Жер сілкінуінің себептері мен түрлері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
II. 1 ЖЕР СІЛКІНУІНІҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ
Жр сілкінуінің себептері туралы аңыздар дүние жүзі халықтары арасында көп тараған. Олардың ішінде бір-бірене ұқсастық та бар. Міселен, ертеде жер беті сілкінісі жер шарын көтеріп тұрған алып жануарлардың қозғалысына байланысты деп жорамалдаған. Индустар бұл жануарды піл деп шамаласа, жапондықтар - жайын, ал үшінші бір халық - өгіз деп есептеген.
Атақты “Фаустың” авторы, белгілі жаратылыстанушы Гете “Жер сілкінуі - таласуға болмайтын табиғи құбылыс” деп тұжырым жасаған.
Жер шарының ішкі құрылысы
Қазірге біз жердің терең қойнауы жөнінде өте аз білеміз. Шын мәнінде, ең тереңге кететін бұрғылау скважинасы 7 км шамасында. Жер радиусының 6371 км екнін еске алсақ бұл тайыз. Егер жер үлкен алмай деп көз алдымызға елестетсек, онда ең терең скважина дегеніміздің өзі бұл алманың қабығы ғана тесіп өткен.
Дегенмен жердің ішкі құрлысы туралы не білеміз? Ең алдымен, біздің білетініміз - жердің бірнеше қабаттардан тұратындығыү Бұл мағлұматтар түгелдей дерлік геофизикалық әдістердің, атап айтқанда, ауырлық күщі мөлшерінің, жердің электромагниттік өрісі мен сейсмикалық толқындарының таралу жылдамдықтарының заңдылықтарын зерттеудің нәтижесінде алынған. Мәселен, 1909 жылы Югославия ғалымы Андрей Мохоровичи жер сілкіну кезінде пайда болатын серпінді сейсмикалық толқындар жылдамдықтарының жер бетінен 30-35 км тереңдікте күрт өсетінін байқаған. Бұл табылған «шекара» кейіннен жер жүзінің басқа да аудандарында анықталып, ол Мохоровичи шегі деп аталды. Ал одан жоғары жатқан жер қыртысы деген атауға ие болды. Жер қыртысының қалындығы барлық жерде бірдей емес. Мұхиттар түбіндегі жер қыртысының қалыңдығы 5-10 км-ге, ашық жазықтықтарда бұл көрсеткішт 30-40км-ге, ал таулы алқаптар өңірінде 50-80 км-ге жетеді. Жер қыртысын құрайтын жыныстарда біркелкі емес: континенттер аймағында олар шартты түрде гранитті және базальтты қабаттард деп аталатын тау жыныстарынан құралса, мұхиттар астында тек қана базальтты қабаттан тұратыны белгілі болып отыр.
Мохоровичи шегінен жердің ядросына дейінгі, яғни 2900 километр тереңдікке дейінгі аралықты мантия қабаты алып жатыр. Ол орасан зор қысыммен сығылған (қысымы 4x10 5 барға, ал температурасы 1500-2000 градусқа жететін) әртүрлі силикаттардан тұратын қатты заттардан тұрады деп есептеледі. Мантия, жоғарғы (900 км тереңдікке дейін) және төменгі (900 км-ден 2900 км тереңдікке дейін) мантия деп аталатын екі қабатқа бөлінеді. Егер төменгі мантияның ішкі құрлысы мен оны құрайтын тау жыныстарының физикалық және химиялық қасиеттері біркелкі болса, жоғарғы мантия бұл көрсеткіштер әр деңгейде әр түрлі болуы мүмкін деген болжам бар.
1910 жылы белгілі ғалым - сейсмолог Бено Гутенберг жер бетінен 2900 км тереңдікте сейсмикалық қума толқындардың жылдамдылығы 13, 6 км/с-тен 8, 1 км\с-ке дейін күрт баяулайтының және осы тереңдіктен төмен қарай көлденең толқындардың өтпейтінін ашқан. Бұл ғылыми жаңалық жер бетінен 2900 км тереңдікте жер ядросы басталады, ал ол балқыған түрдегі темір сияқты металдардан тұрады деген болжамдар жасауға мүміншілік болды. Қазіргі ғылыми көзқарастарға сәйкес, жер ядросы мантия сияқты ішкі және сыртқы қабаттардан тұрады, ішкі ядро жер бетінен 510 км-дей тереңдіктен басталады, ал оның құрамы қатты ауыр металдан тұрады деген жорамал бар.
Міне, бүгінгі таңдағы ғылыми жетістіктерге сүйенсек, жердің ішкі құрлысының осындай ерекшелігі бар.
Былай қарағанда жер беті бізге мырғымас, еш уақытта қозғалмайтын, бірқалыпты тыныш тұратындай көрінеді. Ол шынында да солай ма? Егер біз жердің адамзат баласы пайда болғанынан бергі тарихына үңілсек, онда жер бетінің үнемі қозғалыста болғанына көзіміз жетеді. Осындай озғалыстардың біздерін жер шарының көптеген өңірлернен табуға болады. Мәселен, бір кезде түгелдей құрлық бойына салынған дүние жүзінің ең әлем қалаларының бірі Италияның Венеция қаласы қазір жартылай су астында тұр. Голландия жері түгелдей дерлік жылына бір миллиметрге ылықсиды. Егер мұхит суын бөгеп тұрған көптеген кемелер жүйесі болмаса, оның көп жері су астында қалған болар еді. Ал, Скандинавия болса ше? Ол соңғы мұз дәуірінен кейін уақыт ішінде шамамен жылына бір сантиметр жоғары көтерілуде.
Айтылған жәйттер кейіннен мыңдаған жылдардың ішінде ғана болған оқиғалар. Ал, егер біз жер шарының геологиялық тарихына үңілсек, ол пайда болған 4, 5 миллиард жыл ішінде талай ұлы өзгерістердің болғаны мәлім. Қазір бастарын бұлт жапқан заңғар таулар тұрған аймақтардың бір кезде мұхит суы басып жатқан. Ал, Кавказ, Орал, Альпі, Гималай сияқты тау тізбектері мұан 25-30 миллион жылдар бұрын ғана пайда болған. Әрине, адам өмірімен салыстырғанда бұл өте ұзақ уақыт, ал жалпы жер тарихымен салыстырсақ, оның бұл қасқағым сәті, яғни жер тарихының 1/150 бөлігі, тіпті кеше ғана болған оқиғасы сияқты.
Келтірілген деректер мызғымастай жер-анамыздың үнемі қозғалыста болатының дәлелдейді. Бұл қозғалыстар кейде өте тез (геологиялық уақытпен есептегенде) немесе баяу, ұзақ уақыт ішінде немесе тез арада, аз ғана жерді немесе үлкен аймақты қамтиды. Осындай қозғалыстардың салдарынан жердіңбір бөлігі көтеріліп, екінші бөлігі керісінше төмен лықсып, жер бетіне жақын жатқан тау жыныстарының қабаттары орасан зор қысымға ұшырайды.
Жер бетінің 70 пайызын мұхит, ал 30 пайызын құрлық алып жатқандығы белгілі. Құрлықтағы жер бедеріне көз салсақ, олар алап жазықтар мен заңғар таулардан тұратындығын көреміз. Мұхит түбі де құрлықтың беті сияқты, бір жер жазық болса, екіншісі төбешікті, тіпті биік-биік таулы жоталы болып келеді. Соңғы зерттеу нәтижелеріне сәйкес, дүние жүзіндегі ірі тау жотасы мұхит астында екені анықталды. Мұхит түбіндегі тағы бір таң қаларлық жайт - мұхиттық шұңғыма. Тереңдігі 10 км-ше жететін бұл шұңғымалар Тынық мұхитты түгел дерлік қоршап жатыр.
Соңғы жылдары ғылыми зеттеулердің нәтижесінде, жер бетінен 150-200 км тереңдікте тұтқырлығы өте төмен иілгіш қабат бар екені анықталды. Астеносфера деп аталатын бұл қабаттың кейбір жерлерде тіпті қоймалжың сұйық күйінде болуыда мүмкін. Қандай да зат болмасын балқығанда оның тығыздығы төмендеп, тұрақтылығы азаяды және көлемі өседі. Міне, осының әсерінен жоғары қатты қабаттар төмен шөгіп, төменгі қоймалжың қабаттар жоғары шығуға тырысалы да астеносферадан жер бетіне дейін қалыңдығы 150-200 км болатын қабат (литосфера) қозғалысқа келеді.
Литосфералық плиталар қозғалысы
Сонымен конвекциялық ағындарының әсерінен қалындығы 100-200 км жердің жоғарғы қабаты қозғалысқа келеді дедік. Ал, сонда ол қандай бағыта қозғалады: тік бағытта ма, әлде жазық бағытта ма? Бұл туралы қазіргі кезде ғалымдардың пікірі екіге бөлінеді.
Белгілі геолог В. В. Белоусов бастаған бір топ бұрыңғы Кеңес Одағы ғылымдарының ойынша литосфера қабаты негізінен тік бағытта ғана қозғалады. Деп есептелінеді. Бұл пікір бойынша жердің төменгі қойнауынан көтерілген өте қызған массалар мен радиоактивті элементтерінің ыдырауының арқасында пайда болған жылу әсерінен, астеносфера қабатының кейбір жерлері балқып, тығыздығы азаяды да, жоғары көтеріледі. Ал, оның үстінде жатқан литосфера қабатының тығыздығы астеносфераның тығыздығынан жоғары болғандықтан ол төмен түсуге тырысады. Бұл жердің тік қозғалуына әкеліп соғады. Жер бетінің бір бөлігі төмендеп, екінші бөлігі жоғарыға көтеріледі. Таулар мен ойпаттар, міне, осылай пайда болды. Мыңдаған, миллиондаған жылдардан кейін жоғары көтерілген массалардың сууымен бірге литосфера қозғалысы да бәсеңсіп тағы бір мыңдағанғ миллиондаған жылдардан кейін біржолата тоқтайды. Мұндай процесстер қазіргі кейбір тау тізбектері аймақтарында қарқынды түрде жүріп жатса, басқа бір аймақтарда жаңа басталып келеді. Бұған мысал ретінде Жерорта, Беринг, Жапон теңіздерін келтіруге болады.
Литосфералық плиталар бірін-бірі бойлай жылжитын жағдайлар болады. Мұндайда плиталардың жиектері тегіс болмағындықтан, олардың жылжуы да бірқалыпты болмайды, күдірмелі-үзікті болады. Плиталардың бір-біріне ілініп жылжуы бұл аймақта белгілі бір мөлшерде энергияның жиылып-босауына, сөйтіп кезекті әрекет сайын жер асты дүмпуінің болуына әкеліп соғады. Жапония, Иран, Туркия, Орта Азия мемлекеттері, Сицилия, Грекия - бұл мемлекеттер литосфералық шекарасына жақын орналасқан (Жапония - Тынық мұхит пен Евразия плиталарының, Иран мен Туркия - Үндістан мен Евразия плиталарының, Сицилия мен Греция - Африка мен Евразия плиталарының шекарасында орналасқан. ) Сондықтан да зілзала апаттары туралы газет - журналдар мен радио-теледидар хахарларынан осы мемлекеттердің атын жиі естиміз.
Жер сілкінудің түрлері
Жоғарыда литосфера плиталарының қозғалысына ұзағырақ тоқталдық. Өйткені, күшті және жойқын сілкіністер осы плиталардың өзара қозғалысына тікелей байланысты. Ал, бұл қозғалыстар тік немесе көлденең бағыттарда бола ма, мұны екі теория өздерінше дәлелдеп, олардың арасындағы бітімсіз қызу айтыс әліде тоқталар емес. Оның қайсының шындыққа жақын екенін болашақ қана көрсетеді. Қалай дегенмен де жер бетінің сілкінісі, негізінен, ішкі тектоникалық күштердің әсерінен болатыны айдан анық. Осы ішкі күштердің әсерінен жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының қатпарлары белгілі біршекке дейін ғана майысады. Онан әрі қарай қатпарлар шытынап жарылып, жер қойнауында алдымен жарықшақтар, сонан кейін негізгі жарылым пайда болады. Осы жарылым бойымен блоктар өзара ығысып, талай жылдар аралығында жиналған энергия бір сәтте бөлінеді де, жер беті тербеліске келеді, . Мұндай сілкіністер тектоникалық жер сілкінулер деп аталады.
Мысал келтірелік, темір сызғыштың бір шетін жоғары, екіншісін төмен қарай жайлап тартайық. Алдымен сызғыш белгілі бір шекке дейін майысып онан кейін морт сынады. Темір сызғыштың сынуымен тау жыныстары құрайтын блоктардың жарылуы әртүрлі болғанымен, сызғыштың сынған екі бөлігінің біршама уақыт дірілін жер беті сілкінісіне шамамен теңеуге болады.
Сонымен, тектоникалық жер сілкіністері мен жер қойнауындағы жарылымдар арасында тікелей байланыс барына көзіміз жеткен сияқты.
Жер қойнауында кездесетін жарылымдардың бәрі бірдей қауіпті ме? Әрине, жоқ. Олай болған жадайда, жер бетінде сілкінбейтін орын болмас еді ғой. Сейсмикалық қауіпті жарылымдар қатарына боймен жылжитын блоктардың қозғалысы шамасы жоғары болатын, яғни сейсмогендік жарылымдар ғана кіреді. Сондықтан да жер беті жарық тарелка сияқты жарылымдардың жинағы болғанымен, жер сілкіністері белгілі аймақтарда ғана болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz