Жер салығының экономикалық мәні және мазмұны



Кіріспе

Негiзгi бөлiм
1Бөлiм. Жер салығының экономикалық мәні және мазмұны.
2 Бөлiм. Жер қойнауын пайдалануға салық салудың
түсінігі және қағидалары
3 Бөлiм. Жер қойнауын пайдалануға төленетiн
салықтың түрлерi

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Жер қойнауының ұғымы кен байлығы ұғымынан кең. Кен байлығы-жер қонауының ең маңызды құрамдас бір бөлігі. Бағалы кен байлығы, пайдалы қазбалар мемлекетіміздің әлеуметтік – экономикалық жағдайында, өнеркәсіп өндірісін ұлғайтуда көрнекті орын алады. Қазақстан – кенге бай өлке. Мұндағы кеннің жалпы қоры ондаған млрд. тонна болуы мүмкін. Республикамызда бірінші ірі кенді алқаптар бар. Орталық Қазақстанда оның алып жатқан ауданы 800000 шаршы шақырым1. Мұнда көмір, темір, марганец, мыс, вольфрам, молибден, қорғасын, мырыш, т.б. пайдалы қазба кендері бар. Олардың жалпы саны 5500 – дей. Бұлардың ішіндегі ең ірілері – Қарағанды, Екібастұз кендері. Кенді Алтай ұзындығы 500 шақырым, ені 50 шақырым ауданды алып жатыр. Онда мыс, қорғасын, мырыш, алтын, күміс, сирек кездесетін металл, жанғыш тақтатас кендері бар.
1. ҚР Конституциясы. 30.08.1995 ж.
2. "Қазақстан республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 07.10.1998 жылғы Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Қазақстан Республикасының “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” Заңы 27.01.1996 ж.
4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 28.06.1995 жылғы № 2350 "Мұнай туралы" Заң күшi бар жарлығы.
5. Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдерi туралы заңы. Салық кодексi. 12 маусым. 2001 ж.
6. Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы ” Заңы. 8 қаңтар. 2003 ж.

ІІ. Арнайы әдебиеттер:
1. Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы, 1974 ж.
2. Мамбетқазиев Е, Сыбанбеков Қ. Табиғатты қорғау. – Алматы: Қайнар, 1990 ж.
3. САПП. №30, 1998 ж.
4. ҚР Конституциясы. Түсініктеме. – Ред. басп. Ғ. Сапарғалиев. – Ауд. С. Бақтыгерейұлы. – Алматы: Жеті Жарғы, 1999 ж.
5. ҚР Жоғарғы Кеңесінің жаршысы, 1998 ж., №11. 76-құжат.
6. Мухитдинов Н.Б. Правовые проблемы пользования недрами. – Алматы: Наука, 1973 г.
7. Башмаков Т.С. Право пользования недрами в СССР. М.: 1974 г.
8. Сыродоев Н.А. Правовой режим недр. М.: 1969 г.
9. Заславская Л.А. О понятиях объекта права государственной собственности на недра земли и пользования ими. “Ученые записки ВНИИСЗ”, 1969 г., вып. 16
10. Мухитдинов Н.Б. Основы горного права. – Алма-Ата: “Казахстан”, 1983 г.
11. Якушева А.Ф., Хамн В.Е., Славин В.И. Общая геология (под редакцией Хамна В.Е.) – М.: МГУ, 1988 г.
12. Петров В.В. Экологическое право России. М.: БЕК, 1995 г.
13. Блинчук М.М. Экологическое право. – М.: Юрист, 1998 г.
14. Боголюбова С.А. Экология – М.: Знание, 1997 г.
15. Косанов Ж.Х. Право собственности, право землепользования и иные права на землю. Монография. – Алматы: Данекер, 2002 г.
16. Правовое регулирование недропользования. Материалы семинара.- алматы, 1997.-275с.
17. Налоговый режим недропользования каким он будет завтра?// Журнал Петролиум №1, февраль 2001г.
18. Сборник по разъяснению основных положений Кодекса Республики Казахстан О налогах и других обязательных платежах в бюджетналоговый кодекс для недропользователей// Минестерство государственных доходов РК. Астана2001.-20с.
19. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлермен келiсiм шарттарда Ұлттық компанияның келiсiм шарттары мiндеттi үлестiк қатысу арқылы мемлекеттiк мүдделердi бiлдiру ережесiн бекiту туралы" қаулысы 29.26.2002, №708
20. Мухитдинов Н.Б. Законодательство о недрах РК. Актуальные вопросы коммерческого законодательства в РК//Материалы семинаров, выпуск 6, АлматыӘділет Пресс, 1997.
21. Худяков А.И. Налогооблажение недропользователей. Актульные вопросы коммерческого законодательства в РК.//Материалы семинаров, выпуск 6, Алматы Әділет Пресс, 1997.
22. Минерально-сырьевые ресурсы и устойчевое развитие Казахстана. Материалы научно-практической конференции.-Алматы-Кокшетау,1998.
23. Худяков А.И. Налоговое право РК. Алматы, 1998 .
24. Найманбаев С.М. Салықтық құқық . Алматы, 2000.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Негiзгi бөлiм
1Бөлiм. Жер салығының экономикалық мәні және мазмұны.

2 Бөлiм. Жер қойнауын пайдалануға салық салудың
түсінігі және қағидалары

3 Бөлiм. Жер қойнауын пайдалануға төленетiн
салықтың түрлерi

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Жер қойнауының ұғымы кен байлығы ұғымынан кең. Кен байлығы-жер
қонауының ең маңызды құрамдас бір бөлігі. Бағалы кен байлығы, пайдалы
қазбалар мемлекетіміздің әлеуметтік – экономикалық жағдайында, өнеркәсіп
өндірісін ұлғайтуда көрнекті орын алады. Қазақстан – кенге бай өлке.
Мұндағы кеннің жалпы қоры ондаған млрд. тонна болуы мүмкін. Республикамызда
бірінші ірі кенді алқаптар бар. Орталық Қазақстанда оның алып жатқан ауданы
800000 шаршы шақырым1. Мұнда көмір, темір, марганец, мыс, вольфрам,
молибден, қорғасын, мырыш, т.б. пайдалы қазба кендері бар. Олардың жалпы
саны 5500 – дей. Бұлардың ішіндегі ең ірілері – Қарағанды, Екібастұз
кендері. Кенді Алтай ұзындығы 500 шақырым, ені 50 шақырым ауданды алып
жатыр. Онда мыс, қорғасын, мырыш, алтын, күміс, сирек кездесетін металл,
жанғыш тақтатас кендері бар. Қостанай облысындағы Торғай ойпатының ұзындығы
500 шақырым, ені 80 шақырым шамасы. Бұл алқапта жоғары сапалы темір, көмір,
асбест, никель, боксит, титан, т.б. кендер бар. Оңтүстік Қазақстандағы
Қаратау аймағында қорғасын, мырыш, ванадий және фосфорит кендерінің мол
қоры бар. Маңғыстау түбіндегі мұнай мен газ өндіріледі. Көкшетау, Ақмола,
Семей облыстарында алтын және сирек металдар өндірілетін кендер бар.
Кейінгі кездерде Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысы, Каспийдің
Республикамызға тиісті аймағында, Қызылорда облысының шығысына қарай бай
мұнай-газ кендері ашылып отыр. Талдықорған облысындағы Текелі кен орны
бұрыннан белгілі. Жамбыл облысында фосфорит, түсті металдар, тас көмір,
ғаныш (гипс), селитра, т.б. кендер бар. Қазақстан Республикасының барлық
облыстарында кен байлықтары бар екені сөзсіз. Оның саны мен сапасы
геологиялық іздестірулер ғана белгілеп бере алады.
Жер қойнауының пайдалы қазбалары қайтадан қалпына келмейтін байлыққа
жататыны белгілі.
Әртүрлі металл кендері - өндіріс үшін шикізат, мұнай, радиоактивті
элементтердің кендері - қуат көзі, көптеген тау жыныстары құрылыс металдары
болып табылады. Қазба байлықтарды пайдаланудағы кемшіліктер де аз емес.
Оларды кешенді, яғни толық пайдалану жүзеге асырылмайды. Тау – кен
өндірістері кеннің өзіндік құнының арзандығына қызығып, кен байлығының
қаймағын ғана сыпырып алады, яғни тау жынысының кенге бай жерін ғана
пайдаланады. Қосымша кендер үйіндіге кетеді[1].
Республикамыздың кен байлығы – халқымыздың негізгі байлық көздерінің
бірі. Оны неғұрлым халқымыздың игілігі үшін толығырақ пайдалану – барлық
Қазақстан Республикасы азаматтарының мүддесі.
Ол үшін қолда бар мүмкіндіктерді, соның ішінде шетелдік заңды тұлғалар
мен жеке тұлғалардың қатысуымен жер қойнауының байлығын пайдалануымыз
керек. Бұл салада туындайтын барлық қатынастарды реттейтін жаңа
заңдарымыз да бар. Ол заңдардың ережелерін, талаптарын жүзеге асыру
мемлекеттік шараларға жатады.
Алдымен, Қазақстан Республикасының “ Жер қойнауы және жер қойнауын
пайдалану туралы” заңын және осы заңға байланысты қабылданған ережелер,
нұсқаулармен басқа заңды актілерді біліп алып, қызметте жүзеге асырып
отырса, аталған игілікті іске әр адам өзінің үлесін қосатыны сөзсіз. Жер
қойнауын иеленушілер мен пайдаланушылардың осы саладағы құқықтары мен
міндеттері бар. Олар жер қойнауын пайдаланумен қатар оны қорғауды да
көздейді. Сол сияқты жер қойнауын пайдалануды, минералдық шикізатты
ұқсатуды басқаратын органдардың лауазымды тұлғаларының жер қойнауын қорғау
құқықтары мен міндеттері бар.
“Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану” заңның3 тиісті баптарында жер
қойнауын қорғау қызметі осы заңның арқауы ретінде орын алады . çàçàтиісті
баптарында жер қойнауын қорғау қызметі осы заңның арқауы ретінде орын алады
немесе тікелей көрсетіледі. Жер қойнауын қорғаумен пайдалануды мемлекеттік
бақылау жөнінде арнаулы бөлімінде қаралған.
Негiзгi бөлiм
1 Бөлiм. Жер салығының экономикалық мәні және мазмұны.
Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан
белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып
табылады.
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың
мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін
құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық
категория.
Салықтардың экономикалық мәні мынада:
- біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының
қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;
- екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі
бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын
көрсетеді.
Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі.
Қазақстан Республикасында салықтардың мынадай негізгі қызметтері бар:
- фискалдық қызметі;
- реттеушілік қызметі;
- бақылаушылық қызметі.
Фискалдық қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып,
салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің
кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери, қорғаныс, тағы басқа да
шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.
Реттеушілік қызметі салық механизмі арқылы іске асырылады. Оның
ішіндегі негізгі тетіктер салық ставкалары мен салық жеңілдіктері. Салықтық
реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймай, сонымен
қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын
және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асыруы қажет. әрине
салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың басқа да
экономикалық тетіктерімен тығыз байланыста болуы керек.
Салықтардың келесі негізгі қызметі ол бақылаушылық қызметі, яғни
салықтық бақылау. Салықтардың бақылаушылық қызметі арқылы салық
механизмінің қызмет етуінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының
қимылына бақылау ісі жүргізіледі, салық жүйесі мен бюджет саясатын
жетілдіру жолдары қарастырылады.
Салық механизмінің қызметі белгілі қағидаларға сүйеніп іске асырылады.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексі салық ісін мынадай қағидаларға
негізделіп жүргізілуін талап етеді:
- міндеттілік қағидасы бойынша салық төлеуші салықтық міндетін толық және
белгіленген мерзімде орындауы тиіс;
- нақтылық қағидасы бойынша Қазақстан Республикасындағы бюджетке төленетін
төлемдер мен салықтар нақты болуы тиіс;
- әділеттілік қағидасы бойынша Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға
бірдей және міндетті болады, жеке түрдегі жеңілдік жасауға рұқсат
етілмейді;
- біртұтастылық қағидасы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында жалпыға
бірдей салық жүйесі қолданылады;
- жариялылық қағидасы бойынша салықты реттеуші нормативтік құқықтық
кесімдер ресми басылымдарда жарық көреді.
Салық ісін тиімді ұйымдастыру мақсатында салықтарды белгілі топтарға
бөліп жіктейміз.
Салықтарды мынадай ерекшелік белгілері бойынша жіктейміз:
1. салық салу объектісіне байланысты;
2. қолдануына қарай;
3. салық салу органына байланысты;
4. экономикалық ерекшелігіне байланысты;
5. салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар
болып жіктеледі.
Тікелей салықтар тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
Тікелей салықтарға мынадай салықтар жатады:
- корпорациялық табыс салығы;
- жеке табыс салығы;
- жер салығы;
- көлік құралдарына салынатын салық және тағы басқа.
Жанама салықтарды тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын
ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады. Жанама
салықтарға мыналар жатады:
- қосылған құнға салынатын салық;
- акциздер.
Салық Кодексінде Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар мен
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, атап айтқанда 9 салық, 13
алым, 9 төлем, 1 мемлекеттік баж, 4 кедендік алым белгіленген.
Осы 9 салықтың ішінен жер салығын қарастырайық.
Дамыған елдерде жер салығының екі түрі қарастырылған:
1. құрылыстан алынатын жер салығы;
2. жер салығы.
Құрылыстан алынатын жер салығы елдің аумағында жатқан барлық
құрылыстардан алынады. Салық қоғамдық меншіктегі ғимараттардан алынбайды.
Құрылыстан алынатын жер салығының ставкасы меншікті, сақтандыруды,
амортизацияны, күтім және жөндеуді басқару шығындарының есебімен
кадастарлық құн негізінде орнатылады.
Ал жер салығы мемлекеттің аумағында жатқан және құрылыстан алынатын жер
салығын салуға жатпайтын меншіктің барлық түрлерінен жыл сайын алынады. Жер
салығынан дамыған елдердің бюджет кірісінің түсімдер мөлшері біршама төмен.
Қазақстан Республикасына келетін болсақ, біздің елде жер салығы 1992 жылы
енгізілген. Жер салығының енгізілуінің негізгі мақсаты жерді
оңтайландырылған экономикалық әдістерді және жер құрылғылары бойынша
шараларды жүзеге асыру үшін бюджет кірістерін қалыптастыруды, жердің
құнарлылығының жоғарылауын, олардың қорғаныстарын, сонамен қатар аумақтың
әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз ету.
Республикадағы жер қатынастары саласындағы өзгерістер Қазақстан
Республикасының жер реформасы жөніндегі заңдарында, Жер Кодексінде
бейнеленеді. Қазақстанның Жер Кодексінде жер Республиканың айрықша меншігі
деп айтылған. Жерді иелену және пайдалану үшін төленетін ақы жер салығы
ретінде қарастырылады. Бұл салықтың мақсаты – жерді ұтымды пайдалануды
қамтамасыз ету және жерді сақтау, құнарлығын арттыру, жергілікті
аймақтардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру үшін
бюджетке түсетін табыстарды құру. Жер салығы толығымен жергілікті бюджетке
түседі, сондықтан бұл жергілікті өкімет органдарының аталған салықты
жинауға мүдделерін арттырады.
Дамыған елдерде және ТМД елдерінде қолданылатын жер салығын зеттеу
негізінде, Н.Зенец нақты әлеуметтік-экономикалық шарттар есебіменолардың
элементтерінің келесідей жеке жіктемесін ұсынған:
- жер салығының қызметтері – кәсіпорынға, фермер шаруашылығына жер
салығының әсер етуінің нақты нысандары (фискалдық, реттеушілік);
- салықты төлеудің қайнар көзі – салық төленетін шаруашылықтың сол немесе
басқа кірістер бөлігі;
- салық мөлшерінің орнатылуы – салық салудың ауыртпалығын анықтау тәсілі;
- салық салу объектісі – салық салуға жататын жердің құрамы;
- салықтың ставкасын анықтау үшін база – мысалы, баға, рентаның мөлшері,
жерді бағалау балы;
- салықты алушылар – қай бюджетке (республикалық, жергілікті) бұл салық
келіп түседі;
- басқа салықтармен қарым-қатынас;
- жалпы салық салу жүйесінде жер және басқа салықтар арасындағы қызметтерді
бөлу;
- жер салығын төлеушілердің санаттары – кәсіпорындық кооператив,
акционерлік қоғам және тағы басқалары.
Жер салығын төлеушілер – меншігінде немесе тұрақты пайдалануында жер
учаскесі бар заңды тұлғалар (оның ішінде резидент еместер), олардың
филиалдары, өкілдіктері және жерге иелік етуші жеке тұлғалар.
Жер салығының мөлшері жер учаскесінің саласында, құнарлығына, орналасу
аймағына және сумен қамтамасыз ету мүмкіндігіне қарай анықталады және жер
иесі мен жерді пайдаланушының шаруашылық нәтижесіне байланысты болмайды.
Жер салығы жер алаңының бірлігі үшін жыл сайынғы тіркелген төлем түрінде
белгіленеді. Ал басқа мемлекеттерге берілген жер учаскесін пайдаланғаны
үшін салық салудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының осы
мемлекеттермен жасасқан шарттарымен анықталады.
Жер салығының салық салу объектісі – жерге иелік ететін немесе
пайдаланатын заңды және жеке тұлғалардың қарамағындағы жер учаскелері.
Олардың түрлерін атап өтетін болсақ, олар мыналар:
1. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын жерлер;
2. Елді мекендік жерлер;
3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де мақсаттағы
жерлер;
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жерлер;
5. Орман қоры жерлері;
6. Су қоры жерлері;
7. Қордағы (запастағы) жерлер.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жерлеріне, орман қоры жерлеріне, су
қоры жерлеріне, қордағы (запастағы) жерлеріне қандай да бір нысаналы
мақсатта қолданылса ғана жер салығы салынады.
Жер салығы бойынша жеңілдіктер беріліп, салықтан босатылатын
төлеушілер:
- біртұтас жер салығын төлеушілер;
- діни бірлестіктер;
- мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыратын ұйымдар;
- уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеті
мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
- салық салу режимінің екінші үлгісі бойынша (шикі мұнай мен басқа да
пайдалы қазбаларға салынатын акциз, үстеме пайдаға салынатын салық,
жер салығы бойынша, ал мүлік салығы қосылмайды) жұмыс жасайтын жер
қойнауын пайдаланушылар;
- құрылыс пен құрылғыларды қоса алғандағы, тұрғын үй қорындағы және үй
жанындағы жер учаскелері бойынша – “Батыр ана” атағын алған, “Алтын
алқамен” марапатталған көп балалы аналар;
- құрылыс пен құрылғыларды қоса алғандағы, тұрғын үй қорындағы және үй
жанындағы жер учаскелері бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен
оларға теңестірілген тұлғалар, бала кезінен мүгедек тұлғаның ата-
анасының біреуі:
- тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен
ғимараттар алып жатқан жер учаскелері;
- үй маңындағы жер учаскелері;
- жеке үй шаруашылығын жүргізуі, бау-бақша шаруашылығы үшін берілген
және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына
арналған жер учаскелері;
- гаражға арналған жер учаскелері бойынша.
Бірақ мемлекеттік бюджет есебінен ғана қамтылған ұйымдар, уәкілетті
органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорындары, діни бірлестіктер пайдалануға немесе жалға
берілген жер учаскелері бойынша салық төлеуден босатылмайды.
Жекелеген жағдайларда салық салу объектісін анықтау:
1. Темір жолдар, оқшаулау белдеулері, темір жол станциялары, вокзалдар
орналасқан жер учаскелерін қоса алғанда, заңдарда белгіленген тәртіппен
темір жол көлігі ұйымдарының объектілеріне берілген жер учаскелері темір
жол көлігі ұйымдары үшін салық салу объектісі болып табылады.
2. Электр беру желілері мен кіші станциялар тіректері алып жатқан жер
учаскелерін қоса алғанда, балансында электр беру желілері бар энергетика
және электрлендіру жүйесі ұйымдары үшін осы ұйымдарға заңдарда
белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып
табылады.
3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда,
балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндіруді,
тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін осы ұйымдарға заңдарда
белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып
табылады.
4. Байланыс желілерінің тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда,
балансында радиорелелік, әуә, кабельдік байланыс желілері бар байланыс
ұйымдар үшін осы ұйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен берілген жер
учаскелері салық салу объектісі болып табылады.
Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып
табылады.
Орман қоры жерлерінен салық салуға жататындар:
- ауыл шаруашылығы мақсаты үшін пайдаланылатын жерлер;
- орман шаруашылығы органдарының үйлері тұрған жерлер;
- ағаш дайындаушы кәсіпорындардың пайдалануына берілген жерлер.
Мына тұлғалар жер салығын сәйкес ставкаға 0,1 коэффициентін қолдану
арқылы есептейді және төлейді:
- балаларды сауықтыру мекемелері, мемлекеттік табиғи қорықтар,
мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар мен ботаникалық бақтар,
мемлекеттік табиғи және зоологиялық бақтар;
- балық өндірісі мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар;
- жүйке аурулар және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу-өндірістік
мекемелер;
- ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестациялау саласындағы мемлекеттік
кәсіпорындар;
- табиғи биологиялық ресурстарды ұлғайту, ормандардың табиғи әлеуметін
көтеру, өртпен күрес тәрізді жұмыстар негізгі қызмет түрлері болып
табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
- діни бірлестіктерден басқа коммерциялық емес ұйымдар;
- жұмысшыларының 51 пайызы мүгедектер және оларға жұмсалатын шығындар
жалпы еңбек ақы қорының 51 пайызынан кем болмайтын ұйымдар.
Бірақ бұл тұлғалар жерді коммерциялық мақсатта пайдаланса, жер салығын
жалпыға ортақ тәртіппен төлейді.

1-кесте
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік бюджетінің кірісіндегі салықтық
түсімдердің ішіндегі жер салығының үлесі

Көрсеткіштер 2000ж. 2001ж. 2002ж.
Сомасы Үлесі Сомасы Үлесі Сомасы Үлесі
млн.тг (%) млн.тг (%) млн.тг (%)
Түсімдер 1048116 100 1271584 100
Салықтық 524058 50 635792 50
Түсімдер
Оның ішінде:
Жер салығы 5506 0,5 5454 0,4
Басқа 518552 49,5 630338 49,6
салықтар

Бұл кестеде мемлекеттік бюджеттінің кірісіндегі жер салығының үлесі
қарастырылған.
Осы кестенің мәліметтері бойынша, 2000 жылы салықтық түсімдер 524058
млн. теңге болды, яғни жалпы түсімдердің 50%-ын құрады. Ал оның ішіндегі
жер салығының үлесі 0,5% болды. 2001 жылы түсімдер 1271584 млн. теңгені
құрады, ал салықтық түсімдер жалпы түсімдердің 50%-ын құрады. 2000 жылмен
салыстырғанда 2001 жылы жер салығының үлесі 0,4% болды.
Қорыта келсек, жер салығы басқа салықтармен салыстырғанда аз мөлшерде
төленеді.

2 Бөлiм. Жер қойнауын пайдалануға салық салудың
түсінігі және қағидалары.

Салықтар мемлекеттік бюджеттің ең мол түсім көздері болғандықтан, олар
қандай да болмасын мемлекеттің өсіп-өрендеуінің материалдық негізі болып
есептелінеді. Сондықтан салықтық қызмет мақсатының басты бағыты салықтардың
көмегімен бюджетке кірістерді тарту арқылы мемлекеттің қазынасын
қалыптастыру және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ саяси
құрылыс бағдармаларын ақшалай қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл жерде мемлекетті қоғамның саяси жүйесінің субьектісі екенін
ескерсек, оның қызмет аясы тек өз ақшалай мәселелерін шешіп қана қоймай,
сонымен қатар қоғамның да ақшалай инфрақұрлымын құруға бағытталған. Сонымен
салықтық қызметті жүзеге асыру кезінде, мемлекет бір уақытта екі сипатта
болады:
1) саяси жүйенің субьектісі ретінде;
2) мемлекеттік бюджетке жұмылдырылған ақша қаражаттарының меншік иесі
ретінде.
Салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің белгіленуі және алынуы
мемлекеттің салықтық қызметінің барысында жүзеге асырылады. Мемлекеттің
салықтық қызметінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:
1) салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеу;
2) салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді алу және олардың төленуін
қамтамасыз ету;
3) салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің уақытылы және толығымен
төленуіне салықтық бақылауды жүзеге асыру;
4) тек мемлекеттік салықтық қызметін тікелей жүзеге асыратын
мемлекеттік салықтық қызмет органдарының жүйесін құру;
5) салықтық құқық бұзушылық үшін заңи жауапкершілік белгілеу15.
Салықтық қызмет мемлекет аумағында жүзеге асырылатын болғандықтан, оған
қатысатын әр дәрежедегі мемлекеттік органдарының өз құзыреттеріне
байланысты қызметтерін атқаруды қажет етеді. Осы органдар мынадай тәртіппен
орналастырылады:
І. Мемлекеттік өкімет билігі органдары:
1) жоғарғы өкілді және заң шығарушы орган – ҚР Парламенті;
2) жергілікті өкілді органдар – Маслихаттар;
ІІ. Мемлекеттік атқарушы билік (мемлекеттік басқару) органдары:
1) жалпы құзыретті органдар:
а) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
ә) жергілікті әкімдер;
2) арнайы құзыретті органдар:
а) Қаржы Министрлігі;
ә) Қаржы Министрлігінің арнайы басқармалары мен бөлімдері;
б) Мемлекеттік кірістер Министрлігі;
в) Мемлекеттік кірістер Министрлігінің салық қызметі органдарының, салық
полициясы комитеті және кеден комитеті.
Салықтар, әрқашанда, мемлекет пен халықтың, жан-жақтымұқтаждарын
қанағаттандыру және өндірісті дамыту дамыту мақсатында ұлттық табысты және
жалпы ішкі өнімді, сондай-ақ жалпы қоғамдық өнімді қайта бөлуге байланысты
экономикалық қатынастарды көрсетеді. Сондықтан, олар мемлекеттің заңды және
жеке тұлғалармен арасындағы экономикалық (қаржылық) қатынастарын
сипаттайтын экономикалық категория болып табылады.
Салықтардың экономикалық-құқықтық маңызы олардың құрамындағы қаржылық-
экономикалық және құқықтық қатынастар арқылы көрініс табады. Қаржылық-
экономикалық қатынастар салық төлеушілердің тиісті бюджетке белгіленген
ақша қаражаттар сомасын берулері кезінде, ал құқықтық қатынастар салық
заңдарымен белгіленген салықтық қатынастарға қатысушы мемлекеттік салық
қызметі органдары мен салық төлеушілердің арасында туындайды.
Салықтар мына келесідей өздеріне тән белгілерімен сипатталады:
1) салық мемлекет тарапынан жасалған белгілену;
2) салық біржақты түрдегі белгілену;
3) салық материалдық төлем;
4) салық құқыққа сай төлем;
5) салық мәжбүрлі түрде алынады;
6) салық міндетті төлем;
7) салық ақшаларды қайтарымсыз алу;
8) салық баламасыз төлем;
9) салық тұрақты міндеттеме туындатады;
10) салық тек құқықтық нысанда болады;
11) салық заңмен белгіленеді;
12) салық тек белгілі бір салық төлеушіден – нақты тұлғадан алынады;
13) салықтың алынуы мемлекеттік мәжбірлеу шараларымен қамтамасыз
етіледі;
14) салық мөлшері нақтылы төлем;
15) салық белгіленген мерзімде төленетін төлем;
16) салық меншік нысанының ауысуын білдіретін төлем16.
Салықтардың функционалдық сипаттамасын нақтыландыру, яғни функцияларына
талдау жасау арқылы салықтардың тікелей мәнін және экономикалық табиғатын,
сондай-ақ атқаратын қызметтерінің функциялары белгілі кезеңде өздері
атқаратын рөліне байланысты, мемлекет алдында тұрған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қосылған құн салығының экономикалық мазмұны
Корпоративтік табыс салығы
Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
Жер салығы және жер қатынастарын реттеудегі рөлін ашу
Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі
Жер салығының теориялық аспкетілері
Жер салығының жергілікті бюджетке түсуінің маңызы
Қазіргі кездегі жер салығының жағдайы және оның динамикасы
Жер салығының түсiнiгi
Жер салығы туралы ақпарат
Пәндер