Қаржы және инфляция туралы түсінік
Кіріспе 3
І тарау Қаржы және инфляция туралы түсінік
1.1 Қаржы ұғымы, мәні, қажеттілігі, функциялары мен рөлі 5
1.2 Инфляция ұғымы, түрлері, теориялары 12
1.3 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өз ара
байланысы 17
ІІ тарау Қаржылық талдау және инфляцияны тежеу шаралары
2.1 Ақша > тауар = инфляция 23
2.2 Инфляцияға қарсы саясат шаралары 28
ІІІ тарау Жетілдіру жолдары және Ұлттық валютаның тұрақтандырылу жолдары 34
Қорытынды 41
Қолданылған әдебиеттер тізімі 43

Бұл тақырыпты алғандағы мақсатым еліміздегі қаржы мен инфляцияның рөлі, яғни экономикалық нарықта алатын орнын, елімізге қажеттілігін атап көрсету.
Бұл курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдибеттерден және қосымшалардан тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында қаржы мен инфляцияның ұғымы, мәні, түрлері, қажеттілігі және теориялары туралы жазылған.
Қаржы ұғымы дегеніміз не? Қаржы қолма-қол ақша табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінен пайда болған.
Ал инфляция дегеніміз не? Ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы.Осы қаржы мен инфляцияның арасындағы қазіргі кездегі байланысты келесі екінші тарауда қарастырамыз.

1.Көшенова Б “ Ақша, Несие, Банктер, валюта қатынастары” – Алматы, 2000ж
2.Қожаниязов Т.Қ., Қожаниязова Ж.Т “Қазіргі экономика”-Тараз,2001ж
3. Құлпыбаев С, Ілиясов Қ.Қ “ Қаржы” – Алматы,2003ж
4. Ыдырысова Э.Қ “ Экономикалық саясат” – Алматы,2002ж
Газет, журналдар:
5.“Банки Казахстана” № 7, 8, 10 - 2004ж
6. “Банки Казахстана” № 1 – 2005ж
7. “Нұр Астана” 5 мамыр 2005ж

Жоспар
Кіріспе
3
І тарау Қаржы және инфляция туралы түсінік
1.1 Қаржы ұғымы, мәні, қажеттілігі, функциялары мен рөлі 5
1.2 Инфляция ұғымы, түрлері, теориялары
12
1.3 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өз ара
байланысы
17
ІІ тарау Қаржылық талдау және инфляцияны тежеу шаралары
2.1 Ақша тауар = инфляция
23
2.2 Инфляцияға қарсы саясат шаралары
28
ІІІ тарау Жетілдіру жолдары және Ұлттық валютаның тұрақтандырылу
жолдары
34
Қорытынды
41
Қолданылған әдебиеттер тізімі
43
Қосымшалар
44
Кіріспе
Бұл тақырыпты алғандағы мақсатым еліміздегі қаржы мен инфляцияның рөлі,
яғни экономикалық нарықта алатын орнын, елімізге қажеттілігін атап
көрсету.
Бұл курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған
әдибеттерден және қосымшалардан тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында қаржы мен инфляцияның ұғымы, мәні,
түрлері, қажеттілігі және теориялары туралы жазылған.
Қаржы ұғымы дегеніміз не? Қаржы қолма-қол ақша табыс ұғымын білдіретін
орта ғасырдағы латын тілінен пайда болған.
Ал инфляция дегеніміз не? Ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің
бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі
салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы.Осы
қаржы мен инфляцияның арасындағы қазіргі кездегі байланысты келесі екінші
тарауда қарастырамыз.
Екінші тарауда,егер ақша тауардан үлкен болса, онда нәтижесінде
инфляция пайда болады. Осы қазіргі уақыттағы азық-түлікке, азық-түлікке
жатпайтын(мұнай, бензин, дизель отыны және т.б.) заттарға инфляцияның өсуі.
Содан соң бұл инфляцияға қазіргі уақытта қандай қарсы саяси шаралар
жүргізіліп жатқаны туралы жазылған.
Ал үшінші тарауда 2004-2005 жылдар арасында инфляция экономикалық
нарықта тауарларға қалай әсер етіп жүргені қарастырылған. Осы соңғы тарауда
2004 жылы мен 2005 жылдағы инфляцияның деңгейін салыстырып көрсетілген.
Менің ойымша, бұл курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының
экономикалық нарықта инфляция деңгейінің қазіргі уақытта маңызды роль
ойнауы.
2001 жылы инфляция 6,4%-ды құраса, ал қазіргі кезде (2005 жылы)
инфляция 7,8% деңгейінде қалыптасты. Осы 4 жыл ішінде инфляция деңгейі 1,4%-
ға артып отыр. Егер инфляция деңгейі жылдан жылға өсе беріп 1997-1998
жылдардағы инфляция деңгейіне жетсе, елімізде тауарларға деген тапшылық
пайда болады. Осыны болдырмау үшін әр адам өз үлесін қосу керек деп
ойлаймын.

1.1 Қаржы ұғымы, мәні, қажеттілігі, функциялары мен рөлі
Қаржы ( “қолма-қол ақша”, “табыс” ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын
тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан)
қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы
бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық
категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде ( ақша, баға,
кредит, пайда, жалақы және т.т.) қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі
ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен
айшықталады.
“Қаржы” ұғымы мемлекетпен бірге бір уақытта қоғамның таптарға
жіктелуі кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген
қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар-ақша айырбасы
жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнімді
бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды.
Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған
нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын
ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде, әдетте, қоғамдық өмірде сан алуан
нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде
ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау
қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы “Республика туралы алты кітап”
деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың (“Афин республикасының кірістері туралы ”)
алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы
оның “Афиннің мемлекеттік құрылысы “ атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.Түрлі
қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы мына себептерге
байланысты:
әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы
сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта
бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың
мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
Өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады.
Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар
сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта
болады. Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады.
Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
Егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік
қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет
ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Қаржының қажеттігі объективті мән- жайдан - тауар-ақша қатынастарының
болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты
арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген
қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына
бақылау жасау.Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық
жағдайда ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің
ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік-
экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын
қамтамасыз ете алмайды.Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық
процестерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды,
сондықтан мемлекеттің қарамағына қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі
айтарлықтайжоғары – мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20
пайыздан астамы және жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы бөлінеді.Елде
жергілікті мәні бар міндеттерді шешуге бейімделген жергілікті өзін өзі
басқарудың дамуы да тиісті қаржымен қамтамасыз етуді, муниципалдық
құрылымдар қаржысының жұмыс істеуін талап етеді.Сондықтан өтпелі кезеңде
шаруашылық жүргізудің төменгі буындары мен аймақтарға ерекше көңіл
аударылады, оларға қаржы ресурстарын қалыптастыруда үлкен құқық пен
дербестік беріліп отыр. Тек бұлресуртар орталықтың, аймақтардың, шаруашылық
жүрзігудің төменгі буындарының арасында ұтымды, ғылыми негізде бөлінген
кекзде ғана жоғары қайтарымы және пайдаланылатын қаражаттардың үлкен
көлемде жаңғыруы болуы мүмкін.
Мемлекеттік сектордың қызметімен байланысты қаржы қатынастары елеулі
дәрежеде “қоғамдық тауарлар” деп аталынатындарды – мемлекет қаржыландыратын
және бірлесіп тұтынылатын материалдық, сол сияқты материалдық емес
сипаттағы игіліктер мен қызметтер көрсетуді өндіру мен бөлуді қамтамасыз
етуге бағытталған. Бұған қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру
объектілері, жол торабы, мемлекеттік биліктің, басқарудың, құқықтық
тәртіпті қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың органдары мен
мекемелері, ішінара халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық
сақтау жатады.
Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Бұл
қозғалыстың шарты тауар –ақша қатынастарының болуы және экономикалық
заңдардың, соның ішінде құн заңының іс-әрекеті болып табылады.
Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша
қатынастарын әлдеқайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың,
жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып
табылады.Тауар өндірісінің негізіне тауар өндірушілердің экономикалық алдын
ала келісіп алушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі қойылған.
Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттық факторларының саралануы
олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті
ұқсас тауарлур нақты және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен
өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан қажырлы еңбек пен жұмсалынған күш-
жігерге баламалы болып келетін тұтынудың өлшемін объективті түрде ескере
алатын шығындар мен еңбек нәтижелері өлшемінің айрықша механизмінің
объективті қажеттігі туады. Бұған ақша және оның туынды экономикалық
категорияларының, соның ішінде қаржының да көмегімен қол жетеді. Қаржы
тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды. Тек өндірілген тауарлар,
көрсетілген қызметтер, адам еңбегінің өнімдері айырбасталғанда, оларды
белгілі бір ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі
жасалады.
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын
көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана
емес,сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын
анықтауды да талап етеді. Қаржыға қатысты функция осы экономикалық
категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне
тән категориялары кескінінің айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда
категорияның қоғамдық арналымы қамтып көрсетіледі, оның экономикалық
табиғаты ашылады.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі
тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманын жақтаушылары қаржы
қоғамдық өндірістің екінші стадиясында – ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің
құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-
әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес
қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса
маңызды бөлігі – қлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін
бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді.қоғамдық өнімді
бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажыратылады.
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын
толтыру қоры шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн – ұлттық табысты
бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның және халықтың алғашқы
табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрднлі процестеріне
ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен
ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға
сияқты экономикалық категормялармен тығыз байланыста дамиды.Қайта бөлу
салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер
бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. Мұның
нәтижесінде натуралдық-заттық нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды
қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақша қаражаттарына деген
әр түрлі қажеттілітерді қанағаттандырылып отырады. Бұл орайда
қатысушылардың бәрінің табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады
және ұлттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші
жағдайда қаражаттар өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера
капиталынан, әлеуметтік инфрақұрылымының өндірістік емес қорларынан болатын
өндірістік қорлардың өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларды жасау үшін
пайдаланылады. Тұтыну қоры бүкіл халықтың оның ұдайы өндіріске арналған
түпкілікті табыстарын, әлеуметтік сфераның мекемелерін ұстауға, ғылымға,
мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған ресурстарды
құрайды.Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік функциясынан туындайды және
жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты тиісті ақша
қорлары бойынша бөлуге және оларды мақсатты жұмсауға ьақылау жасаудан
көрінеді. Егер қаржының мәні, табиғаты және мазмұны, бір жағынан, жиынтық
қоғамдық өнімнің, ең алдымен, таза табыстың Бір бөлігінің қозғалысымен, оны
бөлумен, ақша қорларын жасаумен және материалдық өндіріс процесінде
ұлғаймалы ұдайы өндіріске бағыттаумен және басқа жағынан, мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорларын жасаумен байланысты болса, қаржының
бақылау функциясы да тиісті түрде материалдық өндірістің бүкіл ұдайы
өндірістік процесіне де, сондай-ақ мемлекеттің ақша ресурстарының
орталықтандырылған қорын қалыптастыру және пайдалану процесіне де қызмет
етеді.қаржының екі функциясының диалектикалық бірлігі мен өзара
байланыстығы осында.
Бақылау функциясы қаржылық бақылауда – жалпы ішкі өнімді тиісті
қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналымы бойынша жұмсауға бақылау
жасауда көрінеді.Бақылау функциясы сандық түрде қаржы ресурстарының
қозғалысы арқылы жиынтық қоғамдық өнімді бөлумен және қайта бөлумен
байланысты болатын экономикалық процестерді бейнелейді. Сонымен бірге нақты
нысандағы қаржы ресурстарының қозғалыс жиынтық қоғамдық өнімді құндық бөлу
процесіне мемлекет тарапынан бақылау жасаудың негізгі болып табылады.
Мұндай бақылаусыз экономиканың теңгерімді дамуының қамтамасыз етілуі мүмкін
емес.
Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның,
фирманың шаруашылық-қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу. Бұл бақылау
материал, еңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі тиімсіз пайдалануды
анықтап қана қоймай, сонымен бірге кәсіпорындарда, фирмаларда өндіріс
рентабелділігін арттырудың резервтерін ашуға, өндірістік емес шығындарды
болдырмауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады:
Қаржылық-шаруашылық бақылау.Оны фирмалардың, кәсіпорындардың,
бірлестіктердің, министірліктер мен ведомсволардың қаржы органдары ақша
қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Ұдайы өндірістің бүкіл барысына: өнімді
шығару мен өткізудің ауқымына, өзіндік құн мен рентабелділікке, еңбекке ақы
төлеуге осылайша ықпал жасалады. Қаржылық бақылаудың бұл түрі өндіріс
тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған;
Қаржылық-бюджеттік бақылау. Ол кәсіпорындар табысының бір бөлігін
мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды
қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қаржы жүйесі белгіленген
төлемдердің бюджетке дер кезінде түсуін, сондай-ақ бюджет қаражаттары
бизнес-жоспардың немесе құрылыс қарқынының орындалуына қарай берілуін
бақылайды;
Кредиттік-банктік бақылау.ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелендіру
арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы кредит берудің
мерзімділігі, қайтарымдылығы, ақылығы қағидаттарынан көрінеді. Бақылаудың
бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептеудің жүйесі арқылы
жүргізіледі.[3]
1.2 Инфляция ұғымы, түрлері, теориялары
Инфляция – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар
рыноктарының көбінде тепе-теңдік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Яғни,
инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраныс арасындағы қалыптасқан
сәйкессіздік. Жеке тауар рыногында сұраным ұсынымнан артық болса, бұл
тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекеленген нарық сәйкессіздігі
инфляцияны қалыптастырмайды. Инфляция – бұл рыноктардың көбінде сұранымның
артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің ьұзылуына байланысты пайда болған
елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Ақша сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың
монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, нарық жағдаятына, сыртқы
экономикалық жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге
байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның көптеген себептерге қалыптастырады.
Бірақ бағаның кез-елген өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда келтірген
сеьептердің арасынан инфляцияны қалыптастыратындарын анықтап алу
қажет.Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі
диспропорцияларға байланысты болатынын еске ала отырып, оның негізгі
себептерін қарастырып көрелік. Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен
табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе-теңдіктің бұзылуы.
Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық
банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған
болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және инфляцияны
қалыптастыруыәбден болуы мүмкін. Екіншіден, егер инвестицияларды
қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни орталық банктің несие
беруімен жүргізілетін болса, түптен келгенде, бұл да инфляцияның себебіне
айналуы мүмкін. Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы
өсуін 20 ғасырда нарық құрылымының өзгеруімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық 19
ғасырдағы нарық түріне тіпті ұқсамайды. 19 ғасырдағы нарықта негізінен
өзара толық бәсекелі тауарлар сатылатын. Бұл тауарларды көптеген
өндірушілер өзара еркін бәсеке негізінде өндіріп сататын, салалық және
салааралық бәсеке жағдайы болған, капитал кедергісіз бір саладан екінші
салаға ауысатын еді. Қазіргі рынок – көбінде олигополия түрінде
қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар белгілі бір деңгейде нарық бағасына
ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма-олигополия бағаның
өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан
баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Бағаның төмендеуімен өз
рыногындағы жағдайды “бұзып алмау” мақсатында ірі фирмалар ұсыным
икемділігінің артуына кедергі жасауға тырысады.қалыптасқан өндіріс түріне
жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы
сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ уақыт
ұстап қалуға ұмтылады. Төртіншіден, ұлттық экономикалардың “ашыла” түсуіне,
тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысу қаупі артады.
“Импортталған инфляциямен” күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді.әрине,
ұлттық валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл
жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі
кемиді. Бесіншіден, “инфляцияны тосу” деген жағдайда байланысты инфляциялық
процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген
экономистердің пікірінше, “инфляцияны тосу” психологиясын жеңу
антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады.
Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс
кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп
мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде
инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды.
Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы
экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша оңды әсер
ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар мемлекеттің бірден-
бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді. Баяу инфляция саясаты
өндіріс пен нарық жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға
мүмкіндік береді.
Қарқынды инфляция – экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік
қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе
береді.Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан
жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны
айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді.
Гиперинфляцияда бағалардың өс қарқын соншалық, тіпті ақша шығаратын
фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша
көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.Инфляция теңгермелі түрде
болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда
бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент ставкасы да өседі. Нарықта тепе-
теңдік сақталады. Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке тауар топтарына
баға бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі.
Сонымен, тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра білген жөн.
Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы
мақсатпен “жоспарлайды”. Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез
өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады.
Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу
мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан нарықта
қалыптасқан жағдай бұзылады, сұраным мен баға бұрынғыдан да тез өсетін
болады. Сонымен бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындардың
“инфляциялық тосу психологиясын” туғызады. Егер тосын инфляция экономикасы
дамыған елде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты әсер етпейді.
Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан
қорықпайды: және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап
түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді: сондықтан олар бағаның түсуін
күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқарады. Нарықтық
сұранымның қысқаруы баға деңгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды,
олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.
30-шы жылдарға дейін батыс экономика ғылымында инфляция қолайсыз
құбылыс деп саналып келеді. Жағдай инфляцияны таңқаларлықтай болса да
жағымды фактор ретінде құрастыратын Кейнстік теорияның таралуынан кейін
ғана өзгерді. Мұндай көзқарас Д.Кейнстің екі түйінді қағидасына сүйенді:
біріншіден- мемлекеттік жанама тетіктер қаржы, несие, ақша тағы
басқаларының көмегімен нарықтық экономикаға кеңінен араласуының қажеттілігі
және екіншіден- мемлекеттік ықпал етудің басты өзегі төлем қабілетті
сұраным болу қажеттігіне деген сенім. Қосымша ақша эмиссиясының
жігерлендіруші міндетін пайдалану мүмкіндігі туралы ойлар осыдан келіп
шығады.
Кейнс бойынша айналымдағы ақша көлемінің өсуі еңбекке толық қамтылмау
жағдайында бағаның өсуіне емес, өндірісті және тауарлар ұсынымын
ынталандыруға жеткізуі тиіс. Ой-өрістің осындай барысы шындыққа бағаланды
да “бақыланатын инфляция” тұжырымдамасының негізіне жатқызылды. Бұл
көптеген батыс елдерінің экономикалық саясатының негізіне алынды да, бірақ-
та 60- жылдардың аяғында “бақыланатын инфляция” тұжырымдамасының негізіне
жатқызылды. Бұл көптеген батыс елдерінің экономикалық саясатының негізіне
алынды да,бірақта 60-жылдардың аяғында “бақыланатын инфляция”,
“шоқырақтайтын инфляцияға” өсті. Алайда, 60-70 жылдары нарықтың шаруашылық
механизмі монополистік ағымдардың күшті ықпалында болды. Осыдан да ақша
сұранымының тауарлар ұсынымынан асып кетуі ең алдыменен бағаның өсуін, яғни
ауқымды инфляцияның ашық формасын ынталандырды. Бұған ілешала жоғарыда
сипатталған “еңбекақы-бағалар” шиыршығы іске қосылды. Ал,70-жылдардың
ортасында бұған энергетикалық дағдарыс қосылды. Қуат көздеріне кететін
шығындардың шұғыл артуы “еңбекақы-бағалар” шиыршығының айналымын бұрынғыдан
да күшейтті жәе инфляцияны тұрақты, өздігінен ұдайы өсетін құбылысқа
айналдырды.
Батыста кейнсианшылдық ережелерінен түңілушілдік орнады да осы
түңілушілдік толқынында саясаткерлердің жаңа консервативтік ұрпағы билікке
келді. Олардың айтарлықтай өкілдері Р.Рейган мен М.Тэтчер болды. [2,3,4]
1.3 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптеген бері өмір сүріп келеді.
Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз
байланысты деп саналады.
Инфляция термині ақша айналысына қатысты 19 ғасырдың орта щенінде
пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары қағаз долларының қисапсыз
көп шығарылуымен байланысты болады. 19 ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия
мен Францияд қолданылады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы 20
ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы
кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-сыншы жылдары жазыла бастады.
Инфляияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігін
салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен толып кетуі.
Олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде –тауарлар мен қызметтер
көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі.
Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп
ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:
Айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
Қолайсыз төлем балансы;
Үкіметке сенімнің жоғарлауы.
Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең
өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.
Инфляцияның көріну нысандары:
Тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі, оның үстіне бірқалыпты емес
өсуі, мұның өзі ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу жарамдылығының
төмендеуіне ұрындырады;
Ұлттық ақша бірлігінің шетелдік ақша бірлігінде көрінетін алтынның
бағасының көтерілуі.
Бүгіндегі инфляция бағаның өсуі нәтижесіндегі ақшаның сатып алу
жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық
дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндіріс пен
өткізу сферасындағы әр түолі факторлар тудырған өндіріс процесінің қарама-
қайшылықтары себепші болады. Инфляцияның әуел бастағы себебі – ұлттық
шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным,
мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен
шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар. Инфляцияның ішкі
және сыртқы факторларын айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасындағы
ақшаға жатпайтын және ақшалай-монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға
жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық
дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі,
әлеуметтік-саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай
факторларға мемлекеттік қаржының дағдарысы – бюджет тапшылығы, мемлекеттік
борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай-ақ кредит жүйесінің кеңеюі, ақша
айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде кредит құралдарының өсуі және
басқалары жатады.
Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру
қажет, өйткені инфляция құбылысы мынадай қаржылық факторларға тәуелді болып
келеді:
Белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;
Инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы
қаржыландырудың ауқымы;
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;
Мемлекеттік берешектің көлемі.
Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар
факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді.
Бірінші фактор – мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлейалушылық
сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді.
Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы
бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен,
салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ
уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.
Екінші фактор – табысқа салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір
бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктегі бағаның
көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор – бюджеттің ұзақ уақытты тапшылықтары.
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады.
Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан
мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.
Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық
түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.
Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын
шиеленістіреді.
Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді(1-сызбаны
қараңыз).Қаржы инфляциялық процестердің процестердің тездеткіші бола алатын
сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді.ақшаның құнсыздануы және
бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің
шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне,
мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне
ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын
құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен
кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түседі, сондықтан
мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік
берешектің проблемасы шиеленіседі,өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет
өзінің бағалы қағаздардың табыстылығын несиелік пайыз деңгейінен жоғары
көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін
тудырады.қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағытты
келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі
келеңсіз нәтижелерге апарады. Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар
индексінің көрсеткіші пайдаланылады.Ағымдағы жылдың индексінің қарқыны
былайша анықталады. Ағымдағы жылдың бағалары индексінен өткен жылдың
бағалары индексі шегеріліп, өткен жылдың бағалары индексіне бөлінеді, сонан
соң жүзге көбейтіледі:
Инфляция қарқыны = І - І І *100
Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызметтер көрсетудің
тарифтері өткен жылға қарағанда былайша өсіп отырды(есе): 1990-1; 1992-2,5;
1993-30,6; 1994-22,7; 1995-1,60; 1996-1,39; 1997-1,17; 1998-1,07; 1999-
1,18; 2000-1,13.
Дүниекжүзілік практикада егер инфляцияның қарқыны жарты жыл ішінде
және одан көбірек жағдайда айына 50пайыз немесе аптасына 11,5 пайыз құрса,
онда мұндай деңгей әсіресе инфляцияға сәйкес келеді. Сөйтіп, Қазақстанда
бұл деңгей 1992-1995 жж. ішінде айтарлықтай асып түсті.
Практикада инфляцияның екі типін бөледі: сұраным инфляциясы және
шығындар инфляциясы .
Бірінші жағдайда ол заңды және жеке тұлғалардың ақша иассасының
өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтергесұранымның өсуінің
салдары болып табылады.
Екінші жағдайда кәсіпорындардың еңбекке ақы төлеуге, кредиттер бойынша
пайыздық мөлшермелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға
бағаның, қызметтер көрсетуге тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың
көбеюі инфляцияны тудырады.Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл
түрлері және оларға ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады, өзін өзара
толықтырады, бұл инфляциялық шиыршық деп аталынатынды тудырады, бұл кезде
өндірістің тұтынылатын компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі
нәтижесінде шығындардың көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырды,
мұндай өнімді тұтыну жалақының және эономиканың шектес секторларында
материалдық шығындардың қосымша өсуін талап етеді және осылайша шексіздікке
кете береді(2 сызбаны қараңыз). Инфляция сыртқы экономикалық қызмет
тарапынан арандатылуы мүмкін, бұл – импортталатын және экспортталатын
инфляция. Бірінші жағдайда ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және
импорттық бағалардың жоғарлауынан туады. Түскен шетелдік валютаны
коммерциялық банктер орталық банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада
баламалы сома алады; банк пассивтері артады, мұның өзі оларға несие
операцияларын және кредиттік экспанияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттыұ
валютада номиналданылған ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.
Экспортталатын инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық
бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы –елдерде, соның ішінде дамып келе
жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляцмялар халықаралық
коорпорациялардың – рыноктердгі үстемдік жағдайы пайдаланатын
монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық
операциялары олар болған елдерде несие капиталдың қосымша ұсынымын жасайды.
Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және коммерциялық
және орталық банктер арқылы банктер арқылы ұлттық ақша айналысқа
шығарылады.
Жалпы инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама
–қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның
өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен
тиімділігінен болады.
Инфляцияның көріну нысаны – ақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауарларға
және қызметтерге бағаның көтерілуінде тұлғаланатын оның сатып алуға
жарамдылығының тиісінше төмендеуі.
Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар
ауқымынан оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде.
Ақшаның жұмыс істеу негізі болып табылатын оның бұл қасиеті оған өзінің
арналымын – тауар, төлем айналымына қызмет көрсете отырып, тиімді
орындауға, қорланым мен құнды сақтаудың құралы болуға мүмкіндік береді.
Инфляцияға өндірістік сферада, халықтың көптеген жігінің материалдық
жағдайына, инвестициялық қызметке қауіпті әсер етеді. Инфляцияның
классикалық көзі – мемлекеттік бюджет тапшылығы Қазақстан үшін де сипатты.
Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол
шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің
құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы Қазаұстанның егемендігі жағдайында
да сақталып отыр: ол 1991 ж. бюджеттің шығыс бөлігінде 20,4%, 1992-8,6%,
1993-11,9%, 1994-10,2%, 1995-17,4%, 1996-17,4%, 1997-17,7%, 1998-18%, 1999-
14,3%, 2000-9,8%, 2001-6,4% құрады. 2002 жылы республикалық бюджеттің
тапшылығы 1,453 млрд теңгені ( ЖІӨ-ге 0,11%) құрады. Инфляцияның дамуына
инфляциялық нәтижені тудырған жаңа салықтарды – алғашқы мөлшерлемесі 28%
қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді, экспорттық және импорттық
кеден баждардың енгізу, өнімнің өзіндік құнына қосылатын қаражаттар
аударымдарын экономиканы жаңғырту қорына, халықты жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің мемлекеттік қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға
аударылатын аударымдарды бірден көбейту сияқты қаржыны және әлеуметтік
шараларды асығыс жүргізу мүмкіндігін туғызды.
Инфляцияның дамуының қосымша факторы пайдаланылатын кредиттер
бойынша пайыздарды жатқызудың тәртібі болып табылады; кредит үшін төлем
ақының өсуі жағдайында бұл өнімнің өзіндік құнының, оның ізін шала бағаның
да өсуіне соқтырады.
Айтылған факторлар өндіріс шығындардың - өндірушілер инфляциясын
арандатушы факторларға жатады.[3]

2.1 Ақша › тауар = инфляция
Сарапшылардың пайымдауынша, соңғы уақытта өнім өндіру мен тұтынудың
арасы алшақтап бара жатқаны байқалады. өткен жылы нақты еңбекақның мөлшері
13,9 пайызға өссе, қаржылық кіріс мөлшері де 13,2 пайызға артқан. Егер ішкі
жаопы өнімнің көлемі 9,4 пайызға өскендігін ескерсек, арадағы алшақтықтың
едәуір екенін байқау қиын емес. Сарапшалардың ойынша, тұрғын халықтың нақты
қаржылық кірісі тез қарқынмен өсе түсуде, бұған тауарлар мен қызмет
көрсетудің ілесетін түрі көрінбейді. Осыған орай, қазіргі кезде тауар-қаржы
қатынасының сәйкессіздігі орын алып отыр. Тауар ауқымы қаржыдан аз
болғандықтан да инфляция қысымы күшейе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz