Екібастұз қаласындағы жылу электр орталығының 500 мвт блоктарын жобалау


ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖЫЛУ ЭЛЕКТР
ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 500 МВТ БЛОКТАРЫН ЖОБАЛАУ.
КІРІСПЕ . . . 3
1. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1. Зерттеу объектісі ретіндегі кәсіпорын сипаттамасы . . . 6
1. 2. ҚС-ҚҚ-50 қазандық агрегатының құрылымын сипаттау . . . 10
1. 3. Қазандық-Е-50/14 қазандық агрегатының құрылымын сипаттау . . . 15
2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ.
2. 1. Жылу энергетика өнеркәсібінің ерекшеліктері . . . 19
2. 2. Қор үлесін есептеу . . . 22
2. 3 Еңбек пен жалақының жоспарын құрастыру . . . 26
3. ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ
3. 1. Қазандық агрегатын пайдаланғандағы техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету . . .
3. 2. Қазандық агрегатының жануы . . .
3. 3. Қазандық агрегатының тоқтауы . . .
3. 4. Шаң дайындау жүйесінің жұмысына сипаттама . . .
3. 5. Өрт қауіпсіздігінің нұсқауламасы . . .
3. 6. Еңбекті қорғау . . .
3. 7. Су қоймасының қалпы және гидравликалық пен гидротехникалық сипаттамасы . . .
3. 8. Атмосфераға шығарылатын зиянды заттар . . .
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта Қазақстан өнеркәсібінің қарқынының дамуына байланысты электр энергиясы жетіспеушілігі байқалуда. Елде 2000 жылы бекітілген “Қазақстан 2030 жылға дейінгі ақшаға айналдыру немесе іске асырудың даму стратегиясы” құжатта табиғи отын-энергетикасының қорларын, отын-энергетикалық бірлестігінің өндіріс экономикалық мүмкіншіліктерін және басқа да энергетикалық потенциалын тиімді пайдалану тапсырмасы берілген. Тиімді пайдалану арқылы адам өмірінің сапасын жоғарылатуға және аудан экономикасын көтеруге мүмкіндік береді. Қазақстанның энергетикалық стратегиясы жаңа құрылымды және регионалды саясаттың елді тиімді энергиямен жабдықтаудың бағыттары мен құралдарын анықтайды. Энергиямен жабдықтау жүйесі сенімді энергетикалық қауыптілікті және қоршаған ортаның денсаулығын сақтауға кепіл болады.
Премьер-министр Д. Ахметовтың қолдауымен Қазақстан Республикасыда жаңа Екібастуз ауданындағы Электр Станцияның энергетикалық жобасы құрылған. Бұл жоба Екібастуз көмірін ашық әдіспен алуға арналған үймереттері және жаңа энергия блоктарының экономикалық көрсеткіштерімен көзге түсті. Қазір Екібастуз қаласында өзінің жан-жақтылығы мен масштабты құрылымы Қазақстанның ғана емес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің экономикасын нығайтты. Оның төмен бағалы энергиясын Орал мен Сібір өнеркәсібі пайдаланады, үлкен мемлекет энергия жүйесінің қуаты мен орнықтылығы нығаяды. Осы мақсатта кернеуі 1150кВ болатын континенттерге берілетін электр желісі тұрғызылды. Олар: Барнауыл-Екібастуз-Көкшетау-Қостанай-Челябі.
Қазіргі кезде Екібастуз ауданында жалпы қуаттары сәйкес 4000МВт, 1000МВт болатын Электр Станциялары орналасқан. Екібастуз электр энергиясының қарсы тұру қабілетінің мықтылығымен, өте арзан бағалылығымен Қазақстан экономикасы мен тұтынушыға тиімді болады. Дипломдық жобаның қуаты 500МВт болатын төрт энергия боктарынан тұратын Жылу Электр Станциясының жобасы қарастырылады.
Берілген дипломдық жобаның мақсаты - Екібастұз қаласындағы электр энергиясының жетіспеушілігінің мәселесін шешу. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін ЖЭС 500МВт блоктарын жобалау жұмысы жүргізіледі.
1. ТехнологиЯЛЫҚ БӨЛІМ.
1. 1. Зерттеу объектісі ретіндегі кәсіпорын сипаттамасы.
Өскемен ЖЭО Ертіс және Үлбі өзендерінің оң жағалауында қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. Өскемен «Казцинк» АҚ ҚМК-ның құрамына кіреді және Солтүстік өндірістік түйін территориясында орналасқан. Бұл территориялық түйінде сондай-ақ Үлбі металлургиялық зауыты және ВНИМЦветмет бірге Тәжірбиелік қорғасын зауыты кіреді.
«Казцинк» АҚ Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан қаланың тұрғын бөлігінің және ЖЭО, ҮМЗ АҚ, ВНИИЦветмет және т. б. сияқты өндірістік кәсіпорындардың жылумен қамтамассыз ету көзі болып табылады.
Кәсіпорын қуаттылығы:
-электрлік - 241, 5 МВт;
-жылу - 1050, 9 Гкал/сағ.
Өскемен «Казцинк» АҚ график бойынша жұмыс істейді. Максималды жүктеме қыс мезгілінің үлесіне түседі.
1. 2. ҚС-ҚҚ-50 қазандық агрегатының құрылымын сипаттау.
Су қыздырғыш тура ағынды қазандықтың ҚС-ҚҚ-50 түрі, жылу өнімділігі 50 ГКал / сағ, жылыту жүйесінде, ыстық сумен жабдықтауда, өнеркәсіпте, тұрмыста және басқа да технологиялық мақсатта қысымы 25 кг*с/см² және температурасы 200ºС дейінгі ыстық суды алуға арналған. Қазандық қабатта жанатын қатты отынмен жұмыс істейді.
Бұл қазандықтың жылу өнімділігі - 50 ГКал/сағ.
1. Қысымы - 10 - 25кг * с/см².
2. Судың қазандыққа кіргендегі температурасы - 70ºС.
3. Судың қазандықтан шыққандағы температурасы - 150ºС.
4. Су шығыны - 625 м³/сағ.
5. Гидравликалық кедергі - 7 кг*с/сағ.
6. Отынның есептік шығыны - 8, 8 т/сағ .
7. Қажетті газдың температурасы - 90 - 170ºС .
8. Пайдалы әсер коэффициенті - 85, 2 %.
Қазандықтың оттық камерасы-Г - тәрізді экранды блоктан құралған горизонтальды, призмалы оттық камера болып табылады. Жүрісі 64мм болатын 60х3мм құбырдан жасалған экрандар. Экрандағы жоғарғы және төменгі коллекторлары 273х10мм құбырдан жасалған. Оттық камераның төменгі жағында ТЧЗ - 4 механикалық алаулы-қабатты оттық құрылғысына жатады.
Көмір кесегінің көлемі 50мм - ден аспау қажет. Оттық сипаттамасының ерекшелігі отынның қабатта жануда және іліну күйдегі әр - түрлі процесс болып табылады. Пневмамеханикалық шашырату көмегімен үлкен бөліктері тор көзге беріліп жанады, ұсақ бөлігі оттық көлемде шашырап жанады. Оттықтың жылу жүктемесі отын мен ауаның берілу саны тор көз қозғалыс жылдамдығының өзгерісі бойынша реттеледі. Отынның сапасына байланысты тор көзге түскен қабаттың қалыңдығы реттеледі.
Оттық рамасы көлденең балкаға жалғанған және шинаның тығыздалған шекарасына жалғанған екі балқытылған беттен тұрады. Жануға қажетті ауаның камера шекарасына түсетін беттер раманың төменгі бөлігінде көлденең балкаларға жалғанған. Көлденең балкаларға тығыздалған шекара жалғанған. Тығыздалған шекара ұзындығы әрқайсысында бірден кем емес оттықтың доңғалақ көсем шығыршығының ұзындығына сәйкестендіріліп алынған. Сондықтан шекарадан шекараға ауаның ағыны сақталады. Оттық рамасының камера шекарасындағы ауаның түскен жерінде ауаны шығарып жіберу қондырғысы орналасқан. Ауа доңғалақ торкөздің төменгі тармағына шашырап, торлы оттық арасынан саңылау арқылы бункерге түседі. Орналасқан доңғалақ бір - бірін жауып жатады, бұл төсем деп аталады.
Ошақтың жоғарғы бөлігінде орналасқан әуе торабы пневматикалық шашыратқышқа ауаны беруге арналған. Ошақ қабырғасының ішкі жағында отқа төзімді кірпішпен қаланған. Пневматикалық шашыратқыш ПШ пластиналы қоректендіргіштен, ротордан, қоректендіргіш жетегінен және көмір жәшік корпустарынан тұрады.
ПШ - 600 техникалық сипаттамасы.
1. Жұмысшының ені - 600мм.
2. Көмір өнімділігі - 5200 кг/сағ.
3. Ротордың айналымы - 470, 660, 910 айн/мин.
4. Қоректендіргіштің жылдамдығын реттейтін сатылар саны - 20.
5. Электр қозғалтқыш - ЧАХ - 8086 түрі.
6. Қуаты - 1, 1 кВт.
7. Айналым саны - 930 айн/мин.
Оттық жетек доңғалақ төсем жетегіне арналған.
ОЖ - 3000 - ның негізгі техникалық мәліметтері.
1. Біліктен шыққандағы номиналы.
2. 1 жылдамдығының берілу саны - 18400.
2 жылдамдығының берілу саны - 7530.
3. Электр қозғалтқыш - 152/12 - 8 - 6 - 4 түрі.
Қуаты - 1, 2, 5, 3, 4 кВт.
Айналым саны - 460, 700, 920, 1420 айн/мин.
4. Жетектің салмағы - 930 кг.
Газ арнасынан өту екі Г - тәрізді панельден және екі 60 х 3 мм құбырдан жасалған аралық экраннан тұрады. Аралық экран қазанды жайғастыру аралығында орналасады. Ауа жылытқыш бөлек газ арнасында металды рамада орналасқан.
Рамада механикалық оттық және оттық камерада экранды панель орналасқан. Қайтару жүйесін әкету ұсақ дисперсті отынның газбен әкетілген отынды қайтаруға арналған. Ол ұстағыштан, инжекторлы сорғыштан, 30 ЦС желдеткіштен және жалғанған құбыр желісінен тұрады.
Жүйесі келесі жағдайда қызмет етеді: оттықтан шыққан тозаң ауақыздырғышпен ұсталады. Ауа бөлек желдеткіш арқылы қысылады.
Тартымды үрлеу құрылғысының сипаттамасы:
ДН - 24 үрлеу сорғышы:
1. Өнімділігі - 210/168 мың. м / сағ;
2. 100 С газ температрурасы жалпы қысымы түтін сорғышқа газдың кіру салмағы - 381/244 кг * с/м ;
3. Жоғарғы пайдалы әсер коэффициенті - 82 %;
4. Тұтынылатын қуат - 270/138 кВт;
5. Айналым саны - 750/600 айналым/ минут;
6. Қажетті ең жоғары айналым саны - 750 айналым/ минут;
7. Қажетті ең жоғары газдың температурасы - 200 ºС;
8. Қозғалтқыштың айналу бағыты оң жақтан солға;
9. Электр қозғалтқыштың түрі - ДАЗО 2 - 16 - 44 - 8/10.
3. Негізгі техникалық сипаттамасы және мәлімет.
Өлшем
бірлігі
Қазандық
Өнімділігі
Жалпы қысымы
Айналым саны
Электр қозғалтқыш
Кернеуі
Тоқ күші
Қуаты
Айналым саны
Қазандық
Өнімділігі
Жалпы қысымы
Айналым саны
Электр қозғалтқыш
Кернеуі
Тоқ күші
Қуаты
Айналым саны
Қазандық
Өнімділігі
Жалпы қысымы
Айналым саны
Электр қозғалтқыш
Кернеуі
Тоқ күші
Қуаты
Айналым саны
Балғалы диірмен.
Түрі ММТ - 1000/950/980.
Өнімділігі - 6, 6 т/ сағат.
Диаметрі - 1000 мм.
Сыртқы ұзындығы - 950 мм.
Айналым саны - 980 айналым / минут.
Мөлшері - 32 дана.
Электр қозғалтқыш түрі - АО - 3 - 315 С - 6.
Айналым саны - 1000 айналым / минут.
Қуаты - 110 кВт.
Кернеуі -380 В.
Бағыттағыш аппараттар (БА) - түтін сорғыштың өнімділігін реттейтін механизмі. Рельсте айналатын айналмалы сақинаның және қалақшалардың корпусынан тұрады.
Тартымды үрлеу қазандық машинасы ҚС - ҚҚ - 50 және Е - 50/14 келесі агрегаттарға арналған:
а) Қазандық агрегатына ауаны беретін үрлеу желдеткішті сорғыш ҮЖС - 17, ҮЖС - 20.
б) Температурасы 200 С дейінгі қазандық агрегатынан газдың түтінін соратын ТС - 24, ТС - 15, 5 түтін сорғыш.
в) Газдың түтінін қосымша тазалайтын түтін сорғыштың рециркуляциясы ТС - 12, 5.
Артқа қайырылған қалақшадан бір жақты сорудан тұратын білікті тартым үрлеу машинасы бірнеше тораптан тұрады: жұмысшы доңғалағы, жүріс бөлігі, бағыттағыш аппараттың білігі, кіру келтеңқұбыр, жүріс бөлігінің рамасы, муфта қоршауы және мықты тетіктері. Майлық ваннада көрсетілген май деңгейінің көрсеткішінен майдың деңгейін бақылайды. Корпустың қақпағындағы термометр қондырғысында екі шығару тесігі бар. Термометр үстін корпус жабады. Майдың жүріс бөлігіндегі корпустағы майлы ваннада орналасқан жыланды құбыр арқылы май суытылады. Жыланды құбыры арқылы су шығатын құбыр желісіне жалғанған. Жүріс бөлігі болтпен балқытылып біріктірілген рамаға жалғанған.
- Жұмысшы доңғалағы балқытып біріктіру арқылы машинамен жұмыс істейді;
- Бағыттағыш аппараттар қораптан, бұралатын сақинадан, ағыстатқыштан, қалақшадан, ағыстатқыш және смырдан тұрады;
- Майлық қораптың екі жарты бөлігінен, қақпақтың екі жарты бөлігінен және асбесті баудан тұрады;
- Муфтаны қоршауы машинаның айналу бөліктерін қоршауға арналған беттен тұрады. Тартым үрлеу машинасы іске қосылғаннан кейін жүріс бөлігі қораптың температурасын бақылайды. Температурасын бақылайтын құрал шыныдан жасалған сынапты термометр болып табылады.
1. 3. Қазандық-Е-50/14 қазандық агрегатының құрылымын сипаттау.
“Энергомаш” Белгород заводының номиналды өнімділігі 50 т/сағ бу реттегіш 14 ата/сағ будың жұмысшы қысымда және бу температурасы 194ºС тас көмірінің шаңымен жұмыс жасауға арналған.
П-тәрізді қазандық агрегаты екі барабанды, табиғи айналымды және екі сатылы буланудан тұрады. Бірінші булану сатысындағы қазандық барабанында орналасқан. Екінші булану сатысына екі сорғыш циклоны қосылған. Радиацияның қыздыру беттері отын камерасының жан-жақты қабырғасын қоршайды, алғышепті, артқы және бүйірлі экрандарды құрайды.
Алғышепті, артқы экрандар құбырының төменгі жағында май құйғыш орналасқан. Артқы экран құбырының жоғары төртқатарлы фестон орналасқан. Конвекциялық қыздыру беттері қазандық шоғынан, сулы экономайзерден және ауа қыздырғыштан тұрады. Оттық камерадағы май құйғыштың жанында қожды шахта, салқындатқыш сауыты бар бункер, қожды ұсақтағыш орналасқан.
Төрт тозаң көмірлі турбулентті жанарғы көмегімен отын оттыққа түседі. Қазанды жағу және аз жүктемеде тұрақтандыру үшін әр жанарғы ортасында бумен тозаңдатқыш ФПК 240/2000 мазутты бүріккіштер орналасқан. Әрбіреуінің өнімділігі 240 кг/сағ болады. Қазандық қызмет етуге сатылы алаңмен жабдықталған.
Түтін сорғыш рециркуляциясы.
Түрі-ДН-10.
Өнімділігі -19, 6 мың. м³/сағ.
Минутына айналу саны -1500 айн/мин.
Арыны - 221кг*с/см²
Тұтынылатын қуаты -14, 4кВт.
Электр қозғалтқыш түрі -4А-18 Ом-4.
Үрлеу желдеткіші.
Түрі-ВДН-17.
Минутына айналу саны-1000 айн/мин.
Өнімділігі - 73 мың. м³/сағ.
Арыны - 450кг*с/см²
Тұтынылатын қуаты-108кВт.
Жұмысшы доңғалақтың диаметрі-1700мм.
Ауаның рұқсат етілетін жоғары температурасы-30 ºС.
Электр қозғалтқыш түрі-АОЗ-355-6/3.
Электр қозғалтқыш қуаты-160кВт.
Кернеуі-380В.
Түтін сорғыш.
Түрі-Д-15, 5.
Минутына айналу саны-970 айн/мин.
Өнімділігі - 90 мың. м³/сағ.
Арыны - 410 кг*с/см²
Тұтынылатын қуаты-159 кВт.
Электр қозғалтқыш түрі-АОЗ-355-6У3.
Кернеуі-380В.
Көмір шикізатымен қоректендіргіш-қазандық №2, №3 КШҚ №1 КЦ2-500-180-41-У2 түрі редуктормен жабдықталған.
Қазандық №2, №3 КШҚ №2 КЦ2-500-180-41-У2 түрі редуктормен жабдықталған.
Қазандық №4 КШҚ №1 және қазандық №5 КШҚ №1, 2 КЦ2-750-180-41-У2 түрі редуктормен жабдықталған.
ҚШҚ қозғалтқышта келесі электрқозғалтқыш түрлері орналасқан:
Қазандық №2 КШҚ №1, 2 және қазандық №3 КШҚ №1 ПБ-41М түрі редуктормен жабдықталған.
Қуаты -1, 2 кВт.
Минутына айналу саны - 500-1500 айн/мин.
Кернеуі -220 В.
Тоғы - 6, 7 А.
Қазандық №3 КШҚ №2 және ПБ-52-92 түрі редуктормен жабдықталған.
Қуаты -2, 4 кВт.
Минутына айналу саны - 500-1500 айн/мин.
Кернеуі -220 В.
Тоғы - 13, 2 А.
Қазандық №4 КШҚ №1, 2 және П-4 ОМ түрі редуктормен жабдықталған.
Қуаты -6, 1 кВт.
Минутына айналу саны - 500-1500 айн/мин.
Кернеуі -220 В.
Тоғы - 35 А.
Қазандық №5 КШҚ №1, 2 2ПБ-132 М түрі редуктормен жабдықталған.
Қуаты -2, 4 кВт.
Минутына айналу саны - 500-1500 айн/мин.
Кернеуі -220 В.
Тоғы - 13, 2 А.
Қоректендіргіш электрсорғышы.
Түрі - ЦНСГ - 60-231.
Өнімділігі - 60 мың. м³/сағ.
Арыны - 231кг*с/см²
Айналым жылдамдығы - 2950 айн/мин.
Тұтынылатын қуаты - 75 кВт.
Электр қозғалтқыш түрі - А2 -82 - 2 - УЗ.
Кернеуі -220/380 В.
Оттық камерасының блоктары.
Қазандықтың оттық камерасы төрт бурыштың және еш жазықтық блоктардан құралған. Әрбір оттық блок камера мен құбыр жалғанған қаңқадан түрады. Камера диаметрі 219 мм болатын құбырдан жасалған, материалы-болат 20. Жылытпайтын камераға диаметрі 60мм болатын экранды құбырлар жалғанған. Экранды құбыр қадамы 70 мм. Осы құбыр қаңқаға бұралымммен тартым көмегімен жалғанған. Блок қаңкасына қазандық қаптамасы, жанарғы қондырғылар, алаңдар, жарылғыш клапандар жане сатылар жалғанған.
Үзіліссіз жэне айналмалы үрлеу.
Қазандық 12 буландырғыш айналым контуры: үш алғышепті, үш артқы, екі алдыңғы бүйірлі жане екі артқы бүйірлі айналым контурын бірінші буландырғыштың бірінші сатысына қосылған. Су өткізу қүбырыныц диаметрі 102 мм болатын қазандық барабанындағы сумен қоректенеді. Екі орташа бүйірлі айналым контуры буландырғыштыц екінші сатысына қосылған және су өткізу қүбырының диаметрі 120мм сыртқа шығару циклонының суымен қоректенеді. Диаметрі 102мм құбыр арқылы буландырғыштың бірінші сатысындағы бу барабан белігіне түседі. Жоғары камерадағы бу барабанның бу кеңістігіне түседі. Сыртқа шығару циклоны мен барабандағы су келемі бір- бірімен диаметрі 76 мм болатын барабаннан кейінгі қоректендіргіш циклоны жүретін құбыр арқылы жалғанған. Үздіксіз үрлеу қазандық суының тұз мөлшерін белгілі бір деңгейде сақтауға арналған. Қазандықтағы айналмалы үрлеу төменгі экран камерасынан, қайнау шоғынан, сыртқа шығару циклонынан зиянды қалдықтарды жою. Буды үрлеу атмоеферадағы зиянды қалдықты азайту үшін кодданылады. (NО , СО, SО)
Барабан жүйесіне барабаннан тұратын құралымы, екі жылжымалы тірегі және екі тіректі балға жатады. Барабанды тексеру үшін екі лаза орналасқан. Барабанда сақтандырғыш клапанды, су деңгейін көрсеткіш колонкаларды , монометрді, бақылау-өлшеу аепаптарды бір-бірімен жалғайтын штуцерлер қарастырылған. Барабанның ортаңғы бөлігінде торабы, батырғыш бет, тебеде саңылаулы жапқыш беті орналасқан. Барабанның бір бөлігінде төрт барабанның ішкі циклоны жалғанған қобдиша орналасқан. Бу мен су қоспа артқы бүйірлі контур айналымының жоғарғы камерадан түскеннен кейін барабанның ішкі циклонында айырылады. Сыртқа шығару циклонынан бу барабанның бу кеңістігіне бағытталады. Буланудың екінші сатысынан өткен бу саңылаулы жапқыш беттен барабанның жоғарғы бөлігі арқылы бу камерасына түседі. Су экономайзерінен шыққан қоректік су барабан қобдишасына түседі.
Қазандық шоқтары.
Қазандық шоғы ішкі диаметрі 792мм және қабырға қалыңдығы 20мм болатын барабаннан, болат 20К материалынан, диаметрі 133мм төменгі камерадан, диаметрі 60мм бір-бірімен жалғанған 28 түсіру құбырларынан тұрады. Қазандық шоғының барабаны шығыршық тірегі арқылы қазандық шоғырының металды құралымына жақын орналасқан. Төмен түсіру және жоғары көтеру құбырлары барабанға жалғанған. Қазандық шоғырының төменгі камерасында құрғатуға арналған екі реттегіш орналасқан.
Су экономайзері ауаны қыздыратын екі сатыдан тұрады. Бірінші сатысы су жүретін үш блоктан турады. Су экономайзерінің барлық блоктары ұқсас шойынды қыздырғыш беттен тұрады. Бірінші сатының блоктары металдан жасалған. Металл құралымының ішіндегі төрт тіректі маткеде шойынды құбырлар орналасқан. Құбырлар екі пакетке бөлінген. Сонымен экономайзерде су екі ағынды сұлбамен жүреді. Экономайзердің бірінші сатысының қыздыру бетінің ауданы 378м 2 . Экономайзердің екінші сатысы бір блоктан турады. Экономайзердің спираль түрдегі екінші сатысы диаметрі 28хЗмм болатын болаттан жасалған құбырдан тұрады. Спиральды шахматты құбырлар қазандықтың алғышебіне параллель орналасқан. Экономайзердің камерасы 20 болаттан жасалған, диаметрі 159мм құбырдан турады. Жанбайтын екі камера қазандықтың оң жағында орналасқан. Экономайзер екінші сатысының қыздыру бетінің ауданы -112м².
Қазандықтағы түтікті ауа қыздырғыш негізгі бөлікті алады. Екі сатылы салқын және ыстық бөлігі бар ауалы экономайзермен бөлінген. Салқын бөлігі екі төменгі және ортаңғы блоктан тұрады. Ауа қыздырғыш бірінші сатысының қыздыру бетінің ауданы - 1632м². Ауа қыздырғыштың ыстық бөлігі яғни екінші сатысы қыздыру бетінің ауданы - 950м² болатын блоктан тұрады. Құбыр ішінде түтінді газ, оның арасында ауа жүреді. Құбырлар шахмат түрінде орналасқан.
Қазандық агрегаты төрт турбулентті жанарғы құрылғылармен жабдықталған, ол оттықтың бүйір қабырғасында орналасқан. Бірінші және екінші реттік ауа жанарғыға беріледі. Әрбір жанарғыда мазутпен жандыру бүріккіші орналасқан, оның өнімділігі 240кг/сағ.
Жалғауыш құбырлар-диаметрі 102мм болатын су бергіш және бу бөлгіш құбыр арқылы қазандықтың экрандық жүйесі барабанға және шығару циклонға жалғанған. Диаметрі 377мм болатын шығару циклоны қазандықтың оң жағында және сол жағындағы қабырғада бір-бір циклон орналасқан. Бу жинағыш камерасынан тұратын барабанға 32х3мм болатын құбыр қосылған. Төрт құбырда буды өңдеп бөліп алатын құрылғы орналасқан. Экономайзердің ортаңғы және жоғарғы блоктары бір-бірімен диаметрі 60мм болатын құбыр арқылы жалғанған. Қоректік су жоғарғы экономайзердан диаметрі 83мм болатын құбыр арқылы қазандық шоғырының барабанына түседі.
Оттықтың жоғарғы бөлігінде үш жарылғыш клапандары орналасқан. Біреуі қабырғаның бүйірінде, біреуі барабанда және екі жарылғыш клапандар орналасқан.
Қазандықтың қаптамасы монолитті, каркасты, үш қабатты.
Бірінші қабаты-шамотобетон-60мм.
Екінші қабаты-диатомобетон-50мм.
Үшінші қабаты-минералмақталы бұйымды.
Қазандық қаптамасының сыртқы сеткасының қалыңдығы 20мм болатын шкатуркаланған. Қаптама ауа қыздырғыштан бөлек қазандық газ арнасы мен оттықтың барлық қабырғаларын қорғайды.
Қазандық-Е-50/14 қазандық агрегатының құрылымы төмендегідей:
-Таза өнімділігі 50т/сағ;
-Будың абсолютті қысымы 14кг*с/см²;
-Қаныққан будың температурасы 194ºС;
-Қоректік судың температурасы 104 ºС;
-Шыққан газдың температурасы 127 ºС;
-Экранның қыздыру бетінің ауданы 894м²;
-Қазандықтағы судың көлемі 22м²;
-Қазандықтағы будың көлемі 8м²;
-Отынның шығыны Qн=5230-6002кг;
-Қазандықтың брутто пайдалы әсер коэффициенті 99. 96 пайыз;
-Қажетті ең төменгі бу өнімділігі 35т/сағ;
-Оттықтың ені 5600мм,
-Оттықтың тереңдігі 5000мм;
-Бірінші сатыда қазандықтағы судың қажетті ең жоғарғы тұз мөлшері 1500мг/кг;
-Екінші сатыда қазандық буының ең жоғарғы тұз мөлшері 1мг/кг;
-Үзіліссіз үрлеудің қажетті ең төменгі өлшемі 2 пайыз;
-Оттықтан шыққан газдың температурасы 970 ºС;
-Қазандық шоғырынан шыққан газдың температурасы 8м².
2. 2Экономайзердің екінші сатысы.
2. 2. 1 Қыздыру бетінің ауданы-112м².
2. 2. 2 Эокономайзерге кіргендегі қоректік судың температурасы 133 ºС.
2. 2. 3Эокономайзерден шыққан қоректік судың температурасы 183 ºС.
2. 2. 4 Кірген газдың температурасы 642 ºС.
2. 2. 5 Шыққан газдың температурасы 472 ºС.
2. 3Ауа қыздырғыштың екінші сатысы.
2. 3. 1 Қыздыру бетінің ауданы-950м².
2. 3. 2 Кірген ауаның температурасы 172 ºС.
2. 3. 3 Шыққан ауаның температурасы 334 ºС.
2. 3. 4 Кірген газдың температурасы 472 ºС.
2. 3. 5 Шыққан газдың температурасы 349 ºС.
2. 4 Экономайзердің бірінші сатысы.
2. 4. 1 Қыздыру бетінің ауданы-378м².
2. 4. 2 Эокономайзерге кіргендегі қоректік судың температурасы 104 ºС.
2. 4. 3 Эокономайзерден шыққан қоректік судың температурасы 134 ºС.
2. 4. 4 Кірген газдың температурасы 349 ºС.
2. 2. 5 Шыққан газдың температурасы 235 ºС.
2. 5 Ауа қыздырғыштың екінші сатысы.
2. 5. 1 Қыздыру бетінің ауданы-1632м².
2. 5. 2 Кірген ауаның температурасы 30 ºС.
2. 5. 3 Шыққан ауаның температурасы 172 ºС.
2. 5. 4 Кірген газдың температурасы 235 ºС.
2. 5. 5 Шыққан газдың температурасы 127 ºС.
2. 6 Отын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz