Несиенің түрлері және қызметтері



Кіріспе
1. Несиенің мәні мен мазмұны
1.1 Несиенің мәні және қажетілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Несиенің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Нарықтық экономикада несиенің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2. Несиенің түрлері және қызметтері
2.1 Несиенің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Несиенің функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.3 Қарыз пайызының экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
3. Несиелік ресурстар және олардың қалыптасу көздері ... ... ... ... ... .25
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оньң әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар-ақша катынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.
¥дайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы - алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ - кредитор өндірістік процестің сыртында калады. Демеқ несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субъектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондыктан несиенің мәнін ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
1. Ақша, несие, банктер. Алматы. 2001ж.
2. Мамыров Н. Микроэкономика. Алматы. 2004ж.
3. Жүнісов Б. Нарықтық экономика негіздері.- Алматы,1999ж.
4. Назарбаев Н. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы.- Алматы,1999ж.
5. Шеденов Ө. Жалпы экономикалық теория.- Алматы,2003ж.
6. Серкебаев Б. Қазақстан несие жүйесіндегі мәселелер // Қаржы-Қаражат.-1999.-№6
7. Рустемов К. Ақша реформасы уақыт сыны.//Қаржы-Қаражат.-2000.-№1
8.Әлімов Қ. Салық халық несибесі // Қаржы-Қаражат.-2001.-№5
9.Мамыров М. Государство и бизнес.-Алматы,2002
10. Байдүйсенов А. Жауапсыздық жарға жығады // Қаржы-Қаражат.-2000.-№5

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Несиенің мәні мен мазмұны
1.1 Несиенің мәні және
қажетілігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Несиенің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 9
1.3 Нарықтық экономикада несиенің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2. Несиенің түрлері және қызметтері
2.1 Несиенің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .17
2.2 Несиенің
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..21
2.3 Қарыз пайызының экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3. Несиелік ресурстар және олардың қалыптасу көздері ... ... ... ... ... .25
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола
отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі
материалдық игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы
ретінде, оньң әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты
- өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар-ақша
катынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар
болуымен қамтамасыз етіледі.
¥дайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы
несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте
несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың
тек бірінші жағы - алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз
алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ - кредитор өндірістік процестің
сыртында калады. Демеқ несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субъектілері
арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондыктан несиенің мәнін
ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
Несие құннының белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын
қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды,
өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс
процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге
бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің козғалысының келесі сатылары береді.
Осы мағынада несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның
сыртындағы қатынастар болып табылады.
Осылайша, өндіріс сферасының айқындаушы мағынасы оны несиелік
қатынастардың түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек
соңғысының мағынасын толық бере алмайды. Айырбаспен өзара әрекет
процесінде өндірістің белгілі бір мағынасы бар. Өндірілген өнім мен оның
бөліктері индивидуумдардың қолдарына тиместен бұрын айырбасты
бастауға болмайды. Сондықтан айырбас өндіріске кіретін акт, өндірісте
тікелей бар болады немесе онымен анықталады.
Өз кезегінде, үлестіру және айырбас біртұтас алғанда өндіріспен
және бір-бірімен өзара әрекетте болады; өндіріс осы бөліктермен анықтала
алады. Мысалы, нарық ұлғайған кезде, яғни айырбас сферасы,
өндіріс көлемі өседі және оның дифференциациясы тереңдей түседі.
Үлестірудің өзгерісімен өндіріс те өзгереді, мысалы капиталдың
шоғырлануымен, қала мен ауыл арасындағы әр түрлі үлестірумен т.б.
Несие үлестіруімен байланысты, бірақ ол үлестіру қатынасын білдіреді.
Үлестіруге екі маңызды жағдай тәи: 1 -үлестіру
пропорцияны белгілейді, онда әрбір индивидуум өндірілген өнімге
қатысады; 2 - ол қоғамнан келіп шығатын көз ретінде анықталады,
Айырбастың үлестіруден айырмашылығы, біріншіден, ол индивидуумға
үлестіру кезінде алған бөлігін айырбастағысы келетін белгілі бір өнімдерге
қол жеткізеді, екіншіден, айырбас жекелеген қажеттіліктерге сәйкес бөлініп
қойғанды қайта бөледі, сонымен бірге индивидуумнан шығатын кез ретінде
аңықталады. Үлестіру фазалары және айырбас арасындағы айтылған
айырмашылықтар ұдайы өндіріс қатысушылары арасындағы айырбас процесінде
қалыптасатын қатынастарды негіз деп есептеуге мүмкіндік береді.
Қурстық жұмыстың мақсаты, несиенің мәні, түрлерін және қызметтерін
анықтап көрсету.
Курстық жұмыс үш үлкен тараудан, бірінші тарауда, несиенің мәні мен
қажеттілігі, құрылымы көрсетіледі. Екінші тарауда, несиенің түрлері мен
қызметтері анықталады, үшінші тарауда несиелік ресурстар мен олардың
қалыптасу көздері қаралады. Және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

1. Несиенің мәні мен мазмұны.
1.1 Несиенің мәні және қажеттілігі.
Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде
көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек.
Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше
сипаттамайды; оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік
байланыстар немесе жүзеге асу формасы - қарыз мәмілесі болып табылатын
өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының
әр түрлі сатыларына тән. Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер
жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.
Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің
формалды ұқсастығы олардың бір атауымен - несие - бекітіледі,
бірақ әр түрлі дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай
отырып әр түрлі мәнге, мазмұнға, табиғатқа ие.
Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де
ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез келген халық шаруашылығы
жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір
шаруашылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретінде алдыңғы
шаруашылық жүйесіндегі несиені жеңуші және жоққа шығарушы болып табылады.
Несие мәміле типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн қозғалысының
әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан
бері дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі,
тауарлы өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар
шаруашылығы шеңберінде диалектикалық дамушы қүбылыс ретінде де қарастырылуы
қажет. Тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларының несиелік қатынастарының
өзара айырмашылығы, қолдан-қолға өтуі қарыз келісімі арқылы жүзеге асатын
әр түрлі объектілердің айырмашылыгынан көрінеді.
Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді. Бақыланылатын халық
шаруашылығы құбылыстарының барлық жиынтығының ішінен бәрінен бұрын қоғамдық
өмірде несие деп аталатьндары іріктелініп алынады; сонан соң бұл кұбылыстар
талданады, төмендегідей белгілерге бөлінеді: біріншіден, олардың барлығына
тән белгілері; екіншіден, бұл белгілердің ішінен тек осы іріктелініп
алынған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады. Несие деп аталатын
әлеуметтік байланыстар: әр түрлі тарихи кезеңдерде, тауар шаруашылығының
алғаш пайда болуы кезінде, дамыған нарықтық шаруашылық дәуірінде де бар
болды.
Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруға болады:
біріншіден, оның техникалық-заңдылық белгілері көзқарасынан, екіншіден,
әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе
онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын бел-
гілер тұрғысынан. Бұл екеуі бір-бірінен бөлінгісіз, олар өзара байланысты
және себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маныздысы карыз мәмілесінің
экономикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың белгілі бір
формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері
емес, өндірістік қатынастырдың өзі болып табылады.
Бұл жағдайды былайша түсіндіруге болады. Мысалы, машина өндірісін таза
техникалық тұрғыда машина өндірісінің макроэкономикалық орта параметріне
анағұрлым бейімделуі оның жұмыс және таза техникалық тиімділігі
тұрғысынан қарастыруға болады; сонымен қатар, сол машина өндірісін
оның әлеуметтік жағынан да қарастыруын, яғни машина өндірісі
негізінде пайда болатын және дамитын өндірістік байланыстардьң
формалары мен типтері тұрғысынан, бұл бір жағынан, оларға себепші, ал
екінші жағынан, олар оны анықтайды. Бірінші жағдайда - біз машина
өндірісін техникалық-экономикалык категория, ал екінші жағдайда -
экономикалық категория ретінде қарастырамыз.
Несиеге қатысты осыны айтуға болады. Несиені оның техникалық-
заңдылық белгілері жағынан тауарлар айналысы процесін жүзеге асыратын
мәміленің белгілі бір типі ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие
олардың алдында техникалық немесе құкықтық категория ретінде танылады.
Несиені құбылыстардың экономикалык мазмұны ретіндегі көзқарас
тұрғысынан қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың
алдында экономикалық ғылым категориясы ретінде қабылданады.
Несие теориясы оны техникалык-заңдылық категория ретінде емес,
қоғамдық-экономикалық категория ретінде қарастырады. Несиені оның формалды-
заңдылық белгілері жағынан оқып-білудің несиелік мәмілені тек меншіктің
қозғалысы әдісінің және оны иеленудің ерекше түрі ретінде түсіну үшін
маңызы бар. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде несиелік
мәміленің ерекше техникалық-заңдылық белгілерімен сипаттала алмайды.
Осылайша, несие-өндірістік қатынастарды білдіретін экономикалық
категория. Несие экономикальқ категория ғанаі емес, сонымен қатар тарихи
категория екенін атап өту керек. Ол өндірістік күштердің тек белгілі бір
дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар - жалпы тарихи
категориялар. Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуына табиғи
негіз, тауар шаруашылығы болып табылады.
Тауардың пайда болуы екі жағдайда қатар жүреді.
Біріншіден, тауар тек натуралды формасы және кұны бар болған
жағдайда ғана тауар бола алады. Тұтыну құндары өзінің екі жақты
сипатына байланысты тауар бола алады. Біріншіден, олар бір
мезгілде тұтыну заты болады және олардың құны болды; екіншіден, қандай да
бір заттар бір-біріне тауар ретіндегі қатынаста болуы үшін оларды
өндірушілер өздеріне де ортақ ерікті әрекеті, өз меншігіндегі
тауарды иелігінен шығара отырып, басқа тауарды өзіне иеленуге
ықыласы бар меншік иелері ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрулары қажет.
Тауардың бір тауар иесінен басқаға ауысуы нарықта айырбас
арқылы жүзеге асады. Тауар айырбасы сферасының несие үшін маңызы
зор. Оның пайда болуын ішкі тұтыну үшін өндірілген өнімдер
сферасынан емес, тауар иелері, экономикалық қатынасқа түсуге дайын
меншік иелері дербес заңды тұлға ретінде бір-біріне қарама-қарсы
тұрған айырбас сферасынан іздеу қажет.
Қолдан-қолға тауарлардьң қозғалысы ретінде тауарлар айырбасы,
қызметтер айырбасы несие жайындағы қатынастың пайда болуына негіз
болып табылады. Осыған байланысты бір маманның мынандай
пікірін атап өту артық болмайды: "бірте-бірте айырбас саудаға
айналды; саудамен арнайы айналысатын адамдардың жаңа тобы -
көпестер пайда болды; жылдың белгілі бір уақытында көпестер мен сатып
алушылар кездесетін ерекше орындар пайда болды, жәрмеңкелер, яғни уақытша
нарықтар кұрылды. Көпестермен, жәрмеңкелермен, жалпы саудамен бірге алғашқы
несие пайда болды. Ірі сауда жүргізетін адам үшін алған
тауарлардың төлем мерзімімен сатып алу төлемінің мерзімі
сәйкес келмеген жағдайлар болады. Егер саудагер тауарын сатудан бұрын оны
сатып алуға тиіс болса, онда осы уақыт ішінде несие алуға деген қажеттілік,
яғни бұл адамға қарыз беру мүмкіндігіне деген сенім пайда болады.
Несие қарыз мәмілесі ретінде ежелгі әлемде де, орта ғасырлық
қолөнер, крепоснойлық шаруашылықта да және дамыған тауар
шаруашылығында кездеседі. Барлық кезде біз анағұрлым жетілген, бір қарыз
мәмілесіне кездесіп отырдьқ бірақ осы мәмілелер негізінде ұлғайып отыратын,
құқықтық хатталуы осы мәмілелер болып табылатын өндірістік қатынастардың әр
түрлі шаруашылық жүйелерінде бір-бірінен өте қатты айырмашылықтары болады.
Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның
негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік
байланыстарының белгілі бір типі. Сондықтан несие экономикалық категория
ретінде тек өндірістік қатынастар шеңберінде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл
несиені экономикалық мазмұны, көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты.
Несие әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік
қатынастар тобына жатады.
"Өндірістік қатынастар өз жиынтығында қоғамдық қатынастар, қоғам деп
аталатындарды кұрайды және сонымен бірге тарихи дамудың белгілі бір
сатысында тұрған, өзіне тән ерекше сипаты бар қоғамды құрайды" .
Қоғамның негізгі өндірістік байланыстарына сүйенген несиелік
қатынастар жекелеген тұлғалар мен кәсіпорындар, кәсіпорындар мен мемлекет,
мемлекет пен тұрғындар, адамдардың әлеуметтік топтарының арасындағы
тауарлар айналысы сферасында пайда болады.
Айналыс сферасы немесе тауарлар айналысы өндірістік қатынастармен
анықталады. Осылайша, белгілі бір өндіріс, белгілі бір тұтынуға,
үлестіруге, айырбасқа және осы әр түрлі жағдайлардың бір-біріне белгілі бір
қатынасына себепші болады. Өндіріс жағдайындағы айырбас құнның немесе
меншіктің бір иесінен басқаға ауысуы тірізді әр түрлі тәсілдермен жүзеге
асырылады. Мұндай тәсілдердің бірі қарыз деп аталатын тауар айналысының бір
формасы болған мәміле типі болып табылады. Тауар айналысының мұндай формасы
өндірістің ерекше шарттарымен анықталады, осы себептен тауарлардың иеліктен
шығарылуы уақыт бойыншэ олардың бағасының өткізілуінен бөлініп қалады. Бұл
шарттар мынаған байланысты: тауарлардың бір типі өз өндірісіне көп уақытты,
ал басқа түрі анағұрлым аз уақытты талап етеді. Әр түрлІ тауарлардың
өндІрісі жылдың әр түрлі мерзімімен байланысты. Бір тауар
өз нарығында пайда болса, басқасы алыс нарыққа сапар шегуі қажет.
Сондықтан, әлде бір тауар иеленуші келесі бір сатып алушыдан бұрын сатушы
ретінде көрінуі мүмкін. Бірдей мәмілелердің бір тұлғалардың
арасында жиі қайталануы кезінде тауарларды сату шарттары
олардың өндіріс шарттарымен реттеледі. Екінші жағынан, тауарлардьң
белгілі бір түрін пайдалану, мысалы үйді, белгілі бір уақыт
аралығына сатады. Бұл жағдайда сатып алушы тек мерзімі өткеннен кейін
ғана шын мәнінде тауардың тұтыну құнын алады. Сондықтанда ол
тауарды төлемі төлегеннен бұрын алады.
Ақшаның қажеттілігін қамтамасыз ететін себептер, несие қажетгілігінің
де себептері болып табылады. Жай тауар шаруашылығы
жағдайында тауар айналысының формасы ретіндегі қарыз мәмілесі
қажеттілік пен өндіріс шарттарынан туындайды. Алайда өндіріс шарттары
несиенің қажеттілігін толығымен ашпайды. Тауар айналысының ішкі мазмұны
ретіндегі құн қозғалысы несиенің, қажеттілігі туралы түсінікті
тереңдетеді. Айырбас шаруашылығы жағдайында құн қозғалысы капиталдардың
шеңбер айналымында және өндірістік айналымында нақтылы түрде көрінеді
және ол несиелік қатынастар пайда болатын, дамитын нақтылы
экономикалық негіз болып табылады. Артынан несиелік қатынас өзінің
табиғаты бойынша құндық болады.
Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету
қажеттілігінен келіп шығады. Несие берілген сайын ол шаруашылық
субъектілерінің өндірістік капиталы ақшалай (негізгі және айнальм),
өндірістік және тауарлық формаларда бола алатыны бәрімізге мәлім. Бұл кезде
олардың міндеті әр түрлі. Шеңбер айналымының бірінші сатысында
ақшалай қаражаттардың өндірістік құралдарында айналуы жүреді:
ақшалай қаражатгарға өндіріс құралдары сатып алынады. Өндіріс
процесінің екінші сатысында ақшалай қаражаттардың тауарға айналуы жүреді,
өндірістік форма тауарлық формаға ауысады, өндіріс құралдары құнына
жаңадан жасалған құн косылады. Соңында, үшінші сатыда тауар
өткізіледі және қайтадан ақшаға айналады.

1.2 Несиенің құрылымы.
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік
қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты,
өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу
объектісі ретінде, бәрінен бұрын оның, субъектілері болып
табылатын элементтерден тұрады. Несиелік мәміледе қатынас
субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз
алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде
жүреді.
Сатып алу-сату процесінде тауарларды өткізу сатушының олардың ақшалай
эквивалентін әр уақытта тез арада алуына мүмкіндік бермейді. Сатып алушы
тауарды белгілі бір мерзімнен кейін төлеуі мумкін. Бір тауар иеленуші колма-
қол тауарды сатады, ал басқасы ақшаның өкілі немесе болашақтағы ақшаның
өкілі ретінде бола отырып тауарды сатып алады. Сатушы - қарыз беруші, ал
сатып алушы -борышқор болады. Кредитор және қарыз алушы бір полюсте
эквивалент мерзімінің ұзартылуы, ал басқасында оның төленуі жүзеге асатын
жағдайлардың барлығына катысады.
Бастапқыда кредитор және қарыз алушы қарапайым қатынастарда болды.
Мүліктік теңсіздіктің тереңдеуіне байланысты артық өнімдері бар рулық
қауымдастық мүшелері кредитор ретінде көріне алатын болды. Алғашқы
өсімқорлар металл ақшадан бұрын пайда болған. Өсімқор - саудагер, көпес
тәрізді ежелгі кәсіп. Қазіргі уақыттағы банкир болудан бұрын, ол өте үлкен
тарихи жолдан өтті. Кредитор ретінде храмдар, қоғамдағы шаруашылық
жүргізуші субъектілерінің едәуір байлықтарын жинақтайтын шаруашылық
пен тұтыну мақсаттарына қызмет көрсететін өзгеше банкирлік үйлер
болды.
Кредитор - несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру
үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек.
Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарылымдылық
негізінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субъектілерінен алынған
ресурстар бола алады. Қазіргі уақыттағы шаруашылықта кредитор-
банк қарызды тек өз меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес, оның
шоттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция
және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебінен де
бере алады.
Банктердің құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүреді.
Банкирлер басқа барлық кредиторлардың өкілі болады. Банктер ұжымдық
кредиторлар ретінде бола отырып несиелеу үшін шаруашылықта
уақытша пайдаланылмайтын ресурстарды жинақтай алады, сонымен қатар
эмиссия жасай алады. Кейбір жағдайларда босаған ресурстар болып табылатын
құндылықтар да қарызға беріледі. Коммерциялық несиелеу кезінде кредитор
сатылуға жататын тауарларды қарыз алушыға береді.

Тауардың жіберілу факті, алайда, жүк жіберушіні кредитор етпейді.
Тауарды жөнелту мен сатудан түсетін түсімінің арасындағы уақыт бойынша
үзіліс кредитордың пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл үшін тауарды
қоюшы эквиваленті төленуінің кейінге қалдырылуына рұқсат берілуі керек.
Мына жағдайды ескерте кетейік: кредиторды сатып алу-сату
тауарды жіберу мен оны төлеу арасындағы уақыт бойынша үзіліс факты
тудырмайды, оны төлемнің кейінге қалдырылуын белгілейтін, төлемді тез
арада емес белгілі бір уақыт өткеннен кейін шешетін қосымша келісім
тудырады.
Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс
беруші тұлға болады. Қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз
алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің
еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп
соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімімен
анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің барысына
байланысты.
Қарыз алушы - несиелік қатынастьң, несиені алушы және алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы - бір-
біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес. Борыш - міндетті жалпы
сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы
емес, қарыз алушы туралы айту керек. Тарихи жағынан қосымша ресурстарға
деген қажеттілік танытатын жекелеген тұлғалар болды. Бастапқыда олар өзі
еңбектерімен күн көруші ұсақ шаруалар, қолөнершілер болған
еді. Өсімқорлық несиенің бар болуының басқа формасы - ақсүйектердің
көбінесе жер иелеріне ақшалай қарызды беруі. Банктердің кұрылуымен қарыз
берушілердің шоғырлануы жүреді.
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің
өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан
айырмашылығы ол несиелік мәміледе төмендегідей ерекшеліктерге ие.
Біріншіден, ол қарызға берілетін қаражаттардың меншІк иесі болып
табылмайды, олардың уақытша иесі ретінде болады; өзіне тиісті емес, бөтен
біреудің ресурстарымен жұмыс істейді. Екіншіден, қарыз алушы қарызға
алынған каражаттарды айналыс сферасында да, өндіріс сферасында
да пайдаланады. Кредитор өндіріске тікелей қатыспай-ақ айырбас фазасы
кезінде де қарызды ұсына алады.
Үшіншіден, қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған
қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткілікті
түрде есеп айырысумен коса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайы өндіріс
процесін өркендете түсу керек. Төртіншіде, қарыз алушы уақытша пайдалануға
алынған кұнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар қарыз пайызын да төлейді.
Бесіншіден, қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын орындауға
тәуелді болады. Қарыз алушының кредитордан экономикалық тәуелді болуы
қарызға алынған қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз
міндеттемелерін орындауға мәжбүр етеді.
Кредитор және қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, өз мақсаттары
мен мүдделерінің бірлігін көрсетеді, Несиелік қатынастар шеңберінде
кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкін: кредитор карыз
алушыға, қарыз алушы кредиторға айналады.
Кредитор мен қарыз алушының өзара әрекеті қарама-қарсылықтардың
бірлігі сипатында болады. Несиелік катынастың қатысушылары ретінде кредитор
және қарыз алушы оның қарама-қарсы жағында тұрады, Кредитор - қарызды
беруші жақ, қарыз алушы - берілген қарызды алушы жақ; бүтіннің шеңберінде
олардың әрқайсысының өздерінің ұдайы өндірістегі ерекше жағдайларына
байланысты өз мүдделері болады. Кредитор анағұрлым жоғары қарыз
пайызына мүдделі болса, қарыз алушы - анағұрлым арзан несиеге мүдделі.
Сондай-ак, несиелік қатынастар кұрылымының элементі, яғни
кредитордан қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредиторға
қарай кері қозғалаыні объекті болып табылады. Беру объектісіне қарызды
құн жатады. Ол кұнның ерекше бөлігі ретінде болады.
Несиелік қатынас ішіндегі құн ерекше қосымша тұтыну кұнына ие.
Шынында, ақшаға немесе тауарға тән тұтыну құнынан басқа құн
кредитор мен қарыз алушы арасында қозғалыс жасай отырып, ұдайы
өндіріс процесін жылдамдатудың ерекше қасиетін алады.

Қарызға берілген құнньң өте маңызды жағы - оны авансылану сипаты.
Несие, қағида бойынша, құнның құрылуына мүмкіндік туғызып, қарыз алушының
иелігіне түсу керек. Осы мағынада несие қарыз алушының шаруашылығында
қарызға алынған құнның жұмыс істеуі кезеңінде оның жасалуы тиіс табыстарды
болжап біледі. Іс жүзінде қарыз алушы кредиторға несие беру жөнінде өтініш
жасағанда; сол сәтте қолында еркін ақшалай қаражаттың болмауынан ғана емес,
сонымен қатар ол табыс алуға мүдделі екендігі және сол табысты алдағы
төлемдер үшін пайдалану мүмкіндігін ескереді. Сонымен бірге қаражаттарды
авансылаудың кез-келгені несие болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Толық құнды, толық құнсыз қағаз несиенің мәні мен қызметтері
Коммерциялық банктердің операциялары
Несиенің қызметтері
Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі
Қазақстанның несие жүйесі және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы рөлі
Қан - қарызға алушының несиені алуы
Капиталдың шоғарлануын жеделдету
Несие
Банктік несиелеу
Банктік қызметтің классификациясы
Пәндер