Бюджеттен тыс қорлар және олардың ерекшеліктері



Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық органдарына аударуды қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры сай болд. Басқа жағдайларда, нарыққа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірынғай одақтық - республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың – Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі арналымының инновациялық қорларының және басқаларының өте-мөте тар мақсатты арналым болды.
Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одақтық – республикалық қоры уақытша қызмет етті – бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың қиындықтарымен, оған жұмылдырылатын қаражаттардың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды қалыптастыруы субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Жалпымемлекеттік көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы
ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
Бірақ нарықтық қатнастарға көшу барысында экономикалық және
әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз
бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды.
Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар
құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорла – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны;
мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатың және заң жүзінде
қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы.
Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық
қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын
қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатнастар болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлардың пайда болу әлеуметтік - экономикалық дамудың
қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын
мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік
бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын
төмендету қажет болды.

1. Бюджеттен тыс қорлар және олардың ерекшеліктері

Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты
емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық органдарына аударуды қажет етті;
бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры сай болд. Басқа жағдайларда,
нарыққа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны
неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға
жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу
қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру
қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірынғай одақтық - республикалық
қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет
етті. Бірқатар қорлардың – Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау
қорының, түрлі арналымының инновациялық қорларының және басқаларының өте-
мөте тар мақсатты арналым болды.
Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты әлеуметтік
қолдаудың бірыңғай одақтық – республикалық қоры уақытша қызмет етті – бұл
экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын
қалыптастырудың қиындықтарымен, оған жұмылдырылатын қаражаттардың белгілі
бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды
қалыптастыруы субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі. Жалпы
бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі
үшін жүзеге асырылад, оны нығайтуға бағытталған және қаржы қатнастарының
бұл нысанының әлеуметтік – экономикалық мәні осында. Бюджеттен тыс арнаулы
қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы
қатнастарын саралауға, олардың бір бөлігін тармаландандырылған сфераларға
бағыттауға, қаржылық қызметтң әр түрлі бағыттарында бұл қатнастардың
өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық – мақсатты арналымы бойынша да,
басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі.
Бюжеттен тыс қорлар мемлекеттің қаржы буындарының бірі болып табылады.
Өзінің мәні жағынан бюджеттен тыс қорлар – бұл, бірқатар қоғамдық
қажеттіліктерді және оперативті дербестік негізінде кешенді жұмсалатындарды
қаржыландыру үшін мемлекет тарататын қаржы ресурсарын қайта бөлу және
пайдалану нысаны.
Арналымы – мына арнаулы мақсатта аударымдар есебінен мақсатты шараларды
қаржыландыру:

Арнаулы мақсатты салықтар;
қарыз және ақшалай – заттай лотереялар өткізу есебінен;
бюджеттен берілетін субсидиялар есебінен;
қосымша аңықталған кірістер мен үнемделген қаржы ресурстары;
ерікті жарналар мен заңи және жеке тұлғалардың қайырымдылықтары.
Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен:
отандық кәсіпорындарды қаржыландыру, қаражаттандыру, несиелендіру жолымен
өндіріс процесіне ықпал жасауға;
арнайы белгіленген көздер мен қоршаған ортаны ластанғаны үшін айыппұлдар
есебінен қаржыландыра отырып, табиғат қорғау шараларын қамтамасыз етуге;
зейнетақылар, жәрдемақылар төлеу, жалпы әлеуметтік инфрақұрлымды қаражат-
тандыру және қаржыландыру жолымен халыққа қызметтер көрсетуге;
қарыз беруге, соның ішінде шетел мемлекеттерін қоса шетелдік әріптестерге
беруге болады.
Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеу ұйымы биліктің мемлекеттік
органдарының - орталық, республикалық және жергілікті органдарының
қарамағында болады.
Бюджеттен тыс қорлардың белгілі бір жеңілдіктерінің болуы мүмкін:
салық төлеуден босату;
кеден баждарын төлеуден босату (коммерциялық қызмет бойынша жеңілдіктер
болмайды).
Бюджеттен тыс қорларды қалыптастырудың көздері шешілетін міндеттердің
сипатымен және ауқым-дылығымен алдын ала аңықталады.
Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу көздерінің салыстырмалы
тұрақты да, сондай –ақ уақытша да сипаты болады. Әкімшілік - аумақтық
бірліктер бойынша ажырай отырып, олар мемлекет аумағында әр түрлі болуы
мүмкін. Бюджеттен тыс қорларға түсетін қаражаттарды жұмсаудың бағыттарына
қорлардың арналымы, нақтылы экономикалық жағдайлар және әзірленген және
іске асырылатын бағдарламалардың мазмұны себепші болады. Қаражаттардың
бір бөлігі құрылтайшылқ қызметке бағытталады, сонымен бірге бағалы
қағаздарға салынады.Біріншіден, ақша қаражаттарын пайдалану оларды жасаудың
уақытымен жиі тура келе бермейтіндігіне, екіншіден, инвестициялардан
алынған кірістер тисті қордың шығындарын қаржыландырудың қосымша көздері
болып табылатындығына байланысты бюджеттен тыс қорлар инвестициялар мен
қаржы рыногының қатысушылары болады.
Мемлекттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды
ажырата білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға,
мысалы, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгілік,
тік, соның ішінде халықаралық қорларға ұқсас болғанымен өзінің мақсатты
арналымы бойынша өте алуан болып келеді. Сондай –ақ бюджеттен тыс қорлар
және мақсатты қаржыландыру қоры болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға
дейін мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келеді: жер қойнауын қорғау
және минералды – шикізат базасының толықтырудың республикалық қоры,
табиғатты қорғаудың республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар
мезгіл- мезгіл, 1992 – 1996 жылдар ішінде мемлекеттік бюджетке енгізіліп,
одан шығарылды. Бұл қаржы жүйесінің қалыптасу процесін, оның құрылымының
оңтайлы нұсқасын іздестіруді қамтып көрсетеді.
Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шаруашылық жүргізуші
субъектілерінің қорлары үшін қабылдауға болатын “арнаулы қорлар” термині
қолданылуы мүмкін, мұның өзі олардың мақсатты арналымын баса көрсетеді.
Өтпелі кезеңдерге бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы
төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың
қаржысын қалыптастырудың қиындықтары; олардың көбісінің залалдағы, өзара
берешектер, төлем қабылетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың
бюджеттері теңгермесіз болды және шұғыл әлеуметтік – экономикалық
мұқтаждарды мақсатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз
етілмеді.

1.1 Бюджеттен тыс қорларды қолданудың ерекшеліктері

Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары қозғалысының еркшеліктерін 1995-
1998 жылдар ішіндегі Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс
инстеттутардың іс-әрекетінің мысалында қарауға болады.
Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары мыналар болады;
Зейнетақы қоры;
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;
Міндетті медициналық сақтандыру қоры;
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры;
Олардың жұмыс істеу “Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамтамасыз
ету туралы’’, “Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы”, “Азаматтарды
медициналық сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасының заңдарымен
реттелініп отырды.
Оларда міндетті әлеуметтік сақтандырудың қаражаттары жұмыс берушілердің
сақтық жарналары және басқа түсімдер есебінен қалыптасады деп белгіленеді.
Жарналардың мөлшері жыл сайын бекітілетін “Республикалық бюджет туралы”
заңда белгіленіп, қорлар арасында бөлініп отырды.Бұл нормалар 1998 жылға
дейін тұрақты болды және шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалар үшін еңбекақы
қорының 30% құрады, ал шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктері үшін
Қазақстан Республикасы азаматтарынң енбекақы қорының бөлігінде құрылды.
Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар ай
сайын әрбір қызметтерге бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлеп
отырды.
Жарналарды төлеу бойынша мүгедектердің ұйымдарына, еңбекке қабылеттігі
шектеулі адамдарға, ардагерлерге, бірқатар ізгілікті, балалар мен басқа
ұйымдарға жеңілдіктер белгіленеді, олардың жарнасының мөлшері еңбекке ақы
төлеу қорының 5% құрады.
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың аударым сомасы мынадай нормативтер
бойынша бөлінеді:
Зейнетақы қорына - 85% (немесе еңбекақы қорының 25,5%):
Міндетті медициналық сақтандыру қорына -10% (еңбекке ақы төлеу қорының
3%);
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына -5% (еңбекке ақы төлеу
қорының 1,5%).
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры шаруашылық жүргізуші
субъектілердің, жұмыс берушілердің еңбекақы қорының 2 % мөлшерінде міндетті
сақтық аударым жарналары есебінен құрылды. Бюджет мекемелері, ауған-
мүгедектер қоғамдары, Қызыл жарты ай мен қызыл крест қоғамы, бірқатар
балалардың қайырымылық ұйымдары үшін жарналардың мөлшері 1% болып
белгіленеді. Мылқаулар, зағиптар мен мүгедектер қоғамының ұйымдары қорға
жарна төлеуден босатылады.
Жоғарыда аталған қорларды қалыптастыруға аударылған қаражаттардың
аударымдарын заңды немесе айналыс шығындарына қосып, өнім, жұмыстар,
қызметтер көрсетудің өзіндік құнына жатқызды.
Әлеуметтік арналымның қорларын қалыптастыруға басқа көздердің
қаражаттары бағыттталып отырады:
мемлекеттік бағалы қағаздарға бос қаражаттарды орналастырудан алынатын
кірістер;
белгіленген мерзімде жарналар төленбеген жағдайдағы есептелген өсімпұл
сомасы;
қажетті жағдайдарда – бюджет қаражаттары мен банк кредиттері (ағымдағы
төлемақыларға шоғырландырылған қаражаттардың жеткіліксіздігі кезінде);
мәселен Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына жаңа зейнетақы заңнамасы
іс- әрекет еткенге дейін зейнеткерлерге зейнетақы төлеу үшін бюджет
қаражаттары беріліп тұрады.

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың жарналары салық заңнамасына сәйкес
жиынтық жылдық табыстан шегерілетін шығыстарға жатқызылды, ал бюджет және
коммерциялық емес ұйымдары үшін оларды ұстауға жұмсалатын шығыстардың
сметасында қарастырылады.
Әлеуметтік қорлардың бюджеттерін республика Үкімет бекітетін.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларының уақытша бос қаражаттарын
мемлекеттік банктердің депозиттеріне инвестициялауға рұқсат етілді.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры;
болған зейнеткерлерге және зейнетақы алушыларға мемлекеттік
зейнетақыларды;
егер зейнетақының мөлшері заңнамамен бекітілген ең төменгі деңгейден аз
болса әлеуметтік жәрдемақыларды қаржыландырды.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры жұмыссыздық жөніндегі
жәрдемақыларды төлеуді, жұмыссыздарды қайта даярлау мен қайта оқытуды,
мұқтаж азаматтарды қолдау үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды
қаржыландырды. Бір кездері қоныс аудару шаралары жөніндегі шығындарды
қаржыландыру осы қор есебінен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік сақтандыру қоры еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі,
жүктілігі және босануы жөніндегі жәрдемақыларды, бала туғанда және
жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақыларды, сауықтыру сипатындағы
қызметтер көрсетуді төлеуді қаржыландырды.
Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен
келісімшарттарға сәйкес сақтандырушыларға медициналық қызмет көрсету
жөнінде медицина ұйымдарының немесе жекеше медициналық практикамен
айналысатын жеке адамдардың шығыстары өтеліп отырды. Бұдан басқа қор онда
медициналық қызметтер көрсету бойынша келісмшарт жасаспаған міндетті
медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасы шеңберінде медициналық
ұйымдарда немесе жекеше практикамен айналысатын жеке адамда медициналық
қызметтер алған жағдайда сақтандырушылардың шығыстарын өтеді.
Қор бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерді Үкмет бекітетін.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын, Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорын, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорын басқаруды Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министірлігі жүргізді. Міндетті әлеуметтік
медициналық қор Үкмет жанындағы құрылым болып табылады. Қордың құрылымы
обылыстық, қалалық бөлімдерді, аудандарда халықты әлеуметтік қорғаудың
аудандық бөлімдерін, еңбек және жұмыспен қамту бөлімдерін кіріктірді.
Қордың қаражаттарының мақсатты пайдалануға бақылауды жергілікті атқарушы
органдар, қордың жоғары органдары.
Қаржы министірлігінің Қаржылық бақылау комитетінің мамандандырылған бақылау
органдары жүзеге асырды.

1.2 Бюджеттен тыс қорлардың мәні

1999 жылдан бастап халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру
мемлекеттік бюджет арқылы әлеуметтік салықты алу және онда шоғырландыру
есебінен жүзеге асырылып келеді. Бұдан басқа қаржының едәуір бөлігі,
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы жүйесінде шоғырландырып, мемлекеттік
емес жинақтаушы зейнетақы қорлары арқылы еңбекақы қорының 10% мөлшеріндегі
барлық сақтандырушылардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен жұмсалады.
Зейнетақымен қамтамасыз етілуі ұшін Мемлекеттік жинақтаушы Зейнетақы қорын
таңдап алған тұлғалар үшін де зейнетақы жарналарының осындай мөлшері
белгіленген. Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке
жұмсалған шығыстар (барлық шығыстардың 90 пайызындай) көбінесе
республикалық бюджеттің есебінен қаржыландырылды.
Халыққа көрсетілетін медециналық көмек кепілді медицмналық көмектің
нормалары шегінде негізінен жергілікті бюджет есебінен (денсаулық сақтауға
жұмсалатын барлық шығыстардың 86%) қаржыланды; нормадан тыстарды арқылы
негізде жүргізіледі.
Жұмыссыздарға материалдық көмек ( табыстың белгіленген ең төменгі шегін
ескере отырып) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының орнына бұл мақсатқа
тиісті қаражаттарды қарастырған кезде жергілікті бюджеттерден
қаржыландырады.
Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары қоғамдық дамудың
кезеңдерінің мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып жасалды. Мұны бұрын
іс-әрект еткен қорлардың практикасы растайды: мысалы, әр түрлі мезгілде әр
түрлі қорлар іс- әрекет етті: Инвестициялық қор, Экономиканы тұрақтандыру
қоры, Экономиканы жаңғырту қоры, Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекені дамыту
қоры.
Экономикалық қорлар қаржыны орталықтандыру және дамудың белгілі бір
бағыттарын немесе негізгі салаларды, сондай-ақ дамудың салааралық
бағдарламаларын қаржыландыру үшін құрылды. Сөйтіп, бүкіл экономиканы
теңгерімді, үйлесімді дамытуды қамтамасыз ету міндетін қойды. Мәселен,
Инвестициялық қордың қаражаттары негізгі капиталды ұдайы жаңғыртудың қол
жеткен ауқымын қолдау, әлеуметтік сфераны одан әрі дамыту үшін
пайдаланылады. Күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру республика Үкіметі
бекіткен жоспарлар мен лимиттер бойынша рентаблді өнім шығаруға, оларды
қайта құру үшін мүмкіндіктер жасауға, өнеркәсіп кәсіпорындарын қайта
пішіндеу үшін жүргізілді. Экономиканы жаңарту қоры меншік түрлеріне
қарамастан шаруашылық қызметпен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар
өнімнің өзіндік құның 5% мөлшерінде міндетті аударымдар есебінен құрылды
және оның қаражаттары салалар мен объектілер бойынша пайдалалынады.
Бюджеттен тыс Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекені дамыту қоры нарықтық
қатнастарды дамыту және баламалы экономикалық құрылымдарды қалыптастыру
дамыту, меншіктің түрлі нысандарының кәсіпорындары мен ұйымдарына қолдау
көрсету, бюджеттік қаржыландыруды кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі шараларды
несилендірудің прогресивті нысандарымен тиімді үйлестіру, бәсекені дамыту
және монополиялық қызметті шектеу мақсатында құрылды. Қор қаражаттарын
қалыптастырудың көздері мыналар болады:
Республика аумағында орналасқан кәсіпорындар, бірлестіктер мен ұымдар
меншік нысанына қарамастан, пайдаға салынған салықты төленгеннен кейін өз
қарамағында қалатын пайданы 1% мөлшерінде қорға аударатын міндетті
аударымдар.
Республикалық бюджеттен оның кіріс бөлігінің жалпы сомасының 1% мөлшерінде
қаржы бөлу;
Концультатциялық, әдістемелік және баспа қызметінен, сондай-ақ бағалы
қағаздардан түсетін табыстар;
Ерікті жарналар мен қайырымдылық көрсетулер.
Жалпыға арналған автомобиль жолдарын, сондай-ақ олардағы ғимараттарды
ұстау, жөндеу және салу, қайта құру арнаулы қордың – Жол қоры есебінен
жүргізіледі. Сөйтіп, Жол қоры қаржы жүйесінде өзгешілігі бар шаруашылық
қызметпен байланысты тар мамандандырылған буыны болады.

Қорды қалыптастырудың көздері мыналар болады:

Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары;
Қазақстан аумағы бойынша кіру, шығу жене транзиттік өту үшін төлем;
Бөлшек саудада сатылатын бензин мен дизель отынын сатқаны үшін төлем;
Ақылы автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін төлемақы.
Жол қорының қаражаттары белгіленген үйлесімде Республикалық жол қоры
мен обылыстық жол қорлары арасында бөлініп отырды. Республикалық қордан
автомобиль жолдары желісінің даму деңгейлерін теңдестіру үшін обылыстық
қорларға демеуқаржы бөлініп отырды. Басқарудың жергілікті органдары
республикалық автомобиль жолдарын дамытуға қосымша қаражат бөлініп отырды.
Жол қорын Көлік және коммуникациялар министірлігі, обылыстық жол
қорларын автомобиль жолдарының қазыналық кәсіпорындары басқарды.
Қаражаттардың мақсатты және ұтымды пайдалануына бақылауды жергілікті
өкілдікті және атқарушы органдар, Қаржы министірлігінің Қаржылық бақылау
комитетінің органдары жүзеге асырып отырды.

2. Мақсатты қаржыландырудың мәні мен мазмұны

Мақсатты қаржыландыру қорлары – мемлекеттік қаржы жүйесінің маңызды буыны.
Олар – мемлекет белгілі мақсатқа пайдаланатын және заң жүзінде бекітілетін
қаржы ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде мақсатты
қаржыландыру қорлары мемлекттік нысаналы қажеттерін қаржыландыруға
жұмсалатын қаржы ресурстарын орталықтандырып ұлттық табысты қайта бөлетін
қатынастар.
1991 жылдан бері бюджеттен тыс қорлардың құрылуын әлеуметтік –
экономикалық даму талап етті: мемлекттік қаржы ресурстарының бір бөлігі
нақты мақсаттарға бағыттап, мемлекттік бюджеттің шығындарын азайтып,
тапшылығын кеміту керек болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің
қызметімен тікелей байланысты емес шығындардың ауыртпалығын шаруашылық
органдарға аудару қажеттігін талап етті, мәселен күрделі жұмсалым
шығындары, кәсіпорындарға берілетін жәрдем қаржы. Экономиканы тұрақтандыру
қоры осы мақсатпен құрылды. Басқа жағдайларда әлеуметтік мұқтаждар
шығындарын бөліп, оларды жабу көздерін неғұрлым тиімді ету керек болды.
Зейнетақы қоры, Әлеуметтік сақтандыру қоры, Халықты жұмыспен қамтамасыз ету
қоры осы міндітті шешуге тиіс болды. Кейбір жеке мақсатқа арналған – Жол
қоры, әр түрлі мақсаттағы Иновациялық қорлар және басқалары.
Кейбір Қорлар уақытша жұмыс істейді. Мысалы, Экономиканы тұрақтандыру
қоры, халықты әлеуметтік қорғаудың Бірыңғай одақтық – республикалық қоры
және басқалары. Экономикалық дағдарыс мұндай қорларың тұрақты жұмыс
істеуіне мүмкіндік бермейді.
Қорлардың құралуы кезінде шаруашылық субъектілеріне қайтарымсыз қаржы
үлесін қосу жөнінде қосымша міндеттеме жүктеледі. Егер мұндай бөлігі
қосымша өнім құны есебінен енгізілсе, онда кәсіпорындардың экономикалық
мүдделеріне тікелей әсер етіп, олардың өндіріс пен тұтынудағы
мүмкіншіліктерін шектейді, өнімнің өзіндік құнына жіберілсе, құнның бұл
бөлігі тұтынушыға артылды да, ауыртпалығын халық көтерді. Сөйтіп, қорларды
құрау және пайдалану барысында қайта бөлу процесі жүреді, яғни олардың
экономикалық мүдделеріне нұсқан келтіреді. Сонымен бір мезгілде, бүкіл
қоғам ауқымында мақсатты қаржыландыру қорларының көмегімен әлеуметтік –
экономикалық тұрақтылық сақталып, бүкіл қоғам немесе аймақ мүддесінде
экономикалық дамуды біркелкі жүргізуі мақсатымен жергілікті және жалпы
мемлекттік ауқымдағы міндеттерді шешу мүмкіндігі пайда болады. Жалпы
мақсатты қаржыландырудың қорлары бүкіл қоғам мүддесіне бағытталған. Қаржы
қатнастарының бұл формасының әлеуметтік – экономикалық мәні осында.
Республикалық бюджетпен қатар мақсатты қаржыландыру қорларының
құрылуы қаржы қатнастарын саралап, олардың бір бөлігін жеке салаларға
жіберіп, қаржы қызметінің сан алуан бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік
ерекшеліктерін жетілдіруге қол жеткізеді.
Дүнйежүзілік тәжірибе мұндай қорлардың жұмысы тиімді екенін көрсетті:
олар мемлекттің қаржы жүйесінде қажетті пәрменді ықпал етудің қосымша
әдісі, халықты әлеуметтік қамсыздандырудың кепілдігі, нысаналы
бағдарламаларды жүзеге асырудың икемді механизімі

2.1 Мақсатты қаржыландырудың салалары

Зейнетақы қоры
Әлеуметтік қамсыздандыру екі ұйымы: Зейнетақы қоры мен Әлеуметтік
сақтандыру қоры арқылы жүзеге асырылады.
Зейнетақы қоры кәмлетке толмаған балалары бар отбасына берілетін бір
жолғы жәрдемақыны, жалғызілікті аналарға берілетін жәрдемақыларды
қаржыландырады.
Әлеуметтік сақтандыру қоры еңбекке жарамсыздық, екіқабат әйелдерге және
тууы жөніндегі берілетін жәрдем ақыны бала туғанда және жерлеуге
берілетін бір жолғы жәрдемақыны қаржыландырады.
Қаржыландыру көздері:

меншік және шаруашылық жүргізу формаларына қарамастан барлық кәсіпорындар,
ұйымдар мен мекемелер аударатын қаржы аударымдары. Тарифы – еңбекақы
қорының 30% мөлшері;
мүгедектер мен зейнеткерлердің қоғамдық ұйымдары, олардың кәсіпорындары,
мекемелері, ұйымдары мен оқу орындары, фермерлер, адвокаттар алқасы, жеке
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдар үшін 5% мөлшерінде
белгіленген.
Әлеуметтік сақтандыруға аударылатын қаржының жалпы сомасы Министрлер
Кабинеті бекіткен нормативтер бойынша зейнетақы қоры мен әлеуметтік
сақтандыру қорының арасында бөлінеді.
Зейнетақы қоры дербес қаржы банкі жүйесі ретінде құрылған және оның
қаражаттары мемлекеттік бюджеттің құрамына кіреді. Зейнетақы қоры
әлеуметтік қамсыздандыру органдарын алмастырмайды.Олардың міндеті зейнетақы
жәрдемақыларды белгілеп, төлеу, зейнетақы қоры неғұрлым ауыр қаржы
жағдайындағы аумақтық қаржы болу үшін резерв қорын құрады. Зейнетақы
қорына мемлекеттің қысқа және ұзақ мерзімді құнды қағаздарына ақша
сатуына, коммерциялық қызметпен айналысуына құқығы берілген. Мұның өзі
қордың қаржысын көбейтуге мүмкіндік береді.
Зейнетақы қорының басшы органы – басқарма, басқарманы төраға
басқарады. Обылыстарда сондай-ақ ірі қалаларда қордың бөлімшелері бар.
Республикалық зейнетақы қоры жанында бөлімшелерінің басшылары әлеуметтік
қамсыздандыру және еңбек министірлігінің және басқа ұйымдардың өкілдері
енген қоғамдық кеңес құрылған.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мелекеттік қоры

Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамтамасыз ету туралы” заңында
нарық экономикасы және меншіктің сан алуан формалары тендігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейдің қаржы жүйесі
Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары
Бюджеттен тыс қорлар туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету жағдайлары
Міндетті медициналық сақтандыру қоры
Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны жайлы
Бюджеттен тыс қорлардың мәні, мазмұны
Бюджеттен тыс қорлар туралы ақпарат
Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны
Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны туралы
Пәндер