Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы туралы ақпарат



Кіріспе.
I. бөлім. Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы.
а). жұмыссыздық деңгейін төмендету шаралары.
б). еңбек нарығының әлемдік үлгілер.
II. бөлім. Еңбек нарығын қалыптастыру мен әлеуметтік жағдайын көтеру.
а). еңбекпен қамтамасыз ету саясаты.
б). жұмыссыздық түрлері.
III.бөлім. Нарықтық экономикаға өту кезіндегі еңбек нарығының қалыптасуы.
а). еңбек нарығының қалыптасуына әсер ететін факторлар.
б). жұмыстың түрлері
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Нарықты экономиканың және нарық қатынастарының ең маңызды жағы адамдардың еңбек қызметтерін толассыз жандандыруында. Еңбектің табиғаты, қоғам дамуындағы рөлі өзгермесе де, әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық – саяси сипаты жағынан байланыссыз болса да нарықтық экономика кезеңінде еңбек қатынастары, еңбекті басқару, еңбекті қолдану түбегейлі өзгереді. Егер нарық қатынастары еңбек әлеуетінің нәтижесіне, еңбек өнімділігінің сапасына , адамдардың еңбекке деген көзқарасының өзгеруіне әсерін тигізбейтін болса, онда нарықты экономика өзінің жоғары деңгейлі мәнін жоғалтқан болар еді.
Нарықты экономика кезеңінде адамның кез келген еңбек қызметі, атап айтқанда, ой- қуаты, энергиясы, уақыт шығындары нысанына, жұмыстың тәсіліне қарамай еңбек болып есептеледі. Еңбек қатынастарында еңбек уәжін де атап айту қажет.
Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңында « еңбек қатынастары – тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар » - делінген.
Адамның алдына қойған мақсаты, оны ынталандыратын уәждер зор рөл атқарады, олардың бастысы еңбекті, жұмыс күшін ақшалай бағалау, еңбек қатынастарын реттеу.
1) «Еңбек нарығы және жұмыспен қамту» Ақиқат 2000 ж. №7, 33 – 45 бет.
2) «Еңбек нарығы елді еңбекпен қамту» Қаржы – қаражат 2004 ж. №5, 37 – 39 бет.
3) «Жұмыссыздық және жәрдемақы: Республиканың еңбек нарығындағы жағдай өте күрделі « Жас алаш » 2004 ж. 109.
4)Нарықтық экономикада дамыған елдер өнеркәсібіндегі салыстырмалы еңбек құқығы мен өндірістік қатынастар. Редакторлары: Р. Бланпэйн, С. Энгельс – Алматы: Дәнекер, 1999 ж. 732 – бет.
5) Нарықты экономиканың негіздері: оқу методикалық құралы – Ақтөбе, 1993 ж. 2 – бөлім 108 – бет.
6) Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития. В двух томах, под ред. М. Б. Кенжегузина Том 2 – Алматы ,2001 г. 388 с.
7) «Кедейлік, жұмыссыздық бір қасірет» Ақиқат – 2001 ж. №3, 18 – 23 бет.
8) Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңы: Алматы: жеті жарғы, 2000 ж. 120 бет.
9) Нарықтық экономика әліппесі – Алматы: Қазақстан 1995 ж. 96 бет. Редакторы: Мәткерім Әкімжанов.
10) Нарықтық экономикадағы қаржы – қаражатпен қамтамасыз етілуі. 226 бет « Тарму», 1999 ж.
11) Сәлімбаев Б. Қ. Досхожаев Д. Т. Еңбекті мөлшерлеу оқу құралы – Алматы: экономика 2001 ж. 120 бет.
12) Я. Әубәкіров. Экономикалық теория негіздері: оқулық Алматы, «Санат» 1998 ж. 497 бет.
13) Друкер Питер. Нарық: топжарып, алға шығу: Практика мен принциптер орыс – тілінен аударғандар Р. Шаймерденов, М. Бөлекбаев Алматы: Білім, 1994 ж. 320 бет.
14) Халықаралық экономикалық қатынастар: оқу құралы Алматы: «Санат», 1998 ж. 192 бет. Байгісиев М.
15) Н. Қ. Мамыров. Халықаралық экономикалық қатынастар: оқу құралы – Алматы: Экономика, 1998 ж. 177 бет.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе.

I. бөлім. Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы.
а). жұмыссыздық деңгейін төмендету шаралары.
б). еңбек нарығының әлемдік үлгілер.

II. бөлім. Еңбек нарығын қалыптастыру мен әлеуметтік жағдайын көтеру.
а). еңбекпен қамтамасыз ету саясаты.
б). жұмыссыздық түрлері.
III.бөлім. Нарықтық экономикаға өту кезіндегі еңбек нарығының қалыптасуы.
а). еңбек нарығының қалыптасуына әсер ететін факторлар.
б). жұмыстың түрлері
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Нарықты экономиканың және нарық қатынастарының ең маңызды жағы
адамдардың еңбек қызметтерін толассыз жандандыруында. Еңбектің табиғаты,
қоғам дамуындағы рөлі өзгермесе де, әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық
– саяси сипаты жағынан байланыссыз болса да нарықтық экономика кезеңінде
еңбек қатынастары, еңбекті басқару, еңбекті қолдану түбегейлі өзгереді.
Егер нарық қатынастары еңбек әлеуетінің нәтижесіне, еңбек өнімділігінің
сапасына , адамдардың еңбекке деген көзқарасының өзгеруіне әсерін
тигізбейтін болса, онда нарықты экономика өзінің жоғары деңгейлі мәнін
жоғалтқан болар еді.
Нарықты экономика кезеңінде адамның кез келген еңбек қызметі, атап
айтқанда, ой- қуаты, энергиясы, уақыт шығындары нысанына, жұмыстың тәсіліне
қарамай еңбек болып есептеледі. Еңбек қатынастарында еңбек уәжін де атап
айту қажет.
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңында еңбек
қатынастары – тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде
белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші
мен қызметкер арасындағы қатынастар - делінген.
Адамның алдына қойған мақсаты, оны ынталандыратын уәждер зор рөл
атқарады, олардың бастысы еңбекті, жұмыс күшін ақшалай бағалау, еңбек
қатынастарын реттеу.
Сонымен қатар нарықты экономика еңбек нарығы мен жұмыс күшінің
қажеттілігінен туындайды. Қызметкерлер жұмыс күшін өздері жұмыс берушілерге
сатылады. Олар нарықта еңбегін мамандығына, талабына, сапасына, еңбек
қабілетіне, біліктілігіне қарай бағалайды. Нарық болса, сұранысқа
байланысты жұмыс күшінің бағасын төмендетуге тырысады. Ал адам жұмыс
күшінің иесі ретінде, бәскелестік кең жайылған шақта сапасын, жұмыс
қабілеттілігін, мамандығын жоғарылатуға тырысады. Олай болмаған күнде
жұмыссыздар санының көбейу қаупі туады.
Нарық жалдау қатынастарын да қарастырады, одан барып жұмысқа
орналасу мәселелері туады. Жалданатын жақ жалданатын жұмыскерлерге
қойылатын талаптарында өзіне қажеттілігіне, оның жай – күйіне, біліктілік –
мамандық деңгейіне, жынысы, жасы, сипаттамасына моральды – психологиялық
мінездемесіне қарай қабылдайды. Жалданатын жақ төленетін еңбекақы
деңгейіне, еңбек жағдайларына жұмыс орнының мамандығына сай келуіне,
еңбектің бағалылығына, жұмыстың сапалық – психологиялық ахуалына,
басқарушының мәдениеттілігіне қарай зерделейді. Егер сұраныс пен ұсыныс
дәлме – дәл келсе жал туралы келісім шешіледі.
Еңбек қызметі процесінде еңбек қатынастары өзара келісім – шарт
арқылы реттеледі. Өзара шарт – бұл жалдаушы мен жалданушы арасындағы қысқа
мерзімге тұжырымдалатын келісім. Егер өзара шартта көрсетілген талаптар
орындалмайтын болса, келіспейтін жақ тоқтатуына болады.
Еңбек қатынастарындағы өзара шарттық бәсекелестікпен қатар
тапшылықтың жұмыс орнын қамтуы нарық экономикалық тұтқасы. Мұның өзі
қызметкердің еңбек өнімділігінің өсуіне, жоғары нәтижеге жетуіне, оның
еңбек ұжымының және жолдауының алдында жауапкершілігін күшейтуіне әсерін
тигізуі ықтимал. Егер екі жақ бір – біріне сенімділік білдірсе өзара шартты
ұзартуына, тіпті өмірлік шарт жасауға болады.

I. Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы.
Қазақстан Республикасы нарықтық қарым – қатынасқа көшіп жатқан кезеңінде
көптеген күрделі мәселелерді дәйекті шешуге тура келді Олардың бірі –
еңбек нарқын қалыптастыру және дамыту.
Еңбек нарқының негізгі мақсаты – еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және
нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамту аса күрделі әрі
мемлекеттік маңызды мәселе. Нарыққа бет алған сайын бұл мәселе
экономикалық өмір тіршілігінде өткір және батыл қойылған саяси –
экономикалық және әлеуметтік мақсаттарға жетудің шартты жағдайларының
бірі.
Сонымен қатар еңбек нарығында бүгінгі күнгі ең маңызды мәселелер – ол
халықты жұмыспен қамту ғана емес, оған жұмыссыздық та кіреді. Осы
мәселелерді шешу үшін ең алдымен еңбек нарығын жүйелі түрде талдап, сонан
соң ондағы болып жатқан өзгерістерді бағалап, әрбір аймақтың өзіндік
ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру
қажет.
Жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту, демек нарқын қал

ыптастыру өндірістік қатынас негізінен
туындаған оның ерекшеліктерінен бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді
қамту әрбір елдің, нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды
адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық сфералары мен
салалары және территория бойынша бөлудің және қайта бөлудің оптималды тепе
– теңдік үлесімділігіне жету. Қорыта айтқанда, Республикамызда еңбек
нарығын қалыптастырудың және дамытудың негізгі мақсаты осы. Олай болса
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа өту кезеңіндегі еңбек нарығын
құрудың ауданы қандай, осы бағыттағы нақтылы көкейкесті мәселелерді
шешудің барысы қалай ?
Қазіргі жағдайда, нақты және анық айтатын болсақ, еңбек нарығы жөнінде
әңгімелеу әзірше ертерек. Еңбек нарығын қалыптастыру және дамыту бірнеше
кезеңдерден тұратын және белгілі бір мерзімді қажетсінетін аса күрделі
және өте жауапты экономикалық- әлеуметтік әртекті кешенді процестердің
жиынтығы.
Осы айтылғандар өзара әсер ететін үндес және сабақтас жатқан процестер.
Еңбек нарығын қалыптастыруда және дамыту барысында Республикамыздың тарихи
дамыту белестерін, дәстүрін, тәжірбиесін, аймақтың ерекшеліктерін әр кез
есте сақтаған абзал. Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайында еңбек
нарығының қалыптасуына саяси ахуал, экономикалық - әлеуметтік даму,
нарықтық инфрақұрылымдар, демографиялық процестер, аймақтық ерекшеліктер
тікелей әсер етіп отыр. Қазір саяси ахуал және ұлтаралық қатынастар
тұрақтана түсуде. Өркениетті бағыт өзінің қиындығына қарамастан тура
қалыптасып келеді.Осы мәселе жөніндегі бүкіл әлемдік үлгіге бет алуымыз
тарихи маңызы бар жұмыс, еңбек нарығын дамытуға берері мол жұмыс.
Еңбек нарығын қалыптастыру және дамытудағы келесі жағдай – экономикалық -
әлеуметтік дамуы. Осы дамудың деңгейі мен қарқыны нарыққа өту кезеңінде
жіберіліп жатқан кемшіліктер мен қателіктердің арқасында оңды сипатқа және
нәтижелерге әлі де болса қолымыз жетпей тұр. Экономикалық өмірдің ауыр
салмағы халыққа оңай тиіп жатқан жоқ. Экономиканы толық тұрақтандыру күн
тәртібіне өткір қойылып отыр. Халықтың күн көріс әрекеті сырғақ бағытқа ие
болды, әлеуметтік қорғау шараларының жүзеге асуы өте баяу, заман талабынан
әлде қайда төмен жатыр.Республикамыздағы нарықтық инфрақұрылымдардың дамуы
қандай да бір жеңіл – желпі сынды көтере алмайды. Осы жағдайлар еңбек
нарығының дамуына белгілі дәрежеде тосқауыл болуда.
Еңбек нарығының дамуына әсер ететін келесі жағдай – демографиялық ахуал.
Бұл бағыттың алғаш өзгерістерімен өзіне тән ерекшеліктері бар. Атап
айтқанда, өмірге келетін сәбилердің деңгейі біршама төмендейді, өлім
көбейді, өмір сүру жасының ұзақтығы аздап та болса азайды, жасы ұлғайған
адамдардың үлес салмағы өсті және он жеті жасқа дейінгі жас өспірімдердің
үлес салмағының деңгейі салыстырмалы түрде жоғары. Қорыта айтқанда,
Қазақстан Республикасының халқының ұдайы өсімі (демографиялық процесс)
прогрессивті типте. Демек, экономикалық және мәдени дамуға қажетті еңбек
ресурстарымен қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында еңбек нарығын дамытуда аймақтық ерекшеліктер
бар. Тұрғындардың көпшілігі ауылдық жерде тұрады, үй шаруашылығымен
айналысатындардың үлес салмағы жоғары.Оңтүстік Қазақстан аймағында еңбекке
жарамды адамдардың 28,5% пайызы үй шаруашылығында жұмыс істейді. Кейбір
жекелеген облыстар мен аудандарда бұл көрсеткіш біршама жоғары. Үй
шаруашылығында жұмыс істейтіндердің кәсіби білімі және біліктілігі
қажеттілікпен көбі төмен екендігін еске алсақ еңбек нарығының дұрыс
қалыптасуына жеке ілгері дамып кетуі қалыптасуына және ілгері дамып
кетуіне тигізіп отырған әсерін аңғару қиын емес.
Қазақстан Республикасында еңбек нарығын дамытудың келесі актуалды
мәселесі – жұмыссыздық. Негізгі себебі өндірістің бүтіндей немесе жартылай
тоқтап қалуы. Республикамызда демалысқа шығуға мәжбүр болғандардың саны
1000000 астам. Бұлардың 65% пайызы демалыс ақысын алмағандар.
Республикамыздың бір ғана Оңтүстік Қазақстан аймағында зиянға белшесінен
батып отырған 350 – ден астам әр түрлі кәсіпорындар бар. Басқа аймақтар
жөнінде де осыны айтуға болады. (Өндірістен қол үзіп босап қалу, сөйтіп
жұмыссыздар армиясының қатарын молайту жөнінде де осыны айтуға болады).
Өндірістен қол үзіп босап қалу, сөйтіп жұмыссыздар армиясының қатарын
молайуы жөнінде айта кететін ақиқат бар. Ол – нарықтық қатынас жағдайында
осы процестің үнемі және үздіксіз болып тұратындығына. Демек, жұмыссыздық
нарықтық қатынастан туындайтын объективті процесс, бұдан планетамыздағы
ешбір мемлекет қашып құтылған емес. Экономикалық өмір шынысының тағы бір
шындығы бар. Ол – жұмыссыздықтың деңгейі (көлемі мен шегі).Бұл жөнінде осы
мәселені арнайы зерттеушілер бір пікірге келе алмай отыр. Біздің
пікірімізше, жұмыссыздықтың көлемі мен шегі мәңгілік емес, өзгермелі шама,
барлық мемлекетте бірдей болуын армандау қиялдың ғана жемісі. Әрбір жеке
мемлекеттің өркендеу белестеріне және ерекшеліктеріне сәйкес келетін
жұмыссыздықтың оптималды деңгейі болуы қажетті және шартты жағдай. Мақсат
– тиімді және оңтайлы дәрежеге ұмтылу және оны қалыптастыру. Осыған орай,
Республикамызда кезек күтпейтін мәселелердің бірі – жұмыссыздардың заңды
статусын белгілеу, оларды әлеуметтік қорғаудың жүйесіне жасау, төлемдердің
көлемдерін белгілеу, оларды есептеу және таратып берудің ыңғайлы қарапайым
жүйесіне көшу және т.б.
Бұрын кеңес өкметі кезінде жаңадан зауыт, фабрикалар іске қосылып жатса,
оған керекті техниктерді, инженерлерді негізінде Ресей жақтан әкелетін.
Қазіргі кезде Қазақстандағы жастардың еңбек нарығындағы жағдайы, соңғы
жылдары едәуір шиеленісіп нашарлауда. Қазіргі кезде жастар арасындағы
жұмыссыздық көлемі өсіп бара жатыр. Соған орай, жас адамдардың
мүмкіндіктері шектеулі, бәсеке қабілетіліктері төмен басқа халық
категориясымен салыстырғанда.
Мемлекет ғана 70 – жыл бойы жұмыс беру монополиясы еді. 1991жылға дейін
құқылы жалпыға бірдей жұмыс бастылық принципі істеді. Сол кезде көптеген
кәсіпорындарда жұмыс күші көп болды. Тіпті 90 – жылы 10 миллион адамнан 20
миллион адамға дейін анықталды.Ал қазір жас балалары, жұмыс таба алмай
отырған адамдары бар отбасыларының жағдайы қиындап кетті.

а). Жұмыссыздық деңгейін төмендету шаралары.
Жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін елімізде жасалып жатқан шаралар өте
көп, солардың бірі 1996 жылғы мемлекеттіміздің қолдауымен Европаның даму
және реканструкция банкінің қаржыландыруымен жасалған шараның басты
себептері:
1). Жұмыссыздық деңгейін төмендету;
2). Кедейшілікпен күрес;
3). Орта және шағын бизнесті дамыту;
4). Ауылды жерлерде тұратын адамдардың әлеуметтік жағдайын көтеру;
5). Жалпы ұлттық өнімді көтеру;
Жоғарыда айтылғандар Қазақстанның алты облысына жасалды,осы облыстарда
жұмыссыздық деңгейі өте жоғары еді. Бұл облыстар Оңтүстік Қазақстан
облысы, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанда, Алматы, Шығыс Қазақстан осы
облыстарға жасалды. Бұл былай жүрді, шағын кредит беру арқылы, ал шағын
кредит сол жергілікті Еңбек биржасында тұратын азаматтарға берілді. Ал
шағын кредиттің мөлшері үш түрге бөлінді:
1).400 доллардан, 800 долларға дейін берілді.
2). 800 доллардан, 3000 долларға дейін берілді.
3). 3000 доллардан, 15000 долларға дейін берілді.
Осы аталған соманы уақытысында бірінші мөлшерді әкелгендерге, екінші және
үшінші мөлшерлі кредит беріліп отырды.Ал кредит берілуінің мерзімі
белгіленген болды, бірінші мөлшерлі кредиттің мерзімі алған күнен бастап,
келесі жылдың сол күніне дейін берілді, ал екінші мөлшерлі кредиттің
мерзімі бір – жылдан, үш – жылға дейін берілді, ал үшінші мөлшерлі
кредиттің мерзімі үш – жылдан, бес – жылға дейін берілді. Бұл берілген
кредитті уақытысында қайтарғандарға, және бизнес көлемінің ұлғаюына
байланысты беріліп отырды. Осының салдарынан шағын бизнестің дамуы байқала
бастады, жұмыссыздық деңгейі 30% пайызға төмендеді, ал жалпы ұлттық
өнімнің көрсеткіші 8 – 15 % пайызға дейін көтерілді. Осы аталған шаралар
оңды нәтиже көрсеткенен кейін, ол Қазақстанның басқа да облыстарында
жасала бастады, осындай шаралар тек қана, 1996 жылы ғана емес, кейінгі
жылдарда да жасалып жатыр, бұл шаралар мемлекеттіміздің Даму
бағдарламасына сәйкес жасалған, осы шараларды қаржыландырушылар жылдан –
жылға көбейіп бара жатыр.Қазір еңбек нарығының әлемде үш үлгісі бар олар:

б). еңбек нарығының әлемдік үлгілері.
1). Жапондық еңбек нарығының үлгісі;
2). Американдық (АҚШ) еңбек нарығының үлгісі;
3). Шведтік еңбек нарығының үлгісі;
Осы аталған елдер экономикасы дамыған елдер, бірақ та қандай да ел
болмасын барлық елдерде жұмыссыздық кездеседі, бірақ ол жұмыссыздық
деңгейі әртүрлі болады, экономикасы дамыған елдерде жұмыссыздық деңгейі
төменірек болады, дамушы елдерге қарағанда, ал экономикасы өтпелі
кезеңдегі елдерде жұмыссыздық деңгейі төменірек экономикасы дамушы
елдермен салыстырғанда.Қорыта айтқанда жұмыссыздық мәселесі, ғаламдық
мәселе ол мәселені мүлдем жоюға болмайды, оның текқана деңгейін төмендете
аламыз.
Қазіргі кезде халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) конвенциялары
халықаралық еңбек құқығының негізгі қайнар көзі болып саналады. Бұл
олардың көптеген мемлекеттер тарапынан бекітілуімен ғана, емес сондай – ақ
олардың көлемділігімен және мұқият өңделуімен түсіндіріледі.
Сот тәжірбиесі мен халықаралық заңдарды қалыптастырудың алғашқы қадамы,
мемлекеттердің сот тәжірбиесі мен заңдары туралы мәліметтерді жинау болып
табылатыны анық. Халықаралық стандарттар бос орында жасалмайды. Олар
көптеген мемлекеттердің тәжірбиесімен тығызболуы қажет. Демек ХЕҰ – ң
басқарушы органы халықаралық ережені қабылдауы мақсатында еңбек мәселелер
халықаралық конференцияның күн тәртібіне белгілі бір сауалды енгізу ХЕҰ
міндетті түрде Осы мәселеге қатысты әр түрлі мемлекеттердің өз күшіндегі
заңдары мен тиісті сот тәжірбиесінің қысқаша есебін шығарады.
Валтикос тұжырымдауды, қабылдау процесін былайша сипаттайды: Дүниежүзінде
әрекет күшіндегі заңдарға жалпы шолу жасаудан кейін басқарушы орган
мәселені конференцияның күн тәртібіне енгізу қажеттігі туралы шешім
қабылдайды. Оны енгізген жағдайда екінші мейлінше нақты компаративтік
зерттеу жүргізілуі қажет. ХЕҰ әртүрлі елдердің заңдары мен сот
тәжірбиесінің принципті тұстарын көрсететін алдын ала есеп дайындайды.
Есеп осы сұраққа қатысты әртүрлі мемлекеттердің нормативтік актілері мен
тиісті саладағы жалпы қабылданған басқарушы принциптеріне көңіл аударады.
Заңдар мен сот тәжірбиесін компаративті зерттеумен қатар, ХЕҰ үкіметтерге
олардың өз ұсыныстарын негіздеуді сұрайтын анкета таратады. Үкіметтер
берген жауаптардың негізінде ХЕҰ, барлық мүшелердің немесе көпшілігінің
көзқарасын көрсететін резолюция шығару мақсатында, конференцияда қарауды
талап ететін принциптік мәселелерді көрсеткен құжатты дайындайды. Бұл
құжат конференция мүшелерінің арасында пікірталас арасында талқыланады.
Нәтижесінде нақты халықаралық ережені қабылдау туралы қорытынды жасалатын
бірінші талқылаудан кейін, ХЕҰ кеңесулердің екінші бөлімін өткізіп және
одан кейін бір немесе бірнеше шешімінің не ұсыныстың жобасын жасайды. Одан
кейін үкіметтерге оларды түсіндіру жөнінде өтініш жасалды. Жарыссөзді
өткізгеннен кейін конференция мүшелері соңғы мәтіндерді қабылдайды.
Компаративтік әдіс, сондай – ақ, ең төмен халықаралық стандарттарды
анықтау кезінде де қолданылады.
Европалық кеңес және Европалық қоғамдастық, 1961 жылы Европа кеңесімен
жарияланған, 1988 жылы түзетулер енгізілген Европалық әлеуметтік хартиясын
айтып кету қажет. Хартияның орындалуын бақылау,негізінен, үкіметтермен екі
жылда бір берілетін есептерді қараумен айналысатын тәуелсіз сарапшылар
комитетінің құзіретіне кіреді.
1950 жылы қабылданған Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының
Европалық конвенциядағы белгілі бір баптардың да (4,10,11) маңыздылығы
төмен емес.
Компаративизм Европалық экономикалық қоғамдастық шеңберінде өткізілетін
еңбек заңдарын келісімге келтіру процесінде де үлкен орын алады.
Қоғамдастық мақсаттарының бірі – жұмысшылардың тұрмысы мен еңбек
жағдайларын жақсартуды көздеген әлеуметтік саясатты анықтау болып
табылады. Еңбек қоғамдастық (ЕҚ) шартында бұл әлеуметтік жүйелерді
келісімге келтіру үшін жағдай жасайтын жалпы Нарық қызметінің ғана
нәтижесі емес, сондай – ақ әкімшілік және заң ережелерін жақындатудың да
нәтижесі (117 – бабы) деп көрсетеді. Алайда, еңбек заңдарын келісімге
келтіру ЕҚ – ның жалғыз мақсаты болып саналмайды. Қоғамдастық аумақ
жағынан шектеулі басқа заң жүйелері тарапынан шарт мақсаттарын жүзеге
асыру кезінде кедергі туындаған жағдайда ғана келісуге көмектесетін
шараларды ұсынуға құқы бар.
Европа қоғамдастығының мемлекеттік қызметкері Джерк Пипкорн ЕҚ – ның
ережелерінің жобасын жасау кезіндегі компаративтік әдісті қолдану бойынша
нақты ұсыныс береді: Қазіргі жағдайдағы әлеуметтік және еңбек заңдарын
келісімге келтіру бойынша әрекеттерді көздей отырып құзіретті ведомство
(мысалы: әлеуметтік мәселелер бойынша бас директорат) ЕҚ – ның барлық мүше
елдерінің дәрежелі сарапшыларына (көбінесе бұл еңбек және әлеуметтік
құқығының профессорлары) тиісті мемлекеттің заң саласындағы жағдай туралы
есеп дайындауды сұрайды. Сарапшылардың біреуіне келісімге келтіру
қажеттілігін анықтау мақсатында осы есептерді топтастырып қорыту және оның
қортындыларына баға беру тапсырылады. Есептерді талдаумен айналысатын бас
баяндаушы (ЕҚ комиссиясының құзіретті лауазымды адамдарының көмегімен)
барлық есептердің қаралып отырған мәселелерге келісілген тәсілмен біріккен
құрылымы болуын қадағалап отыруы керек. Бұл оларды ары қарай компаративті
зерттеу үшін қажет. Бас баяндаушы мен ЕҚ өкілдері осы мақсатта, әр елден
келген баяндаушылармен талқыланғаннан кейін, олардың есептеріне негіз
болатын анкета дайындайды. Бас баяндаушының жинақталған есебінің жобасымен
қатар, бұл құжаттар қаралған мәселелердің шешілу мүмкіндіктерін анықтау
мақсатында ары қарай талқылауды қажет етеді.
Егер мәселенің шешімін іздеу ЕҚ қызметкерлері үшін қиындық тудырмайтын
болса, олар ЕҚ барлық мүше – елдерінде жоғарыда айтылған мәселелер бойынша
компаративтік зерттеу жүргізуді бір немесе екі сарапшыға тапсырып дайындық
жұмыстарын жеңілдете алады.
Зерттеу жүргізетін сарапшылар санына қарамастан нәтижесінде белгілі бір
сәйкессіздіктермен қатар жеке автордың ерекшеліктеріне байланысты мүмкін
болатын кейбір шектен шығушылық та міндетті түрде көрініс тауып отырады.
Бірақ сарапшылардың санына қатыссыз, бұл кемшіліктер жұмыстың келесі
кезеңдерінде анықталады. Жалпы есепті дайындау аяқталғаннан кейін,
комиссияның жауапты Бас Директораты оны жұмыс берушілер мен кәсіподақ
ұйымдарына сондай – ақ ЮНИСЕ (ЕЭҚ өнеркәсіп конфедерациялар одағы) және
ЕКК – ға (Европалық Кәсіподақ Конфедерациясы) жібереді. Бұл ұйымдар
есептің көшірмесін барлық ЕҚ мүше – елдеріндегі өз филиалдарына жібереді
және олардың ортақ көзқарасын баяндайтын құжат дайындайды. Екі ұйым да бұл
құжаттарды комиссияға жібереді және оларды жауапты ведомстволармен бірге
талқылайды.
Одан кейін комиссияның жауапты ведомствасы біріктірілген есеп пен мүмкін
болатын келісу шараларын талқылау үшін мүшелердің үкіметтері тағайындаған
сарапшылардың жұмыс тобын жинайды.
Ең маңызды және шешуші кезең комиссиямен берілген ұсынысты кеңесте
талқылау.Әрине, Кеңесте талқылау барысында ұлттық жұмыс берушінің де,
еңбекшілер ұйымның да көзқарастары ескеріледі, сондай – ақ, олардың
қызметін реттейтін әлеуметтік – экономикалық саясат принциптері мен
негізгі заң ережелері де ескеріліп отырады. Бұл процедура саяси жарыссөз
өткізу алдында барлық мүдделі тараптардың дәлелдерін толығымен кепілдеуді
қамтамасыз етеді.

II. Еңбек нарығын қалыптастыру мен әлеуметтік жағдайын көтеру.

Қазіргі кезде Қазақстан тұрғындарының еңбекпен қамтылуы экономиканың
барлық салаларында, әсіресе кәсіпорындарда, құрылыста және ауыл
шаруашылығында төмендеді. 1991 – 1995 жылдар бойы экономиканың
салаларындағы жалпы еңбекпен қамтамасыз етілгендердің жылдық орташа
шамасның төмендеуі 3,7% процент.
Еңбек нарығындағы өзгерістер елдің еңбектің потенциалын жалпы сандық және
сапалық қолайсыз уақыттында өтті.
Республиканың аграрлық секторындағы өндіріс көлемінің түсуі осы саладағы
тұрғындардың еңбекпен қамтамасыз етілуіне қатты ықпал жасады.
Нарыққа өту өндіріс көлемінің түсуіне орай кәсіпорынның еңбектік
потенциалын сақтау үшін қолданылған жасырын жұмыссыздық, сонымен бірге,
есепке алуға және реттеуге көнбейтін қалыптан тысқарғы еңбектің
(шелноктары, патентсіз сауда жасау т.б.) және көлеңкелі нарықтың кеңеюі
сияқты арнайы құбылыстардың пайда болуымен қатар жүрді.

а). еңбекпен қамтамасыз ету саясаты.
Аталмыш ахуал еңбекпен қамтамасыз ету саясатын жүзеге асыруға керекті
басты бағыттарды анықтап берді:
- Еңбекпен қамтамасыз етуде альтернативті, экономикалық сектордың
мемлекеттен тысқарғыларын дамытудың жағдайын жасау мен кеңейту;
- Еңбектен босанған қызметшілерді санациялау шаралары мен босатылғандарды
әлеуметтік қорғау үшін кәсіпорындарды реабилитациялау жолдарын біріктіре
отырып реттеу;
- Еңбек етуге жарамды тұрғындардың кәсіпкерлік жинақтауларына жұмыссыз
азаматтар мен еңбекпен қамтамасыз етілмеген тұрғындарды кәсіптік оқып –
үйретудің тиімділігін арттыру мен көлемін кеңейту жолымен көмектесу,
босатылған қызметшілермен жеделдетіп үйрету және қайта даярлықтан өткізуді
іске асыру;
- Еңбек нарықтың нормативті – құқықтық инфрақұрлымын дамыту;
- Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды мемлекттік кепілдік пен нормативтердің
жүйесінің дамуының әр кезеңінде қабылданған шектерді қамтамасыз ету;
- Еңбек нарығының жедел жүйесінің мониторингін жасау.
Қазақстан Республикасының еңбекпен қамтамасыз етудің бірінші бағдарламасы
1991 жылдың маусымында дайындалды және бекітілді. Мұнда әлеуметтік
қорғаудың дәстүрлі қалыптарынан басқа (жұмыссыздық бойынша төленетін
төлемақы төлеу, үйрету мен қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру),
еңбекпен қамтамасыз ету қызметтері арқылы шағын кәсіпорындарға орналастыру
мен тұрғындарды басқа аймақтарға бөлу қарастырылды.
Бірақ бағдарламада салынған болжамдар өзін - өзі ақтамады. Жұмыссыздардың
еңбекпен қамтамасыз ету қызметтеріне арызданған 185 – мыңның әрбір
екіншісі ғана еңбек орнымен қамтамасыз етілді., 45% - кәсіптік оқуға және
қайта даярлықтан өтуге жіберілді, 34% - жұмыссыздық бойынша төленетін
төлемақы алып тұрады, 12% - қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сөйтіп,
әлеуметтік қорғаудың шараларының санатында белсенді қалыптарға басымдық
берілді.
1994 жылы Министірлер кабинеті еңбекпен қамтамасыз етуге көмек беруші
қордың қаражатынан жұмысшы орындарын құруға кететін, несие беруге
қызметшілерді босатуға тоқтау салатын т.б.шығындарға тиім салатын әрқатар
қаулылар қабылдады. Сондықтан осы кезеңде әлеуметтікқорғаудың тек
жұмыссыздық бойынша төленетін төлемақысын төлеу, дайындау мен қайта
даярлықтан өту, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру шаралары бөлінді.
1995 жылы Республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуы еңбек нарығын
қалыптастыруда маңызды әсер көрсете алды. Республиканың барлық
аймақтарында іс – жүзінде әлеуметтік қорғаудың баяулау шаралары басымырақ
болды.
Еңбекпен қамтамасыз ету саласында жұмыссыздықтың өсу тенденциясын
күрделендірген ахуал, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 22 –
мамырдағы №631 қаулысымен бекітілген тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз
етудің мемлекеттік саясатының. Тұжырымдамасын дайындауға қажеттілік болуы.
Тұжырымдамаға сәйкес еңбекпен қамтамасыз ету саясатының негізгі мақсаты:
өнімді және еркін таңдаған еңбек түріне жету, жұмыссыздықты қысқарту және
оны әлеуметтік мүмкіндік деңгейінде қолдау, еңбек нарығының құқықтық,
экономикалық және қызмет атқаруының ұйымдастырушылық жағдайын және
реттеуін құру.
Сөйтіп, бірінші кезеңде (1996 ж) еңбекпен қамтамасыз ету саясаты
жұмыссыздарға кешенді әлеуметтік қолдау жасауды көздеген еді
(жұмыссыздарға жұмыссыздық бойынша төленетін төлемдермен стипендия төлеу,
оларға материалдық көмек көрсету, қажетті мамандықтарға оқыту мен қайта
даярлау, қоғамдық жұмыстарға орналастыру т.б.).
1996 жылы жұмыссыздардың саны 392 – мың адамды құрады, ал жұмыссыздықтың
деңгейі 5,6% жетті.
Екінші кезеңде (1997 ж) бірінші кезеңде басталған құрылымды –
инвестицияның саясаттың іске асырылуымен, мемлекеттің нығайуына, өндіріс
орындарының және жұмыс орындарының және жұмыс орындарын ұсынушы
қызметтердің, жұмыссыздық бойынша алдын ала қорғаудың қосылуларымен
үшдеңгейлік қаржыландыру қалпын құру негізінде еңбекпен қамтамасыз ету
жүйесінің қалыптастырылуын қамтамасыз ететін қаржылық реформалар іске
асырылды.
Үшінші кезең (1998 ж. және одан әрі) еңбекпен қамтамасыз ету жүйесінің
еңбек нарығына ыңғайлануының шаралары бойынша бағыттарды іске асыруға
мүмкіндік беретін, тоқырауға байланысты қиратылған оның шешуші бөліктерін
қалпына келтіру мен дамытуға және еңбек нарығының бәсекелестігіне жауап
беретін мамандардың екпінді кәсіптік құрылымын қамтамасыз етуге орай
есептеледі.
Еңбекпен қамтамасыз ету саясаты негізгі міндеттерін сатылап шешу өзіне
жұмысшы күштерінің қозғалысын оның сапасы мен арнайлылығын жеткілікті
бейнелейтін сараланған стандарттарды қалыптастыруға бағытталған шаралар
жүйесін іске асыруды да қосып алды. Сонымен бірге, еңбек нарығының
статистикасының әлемдік стандартқа байланысты жақындауы қамсыздандырылады.
Мемлекеттік қаражаттарды бүтіндей және тиімді рационалды пайдалану және
еңбек нарығындағы саясаттың белсенді қалыптарын дамыту үшін, жұмыссыздық
бойынша барлығына ортақ төленген төлемақыны төлеудің орнына 1999 жылдың 1
– сәуірінен бастап жұмыссыздарға олардың материалдық жағдайларын ескере
отырып тікелей әлеуметтік көмектер көрсету енгізілді.
Қазақстан Республикасының 1999 жылға арналған Республикалық бюджет
туралы Заңына және ҚР Үкіметінің 1999 жылдық 29 – қаңтарындағы №68
Қазақстан Республикасының тұрғындарының еңбекпен қамтамасыз ету.
Мемлекеттік қызметтерін және еңбекпен қамтамасыз ету Мемлекеттік қоры
мәселелері қаулысына сәйкес жұмыссыздарға жұмыссыздығы бойынша төленетін
әлеуметтік төлемақы төлеу қаржыландырылған қаражаттардың еңбекпен
қамтамасыз ету қоры, және оның басқару органдары жойылды.
Осы ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Тұрғындарды еңбекпен
қамтамасыз ету туралы тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ету саласында
құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық қатынастарды реттейтін Заңы
(23.01.2001 ж. №149 – 11 ҚР 3) халықаралық тәжірбиелермен сәйкестікке
келтірілді. Ол жұмыссыздықтан қорғаудың әлеуметтік шараларын қарастырады,
сонымен қатар, әлеуметтік қорғауды талап ететін және еңбекке орналасуда
қиындықтарға жолығатын тұрғындардың мақсатты топтарына көмектесудің,
тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді
қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шараларды,шет елдік жұмысшы күштерін
тартудың тәртібін анықтайтын қосымша шараларды реттейді.
Көмек қажет ететін тұрғындарға жергілікті жерлерді тікелей жәрдемдесуге
келсек, жұмыссыздарға әлеуметтік көмекті материалдық көмек түрінде
тұрғындарды әлеуметтік қорғау мен еңбекпен қамтамасыз етудің аудандық
(қалалық) еңбек бөлімдері басқармалары іске асырады.
Мұнда материалдық көмектің мөлшері бір айлық есептік көрсеткіштен төмен
болмауы тиіс. (2001 жылы 775 теңге).
Кедейленудің мен тұрғындардың еңбекпен қамтамасыз етуінің деңгейінің
өсуін есепке ала отырып 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2000 –
2002 жылдар аралығында жұмыссыздықпен және кедейленуінен күрес жүргізу
бойынша бағдарлама қабылданды. Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанның
көлемінде кедейленуді қысқарту, еңбекпен қамтамасыз ету саясатын белсенді
іске асыру арқылы жұмыссыздықты төмендету және кедейлерге тікелей
әлеуметтік көмек көрсетуді өткізу. Бағдарламаны іске асыру ең аз дегенде
Қазақстандық отбасының әрқайсысының бір мүшесінің еңбекпен қамтамасыз
етілуін қамсыздандыруға мүмкіндік береді және бос тұрғындарды еңбектік іс-
әрекетпен айналысуға тарту үшін жаңа жұмыс орындарын құруды ұсынады.
Бағдарламаның шеңберінде 2000 – жылы әлеуметтік қамтамасыздандыру мен
әлеуметтік көмекке мемлекеттік және жергілікті бюджеттен жоспарланған
21523,5 миллион теңге немесе 93,1% іс – жүзінде 20029,9 миллион теңге
қаражат игерілді. ЖІӨ жалпы көлемінің іс – жүзіндегі барлық шығындарының
үлес салмағы бағдарлама міндетіндегі – 0,8% - тен 0,87% құрады.
2000 жылғы Бағдарламаның барысының іске асырылуына берілген талдау
белгіленген оң жетістіктерге қол жеткендігін куәландырады.
Мысалы: 2000 жылы Бағдарлама бойынша 146,2 мың жұмыс орнын құру
жоспарланған болса, 2001 жылдың 1 – қаңтарындағы жағдай бойынша іс –
жүзінде 264,9 мың жұмыс орнын құрылған. 2000 жылы 1999 жылмен
салыстырғанда еңбекпен қамтамасыз етуге өкілетті органдардың көмегі арқылы
еңбекпен орналастырылған жұмыссыз азаматтардың саны екі есе өсілуі
күтілуде. Қолданылған шаралардың нәтижесінде қоғамдық жұмыстардың көлемі
мен түрлерін кеңейтудің нақтылы мүмкіндіктері жасалды. Қоғамдық жұмыстарға
жіберілген жұмыссыздар саны жағынан 1,6 есеге орындалды.
Толығымен алғанда, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі
Агенттігінің есептік жолымен Республикадағы жұмыссыздықтың деңгейі 2000
жылдың соңында бағдарламадағы – 13,5 орнына 12,8% құрады. 2000 жылдың
соңында Бағдарламада жаңа жұмыс орындарын жасағаны үшін ынталандыруға
бағдар беру керек. Бұрын жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметі болды, ол
осы іспен шұғылданды, ал қазір мұнымен кәсіпорын құқығын пайдаланатын
биржалар шұғылданады. Ал олардың атқарып жүрген қызметі нашар. Көбінесе,
кәсіпорын жұмысқа алған адамдарды биржа қызметкерлері жұмысқа арнайы
орналастырды деген жалған анықтамалар жинайды екен. Сол үшін мемлекет
бюджетінен олар ақша алады. Егер әлемдік бағалар өзгеріп, төмендесе,
біздегі ахуал қиынға айналуы мүмкін. Біз жұмыссыздықпен күрес
бағдарламасында біздің елдің өзін - өзі қамтамасыз етуінің элементі болуға
тиіс салаларда қажетті жұмыс орындары жасалған жоқ деп мойындаймыз. Бұлар
– жеңіл, тамақ өнеркәсіптері, бірінші кезекте қажетті тауарларды өндіру,
құрылыс материалдарын өндіру. Яғни, біз Қытайдың, Ресейдің, Түркияның
тауарларын импорт жасадық та олар біздің нарықты лық толтырды, ал біз
валютаны шетке жіберіп жатырмыз. Қазіргі күні бұған төзуге болады,
өйткені, әлемдік бағалардың жоғары болуымен валюта көптеп түсуде. Жоғарыда
айтқанымдай егер бағалар төмендесе онда біздегі әлеуметтік жағдай ауырлау
болады. Себебі, жер асты кендерін қазып шығаратын өнеркәсіпте жұмысшыларды
жұмыстан шығару күшейді.
1999 жылмен Салыстырғанда жұмыссыздықтың деңгейінің және еңбек нарығының
белгіленуі – 0,2% - ке төмендеуі көрінеді.
Жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін еңбек биржасы үлкен үлес қосады.
Еңбек биржасы – ол жұмысшылар мен кәсіпкерлер жұмыс күшін сатып алу, сату
ісін жүргізгенде және жұмыссыздықты тіркегенде аралық қызмет атқаратын
мекеме.

б). жұмыссыздық түрлер.
Қазіргі экономикалық теория жұмыссыздықтың үш түрін ерекше бөледі.
1). Фрикциондық жұмыссыздық, жұмыс күшінің аймақтылық, кәсіптік және
жасына қатысты қозғалысымен (жаңа орынға көшуі, басқа кәсіпке бейімделуі,
оқуы, бала бағу) байланысты. Өзінің мазмұны жағынан фрикциондық
жұмыссыздықты өз еркімен болатын жұмыссыздарға жатқызуға болады.
2). Құрылымдық жұмыссыздық, жекелеген аймақтар мен халық шаруашылығы
салаларының даму ерекшеліктерімен байланысты. Экономиканың бір
секторындағы немесе аймақтағы жұмысшы күшінің артуы басқа жерде оның
жеткіліксіз болуымен қатар жүреді.
3). Циклдық жұмыссыздық, экономикалық конъюнктураның өзгеруімен
анықталады. Ол циклдық өрлеу кезінде, азайып, дағдарыстар тұсында көбейіп
отырады.
Бір сөзбен айтқанда, еңбек нарығын мойындау жұмыс күшінің әлеуметтік –
экономикалық табиғатын және оның өндіріс құрал – жабдықтарымен қосылу
тәсілін түбегейлі өзгертеді. Қазірде біздің қоғамымызда жұмыс күшінің
тауар табиғаты жөніндегі ғылыми дау негізінен аяқталды деуге болады. Еңбек
нарығының әрекет ету жағдайында жұмыс күші тауарға айналады, ал оны
өндіріс құрал – жабдықтарымен қосу нарықтық тәсілмен сату – сатып алу
арқылы жүзег асады.
Бұдан тиімді түрдегі жұмыспен қамту жолы еңбек нарығында жатқаны айқын
бола түсед. Еңбек нарығы бұл жұмыс күшін адамның еңбек ету қабілеті тауар
түрінде сату – сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар
жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификациялы еңбектің беделінің сөзсіз
көтерілуіне әсер етеді, осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады
жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейді.

III.Нарықтық экономикаға өту кезіндегі еңбек нарығының қалыптасуы.
Нарықтық экономикаға өту кезіндегі еңбек нарығының қалыптасуы, 0рын алған
және қазіргі кездегі тенденцияларды талдау, жұмыс әлемінің ертеңгі күні
туралы ойлар қызықты да керекті ғылыми – іс.
Шынымен де жұмыс әсіресе, еңбек заңдарымен , өндірістік қатынастарымен
және кадрлық басқарумен айналысатын көптеген ғылымдар қызметінің негізгі
бағыты . Олардың зерттеулері, басқа қырларын қоспағанда, жұмыс берушідегі
жұмысшылардың немесе өздігінен жұмыс жасаушылардың болсын, барлық жұмыс
жасайтын тұлғалардың жүріс–тұрысына қатысты құқықтық нормалар мен
директивалардың орындалуына бақылау жасау және оларды дайындауға
бағытталған.
Еңбек нарығында күрделі өзгерістер болып жатқаны анық, себебі жұмыссыздар
қатарына көптеген адамдар қосылуда, кейбір жұмыс орындары жойылып,
басқалары құрылып жатыр, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығы
Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері
Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы: негізгі элементтері мен реттеуші жүйелер
Зейнетақы нарығымен қамтамасыз ету жүйесі
Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және құрылымы
Қазақстан Республикасында медициналық препараттарды сертификаттау ерекшеліктері
Еңбек рыногындағы жұмысбастылық және жұмыссыздық теориясының негіздері
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі даму деңгейі
Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер