Camel жүйесі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

CAMEL жүйесі:

Жалпы қаржылық жағдайды анықтауда банктің негізі көрсеткіштерін және капиталдың сәйкестілігін, активтердің сапасын, басқаруды (менеджмент), табыстылығы мен өтімділігін бағалайтын CAMEL жүйесі қолданылады. Банктің қаржылық жағдайын жан-жақты тексерулер барысында мынадай сұрақтар қамтылады:

а) Банктің қаржылық жағдайымен жүргізілетін операциялардың саласын анықтау.

Бұл активтер мен кассаны түгендеу, ішкі бақылау шараларын орындауын тексеру, белгіленген тәртіптерді сақтау мен құжаттардың дұрыс жүргізілуі;

ә) Басқару сапасын бағалау, олар мыналарды қамтиды:

  • операторлар жағынан басшылықтың бақылауын бағалау;
  • банк басшылығына берілген құзыреттер мен олардыңжүзеге асу тәртібін зерттеу; қызметкерлердің қызметке сәйкестігін және қайта дайындау тәртібі;
  • иерархиялық құрылым мен екі жақты бақылау.

б) Заңдар мен инструкцияларды сақтауына бақылау жасау.
Құжаттар мен заңдардың және белгіленген әдістердің сақталуын тексеру;

в) бухгалтерлік есеп беруді жүргізудің дәлдігі.
Аудиторлық тексеру нәтижесінде алынған санкциялар мен рекомендацияларды сақтау, келісімдер бойынша құжаттарды жүргізудің дәлдігін және дұрыстығын бағалау.

г) Активтердің сапасын тексеру.

Операторлар кеңесімен жасалған несие саясатының толықтығы мынадай бағыттарды қамтиды:

  • жеке тұлғалар мен компанияларға бсрілетін несиелердің қатынасы;
  • банктер үшін қолайлы бағалы қағаздардың түрлері; бағалау тәртібі;
  • несиелердің шекті көлемі; несиені бағалау әдістемесі;

-несиенің қайтарылуы мен несиелік қабілеттілігін бақылау;

-несиенің «ескіруі», пайыздардың тоқтатылуы мен несие бойынша шығындарды

жабу үшін резервтерді құру.

д) Банктің төлем қабілеттілігін бағалау. Бұдан кейін банктің төлем қабілеттілігі мен банк балансы бағаланады. Бұл әдетте банктің жоғары менеджментімен және аудиторларымен жеке-жеке қарастыруды қамтиды.

Тексерушілер сондай-ақ банктің қызметін АҚШ-тың Федералды резервті жүйесімен жасалған «САМЕL» жүйесіне сәйкес бағалайды.

Банктің табыстылығын тексеруде СПРЭД -тің банктің қызметкерлерінің еңбек өңімділігіне және активтер сомасынан пайда алу коэффициентінің қатынасына мән береді.

Басқа жағынан банктің қаржылық жағдайын тексеру банк басшылығымен немесе оның акционерлері мен салымшыларға қатысты алаяқтық жағдайлар мен заңға қарсы келетін іс-әрекеттерді айқындайды. Мұндай іс-әрекеттер, әсіресе қазіргі кезде банктік алаяқтардың өз құралдарын халықаралық байланыстарда пайдаланып, оларды заңсыз жолмен шығаруға барлық мүмкіндіктерін салуынан көрініп отыр. Банкті тексерушілер заңсыз қызметтер мен алаяқтықты болдырмау мақсатында басқа да органдармен ақпараттар алмасу саласында тығыз қарым-қатынас жасайды.

Инспекциялау банктің қызметтерінің толық немесе жеке бір сұрақтар бойынша зерттеу жолымен, оның нақты қаржылық және институционалды жағдайы туралы мәліметтерді анықтау үшін және банктің басшылары немесе жеке қызметкерлерінің қызметінін қазіргі заңдылыққа сәйкестігін тексеру үшін жүргізіледі. Банктерді инспекциялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі дербес түрде немесе басқа ұйымдардан мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Ұлттың банктен банктерге кешенді және ағымдық тексерулер жүргізілуі мүмкін.

Банкті тексеру бойынша комиссияның, басшысы қажет болған жағдайда, оның мүшелері арасында нақты міндеттердің болуы мен жұмыстың жоспарын анықтайды. Комиссия инспекциялауды жүргізу барысында өзінің жұмысын өз бетінше ұйымдастырады және танысу үшін банктен барлық қажетті құжаттарды алуға құқылы. Банк талап етілген құжаттарды дайындауға және тексерушілерге беруге жауапты өз мамандарын анықтайды.

САМЕL рейтинг жүйес і - қаржылық есеп беру мәліметтері мен инспекциялық тексерулердің нәтижесі бойынша банктің жағдайына баға беруге болатын банкті қаржылық талдаудың әдісі.

Рейтинг жүйесінің САМЕL атауыталданатын компоненттердің алғашқы әріптерінен құрылған:

С - (capital adequacy) - капиталдың жеткіліктілігі, мұнда банктің міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін капиталдың жеткіліктілігі, яғни меншікті капиталдың көлемі бағаланады.

А - (asset quality) - активтердің сапасы, мұнда активтердің сапасы анықталады, сонымен бірге, несиені қайтаруды қамтамасыз етуге және проблемалы несиенің жалпы банктің қаржылық жағдайына әсер етуіне баға берілед.

М - (management) менеджмент - банк қызметінің тиімділігіне, қалыптасқан жұмыс тәртібі мен заңды және нормативтік актілердің талаптарының орындалуына бақылау әдістерін ескере отырып, банкті басқару әдістері бағаланады.

Е - (earnings) - табыстылығы (пайдалылығы) - банктік қызметтсрді кеңейту перспективалары үшін, оның табысының жеткіліктілігі тұрғысынан банктің рентабельділігі бағаланады.

L - (liquidity) - өтімділік, банктің ағымдағы және болашақтағы міндеттемелерін орындау үшін өтімді активтерінің жеткіліктілігі, яғни өтімділік деңгейі анықталады.

САМЕL жүйесінің компоненттерін бағалау Ұлттық банкке берілетін қаржылық есеп берулердің мәліметтері бойынша жүргізіледі. Бірақ та оларды нақтырақ бағалау үшін инспекциялық тексерулерді жүргізу қажет. Бұл жүйе бойынша банкті бағалау үзідіксіз процесс болып табылады. Дегенмен де бағалауды инспекциялық тексерудің соңында жүргізгенді дұрыс санайды.

Банк қызметін рейтингтік бағалау

САМЕL жүйесінің бес компонентінің әрқайсысын: капиталдың жеткіліктілігі, активтердің сапасын басқару, табыстылығын және өтімділігін бағалауды жүргізгенде мынадай принциптер мен тәртіптерді ескеруі қажет:

1-рейтинг (тұрақты) :

  • өте жақсы нәтижелер мен қаржылық тұрақтылың; бағалануы өте жоғары немесе басқа банктерге қарағанда жоғары.

2-рейтинг (қанағаттанарлық) :

  • қызметінің нәтижелері қанағаттанарлық (күрделі мәселелер табылған жоқ) ; қызметінің нәтижелері орташадан жоғары немесе орташа деңгейде; қаржы операцияларының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалған.

3-рейтинг (орташа) :

  • қызметінің нәтижелері қанағаттанарлықсыз; бағалануы орташа немесе қанағаттанарлықтан төмен; сапасы орташадан төмен.

4-рейтинг (шекті) :

- орындалуы орташа деңгейден төмен;

- банктің қызметіндегі кемшіліктері болашақта банк қызметіне қауіп төндіретіні анық көрініп тұр.

5- рейтинг (қанағаттанарлықсыз) :

- қызметінің нәтижелері сөзсіз нашар;

- мәселелері асқынған және тез арада шаралар қолдануды талап етеді;

- егер кемшіліктерді жою бойынша шаралар қолданбаса, банктің банкротқа ұшырау қаупі бар.

Капиталдың жеткіліктігі. Капитал салымшылардың құралдарын қорғайтын ең басты құрал болып табылады. Тұрақты капиталы бар банктің өзінің салымшыларына қауіп төндірмей үлкен шығындарды өз мойнына алу мүмкіндігі болады.

Сонымен қатар, банктердің халықаралық стандарттарға етуі бойынша оларды бірінші немесе екінші топқа жатқызуға байланысты әрбір банк үшін белгіленетін жеке бақылау белгілері бар.

Меншікті капиталдың (МК) жеткіліктігіне қатысты сапалы көрсеткіштерді талдау үшін төмендегідей көрсеткіштерді есептеуге болады:

Активтердің

өсу

= _қарқыны

Өткен жылғы есепті кезеңдегі активтер

Меншікті

капиталдың

(МК) өсу =

қарқыны Өткен жылғы есепті кезеңдегі МК

=

Пайда

=

МК

САМЕL жүйесі бойынша капиталдың рейтингісін жүргізудің жалпы принциптері мынадай:

1-рейтинг (тұрақты) :

•банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттері (К 1, К 2 ) белгіленген минималды белгілерден екі немесе одан көп есе жоғары болса, яғни 12% және 24%-ға тең немесе одан жоғары;

• банктің меншікті капиталының көрсеткіштері басқа банктермен салыстырғанда жоғары болса.

Осы рейтингтегі банктер сәйкесінше капитализацияланған және болашақта жақсы капитализацияланған деп есептелінеді.

2-рейтинг (қанағаттанарлық) :

  • К1, К2коэффициентері 8%-пен 14%-ға тең;
  • банк капитал көрсеткіштері бойынша банктерді салыстыру тобында ең бір жақсы банктердің бірі болып табылады;
  • инспекциялаудың нәтижесі бойынша банктің активтерінің сапасы қанағаттандырылған немесе орташа.

Бұл деңгейдегі банктер қазіргі кездегі капиталдары жеткілікті және оны болашақта да сақтайды деп айтуға болады.

3-рейтинг (орташа) :

• К 1, К 2 коэффициенттерінің көрсеткіштері белгіленген нормативтерге сәйкес, яғни 6% және 12%-ға тең;

  • капитал көрсеткіштері бойынша банктерді салыстыру тобында ең аз дегенде орташа жағдайда орналасатын банктер;
  • ипспекциялық тексерулер нәтижесінде анықталған активтердің сапасы орташа банктср.

4-рейтинг (шекті) :

  • белгіленген нормативтердің (К1, К2) ең болмаса біреуін орындап жүрген немесе капитал жеткіліктілігі көрсеткіштері 6 % және 10 %-ға тең банктер;
  • банктерді капитал көрсеткіштері бойынша салыстыру тобында соңғы орындардың бірінде орналасқан банктер;
  • ипспекциялық тексерудің нәтижелері бойынша әлсіз пемесе активтердің сапасы жағынан проблемалары бар банктер.

Бұл рейтингтегі банктердің капиталы жеткіліксіз және оның жағдайы банктің өмір сүруі мен төлем қабілеттілігіне қауіп төндіреді.

5-рейтинг (қанағаттанарлықсыз) :

  • капитал жеткіліктілігінің көрсеткіштері белгіленген нормативтерден төмен немесе теріс көлемді капиталы бар банктср;
  • банктерді капитал кәрсеткіштері бойынша салыстыру тобында нашар банктердің қатарына жататын банктер;
  • инспекциялық тексерудің қорытындылары бойынша активтерінің сапасы шекті немесе қанағаттанарлықсыз болған банктер.

Бұл рейтингтегі банктерге акционерлер немесе басқа да қолдау көздері жағынан жедел жәрдем жасау талап етіледі. Қаржылық және басқа да әлсіз жақтары банктің төлем қабілеттілігіне қауіп төндіреді.

Активтердің сапасы. Банктің активтерінің сапасын талдаудың мақсаты болып банктің есеп беруінде олардың өмір сүру қабілеттілігі меп құны дұрыс көрсетілгенін анықтау. Тәуекел деңгейін анықтауда активтердің әр деңгейдегі тәуекелінің бар екенін ескеру қажет. Белгілі бір активтердің түрлері тәуекелмен ешбір байланыссыз болады. Мысалға, к а с с а д а ғ ы

қол м а - қол ақша немесе Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттағы қалдық. Бұл активтерге қарама-қарсы 100% тәуекелі бар активтер бар. Мысалы, оларға банктен берілетін несиелер жатады.

Активтердің сапасын талдау барлық активтердің түрлерін, сондай-ақ баланстан тыс активтер мен проблемалы активтердің негізгі бөлігі ретінде несие портфелін қамтиды. Сондықтан несие портфелінің сапасын талдау көп көңіл бөлуді қажет етеді. Бұл талдаудың негізгі принципі несиенің қайтарылуын қамтамасыз етуді талдау болып табылады. Біріншіден, инспектор келесі жақтарына көңіл аударуы керек:

несиені өтеу келісімшартқа сәйкес жүргізіліп жатыр ма, әлде төлемдер кешіктірілген бе?

  1. қарыз алушы кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты ма, әлде қаржылық жардайы нашарлап қалды ма?
  2. қарыз алушы несиені қайтара алмаған жағдайда банктің несиенің орнын жабу үшін қосымша қамтамасыз ету қаражаттары немесе несиені қайтарудың басқа түрлері бар ма?

Егер банк несие бойынша шығындарды жабуға провизиялар құрған болса, онда құрылған провизиялардың сомасын активтердің жіктелінуіне дейінгі сомасынан алынып тасталынады.

Активтердің сапасын талдау жіктелінген активтердің орташа құны мен банк капиталының қатынасына негізделеді.

Активтер сапасын бағалау принциптері

Жіктелген активтер құнының капиталға қатынасы:

Жіктелген активтер құнының капиталға қатынасы

САМЕL рейтингісі:

САМЕL рейтингісі

Жіктелген активтер құнының капиталға қатынасы:

5 %-дан кем емес

5 %-дан 15 %-ға дейін

15 %-дан 30-ға дейін

30 %-дан 50-ға дейін

50%-дан жоғары

САМЕL рейтингісі:

1. Тұрақты

2. Қанағаттанарлық

3. Орташа

4. Шекті

5. Қанағаттанарлықсыз

1-рейтинг (тұрақты) . Мерзімі кешіктірілген немесе жіктелінген активтсрдің саны аз, несиенің нашар орналастырылуына қарсы тұру үшін ішкі бақылау жүйесі мен басқару механизмдері жеткілікті банктер.

Бұл рейтингтегі банктердің диверсификацияланған несиелік портфелі болуы және бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері мен банкпен ерекше қатынастағы тұлғаларға байланысты талаптарды орындауы керек.

2-рейтинг - (қанағаттанарлық) . 1-рейтингке жатқызылған банктерге қарағанда, бұл рейтингтегі банктердің мерзімі кешіктірілген немесе жіктелінген активтерінің мөлшері үлкен болады, бірақ проблемалы активтердің көлемі орташа, ал жалпы активтердің сапасы қанағаттандырарлық болады.

Несие саясаты мен ішкі бақылау жүйесінің саясаты жалпыға сәйкес деп бағаланады, сондай-ақ кез келген айқындалған шығындарды жұмыс тәртібінде түзеуге болады.

Бұл рейтингтегі банктердің де диверсификацияланған несиелік портфелі болуы және бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері мен банкпен ерекше қатынастағы тұлғаларға байланысты талаптарды орындауы керек.

3-рейтинг (орташа) . Бұл рейтингтегі банктердің мерзімі кешіктірілген және жіктелінген активтердің көлемінің жоғары болып келуі қауіп төндіреді. Жалпы жіктелінген активтердің деңгейі әзірше банктің капитализациялануын қажет етпейді, бірақ жағдайдың нашарлап кету мүмкіндігі бар. Мұндай банктер берілген несиелердің қайтарылуын талап етуді жеткілікті деңгейде қамтамасыз етпеген.

Банктің жағдайын жақсарту үшін ішкі бақылау әдістерін жетілдіру қажет.

4-рейтинг (шекті) . Бұл рейтингтегі банктердің мерзімі кешіктірілген және жіктелінген активтердің көлемі шығынды және активтердің сапасы нашар деп бағаланады. Жағдайды түзетуге байланысты жедел түрде шаралар қолданбаса, проблемалы активтердің деңгейі мен ауыртпалығы болашақта банктің төлем қабілетіне қауіп төндіруі мүмкін.

Мұндай банктердің несиелерді басқаруы нашар, несие саясаты мен ішкі бақылау механизмі әлсіз болады және басқару мен иемдену мәселелері бойынша заңсыз іс-әрекеттердің де болуы мумкін. Бұл банктердің несиелік портфелі банкпен ерекше қатынастағы тұлғалардың белгілі бір санымен ғана шектеледі.

Банктер мен ерекше қатынастағы тұлғаларға байланысты талаптардың орындалмауын сипаттайды.

5-рейтинг (қанағаттанарлықсыз) . Бұл рейтингтегі банктердің мерзімі кешіктірілген және жіктелген активтер көлемінің нашар жағдайы және банктің төлем қаблеттілігіне нақты қауіп туғызады.

Сауықтыру бойынша бірнеше механизмдерді іске қосып және ағымдағы шығындарды қысқартуға байланысты жақын арада шаралар қолданбаса, банктің банкротқа ұшырау қаупі бар.

Табыстылық. Табыстылық псн рентабельділік банк жұмысының маңызды көрсеткіштері болып табылады.

Табыстылықты талдауда ең алдымен мынадай факторларды ескеру қажет:

- банкте уақыт өткен сайын өзінің құнын жоғалтатын активтердің (құралдар, негізгі құралдар) амортизациялау тәжірибесі бар ма?

  • салық бойынша қарыздың есептелуі дұрыс жүргізіле ме?
  • салықты төлегеннен кейін акционерлерге дивиденд түрінде төленген сомалардың есеп баптарында көрсетілуін тексеру.

Өйткені дивиденд түрінде төленген таза пайданың жоғары болуы банк пайдасының көп бөлігін өз капиталын көбейтуге жіберілетін бөлінбеген пайда түрінде сақталмағандығын көрсетеді.

Берілген есеп беру мәліметтердің растығын тексерген соң САМЕL жүйесі бойынша рейтингті анықтау үшін пайдалылықты талдау жүргізіледі. Пайдалылықты талдау жылдың соңында жүргізіледі.

Банктің пайдалылық көрсеткіші активтердің орташа құнына қатысты қайтарымдылық коэфициенті болып табылады. Ол төмендегідей түрде есептеледі:

Дивидендтерді төлегенге дейінгі және салықтарды

төлегеннен кейінгі таза пайда

Активтердің орташа құны

Өтімділігі. Өтімділікті талдау үшін кез келген көрсеткішті қолдану мүмкін емес және САМЕL жүйесі бойынша өтімділік рейтингісін анықтау үшін инспектор бірнеше факторларды ескере отырып, өзінің жеке ойын басшылыққа алуы қажет:

1) салымдардың көлемін, яғни банктің депозиттерінің қанша бөлігі негізгі депозиттерді (банктің қолында ұзақ мерзімге қалатын депозиттер), оның алдын ала ескертусіз шоттардан алынуы мүмкін салымдар бөлігімен салыстыруды (талап еткенге дейінгі депозиттер) ;

  1. активтердің өтімді түрде болуы немесе өтімді түрдегі активтерге тез айналатын активтердің болуы (өтімді түрде активтер көп болған сайын өтімділік деңгейі жоғары болады) ;
  2. банктің қарыз қаражаттарына деген қажеттілік деңгейі, яғни банкаралық нарықта несие желісін ашу келісімі бойынша алынған қаражаттар немесе Ұлттық банктен алынған қаражаттардың тартылған ресурстардың жалпы көлеміне қатынасы (бұл деңгейдің жоғары болуы банктің өтімділік позициясына мазасыздық туғызады) ;
  3. банк басшылығының өтімділік деңгейін басқару қабілетін және банктің өтімділікті реттеудегі өзінің жеке ішкі саясаты мен принциптерін сақтауы.

Бұдан басқа әр түрлі төмендегідей қатынастарды қолдануға болады:

Берілген несиелер

1)

Депозиттік салымдар

Өтімді активтер

2)

Салымдар

САМЕL жүйесі бойынша өтімділікті талдаудың жалпы критерийлері:

1-рейтинг (тұрақты) . Бұл рейтингтегі банктердің өтімді активтерінің көлемі жеткілікті. Банктің ішкі бақылау әдістері мен ақпаратты өңдеу жүйесі банк басшыларына сәйкес мәліметтерді беріп отырады. Банкте депозит түрінде несиелеудің үлкен көлемді көздері бар. Өтімділік деңгейі бойынша банктерді салыстырғанда бұл банктің өтімділік коэффициенті жоғары.

2-рейтинг (қанағаттанарлық) . Бұл рейтингтегі банктерде өтімділік деңгейінің төмендеуі мен қарыз қаражаттарына тәуелдігінің жоғары тенденциялары байқалады. Банкте депозит түрінде несиелеу көздерінің белгілі бір бөлігі ғана бар және тез арада қаржы қаражаттарын тартудың белгілі бір мүмкіндігі бар. Өтімділік коэффициенті басқа банктермен салыстырғанда орташа деңгейден жоғары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
Банктік бақылау мен қадағалаудың түсінігі,түрлері
Коммерциялық банктердің қаржылық тұрақтылығы
Еліміздің экономика және қаржы саласындағы банктердің алатын ролі мен орнының маңызы
Қазақстан Республикасындағы Банк ісін ұйымдастыру және реттеу
Банктің қызметтері және түрлері
Екінші дедгейлі Туран Алем банк қаржылық операциялары
Коммерциялық банктің меншік қаражаттарының қалыптасуы
Коммерциялық банктің өтімділігі мен төлем қабілеттілігі
Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz