат. Алматы, 1997, -223с.
10. Ауталипова У.И. Психолого-педагогические основы взаимоотношений детей дошкольного возраста в семье. Диссертация кандидата психологических наук., Алмата 1999, -129с.
11. Жарықбаев Қ.Б. «Ұлттық психологияны оқыту – ұлтшылдық емес» - Қазақ әдебиеті, 1-қыркүек, 2000ж.
12. Қоянбаев Ж. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі. Алматы, Рауан, 1990, 234б.
13. Лисина М.И. Общение и речь. Развития речи у детей в общение со взрослыми. Москва, 1985. 140с.
14. Запорожец А.В. Развития общение у дошкольников. Москва, Прос. 1974, 287с.
15. Лисина М.И. Общение со взрослыми у детей первых семи лет жизни. В кн: Проблемой общение возростной и педагогической психологии. М., прос. 1978. 136-138с.
16. Выготский Л.С. Проблема развития психики., Собр.соч.т. 3.Под.ред. А.М.Матюшкина. М., «Педагогика», 1993. -145-146с.
17. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания, изб.псих.труды: в 2т. М., 1980, -315с.
18. Бодалев А.А. Личность и общение. М., прос. 1983. – 18с.
19. Рубинштейн С.Л. Основы психологии. М., 1935. -52с.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

І. Баладағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың психологиялық
негіздері
1.1.Отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас ерекшеліктері

ІІ. Қарым-қатынас мәдениетінің этнопсихологиялық ерекшеліктері
2.1. Отбасындағы мектепке дейінгі баланың қарым-қатынасының
қалыптасуы
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі кездегі елдегі экономикалық -әлеуметтік жағдайлардың қиындығы,
жұмыссыздық, материалды, рухани қажеттіліктердің тапшылығы, осының бәрі
отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты күрделендіріп отыр.
Сондықтан да балаларды тәрбиелеу мен оқыту қазіргі таңдағы ең өзекті
мәселелердің бірі болып табылуда. Мектеп жасына дейінгі бес-жеті жас
аралығы-баланың жеке тұлға болып қалыптаса бастайтын, оның барлық таным
үрдістерінің қарқынды дамып, мінез-құлық нормаларын игеретін кезең
болғандықтан, отбасының жалпы психологиялық жағдайы бала психологиясына
міндетті түрде өзінің әсерін тигізбей қоймайды.
Мектеп жасына дейінгі тәрбие туралы мәселені ең алғаш
қарастырғандардың бірі – чех ғалымы ЯН Амос Коменский болды (1592-1670). Ол
туғаннан 6 жасқа дейінгі балалар тәрбиесін арнайы қоғамдық мекемелерге
емес, отбасына – аналар мектебіне жүктеді. Я.А.Коменский аналар
мектебінде балалардың дене, адамгершілік, ақыл-ой дамулары жүзеге асады дей
келе, сол кездің өзіне баланың сөйлеуінің, тілінің дұрыс шығуы анаға
байланысты деп, аналарға үш жастан бастап балаға дауытарды дұрыс, таза
айтуды үйрету керектігін айтты. Отбасындағы бұл тәрбие шаралары ойын
түрінде жүзеге асуы керек деген де Я.А.Коменский болатын. 1
Ал, біздің қазақ халқының бала тәрбиесіне деген көзқарасы қандай
болды? Келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, балаларды ата-баба
дәстүрінде тәрбиелеуде маңсат тұтқан қазақ отбасылары баласын
мәдениеттілікке, зерділілікке баулып, халқының мәдениеті мен әдет-ғұрпын
тәрбиенің бұлжымас құралы ретінде ұстаған. Бұл ретте ауылындағы отбасы
тәрбиесі, мектепке дейінгі тәрбие туралы ең алғаш еңбек жазған Н.Құлжанова
(1887-1939) болды.
Н.Құлжанованың тәлім-тәрбиелік пікірлері медицина ғылымымен
сабақтасады. Бұл жәйт автордың Бала күтімі – баланың өміріне күн сәулесі
мен таза ауадай аса қажет, Баланың аурулары т.б. мақалаларынан жақсы
байқалады. Автор тәрбиені бала жөргегімен бастауды ұсына келіп, өзі
түйіндеген тұжырымның негізі етіп: Тәні саудың – жаны сау деген халық
даналығын алады.
Н.Құлжанова мектепке дейінгі тәрбие мазмұнының, мақсатын баяндай
келіп, баланың қимыл-қозғалысына, сезім мүшелеріне, сөйлеуін жетілдіру
жолдарына тоқталады. Ол сондай-ақ балалардың қарым-қатынас ерекшелігіне де
ерекше көңіл бөледі. Балаға сусындай керегінің бірі – сөйлеу, баланың
сөйлеуге, білуге құмарлығын мазамды алма! - деп оның бетін қайтару
екендігін айта келе, автор баланың ойлауының – оның танып-білу құмарлығымен
ұштасып жатқандығын ескертеді. 2
Қай қоғамда болса да тәрбие мәселесі ең басты міндеттердің бірі
ретінде қарастырылып келген. Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде мектеп
жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу – жалпыға бірдей білім берудің бір
белгісі ретінде қарады.

І. Баладағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың психологиялық
негіздері
1.1 . Отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас
ерекшеліктері.
Өмірде өзгермейтін ештеңе жоқ. Еліміз тәуелсіздікке қол
жеткізгеніне байланысты Елбасының 2030 жылғы жолдауындағы (1997) 11,
мақсаттар мен мұраттар мүлтіксіз жүзеге асырылса, ұрпақ тәрбиесіндегі
істерде де үлкен бетбұрыстар болары сөзсіз. Ұрпақ қамы ертеңгі ел қамы.
Ертеңгі күні ХХІ ғ. өмір сүріп еңбек ететін жастарды тәрбиелеуде қазақ
халқының ғасырлар бойы жинақтап уақыт талабымен өткен бай қазынасын отбасы
тәрбиесінде қолдану – кезек күттірмейтін мәселе.
Отбасындағы бала тәрбиесі жөнінде XVII-XVIII ғасырларда өмір
сүрген батыстың, орыстың педагог ғалымдары жақсы ой-пікірлер айтқан
болатын. Мысалы Я.А.Коменский Ағайынды чехтарды тәрбиелеудегі халықтық
дәстүрдің жақсы нәтижелеріне сүйене отырып, баланы жастайынан жақсы мінез-
құлыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп берді.
Ал Швейцарияның кеменгер педагогі И.Г.Песталоцци тәрбиені ана
тілінде оқытатын халықтық мектептердің бай тәжірибесіне негіздей отырып
жүргізуді мақұлдады. Ол адамның ақыл-ойының қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт
тіліндегі оқудың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты
деп ерекше атап көрсетті.12. И.Г.Песталоцци: Бала тәрбиесі, оның дүниеге
келген күнінен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі отбасында басталып,
мектепте әрі қарай жалғастырылуы шарт - деген қағиданы ұсынды.
Француздың ұлы ағартушысы Ж.Ж.Руссо да бала тәрбиесінің көзі
еңбекте, сондықтан баланы жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуді
отбасында еңбекке үйретуден бастау керек деп қарады.
Әйгілі орыс педагогы К.Д.Ушинский бала тәрбиесіне тоқтала келе,
мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінің негізгі ортасы – отбасы. Бала
отбасында қарапйым білім, іскерлік, дағдыларды меңгеріп, ата-анасынан
тәртіп ережелерін үйренеді деді. 12
Жалпы қазақ отбасы тәрбиесіне, ұрпағының жан-жақты болып өсуіне
айрықша мән берген халық. Баланы қайратты, қайырымды, ақылды, өнерлі, әділ
адам етіп тәрбиелеу - әр уақытта қазақ отбасындағы басты мәселенің бірі
болған.
Ол жердегі ата-ана мен баланың кісілік қарым-қатынасы, эмоционалды
сезімдері – олардың жаны мен қанының табиғи бірлігі негізіндегі жақындық
арқылы орындалған.
Өмірге шыр етіп жаңа келген нәрестеге ананың адал махаббаты мен
кіршіксіз көңілі таза ауадай қажет. Себебі, сәби өмірге мүлде дәрменсіз
күйде келеді. Нәрестенің өмірге келіп, кіндігінің кесіліп, жөргекке
оралуынан бастап дені сау, ақылды да тәлімді бала етіп өсіру мақсатындағы
ата-ананың өмірі таусылып бітпейтіндей қарбаласы басталады. Жеке тұлға өсіп
жетілуіне ықпал ететін отбасының тәрбиесіне психологиялық-педагогикалық
зерттеулерде ерекше көңіл бөлініп, отбасы ұғымына көптеген анықтамалар
берілген. Мәселен: Р.Н.Нұрғалиевтің 1996 жылы жарық көрген философиялық
сөздігінде; Отбасы-әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа
және туысқандық байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата-аналарымен
балаларының, аға-інілерімен апа-қарындастарының бірге туып, ортақ
шаруашылық жүргізуі, туысқандарының арасындағы сан алуан қарым-қатынастарға
негізделген жанұя тұрмысы деп айтылса 14, Ж.Қоянбаевтың педагогикалық
еңбегінде: Отбасы – ол бірге тұратын некеге негізделген немесе қандас
туыстар (әке, ана, бала...) тобы деп анықтама берілген 15.
Соңғы кездерді орысша семья ұғымының қазақша аудармасы отбасы,
жанұя, үйелмен деп қалдырып жүргенін кездестіруге болады. Соңғы жылдары
адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуде психолог-
педагог мамандар адамдар арасындағы қарым-қатынасқа айрықша назар салып
отыр. Осы бағыттағы құнды зерттеудің негізін ресей ғалымы М.И.Лисина салды
(1917)17. Ғалым психологияда мектеп жасына дейінгі баланың ересектермен
қарым-қатынасын зерттеуде жаңа жол ашты. М.И.Лисина зерттеулеріндегі
негізгі әдістердің бірі- отбасында тәрбиеленуші және түрлі типтегі балалар
мекемелеріндегі отбасынан тыс тәрбиеленіп жатқан балаларды салыстыра
зерттеу. Балалар үйінде тәрбиеленушілер өмір сүруге қажетті барлық
қажеттіліктермен (қалыпты тамақтану, киім, ойыншық, дәрігерлік бақылау,
білім т.б.) қамтамасыз етілгенімен, дара бағыттағы үлкендердің эмоционалды-
жағымды қарым-қатынасының тапшылығы олардың психологиялық дамуын
баяулатады. М.И.Лисина еңбектері көрсеткендей, мұндай қарым-қатынастың
қосылуы баланың психикалық дамуының түрлі аспектілеріне: олардың танымдық
белсенділіктеріне, тілінің дамуына, заттық әрекет игеруіне игі әсерін
тигізеді.
Ерте балалық шақ пен мектепке дейінгі кезеңде (А.В.Запорожец,
М.И.Лисина тұжырымдамаларына сәйкес) өзіндік-сапалы формаларымен
ерекшеленеді. Баланың ересектермен қарым-қатынасын осы іс-әрекеттің бірнеше
формаларының ауысуы ретінде қарастыруға болады. Қарым-қатынастың алғашқы
формасы-жағдайға байланысты жеке тұлғалық (ЖБЖТ), келесі- жағдайға
байланысты- іскерлік (ЖБІ), үшіншісі – жағдайдан тыс-танымдық (ЖТТ), ең
соңғысы- жағдайдан тыс жеке тұлғалық (ЖТЖТ) 19.
Л.С.Выготскийдің көрсетуінше, баланың жоғарғы мінез-құлық
формаларының социогенезі, ол – баланың мәдени дамуының тарихы. Әлеуметтік
сөзінің мәні, бұл жағдайда, аса кең ұғымда, мәдениеттіліктің бәрі-
әлеуметті дегенді көрсетеді. Мәдениеттің өзі адамның әлеуметтік өмірімен іс-
әрекетінің өнімі, сондықтан мәдениетілік даму мәселесі бірден бізді
әлеуметтік даму жағдайына енгізеді 20.
Мәдени дамудың мәні- адамның тек қана өзінің мінез-құлқын ғана
игеру үрдісімен шектелмейді, оны игерудің алғы – шарты жеке тұлғаның
қалыптасуы. Сондықтан да, баланың қайсыбір қызметінің қалыптасуы да, оның
тұтастай жеке тұлғасының дамуына тәуелді. Мектепке дейінгі кезең баланың
өзіндік тұлғасы мен өмірлік көзқарастары қалыптастыру үстінде болды.
Б.Г.Ананьевтің көрсетуінше: Адамның мінез-құлқы, адамды қоршаған табиғатты
заттыландыратын, оның әлеуметтік іс-әрекеті түрлерінің күрделі кешені ғана
емес, қарым-қатынас, адамдармен түрлі әлеуметтік құрылымдардағы практикалық
әрекеттесу түрінде де көрінеді 21,22. Оның ойынша, адам – негізгі
әлеуметтік іс-әрекеттер – еңбек, қарым-қатынас және танымның субъектісі.
Осы үшеуінің бірлігінде ғана жеке тұлғаның қалыптасуы ойдағыдай іске
асырылады.
А.В.Запорожецтің басшылығымен жүргізілген көптеген зерттеулердің
(З.М.Истомина, Д.Б.Эльконин т.б.) нәтижелерін тұжырымдай келіп А.Н.Леонтьев
мектепке дейінгі кезең – жеке тұлға қалыптасуының алғашқы сатысы, мінез-
құлықтың жеке тұлғалық механизмдерінің кезеңі – деп атап көрсетеді. Оның
айтуынша бұл кезеңде мотивтердің бір-біріне өзара бағынушылық жүйесі
қалыптасады. Баланың жеке тұлғасының қалыптасуында қарым-қатынастың үш
түрін бөліп қарастыруға болады: өзіне деген қатынасы, басқаларға және
заттық әлемге деген қарым-қатынасы .
Адам психикасын зерттеудегі тарихи тұрғыдан қарастыра келіп,
А.Н.Леоньев, өзінің осы еңбегінде Л.С.Выготскийдің кез-келген сыртқы
әсердің (біздің жағдайымызда қарым-қатынасқа түсуші – ересек адам) адамға
тікелей емес жанама әсер ететінің, яғни алдымен ол интерпсихикалық (адам
аралық), кейінен соң ғана ол интропсихикалық (адамішілік) айналады деген
көзқарасты мақұлдайды) Сонымен бірге, осы мәселе туралы С.Л.Рубинштейіннің
де осы тұрғыда айтқан ойын келтіреді, Психология – психика мен іс-әрекетті
емес, психиканы іс-әрекетте қарастырады25.
С.Л.Выготскийді қазақ тілінде тұңғыш сөйлеткендер Алдамұратов
Ә., Рақымбеков Қ. Т.б. оның теориясындағы қарым-қатынас мәселелерінде
... тарихы тәжірибелерді тыныс-тіршілік шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-
тәрбие өнегесінен жаңаламай үйренуі деп көрсетеді 26.
Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселесін
В.С.Мухина мен Л.А.Венгер де психологиялық тұрғыдан терең зерттеді (1986).
Олар отбасында дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас пен тәрбие үрдісі
нәтижесінде мектеп жасына дейінгі бала өздігінен дербес түрлі әрекеттер
(киім кию, жуыну, тамақтану т.б.) орындағандарымен, ата-ана тарапынан
көрсетілген эмоционалды қарым-қатынасты әлі де болса аса қажет етеді деп
тұжырымдайды.
Психолог В.С.Мухинаның айтуынша адамдар арасындағы қарым-
қатынастар барысында балада әр түрлі тәртіп формалары қалыптасады екен. Бұл
жердегі бала үшін ең бастысы – ата-ана тарапынан ұйымдастырылған жағымды
қатынас. Ата-ана сенімі мен махаббаты балада оптимизм, жақсы, үлгілі болуға
деген тілекті қалыптастырады. Бала әр уақытта өзіне жасалған эмоционалды
қолдауды қажет етеді 27.
Ал Л.А.Венгер бұл бойынша өз пайымдауын айтады. Баланың психикалық
дамуына отбасының әсерін көрсете келе, ол жердегі тәрбиелік ықпалдардың
дүрыс ұйымдастырылмауы, қарым-қатынасқа қанағаттанбау, ұжымды өз орнын
дұрыс сезінбеу, отбасындағы кикілжің жағдайлар, осылардың бәрі бала
тәртібінде қиындықтар тудырады деп қорытындылайды 28.
Ресейлік ғалым Б.Лихачев отбасы баланың жеке басына екі жақты әсер
етеді дей келе, былайша топтайды: 1-ден, отбасының материалды жағдайын
сипаттайтын өзіндік өмір сүру дәстүрі арқылы яғни, отбасы мүшелерінің
материалдық және рухани қажеттіліктері мен әлеуметтік құндылықтары арқылы;
2-ден әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әсер арқылы. Бұл
көбінесе отбасындағы негізгі көзқараспен тәрбие үрдісі қоғамныі тәрнбиелік
мақсатына, идеологиялық, адамгершілік және эстетикалық талаптарына
қаншалықты сәйкес болуына байланысты жүзеге асырылады 29.
Бүкіл өмірін ауылдық мектеп ісіне арнаған ұстаз, теоретик және
рпактик В.А.Сухомлинский баланың жан-жақты дамуына ортаның тигізер әсерін
көрсетуге тырысты. Жеке тұлға бойындағы мейірім, кішіпейілділік,
бауырмалдық сияқты адамгершілік сапалар шынайы, адал қарым-қатынастағы
адамдар ортасында ғана пайда болады деді. Автордың ойынша, ондай ортаны
бірін-бірі жоғарғы сезіммен жақсы көріп, қадірлейтін ата-ана ғана жасайды.
Адам бласының дүниеде өмір кешкен тарихына қарасақ бұрынғы
адамдармен бүгінгі адамның тіршілік ету арасында көп айырмашылықтың бар
екені белгілі. Тас пен таяқтан басқа құралы жоқ аңның аз-ақ алдында жүрген
алғашқы адамның ісімен осы күнгі әуе кемелерімен аспанға ұшып жүрген
адамның ісінің арасы бөлек екені белгілі. Қазіргі кездегі жер – жерлерде
орналасқан компьютерлі құралдар – үлкен өнер, білім арқасында шыққан
жетістіктер. Аталған заман ағымының жарысынан, заман көшінің қатарынан
қалмай өмір сүру үшін бүгінгі жас ұрпаққа көп - өнер білім керек. Осыған
байланысты адам аралық қарым-қатынастар да күрделене түсуде.
Соңғы кездері тіршілікке керек білімге баланы жастан даярлау керек
деген пікір күшейді. Отбасы тәрбиесінің адам өміріндегі маңызын бізге
дейінгі, көптеген ұлы ағартушылар зерттеп, ол туралы құнды пікірлер айтқан.
Кемеңгер ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби (870 – 950) ғылыми ой
толғаныстарына толы трактаттарында оның педагогикалық-психологиялық ой-
пікірлері баяндалған. Тәрбие мен білім, педагогика мен психология Фарабидің
ғылыми – философиялық мұрасының ажырамас бөлегі болып табылады. Сол кездің
өзінде әл-Фараби, әлемнің негізгі тұтқасы – адам, оның парасаты, ақыл-ойы
ойдағыдай дамыса, ол дұрыс өсіп- өркендей алады деген. Жаман мінез-құлық
бұл рухани дерт, жақсы мінез-құлық пен ақыл-ой – адамның басты қадір
қасиеті және ол қалыпты іс-әрекет үстінде қалыптасады – деген тұжырымды да
шығыстың ұлы ойшыл ғалымы айтқан. Ол өзінің шешендік өнер жайындағы
еңбегінде әңгіме айтатын адамның бет әлпетінің кейпі, денесінің тұрқы сол
адамның қылығы болып табылады дей келе, адамдар арасындағы қарым-қатынас
психологиясына үлкен зейін қойды33.
Қазақ халқының ұлы ақыны А.Құнанбаев та (1845-1904ж.ж.)
отбасындағы бала тәрбиесінде оның жас және психологиялық ерекшелігін ескере
отыру керектігін түсіндіре талап етеді. Абай баланың ең бірінші, әрі ең
негізгі тәрбиелеушісі – ата-анасы болуы тиіс дей келе, бала алдымен ата-
ана, екіншісі ұстазы, үшінші құрбыларына қарап өседі дейді.
Абай психология ғылымының өмірлік мәнін терең аңғарған, оның
ғылыми жағының қажеттілігін түсінген ғұлама. Адамдардың тұрмыстағы,
отбасындағы, қарым-қатынастардағы үйлесімін армандаған ақын жас ұрпақтың
психологиялық ерекшеліктеріне айрықша зейін қойып, тәрбие арқылы олардың
бойына жақсы қасиеттер дарытуға болатындығына шексіз сенді.
Абай сана-сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның ролін
материалистік көзқараспен түсіндіре білді. Адамның жақсы-жаман болуы
генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан шыққандар ақылды, батыр,
алғыр болады деген нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы. Абай адам
мінезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдейді. Өзінің отыз
жетінші сөзінде: Мен, егер заң қуатын кісі болсам, адам мінезін түзеп
болмайды деген кісінің тілін кесер едім - дейді 34.
Отбасындағы баланың әдепті де өнегелі етіп тәрбиелеу мәселелері
М.Жұмабаевтың (1893-1938ж.ж.) Педагогика деп аталатын еңбегінде де айқын
жазылған. М.Жұмабаев жан-жақты баланың жетістіктерінің психологиялық
мәселелеріне кеңінен тоқтала отырып, ата-аналармен тәрбиешілерге балалардың
ересектерден ерекшеліктерін біліп, ескере отырып тәрбиелеуін ұсынады.
М.Жұмабаев балалар үшін Бесік жыры, Жұмбақ, Туған жер т.б.
шығармалар жазып, олардың сөйлеу тілдері мен ойлау үрдістерінің дұрыс
дамуына негіз салды. Мағжан шығармаларында баланың дене, ақыл, сұлулық
тәрбиесі туралы кеңінен сөз қозғалып, аталған тәрбие бөлімдері, олардың
мақсат, міндеттері сияқты мәселелер қамтылады 35.
Қазақстандағы аты әлемге әйгілі жазушы, зерттеуші М.Әуезов те
(1897-1961ж.ж.) отбасындағы тәрбие мәселелеріне көп көңіл бөлген.
Отбасындағы тәрбиеде ананың орнының ерекше маңыздылығын түсіндіре келіп,
тәрбие түзелу үшін ең алдымен сол тәрбиені қалыптастыратын аналар
жағдайының дұрыс болуын, аналардың өздерінің сол тәрбиеге лайықты болуын
талап етеді 36.
Біздің қарастыратын мәселеміздің өзегі ретінде әр шаңырақтағы
баланың бес – жеті жасқа дейінгі, яғни мектепке барған кезеңіндегі тіл
ұстартуы, тең – құрбыларымен қарым-қатынас ерекшеліктері алынып отыр.
Дүниеге келген нәресте дамуына отбасындағы жұбайлардың өзара татулығы жан-
жақты әсер ететіні белгілі. Психолог А.В.Петровский отбасының сипатын ол
жердегі адамгершілік ахуал мен мақсаттар анықтайды дей келе, өз
зерттеулерінде отбасы қарым-қатынасын төмендегідей бес түрге бөледі:
1 үстемділік қатынас,
2 қамқоршылдық қатынас,
3 қақтығысушылық қатынас,
4 араласпаушылық қатынас,
5 ынтымақтастық қатынас деп жіктесе, әр қайсысына жекелей сипаттама береді.
1-кесте А.В.Петровскийдің көрсеткен отбасы қарым-қатынасының түрлері

№ Отбасының түрі Қарым-қатынас мазмұны
1 Үстемдік қатынастағы Үстемдік жағдайында отбасында балаға өз
отбасы бетімен іс-әрекет орындауына жол
берілмейді, өзінің жеке өміріне
байланысты мәселелерге қатыстырылмайды.
Мұндай отбасындағы қарым-қатынас
ата-ананың балаға үстемдік көрсетуі мен
бала ынтасын, белсенділігін тежеу
барысында жүреді. Ата-ана бала жасын,
психологиясын ескерместен өзіне сөзсіз
бағыну талаптарын қояды, балаға
сенбейді. Олардың бет жүзінде салқындық
байқалып, үнемі отбасына қатысты орасан
зор істер жайында ойланып-толғанып
жүргендей кейіпте болады. Әміршіл
ата-ана сөзі әдетте, қысқа, баласының
өзіне қарсы ой-пікір айтқанын
ұнатпайды, одан өз айтқанын ғана
орындатуды талап етеді.
Отбасында үнемі психологиялық қысым
көріп үстемдік қатынаста өскен балада
флегматизм байқалады, психикасы
тітіркенген күйде болады және де ондай
бала өзіне сенімсіз, агрессивті болып
өседі.
Үстемдік қатынастағы отбасында өскен
бала ата-ана тарапынан жүргізілген
арнайы бақылау мен қамқорлықты
қажетсінеді.
2 Қамқоршылық Қамқоршылық күшті жағдайда баланы желге
қарым-қатынастағы отбасы – күнге тигізбей, мәпелеп өсіреді.
Мұндай отбасында өскен бала түрлі
қиыншылықтармен кездескенде дұрыс шешім
таба алмай, үрейленіп, қайғырады.
Қамқоршылық жағдайында өскен бала
тәртібінде эгоизм, инфантилизм, еркелік
сияқты құбылыстар жиі байқалады. Бала
өзін айналадағы қоршаған әлемнен
жекеленген күйді кешіп, шынайы өмірден
мүлдем алшақ болады. Кез келген жаңа
ортада қиналып, қарым-қатынас жасаудан
сескенеді. Ол бала толығымен
ата-анасына тәуелді болып, өз еркімен
бір әрекет орындауға күші де, қабілеті
де жетпейді. Психолог Аллан Фромм,
мұндай отбасында өскен бала көп жағдай
да ерке, бірбеткей, қиқар болып өседі
дейді.
Шамадан тыс қамқоршылық қатынастағы
бала психологиялық жағынан толық
піспеген, ымыраға келе алмайтын қыңыр
мінезді болады. Ата-ана, ең алдымен
отбасы қарым-қатынасында баланың
есейіп, өсуіне толық жағдай тудырып,
тәрбиеде нәтижелі педагогикалық
әдіс-тәсілдерді қолданулары керек.
3 Қақтығысушылық Отбасындағы ата-ана мен баланың,
қарым-қаынастағы отбасы басқа да мүшелерінің арасындағы
қайшылықтардан- қақтығысулар туады.
Отбасында бір-біріне наразылық
білдіру, бірін-бірі табалаушылық,
келеке, қиянат жасау, сөгу, беделіне
нұсқан келтіру бір-бірімен
шиеленістіруге ықпал жасап, олардың
ауызбірлігін жояды.
Үнемі дау-дамай, ұрыс-керіс жағдайында
өскен бала психологиясында ашу-ыза,
агрессия басым болып, ол күйгелек болып
өседі.
Мектеп жасына дейінгі кезең
психологияда – бала дамуының қарқынды
жүретін кезеңі деп белгіленген.
Мектепке дейінгі шақ- баланың таным
үрдістері, мінез-құлық нормаларын
игеретін кезең болғандықтан –
отбасындағы жайсыз климат, ұрыс-жанжал
бала психикасына өте ауыр соққы болып
тиеді. Ондайда баланың психикалық
ауруға (әсіресе неврозға) шалдыққаны
көп кездеседі. Оның пайда болуы тұқым
қуалау факторлардан емес, әлеуметтік
фактор, яғни аурудың себебі отбасындағы
адамдардың өзара қарым-қатынас
сферасында жатыр.
4 Араласпаушылық Араласпаушылық жағдайда ата-ана мен
қарым-қатынастағы отбасы балалар өз беттерінше бір-бірімен
ақылдаспай өмір сүреді. Отбасы
мүшелерінің бірі кездейсоқ қайғылы
оқиғаға ұшыраса, оған қалғандарының
қайғы-қуанышына ортақ болуы өз
дәрежесінде бола бермейді. Мұндай
отбасында қатыгездік, селқостық немесе
мейірімсіздік сезімдері байқалады.
Ешбір үлгі -өнегесіз өскен бала қандай
жағдайда болмасын өрескелдік танытып,
қарым-қатынаста дөрекі келеді. Бала
отбасы мүшелеріне қатыгез, қайырымсыз
болып, өзіндік қызығушылық пен
қажеттіліктерді ең негізгі орынға
қояды.
5 Ынтымақтастық Ынтымақтастық ата-ана мен беле
қарым-қатынастағы отбасы арасындағы сыйласушылық қағидасына
сүйенеді. Мұндай отбасында балалардың
пікір, ойлары тыңдалып, барлық мәселе
үй-ішінің бірлескен кеңесінде шешіліп
отырады. Ынтымақтастығы жарасқан
отбасында әдептілік, сыпайылық,
төзімділік, дау-жанжалдан алыс болу
белгілері тән. Бұл түсіністік, достық
позициясын сақтайды.
Ынтымақтастық қатынастағы отбасы баланы
өз ойын ашық айта білуге, кез-келген
тапсырманы мүлтіксіз орындап, таза,
мәдениетті сөйлеп, пікірлесуге
дағдыландырады, бала тәртібінде жағымды
көңіл-күй, өзіне деген сенім,
тәртіптілік негіз алады.
Бұл қарым-қатынас отбасындағы ата-ана
мен балаларды біріктіріп, оларда біз
деген мезімді туғызады және олар
өздерінің ортақ жұмысқа қатысты
екендерін сезініп өседі.

А.В.Петровскийдің көрсеткен отбасы қарым-қатынасының түрлерін
талдап көрсек, қазақ отбасында көбіне үстемдік қатынастың басым екенін
аңғаруға болады.
Балалар психологиясы мәселелерімен айналысып жүрген американдық
дәрігер, психолог А.Фромм: отбасындағы баланың психологиялық тепе-теңдігі
оның ата-анасымен болған жақында да эмоционалды қатынасына байланысты -деп
көрсетсе (1991) 40, бала бойындағы невроздың болу себептерін зерттеген
ресейлік ғалым А.И.Захаров (1986) соңғы жылдары экономикалық өзгерістер
барысында тірлік етіп жүрген іскер, шешімге келгіш ата-аналар балаға деген
эмоционалды, жағымды қатынасқа немқұрайлы қарайтындарын айтады.
Ресей психологы А.Я.Варга (1997), сәби өмірінің алғашқы жылында
ата-ана тарапынан жеткілікті дәрежеде жылы қатынас көрмесе, бұл құбылыс
ұзақ уақыт бойы ол баланың психологиялық дамуына кері ықпалын тигізеді
дейді. 43.
Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселелерін
Л.А.Венгер (1987) баланың ойын әрекетімен байланыстыра қарайды. Ойын
барысында жүргізілген қарым-қатынас бұл кезде әлеуметтік қатынастар мектебі
болып табылады. Себебі, ойын әрекетінде қарым-қатынас жасау арқылы бала
өзгенің көңіл-күйіне ортақтасып, мінез көнгіштігін түсіне бастайды.
Ресейлік ғалым М.И.Лисина (1974) өзінің қарым-қатынас генезисі
тұжырымдамасында бала туғаннан мектепке барғанға дейінгі аралықта
үлкендермен төрт түрлі тәсілдегі қатынаста болатынын көрсетті.
2-кесте.
Баланың жасы Жас кезеңдер Қарым-қатынас Қарым-қатынаста
тәсілдері қажет қосымша
әрекеттер
1 жасқа дейін Нәрестелік кезең Жағдайлы- жеке Айналасындағы
тұлғалық адамдардың
қарым-қатынас мейірімді
сезімдерін
қажетсіну
1 – 3 жас Ерте сәбилік кезеңЖағдайлы – іскер Ортақ әрекеттерді
қарым-қатынас қажетсіну
3 – 5 жас Төменгі мектепке Жағдайдан тыс Танымдық
дейінгі шақ танымдық қажеттілік,
қарым-қатынас үлкендердің
құрметтеуін
қажетсіну
4 – 5 жас Жоғарғы мектепке Жағдайдан тыс жекеӨзара түсіністік
дейінгі шақ тұлғалық пен ынтымақты
қарым-қатынас қажетсіну

Отбасында ата-анасымен жүргізген өзара қарым-қатынас барысында
туғаннан жеті жасқа дейін бала:
• Ана тілін меңгеріп, сол тілдің грамматикалық формаларын ажыратады,
белгілі сөз қоры пайда болады;
• Күнделікті тұрмыста, қарым-қатынас барысында балада өзін айнала
қоршаған әлемді танып – білуге деген қызығуы пайда болады;
• Сөйлеушінің сөзін тыңдау және тыңдаушының сөзінің дұрыс болуы сияқты
сөйлеу формалары қалыптасады.
Осы аралықта бала тіршілік әлемінің сан түрлі құпияларын түсініп,
сауат ашудың алғашқы сатысына бастайды. Бұл кезде бала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
Қарым-қатынас мәдениеті
Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде педагогикалық технологияны қолдану негізінде танымдық белсенділіктерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру моделі
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары
Ата мен аналардың педагогикалық үйлесімсіздігі жайлаған отбасы
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Баладағы сөз және сөйлеу әрекетінің құрылымы
Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Пәндер