Қазақстандағы нарықтық инфрақұрылымның қалыптасу мәселесі



Кіріспе 3

1 ТАРАУ. Нарықтың мәні мен түрлері 5
1.1 Нарықтың мәні, атқаратын қызметі, түрлері 5
1.2 Нарыққа өту жағдайларына экономиканы түрлендірудің тұжырымдық негіздері 10

2 ТАРАУ. Қазақстандағы нарықтық инфрақұрылымның қалыптасу мәселесі 23
2.1 Қазақстандағы нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы 23
2.2 Шетел инвестициялары мен жоғары технологияларды нарықтық инфрақұрылымға жұмылдыру 27

Қорытынды 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 32
Нарыққа өту процесіне жоғары серпін беру үшін қандай негізгі шараларды орындау керек? Білетініміз, бұл жол жеңіл емес, өтпелі кезеңнің ауыртпалықтарьш жеңу де оңайға түспейді. Реформалар үшін терең ойластырылған және ғылыми негізделген іс-әрекеттің өте қажеттілігін,оған шешімділік пен табандылықтың керектігін еткен жылдар тәжірибесі көрсетті. Өтпелі кезеңде пайда болатын жаңа заңдар, ең алдымен осы уақытқа дейінгі қоғам жинақтаған жақсы тәжірибені, нақты бекіген, өміршең қатынастарды (адамдар, ұйымдар, мекемелер арасында) қорытындылауы қажет, содан кейін ғана жаңа қатынастарды орнықтыра бастау керек. Өтпелі кезенді бастан көшіре отырып, белгілі нақыл сөзді естен шығармау маңызды: "Қирату (бүзу, жаңадан жасау емес)".
Экономикалық көзқарас түрғысынан нарыққа ету ең алдымен меншік қатынастарына байланысты және осы негізде жаңа кәсіпкерлік қүрылымдарды дамыту мәселесін шешуді қажет етеді. Меншіктің дәстүрлі формаларымен қатар (мемлекеттік, кооперативтік) жеке меншік те іс жүзінде орнығуы тиіс. Жеке меншік туралы пікірталастар мен қорқытуларға, ізгі ойлармен ғана тойтарыс беріп қоймай, жеке меншік негізінде дамыған, гүлденген елдер тәжірибесіне де сүйену керек.
1. К.Макконнелл, С.Брю. “Экономик-с: принципы, проблемы и политика”. - М.:Республика, 1995.
2. С.Фишер, Р.Дорнбуш, Р.Шмалензи. "Экономик-с". - М.:Дело, 1993.
3. П.Самуэльсон. "Экономика". - М.:Машиностроение, 2003
4. А.С.Булатов. "Экономика". - М.:БЕК, 2004
5. Е.А.Туркебаев. "Учебник по основам экономической теории". - Алматы: Баспа, 1997.
6. А.Я.Лившиц. "Введение в рыночную экономику" . - М.:Высшая школа, 1994.
7. Дж.Сорос. "Советская система: к открытому обществу". - М.:Политиздат, 1991.
8. Б.Э.Бейлина. "Экономическая политика партии и ее осуществление в промышленности СССР в условиях развитого социализма". - М.:Издательство МГУ, 1980.
9. К.К.Вавилов. "Развитой социализм и управление". - Л.:Лениздат, 1980.
10. С.С.Вечерский. "Эволюция "концепции командности" в советологических оценках экономики СССР". - Л.:Издательство ЛГУ, 1991.
11. Р.И.Хасбулатов. "Мировая экономика". - М.:ИНСАН, 2002
12. Д.В.Валовой. "От застоя к развалу". - М.:Наука, 2004.
13. П.А.Игнатовский, В.И.Щегловский. "Советская экономика: опыт и перспективы". - М.:Политиздат, 2001.
14. "Не сметь командовать". Под ред. Н.Я.Петракова. - М.:Экономика, 1990.
15. "Трудный поворот к рынку". Научная. ред. Л.И.Абалкин. - М.:Экономика, 1990.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3

1 ТАРАУ. Нарықтың мәні мен түрлері 5
1.1 Нарықтың мәні, атқаратын қызметі, түрлері 5
1.2 Нарыққа өту жағдайларына экономиканы түрлендірудің тұжырымдық
негіздері 10

2 ТАРАУ. Қазақстандағы нарықтық инфрақұрылымның қалыптасу мәселесі
23
2.1 Қазақстандағы нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы 23
2.2 Шетел инвестициялары мен жоғары технологияларды нарықтық
инфрақұрылымға жұмылдыру 27

Қорытынды 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 32

Кіріспе

Нарыққа өту процесіне жоғары серпін беру үшін қандай негізгі шараларды
орындау керек? Білетініміз, бұл жол жеңіл емес, өтпелі кезеңнің
ауыртпалықтарьш жеңу де оңайға түспейді. Реформалар үшін терең
ойластырылған және ғылыми негізделген іс-әрекеттің өте қажеттілігін,оған
шешімділік пен табандылықтың керектігін еткен жылдар тәжірибесі көрсетті.
Өтпелі кезеңде пайда болатын жаңа заңдар, ең алдымен осы уақытқа дейінгі
қоғам жинақтаған жақсы тәжірибені, нақты бекіген, өміршең қатынастарды
(адамдар, ұйымдар, мекемелер арасында) қорытындылауы қажет, содан кейін
ғана жаңа қатынастарды орнықтыра бастау керек. Өтпелі кезенді бастан көшіре
отырып, белгілі нақыл сөзді естен шығармау маңызды: "Қирату (бүзу, жаңадан
жасау емес)".
Экономикалық көзқарас түрғысынан нарыққа ету ең алдымен меншік
қатынастарына байланысты және осы негізде жаңа кәсіпкерлік қүрылымдарды
дамыту мәселесін шешуді қажет етеді. Меншіктің дәстүрлі формаларымен қатар
(мемлекеттік, кооперативтік) жеке меншік те іс жүзінде орнығуы тиіс. Жеке
меншік туралы пікірталастар мен қорқытуларға, ізгі ойлармен ғана тойтарыс
беріп қоймай, жеке меншік негізінде дамыған, гүлденген елдер тәжірибесіне
де сүйену керек.
"Меншік" түсінігіне объективті ақиқат түрғысынан қарау адамдардың іс-
әрекетін жаңаша бағалауға мүмкіндік береді. Өйткені, меншік — адамның жеке
қасиеттерінің материалданган көрінісі, меншікті пайдалану арқылы ол қоғамға
тартылып, басқа меншік иелерімен қатынасқа түседі. Міне, осы жерде
әлеуметтік байланыстардың игі әсері ретінде дәстүрлі өнегелілік қалыптасып,
бекиді. Тіпті меншікті иелену адамдар арасындағы қатынастарға шынайылық пен
әділеттілік сипатын береді. Жеке меншік басқа меншік түрлерінің өмір сүруін
шектемейді, қайта барлық меншік түрлері өзара бәсекеге түсу арқылы
ездерінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдейді.
Нарыққа өту кезеңінде нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлін шектеу
объективті сипатқа ие болады. Бірақ, бұл процесс тиянақты ойлау мен жан-
жақты өлшенген тәсілді қажет етеді. Мысалы, теория тұрғысынан
беймемлекеттендіру саясатын жүргізгенде, жүмыссыздық пайда болып өршиді,
халықтың бір бөлігінде болашаққа сенімсіздік, селқостық пайда болады және
т. б. Бұл жағдайда үкімет экспорт пен импорттың арақатынасын реттеу
мақсатында тарифтер мен үлестер (квота) саясатын қолданады. Мұндай жағдайда
тарифтерді қолдану пайдалы болады. Біріншіден, тарифтер мемлекеттің кірісін
көбейтеді, ал үлестер болса шетел тауарларына жасанды түрде шектеу қойып,
соған байланысты олардың бағасының шарықтауына, сөйтіп шетел өнім
шығарушыларының баюына әкеледі. Екіншіден, тарифтер саясаты кезінде
дүниежүзілік және ішкі бағалар бір бағытта өзгереді, ал үлес саясаты
кезінде ішкі бағалар дүниежүзілік бағалардан тым жоғары болуы мүмкін. Мүның
мәнісі, тарифтік саясат кезінде халық шаруашылығының экономикалық шығыны
азаяды, ал үлес саясаты кезіндегі шаруашылық тиімсіздігі өте үлкен мөлшерге
жетуі мүмкін.

1 ТАРАУ. Нарықтың мәні мен түрлері

1.1 Нарықтың мәні, атқаратын қызметі, түрлері

Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы сан
мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың,
салалардың, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық
шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы
өндірістің "қан айналымы" жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы
қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршеңдігі
өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты,
дегенмен нарықтардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар, ұдайы
өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай
әсер етеді.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар
толастамай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде "нарық" деген
терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтық
қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у-шуы көп
кәдімгі базармен теңессе, ал енді біразы нарықты экономиканы барлық
ауруынан тез жазатын керемет "дәрі" деп те, немесе осы салада орын алып
отырған олқылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтін керемет "күш" деп те
дәріптеуде.
Саяси экономикалық мағынада нарықты айырбас қатынасын білдіретін
экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде
Ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды. Сонымен,
нарық тауарлы өндірістің құрамды компоненті, тауарлы өндіріс пен айналыстың
заңдарына сүйенетін айырбас процесі. Нарық — тауар мен ақша айналысы
қатынастарының жиынтығы.
Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның
категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т. б.) өмірге әкелді. Көп уақыт
бойы біздің еліміздегі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі
нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне
көшу нарықтық айырбасқа кең жол ашып отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық
қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі "батыстық модельдерді" қайталау емес.
Бүрынғы социалистік елдердегі нарықтық қатынастардың үлғаюы шаруашылық
механизмін қайта қүру барысындағы заңды көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988
жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына
көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтың тепе-теңдігі қалыптастырылды. Әрбір
өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл
жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да нарық өндірістің тиімділігі
мен халықтың әлеуметтік-түрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей
бастады.
Соңғы уақытта, теориялық дискуссияларда нарық пен жоспар бір-біріне
орынсыз қарсы қойылып жүр. Шын мәнінде Ұдайы өндіріс (жоспарлы ұйымдасқан
прсцесс) нарықты, оның икемділігін, экономиканың тиімділігін арттыруға
пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан нарық Ұдайы өндірісті үйлесімді
дамытудың басты тұтқасы. Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы
шаруашылық механизмінің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет
ететінін естен шығармаған жөн.
Нарықтың атқаратын басты қызметтеріне өндіріс пен тұтынудың
арақатынасын реттеу, Ұдайы өндірістің үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады.
Қоғамдық қажеттіліктерді өтеу барысында халық шаруашылығы құрылымдары,
өнімнің түрлері және басқа да шаруашылық параметрі жоспарланады. Сөйтіп,
өндіріс пен тұтыну процестерінің арасындағы байланыстар белгіленеді. Ал
мүндай жоспарлы бағыт-бағдарлар мен тапсырмалар алдымен нарықта, сүраныс
пен ұсыныс, кәсіпорындардын келісімдері арқылы алғашқы сынақтан өтеді.
Сонымен қатар, нарық белгіленген жоспарды жүзеге асыруда маңызды рөл
атқарады. Өйткені ол өндірілген өнімнің оған жұмсалған еңбектің қоғамдық
қажеттілігін дәлелдейді. Нарықтың тағы бір маңызды қызметі өндіріс
шығындарын азайту. Бұл қызметін ол бағаның қоғамдық қажетті еңбек
шығындарын нақты сипаттауымен байланысты атқарады. Тек бағалар нарықтық
өзгерістерді әрдайым ескеретіндей икемді болулары керек.
Көп уақыт бойы біздің шаруашылығымыздың бүрынғы социалистік елдердегі
сияқты сәйкестілігі бүзылып, экономика тапшылық жағдайында, болып келді.
Мүны Ұдайы өндірістің заңдылығы деп түсінушілер де аз болған жоқ. Сөйтіп,
социализм тұсында сүраныс ұсыныстан әрдайым артық болуы керек деген формула
пайда болды. Нарық қүрылымы өте күрделі. Мүның ең басты буыны — өндіріс
құрал-жабдықтары қозғалысы материалдық-техникалық жабдықтау түрінде жүзеге
асты. Материалдық-техникалық жабдықтау-орталықтан ресурстарды жоспарлы
түрде өндірушілер мен тұтынушыларға бөліп отыру. Бұл басқарудың әкімшілдік-
әміршілдік түріне тән әдіс еді. Сырт қарағанда материалдық-техникалық
жабдықтау сатып алу, сату арқылы жүргізіледі, бірақ бұл формалды түрде
болып келді. Нарықтың Ұдайы өндірістегі рөлін көтеру үшін өндірушілер мен
тұтынушылар арасында тікелей коммерциялық және аралық рөл атқаратын көтерме
базалар арасындағы қатынасты кеңінен дамытуды өмір талап етті. Материалдық-
техникалық ресурстарды ортал ықтан бөлуден өндіріс құрал-жабдықтарын нарық
арқылы сатуға көшу, еңбек ұжымдарының өзін-өзі басқару мен экономикалық
дербестігін күшейтіп іскерлігін көрсетуге жол ашты.
Көтерме сауданың бірінші көрінісі — өндірушілер мен тұтынушылардың
арасындағы келісім шарт түріндегі байланыстар. Олар өзара өнім өндірудің
көлемдерін, оның сапасын және жабдықтау жағдайларын анықтайды. Көтерме
сауда шаруашылық есептегі базалар мен дүкендер арқылы да ұйымдастырылады.
Өндіріс құрал-жабдықтарын көтерме сауда арқылы сату алдын ала экономикалық
және ұйымдастыру алғы шарттарын қажет етеді. Әңгіме сүраныс пен ұсыныстың
арақатынасын ескертетін бағалар жүйесіне, нақтылы шаруашылық есепке көшу,
дамыған инфрақұрылымын жасау (қоймалар мен базалар, транспорттық қызмет
көрсету және т. б.). Тек шаруашылық коммерциялық есепті нығайту арқылы
ресурстарды үнемдейтін экономикалық түтқаларды жасауға болады. Көтерме
сауда нарығына көшудің басты жағдайына ресурстар мен қажеттіліктің
сәйкестілігін сақтау да жатады.
Жалпы тауар айналысы ақша айналысымен тығыз байланысты. Сондықтан
өндіріс құрал-жабдықтары нарығының дамуы, кәсіпорындардың коммерциялық
сауда қызметінің кеңеюі ақша ресурстарының қарыз қорын және бағалы
ақшалардың жеке нарығының қүрылуын, олардың қозғалысының икемділігін
жарастыруды талап етеді. Сөйтіп, нарықтың құрамында бағалы ақшалардың
облигациялар мен акциялардың коммерциялық айналымы орын алуы мүмкін. Әзірге
бүрынғы социалистік елдерде мемле-кеттік облигациялар механизмі жолға
қойылған. Венгрия мен Қытайда сонымен қатар акциялар нарығы да орын алуда.
Нарықтық дамыған форма биржалардың ұйымдасуын талап етері сөзсіз.
Болашақта нақты жүйенің қалануына ұлттық ақшаның төлем қабілетінің,
айналым қызметінің өсуіне қарай теңгенің белгіленген курсқа сәйкес шетелдік
вальюталарға еркін айырбастау нарығының да құрылуы объективті құбылыс.
Өндіріс құрал-жабдықтары айналысының ерекше бір формасы, ауыл
шаруашылық өнімдерін сатып алу. Қазіргі кезеңде агроөнеркәсіптік
бірлестіктер жоспарлы сатып алу көлемін мемлекеттік заказ ретінде аудандық
агроөнеркәсіп бірлестіктеріне жібереді. Жекелеген шаруашылықтарға сатып алу
заказдары берілмейді, оның көлемі белгіленген баға бойынша келісім шарт
негізінде анықталады.
Ұдайы өндіріс процесінде тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету нарығының
маңызы да зор. Тек осының негізіңде өндірісті үлғайту мен тауарлардың
сапасын жақсарту бағдарламалары жүзеге асырылады. Осы мәселенің
маңыздылығын былай анықтауға болар еді. Егер біз нарықты алуан түрлі
тауарлармен және көрсетілетін қызмет түрлерімен молықтыра алмасақ, бөліс
қатынастарын жетілдіру жөніндегі барлық күш-жігерлеріміздің тиімділігі
шамалы болып шығады, ал халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі міндетіміз
орындалмай қалады. Халық тұтынатын тауарлар өндіру мен қызмет көрсету
саласын дамытудың кешенді бағдарламасы міне осыған бағытталуы қажет.
Қазіргі кезеңдегі тұтыну тауарлары нарығының ерекше белгісі — тұтынушылар
сүранысын жақсы өтеу барысында өндірушілер арасында конкурс пен жарыс
өткізу. Мүнда көтерме сауда жәрмеңкелерін жиі өткізудің маңызы зор. Әсіресе
ТМД елдерінің, аймақтардың арасында осьндай жақсы тауарлар сату жарысын
ұйымдастыру өндірушілер үшін үлкен сын болар еді. Бұл болашақта халықаралық
экономикалық қатынасқа кәсіпорындардың өз еркімен қатынасуына да үлкен әсер
етері сөзсіз.
Көптеген елдердің тауар айналымында ауыл шаруашылығы мен басқа
кооператив өнімдері, өздерінің қосалқы шаруашылығывда өндірген өнімдерді
өткізетін нарық көрнекті орын алуда. Экономикалық реформа барысында
колхоздар жоспардан тыс 30 пайызға дейінгі жоспарлы өнімді қалаларға апарып
келісім бағалармен сатуға құқылы.
Нарықты сапалы жақсы тауарлармен толтыру мен қызмет көрсетуді
жақсарту, біздің әлеуметтік саясатымыздың басты міндеті. Ең бастысы
реттелетін әлеуметтік нарықты дамыту, алыпсатарлармен күрестегі жеңістің,
"көлеңкелі экономиканы" жоюдың алғы шарттары.
ТМД елдерінің ұлттық нарықтары бір-бірімен тығыз байланыста. Олар
дүниежүзілік нарықпен де қарым-қатынасты үлғайтуда. Бұл қатынастарды
дамытудың материалдық негізі ол елдер арасындағы еңбек бөлінісін тереңдету,
тікелей тауар айырбасы мен сату қызметтерін кеңейту. Тауар айналысы мен
нарық "сатушы мен сатып алушылардың" арасындағы қатынастың көріну формасы
болғанымен, олар шын мәнінде өндіріс пен тұтынудың, сүраныс пен ұсыныстың
қайшылықтарын нақты көрсетеді.
Сұраныс пен ұсыныс — халықтың тауарларға деген төлем қабілеті бар
сұранысы (сатып алу қабілеті) мен ол тауарларды ұсынудың (сатуға шығарудың)
арасындағы қатынас. Тауарды сатып өткізу процесі қалыпты жүзеге асып түруы
үшін сатуға шығарылатын тауар мен халықтың төлем қабілеті бар ұсынысы сай
келуге тиіс. Алайда өмірде дәл осылай бола бермейді. Өйткені, сұраныс
қоғамның барлық қажеттерін көрсетпейді, ол тек ақша қаржысымен қамтамасыз
етілген өндіріс құрал-жабдықтарымен тұтыну заттарына деген сүранысты
қанағаттандыруды қамтиды. Сұраныс сияқты, ұсыныс та елдегі өнім өндірудің
бүкіл көлемін сипаттайды. Мысалы ол тауар айналысы саласынан тыс өндірістік
және жеке тұтынуға түсетін өнімдерді өндіру резервтері мен көлемін
қамтымайды. Халық түтьнатын тауарларға сұраныс пен ұсыныс арасындағы
сәйкестік тұтыну заттарының көлеміне, қорлану қорын ұтымды пайдаланып,
өндірістің тиімділігін арттырумен тікелей байланысты. Сұраныс пен ұсыныстың
арақатынасына қоғамдық өндірістің екі бөлімінің — өндіріс құрал-жабдықтары
мен тұтыну заттары өндірісінің өсу қарқыны әсерлі ықпал етеді.
Сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігіне халықтың ақшалай табысы мен еңбек
өнімділігінің өсу қарқынының арақатынасы да ықпал етеді. Осы арақатынасты
реттеуде баға да маңызды рөл атқарады. Егер, жекелеген тауарлар ұсынысы
сұраныстан асып кетсе, мемлекет бөлшек сауда бағасын кемітеді, осының
салдарынан нарық сыйымдылығы артып, тауарлар тез өткізіледі. Ал егер ұсыныс
сұраныстан артта қалса, мемлекет ең алдымен тұтыну заттарын өндіруді
үлғайту шараларын қолданады, тек кейбір жағдайда ғана, осындай тауарларды
едәуір үлғайту мүмкіндігі болмаған сәтте мемлекет бұл тауарға деген сұраныс
пен ұсынысты бір-біріне сәйкестендіру мақсатымен бағаны көтеруге мәжбүр
болады. Бірақ мүндай жағдайларда бір тауардың бөлшек сауда бағасьш көтеру,
әдетте, басқа тауарлардың бағасын кемітумен толықтырылады. Халық тұтынатын
тауарлар бойынша рыноктық тепе-теңдікті орнатудың және оны бірқалыпты
сақтаудың қажетті алғы шарты халықтың сұранысын үнемі зерттеп есепке алу
болып табылады. Нарықтық тепе-теңдік халық шаруашылығының үйлесімді
дамуының бір белгісі. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің бұзылуы
экономиканың сәйкестілігінің бұзылып, өндірістің дамуьша, әлеуметтік
мәселелерді шешуді қиындатады.

1.2 Нарыққа өту жағдайларына экономиканы түрлендірудің тұжырымдық негіздері

Қазіргі уақытта барлық посткоммунистік елдерде экономикалық
парадигманың ауысуы, шаруашылықты жүргізу теориясыиен тәжірибесінде
гуманистік даму бағыттарының дами түсуі болып жатыр. Жақында өткен заманда
экономикалық өсу қайнары басты түрде материалды-техникалық базаның
қалыптасуына байланысты қарастырылды. Елдің даму деңгейі өндіріс көлемінің
өсу дәрежесіне сәйкес анықталды, және адам капиталдың түпкілікті
элементтері сияқты тура сондай қор ретінде болғанда, тиімділік критерийлері
өндірістің негізгі элементтері қайтарымының түрлерімен ұштастырылды. Жаңа
экономикалық парадигмада акценттер ығыстырылады. Оның орталығында –
экономиканың тиімді сапалы түрленуге және құрымдылық ығысуға қабілеттілігін
бағалау тұрады.
Экономиканың даму дәрежесі туралы аса толық түсінікті халық
шаруашылығының құрылымы береді, ол нарықтық жағдайларда жеке салалардың
ілгері дамуына қойылатын талаптарға сәйкес келу керек.
Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен,
өндірістік және ғылыми потенциалдармен және материалдық өндірістің
әлеуметтік-экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. өндірістің
тиімді орналасуы – халық шаруашылық және территориялық пропорцияларды
жетілдіруге арналған база. Ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті жаңа
кәсіпорындарды орналастыру арқылы үйлеспеушіліктер жойылады, олар қоғамның
мұқтаждықтарын есепке алумен қажетті пропорцияларды белгілейді. Ішкі
құрылыстағы ығысулар да салалардың даму қарқындарына, табиғи ресурстарды
және қолда бар өндірістік аппаратты пайдалануға байланысты болады.
Сонымен, бір аймақтың дамуы меншікті міндеттерді шешуді ескермегенде
басқа аймақтардың мұқтаждықтарын қанағаттандырумен анықталды. Оның
экономикасы тиімсіз құрылымдық саясаттың салдары болып табылған, бірқатар
ерекшеліктермен сипатталады:
- ауыр өнеркәсіптің шамадан тыс дамуы, соңғы емес, аралық өнімді
шығаратын материал сыйымы салалардың басым болуы;
- тұрғындардың қажеттері үшін өндірілетін өнімнің төмен үлесі;
- өндірістік аппараттың технологиялық артта қалғандығы (өнеркәсіптің
негізгі қорларының тозуы – 60 % -тен артық, оның шамадан тыс көп үлесі
металлургиялық, отын-энергетикалық комплекстерде);
- экологиялық мәселелер – Орталық Қазақстан қоршаған ортаның ластану
және құлдилау дәрежесі бойынша, табиғатқа антропогенді жер етудің
жиынтығы бойынша республикада алдыңғы орындардың бірін алады (ол
атмосфераға зиянды заттардың лақтырыстары бойынша – бірінші орын).
Барлық постсоветтік кезең бойында орталық органдар аймақтың
әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін база құруға емес, көмір
өндіру бойынша міндеттерді шешуге баса назар аударды. Шаруашылықты
жүргізудің және әлеуметтік мәселелерді шешудің жағымсыз тәжірибесі – бұл
аймақты шаруашылықтық игерудің технократтық тұжырымдамасын айтарлықтый іске
асыру, ол өндірістік мақсаттардың әлеуметтік мақсаттардан басылымдығымен
ғана емес, сонымен бірге келешекті міндеттерді шешуге зиян келтіріп,
ағымдағы қиыспаушылықтарды жоюға жұмсалатын күштерді шоғырландырумен де
сипатталған.
Өндірісті дамыту, ҒТП бойынша шараларды жүзеге асыру, өнім сапасын
жақсарту үшін өте қолайсыз жағдайлар қалыптасты. Сондықтан өнеркәсіптегі
онсыз да ескірген өндірістік аппарат, соңғы екі-үш жылда алапатты түрде
бұзылады, бұл көптеген кәсіпорындардың тоқтатылуы және жабылуы үшін қосымша
себеп болуы мүмкін. Сонымен бірге, бұрын көрсетілгендей, біздің
экономикамыздың жетілмеген құрылымын есепке алу керек. Ауыр өнеркәсіптегі
өндіруші және шикізатты салалардың меншікті салмағы өте жоғары. Және осы
кезде ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, яғни экономиканың
тұтынушы секторы жеткіліксіз дамыған болып қалады.
Әсіресе материалдық өндіріс пен әлеуметтік сфераның ара қатынасында
біздің артта қалғанымыз анық. Дамыған елдерден айырмашылығында, біздің елде
әлеуметтік сферада – 25 % болғанда, материалдық өндірісте еңбекке қабілетті
тұрғындардың 75 % - тен артығы қамтылған. Бұл ара қатынас материалдық
өндірісте еңбек өнімділігінің төмендігін білдіреді, басқаша айтқанда
тұрғындардың материалдық өнімдегі мұқтаждықтары қанағаттандырылмайды. Бірақ
істің мән-жайы біздің экономикалық дамуымыздың деңгейі өте төмен
екендігінде ғана емес. Істің мән-жайы – шаруашылықты басқару теориясы мен
тәжірибесінде осы уақытқа дейін экономика құрылымын жетілмеген
көзқарастардың пайдаланылуында. Сонымен, халық шаруашылығының өндірістік
және өндірістік емес сфераларға бөлінуі сақталады, ал соңғысының астарында
әлеуметтік сфера түсіндіріледі.
Экономикалық әдебиеттерде материалдық өндірістің шешуші ролі барынша
қолданады, ал әлеуметтік сфера тұрлаусыз сфера ретінде беріледі.
Шындығында, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ҒТР қызметтер сферасын
болып көрмеген өсу шегіне, ғылым, білім, мәдениет экономикалық дамудың
басты факторлары болып келеді. Сондықтан әлеуметтік сфераның басым дамуын
жариялап қана қоймай, оны іс жүзінде жүзеге асатындай қамтамасыз ету керек.
Өкінішке орай, қазіргі уақытта атап айтқанда ғылым, білім және мәдениет
ауыр халде қалды, бұл біздің елімізді әлемдік дамудың қазіргі деңгейінен
шегіндіріп тастайды. Мысалы, дамыған елдерде ВНП құруда әлеуметтік сфераның
үлесі, материалдық өндіріске қарағанда жоғары екенін біздің ұғынуымыз қиын
болады.
Өндірістік қатынастардың түрленуі өндірістік күштердегі терең
өзгерістермен үйлесуі керектігі әбден түсінікті. Бірінші кезекте, ауыр
өнеркәсіптің (ең алдымен, оның өндіруші және шикізатты салаларының) шамадан
тыс басым болуын жеңумен және халықтың мұқтаждықтарын тікелей қамтамасыз
ететін салалардың жылдам дамуымен байланысты, терең құралымдық өзгерістер
ескеріледі.
Дәстүрлі түрде жинақталған құралымдық диспропорцияларды жою, халық
шарушылығының жаңа құралымындағы ілгері техника-технологиялық негізде
пропорционалдықты қалпына келтіру нарықтық экономикада “циклдік дағдарыс”
кезеңінде жүзеге асырылады (66). Басқаша айтқанда, ұдайы өндіру процесінің
циклдік сипаты, мәні бойынша, кезеңдік техника-технологиялық жаңғыртудың
және жоғары дамыған мемлекеттерде де, дамитын елдерде де аймақтық
экономикалардың құрылымдық қайта құрылуының басты рычагы болып табылады.
Аймақтың халық шаруашылығы үшін ерекшелік – экономикалық дағдарыстың
біршама басқа себептермен болуында, ал нарықтық қатынастарға өту
дағдарыстық жағдайдан шығуды жеделдетуге қабілетті, қозғаушы күш ретінде
қарастырылады. Алайда, бұл экономиканың құлдырауын тоқтату, ҒТП-ны
пайдалану негізінде оның материалды-техникалық базасын техникалық және
экологиялық жаңғырту бойынша міндеттердің бір мезгілде шешілу қажеттігін
болғызбай тастамай, керісінше күшейтеді.
Экономиканың құрылымдық қайта құрылу мәселелері бойынша ауқымды
экономикалық әдебиеттерге қарамастан, қазіргі уақытқа дейін құрылымдық
қайта құру категориясын түсінуде бірлікке қол жеткізілмеген. Сонымен,
жұмыста экономиканың құрылымдық-технологиялық қайта құрылуын, осы
мәселенің әр түрлі аспектілерін қарастыра отырып, автор бұл категорияға
анықтама бермей, құрылымды-инвестициялық және ғылыми-техникалық саясаттың
сайланушылығы туралы, олардың басымдылықтары туралы мәселені қояды. Ф. М.
Дінішев экономикалық өсі мен белсенділіктің ауытқуларын экономиканың
технологиялық құрылымының жаңартылуымен және техника-экономикалық даму
бағыттарының өзгертілуімен байланыстырылады.
Алайда құрылымдық қайта құру жеке технологиялық процестерге ғана емес,
барлық макроэкономикалық жүйеге тән, және оны еңбектің қоғамдық бөлінуіне
негізделген, өндірістік күштерді дамытудың және өндірістік қатынастар
жүйесінің қол жеткізген деңгейімен себептелген қайта құру ретінде қарастыру
керек. Сонымен бірге экономиканың тиімді құрылымын қалыптастыруда
технологиялық тәртіптің атқаратын ролін ерекше атап көрсету керек.
“Қазақстан өнеркәсібін құрылымдық қайта құрудағы ғылыми-техникалық
басымдылықтар” атты ұжымдық монографияның авторлары құрылымдық қайта құруды
өндіріске енгізілетін жаңалықтардың қуатты ағының қамтамасыз ету арқылы
белсенді ,ылыми-техникалық саясатты жүзеде асыруды мемлекеттік реттеу
шараларының бірыңғай және қатаң дәлелденген жүйесі негізінде комплексті
түрде жүргізуді ұсынады.
Әр түрлі пікірлерді және экономиканы құрылымдық қайта құрудың
анықтамаларын салыстыру, берілген мәселені шешу алғашқы көзқарасқа
қарағанда едәуір күрделірек екенің растайды. Бұл зерттеудің әр түрлі
аспектілерінің бар болуымен себептелген, оларға байланысты экономиканың,
құрылымын мұндай немесе басқа құраушылардың басты ролі анықталады.
Құрылымдық қайта құрулар қоғамдық қажеттіліктердің өзгерген жүйесі мен
материалдық өндірістің құрылымы арасында пайда болатын қарама-қайшылықты
шешу, салалар арасындағы шектелген ресурстарды бөлу құралы болып табылады.
Бұл қарама-қайшылықты шешуде қажеттіліктерді де, сондай-ақ экономиканың
ресурстық базасын да түрлендіретін ҒТП маңызды роль атқарады.
Экономикадағы ұзын толқындар теориясына және оның негізінде әзірленген
технологиялық тәртіп (ТТ) теориясына сәйкес атап айтқанда технологиялық
тәртіптің ауысуы (өзінің даму процесінде тұтастықты сақтайтын және
тұйықталған қайта жаңғырту циклын қамтитын, технологиялық байланысқан
өндірістер жиынтығының ауысуы) ҒТП - ның төңкерістік кезеңінің негізгі
мазмұны болып табылады. Осындай ауысу нәтижесінде еңбекті қоғамдық бөлуде,
салалар арасындағы ресурстарды бөлуде өзгерістер болады, бұл экономикалық
өсуге және экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне әкеліп соғады.
Экономикалық әдебиеттерде XIX - XX ғ.ғ. бір-бірін ауыстырған, алты
технологиялық тәртіпті (ТТ) бөліп көрсетеді, олардың әрқайсысында
салалардың белгілі тобы түрінде технологиялық ядро басым болды.
Бірінші ТТ үшін – бұл тоқыма өнеркәсібі және машина жасаудың сәйкес
салалары; екінші – көмір өнеркәсібі, қара металлургия, ауыр машина жасау;
үшінші – электр энергетикасы, электртехникалық өнеркәсіп; төртінші – химия
және мұнай-химия өнеркәсібі, түсті металургия, химиялық машина жасау,
автомобиль жасау.
70-ші жылдардың аяғында басталған бесінші ТТ есептеу техникасының
өндірісіне, микроэлектроникаға, аспап жасауға, радиоэлектрондық өнеркәсіпке
сүйенеді. Және, ақырында, әлемнің озық елдері информациялық технологиялар
мен телекоммуникацияларға, робот жасауға, биотехнологияларға негізделген,
алтыншы ТТ-ға өтуді бастады.
Қазақстан озық елдерден бір тәртіпке қала отырып, бесінші ТТ-ға әзірше
баяу өтуде. Бұдан басқа, біздің аймақта да реформа бесінші ТТ-ның ядросын
құрайтын салаларға теріс жерін тигізді. Қазақстан экономикасы дамуының
қазіргі кезеңінің ерекшелігі құрылымдық қайта құру механизмінің толығымен
жоқ болуы болып табылады. Реформа басталға дейін болған ресурстарды бөлудің
орталықтандырылған механизмі жойылған, құрылымдық қайта құрудың нарықтық
механизмі әлі құрылған жоқ.
Аймақтық экономика теориясында аймақтық дамуды реттеуге екі қарама-
қарсы ыңғай бар. Неоклассикалық бағыт аймақтардың дамуындағы айырмашылықтар
уақытша болып табылады және нарықтық механизммен жойылады деп
болжайды.неокейнсиандық бағыт рынокты аймақтық диспропорциялардың нашар
реттегіші деп есептейді, олар мұндай “реттеу” кезіңде тек қана
тереңдетіледі және аймақтық диспропорцияларды тек мемлекеттің программалы-
мақсаттық қызметі ғана жоя алады.
Ұлыбританияның (Шотландия), Германияның (Рур), АҚШ-тың (Аппалачи)
тоқырау аудандарында құрылымдық саясатты жүргізуде бұл ыңғайларды пайдалану
тәжірибесі біріншіден, олардың қандай да бір комбинациясы керек; нарықтық
механизм әрекет ету керек, бірақ дамудың мақсаттық бағдарламалармен
белгіленетін тұрғыда әрекет ету керек деп куәландырады. Екіншіден,
мемлекеттік кірісудің нәтижелері мақсаттардың дұрыс қойылуына және
дағдарысты салаларды мемлекеттік қолдаудың келешегі жоқ, өйткені ескірген
технологиялық тәртіпті “тоқтатып қоюды” білдіреді. Дағдарысты салалардағы
тек жоғары технологиялық және ғылыми ауқымды өндірістерді ғана қолдау және
оларды әр тараптандыру тиімді.
Орталық Қазақстанның және Ұлыбританияның, Германияның, АҚШ-тың тоқырау
аудандарының проблемаларының ұқсастығына қарамастан, біздің пікірімізше,
Жапонияның соғыстан кейінгі тәжірибесі бұдан да құнды, Жапония өнеркәсіптік
өндірісті қалпына келтіру және өзінің әлемдік экономикалық ірі мемлекет
статусын қайтару мәселелерімен соқтығысты, сондай-ақ 80-ші жылдарда
аймақтық “өсу полюстерін” құрудағы Жапонияның тәжірибесі де құнды. Бұл
бағдарламалары – мақсаттық ыңғай және өнеркәсіптің инновауиялық түрленуі
есебінен жасалған болатын.
Қазақстанда мемлекеттің құрылымдық қайта құруға стратегиялық
араласуынан қашып құтылу мүмкін емес, өйткені “қуып жететін” экономика
моделін іске асыру үшін ғана емес, сонымен бірге әзірше толық көлемде
қалыптаспаған нарықтық шаруашылық механизмді толықтыру, түзету үшін қажет.
Орталық Қазақстандағы аймақтық саясат, біздің пікірімізше, тоқырауға
қарсы емес, ал ел экомикасында аймақтың сақталуын ғана емес, сонымен бірге
атқаратын ролін күшейтуді қамтамасыз ететін, құрылымды-инновациялық саясат
болу керек. Ол үшін барлық алғы шарттар бар: алуан түрлі табиғи ресурстар,
қуатты өндірістік және ғылыми потенциал, жоғары білікті кадрлар, ыңғайлы
геостратегиялық жағдай.
Қазақстан экономикасының құрылымдық қайта құру процесінде, біздің
пікірімізше, екі кезеңді бөліп көрсету керек: орта мерзімді және ұзақ
мерзімді. Жақын кезеңнің стратегиялық міндеті - өнеркәсіптік өндірістің
көтерілуін және аймақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу
үшін аймақтың материалдық өндірісін оңтайландыруды қамтамасыз ету.
Оңтайландырудың астарында оның құрылымын (көпшілігінде,
инфрақұрылымдық және тұтынымдылық кешендер үлесін ұлғайту), салаларын (сала
ішіндегі кәсіпорындарын бәсекелестігі және ынтымақтастығы үшін жағдай
жасау, кәсіпкерлік ортасын кәсіпорындардың инфрақұрылымы орналасуы және т.
б.), кәсіпорындарын (техникалық қайта қаруландыру, қайта құрылымдандыру,
басқаруды жетілдіру) қосқанда, материалдық өндірісті кешенді түрлендіру
түсіндіріледі.
Оңтайландыру үшін дағдарыстағы кәсіпорындарда жоқ болатын қаражат
қажет болғандықтан, алдымен нәтижесінде алынған қаражатты материалдық
өндірісті оңтайландыруға бағыттай отырып, аймақтағы өнеркәсіптік өндірістің
көтерілуін қамтамасыз ету қажет.
Ұзақ мерзімді стратегиялық міндет Орталық Қазақстанда аймаққа
халықаралық еңбекті бөлуде қолайлы орында қамтамасыз ететін, материалдық
өндірістің (алтыншы ТТ-ның “ядросының”) “зерделі құрылымын” қалыптастыру
болып табылады. Сондықтан Орталық Қазақстанның материалдық өндірісін
құрылымдық қайта құру үшін ортақ приоритет төмендегілер болып табылады:
өндірісті әлеуметтік қайта бағдарландыру;
қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету;
қолданылып жүрген кәсіпорындарды техникалық қайта қаруландыру, соның
ішінде әртараптандыру негізінде;
өндірістік инфрақұрылымды дамыту;
икемді өндірістік құрылымдарды қалыптастыру.
Ресурстардың тапшылығынан құрылымдық қайта құру үнемі селективті.
Әсіресе жақын міндетті - өнеркәсіптікөндірісті көтеруді шешу үшін
селективті қолдау объектілерін таңдау маңызды. Салаларды маңдау
критерийлері мыналар болуы мүмкін:
1. Жиынтық сұрауға салалардың ықпал етуі (ұқсас салаларды,
жабдықтаушы-салаларды есепке алумен);
2. Салалардың жиынтық ұсынысқа ықпал етуі тұтынушы – салаларды
және жанама әсерді, соның ішінде қанағаттандырылмаған
сұранысты тұтынушы рыногына әсерін есепке алумен;
3. Саланың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтері
Қазақстан экономикасын дамытуға қажетті экономикалық ортаны қалыптастыру
Аралас экономика туралы ұғымды түсіну, оның сипаттамалары мен белгілерін талдау және қазіргі Қазақстандағы аралас экономиканың ахуалы
Аймақтық өндірістік аөк инфрақұрылымының құрылуымен қалыптасуының теориялық және әдістемелік негізі
Инвестициялық инфрақұрылымдық бағдарламалардың тиімділігін бағалау
Қазақстандағы инновациялық қызметті ұйымдастыру
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның даму мәселелері
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясаты
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы
Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары
Пәндер