Біріккен ұлттар ұйымы әмбебап ұйым ретінде



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1. Біріккен Ұлттар Ұйымы әмбебап ұйым ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
БҰҰ . ң қызметі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
БҰҰ . ң бағдарламалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2. БҰҰ және Қазақстан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. БҰҰ дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды, әмбебеп халықаралық ұйым. Басты мақсаты – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
БҰҰ-ның Жарғысында бірінші кезектегі мақсат ретінде халықтар арасындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбіт өмірге төнген қауіптің алдын алу немесе бетін қайтару агрессиялық және елдердің тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттерге тойтарыс беру, халықаралық даулы мәселелер мен шиеленістерді реттеу екендігі жарияланған.
БҰҰ қызметінің негізгі бағыттары – жер бетінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті жақтап, мемлекеттердің сан алуан саладағы ынтымақтастығына жәрдемдесу, адам құқылары мен бостандықтарын қорғап, халықаралық құқықты жүйелеу және оның прогрессивті дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Жалпы теориялық жұмыстар.
1. Назарбаев Н. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Алматы, 1996 ж.
2. Назарбаев Н. Стратегия становления и развитие Казахстана как суверенного государства. Алматы: Дәуір, 1992 ж. 56 б.
3. Назарбаев Н. На пороге ХХІ века. Алматы: Өнер, 1996 ж. 288 б.
4. Токаев Қ. Под стягом независимости. Очерки о внешней политике Казахстана. Алматы: Білім, 1997 ж. 593-594 бб.
5. Тоқаев Қ. Организация объединенных наций: полвека служения миру. Алматы, 1995 ж.
6. Тоқаев Қ. Беласу. Алматы: Дәуір, 2003 ж. 440-467 бб.
7. Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. Алматы, 2002 ж. 275-307 бб.

Деректер.
1. Выступление Президента РК Назарбаев Н. На Саммите тысячелетие ООН в Нью-Йорке // Деловая неделя, 2000 – 8 сентябоя.
2. Речь Президента РК Назарбаев Н. На 47-й сессии ГАООН //Токаев К. ООН: полвека служения миру. Алматы, 1995 ж. 157-164 бб.
3. Қазақстан Ұлттық энциклопедия, Қазақ энциклопедиясының бас редакторы Нысанбаев Ә., Алматы, 1999 ж. 509-515 бб.

Монографиялар мен мақалалар.
1. Абдулпаттаев С. И. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Алматы, 2005 ж.
2. Арыстанбекова А. Ұлттар ұйымы және Қазақстан. Астана, 2004 ж.
3. Сарсенбаева М. А. Международное право. Алматы, 1996 ж.
4. Даненов Н. Ж. Казахстан – ЮНЕСКО: Навстречу ХХІ веку. Алматы, 1995 ж. 84-94 бб.
5. Петровский В. Ф. ООН: Справочник. Москва, 1985 ж. 11 б.
6. Кривчикова Э. С. Главные органы ООН. Москва, 1989 ж.
7. Крылов С. Б. История создания ООН. Москва, 1960 ж.
8. Колбасов О. С. Международно–правовая охрана окружающей среды. Москва, 1982 ж.
9. Хан Г. Б. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Алматы, КазГЗУ, 2003 ж. 390-401 бб.
10. Устав ООН. Сборник документов по международному праву. Т.І. Алматы, 1998. 14-16 бб.
11. Сейсенұлы Д. Жапондар жарылқап жатыр. // Егемен Қазақстан, 2001, 3 наурыз.
12. Егемен Қазақстан, 2003, 27 қыркүйек, №255.
13. Сұлтанәли Г. «Нью-Йорк. Қыркүйек. Қызу шақ». // Егемен Қазақстан, 2003, 30 қыркүйек.
14. Әлінбай С. «БҰҰ даму бағдарламасы» // Егемен Қазақстан, 2002, 4 маусым.
15. Мұса С. «Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығы одан әрі тереңдей түседі». // Егемен Қазақстан, 2002, 18 қазан.
16. Абдулпаттаев С. И. Қазақстан БҰҰ-да. // Ақиқат, 2002, №9, 43-47 б.
17. Арыстанбекова А. БҰҰ: бітімгершілігі мен жаңа үрдістері. // Қазақ тарихы, 2002, №2904.
18. Тоқаев Қ. «БҰҰ біздің ортақ шаңырығымыз». //Заң газеті, 1996, 23 қазан.
19. Зәңгіров Е. Бас хатшы Кофи Аннан. // Ақиқат, 2003, №8, 85- 88 бб.
20. Дипломатический курьер 1(3) 2005 ж.
21. Дипломатический курьер 4(6) 2005 ж.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1. Біріккен Ұлттар Ұйымы әмбебап ұйым
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1. БҰҰ – ң қызметі мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
2
2. БҰҰ – ң
бағдарламалары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..24
2. БҰҰ және
Қазақстан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...28
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..35
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .
... ... ..
... ... ..
36

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. БҰҰ дүние жүзіндегі
мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды, әмбебеп
халықаралық ұйым. Басты мақсаты – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті
нығайтып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
БҰҰ-ның Жарғысында бірінші кезектегі мақсат ретінде халықтар
арасындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбіт өмірге
төнген қауіптің алдын алу немесе бетін қайтару агрессиялық және елдердің
тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттерге тойтарыс беру, халықаралық даулы
мәселелер мен шиеленістерді реттеу екендігі жарияланған.
БҰҰ қызметінің негізгі бағыттары – жер бетінде бейбітшілік пен
қауіпсіздікті жақтап, мемлекеттердің сан алуан саладағы ынтымақтастығына
жәрдемдесу, адам құқылары мен бостандықтарын қорғап, халықаралық құқықты
жүйелеу және оның прогрессивті дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Халықаралық тыныштық және қауіпсіздік, қарусыздандыру және қару
жарақты жаппай жоюды қажет ететін аумақтарға ұйымдарды қатыстыру БҰҰ
мүшесіндегі мемлекеттер үшін маңызды мәселе.
Ұйым терроризмге қарсы, заңсыз есірткі айналымы және топтасқан
қылмыстарға қарсы күрес жүргізетін халықаралық бастаушы күш болып табылады.
Ұйым халықаралық қоғамдастық соқтығысатын өткір мәселелерді шешуде
өзгеше орталыққа айналды: БҰҰ адам құқығын қорғау, қоршаған ортаны сақтау,
аурулармен күресу және аш – жалаңаштар ауқымын қысқарту, босқындарға көмек
көрсету жұмыстарын жүргізеді, залалсыздандыру бағдарламасын жүзеге асырады
және СПИД – ке қарсы күресте басты рөл атқарады.

БҰҰ бастапқы мәселелерінің бірі дүние жүзіндегі бар әлемді қолдау.
Көптеген жылдар бойы Ұйым халықаралық күйзелістерді болдырмау және ұзақ
қақтығыстарды реттеуге жәрдем беруде маңызды рөл атқарды. Осыдан он жыл
бұрын Назарбаев Н. БҰҰ Ассамблеясында БҰҰ-ң мүше-мемлекеттеріне мәні мен
рухы қарапайым ғана мынандай ұсыныс жасады: Келіңіздер, күшімізді
біріктірейік, ерікті ынтымақтастық қадамын жасап көрейік, сөйтіп
дағдарыстағы өңірлер мен дамыған елдердің проблемаларын шешу үшін барлық
елдердің әскери бюджетіне бір пайыз берейік.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. БҰҰ – ның тұрақтануына, дамуына, қызметіне
саяси және тарихи ғылымдардың еңбектері арналған. Бұл мәселе бойынша БҰҰ –
ның үлкен теориялық және практикалық маңызы бар. Бұған Назарбаев Н.,[1]
Тоқаев Қ., [2]Арыстанбекова А.,[3] Абдулпаттаев С.,[4] Колбасов С.,
Кривчикова Э.,[5] Крылов С.,[6] Сарсенбаев М.,[7] Петровский В., және
басқалардың да еңбектерінде көрініс тапқан.
Деректік негізі. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы, Біріккен Ұлттар
Ұйымының Бас хатшының еңбектері жеке еңбектегі тұжырымдамалар пайдаланды.
Сонымен бірге зерттеу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.
Назарбаевтың және Сыртқы Істер Министрі Қ. Тоқаевтың еңбектері мен ірі
халықаралық форумда сөйлеген сөздері, Қазақстан Республикасы Сыртқы
саясатының концепцияларының тұжырымдамалары, әртүрлі елдердегі шыққан
статистикалар пайдаланылды.
Методологиялық негіздері. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Кофи
Аннанның, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Біріккен
Ұлттар Ұйымының халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі мен орны және
міндеттері туралы айтылған тұжырымдамалар пайдаланылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Курс жұмысының мәлімдерін жоғарғы дәрежелі
оқу орындарында Халықаралық қатынастар факультетінде студенттерге дәріс
оқыған кезде пайдалануға болады деп есептейміз. Мұнда көрсетілген –ой
тұжырымдамаларды саяси партиялармен бұқаралық ақпарат құралдары пайдалануға
болатындығын айтамыз.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Біріккен Ұлттар Ұйымының және
қауіпсіздік кеңесінің халықаралық қауіпсіздікке қамтамасыз етудегі:
-әлемде саяси тұрақтылықты сақтау бағытындағы;
-қабылдаған қарармен оларды іс жүзінде асырудағы;
-практикалық жұмыстарын жан – жақты көрсету болып табылады.
Сонымен қатар бұл халықаралық ұйымның әртүрлі аймақтағы қақтығыстарды
бейбіт жолмен реттеу жолындағы қызметі, яғни оның бітімгершілік миссиясы
жан – жақты талданған. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы
қызметінің даму сатыларын қадағалау, сараптау сынды міндеттер қойылған.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Жұмысты жазу үшін мен көптеген орыс
тіліндегі әдебиеттерді пайдаландым. Өйткені, қазақ тілінде кітаптар мен
материалдар аз. Сол себепті, осы тақырыпта ғылыми еңбектер, мақалалар
көбейтілсе үлкен жетістік болмақ.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды,
пайдаланылған деректер тізімінен құралған.

1. Біріккен Ұлттар Ұйымы әмбебап ұйым ретінде.
Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу тарихы.
Біз өмірде ешқашан бұдан маңызды шешім қабылдамаймыз - осындай
сөздермен БҰҰ Жарғысын жасау жөніндегі Сан – Франциско конференциясының
төрағасы қорытынды мәжілісті жапты. Оның сөзі әділ болды. Соғыстан кейінгі
тарихта жарты ғасырдан астам бұрын – 1945 ж. 26 маусымда қол қойылған
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы сияқты естілетін, терең мағынасы бар ұжымдық
халықаралық құжат болған емес.
БҰҰ Жарғысын жасау бойынша конференция теңіз жағасындағы американдық
Сан – Франциско қаласында болып өтті. Онда фашистік Германия мен
милитаристік Жапонияға қарсы соғыс жариялаған 50 мемлекет өкілдері жиналып,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Декларациясына қол қойды. Кейінірек оларға Польша
қосылды. Бұл мемлекеттер – БҰҰ – ның алғашқы мүшелері болды.
850 – ден астам делегат жалпыға бірдей бейбітшілікті сақтауға
көмектесуі тиіс халықаралық ұйымының Жарғысы бойынша бар күшін салып жұмыс
істеді. Конференцияның әртүрлі комитеттері 400 – ге жуық мәжіліс өткізді
және осы мәжілістер барысында пікір алысулар мен шиеленіскен даулар
жағдайында Жарғының әрбір тұжырымы, әрбір сөзі тараз басына салынды. Әрине,
бірқатар мәселелер бойынша түйінді келіспеушіліктер пайда болды. Алайда
бейбітшілікке ұмтылыс, тиімді халықаралық ұйым құруға деген ниет ала
ауыздық пен қайшылықтарды жеңе алды.
1945 ж. 26 маусымда конференция делегаттары соңғы рет Сан –
Франциякода Опера театрының залында пленарлық мәжіліске жиналды.
Конференцияның төрағасы делегаттардың назарына БҰҰ Жарғысының жобасын
ұсынды. Осы әлемдік оқиғаның тарихи мәніне орай ол қол көтерумен дауыс
берудің дәстүрлі әдісінен бас тартуға шақырды. Жарғының қолдауға салынған
кезде дауыс беру әдеттен тыс әдіспен өткені бекер емес. Иә деп дауыс
беруге ықылас танытқандардың барлығына төраға орындарынан тұруларын
ұсынды. Оған жауап ретінде барлық делегаттар орындарынан тұрды. Барлығы да
түрегеп тұрды – жай қызмет атқарушылар, баспасөз, радио өкілдері мен 3
мыңға жуық қонақтар.
1945 ж. 24 қазанда бес ұлы державалар – КСРО, АҚШ, Англия, Франция
және Қытай бекітуші грамоталардың бекітіліп, сақтауға беріліп және
құрылтайшы – мүшелердің басқа көптеген мемлекеттерінің парламенттері
мақұлдағаннан кейін БҰҰ Жарғысы күшіне енді. БҰҰ құрылды, осы кезден
күрделі, кең пішінді әлемдегі оның қиын жолы басталды. 24 қазан тарихқа
БҰҰ күні деген атпен еніп, жыл сайын атап өтіледі.
БҰҰ – ның құрылуының алдында әмбебап халықаралық қауіпсіздік ұйымын
құру туралы шешімі орын алған 1942 ж. 1 қаңтардағы 26 мемлекеттердің
Вашингтон конференциясы, 1943 ж. 30 қазандағы КСРО, АҚШ және Англия сыртқы
істер министрлерінің жалпыға бірдей қауіпсіздік жөніндегі Мәскеу
декларациясы болды. 1943 ж. 1 желтоқсанда бұл шешім одан жоғары деңгейде:
одақтас мемлекеттер – Ұлыбритания, КСРО, АҚШ басшылырының Тегеран
конференциясында расталды.
1944 ж. 21 тамызда Думбартон – Окста КСРО, АҚШ өкілдерінің
конференциясы шақырылды. Конференция Жарғының жобасын дайындады. Кейінірек
жобаны Қытай мақұлдады.
Қырым конференциясында үш мемлекет өкілдері Ұйымының Жарғысын
дайындауды аяқтау үшін 1945 ж. сәуірде Сан – Францискода конференция шақыру
жөнінде келісті. АҚШ пен Англия Сан – Францискода КСРО – ның Украина мен
Белоруссияның БҰҰ – н құрушы – мемлекеттеріне айналысын деген ұсынысын
қолдауға міндеттеме алды.
Сөйтіп, БҰҰ – н құру туралы идеялар мен нақтылы шешімдер екінші
дүниежүзілік соғыс кезеңінде, гитлерлік Германия мен оның одақтастарының
болмай қалмайтын жеңілісі айналысында айқын көрініс бере бастаған жаңа
әлемдік тәртіпті орнату жағдайында туды.
Сол кезде адамзат тарихындағы ең қантөгісті және қиратушы екінші
дүниежүзілік соғысының барлық қорқынышын басынан кешірген халықтар
дүниежүзілік соғыс апатының ешқашан қайталанбауы үшін сенімді кепілдіктер
орнатуға батыл тұрды. Адамдардың үміттері мен армандары әркімнің өзінің
өмірін өз қалауынша құру құқығын қамтамасыз етуге бағытталды. Әлем халықтар
арасындағы қатынастарда жаңа дәуір басталатынын, бұл қатынастар
мемлекеттердің бейбіт ынтымақтастығы ұстанымына негізделетінін күтіп, сенім
артты.
БҰҰ – ның құрылуы бейбіт сүйгіш күштердің соғысқа қарсы, халықтар
арасында достық қатынастарды дамыту үшін күресте маңызды белес болды. Ұйым
жалпыға бірдей бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, экономикалық және
әлеуметтік өрлеуге жәрдемдесу үшін халықаралық ынтымақтастық органы ретінде
ойластырылып, құрылды. Әлбетте, бұл фашистік агрессия алдында әлсіз болып
қалған ұлттар Лигасының тәжірибесі емес, ортақ күресте гитлерлік Германияны
талқандаған гитлерге қарсы ұлы коалицияның тәжірибесі еді. Ұлттар Лигасының
басты кемшілігі оның агрессия актілеріне қарсы, бейбітшіліктің бұзылуына
қарсы тиімді және шешімді шаралар қабылдауға мүмкіндігінің болмауында, оған
қоса агрессияны тоқтату және бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға
әрекетті механизмнің болмауынан тұрады.
Әлемнің үміті БҰҰ Жарғысында нақтылы көрініс тапты. Жарғы БҰҰ
қызметінің саяси – құқықтық негізі болды. Оны жасауда бейбіт сүйгіш елдерге
бейбітшілікті сақтау мен барлық мемлекеттердің, үлкен және кішілердің
теңдігін қамтамасыз етудің жаңа принциптік мәселелерінің қойылуына қол
жеткізуге сәті түсті. Соның арқасында БҰҰ бейбітшілік және халықтардың
өрлеуінің нағыз құралына айналды.
БҰҰ Жарғысы преамбуладан (кіріспеден) және 111 баптан құралған 19
тараудан тұрады. БҰҰ Жарғысы басқа көптеген халықаралық құжаттарға
қарағанда, Біз, Біріккен Ұлттар халықтары, келер ұрпақты соғыс апатынан
сақтап қалуға батылдыққа толы боламыз деген сөзддерімен басталады.
БҰҰ Жарғысының ерекшелігі БҰҰ – ның басты органдарының өздері олардың
қызмет саласына қатысы бар, БҰҰ Жарғысының ережелерін түсіндіре алуында
және іс – тәжірибе жүзінде түсініктеме беруінен де тұрады. БҰҰ Жарғысы
мемлекеттердің міндеттемелері БҰҰ Жарғысы жөніндегі басқа қандай да бір
халықаралық келісім бойынша олардың міндеттемелерімен қайшылықты болғанда,
артықшылық күшке БҰҰ Жарғысы жөніндегі міндеттемелер ие болатынын көздейді.
Сөйтіп БҰҰ Жарғысы прогрессивті дамудың негізі болып табылады. Оның бірінші
бабында мынадай мақсаттар қойылған:
1. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтап тұру...
2. Ұлттар арасында тең құқылық және халықтардың өзін - өзі билеу
принципі негізінде достық қатынастарды дамыту...
3. Экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы
халықаралық проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге
асыру...
4. Осы ортақ мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың іс - әрекеттерін
келістіру үшін орталық болу.[8]
2 бапта былай делінген: 1 бапта көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу
үшін, ұйым және оның мүшелері келесі Принциптерге сәйкес әрекет жасайды:
1. Ұйым оның барлық Мүшелерінің егеменді теңдігі принципіне
негізделеді;
2. БҰҰ – ның барлық Мүшелері осы Жарғы бойынша өзіне жүктелген
міндеттемелерді адал орындайды...
3. БҰҰ – ның барлық мүшелері өздерінің халықаралық дауларын бейбіт
әдістерімен, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке және әділеттілікке
қауіп төндірмейтіндей шешеді;
4. БҰҰ – ның барлық Мүшелері өздерінің халықаралық қатынастарында
күшпен қоқан – лоққы жасаудан немесе оны кез келген мемлекеттің аумақтық
қол сұғылмаушылығы немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы қолданудан тартынады.
5. БҰҰ – ның барлық Мүшелері оның осы Жарғыға сәйкес жасайтын барлық
әрекеттерінде оған қолдан келгенше көмек көрсетеді.
6. Ұйым оның Мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің осы
Принциптерге сәйкес әрекет жасауын қамтамасыз етеді, өйткені ол халықаралық
бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін қажет болуы мүмкін.
7. Осы Жарғы ешбір жағдайда БҰҰ – на іс жүзінде кез келген мемлекеттің
ішкі құзыреттілігіне кіретін істерге араласуға құқық бермейді...[9]
Сөйтіп, БҰҰ Жарғысында тең құқылық, өрлеу және бостандық идеяларының
күрделі халықаралық – құқықтық жағынан танылуы мен бекітілуі орын алды.
Бұл, сөз жоқ, бейбітшілік пен демократия күштерінің ірі саяси табысы болып
келді. Міне сондықтан да БҰҰ Жарғысы, сөзсіз қазіргі заманның ең танымал
халықаралық құжаттардың бірі болып табылады. Ең жақсы тексеріс – бұл
уақытпен тексеру екені белгілі. БҰҰ Жарғысы уақыт сынынан өтті.
Шын мәнінде, БҰҰ өзінің Жарғысына дәлме – дәл сәйкес әрекет еткен
жағдайда ғана, өз қызметінде қолайлы нәтижелерге жеткен, бейбітшілікті
нығайтуға жәрдемдесті және халықтарға белгілі бір пайда әкелген. Және
керісінше, оның Жарғысы әрбір кезде бұзылғанда бұл оның әдеттегі қызметін
қиындатты және іс жүзінде БҰҰ – н әрекетсіздік пен сәтсіздікке дұшар етті,
ол өзінің міндеттерін толық атқара алмады.
Сан – Францискода соңғы мәжілісте сол кездегі АҚШ – тың бұрынғы
президенті Трумэн былай деп мәлімдеді: Егер біз Жарғыны қолдана алмайтын
болсақ, бізге еркін және қауіпсіздік жағдайында осы Жарғыны талқылап
қабылдау үшін осында жиналуға мүмкіндік беру үшін өз өмірлерін салған
барлықтардың алдында сатқын болып қаламыз. Егер біз, - деп жалғастырды ол,
- оны өзімшілік істерде – қандай да бір ұлттың немесе үлкен емес ұлттар
тобының мүддесіне пайдалануға талпыныс жасайтын болсақ – біз осындай
сатқындықта тағы да кінәлі боламыз.
БҰҰ – ның 50 жылдан астам тарихы барысында Батыстың ұйымды өзінің
саясатына қызмет етіп қоюға, оны ұлт – азаттық қозғалысты басу және қазіргі
заманғы мемлекеттер мен халықтардың ішкі істеріне араласудың құралы ретінде
пайдалануға әрекет жасаған оқиғалар да болды.
1950 ж. Батысуың Кореяда БҰҰ – ның көк жалауымен жамылып, қарулы
интервенцияны ұйымдастырғанда солай болды, БҰҰ – ның солдаттары атанған
көгілдір каскалар Конгода (Леопольдвиль) пайдаланылғанда да солай болды.
Қазір БҰҰ – ның Мүшесі 191 мемлекет болып табылады. Және де жаңа
тәуелсіз мемлекеттер саяси тәуелсіздігін жариялағаннан кейін БҰҰ – ның
мүшесі болуды міндет санайтыны атап кетерлік жәйт. Бұдан олардың БҰҰ – на
сенімі, қазіргі әлемдегі басқа халықаралық ұйымдарда жоқ қасиеттеріне ие
болатын адамзат тарихындағы бірден бір саяси ұйымына деген құрметі өз
көрінісін табады.
БҰҰ – ның басты органдары – Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі,
Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі
Кеңес пен Хатшылық.[10] Штаб – пәтері Нью – Йорк қаласында орналасқан.
Женевада, Венада бөлімшелері жұмыс істейді. БҰҰ – на Жарғыда бекітілген
міндеттемелерді мойындайтын әрі оларды жүзеге асыра алатын ізгі ниетті
мемлекеттердің барлығы да мүше бола алады.
Бас Ассамблеяның мәжілісіне БҰҰ – на мүше мемлекеттердің барлығының
өкілдері қатысады. Бұл орган БҰҰ Жарғысы шегінде кез келген іс пен мәселені
талқылау, мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлеу уәкілетін иеленеді, Қауіпсіздік
Кеңесінің жыл сайынғы әрі арнайы баяндамаларын талқылап, бүкіл Ұйымның
бюджетін қарап, бекітеді.
БҰҰ Жарғысының 24 – бабына сәйкес Қауіпсіздік Кеңесіне халықаралық
бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жауапкершілігі жүктелген. Бұл органның
ерекшелігі – Кеңестің 5 тұрақты мүшесі ғана шешім қабылдау кезінде
бірауыздылық қағидасын қатаң ұстанады; егер олардың біреуі ұсынылған жобаға
қарсы дауыс берсе, шешім қабылданбайды.
Экономикалық және әлеуметтік кеңеске (ЭКОСОС) – 1946 ж. құрылған БҰҰ
– ның органы. 54 мүшеден тұрады, олардың үштен бірін жыл сайын БҰҰ БА
қайта сайлайды, ЭКОСОС экономика, әлеуметтік, мәдениет, білім, денсаулық
сақтау салаларындағы халықаралық мәселелер бойынша зерттеулер жүргізу және
баяндамалар әзірлеу, сондай – ақ, Бас Ассамблеяға, БҰҰ мүшелеріне, БҰҰ –
ның мамандандырылған мекемелеріне мүдделі ұсыныстар жасап, тапсыру
уәкілеттігі берілген. Кеңестің қосымша органдары 5 аймақтық комиссия болып
табылады: Еуропалық Экономикалық Комиссия, Азия және Тынық мұхиты елдері
үшін Экономикалық және Әлеуметтік Комиссия, Африка үшін Экономикалық
Комиссия, Батыс Азия үшін Экономикалық Комиссия, Латын Америкасы мен Кариб
бассейні үшін Экономикалық Комиссия және 20 – дан астам тұрақты комитеттер
мен комиссиялар. ЭКОСОС – тың жоғарғы органы – жылына үш мәрте шақырылатын
сессия.[11]
Қамқорлық жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері – қамқорлыққа
алынған территория тұрғындарының саяси, экономика және әлеуметтік
прогресіне, оның білім беру саласында ілгерілеуіне, оның өзін - өзі
басқаруға немесе тәуелсіздікке жету бағытында прогрессивті дамуына
жәрдемдесу болып табылады.[12]
Халықаралық Сот мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді шешетін,
сондай – ақ, БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің құқық
мәселелері бойынша ұсыныстық ұйғарым шығаратын ең басты халықаралық ұйым
болып саналады. 1945 жылы құрылған. Ол БҰҰ БА сайлайтын 15 судьядан
тұрады.[13]
Хатшылық (секретариат) БҰҰ – ның атқарушы органы міндетін орындайды.
Оған Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы бойынша, Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге
тағайындайтын БҰҰ – ның Бас Хатшысы басшылық жасайды.
БҰҰ құрамына әлеуметтік, экономика және гуманитарлық сала бойынша
мамандырылған 16 арнаулы мекеме (ЮНЕСКО, Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымы, Халықаралық еңбек ұйымы, Өнеркәсіпті дамыту жөніндегі мекемесі,
т.б.), сондай – ақ, арнаулы комиссиялар (Халықаралық құқық комиссиясы,
Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссия) бар.
Қазақстан БҰҰ – на және оның бірнеше мамандандырылған мекемелеріне
мүше болды.

1.1. Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі мен мәні

Біріккен Ұлттар Ұйымының Екінші Дүниежүзілік Соғысынан кейін 1945 жылы
24 қазанда 51 елдің бас қосуымен тыныштықты сақтау, халықаралық достастықты
дамыту және халықаралық қауіпсіздікті қамсыздандыру мақсатында құрылды. 60
жылдан кейін Ұйым құрамына 191 мемлекет мүше болып енді.
БҰҰ Жарғысына сәйкес өз қызметінде мынандай төрт мақсатты көздейді:
- халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау,
- ұлтаралық достастық қатынасын дамыту,
- халықаралық мәселелер мен адам құқығын құрметтеу мәселелерін шешетін
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру,
- ұлттардың осындай ортақ мақсатқа жету әрекеттерінің орталығы болуға.
БҰҰ өзінің көпжақты қызметімен әлем қоғамдастығының қызметінің барлығы
аспектілерін қамтиды. Қазіргі замандағы күйзелістерді шешуде, өсіп келе
жатқан ауқымды өзара қатынастарды көрсетуде, халықаралық тыныштық және
қауіпсіздік салаларын қажет ететін мемлекеттерді біріктіруде оның рөлі аса
маңызды.[14]
Халықаралық тыныштық және қауіпсіздік, қарусыздандыру және қару жарақты
жаппай жоюды қажет ететін аумақтарға ұйымдарды қатыстыру БҰҰ мүшесіндегі
мемлекеттер үшін маңызды мәселе.
Ұйым терроризмге қарсы, заңсыз есірткі айналымы және топтасқан
қылмыстарға қарсы күрес жүргізетін халықаралық бастаушы күш болып табылады.
Ұйым халықаралық қоғамдастық соқтығысатын өткір мәселелерді шешуде
өзгеше орталыққа айналды: БҰҰ адам құқығын қорғау, қоршаған ортаны сақтау,
аурулармен күресу және аш – жалаңаштар ауқымын қысқарту, босқындарға көмек
көрсету жұмыстарын жүргізеді, залалсыздандыру бағдарламасын жүзеге асырады
және СПИД – ке қарсы күресте басты роль атқарады.
БҰҰ бастапқы мәселелерінің бірі дүние жүзіндегі бар әлемді қлдау.
Көптеген жылдар бойы Ұйым халықаралық күйзелістерді болдырмау және ұзақ
қақтығыстарды реттеуге жәрдем беруде маңызды роль атқарады.
Ол дүниежүзін анықтайтын, қолдайтын және гуманитарлық көмек беретін
жиынтық операцияларын жүзеге асырады.
Оған жаңа басталып келе жатқан дау – жанжалдарды болдырмауға да тура
келді.
Дау – жанжалдардан кейінгі жағдайларда ол көбіне зорлықтың түпкі себебін
жоюға және тұрақты әлем орнату негізіне бағытталған үйлестіру күшін
қабылдайды.
БҰҰ бұл бағытта сәтті нәтижелерге жетті. Оған 1948 – 1949 жылдары Берлин
күйзелісі кезіндегі кернеулікті сейілтуге, 1962 жылы Кариб күйзелісінің
өткірлігін алуға, 1973 жылы Қиыр Шығыстағы күйзелісті шешуге сәті түсті.
1988 жылы БҰҰ бейбітшілікті реттейтін күші иран – ирак соғысын тоқтатуға
мүмкіндік берді. 90 жылдары БҰҰ Кувейт егеменділігін қалпына келтіруге
көмек көрсетті, Камбодж, Сальвадор, Гватемала және Иозамбик елдеріндегі
азаматтық соғыстарды тоқтатуда маңызды рөл атқарды, сонымен қатар басқа да
елдердегі дау – жанжалдарды реттеді немесе болдырмады.
БҰҰ әлемді қолдаудағы жүргізетін операциялар санының көбеюі оның
қажеттілігінің бірден бір айғағы. Өткен жылы Сьерра – Леондағы, Либерия
және Гайтидегі қақтығыстарды реттеуде жетістіктер әкелді. Ауғаныстандағы,
Бурунди және Кот – д,Ивуардегі барлық жағдайларды қамтып реттейтін мезгіл
жақын. Бірақ, Судандағы, Қиыр Шығыстағы басылмайтын қақтығыстар және
Ирактағы қиын жағдай халықаралық күштің Ұйым қарамағына бірігуін талап ете
отырып, әлемдегі жайтты тұрақтандырады.
Халықаралық бейбітшілікті және қауіпсіздікті, өркендеуді және адам
құқығын дүниежүзінде қолдаудағы БҰҰ негізгі рөлін ескеру белгісінде 2001
жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы және БҰҰ Бас Хатшысы Нобель жүлдесіне ие болды.
Қазіргі жағдайда, дүниежүзінде 830 миллионға жуық адам тойынбайды, 41
миллионнан астам адам ВИЧСПИД ауруларымен ауырады, 17 миллионы босқындар
және 20 мың адам күнделікті ашаршылық құрбаны болады, соның ішінде
балаларда, осы жағдайда БҰҰ рөлі ерекше бөлінуде.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 59 сессия барысындағы сұхбатта бейбітшілік және
қауіпсіздік, әлеуметтік және экономикалық даму төңірегіндегі көкейтөсті
мәселелерді шешу Ұйым әлеуетін бекіту қажеттігімен, оның тиімді және өмірге
қабілеттілігімен байланысты екендігінің тағы бір дәлелі болды. БҰҰ
халықаралық қатынастарды ұйымдық реттеуде негізгі механизм болып қалады.
Ғалымдық мәселелерді шешуге және қателермен тиімді күресуіне 2005 жыл
Ұйымның бүкіл тарихында болмаған реформаларды жүзеге асыруға БҰҰ мүше
мемлекеттерге бірегейлі мүмкіндік береді. Халықаралық қоғамдастықтың күн
тәртібінде тұрған маңызды сұрақтарды шешу мақсатымен қыркүйек айында Нью –
Йорк қаласында әлем басшылары жиналады.
Осы жылдың наурыз айында ұсынылған БҰҰ Бас Хатшысының халықаралық
қатынастардың жүйесін қайта құруды қамтитын барлығы үшін адам құқықтары
және қауіпсіздіктің дамуы үлкен бостандықта баяндамасы халықаралық
бейбітшілік пен қауіпсіздікке, мың жылдықтағы даму мақсатына жету, БҰҰ
құқық үстемдігі және институтциялық реформаларды жүргізуді қамтамасыз етуге
бағытталған БҰҰ өзінің бүтін пакеттер шешімдерін салу БҰҰ Бас Хатшысының
ұсынысымен құрылған қатер, шақыру және өзгерістің жоғары деңгейіндегі
Топтар дайындаған Аса қауіпсіз әлем – біздің жалпы жауапкершілігіміз
баяндамасы қайта құру сұрағында аса маңызды сүйеніш болды.
БҰҰ халықаралық бейбітшілікті және қауіпсіздікті, Қауіпсіздік Кеңесін
қолдаудағы жауапты, негізгі органын реформалау қажеттігін әлемде болып
жатқан құбылыстар динамикасы танытты.
Кеңес ұйымдық қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыратын негізгі элемент және
қазіргі орын алып отырған геосаясатта Қауіпсіздік Кеңесі даулы оқиғаларды
реттеуде халықаралық күш жұмсайтын негізгі үйлестіруші болуы керек деген
түсінік бар...
Қазіргі заман талаптарына жауап беруі үшін ол өкілді, легитимді,
транспарентті және тиімді болуы қажет.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің кеңеюі оның құрамына барлық мемлекеттердің
егеменді теңдігін қадірлеу негізінде жаңа тұрақты және тұрақсыз мүшелер
енгізу жолымен жүзеге асырылуы қажет. Азия, Африка және Латын Америка
елдері жаңартылған Кеңес құрамында кеңінен таныстырылуы қажет.
Ұйым арасында жікке бөлінушілікке жол бермеу үшін, Қауіпсіздік Кеңесінің
мүшелік құрамының кеңеюі БҰҰ мүше мемлекеттердің кең келісімімен қабылдануы
қажет.[15]

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы

Бас Ассамблея – БҰҰ – ның басты органдарының бірі. БҰҰ – на мүше
мемлекеттердің барлығы тең құқылы түрде Бас Ассамблеяны құрайды.
Мүшелерінің әрқайсысы бір дауыс қана иеленіп, делегеттер мәжіліс залына
мемлекеттердің ағылшын тіліндегі ресми атауын орай алфпвиттік ретпен
жайғасады. БҰҰ – ның Жарғысына сәйкес, Ассамблея халықаралық бейбітшілік
пен қауіпсіздікті қолдау ісіндегі ынтымақтастықтың ортақ қағидаларын
талқылауға, сондай – ақ, бүкіл мәселе бойынша мүдделі мемлекеттерге және
Қауіпсіздік Кеңесіне нақты ұсыныстар жасауға өкілетті. Қандай да болмасын,
әрекет жасауды қажет ететін істің кез келгенің талқылаған соң немесе
талқыламай – ақ ол істі Қауіпсіздік Кеңесіне жолдай алады. Сонымен қатар
халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатар төндіретін ахуалды
Қауіпсіздік Кеңесінің қатеріне салуға құқы бар. Осы баптарға сәйкес,
Ассамблея экономикалық әлеуметтік саладағы, мәдениет, білім беру, денсаулық
сақтау аясындағы халықаралық ынтамақтастықты өрістетіп, адам құқылары мен
бостандықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатымен, сондай – ақ,
халықаралық құқықтың прогрессивтә даму бағытында зерттеулер жүргізіп,
нұсқаулар береді. Халықтар арасындағы ортақ игіліктер мен достық қарым –
қатынастарға нұқсан келтіруі ықтимал шараларды жоюды ұсынады.[16]
Бас ассамблеяның БҰҰ – ның ішкі өмірімен байланысты бірқатар айрықша
өкілеттілігі бар: Қауіпсіздік Кеңесінің 10 тұрақты мүшелерін, сондай – ақ
Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің 54 мүшесін және Халықаралық соттың 15
мүшесін сайлайды, ол басқа бірқатар органдарды, комиссиялар мен
комитеттерді құрады. Біріккен Ұлттардың барлық органдары, Қауіпсіздік
Кеңесін қоса Ассамблеяның қарауына жыл сайынғы арнайы баяндамалар ұсынады.
Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы бойынша жаңа мүшелерді
қабылдайды және БҰҰ Бас Хатшысын тағайындайды.
Бас Ассамблея Ұйымының бүкіл бюджетін қарастырып бекітеді және мүше
мемлекеттер арасында әрбір елдің жан басына жаққандағы табысына сәйкес оның
шығындарын ұсынады.
Ассамблеяның тұрақты сессиялары, әдетте үш айға жуық созылады.
Ассамблея ретке келтірілген механизм ретінде жұмыс істейді. Әдетте күніне
екі мәжіліс болады. Әрбір мәжілісте үш – төрт шешен сөз сөйледі.[17]
Бас Ассамблеяның Жарғының 18 – бабында атап көрсетілген маңызды
мәселелер бойынша шешімдері мәжіліске қатысушы әрі дауыс беруші мүшелерінің
үштен екісінің басым көпшілігінің даусымен қабылданады. Өзге мәселелер
жөніндегі, әсіресе, процедуралық шараларға қатысты шешімдер кәдуілгі басым
көпшілік дауыспен қабылдана береді. Шешімдерді қабылдау үшін Бас
Ассамблеяға БҰҰ – ның барлық мүшелерінің кемінде жартысы қатысуы шарт. Бас
Ассамблея жыл сайын (әдетте, қыркүйектің алғашқы сейсенбісінде) кезекті
және арнайы сессияларын өткізеді. Арнайы сессияларды Қауіпсіздік
Комитетінің, БҰҰ – на мүше елдердің көпшілігінің талап етуіне орай немесе
БҰҰ – на мүше бір елдін (егер оны қалған мүшелердің кемінде жартысы
қолдаса) талап етуі бойынша Бас Хатшы шақырады. Әр сессияда төраға
(Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүшелердің төрағасы сессия төрағалығына
сайлана алмайды) және оның 21 орынбасары сайланады. Бұған қоса екі
процедуралық комитет құралады; құрамына сессия төрағасы, оның орынбасарлары
және Ассамблеяның негізгі 7 комитетінің төрағалары енетін Бас комитет
пленарлық мәжілістің күн тәртібін әзірлеумен, қаралатын мәселелер кезегін
белгілеумен, БА – ның барлық комитеттерінің қызметін үйлестірумен, ал
екінші комитет уәкілеттіліктерді тексерумен айналысады. Бас Ассамблеяның
негізгі 7 комитетінің мынадай міндеттері бар:
Бірінші комитет – іс – тәжірибелік мәселелер мен қарусыздану
мәселелерін қоса, қауіпсіздік мәселелері жөнінде.
Арнайы саяси комитет – оған Бірінші комитеттің құзырына кіретін
мәселелердің бір бөлігі тапсырылады.
Екінші комитет – экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөнінде.
Үшінші комитет - әлеуметтік, гуманитарлық мәселелер және мәдениет
мәселелері жөнінде.
Төртінші комитет – қамқорлық және өзін - өзі басқармайтын аумақтар
мәселелері жөнінде. Онда отаршылдықты жою мәселелері қарастырылады.
Отаршылдықтың ыдырауына және соңғы өзін - өзі басқармайтын аумаққа өзін -
өзі басқару мәртебесінің берілуіне орай, төртінші комитет өзінің
өкілеттілігін орындап шықты.
Бесінші комитет - әкімшілік және бюджет мәселелері жөнінде.
Алтыншы комитет – құқықтық мәселелер жөнінде.
Сонымен қатар, Ассамблеяның әрбір сессиясында сессиясының
ұйымдастырушылық мәселелерімен шұғылданатын Бас комитет және Өкілеттілікті
тексеру жөніндегі комитет құрылады.
БҰҰ – ның ресми тілі бастапқыда ағылшын, испан, қытай, орыс, француз,
ал кейінірек араб тілі де болды. БҰҰ – ның құрылу сәтінен бастап жұмыс
тілдері ағылшын, француз және испан тілдері болды. Соңғысы жұмыс тілі
ретінде БҰҰ – ның екі басты органдарында – Бас Ассамблея мен Экономикалық
және Әлеуметтік Кеңесте қолданылады.[18]

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі.

БҰҰ-ның негізгі саяси органдарының бірі. Ұйым Жарғысына (24-бап)
сәйкес, кеңеске халықаралық бейбітшілікпен қауіпсіздікті қолдау
жауапкершілігі жүктелген. Қауіпсіздік Кеңесінің басты ерекшелігі – ол
бейбітшілікке төнген қатердің кез келген түрін анықтап, белгілі бір іс-
әрекетті басқыншылық актісі ретінде бағалай алады; сонымен қатар
бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау немесе қалпына келтіру мақсатында
қажетті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныс жасауға уәкілетті. Сондай – ақ,
кеңес бейбітшілік мүддесі үшін қарулы күш қолдану не қолданбау мәселесін
жағдайға байланысты шешуге, егер қолдана қалған ретте, тыныштық орнату үшін
қаншалықты күш қажеттігін айқындауға қақылы. БҰҰ – на жаңа мүшелер қабылдау
кезінде басқа құжаттармен, іс - әрекеттермен бірге Қауіпсіздік Кеңесінің
ұсынысы болуы шарт.[19]
Осы айрықша маңызды органға БҰҰ Жарғысымен үлкен және нақты
айқындалған өкілеттіліктер берілген. Ол БҰҰ – ның барлық мүшелерінің атынан
қызмет жасайды. Ұйым мүшелері Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне бағынуға
және оларды Жарғыға сәйкес орындауға міндеттеме алды. Сөйтіп, Қауіпсіздік
Кеңесі Ұйымның барлық мүшелеріне міндетті шешімдер қабылдауға өкілдік
берілген БҰҰ – ның бірден бір органы болып табылады.
Қауіпсіздік Кеңесі 5 тұрақты және 10 тұрақты емес он бес Ұйымның
Мүшесінен тұрады. Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері Қытай Халық
Республикасы, Ресей, Франция, Англия және АҚШ болып табылады. Бас Ассамблея
әсіресе, бірінші кезекте Ұйым Мүшелерінің халықаралық бейбітшілік пен
қауіпсіздікті сақтау және Ұйымның басқа мақсаттарына қол жеткізуіне қатысу
деңгейіне, сондай – ақ әділ географиялық бөліп беруге тиісті көңіл бөле
отырып, Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері ретінде Ұйымның басқа
он мүшесіне сайлайды. Тұрақты емес мүшелері БҰҰ БА 2 жылға сайлайды.
Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық дауларды бейбіт реттеу жолдары мен
құралдарын ұсыну құқығына ие.[20]
Әлемге қауіп – қатердің төнуі, халықаралық бейбітшіліктің бұзылуы
немесе агрессия актілері жағдайында Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық
бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалпына келтіру үшін мәжбүрлеу шараларын
қолдануға өкілеттілік алады. Бұл шаралар экономикалық және дипломатиялық
қатынастарда толық немесе жарым – жартылай үзілістен, теңіз, әуе және темір
жол байланыс құралдары, сондай – ақ пошталық – телеграфтық байланыстағы
үзілістен тұрады. Агрессияны тоқтату немесе алдын алу үшін төтенше шара
ретінде Кеңестің шешімі бойынша мүше – мемлекеттердің қарулы күштерін
пайлану көзделінген. Қарулы күштер контингенттерінің саны, олардың іс -
әрекет жоспарлары мен мекендеу мерзімі Қауіпсіздік Кеңесімен айқындалады.
Қауіпсіздік Кеңесінің әрбір мүшесі бір дауысқа ие. Мәселелерді
төтесінен шешу үшін тоғыз дауыстағы көпшілік қажет, бірақ бұл тоғызы
Кеңестің барлық тұрақты мүшелерінің дауыстарын қосуы тиіс. Әдетте, вето
құқығы деп танылған Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты бір ауыздылық
ережесінің мәні осыдан тұрады. Вето құқығы – БҰҰ Жарғысында бекітілген
айрықша маңызды принцип. Сан – Франциско конференциясында БҰҰ Жарғысын
жасау кезінде – ақ, ең ұзақ әрі қызу пікір таластар БҰҰ жүйесінде айрықша
өкілеттілікке ие орган – Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің дәл бір
ауыздылық ережесі жөніндегі мәселе бойыншаөріс алды.
Кеңесте тұрақты жұмыс істейтін Сарапшылар комитеті және Жаңа
мүшелерді қабылдау жөніндегі комитет бар. Сондай – ақ, оның қарауында мүше
мемлекеттердің өкілдерінен құралған Әскери – штабтық комитет бар. Кеңес
өзінің қызметтік міндеттерін атқаруға қажетті көмекші органдар құралады.
БҰҰ қызметінің пәрменділігі Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеяның
күш – жігерін үйлестіре білуге тікелей байланысты. Олардың үйлесімді қызмет
атқаруының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ МЕХАНИЗМІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ӘМБЕБАП ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Бірікен ұлттар ұйымының жүйесі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы
Заманауи халықаралық құқық
Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы
Мемлекеттер халықаралық құқықтың басты субъектілері
Біріккен ұлттар ұйымы жайлы
Пәндер