Еңбек құқығы пәні, әдісі, қағидаттары, жүйесі, деректік негіздері



КІРІСПЕ 3
1. Еңбек құқығы пәні, әдісі, қағидаттары, жүйесі, деректік негіздері 4
2. Еңбек құқықтық қатынастар саласындағы әлеуметтік әріптестік 5
3. Еңбектік құқықтың қатынастар. Жеке еңбек шарты 10
4. Еңбек даулары 21
ҚОРЫТЫНДЫ 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 32
Адамзат қоғамының өмір сүруінің алғы шарты еңбек. Еңбек дегеніміз адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбектің барысында адамдар арасында еңбек қатынастары қалыптасады. Еңбек қатынастары дегеніміз тараптардын әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.
Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын және онымен тығыз байла¬нысты қатынастарды реттейтін құқықтың бір саласы. Еңбек құқығының негізгі мақсаты - жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу және заңсыздыққа жол бермеу.
1. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы № 528-И Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
2. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі № 272-1 Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
3. «Бәсеке және монополист қызметті шектеу туралы» Қазақ¬стан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 144-П Заңы. Ал¬маты: Юрист, 2005.
4.«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-И кодексі. Алматы: Юрист, 2005.
5. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы. Алматы: Юрист, 2005.
6. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасы¬ның 1997 жылғы 15 шілдедегі № 160-1 Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
7. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі № 162-1 Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
8. «Мұнай туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
9. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақ¬стан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заңы. Ал¬маты: Юрист, 2005.
10. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы № 1017-ХІІ Заңы. Алматы: Юрист, 2005.
11. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республика¬сының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155-П кодексі. Алматы: Юрист, 2005.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ 3
1. Еңбек құқығы пәні, әдісі, қағидаттары, жүйесі, деректік 4
негіздері
2. Еңбек құқықтық қатынастар саласындағы әлеуметтік әріптестік 5
3. Еңбектік құқықтың қатынастар. Жеке еңбек шарты 10
4. Еңбек даулары 21
ҚОРЫТЫНДЫ 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 32

КІРІСПЕ

Адамзат қоғамының өмір сүруінің алғы шарты еңбек. Еңбек дегеніміз
адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық рухани және басқа да құндылықтар
жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбектің барысында адамдар арасында еңбек
қатынастары қалыптасады. Еңбек қатынастары дегеніміз тараптардын әдетте
жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге
асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.
Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті
ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек
қатынасын және онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың бір
саласы. Еңбек құқығының негізгі мақсаты - жұмыс беруші мен жалданушы
қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу және заңсыздыққа жол
бермеу.
Еңбек қатынастары еңбек құқығының пәні болып табылады. Еңбек
қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдық еңбек
саласындағы материалды және рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады.
Құқықтың басқа салалары сияқты еңбек құқығының әдістері еңбектік
құқықтық қатынастарға және сонымен тығыз байланысты басқа да қатынастарға
ықпал ететін тәсілдерден, амалдардан және құралдарынан тұрады. Еңбек құқығы
әдісі — еңбек құқығының пәні болып табылатын еңбектік құқықтық қатынастар
және сонымен тығыз байланысты басқа да қатынастарды құқықтық реттеудің
өзіндік ерекшеліктерінің барынша жалпылама көрінісі.

1. Еңбек құқығы: пәні, әдісі, қағидаттары, жүйесі, деректі негіздері

Еңбек құқығының әдісі құқықтық реттеу қандай тәсілмен іске асырылады
деген сауалға жауап береді. Еңбек құқығы әдістері құқықтық нормалардан
көрніс табады. Еңбек құқығы әдістерін мынандай белгілермен:
1) еңбектік құқықтық қатынастар және солардың негізінде туындайтын
басқа да қатынастарды реттейтін императивтік және диспозитивтік нормалардың
қосындысымен;
2) еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті және шартты
әдістердің қосындысымен;
3) әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілдерін қатыстыра отырып
қоғамдық қатынастарды реттеуде әлеуметтік-әріптестік келісімдерді барынша
кең пайдаланумен;
4) жалдамалы еңбекті пайдалануды реттеудің даралығы мен саралап
жіктелінуі;
5) еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітуімен сипатталады.
Еңбек құқығы жүйесі деп біртұтас еңбек құқығын бір-бірімен тығыз
байланысты жеке бөлшектерге (институттарға) бөлуден көрінетін объективті
өмір сүретін құқық саласының құрылымын айтамыз. Еңбек құқығы жүйесі жалпы
және ерекше сияқты екі бөлімнен тұрады. Еңбек құқығының жалпы бөлімі
жалпылама сипаттағы және еңбек құқығы институттарының барлығына бірдей
қолданылатын нормалардан тұрады. Ол нормалар еңбек құқығының пәнін, негізгі
қағидаттарын, еңбекті ұйымдастырудың жалпы мәселелерін қамтиды. Еңбек
құқығының ерекше бөлімі еңбектік құқықтық қатынастардың және онымен тығыз
байланыстағы еңбек катынастарының жекелеген элементтерін қамтиды.
Еңбек құқығы негіздері (деректік көздері) дегеніміз заңнамалармен
белгіленген, арнайы құзыретті органның нормативті актілері. Еңбектік
құқықтық қатынастарын және онымен тығыз байланысты еңбек қатынастарын
реттейтін нормативті актілердің төмендегідей өзіндік ерекшеліктері бар:
1) еңбек туралы нормативтік актілер жүйесінде еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі қабылдаған заңдық күші бар актілердің санының
көптігі;
2) жұмыс берушімен еңбек ұжымы арасында кәсіпорын деңгейінде
қабылданатын жергілікті нормативтік актілердің санының басымдылығы;
3) нормативтік актілердің жалпы және арнайы болып бөлінуі. Еңбек
құқығы негіздері (деректік көздері) заңдық күшіне қарай: заңдар, заңдық
күші бар актілерге — Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтары,
үкіметтің қаулысы, өкімі, бұйрықтар, ережелер және жергілікті нормативтік
актілерге және әрекет ету деңгейлеріне байланысты республикалық, салалық
және жергілікті болып бөлінеді.

2. Еңбек құқықтық қатынастар саласындағы әлеуметтік әріптестік

Әлеуметтік әріптестік дегеніміз атқарушы билік органдары өкілдерінің,
жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің мүдделерін келістіруді
қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар мен тетіктер жүйесі. Әлеуметтік
әріптестік әріптестер арасындағы жасалатын өзара келісім арқылы жүзеге
асырылады. Келісім (бас), салалық (тарифтік), аймақтық — республикалық,
салалық және аймақтық деңгейде қызметкерлердің еңбек жағдайларын, жұмыспен
қамтылуын және әлеуметтік кепілдіктерін белгілеу мазмұнын және тараптардың
олар бойынша міндеттемелерін анықтайтын, әлеуметтік әріптестер арасында
жасалатын құқықтық акт.
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік мынадай негізгі
міндеттерді шешуге бағытталған:
1) әлеуметтік және еңбек қатынастарын және соларға байланысты
экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін жасау;
2) қоғамдағы барлық жіктердің мүдделерін объективті түрде ескеру
негізінде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге
жәрдемдесу;
3) қызметкерлердің еңбек құқықтары кепілдіктерін қамтамасыз етуге
жәрдемдесу, олардың әлеуметтік қорғалуын жүзеге асыру;
4) барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестер арасындағы консультациялар
мен келіссөздер процесіне жәрдемдесу;
5) ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарды шешуге жәрдемдесу.
Әлеуметтік әріптестік мынандай қағидаттарға негізделеді:
1) тараптар өкілдерінің өкілеттігі;
2) тараптардың тең құқықтығы;
3) талқылау үшін енгізілетін мәселелер тізбесін таңдау еркіндігі;
4) міндеттемелер қабылдаудың еріктілігі және тараптардың оларды
орындауға міндеттілігі;
5) тараптардың мүдделерін құрметтеу;
6) әлеуметтік әріптестердің Қазақстан Республикасының заңдарын,
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен міндеттемелерін сақтауы;

7) тараптардың, олардың өкілдерінің келісім бойынша қабылданған
міндеттемелерді өздерінің кінәсінен орындамағаны үшін жауаптылығы болып
табылады.
Әлеуметтік әріптестік тараптардың өзара іс-қимылы нысанында әлеуметтік
әріптестіктің:
1) республикалық деңгейдегі;
2) салалық деңгейдегі;
3) аймақтық (облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі органдары арқылы
қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік әріптестікті республикалық деңгейде әлеуметтік әріптестік
пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үш
жақты комиссия (бұдан әрі республикалық комиссия) қамтамасыз етеді.
Республикалық комиссия әлеуметтік әріптестердің мүдделерін үйлестіруді
тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу
жолымен қамтамасыз ету жөнінде тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қызметкерлердің республикалық
бірлестіктерінің және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің
өкілетті өкілдері республикалық комиссияның қатысушылары болып табылады.
Әлеуметтік әріптестікті салалық деңгейде әлеуметтік әріптестік пен
әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялар
(бұдан әрі — салалық комиссия) қамтамасыз етеді. Салалық комиссия
әлеуметтік әріптестер мүдделерін үйлестіруді тиісті шешімдермен
ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен қамтамасыз ету
жөнінде тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Тиісті атқарушы
органдардың өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері
салалық комиссиялардың қатысушылары болып табылады.
Әлеуметтік әріптестікті аймақтық деңгейде әлеуметтік әріптестік пен
әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық қалалық және
аудандық комиссиялар (бұдан әрі - аймақтық комиссия) қамтамасыз етеді.
Аймақтық комиссия әлеуметтік әріптестер мүдделерін үйлестіруді тиісті
келісімдермен және шешімдермен ресімделетін консультациялар және
келіссөздер жүргізу жолымен қамтамасыз ету жөнінде тұрақты жұмыс істейтін
орган болып табылады. Жергілікті атқарушы органдардың тиісті өкілетті
өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері аймақтық
комиссиялардың қатысушылары болып табылады.
Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс
берушілердің республикалық бірлестіктері және қызметкерлердің республикалық
бірлестіктері арасында Бас келісім жасалады. Бас келісім - Қазақстан
Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері
және қызметкерлердің республикалық бірлестіктері өздерінің құзыреті шегінде
жасасатын, аймақтық және салалық келісімдер мен ұжымдық шарттар жасасу
кезінде ескерілетін, республикадағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын және
солармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің жалпы қағидаттарын
белгілейтін құқықтық акт.
Салалық деңгейде тиісті атқарушы органдар және жұмыс берушілер мен
қызметкерлердің уәкілетті өкілдері арасында салалық келісімдер жасалады.
Салалық келісім — ақы төлеу нормалары мен еңбекке байланысты басқа да
мәселелерді, өзара міндеттемелерді, сондай-ақ нақты сала қызметкерлері үшін
әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді айқындайтын, барлық тараптар
(әріптестер) үшін міндетті болатын және аймақтық келісімдер мен ұжымдық
шарттарды жасасу кезінде ескерілетін, әріптестік тараптары жасап, жазбаша
шарт түрінде ресімдейтін құқықтық акт.
Аймақтық деңгейде жергілікті атқарушы органдар, жұмыс берушілер,
қызметкерлер бірлестіктері арасында аймақтық (облыстық, қалалық, аудандық)
келісімдер жасалады. Аймақтық келісім - аумақтық ерекшеліктерге байланысты
еңбек жағдайларын, әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді белгілейтін,
келісім тараптары әкімшілік-аумақтық бөліністер деңгейінде жасайтын, барлық
тараптар (әріптестер) үшін міндетті болатын және ұжымдық шарттарды жасасу
кезінде ескерілетін, жазбаша шарт түрінде ресімделетін құқықтық акт.
Келісімдердің мазмұны. Келісімдерде: қолданылу мерзімі туралы;
орындалуына бақылау жасау тәртібі туралы; келісімге өзгерістер мен
толықтырулар енгізудің тәртібі туралы; тараптардың өздеріне алған
міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы жауапкершіліктері туралы ережелер
қамтылуға тиіс. Бас келісімнің мазмұнын әлеуметтік әріптестік пен
әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін
республикалық үш жақты комиссия әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары
немесе олардың біреуі ұсынған бас келісімнің жобаларын негізге ала отырып
айқындайды. Мысалы 2005 жылы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметі,
кәсіподақтар және жұмыс берушілер арасында екі жылға арналған үш жақты бас
келісімге қол қойылды. Бас келісімде еңбек қатынастарының, еңбекпен
қамтамасыз етудің және әлеуметтік кепілдіктер, еңбекті қорғау, денсаулық
салаларына байланысты мәселер қарастырылды. Бұл бас келісімнің алдыңғы
келісімдерден басты айырмашылығы онда еңбек ақысы, халықтың тұрмыс жағдайы,
жұмыс істейтін әйелдердің, жастардың құқығын, әлеуметтік кепілдіктерін
қорғау туралы мәселелер енгізілді. Тараптардың келісімімен жұмысшының
еңбекақы және әлеуметтік төлемдерінің деңгейі ең төменгі еңбек ақысынан,
яғни 7 мың теңгеден төмен болмауы керек делінді. Салалық және аймақтық
келісімнің мазмұнын әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек
қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін салалық және аймақтық
комиссиялар әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары немесе олардың біреуі
ұсынған келісімдердің жобалары негізінде айқындайды. Келісімдерде:
1) еңбекке ақы төлеу, еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, еңбек және
демалыс режимі туралы;
2) келісіммен айқындалған, баға мен инфляцияның деңгейін, күнкөрістің
ең төменгі деңгейі мен көрсеткіштердің орындалуын негізге ала отырып,
еңбекке ақы төлеуді реттеу тетігі туралы;
3) өтем сипатындағы қосымша ақылар туралы;
4) қызметкерлерді жұмыспен қамтуға, кәсіби әзірлеуге және қайта
әзірлеуге жәрдемдесу туралы;
5) жұмыс істеу және демалыс үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен
өндірістегі қызметкерлердің денсаулығын қорғауды ұйымдастыру және тиісті
қоршаған ортаны қамтамасыз ету туралы;
6) салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі шаралар туралы;
7) қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау
жөніндегі арнаулы шаралар туралы;
8) өндіріс уақытша тоқтап қалған жағдайда қызметкерлерді қорғау
шаралары туралы;
9) жанжалдар мен ереуілдерді болғызбау, еңбек тәртібін нығайту туралы;

10) әлеуметтік-еңбек мәселелері жөнінде заңдарға қайшы келмейтін басқа
да ережелер;
11) әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу туралы ережелер
көзделуі мүмкін.

3. Еңбектік құқықтық қатынастар.
Жеке еңбек шарты

Қоғамдық еңбек қатынастары саласында құқықтық еңбек қатынастары ерекше
маңызға ие. Құқықтық еңбек қатынастарының мынандай ерекше белгілері бар:
1) қызметкер нақты бір ұйымның еңбек ұжымына мүше болып кіреді;
2) қызметкердің еңбек ұжымына кіруі ерекше заңды фактінің көмегімен
жүзеге асырылады;
3) қызметкер өзі жұмыс жасайтын ұйымның ішкі еңбек тәртібіне бағынуға
міндетті;
4) қызметкердің кәсібіне, мамандығына, біліктілігіне сай еңбек
міндетін атқаруы еңбек қатынастарының мазмұны болып табылады.
Еңбек құқығы құқықтық еңбек қатынастарынан туындайтын және олармен
тығыз байланысты қатынастарда жатады. Осындай қатынастар қатарына мынандай
қатынастарды жатқызуға болады:
1) жұмысқа орналасу жөніндегі қатынастар;
2) ұйымдастыру-басқару;
3) әлеуметтік-экономикалық;
4) өндірістегі кәсіби дайындық және біліктілік дәрежесін көтеру
жөніндегі;
5) тәртіптік жазалар қолдану мен материалды шығынды, зиянды орнына
келтіру;
6) еңбек туралы заңнамалардың сақталуын қадағалау мен бақылау
жөніндегі;
7) еңбек дауларын қарау жөніндегі қатынастар.
Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастарына құқықтық
сипат беретін нормативті құжаттардың бірі жеке еңбек шарты болып табылады.
Жеке еңбек шарты дегеніміз қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша
нысанда жасалатын екі жақты келісім, ол бойынша қызметкер жұмыс берушінің
актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым
бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге
жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай
төлемдерді уақытында және толық көлемінде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен
ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Жеке еңбек шартын он алты жасқа толған адамдармен жасасуға жол
беріледі. Орта білім алған не жалпы білім беретін оқу орнын тастап кеткен
жағдайда он бес жасқа толған адамдар ата-анасының немесе қорғаншысының,
қамқоршысының келісімімен жеке еңбек шартын жасаса алады. Ата-анасының
бірінің (қорғаншысының, қамқоршысының) келісімімен жеке еңбек шарты оқудан
бос уақытында денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын
жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушымен жасалуы мүмкін. Ата-
ананың (қорғаншының, қамқоршының) келісімі жазбаша нысанда (өтініш)
беріледі, бұл орайда, ата-ана (қорғаншы, қамқоршы) кәмелетке толмаған
адаммен бірге жеке еңбек шартына қол қояды. Он сегіз жасқа толмаған
адамдарды ауыр дене жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және
(немесе) қауіпті (өте қауіпті) жұмыстарға қабылдауға жол берілмейді.
Жеке еңбек шартын жасасу кезінде қызметкердің оған тапсырылатын
жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында тараптардың келісімімен сынақ
өткізілуі мүмкін. Сынақ туралы талап жеке еңбек шартында көрсетілуге тиіс.
Бұл талап болмаған жағдайда қызметкер жұмысқа сынақсыз қабылданды деп
есептеледі. Сынақ мерзімі үш айдан аспауы керек. Егер сынақтың мерзімі
бітіп, тараптардың ешқайсысы екінші тарапқа жеке еңбек шартын бұзу туралы
хабарламаса, шарт одан әрі қолданылады және оны жалпы негіздерде ғана
тоқтатуға жол беріледі.
Жеке еңбек шарты маусым бойынша жұмыс істейтін қызметкерлермен де
жасалады. Маусымдық қызметкерлерге бүкіл күнтізбелік жылда емес, алты айдан
аспайтын белгілі бір кезең (маусым) ішінде жұмыс атқаратын қызметкерлер
жатады. Маусымдық қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде қызметкердің оған
тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ белгіленбейді.
Жеке еңбек шарты үй шаруашылығында жұмыс істеуге (қызмет көрсетуге)
келіскен үй қызметкерлерімен де жасалады. Жұмыс берушімен өзінің
материалдары мен және өзіндегі немесе жұмыс беруші бөлетін не жұмыс
берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, құрал-саймандар мен
тетіктерін пайдалана отырып, жұмысты үйінде өз еңбегімен орындайтын үйде
жұмыс істейтін қызметкерлермен және вахталық әдіспен жұмыс істейтін
қызметкерлермен де жеке еңбек шарты жасалады.
Жеке еңбек шартының мазмұны төмендегідей жағдайлардан тұрады:
1) тараптардың реквизиттері; жұмыс беруші - заңды тұлғаның толық атауы
және орналасқан жері, жұмыс беруші -заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының
мемлекеттік тіркеу нөмірі мен уақыты; жұмыс берушінің (оның екілінің) тегі,
есімі, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және
қызметі, ал жұмыс беруші жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты
жерінің мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі,
берілген күні; қызметкердің тегі, есімі, әкесінің аты (егер жеке басын
куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы,
нөмірі, берілген күні; әлеуметтік жеке кодының нөмірі (ӘЖК), салық
төлеушінің тіркелу нөмірі (СТН);
2) еңбек міндеті (белгілі бір қызмет, мамаңдық, кәсіп бойынша жұмыс;
3) жеке еңбек шартының мерзімі;
4) еңбек міндеттерін жүзеге асыру басталатын күн;
5) еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр дене еңбегі
немесе зиянды (өте зиянды) немесе қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайларында
жұмыс істегені үшін берілетін кепілдіктер мен өтемақылар;
6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі;
7) еңбекке ақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары;
8) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
9) қызметкердің құқықтары мен міндеттері;
10) жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртібі;
11) өтемақылар төлеу мен кепілдіктер беру тәртібі;
12) тараптардың жауапкершілігі көрсетілуге тиіс.
Жеке еңбек шартын белгіленген мерзімге жасасқанда тараптардың осы
шартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін өзара жауапкершілігі белгіленуі
мүмкін. Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек шартына өзге де
жағдайлардың енгізілуі мүмкін. Жұмыс беруші қызметкерден осы заңда және
Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделгеннен басқа
жағдайларда жеке еңбек шартында келісілмеген жұмысты атқаруды талап етуге
құқықы емес.
Жеке еңбек шарты:
1) белгісіз мерзімге;
2) бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге;
3) алда тұрған жұмыс сипатының қысқа мерзімділігіне немесе оны орындау
шартына байланысты, сондай-ақ уақытша жұмыста жоқ қызметкерді ауыстыру
уақытына бір жылдан кем белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.
Қызметкермен жеке еңбек шарты қайталап жасалған жағдайда ол
белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі. Егер тараптардың ешқайсысы
еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты бір жылдан кем емес белгілі
бір мерзімге жасалған жеке еңбек шартын тоқтатуды талап етпесе және еңбек
қатынастары іс жүзінде жалғасатын болса, онда жеке еңбек шарты
белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі. Егер жеке еңбек шартында
оның қолданылу мерзімі айтылмаса, шарт белгісіз мерзімге жасалған деп
есептеледі.
Жеке еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады, кемінде екі дана етіліп
жасалады және оған тараптар қол қояды. Жеке еңбек шартының бір данасы
тараптар қол қойғаннан кейін қызметкерге беріледі. Жеке еңбек шартында
көрсетілген жұмыстың басталу күні қызметкердің еңбек міндеттерін
орыңдауының басталуы деп есептеледі. Жеке еңбек шарты жасалғаннан кейін
жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығаруға міндетті,
ол қызметкерге қол қойғызылып хабардар етіледі.
Жеке еңбек шартын жасасу үшін жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметін
растайтын құжаттарды, жеке басының куәлігін (төлқұжатын), әлеуметтік жеке
кодының берілгені туралы куәлікті, он алты жасқа толмаған адамдар үшін тууы
туралы куәлігін, білімі немесе кәсіби даярлығы туралы құжатты және заңдарда
көзделген өзге де құжаттарды талап етуге құқылы. Қызметкердің бірнеше жұмыс
берушімен жұмыс уақыты ұзақтығының толық болмауы көзделетін жеке еңбек
шартын жасасуға құқығы бар. Ұйымның басшысымен жеке еңбек шартын ұйымның
меншік иесі не меншік иесі уәкілдік берген адам немесе орган ұйымның
құрылтай құжаттарында немесе тараптардың келісімінде белгіленген мерзімге
жасасады. Жеке еңбек шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу оны жасасу
үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Жеке еңбек шартын жасасу кезінде қызметкердің оған тапсырылатын
жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында тараптардың келісімімен сынақ
өткізілуі мүмкін. Сынақ туралы талап жеке еңбек шартында көрсетілуге тиіс.
Бұл талап болмаған жағдайда қызметкер жұмысқа сынақсыз қабылданды деп
есептеледі. Сынақ кезеңінде қызметкерлерге осы заңның нормалары, жеке
еңбек, ұжымдық шарттардың талаптары қолданылады. Сынақ мерзімін үш айдан
асыруға болмайды. Қызметкер дәлелді себептермен жұмыста болмаған кезең
сынақ мерзіміне есептелмейді.
Жеке еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері.
Жеке еңбек шарты:
1) мерзімінің бітуі бойынша;
2) тараптардың еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша тоқтатылуы
мүмкін;
Жеке еңбек шарты:
1) тараптардың келісімі бойынша;
2) тараптардың бірінің бастамасы бойынша;
3) заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша бұзылуы мүмкін.
Тараптар жасасқан жеке еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша
бұзылуы мүмкін. Қызметкер мен жұмыс берушінің жазбаша келісуі жеке еңбек
шартын тараптардың келісімі бойынша бұзудың негізі болып табылады. Жеке
еңбек шарты тараптардың бірінің бастамасымен, егер бұл тарап екінші тарапқа
жеке еңбек шартында келісілген мерзімде жазбаша ескертсе, бұзылуы мүмкін.
Бір тараптың екінші тарапқа ескерту мерзімі жеке еңбек шарты бұзылған кезге
дейін бір айдан кем болмауы керек.
Жеке еңбек шартын, жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзудың
негіздері.
Жеке еңбек шарты:
1) ұйым (заңды тұлға) таратылған, жұмыс берушінің (жеке адамның)
қызметі тоқтаған;
2) қызметкерлердің саны немесе штаты қысқартылған;
3) жеке еңбек шартының қолданылу мерзімі немесе сынау мерзімі ішінде
қызметкердің жеткілікті біліктілігінің болмауы не белгілі бір жұмысты
жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын
қызметіне немесе орындайтын жұмысына сәйкессіздігі аңғарылған;
4) жүктілігі және бала тууы бойынша демалыста болу уақытын
есептемегенде, еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамасында сол ауру бойынша еңбекке жарамсыздықтың
неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, жұмысқа қатарынан екі айдан астам уақыт
бойы келмеген жағдайда бұзылуы мүмкін. Аурулар түрлерінің тізбесін
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Еңбек қабілетін еңбекте
мертігуіне немесе кәсіптік ауруға байланысты жоғалтқан қызметкердің жұмыс
орны (қызметі) еңбек қабілеті қалпына келгенге немесе мүгедектік
анықталғанға дейін сақталады;
5) қызметкер ұйыммен бірге басқа жерге ауысудан бас тартқан;
6) қызметкер денсаулық жағдайы бойынша неғұрлым жеңіл басқа жұмысқа
ауыстырудан бас тартқан жағдайда;
7) еңбек жағдайларындағы өзгеріске байланысты жұмысты жалғастырудан
бас тартқан;
8) егер қызметкер тәртіптік жаза алған болса, ол еңбек міндеттерін
дәлелді себептерсіз қайталап орындамаған;
9) қызметкер еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзған жағдайда бұзылуы
мүмкін. Қызметкердің еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзуына: бір жұмыс
күні ішінде дәлелсіз себеппен қатарынан үш сағат және одан да көп уақыт
бойы жұмыста болмауы; жұмысқа алкогольден, есірткіден, уыттанудан масаң
күйде келуі; жұмыс күні ішінде алкогольден, есірткіден, уыттанудан (соларға
ұқсас заттардан) масаң жағдайды туғызатын заттарды пайдалануы; қызметкердің
еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көлікте жүру қауіпсіздігі
ережелерін, жарақаталу мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп
соққан немесе әкеп соғуы мүмкін болатындай бұзуы; жұмыс орнында заңды
күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған мүлікті ұрлауы
(соның ішінде ұсақ заттарды) жатады;
10) егер іс-әрекеті оған жұмыс беруші тарапынан сенімінің жоғалуына
негіз болса, ақшалай немесе тауарлық құндылықтармен тікелей қызмет ететін
қызметкер кінәлі іс-әрекет жасаған;
11) тәрбиешілік міндетті атқарушы қызметкер аталған жұмысты
жалғастырумен сыйыспайтын жат қылық жасаған;
12) қызметкерге еңбек міндеттерін атқаруымен байланысты белгілі болған
мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық мәліметтерді немесе заңмен қорғалатын
өзге де құпияларды жария еткен;
13) іркіліске байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстырған жағдайда
қызметкер жұмыстан бас тартқан;
14) бұрын осы жұмысты орындап келген қызметкер сот шешімімен жұмысына
қайта алынған;
15) қызметкерге мемлекеттік құпияларға рұқсат беру тоқтатылған
жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.
Жеке еңбек шартының қызметкердің бастамасы бойынша бұзылуы. Қызметкер
жеке еңбек шартын бұзатындығы туралы кемінде бір ай бұрын жұмыс берушіге
жазбаша түрде ескерте отырып, оны бұзуға құқылы. Ескерту мерзімі біткен соң
қызметкер жұмысын тоқтатуға құқылы. Жұмыс беруші жұмыстың соңғы күні
қызметкердің талап етуі бойынша еңбек кітапшасын және оның басқа да
құжаттарын беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы мен
ұжымдық шартқа сәйкес оған тиесілі барлық сомалар төлемін жүргізуге
міндетті. Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек шарты ескерту мерзімі
біткенге дейін бұзылуы мүмкін.
Маусымдық жұмыстармен айналысатын тараптың екінші тарапты бұл туралы
бір апта бұрын ескертіп, жеке еңбек шартын өз қалауы бойынша мерзімінен
бұрын бұзуға құқығы бар. Маусымдық қызметкерлермен жеке еңбек шарты жұмыс
берушінің бастамасымен (осы Заңда көзделген басқа негіздерді қоспағанда),
сондай-ақ:
1) жұмыс берушідегі жұмысты өндірістік сипаттағы себептер бойынша екі
аптадан астам мерзімге тоқтатқан;
2) дәлелді себепсіз бір жұмыс күні ішінде жұмыс орнында болмаған және
еңбекке уақытша жарамсыздығы себепті бір ай бойы жұмыста үздіксіз болмаған
жағдайларда да бұзылуы мүмкін.
Жеке еңбек шартын тараптардың еркіне байланысты емес мән-жайлар
бойынша тоқтату. Жеке еңбек шарты тараптардың еркіне байланысты емес
мынадай мән-жайлар бойынша:
1) қызметкерді әскери қызметке шақырған кезде құжатын көрсеткеңде үш
күн мерзімде;
2) қызметкер жазаға тартылған сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда
бұрынғы жұмысты жалғастыру мүмкіндігі болмағанда;
3) қызметкер қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот қызметкерді қайтыс
болған немесе хабар-ошарсыз кетті деп таныған жағдайда;
4) сот қызметкерді әрекетке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы қоғамдық Құрлысының конституциялық негіздері
Еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдістері
Құқық негіздері. Мемлекеттің түсінігі және белгілері
Кәсіпкерлік құқық негіздері туралы
Экологиялық құқық жайлы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Музей ұғымының теориялық негіздері
Музейлердің қор жұмысы
Еңбек құқығының қағидаттары
Еңбек қатынастары
Пәндер