Негізгі құралдардың тозу есебі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Орта-Азиялық Университеті

«Экономика және менеджмент пәні» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТОЗУ ЕСЕБІ»

Орындаған: 2 курс студенті

Экон. фак. 05-04топ

Қабылдаған: аға оқытушы

Алманиязова Қ.

Алматы 2007 ж.


ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І тарау. Негізгі құралдардың сипаттамасы.

1. 1. Негізгі құралдардың ұғымы және жіктелуі.

1. 2. Негізгі құралдардың бағалануы.

ІІ тарау Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру.

2. 1. Негізгі құралдардың қозғалыс есебі

2. 2. Негізгі қүралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым мөлшерін есептеу.

2. 3. Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.

2. 4 Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есебі.

2. 5. Негізгі құралдарды түгендеу, қайта багалау және есеп

берудің мәнін ашу.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қолданған әдебиеттер


Кіріспе

Бухгалтерлік есепте негізгі кұралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. "Негізгі құралдарға" - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жаб-дықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен қүралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық қүрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Барлық "негізгі құралдар" өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарыңда пайда-ланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.

"Негізгі құралдарды" халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

Егер кәсіпорындар мен үйымдардағы негізгі құралдардың бәрі тск қана үйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, оңда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіп-орынның атқаратын қызметі саласыңдағы топқа жатады.

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Кәсіпорын уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы "Жалға алынған негізгі құралдар" деп аталатын шотта есептейді.

Сонымен қатар пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жүмыс істейтін , жүмыс істемейтін және сақтауда түрған деп үш топқа бөлінеді.

Жүмыс істейтіндерге өндіріс үдерісіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

Жүмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.

Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдыңғы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.

Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай былай бөлініп есептеледі:

а) негізгі құралдар;

ә) тауарлық-материалдық қорлар немесе

б) қаржылық инвестициялар.

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу казаны сол. зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек қүралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.

Негізгі құралдар материаддықөндіріс саласында да, өндірістікемес (әлеуметгік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.

Осы негізгі құрадцарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және қүрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық) ; машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.

Кәсіпорында негізгі құраддардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.

Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.


І тарау Негізгі құралдардың сипаттамасы

1. 1. Негізгі құралдардың ұғымы және жіктелуі

Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құрадцар өндірістік және ендтрістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс қуралдарына өндіріс процесіне тікелей катысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т. б. ) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар) . Негізгі өндірістік құраддардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіш і - қор кайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шақкандағы өндірілетін заттай немесе акшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі қүрал-жабдықтар - тұтынуға арналған құрал-жабдыктар. Олар үжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, түрғын-үй коммуналдык шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т. б. ) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.

Иелігіне қарай негізгі қүралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.

Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші "Жалға алынған негізгі құралдар" баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аякталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды 121-ші "Жер", 122-ші "Үйлер мен ғимараттар", 123 "Меншікжәне құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар", 124-ші "Көлік құралдары", 125-ші "Басқа да негізгі құралдар" шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықгарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқгатылған объектілер есептеледі.

Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (затгай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа қүрделі каржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жүмсау, т. б. ) жатады.

Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынаңцай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер; үйлер; ғимаратгар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдыктар (соның ішівде автоматгы машиналар және құрал-жабдық) ; күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары, құрал-оайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.

Келтірілген негізгі құраддардың әрқайсысының құрамына енетіндер:

жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен кұны. Жерге меншік кұқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады;

үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге ағдай жасауға және материаддық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;

ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметгерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта үңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы) . Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;

өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар) . Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;

машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялык жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті затгарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментгі қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардын бұл тобы бес топтан турады;

көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі) . Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құрадцары мен заттарын коса алғанда мүліктік объект болып табылады;

құрал-сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе метадцарды, ағашты және т. б. өңцеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары) . Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;

өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмеістесетін жабдыктар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да затгар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар затгарда мүліктік объекті бола алады;

баска да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.

Негізгі құрал-жабдықтардын бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.

1. 2. Негізгі құралдардың бағалануы.

Негізгі қүралдардың ессбін үйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Нсгізгі қүралдар бастапқы қүнымен, баланстық қүнымен, ағымдағы қүны-мен, қаддық (жойылу) қүнымен және келісілген қүнымен бағаланады.

Негізгі қүралдардың бастапқы қүны - ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығыңдардан, соңцай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, қүрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз (процент) сомалары мен бүл қүрадцы белгілі мақсатқа пайдалану үшін жүмыс жағ-дайына келтірумен тікелей байланЫсты кез келген шығын-дардың жиынтығынан түрады (қүралады) . Негізгі қүрал-дарды тасымаддау кезінде болған ақауларды жөңцеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы қүнына кіргізілмей, ол ағымдағы ке-зеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі қүралдың әр түрі бойынша оның бастапқы қүнына мынадай шығыңдар кіргізіледі:

а) жер учаскесінщ бастапқы кунына:

Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікхе төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөнінде келісімшартгы ресімдеу үшін заңгердің қыз-метіне төлснетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бүзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен түсімді (табысты) альш тастағанда қалған ескі үйді бүзуға байланысты шығындар, жерді тазалау, тегістеу, тагы басқа) енгізіледі (кіргізіледі) .

ә) қурал-жабдықтардың бастапқы кунына: Қүрал-жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп-түсіруге кеткен шығындар оның ішінде та-сымадцау кезінде сақтандыру, монтаждау, қүрал-жабдық-тардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар тағы да басқалар енгі-чілепі (қіргізіледі) .

Мысалы: кәсшорын жер учаскесін және сол жерде орналасқан үй мен қоса 5 (бес жүз мың) теңгеге сатып адды делік. Бүл жерде орналасқан үй бүзылуға тиіс. Кәсіпорынның оларды сатып алу барысында төленген шығыңдары 25000 (жиырма-бес мың) теңге (салық сомасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттік пен шарт жасауға қатысқан заңгердің қызметінің төлемдері сомасы) . Үйді бүзуға кеткен шығын 4 (қырық мың) теңге. Бүзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен табыс 2 (жиырма мың) теңге. Жерді тазалау мен тегістеугс кеткен шығын 15000 (он бес мың) теңге. Осы мәліметтерді қоры-тындылайтын болсақ, сатып алынған жердің бастапқы қүны 56 (бес жүз* алпыс мың) теңгені қүрайды (5+25000+4-2+15000=56 теңге) . Кәсіп-орындар мен үйымдарда негізгі қүралдың бастапқы қүны былайша анықталады:

  • үлес қосушылар мен қүралтайшылар негізгі қүралды жарғылық қорға өзінің үлесгретінде салса, онда олардың қүны қүрылтайшылармен арадағы келісім бойынша;
  • үйымдар негізгі қүралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша;
  • үйымдар негізгі қүрадцарды басқа занды түлғалардан немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткізу актісінің мәліметтері бойынша немесе эксперттік (сараптамалау) жолымен.

Негізгі қүраддардың ағымдағы қүны - бүл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі күнгі негізгі қүралының нарықтың бағасы болып табылады.

Негізгі қүралдардың баланстық қүны - бүл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі қүралдардың бастапқы қүнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы қүны болып табылады.

Негізгі қүралдардың қалдық (жойылу) қүны - негізгі қүралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бүзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын тағы да басқа пайдалануға болатындарының) қүнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жүмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы анықталады.

Негізгі қүраддардың келісілген қүны - бүл кез келген екі жақтың, яғни негізгі қүралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген қүн болып табылады.

Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі қүралдардың бастапқы қүндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:

а) негізгі қүралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін үзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жүмсалғанда (кеңейткенде, жаңартқанда тағы да басқа) немесе ішінара бүзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;

ә) Қазақстан Республикасы Үкіметтің шешімдері бойынша негізгі қүралдарды қайта бағалағанда.


ІІ тарау Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру

2. 1. Негізгі құралдардың қозғалыс есебі

Кәсіпорындар өздерінің пайдалануындағы, яғни мен-шігіндегі негізгі қүралдарын есептен басқа заңцы немесе жске түлғаларға тегін бергенде, сатқанда, үрланғанда, жоғалғанда, табиғи апат, зілзала жағдайында бүлініп жоғал-ғанда шығарады. Сонымен қатар өздерінің меншігіндегі негізгі қүралдарын басқаларға айырбастағанда немесе үзақ мсрзімге жалға берген кезде де кәсіпорындар өздсрінің балансыннан нсгізгі қүралдарды есептен шығара алады. Кәсіпорындарда негізгі қүралдардың іскс жарамсыздығын, оларды бастапқы қалпына келтіру үшін жүргізілетін күр-делі жөндеудің тиімсіздігін немесе мүмкін еместігін анық-тау үшін, соңцай-ақ негізгі қүралдарды есептен шығаруға қажетті қүжаттарды толтыру үшін үйым басшысының бүйрығымен түрақты комиссия қүрылады. Бүл комис-сияның қүрамында мынадай қызметкерлер болуы тиіс:

кәсіпорынның басшысы немесе оның орынбасары (комиссияның төрағасы ретінде) ;

  • бас бухгалтер немесе бухгалтерияның басқа қыз меткері;
  • негізгі қүралдың сақталуына жауапты адам;
  • негізгі қүрал қызмет ететін бөлім немесе цех басшысы;
  • мемлекеттік көлік инспекциясы өкілі (егер келік қүралын есептен шығаратын жағдайда) ;

- тағы да басқа жүмысшы-қызметкерлер болуы мүмкін.
Бүл жоғарыда аталған адамдардың қүрамында қүрылған комиссия үйымда мынадай жүмыс мен міндетті атқарады:

- Есептен шығарылатын негізгі қүралдарды толық тексеріп, сонымен қатар оның техникалық қүжаттары мсн төлқүжаттарында көрсетілген бухгалтерлік ессптің деректерімен танысу арқылы объектіні қалпына келтіруге болатындығын немесе болмайтындығын, яғни ол негізгі қүралдардың алдағы уақытта пайдалануға жарайтындығын немесе жарамайтындығын анықтайды.

  • Объектіні есептен шығарудың нақтылы себебін анықтайды (сапалық тозғандығы, табиғи тозғандығы, апат болғандығына байланысты, дүрыс пайдаланбағандықтан, үрланғандықтан немесе жоғалғандықтан, қайта қүруға байланысты, табиғи апаттар жағдайынан, тағы да басқажағдайлардан) .
  • Негізгі қүралдар белгіленген уақыттан бүрын, яғни тиісті бёлгіленген пайдалану мсрзімінен бүрын істен (есептен) шығарылатын жағдайда оның себебін анықтайды. Олардың істен шығарылуына кінәлі түлғаны (адамдарды) заңдарға сәйкес тиісті жауапқа тарту керектігіжөнінде үсыныс жасайды.
  • Есептен шығарылатын негізгі қүралдардың іске жа райтын бөлшектерін, детальдарын, материаддарын анықтап, олардың бағасын белгілейді.
  • Ессптен шығарылатын негізгі қүралдардың іске жарайтын бөлшектерінің, материалдарының, сонымен қатар олардың ішінде қымбат және түсті металдардың дер кезінде жинап алынуын, олардың саны мен салмағын дүрыс анықтап, тиісті орыңдарға (қоймаларға) тапсырылуын қадағалап отырады.

Кәсіпорындарда негізгі қүрадцарды есептен шығару үшін үлгілі түрі НҚ-3 "Негізгі қүралдарды есептен шығару актісі" немесе үлгілі түрі НҚ-4 "Көлік қүралдарын есептен шығару актісінің" тиістілері толтырылады.

Бұл жоғарыда айтылған актілерде негізгі қүралдарды сипаттайтын мынадай деректер көрсетіледі:

  • объектінің салынып біткен (өндірістен шығарыл-ған) уақыты (күні, айы, жылы) ;
  • үйымға келіп түскен, кіріске алынған уақыты(күні, айы, жылы) ;
  • пайдалануға берілген уақыты (күні, айы, жылы) ;
  • объектінің бастапқы қүны (қалпына келтіру қүны) ;
  • бухгалтерлік ссептің деректері бойынша есептелген тозу сомасы;
  • жондсулердің жүргізілген уақыты (күні, айы, жылы) ;
  • көлік қүралын ссептен шығарарда, сонымен қатар көліктің жүрген жолы (км) кәрсетіледі; негізгі қүралдардың істен шығарылу себебі жәнеоның материалдарының, бөлшектерінің сипаттамасы көрсетіледі;
  • аварияға байланысты есептен шығарылған негізгі қүралдарға жасалған актіге, болған аварияға жасалған актінің кошірмесі тіркеледі;
  • сондай-ақ осы негізгі қүрадцардың істен шығуына жауапты адамдарға қолданылатын шараларды актіге жазады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдардың субъектіден шығуының есебі
Негізгі құралдар есебі. Негізгі құралдар,олардың қаржылық есептегі топтасуы мен бағалануы
Негізгі құралдардың амортизациясы және тозуының есебі
Негізгі құралдар бухгалтерлік есебі
Негізгі құралдардың аналитикалық есебі
Негізгі құралдардың тозуының есебі
Негізгі құралдарды есептеу мен талдау ерекшеліктері
Негізгі құралдардың есебі жайлы
Негізгі құралдарды бағалау
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ОЛАРДЫ ЖҮЙЕЛЕП ТОПТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz