Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама


Мазмұны.

Кіріспе.

І тарау. Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама.
1.1. Насикомдарға жалпы сипаттама.
1.2. Насикомдардыңдаму кезеңі.
1.3. Сыртқы құрылысы.
1.4. Ішкі құрылысы.

ІІ тарау. Бүргелер отряды.
2.1. Бүргелерге жалпы сипаттама.
2.2. Сыртқы құрылысы.
2.3. Ішкі құрылысы.
КІРІСПЕ
Табиғат байлықтарының бірі - жануарлар әлемі, ал жануарларды зерттейтін ғылым - зоология. 3оология қарқынды дамып келе жатқан және биологияның негізін қалайтын ғылым, себебі жануарлар биологиялық ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті объектісі болып келеді.
Жануарлар дүниесін, олардың құрылымы және даму ерекшеліктеріне, әр түрлі зерттеу әдістеріне қарай үлкен екі топқа - омыртқалылар мен омыртқасыздарға бөлу ертеден қалыптасқан. Омыртқалылар зоологиясын - хордалылар зоологиясы деп те атайды. Бұл пән жануарлар әлеміндегі 23 типтің ішіндегі бір ғана типін - хордалыларды (Chordata) қарастырады. Ал, қалған 22 типті қамтитын - омыртқасыздар зоологиясы. Осы 22 типтердің ортақ біркелкі құрылысы болмағандықтан омыртқасыздар зоологиясының өзіндік қиындықтары да аз емес.
Органикалық дүниені ұзақ жылдар бойы жануарлар мен өсімдіктер әлеміне бөліп келді. Биология ғылымының қарқынды дамуына байланысты органикалық дүниенің құрылымы хақындағы көзқарастарды қайта қарауға тура келді. Қазіргі уақытта ғалымдар органикалық дүниені екі (өсімдіктер мен жануарлар) емес, төртке бөліп отыр: олар прокариоттар немесе монера - бір клеткалы ядросыздар (мысалы, бактериялар, көк-жасыл балдырлар): өсімдіктер, саңырауқұлақтар және жануарлар.
Жануарлар әлемі - Zoa немесе Animalia. "Zoon " - грек тілінде жануар деген сөз. Қазіргі кезде жануарлардың белгілі түрлерінің жалпы саны 2,5 миллионнан асады, олар тірі организмдердің тіршілік ететін аймағының ерекше қабаты - биосферада кең тараған.
Биосфера - грек тілінде "bios" - өмір және тіршілік, "sphaira" (сфера) - шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған. Биосфераға литосфераның жоғарғы қабаты, бүкіл гидросфера және атмосфераның төменгі қабаты жатады, мұнда жануарлар, өсімдіктер және басқа да тірі организмдер тіршілік етеді.
Палеонтологиялық зерттеулер нәтижесінде, яғни қазбалардан табылған өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын тануға сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын анықтады. Ғалымдар, жердің және сондағы тіршіліктің даму тарихын басты-басты бес эраларға (архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой), ал эраларды дәуірлерге, кезеңдерге бөлді.
Архей - биосфераның ең бірінші эрасы. Болжаумен айтқанда, мұнда алғашқы қарапайым тіршіліктің түрі пайда болған. Ал тіршіліктің ең тұңғыш іздері протерозой эрасында болған.
Протерозой эрасында өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтарынан радиоляриялардың, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, моллюскалардың бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Осындай қазбалардың қалдықтарын анықтай отырып, протерозой эрасында жануарлардың біраз типтерінің өкілдері өмір сүргенін дәлелдеуге болады.
Палеозой эрасы - ертедегі тіршілік эрасы. Бұл эра 6 дәуірге бөлінеді: кембрий, ордовик, силур, девон, тас көмір, пермь.
Мезозой ортаңғы тіршілік эрасы 3 дәуірге бөлінеді: триас, юра, бор. Жануарлар тарихында мезозойды жорғалаушылар эрасы деп атайды.
Кайнозой эрасы - жаңа тіршілік уақыты. Бұл эра 3 дәуірге бөлінеді: палеоген, неоген, антропоген. Антропоген қазіргі біздің заманымызбен жалғасып отыр.
Биосфераның даму кезеңдері геохронологиялық кестеде (1-кесте) келтірілген. Мұнда органикалық дүниенің қандай болғанын жөне оның қарапайым күйден күрделіге қарай бағытталғаны көрсетілген.
Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетіндегі тірі организмдердің дамуы сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады. Эволюциялық өзгерістер әрқашанда сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Бейімделушілік организмнің әр түрлі орта жағдайларында өмір сүруіне мүмкіндік бере отырып, сонымен қатар дене құрылысының өзгермелілігін қамтамасыз етіп отырады. Мұндай өзгермелілік А. Н. Северцовтың айтқанындай ароморфоз, яғни организмнің негізгі мүшелерінің құрылысын жаппай күрделілендіруге апаратын, тіршілік әрекетін жеделдете түсетін эволюциялық процесс, организмдердің тіршілік қабілетін арттырады.
Ортаның үлкен өзгерістері ароморфоз сипатында организмдерде ірі өзгерістерді туғызып, көбіне морфологиялық-физиологиялық жағынан едәуір күрделі жаңа формалар шығуына соқтырады. Мысалы, жануарлар дүниесінде болған белгілі бір ірі ароморфоз-дардың салдарынан - бір клеткалы эукариотты қарапайым жәндіктер, көп клеткалы, екі қабатты, сәулелі симметриялы, үш қабатты және екі жақты симметриялы жануарлар пайда болған. Типтер, кластар сияқты ірі систематикалық топтар ароморфоз жолымен шыққан.
Организмдердің ортаға бейімделу жолдары сан алуан. Болмашы өзгерістер организмнің құрылым деңгейін және тіршілік қарқынын арттырмайды. Мұндай өзгерістер "жеке бейімделушіліктер - идиоадаптация" деп аталады. Мысалы, жаңа жағдайға бейімделуіне байланысты су түбінде тіршілік ететін скат тұқымдастарының денесі жалпайған, арқасы құрсағына қабысқан, құйрық қанаттары жойылған және реңі су түбіндегі топырақ түстес болып келеді. Осы өзгерістердің бәрі су түбіндегі тіршілік қалпына сәйкес "жеке бейімделушіліктер" болып табылады. Мұнда скаттардың құрылысында ешқандай күрделілену болған жоқ. Түрлер, туыстар, тұқымдастар сияқты ұсақ систематикалық топтар идиоадаптация жолымен шыққан.
Әрбір тірі организм біртұтас, оның жүйелері, бөліктері мен мүшелері бір-бірімен тығыз байланысты. "Корреляция" немесе мүшелердің бір-біріне қатысты даму заңдылығын Ж. Кювье (1812) ашты. Жануарлардың эволюциялық дамуында белгілі бір мүшенің қызметі (функциясы) және құрылысы өзгерсе, соған сәйкес коррелятивті өзгерістер басқа мүшелерде де байқалады. Мысалы, буынаяқтыларда эволюциялық дамуының нәтижесіндегі прогрессивті өзгерістерінің бірі - хитинді кутикулярлы сыртқы қаңқасының пайда болуы. Хитинді қатты кутикуланың пайда болуы басқа мүшелерге әсер етпей қоймады. Тұтас жатқан тері - бұлшықет қапшықтары қатты кутикула астында қызметін атқара алмай, жеке-жеке орналасқан бұлшықеттерге бөлінді; екінші реттік қуыс (целом) тірек қызметін жойып, аралас қуысқа (миксоцель), негізінен тасымалдаушы (трофикалық) қызметін атқаруға айналды. Дененің өсуі тек түлеу арқылы жүретін болды, т. б. Міне, кутикуланың пайда болуы, басқа мүшелердің функциясы мен құрылысының өзгерісіне себеп болды. Палеонтологтар осы "корреляция" әдісін қолдана отырып, жойылып кеткен жануарлардың қалдықтарына қарап олардың бейнесін анықтай алады.
Жануарлар топтары арасындағы туыстық байланыстарды анықтауға биогенетикалық заң маңызды қызмет атқарады (Мюллер, 1864, Геккель, 1866, Северцов, 1939). Биогенетикалық заң бойынша әрбір жеке организм өзінің оқшау дамуында (онтогенезде) ертедегі арғы тектерінің тарихи даму процесіндегі (филогенездің) өте маңызды өзгерістерін қайталап отырады, немесе онтогенез филогенездің қысқаша қайталануы. Ұрықтың және личинканың дамуын зерттей отырып, тіпті, бір-бірінен алшақ тұрған жануарлардан ортақ туыстық белгілерді табуға болады. Бұл онтогенез бен филогенездің арасындағы терең байланыстылықты көрсетеді.
Органикалық дүниенің тарихи дамуының заңдылықтарын, эволюциялық процестің жолдарын, бағыттарын және қозғаушы күштерін, ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин "Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып қалуы" (1859) деген классикалық еңбегінде дәлелдеп берді.
Органикалық дүниенің тарихи даму (эволюция) заңдарына, палеонтологиямен бірге салыстырмалы анатомияға, эмбриологияға сүйене отырып, жануарлардың эволюциялық дамуын, шығу тегін анықтауға болады. Кейінгі кезде тіршіліктің тарихи дамуы туралы мәліметтердің қатарын бағалы мәліметтермен толықтыруда экспериментальды зоология мен биохимияның маңызы артып келеді.
Жануарларды зерттейтін ғылым - зоология (Zoon - грек тілінде жануар, logos - ғылым, ілім). Зоология - жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, олардың сыртқы және ішкі құрылысын, зат алмасу процесін, тіршілік ету ортасы мен өзара қарым-қатынасын, таралуын,

Пән: Биология
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 40 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге




Мазмұны.

Кіріспе.
І тарау. Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама.
1.1. Насикомдарға жалпы сипаттама.
1.2. Насикомдардыңдаму кезеңі.
1.3. Сыртқы құрылысы.
1.4. Ішкі құрылысы.
ІІ тарау. Бүргелер отряды.
2.1. Бүргелерге жалпы сипаттама.
2.2. Сыртқы құрылысы.
2.3. Ішкі құрылысы.

КІРІСПЕ
Табиғат байлықтарының бірі - жануарлар әлемі, ал жануарларды зерттейтін
ғылым - зоология. 3оология қарқынды дамып келе жатқан және биологияның
негізін қалайтын ғылым, себебі жануарлар биологиялық ғылыми зерттеулердің
әрқашанда қажетті объектісі болып келеді.
Жануарлар дүниесін, олардың құрылымы және даму ерекшеліктеріне, әр
түрлі зерттеу әдістеріне қарай үлкен екі топқа - омыртқалылар мен
омыртқасыздарға бөлу ертеден қалыптасқан. Омыртқалылар зоологиясын -
хордалылар зоологиясы деп те атайды. Бұл пән жануарлар әлеміндегі 23 типтің
ішіндегі бір ғана типін - хордалыларды (Chordata) қарастырады. Ал, қалған
22 типті қамтитын - омыртқасыздар зоологиясы. Осы 22 типтердің ортақ
біркелкі құрылысы болмағандықтан омыртқасыздар зоологиясының өзіндік
қиындықтары да аз емес.
Органикалық дүниені ұзақ жылдар бойы жануарлар мен өсімдіктер әлеміне
бөліп келді. Биология ғылымының қарқынды дамуына байланысты органикалық
дүниенің құрылымы хақындағы көзқарастарды қайта қарауға тура келді. Қазіргі
уақытта ғалымдар органикалық дүниені екі (өсімдіктер мен жануарлар) емес,
төртке бөліп отыр: олар прокариоттар немесе монера - бір клеткалы
ядросыздар (мысалы, бактериялар, көк-жасыл балдырлар): өсімдіктер,
саңырауқұлақтар және жануарлар.
Жануарлар әлемі - Zoa немесе Animalia. "Zoon " - грек тілінде жануар
деген сөз. Қазіргі кезде жануарлардың белгілі түрлерінің жалпы саны 2,5
миллионнан асады, олар тірі организмдердің тіршілік ететін аймағының ерекше
қабаты - биосферада кең тараған.
Биосфера - грек тілінде "bios" - өмір және тіршілік, "sphaira" (сфера)
- шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған. Биосфераға литосфераның
жоғарғы қабаты, бүкіл гидросфера және атмосфераның төменгі қабаты жатады,
мұнда жануарлар, өсімдіктер және басқа да тірі организмдер тіршілік етеді.
Палеонтологиялық зерттеулер нәтижесінде, яғни қазбалардан табылған
өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын тануға сүйене отырып, ғалымдар
биосфераның негізгі пайда болу жолдарын анықтады. Ғалымдар, жердің және
сондағы тіршіліктің даму тарихын басты-басты бес эраларға (архей,
протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой), ал эраларды дәуірлерге,
кезеңдерге бөлді.
Архей - биосфераның ең бірінші эрасы. Болжаумен айтқанда, мұнда алғашқы
қарапайым тіршіліктің түрі пайда болған. Ал тіршіліктің ең тұңғыш іздері
протерозой эрасында болған.
Протерозой эрасында өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтарынан
радиоляриялардың, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық
құрттардың түтікшелері, моллюскалардың бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың
да қалдықтары табылған. Осындай қазбалардың қалдықтарын анықтай отырып,
протерозой эрасында жануарлардың біраз типтерінің өкілдері өмір сүргенін
дәлелдеуге болады.
Палеозой эрасы - ертедегі тіршілік эрасы. Бұл эра 6 дәуірге бөлінеді:
кембрий, ордовик, силур, девон, тас көмір, пермь.
Мезозой ортаңғы тіршілік эрасы 3 дәуірге бөлінеді: триас, юра, бор.
Жануарлар тарихында мезозойды жорғалаушылар эрасы деп атайды.
Кайнозой эрасы - жаңа тіршілік уақыты. Бұл эра 3 дәуірге бөлінеді:
палеоген, неоген, антропоген. Антропоген қазіргі біздің заманымызбен
жалғасып отыр.
Биосфераның даму кезеңдері геохронологиялық кестеде (1-кесте)
келтірілген. Мұнда органикалық дүниенің қандай болғанын жөне оның қарапайым
күйден күрделіге қарай бағытталғаны көрсетілген.
Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетіндегі тірі организмдердің
дамуы сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады.
Эволюциялық өзгерістер әрқашанда сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің
бейімделуімен ұштасады. Бейімделушілік организмнің әр түрлі орта
жағдайларында өмір сүруіне мүмкіндік бере отырып, сонымен қатар дене
құрылысының өзгермелілігін қамтамасыз етіп отырады. Мұндай өзгермелілік А.
Н. Северцовтың айтқанындай ароморфоз, яғни организмнің негізгі мүшелерінің
құрылысын жаппай күрделілендіруге апаратын, тіршілік әрекетін жеделдете
түсетін эволюциялық процесс, организмдердің тіршілік қабілетін арттырады.
Ортаның үлкен өзгерістері ароморфоз сипатында организмдерде ірі
өзгерістерді туғызып, көбіне морфологиялық-физиологиялық жағынан едәуір
күрделі жаңа формалар шығуына соқтырады. Мысалы, жануарлар дүниесінде
болған белгілі бір ірі ароморфоз-дардың салдарынан - бір клеткалы
эукариотты қарапайым жәндіктер, көп клеткалы, екі қабатты, сәулелі
симметриялы, үш қабатты және екі жақты симметриялы жануарлар пайда болған.
Типтер, кластар сияқты ірі систематикалық топтар ароморфоз жолымен шыққан.
Организмдердің ортаға бейімделу жолдары сан алуан. Болмашы өзгерістер
организмнің құрылым деңгейін және тіршілік қарқынын арттырмайды. Мұндай
өзгерістер "жеке бейімделушіліктер - идиоадаптация" деп аталады. Мысалы,
жаңа жағдайға бейімделуіне байланысты су түбінде тіршілік ететін скат
тұқымдастарының денесі жалпайған, арқасы құрсағына қабысқан, құйрық
қанаттары жойылған және реңі су түбіндегі топырақ түстес болып келеді. Осы
өзгерістердің бәрі су түбіндегі тіршілік қалпына сәйкес "жеке
бейімделушіліктер" болып табылады. Мұнда скаттардың құрылысында ешқандай
күрделілену болған жоқ. Түрлер, туыстар, тұқымдастар сияқты ұсақ
систематикалық топтар идиоадаптация жолымен шыққан.
Әрбір тірі организм біртұтас, оның жүйелері, бөліктері мен мүшелері бір-
бірімен тығыз байланысты. "Корреляция" немесе мүшелердің бір-біріне қатысты
даму заңдылығын Ж. Кювье (1812) ашты. Жануарлардың эволюциялық дамуында
белгілі бір мүшенің қызметі (функциясы) және құрылысы өзгерсе, соған сәйкес
коррелятивті өзгерістер басқа мүшелерде де байқалады. Мысалы,
буынаяқтыларда эволюциялық дамуының нәтижесіндегі прогрессивті
өзгерістерінің бірі - хитинді кутикулярлы сыртқы қаңқасының пайда болуы.
Хитинді қатты кутикуланың пайда болуы басқа мүшелерге әсер етпей қоймады.
Тұтас жатқан тері - бұлшықет қапшықтары қатты кутикула астында қызметін
атқара алмай, жеке-жеке орналасқан бұлшықеттерге бөлінді; екінші реттік
қуыс (целом) тірек қызметін жойып, аралас қуысқа (миксоцель), негізінен
тасымалдаушы (трофикалық) қызметін атқаруға айналды. Дененің өсуі тек түлеу
арқылы жүретін болды, т. б. Міне, кутикуланың пайда болуы, басқа мүшелердің
функциясы мен құрылысының өзгерісіне себеп болды. Палеонтологтар осы
"корреляция" әдісін қолдана отырып, жойылып кеткен жануарлардың
қалдықтарына қарап олардың бейнесін анықтай алады.
Жануарлар топтары арасындағы туыстық байланыстарды анықтауға
биогенетикалық заң маңызды қызмет атқарады (Мюллер, 1864, Геккель, 1866,
Северцов, 1939). Биогенетикалық заң бойынша әрбір жеке организм өзінің
оқшау дамуында (онтогенезде) ертедегі арғы тектерінің тарихи даму
процесіндегі (филогенездің) өте маңызды өзгерістерін қайталап отырады,
немесе онтогенез филогенездің қысқаша қайталануы. Ұрықтың және личинканың
дамуын зерттей отырып, тіпті, бір-бірінен алшақ тұрған жануарлардан ортақ
туыстық белгілерді табуға болады. Бұл онтогенез бен филогенездің арасындағы
терең байланыстылықты көрсетеді.
Органикалық дүниенің тарихи дамуының заңдылықтарын, эволюциялық
процестің жолдарын, бағыттарын және қозғаушы күштерін, ағылшын ғалымы
Чарльз Дарвин "Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік
үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып қалуы" (1859) деген
классикалық еңбегінде дәлелдеп берді.
Органикалық дүниенің тарихи даму (эволюция) заңдарына, палеонтологиямен
бірге салыстырмалы анатомияға, эмбриологияға сүйене отырып, жануарлардың
эволюциялық дамуын, шығу тегін анықтауға болады. Кейінгі кезде тіршіліктің
тарихи дамуы туралы мәліметтердің қатарын бағалы мәліметтермен толықтыруда
экспериментальды зоология мен биохимияның маңызы артып келеді.
Жануарларды зерттейтін ғылым - зоология (Zoon - грек тілінде жануар,
logos - ғылым, ілім). Зоология - жануарлар әлемінің алуан түрлілігін,
олардың сыртқы және ішкі құрылысын, зат алмасу процесін, тіршілік ету
ортасы мен өзара қарым-қатынасын, таралуын, дамуын, шығу тегін, тарихи даму
зандылықтарын, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын зерттейтін ғылым.
Зоология басқа да биологиялық ғылымдармен тығыз байланысты:
-морфологиямен және анатомиямен (организмдердің сыртқы және ішкі
құрылысын зерттейтін ғылым); гистологиямен (тканьдердің микроскопиялық
құрылысын зерттейтін ғылым); физиология және биохимиямен (организмдердің
және олардың мүшелерінің функциональдық қасиеттерін, құрамының химиялық
өзгеріске ұшырау процестерін зерттейтін ғылым); цитологиямен (клеткалардың
құрылысын, атқаратын қызметін, дамуын зерттейтін ғылым); эмбриологиямен
(адамның, жануарлардың, өсімдіктердің ұрықтық даму зандылықтарын зерттейтін
ғылым); генетикамен (организмдердің тұқым қуалауы және өзгергіштігі туралы
ғылым); экологиямен (организмдердің қоршаған ортасымен қарым-қатынастық
зандылықтарын зерттейтін ғылым); палеонтологиямен (құрып кеткен қазба
организмдерді зерттейтін ғылым); систематикамен (организмдерді туыстық
топтарға жіктеу және олардың эволюциялық, дамуының тарихи тізбегін анықтау
туралы ғылым).
Жануарлардың алуан түрлерін зерттей отырып, олардың ерекшеліктеріне
және әр түрлі зерттеу мақсаттарына, әдістеріне қарай зоология - бірнеше
салаларға бөлінеді: протистология немесе протозоология - қарапайымдыларды
зерттейтін ғылым; гельминто-логия - құрттарды (паразиттік тіршілік ететін);
карцинология - шаян-тәрізділерді; арахнология - өрмекшітәрізділерді;
акарология - кенелерді; энтомология - насекомдарды (бунақ денелілерді);
малакология - моллюскаларды (жұмсақ денелілерді); ихтиология -балықтарды;
герпетология - қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларды; орнитология -
құстарды; териология (маммология) -сүтқоректілерді зерттейтін ғылым.
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы ете зор және алуан
түрлі. Олардың бірқатары пайдалы жануарлар болып табылады. Азық-түлік, әр
түрлі өнеркәсіп шикізат өнімдерін: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, балауыз,
жібек, мүйіз, бақалшақ және т. б. береді. Жануарлардың пайдасы мұнымен
бітпейді. Олардың көпшілігі ауыл шаруашылық дақылдарын тозаңдатушылар,
топырақ түзушілер, баска жануарларға азықтық қорлары мен органикалық
заттардың ыдыратушылары болып келеді.

Жануарлардың осындай пайдасымен қатар ауыл шаруашылығына көптеген зиян
келтіретін түрлері де бар: шегірткелер, кейбір көбелектер, қоңыздар,
кенелер, бауыраяқты моллюскалар, кемірушілер отрядына жататын тышқандар.
Сонымен қатар жануарлардың кейбір түрлері адамға және басқа жануарларға
ауруларды таратушылар, ауруларды қоздырушылар және тікелей паразиттері
болып табылады (масалар, соналар, кенелер, дизентериялық амебалар,
лейшманиялар, бауыр сорғыштар, аскаридалар).
Адамның шаруашылық әрекеті мен табиғатқа жасаған ықпалынан көптеген
жануар түрлерінің саны едәуір азайып кетті, ал кейбіреулері мүлдем жойылып
кетті. Қазіргі уақытта табиғатты қорғау проблемалары, сонымен қатар
фауналық ресурстарды үнемдеу бірінші орынға шықты. Табиғатты қорғау және
оны бірқалыпты сақтау туралы көптеген мемлекеттік құжаттарда айтылып,
арнаулы "Қызыл кітапқа" дүние жүзіндегі құрып бара жатқан және саны күрт
азайып кеткен жануарлар мен өсімдіктер туралы бірнеше құнды мағлұматтар
енгізілген.
Жануарларды зерттеу, олардың өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану және
олардың табиғаттағы қорын сақтау зоология ғылымының басты міндеті.
Жануарлардың құрылысы мен тіршілік етуі туралы мәліметтер адамзат
баласына бұдан бірнеше ғасыр бұрын белгілі болған. Олар өздері аулаған
жануарлардың сырт пішінін паналайтын үңгірлер қабырғасындағы тастарға және
күркелерінде қалдырған сүйектерге ойып салып отырған. Мысалы: Австрия
үңгірлерінің бірінде жүрегі айқын көрсетілген піл суреті бар. Сонымен қатар
аралар балын жинап жүрген әйел бейнесі де салынған. Бұлар бізге қазба
қалдықтарын зерттеу нәтижесінде белгілі болып отыр.
Ал жануарларды ғылыми негізде зерттеп, зоологияның дамуына ең алғаш жол
ашқан гректің ұлы ғалымы және философы Аристотель (384-322, IV ғасыр біздің
заманымызға дейінгі) болды. Аристотель жануарлар классификациясын жасап,
зоология систематикасынының негізін салған. Ол жануарлардың 500-ден аса
түрлерін зерттеп, оларды 2 топқа бөлген:
1) "энойма" - қаны бар жануарлар; 2) "анойма" - қаны жоқ жануарлар.
Бірінші топқа, қанды жануарларға: 1) тірі туатындарды (аңдарды); 2)
құстарды; 3)бауырымен жорғалаушыларды; қосмекенділерді; 4) балықтарды
жатқызды.
Екінші топқа, қансыздарға: 1) басаяқты моллюскаларды; 2) шаян
тәрізділерді; 3)моллюскаларды (басаяқтылардан басқа); 4) насекомдарды,
өрмекшілерді және құрттарды жатқызды.
Төменгі сатыдағы ұсақ жәндіктерді үшінші "chaos" - тобына жатқызды.
Аристотель көптеген кітаптар жазған. Ол насекомдардың толық және шала
дамуын, құстардың көшу және қайту мерзімін, сүтқоректілердің зәр шығару
және жыныс мүшелерін айқын бейнеледі, сүтқоректілерді жұптұяқтыларға,
балықтарды шеміршектілер мен қатты сүйектілерге бөлді. Аристотель
"Жануарлар тарихы" деген еңбегінде жануарлар туралы көзқарасын білдіре
отырып, жануарлардың және адамның сыртқы және ішкі мүшелеріне сипаттама
берді, ал бұл жануарлардың салыстырмалы анатомиялық сипаттамасына алып
келді. Аристотель "Жануарлардың дене бөліктері туралы" еңбегінде
организмдерде бірьщғай тканьдер және бірыңғай емес "мүшелер" бөлімдерін
ажыратты, ал "Жануарлардың пайда болуы туралы" енбегінде жануар мен адам
эмбриологиясы туралы айтты. Аристотель өз еңбектерінде суреттерді негіз
етіп алған, бірақ олардың көбісі сақталмаған. Аристотельдің бірінші
зоологиялық сипаттамасы көп уақыт бойы қолданылып келеді.
Орта ғасырда жануарлар жайындағы алғашқы түсініктердің бастамалары әрі
қарай дами алмады, өйткені феодалдық қоғам жағдайында табиғатқа тәжірибе
жасау және зерттеу жұмыстарын жүргізу діннен тайғандардың ісі деп саналып,
зерттеушілер қатты қуғынға ұшыраған. Тек XV ғасырдан бастап капитализмнің,
өнеркәсіптің, сауданың дамуымен қатар зоология да дами бастады. XVI-XVH
ғасырларды жинақтау ғасыры деп атауға болады. Жануарлар, өсімдіктер әлемі
туралы негізгі түсініктер қалыптаса бастады. Жануарлардың көптүрлілігі,
олардың ішкі құрылысы туралы да шығармалар шыға бастады. Олардың авторлары
швед ғалымы К. Геснер және француз ғалымдары Г.Ронделе, П. Белона.
Зоологияны дамытуда үлкен үлес қосқан голланд ғалымы Антон ван Левенгук
(1632-1723) және ағылшын ғалымы Роберт Гук (1635-1703). А. Левенгук
қарапайым құрылысты микроскоптарды жасап, тұңғыш рет бір клеткалы тірі
жәндіктерді ашты, ал Р. Гук өсімдік тозағашының құрылысын зерттеп, оның
клеткадан тұратынын анықтады. Р.Гук "Микрография немесе үлкейтетін шыны
арқылы ұсақ денелілердің физиологиясын бейнелеу" (1665) деген еңбегінде
тұңғыш рет "клетка" ұғымын қолданды.
XVIII ғасырда швед ғалымы Карл Линнейдің (1707-1778) жасаған системасын
жұртшылық мойындады. Ол өзінің "Табиғат системасы" (Systema naturae, 1735)
деген үлкен еңбегінде өсімдіктер мен жануарлардың негізгі ұқсастықтары мен
айырмашылықтарына сүйене отырып, ең кіші бірлікті түр деп атап, ұқсас
түрлерді - туысқа, туыстарды - отрядтарға, ал отрядтарды класқа біріктірді.
К.Линней өсімдіктердің 7540 түрін зертгеп, оларды 24 класқа бөлді, ал
жануарлардың 4200 түрін зерттеп, оларды 6 класқа бөлді: 1) Сүтқоректілер -
Mammalia; 2) Құстар - Aves; 3) Хайуандар - Amphibia - бауырымен
жорғалаушылар мен қосмекенділер; 4) Балықтар - Pisces; 5) Насекомдар -
Insecta; 6) Құрттар - Vermes (бұл класқа моллюскалар және басқа да
омыртқасыз жануарларды жатқызған).
К. Линнейдің өсімдіктер мен жануарлардың түр және туыс аттарын латын
тілінде атауды үсынуы ең негізгі бағалы жаңалығы болды. Мұны ғылымда
қосарлы немесе бинарлық ("би" - екі) номенклатура деп атайды. Осы күнге
дейін барлық елдің ғалымдары түрлерді қосарлы аттарымен атауды қолданып
келеді. Мысалы, Сіmex lectularius - төсек қандаласы, С. hirundinis - күс
қаңдаласы, Таbanus sabuletoram - құм сонасы, Т.subsabuletoram - тоғай
сонасы, Т.branneocallosus - тақыр сонасы, Т. bovinus - өгіз сонасы.
Түрлердің барлық особьтары үшін туыс аты ортақ болады. Мысалы, төсек және
құс қандаласына Сітех туыс аты ортақ. Ал соналарға Tabanus туыс аты ортақ.
Туыс аты түр атының алдынан үлкен әріппен жазылады. К. Линней ботаника
тіліне өзгерістер енгізіп, ботаникалық тіл қорын жетілдірді. Ботаникадан
еңбектері: "Ботаника негіздері", "Ботаника философиясы", "Өсімдіктер
туыстары", "Өсімдіктер түрлері" т. б. К. Линней табиғат туралы
метафизикалық түсініктерді толық қуаттап, түр өзгермейді жаратушы қанша түр
жаратса, сонша түр тіршілік етеді деген ұғымда болған.
XVIII ғасырдың аяғында және XIX ғасырдың басында органикалық дүние
жөнінде эволюциялық көзқарастар тұрғысынан пікірлер айтыла басталды.
Француз ғалымы Жорж Луи Бюффон (1707-1788) өзінің "Табиғат тарихы" (1749)
деген еңбегінде үй жануарларының өзгеріске ұшырайтындығын дәлелдеген.
Эволюцияны қолдаушылардың бірі француз ғалымы Жан Батист Ламарк (1744-
1829) болған. Ол өзінің "Зоология философиясы" (1809) деген еңбегінде, жер
тарихының ұзақ жылдар бойында сыртқы ортаның әсерінен организмдердің
үздіксіз өзгеріп отыратындығын көрсеткен.
Ж. Б. Ламарк систематиканың дамуына көп еңбек жасады. Ол барлық
жануарларды екі топқа бөлді: омыртқасыз жануарлар, омыртқалы жануарлар.
Омыртқасыз жануарларды 10 класқа топтастырды: 1. Инфузориялар класы. 2.
Полиптер. 3.Сәулелілер. 4. Құрттар. 5. Насекомдар. 6. Өрмекшітәрізділер. 7.
Шаянтәрізділер. 8.Буылтық құрттар. 9. Мұртаяқтылар (төменгі сатыдағы
шаянтәрізділер). 10. Моллюскалар. Омыртқалы жануарларды 4 класқа
топтастырды: 1. Балықтар класы. 2.Бауырымен жорғалаушылар, қос мекенділер
класы. 3. Құстар. 4. Сүтқоректілер. Осы 14 класқа бөлінген жануарларды Ж.
Б. Ламарк сатылай орналыстырды, оның төменгі сатысына инфузорияларды,
полиптерді (құрылысының күрделілене түсуіне байланысты жоғары сатыға
көтеріледі), жоғары сатысына құстар мен сүтқоректілерді орналастырды. Тірі
организмдер құрылысының күрделілене түсуін Ж. Б. Ламарк "градация" (жоғары
көтерілу) деп атады. Организмдер құрылысының күрделіленуін Ламарк, олардың
іштей прогреске ұмтылушылық қабілеті болуынан деген пікірде болған.
Ж. Б. Ламаркпен қатар француз ғалымы Жорж Кювье (1769-1832)
салыстырмалы анатомия негіздері мен корреляциялар туралы ілімнің негізін
салды. Сонымен қатар систематиканың да дамуын жалғастырды. Ж. Кювье және
оның шәкірті Блинвиль 1825 жылы системаға "тип" деген ұғым енгізді.
Жануарларды олар 4 типке бөлді: 1) омыртқалылар типі, 2) жұмсақ денелілер,
3) бунақтылар (мүшелілер), 4) сәулелілер. Омыртқалылар типіне мынандай
кластарды енгізді: 1. Сүтқоректілер. 2. Құстар. 3.Қосмекенділер мен
бауырымен жорғалаушылар. 4. Балықтар. Жұмсақ денелілер типіне: 1.
Басаяқтылар. 2. Қанатаяқтылар. 3. Бассыздар. 4. Иықаяқтылар (иін). 5.
Бауыраяқтылар. 6. Мұртаяқтылар: Бунақтылар типіне: 1. Буылтық құрттар. 2.
Шаянтәрізділер. 3. Өрмекшітәрізділер. 4. Насекомдар. Сәулелілер типіне: 1.
Тікентерілілер. 2. Құрттар. 3. Атқыштар. 4. Полиптер. 5. Инфузориялар.
Ж. Кювье, Линней сияқты, түр өзгермейді деді. Типтердің өзгермейтіндігі
және тұрақтылығы туралы метафизикалық ұғымды қолдады.
Ж. Кювьемен қатар орыс ғалымы К. Бэр (1729-1876) салыстырмалы
эмбриологияның дамуына жол ашты. Ол жеке организмдердің ұрықтарының дамуына
арнап "Жануарлардың даму тарихы" (1834) деген екі томдық кітап жазды, мұнда
ол жануарлардың дамуы бір клеткадан басталатындығын анықтады, эмбриональдық
даму бірнеше жеке процестерге бөлінетіндігін көрсетті және ұрық күрделі
организмге бірте-бірте даму процесінің нәтижесінде айналатынын көрсетті. К.
Бэрдің тағы бір жаңалығы, ол сүтқоректілердің жұмыртка клеткасының
болатындығын ашты.
К. Бэр түрлі жануарлардың ұрықтарының даму жолдарын зерттеп, оларды
төрт типке бөлді (Ж. Кювьенің бөлген типтеріне сәйкес). К. Бэр эволюция
туралы алғашқы айтылған "түр өзгеріске ұшырайды және тұрақты болмайды"
деген пікірді қолдамады.
Орыстың көрнекті эволюционисі К. Ф. Рулье (1814-1858) органикалық
дүниенің тарихи даму жолдарын зерттеді.
XIX ғасырда ілімді толық дәлелдеп, оған материалистік түсінік берген
атақты ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин (1809-1882) болды. Ол өзінің эволюциялық
теориясын "Түрлердің табиғи сұрыпталу жолымен пайда болуы немесе тіршілік
үшін күресте қолайлы жағдайға ұшыраған тұқымдардың сақталуы" (1859) деген
еңбегінде жариялады. Осыған орай биология ілімінің бір саласы - эволюциялык
теория деген атқа ие болды.
"Түрлердің шығу тегі" (1864), "Үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердің
өзгеруі" (1868), "Адамның тегі және жыныстық сұрыптау" (1871), "Адам мен
жануарлар түйсігінің білінуі туралы" (1872) сияқты еңбектерінде Ч. Дарвин
эволюциялық теорияларын жеке зерттеп, түрлердің тегі және эволюцияның
қозғаушы күштерін айқындады. Дарвиннің пікірі бойынша, органикалық дүние
эволюциясының негізгі қозғаушы күштері - ол тұқым қуалаушылық, өзгергіштік,
тіршілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталу.
XIX ғасырда ботаник Матиас Шлейден (1804-1881) және зоолог Теодор Шванн
(1810-1882) клетка теориясын жасап жарыққа шығарды. Т. Шванн "Жануарлар мен
өсімдіктердің құрылысы мен өсуіндегі сәйкестік туралы микроскоптық
зерттеулер" (1839) деген еңбегінде өсімдіктердің, жануарлардың денесі
клеткалардан құралатындығын, клеткаларының химиялық құрамы жағынан бір
типтес екендігін және барлық тканьдер клеткалардан құралатындығын
дәлелдеген. М. Шлейден цитогенезис теориясын ұсынған.
XIX ғасырдың екінші жартысында неміс ғалымдары Фриц Мюллер (1822-1897)
және Эрнст Геккель (1834-1919) биогенетикалық заңды ашты. Заңның тұжырымы:
"Әрбір особь жеке дамуында өз түрінің даму тарихын қысқаша қайталайды,
немесе онтогенез - филогенездің қысқаша да шапшаң қайталануы". Э. Геккель
"Жалпы морфология" (1866) деген еңбегінде организмдер арасындағы туыстық
байланыстарды, онтогенез бен филогенездің арасындағы терең байланыстылықты
көрсетті және онтогенез белгілерінің екі типін көрсетті: палингенез - арғы
тегінің белгілері, ценогенез - организмдердің бейімделу барысындағы пайда
болған екінші реттік белгілері.
XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырда ашылған жаңалықтармен бірге
көптеген ғалымдардың еңбектерінің арқасында биологияның жекелеген салалары
өркендеп дами бастады.
Систематика, зоогеография және фаунистиканың дамуында М. А. Мензбир,
П.П.Сушкина, Л.С.Берг, С.И.Огнев, A. B. Иванов, В. Г. Гептнер, Г. П.
Дементьевтің және басқа ғалымдардың зерттеулерінің орны айрықша.
Экологияның дамуына - Н. Ф. Рулье, Б.М. Житков, Д. М. Кашкаров, А. Н.
Формозов т. б. едәуір үлес қосты. В. О. Ковалевский, П. Сушков және А.
Борисяк - эволюциялық палеонтологияның, И. М. Сеченов және И.П.Павлов -
физиологияның дамуына зор үлестерін қосты.
Салыстырмалы эмбриология ілімінің негізін салушылардың қатарында
көрнекті орыс ғалымдары А. О. Ковалевский (1840-1901) және И. И. Мечников
(1845-1916) болды. Олар жануарлардың ұрықтық даму жолдарын зерттеп, ұрық
жапырақшаларының (экто дерма, энтодерма және мезодерма) қалыптасу жолдарын
белгілеп, барлық жануарларда ұрық жапырақшаларының ұқсас болатындығын,
органикалық дүниенің бірлігін дәлелдеп берді.
Эволюциялық эмбриологияның проблемаларын белгілі дәрежеге жеткізген
атақты эмбриологтар А. Н. Северцов, И. И. Шмальгаузен, П. П. Иванов, П. Г.
Светлов, А.А.Захваткин, Г.А.Шмидт.
Жануарлардың салыстырмалы анатомиясы мен морфологиясының негіздерін
зерттеуде көп еңбек жасаған ғалымдар: В. Н. Беклемишев, В. А. Догель, В. М.
Шимкевич, И. И. Шмальгаузеқ Б. А. Домбровский т.б.
Эволюциялық морфология негіздерінің мәселелерін шешуде көрнекті
ғалымдар академик A. H. Северцов (1866-1936), И. И. Шмальгаузен (1864-1963)
табысты еңбек етті. A. H. Северцов эволюцияның негізгі бағыттары ароморфоз,
идиоадаптация және дегенерациядан құралатынын анықтап берді. A. H. Северцов
"Морфология эволюциясының зандылықтары" (1939) деген еңбегінде
филэмбриогенез теориясын ұсынды.
Паразитологияның даму тарихы Е. Н. Павловский (1884-1965), В. А. Догель
(1882-1955), К. И. Скрябин (1878-1972), В. Н. Беклемишев (1890-1962), Е. И.
Марциновский (1874-1934) өсімдерімен байланысты. Бұл салада жануарлар
паразитологиясын зерттеуде комплексті биологиялық қадам жасалды.
Академик Е. Н. Павловский трансмиссивті (тасымалдаушы) аурудың "табиғи
ошағы" теориясын ұсынып, адам мен үй жануарларының осы аурумен күресудің
ғылыми негізін жасады.
К. И. Скрябин трематодтар, цестодтар және нематодтар құрттарын жан-
жақты зерттеп, көп еңбектер жазды, гельминтология ғылымының дамуына үлкен
үлес қосты.
В. А. Догель бір-бірімен байланысты үш салада - протистология,
экологиялық паразитология және салыстырмалы анатомия саласында жұмыс
істеді. В. А. Догельдің ең атаулы еңбектері: "Жалпы - протистология"
(1951), "Жалпы паразитология" (1962), "Омыртқасыздардың салыстырмалы
анатомиясы" (1938). 1934 жылы "Омыртқасыздар зоологиясы" деген оқулығы
бірінші басылым ретінде басылып шықты. В. А. Догельдің көмегімен біздің
елде балықтарды зерттеу жұмыстары іске асты. 1930 жылы В. А. Догель Арал
теңізіне экспедициямен келіп, балықтарда болатын паразит құрттарды
зерттеді. 1934 жылы В. А. Догель "Арал теңізі балықтарының паразиттері"
деген монографиясын шығарды. 1938 жылы Каспий теңізі балықтарын зерттеп,
"Каспий теңізінің балықтарының паразиттері" деген монографиясын шығарды.
1941-1944 жылдары В. А. Догель Алматыда, Қазақ Мемлекеттік университеті
биология факультетінде жұмыс істеді. Омыртқасыз зоологиядан, жалпы
паразитологиядан студенттерге лекция оқыды. Қазақстанда ихтиологияның,
ихтиопаразитологияның дамуына біраз үлес қосты.
Республикамыздағы паразитология мен гельминтологияның дамуына өздерінің
үлестерін қосқан И. Г. Галузо, Р. С. Шульц, Е. В. Гвоздев, К. Б. Сванбаев
т. б.
Зоологияның жақсы дамыған саласының бірі - энтомология. Энтомологияның
дамуы насекомдардың практикалық және теориялық маңызымен байланысты.
Насекомдардың көпшілігі ауыл шаруашылығының басты зиянкестері, адамға және
жануарларға әр түрлі жұқпалы ауру таратушылар болып табылады. Пайдалы
түрлері де көп. Сондықтан насекомдарды жан-жақты зерттеу, зиянкестерге
қарсы шара қолдану әдістерін табу, энтомологияның негізгі міндеті.
Энтомологияның дамуына үлкен үлес қосқандар: Н.А.Холодковский, А. С.
Данилевский, Б. Н. Шванвич, Г. Я. Бей-Биенко, A. A. Шта-кельберг, А. С.
Мончадский, М. С. Гиляров, В. В. Шевченко, А. М. Дубицкий, П.И.Мариковский,
Т. Н. Досжанов.
Қай ғылым саласы болсын оның дамуына, ғылым ретінде танылуына зерттеу
әдістері көп көмегін тигізеді. Неғұрлым жаңа зерттеу әдісі ашылса, соғұрлым
жануарлардың жаңа белгілері, түрлері табылады. Мысалы, XX ғасырдың соңғы
жылдарының ірі табыс-тарының бірі - жаңа Поғонофора типінің ашылуы болды.
Зоология - қазіргі уақытта тез дамып келе жатқан ғылым. Оның табыстарын
жоғалтып алмай, жануарлар дүниесін қорғау және ғылыми негізінде ұтымды
пайдалану, табиғат байлықтарын көбейту ісі әрбір адамның борышы.

БУЫНАЯҚТЫЛАР ТИПІ - ARTHROPODA
Жануарлар дүниесіндегі жер жүзінде кең таралған және түрлерінің саны
жағынан ең көбі - буынаяқтылар типі. Олардың 2,5 миллионнан астам түрі бар.
Жануарлар жүйесіндегі қалған 22 типтің түр саны буынаяқтыларға жетпейді.
Буынаяқтылар типіне шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, көп-аяқтылар
және насекомдар жатады. Бұлардың барлығына тән белгілерінің бірі - аяқтары
бірнеше буындарға бөлінген, буынаяқтылар деп аталатыны да осыдан. Олар екі
жақты симметриялы және гетерономды сегменттелген жануарлар. Денесі екі
немесе үш бөлімге бөлінеді: баскеуде, құрсақ немесе бас, кеуде, құрсақ.
Денесін хитинді кутикула жауып тұрады. Ол жануардың ішкі мүшелерін
зақымданудан қорғайды және оның ішкі жағына бұлшықеттер бекінеді. Хитинді
кутикула өспейтін, созылмайтын қосынды, сондықтан буынаяқтылардың өсуі
түлеу арқылы өтеді. Бұлшықеттері көлденең салалы - жолақ, тез жиырыла
алады.
Буынаяқтылар - дара жыныстылар. Жыныс диморфизмі жақсы дамыған.
Эмбриональды және постэмбриональды дамудың ұзақтығы өзгеріп тұрады. Даму
кезеңі әр алуан: тура даму немесе анаморфоз, алғашқы даму - проморфоз
немесе эпиморфоз, шала түрленіп даму -гемиметаморфоз, толық түрленіп даму -
голометаморфоз, жеткіліксіз даму - гипоморфоз, күрделі даму -
гиперметаморфоз.
Буынаяқтылар мұхиттарда, теңіздерде, тұщы су қоймаларында, ыстық су
қайнарларында, қарлы жерлер мен мұздарда, топырақ қабаттарында, тіпті ауада
да көп кездеседі. Адамда, жануарлар мен өсімдіктерде паразиттік тіршілік
ететін түрлері де бар.
Буынаяқтылардың табиғатқа және адам өміріне ықпалы зор. Олар - адамның,
жануарлардың, өсімдіктердің паразиттері және түрлі жұқпалы ауруларды
таратушылар, сондай-ақ егістік өсімдіктердің және орман шаруашылығының
зиянкестері. Бірақ екінші жағынан буынаяқтылар азық-түлік және техникалық
шикізат есебінде пайдаланылады, әрі өсімдіктерді тозаңдандыруға қатысады,
топырак құнарлылығын арттырады және өздері адамға кәсіптік қажетті
жануарлардың маңызды қорегі, біраз түрлерін адам тамаққа да пайдаланады.
Буынаяқтылар типі төрт тип тармағына бөлінеді: желбезектыныстылар -
Branchiata, трилобиттәрізділер - Trilobitomorpha, хелицералылар -
Chelicerata, кеңірдекпен тыныс алушылар - Tracheata.
• ЖЕЛБЕЗЕКТЫНЫСТЫЛАР ТИП ТАРМАҒЫ - BRANCHIATA
• ШАЯНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - CRUSTACEA
• ТРИЛОБИТТӘРІЗДІЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ - TRILOBITOMORPHA
• ТРИЛОБИТА КЛАСЫ - TRILOBITA
• ХЕЛИЦЕРАЛЫЛАР ТИП ТАРМАҒЫ - CHELICERATA
• СЕМСЕРҚҰЙРЫҚТЫЛАР КЛАСЫ - XIPHOSURA
• АЛЫПҚАЛҚАНШАЛЫЛАРКЛАСЫ-GIGANTOSTRAC A
• ӨРМЕКШІТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - ARACHNIDA
• КЕҢІРДЕКПЕН ТЫНЫС АЛУШЫЛАР ТИП ТАРМАҒЫ -TRACHEATA
• КӨПАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ-MYRIAPODA
• НАСЕКОМДАР НЕМЕСЕ АЛТЫАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ -INSECTA, S.HEXAPODA
Эволюциялық даму тұрғысынан қарағанда буынаяқтылардың арғы тегі
көпқылтанды буылтық құрттар (Polychaeta) екендігіне күмән жоқ. Оларды
байланыстыратын ұқсастық белгілері өте көп: үш қабатты, екі жақты
симметриялылар, екеуінің де денелері сегменттелген және кутикула қабатымен
қапталынған, жылжу (локомоторлы) мүшелері метамериялы орналасқан, ішкі
мүшелерінің құрылысы (ас қорыту, нерв жүйесі т. б.), даму жолдары да
бірдей. Осы ұқсастықтарына қарай 1817 жылы француз ғалымы Ж. Кювье буылтық
құрттар (Annelida) мен буынаяқтылар (Arthropoda) типін Articulata деген бір
топқа біріктірген. Сонда да, буынаяқтылар типінің буылтық құрттармен
салыстырғанда олардың өзіне тән біраз күрделі ерекше белгілері бар.

БУЫНАЯҚТЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Буынаяқтылардың денесі кутикула қабатымен қапталынған, буылтық
құрттарға қарағанда құрылысы өте күрделі. Ол үш қабаттан түрады: астыңғысы
- өте жұқа аморфты базальды мембрана, оның үстінде бір қатар эпителиальды
клеткалардан құралған гиподерма - тірі қабаты және гиподерма клеткаларының
бөлінуінен (өлген клеткалардан) пайда болған - нағыз кутикула қабаты.
Кутикула гиподерманың туындысы. Оның өзі үш қабатқа бөлінген: гиподермамен
жанасып жататын - эндокутикула, содан кейін экзокутикула және эпикутикула.
Эпикутикула ең жоғарғы қабат, липидтерге, балауызға өте бай, ішкі денедегі
ылғалды сыртқа шығармай жануарды кеуіп кетуден сақтайды, сондықтан суда
тіршілік ететін буынаяқтыларда бұл қабат дамымай, тек құрлықта тіршілік
ететін буынаяқтыларда жақсы дамыған. Экзокутикула мен эндокутикула қабаты
суларға, минералды тұздарға, органикалық заттарға және әр түрлі түс беретін
ферменттерге бай, сондай-ақ олардың құрамында хитин заты көп.
Буынаяқтылардың сыртқы қабатын хитинді кутикула деп атайды. Хитин -
өспейтін, созылмайтын, ешбір қышқылдарда, майларда, спирттерде, сілтілерде
және органикалық ерітінділерде ерімейтін өте берік зат. Хитин (французша
chitine, грекше chiton - тері, қабық) деген терминді, насекомдардың қатты
кутикула қабығын зерттеп, 1823 жылы француз ғалымы Л. Одье ұсынды. Хитин -
полисахаридтер тобындағы табиғи қосынды, ұзын полимерлер бір-бірімен (3-1,4
гликозоидты байланыстармен жалғасқан, N-ацетилглюкоза-миндерден тұрады.
Хитин кутикуланың яғни сыртқы қаңқаның негізгі қосындысы, дененің
қаттылығын қамтамасыз етіп қорғаныш және тірек қызметтерін атқарады.
Буынаяқтылардың кутикуласында ғана емес, сондай-ақ басқа жануарлардың қаңқа
құрылымдарында да кездеседі. Хитинді тек хитиназа, лизоцим ферменттері N-
ацетилглюкозаминге дейін ыдыратады. Олар кейбір бактерияларда, топырақ
амебалардың ас қорыту ферменттерінің арасында, кейбір ұлуларда және буын-
аяқтыларда (түлеу кезінде) табылды.
Хитиннің осындай қасиеттеріне байланысты барлық буынаяқтылардың
денесінің өсуі түлеу арқылы жүреді. Түлеу кезінде арнайы ішкі секреция
эндокриндік бездері, яғни проторакальды бездері экдизон деген затты бөліп,
сол экдизон хитинді ерітеді де, кутикула жарылып жануар ескі жабыңдысын
тастап түлеп шығады да, денесі бірнеше сағат ішшде өте жылдам өсіп,
кутикуласы қатайып осы қалпында келесі түлегенше өмір сүре береді. Біраз
буынаяқтылардың кутикуласы ізбестермен және қатқан белоктармен
безендіріліп, қатты болып келеді, мысалы, өзен шаянының, крабтың,
қоңыздардың т. б.
Хитинді кутикула бөлшектеніп дененің әрбір сегменттерінде қабыршақ
немесе тақта ретінде орналасады, сол тақталардың барлығын склерит деп
атайды. Олар орналасуына карай дорза (латынша dorsalis - арқа) немесе
үстіңгі тергит деп аталатын тақталарды құрайды, вентра (лат. ventralis -
құрсақ) немесе төменгі стернит деп аталатын және екі бүйіріндегі - плейрит
тақталарын құрайды. Барлық склериттер бір-бірімен жұқа жарғақшалар арқылы
бірігеді. Склериттер дененің сыртына қарай бағытталған көптеген қылтан
тәрізді өсінділерді, ал ішке қарай қатпарларды түзейді. Қатпарларға
бұлшықеттері және кейбір ішкі мүшелері бекінеді. Сөйтіп, буынаяқтылардың
хитинді кутикуласы дене жабыны, сыртқы қаңқасы болып, ішкі ылғалды сыртқа
шығармай, денені әр түрлі механикалық, химиялық әсерлерден қорғайды, әрі
тірек қызметін атқарады.
Буынаяқтылардың денесі сегменттелген, сегменттері буылтық
құрттардікіндей гомономды (біркелкі) емес, әркелкі болып келеді де
гетерономды (грекше heteros - басқа, nomos - заң) сегменттер деп аталады.
Тек кейбір төменгі сатыдағы буынаяқтыларда (шаян-тәрізділерде,
көпаяқтыларда) гомономды сегменттері сақталған. Гетерономды сегменттер
атқаратын қызметтеріне сай өзара бірігіп, бір типті сегменттерді құрайды,
оларды тагма немесе бөлім деп атайды.
Буынаяқтылар денесінің сегменттері әдетте үш бөлім немесе үш тагма
құрайды - бас (серhation), кеуде (thorax) және құрсақ (abdomen). Көп
жағдайда сегменттерінің жіктелуі түрліше, мысалы, бас пен кеуде сегменттері
бір-бірімен тұтасып баскеуде бөлімін құрайды, сонда жануардың денесі
баскеуде және құрсақ бөлімнен тұрады.
Бұл шаянтәрізділер мен өрмекшітәрізділерге тән, бас және тұлға
-көпаяқтыларға тән, ал насекомдардың денесі бас, кеуде және құрсақ
тагмасына айқын бөлінген.
Буынаяқтылардын дене сегменттерінің саны әр түрлі систематикалық
топтарда әр түрлі, тек бастың сегменттер құрамы тұрақты. Басы акроннан және
төрт сегменттен құралады. Акрон арғы тегінің бас қалқаншасы немесе
простомиумы (prostomium - ауыз алды сегмент). Акронда сезім мүшслері:
антенна немесс мұртшалары, күрделі фасеттік көздері және бірнеше қарапайым
құрылысты көзшелері орналасқан, тек ормекшітәрізділердің антеннасы жоқ.
Акронға денесінің терт сегменті қосылып бас бөлімін құрайды. Бас бөлімінің
осылайша қалыптасуын цефализация (грекше kephale - бас) процесі деп атайды.
Басына қосылған сегменттерінің буындалған аяқтары қорегін ұстау,
майдалау, шайнау қызметтерін атқаруға бейімделіп ауыз мүшелеріне немесе
ауыз аппаратына айналған, олар жүп үстіңгі жақ-мандибула және астыңғы жақ -
максилла І-ші мен максилла ІІ-ші. Максилла ІІ-ні астыңғы ерін деп те
атайды.
Буынаяқтылардың кеуде сегменттері өте жақсы дамыған, олардың жұп
аяқтары жылжу, жүру, жүзу, яғни қозғалысқа (локомоторлы) бейімделген.
Құрсақ аяқтары көпшілігінде редукцияға ұшырап, олардың калдықтары
құрсағының соңында әр түрлі өсінділер ретінде қалған, мысалы, құйрық
жіпшелері, церкийлер, грифелькийлер, шаншарлар, жұмыртқа салғыштар, тек
өзен шаянының аналықтарында құрсақ аяқтары ұрықтанған жұмыртқаларын жинап
ұстауға, ал аталықтарыңда жыныс өнімін аяғына құйып сақтауға бейімделген.
Буынаяқтылардың аяқтары арғы тегінің параподия деп аталатын жалған
аяқтарынан дамып, эволюция барысында атқаратын қызметіне сай бірнеше
буындарға мүшеленген (типтің аты да осыған байланысты). Аяқтары өз
сегментінде қозғалмалы түрде орналасқан.
Буынаяқтыларда арғы тегінің тері-бұлшықет қапшығы барынша жіктеліп,
бөлініп, шоғырланған бұлшықеттерге айналған. Олар көлденең жолақты,
жиырылып босаңсуы арқылы мүшелерді қозғалысқа келтіреді, ұштарымен хитинді
кутикуланың ішкі өсінділеріне тіркелген.
Буынаяқтылардың дене қуысы аралас немесе миксоцель. Ұрықтық даму
кезіңде бұларда екінші реттік қуыс, яғни целом пайда болады да, кейін
целомның арнайы перитонеальды эпителий қабаты әр жерден еріп, сонда екінші
реттік қуыстың сұйық заты бірінші реттік қуыстың қалдық сұйығымен араласады
да, миксоцель қуысына айналады, оның қызметі - тірек, тасымалдау және қор
жинау.
Ac қорыту жүйесінде буылтық құрттардікі сияқты үш бөлімі бар: алдыңғы,
ортаңғы және артқы ішек. Алдыңғы және артқы ішегі эктодермальды, ішкі
жағынан хитинді кутикуламен, ал ортаңғы -энтодермальды ішегі безді
эпителиальды клеткалармен астарланған. Ac қорыту жүйесіне түрліше
ферменттер бөлетін қосалқы бездері де жатады.
Зәр шығару жүйесі бір түрлерінде буылтық құрттардың түрі өзгерген
метанефридиясына ұқсас болса, екіншісінде - Мальпиги түтігі түрінде болады.
Олар антеннальды және максиллярлы (шаянтәрізділерде), коксальды бездер
(өрмекшітәрізділерде), Мальпиги түтікшелері (насекомдарда, көпаяқтыларда,
кейбір өрмекшітәрізділерде).
Буынаяқтылардың ортаға бейімделуіне байланысты тыныс алу мүшелері
желбезек, өкпе, трахея (кеңірдек) түрінде болады. Шаян-тәрізділер суда
тіршілік ететіндіктен желбезек арқылы тыныс алады. Желбезектері -
аяқтарының эпиподит деп аталатын жұқа өсінділері. Құрлықта тіршілік ететін
өрмекшітәрізділер өкпе және трахея арқылы тыныс алады. Өкпелері
шаянтәрізділердікіндей аяқтарының эпиподит өсінділері. Бірақ бұлар дененің
ішіне қарай тартылып орналасқан. Трахеялары (кеңірдектері) хитинді
кутикуламен астарланған, бұтақталған түтік сияқты. Олар дененің бүйір
жағындағы стигма деп аталатын тыныс алу тесіктерімен сыртқа ашылады.
Көпаяқтылар мен насекомдар тек қана трахея арқылы тыныс алады, бұлар -
трахеата тип тармағының негізгі кластары.
Қан айналу жүйесі - көпкамералы жүректің пайда болуымен ерекшеленеді,
ол перикардия (грекше peri - төңірегінде, айнала; kardia -жүрек) деп
аталатын жүрек қабы ішінде орналасқан. Жүректен шыққан қолқа және артерия
қан тамырлары дене бөлімдеріне тарап, сол жерде үзіледі де қан аралас
(миксоцель) қуысына құйылады. Қуысқа құйылған қан сондағы сұйықтықпен
араласып гемолимфаға (қан клеткалары мен ткань аралық сұйықтыққа) айналады.
Сондықтан да буынаяқтылардың қан айналу жүйесі ашық және қаны гемолимфа деп
аталады. Гемолимфа түссіз, кейде сарғыштау немесе жасыл түсті, қорытылған
заттарды тасымалдайды, зат алмасу процесінде пайда болған несеп заттарды
зәр шығару мүшелеріне жеткізеді, ішкі қысымды қалыпты деңгейде сақтайды.
Буынаяқтылардың нерв жүйесі буылтық құрттардікіндей жұтқыншақ үсті,
жұтқыншақ асты ганглия, жұтқыншақ маңындағы сақина коннективасы және ұзына
бойлық ганглиялардан құралған құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Бірақ, буылтық
құрттарға қарағанда буынаяқтылардың нерв жүйесі күрделірек. Жұтқыншак үсті
ганглиясы немесе миы үш бөлімнен тұрады: протоцеребрум - алдыңғы;
дейтоцеребрум - ортаңғы; тритоцеребрум - артқы. Дейтоцеребрум бөлімі тек
кана мұртшаларды нервтендіреді, сондықтан өрмекшітәрізділер класының
өкілдерінде мұртшаларының жойылуына байланысты мидың аралық бөлімі
дамымаған.
Буынаяқтылардың нерв жүйесінің тағы бір ерекшелігі - орталық нерв
жүйесімен қатар шеттік (немесе перифериялық) және симпатикалык (немесе
висцеральдық) нерв жүйелерінің болуы. Шеттік нервтер тері жамылғысының
бұлшықеттердің, сезім мүшелердің, ал симпатикалық - ішкі мүшелердің жұмысын
реттейді.
Нерв жүйесінің күрделенуіне байланысты буынаяқтылардың сезім мүшелері
де жақсы дамыған. Олар: күрделі немесе фасеттік кездер, қарапайым көзшелер,
иіс, дәм сезу, есту мүшелері. Осылардың көмегімен организм сыртқы ортадан
келетін алуан түрлі тітір-кендірулерге жауап қайтару қабілеттілігін дамытып
үнемі өзгеріп тұратын құбылыстарға икемделу жағдайын жасайды, яғни тіршілік
әрекетін жасайды.
Буынаяқтылар тек қана жынысты жолмен көбейеді, көпшілігі дара
жыныстылар, жыныс диморфизмі айқын. Жыныс жүйесі құрсақ бөлімінде
орналасқан. Аналықтарында жұп жыныс бездері, олардан шыққан екі жұмыртқа
шығарғыш жолдары қосылып жатын және қынапқа айналады да, жыныс тесігімен
бітеді. Аталықтарының жұп ұрық бездерінен шыққан жүп ұрық шығарғыш жолдары
бір-бірімен қосылып ұрық шашу түтігіне және шағылыс мүшесіне жалғасады.
Жыныс жүйесіне жататын қосалқы бездері де бар, олар - ұрық қабылдағыштар,
иіс шығару, жұмыртқаны субстратқа жабыстыру, жұмыртқа пілләсін жасау үшін
секреттерді бөліп шығаратын бездер.
Ұрықтануы іштей, дамуы жұмыртқаның ішінде (эмбриональдық) және
жұмыртқадан шыққаннан кейін (постэмбриональдық) өтеді.
Буынаяқтылар типі төрт тип тармағына бөлінген: желбезектыныстылар
-Branchiata; трилобиттәрізділер - Trilobitomorpha; хелицералылар -
Chelicerata; трахея немесе кеңірдекпен тыныс алушылар -Tracheata.

1-сурет. Жылғалықтар (Trichoptera) және бүргелер (Aphaniptera) отряды:
A — жылғалық Phryganea striata; Б — жылғалықтың (Limnophilus) личинкасы
өсімдік бөліктерінен жасалған үйшікте; В — адам бүргесі (Pulex irritans); 1
— имаго, 2 — личинка, 3 — қуыршақ ұқсас және суда тіршілік етеді,
құрсағында орналасқан жіп сияқты трахеялы желбезектерімен тыныс алады,
көпшідігі өздеріне түтікше тәрізді үйшіктер жасайды (өсімдіктердің, құм,
минералдардың бөлшектерінен). 3000-нан аса түрі бар. Ұзындығы 0,5 см-ден —
3 см-ге дейін. Жылғаның жағасында тіршілік етеді. Негізгі өкілдері: кәдімгі
жылға (Phryganea striata), күріш жылға (Limnophilus stigma) — күріш
дақылдарына зиян келтіреді (1-сурет).

Бүргелер отряды — Aphaniptera

Жылы қанды хайуанаттар мен адамның сыртқы паразиті. Денесінің тұрқы 1—6
мм, бүйірі қабысқан, артқы аяқтары секіруге бейімделген, қанаттары
болмайды. Ауыз аппараты тілу, сұғу, соруға бейімделген. Аналықтары
ұрықтанған жұмыртқаларын ішінен сыртқа күшпен серпіп шығарады. Жұмырткддан
шыққан личинкалары шірінді заттармен қоректенеді. Үйде көбіне ыбырсықтың
ішінде, тозаңда және т.б. мекендейді. 1000-ға тарта түрлері кездеседі.
Қазақстанда адам бүргесі (Pulex irritans) көп таралған (1-сурет). Бүргелер
иттерде, жылқыда, мысықтарда да болады. Мысықтарда мысық бүргесі
(Ctenocephalides felis), иттерде ит бүргесі (C.canis). Көптеген басқа
түрлері кеміргіштермен байланысты: саршұнақ бүргесі — (Ceratophyllus
fesquorum), атжалман бүргесі (C.fasciatus) және т.б. Бүргелер оба, бөртпе
сүзек, туляремия ауруларын таратушылар. Алатаудың баурайында жылқыда,
түйеде, ірі қара малда алақұрт бүргесі (Vermipsylla alacurt) тіршілік
етеді. Аналығының ұзындығы 6 мм, аталығы кішірек. Жұмыртқасын қыста
топыраққа салады, личинкасы, ересек түрлері (имаго) тұяқты жануарлардың
терісіне жабысып тіршілік етеді. Вермипсиллез ауруын тудырады. Малды ете
жүдетіп жібереді.
СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛЫСЫ
Насекомның денссі бас, көкірек және құрсақ деп аталатын 3 бөлімнен, ал
олардың әрқайсысы әр түрлі қосымша мүшелермен (қосалқылар) жабдықталған
бірнеше бунақтардан тұрады (1-сурет).
Бас және оның қосалқылары. Бас — тканьдері мейлінше
тығыздалған және мидың сауыты болып есептеледі де, өзара бірігіп бітіскен
де бунақтан тұрады. Онда симметриялы орналасқан 1 жұп күрделі көз,
қарапайым көздер (1...3) және қозғалмалы мұртшалар мен ауыз мүшелері
болады.
Бас сауытының өзі бір-бірінен тігіс арқылы ажырайтын бірнеше
бөлшектерден құралады. Бастың алдыңғы жағындағы кеңірек келген маңдай
бөлігі үстіңгі жағына қарай төбе, одан соң желке (шүйде) деп аталатын
бөлімдермен жалғасады (2-сурет). Маңдайдың төменгі жағында жоғарғы ерінмен
шектескен жақтау маңдайшасы орналасады. Бастың қырын жағы шекараларын нақты
ажыратуға болмайтын самай (көздің үстіңгі жағында орналасқан) және бет
(көздің астыңғы жағында) деп аталатын бөліктерге бөлінеді. Бет жоғарғы
жақпен жалғасады.
Мұртшалар немесе антенналар. Маңдайдың екі жағында көз аралығында
орналасқан, бірнеше буыннан тұрады. Иіс және сезім мүшелерінің қызметін
атқарады. Насекомның мұртшаларының құрылысы қандан түрлерге немесе топтарға
жататынына байланысты әр түрлі болады (3-сурет). Сондықтан бұл белгі
насеком түрлерін анықтау үшін кең пайдаланылады.

1-сурет. Итальялық шегірткенің дене құрылысы, қанаттарының сол жақ жұбы
көрсетілмеген (Г.Я. Бей-Биенко бойынша): 1-мұртша; 2-маңдай; 3-қарапайым
көз; 4-күрделі көз; 5-алдыңғы арқа; 6-есту мүшесі; 7-қанат; 8-жұмыртқа
салғыш; 9-табан; 10-сирақ; 11-сан.

2-сурет. Шегірткенің бас бөлімі (А. Иммс бойынша): Үстіңгі ерін; 2-
үстіңгі жақ; 3-жақтау маңдайшасы; 4-маңдай жақтау тігісі; 5-бет; 6-маңдай;
7-мұртша шұқыры; 8-қарапайым көз; 9-төбе тігісінін көрінетін бөлімі; 10-
күрделі көз; 11-төбе; 12-желке тігісі; 13-желке; 14-артқы желке тігісі; 15-
артқы желке; 16-мойын жарғағы; 17-төменгі ерін; 18-ерін қармалауышы; 19-
төменгі жақ; 20-жақ қармалауышы.

3-сурет. Насекомдардың түрлері (Н.Н Богданов- атьков және А. Иммс
бойынша): а-қылшық тәрізді; б-жіп тәрізді; в- таспик тәрізді; г-ара
тәрізді; д-тарақ тәрізді; е-шоқпар басты; ж-жұмыр басты; з-ұршық тәрізді; и-
тақта мұртша; к-иілме тарақ тәрізді; л-қисық мұртша; м-қауырсын тәрізді; н-
мұртша.
Көпшілік жағдайда бір түрге жататын насекомдардың мұртшаларының
құрылысы жынысына қарай әр түрлі болады: еркек насекомның мұртшалары ұрғашы
насекомға қарағанда жақсы жетілген.
Қоректік заттардың түрлеріне және олармен қоректену тәсілдеріне
байланысты әр түрлі топқа жататын насекомдардың ауыз мүшелері құрылысы әр
түрлі болып келеді. Ауыз мүшесі негізінен кеміргіш және сорғыш болып 2
топқа бөлінеді. Кеміргіш ауыз өсімдіктердің әр түрлі мүшелері, тұқымдары
және органикалық қалдықтар сияқты қоректік заттардың қатты түрлерімен
қоректенуге бейімделген. Ол шығу тегі жағынан насекомдардың ауыз
мүшелерінің ішіндегі ең байырғысы және сорғыш ауыз мүшелері тұрғысынан
қарағанда алғашқы түрі. Насекомдардың жеке бір топтарының сұйық қорекпен
(гүл шырыны, өсімдік клеткасының шырыны, жануарлардың қаны) қоректенуге
көшуіне байланысты сорғыш ауыз мүшелері типінің түрленген өзгерістері пайда
болған.
Кеміргіш ауызы бунақталмаған бір жұп жоғарғы жақтан, бунақталған бір
жұп төменгі жақтан және бунақталған төменгі еріннен тұрады. (4-сурет). Ауыз
мүшелерін үстіңгі жағынан жоғарғы ерін бүркеп тұрады. Жоғарғы ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Құрттар типіне жалпы сипаттама
Буынаяқтылар
Буынаяқтылар типі
Буынаяқтылар, Шаянтәрізділер,Өрмекшітәрізділер
Қазақстан көлдеріне жалпы сипаттама
Азияның өзендеріне жалпы сипаттама
Микропроцессор туралы жалпы сипаттама
Мембраналық қондырғыларға жалпы сипаттама
Меншікке жалпы сипаттама
Педагогика мамандығына жалпы сипаттама
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь