Этнопедагогика: лекция мәтіндері мен семинар сабақтарының жоспарлары

ЭТНОПЕДАГОГИКА:
лекция мәтіндері мен семинар сабақтарының
жоспарлары
КІРІСПЕ
Соңғы жылдары білім берудің мемлекеттік стандарттарындағы өзгерістерге
сай жоғары мектептерде Этнопедагогика пәнін көптеген мамандықтарда оқыту
оку жоспарларына енгізіліп жатыр.
Қоғамды жаңғырту жөне демократияландыру кезінде республиканың
егемендікке ие болу жағдайында, біздің қоғамымыздың тарихы, халықтың рухани
өмірінің өз кезеңінде ұмытылған немесе тыйым салынған құбылыстары қайтып
оралуда. Өткеннің мәдени-тарихи мұрасын өркендету қазіргі заманның аса
көкейкесті проблемаларының біріне айналып отыр.
Жалпыадамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибені, сан ғасырлық мәдени
дәстүрлерді ескере отырып, білім беру мазмұнын жаңғырту, әсіресе, болашақ
мұғалімдерді даярлау процесіне жаңа талаптар қояды, себебі оқушыларды
ұлттық тербие негіздерімен қаруландыру мұғалімнің тікелей кәсіби сапасы мен
даярлығына байланысты.
Болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық білімдермен қаруландыру,
академик Г.Н.Волковтың пікіріне қарағанда, жоғары білім беру жүйесіндегі
міндетті оқу пәні ретінде санау басты мәселе.
Этнопедагогикалық білім беру- этнопедагогиканың негіздері туралы жүйелі
білімдерді студенттердің меңгеру, қазіргі жағдайда халықтың аса бай тәрбие
беру тәжірибесін шығармашылықпен пайдалану шеберліктері мен дағдыларына ие
болу жене халықтың рухани мәдениетіне бағалы көзқарасының нәтижесі.
Болашақ мұғалімдер даярлауда этнопедагогикалық білім берудің мақсаты-
ұлттық сана-сезімді, өз халқының тарихына, мәдениеті мен дәстүріне деген
біртұтас көзқарас қалыптастыру болып табылады. Бұл ұсынылып отырған
Этнопедагогика пәніне арналған лекция мәтіндерінің жинағы мен сол пәннен
өткізілетін семинар сабақтарының жоспары, сабақты қорытындылауға арналған
пысықтау сұрақтары мсн студенттердің өз бетінше шығармашылықпен жұмыс
істеулеріне арналған реферат тақырыптары осы пенге бөлінген оқу
жоспарындағы сағат сандарына сәйкес құрастырылып жазылған шығармашылық
еңбек. Бұл сонымен бірге сырттан оқитын студенттер үшін де оқу құралы болып
табылады.
Бірінші лекция: Этнопедагогика ғылымы туралы
т ү с і н і к
Лекцияның жоспары:
1. Этностар мәдениетін зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері.
2. "Этнос" туралы ұғым.
3. Халық тәлімінің тарихи кезеңдері және оның сипаты.
I. Этностар мәдениетін зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері.
Белгілі бір этнос адамдардың жан дүниесіндегі мінез-құлық, сана-сезім
мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр ерекшелігі ұрпақтан-ұрпаққа ана тілі арқылы
жетеді.
Ұлттық сана-сезімнің өсуі мен етуі, бір жағынан, ана тілдің тағдырын
анықтаса, екінші жағынан, ана тілдің даму дәрежесі ұлттық сана сезім
деңгейінің өлшеуіші болып есептеледі.
Ұлттық тәлім-тәрбиені (этнопедагогиканы) іске асыратын ұлттық тіл
(этнолингвистика), ал оның ішкі жан дүниесімен, сана сезіммен байланысты
(этнопсихология) жүргізіледі.
Этнолингвистика - тілді этносқа қатысы жағынан зерттесе,
психолингвистика - оны адам психологиясына, ал социолингвистика - қоғам
дамуына қатысы тұрғысынан қарастырады. Этнолингвистика-ғылымы мына
ғылымдармен тығыз байланысты:
1. Фольклористика
2. Этнология
3. Культурология
4. Мифология
Себебі, бұлардың қай-қайсысы болсын, этнос табиғатын ашуға қызмет етеді
және олардың зерттеу нысанасы (обьектісі) да ортақ.
Мысалы, диалектология - этностың жергілікті сөйлеу ерекшелігін,
этнология мен фольклористика - этностың әлденеше ғасырға созылған мәдени
даму үрдісін, заттық және рухани мәдениетін, салт-дәстүрін зерттесе,
мифология - этностың дүниетанымын, сенім-нанымын өзін қоршаған ортаға деген
көзқарасын зерттейді. Олай болса, бұлардың бәрі де тікелей этносқа қатысты,
бері де этностық ерекшеліктерді сипаттайды.
Ұлт мәдениетін сөз еткенде, тарих, археология, этнология ғылымдарымен
қоса, этнопсихология, этнопедагогика және фольклористика ғылымдарының
қағидаларына сүйену қажет. Себебі, өткен замандағы ұлттық мәдени мұралардан
ұлттық психологиялық және этнологиялық (салт-сана, әдет-ғұрып, көзқарас
т.б.) ерекшеліктер айқын сезіліп тұрады. Сол арқылы әр ұлттың өзіне тән
салт-тұрмысы мен тіршілік кәсібін, сана сезімі мен ойлау ерекшелігін
байқауымызға болады.
Ал ұлт мәдениетінің озық үлгілері арқылы жас ұрпақты жан-жақты жетілген
азамат етіп тәрбиелеу - этнопедагогиканың ең өзекті мәселесі болып
табылады.
Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшелігін ғылыми теориялық тұрғыда
зерттеп, анықтауда диалектикалық философияны басшылыққа алу қажет. Бұл
жерде ұлт мәдениеті мен ұлттық тәлім-тәрбие тарихын салт-сана, әдет-ғұрып,
флоьклористика, ұлттық психология мен ұлттық философия ғылымдарымен тығыз
байланыста қарастыру.
Осыған орай, П.В.Плеханов методологиялық мынадай қағидалар ұсынады:
1. Идеялардың жалпы қоғамның әлеуметтік даму процесіне тәуелді
екендігін анықтау.
2. Ғылымның, әлеуметтік психологияның, әдебиеттің, өнердің даму тарихын
қоғамның даму процесімен ұштастыра қарастыру.
3. Тарихтың әр кезеңінде ғылымның даму ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz