Адам аралық қатынастар психологиясы туралы түсінік



1. Адам аралық қатынастар жөнінде жалпы түсінік.

2.Адамдардың бірін.бірі қабылдауы мен түсінуі.

3. Таным мен түсінудегі қателіктер себебі.
Адам аралық қатынас дегеніміз – қарапайым да күрделі проблема. Күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес.
Адам арасындагы катынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жеккөрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен күдіктенудсн тұрады.. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орыны мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруі де мүмк1н; өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйісппеншілік танытса, екіншісін көргісі келмейді.
Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелсрі арасында олардьң сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.
Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттсрі сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.
Тең құқықты қатынастар – қатынас мүшелерінің құқықтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқықтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.
Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.
Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттерімен екінші біреулердің келеңсіз ниеттерімен тоғыскан шақтарда қарама-қарсылықты катынастар бой тіктейді.
Адамдардың бір-біріне деген өшпенділігі болған жерде дау-дамайлы, жанжалды қатынастар өрбиді.
1. Мелибурда Е.Л.- Ты-мы: Психологические возможности улучшения общения.- М.: Прогресс, 1986.- 265с.
2. Ананьев Б.Г. Психология чувственного познания., М., 1960.
3. Гамезо М.В., Домашенко И.А. Атлас по психологии. Учеб. Пособие для студ. пед. Ин-тов.-М.: Просвещение, 1986.-272с.
4. Групповая психотерапия /Под ред. Б.Д.Карвасарского.-М.: Медицина, 1990.-384с.
5. Бодалев А.А. Восприятие человека человеком.-М.: Изд. МГУ.-1982.
6. Илешева Р.Г. Медициналық психология. Алматы.-«Санат».- 1994.-85т.
7. Сәбет Бап –Баба. Жалпы психолгия. Алматы 2007ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық Медицина университеті.

СӨЖ

Тақырыбы: АДАМ АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ПСИХОЛОГИЯСЫ

Қабылдаған:
Орындаған:

АЛМАТЫ 2008ж

Жоспары:

1. Адам аралық қатынастар жөнінде жалпы түсінік.

2.Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі.

3. Таным мен түсінудегі қателіктер себебі.

1. Адам аралық қатынастар жөнінде жалпы түсінік

Адам аралық қатынас дегеніміз – қарапайым да күрделі проблема.
Күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес.
Адам арасындагы катынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік,
дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дау-
дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен
жеккөрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен күдіктенудсн тұрады..
Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орыны
мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруі
де мүмк1н; өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен
сүйісппеншілік танытса, екіншісін көргісі келмейді.
Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелсрі арасында
олардьң сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.
Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттсрі сипатында
қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке
сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық
қатынастар деп аталады.
Тең құқықты қатынастар – қатынас мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқықтары мен міндеттері бірдей
болмаған жағдайларда қалыптасады.
Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өзара терең сыйластық
жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.
Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттерімен екінші біреулердің
келеңсіз ниеттерімен тоғыскан шақтарда қарама-қарсылықты катынастар бой
тіктейді.
Адамдардың бір-біріне деген өшпенділігі болған жерде дау-дамайлы,
жанжалды қатынастар өрбиді.
Адамдар арасындағы, тіпті кейде бір тұлғамы да бойынан көрінетін
адамдық қатынастар түрі міне осындай. Бұл қатынастардың бәрі өмірде
адамдардың бір-біріне өсретін бағалары мен мінедемелерінде, әр адамның
басқаға бағытталған іс-әрекет, қылығында, өзара байланыскан ойы мен
сезімінде көрініс берсді.
Тұрақты да келелі қатынастар жүйесі қалыптаспаған ортада адамның өрелі
өмір сүруі өте қиын, себебі әрбір жеке адамның да, топ пен ұжымның да
қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалық шақта орныққан адам
аралық қатынастарға орай адам азаматтық, қасиеттсрін тіктейді. Ересектердің
төңірегіндегілермен қатынасынан сол ортаның көңіл-күйі айқындалып, алға
қойылған мұрат-мақсаттардың сәтті орындалуы не кедергіге ұшырауы мүмкін.
Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс - бұл
остракизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбір адамдардың көпшілік арасында
сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерілеп қалуы. Мұндай адамдар
көпшіліктің жек көрушілігіне тап болып, назардан тыс қалады, еленбейді.
Осыдан өзі қатарларынан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершілік
қасиеттерінен айырылып, қауымдық өмір тіршілігінен айрылғандар да
кездеседі.
Адам аралық қатынастардың ерекшелігі олардың эмоционалды болуында.
Адам өзі тектеспен араласа отырып, бір-біріне болған айрықша сезімдер мен
ықыластарға кезігеді. Жеке аралық қатынастар, әдетте, субъектив сипатта
болып. әр адамның шын мәніндегі тұлғалық оң не теріс қасиеттеріне сай келе
бермейді. Олар әрқашан адамның көңіл-күйіне байланысты, бір адамның
екіншісіне деген сезім толғанысының ауысуымен өзгеріске келіп тұрады. Көңіл-
күйдің бір сәттік болуынан, жеке қатынастар құбылмалы келеді: бүгінгі тәп-
тәуір сыйлы қатынас күн етпей-ақ кері сипатқа енуі баршаға аян құбылыс.
Қызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты,
олар, әдетте, көңіл-күйіне байланысты өзгере бермейді. Мұндай қатынастардың
әрбір тұлғаның көңіл-күйіне бағына бермейтіндігінен, оларды ресми
қатынастар деп те атайды, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен
адамдардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері мен психологиялық кейпіне
тәуелді болмауы қажст.
Бірақ өмірде жеке және қызметтік қатынастар өзара байланысқан,
сондықтан оларды нақты айырып, таза күйінде қарастыру мүмкін емес.
Біріншіден, әр адам өзінің даралығымен қызметтік қатынастарға ешқашан
ерекше мән мен сән беріп отырады; екіншіден, әрқандай тұлға нақты
қатынастарға өзінің жеке ниет, ой, толғаныс және сезімдермен кіріседі, ал
бұлардың бәрі адамның басқалармен болған қызметтік қатынасына әсерін
тигізбей қоймайды.
Қарама-қарсылықты қатынастар негізінде толық үйлесім болмағанымен,
оған қатысқан адамдар бір-бірінің әрекеті мен ниетін түгелдей шектемейді.
Біде келіссе, біде қарсы тұрьш, алға қойган мақсатқа жетуі жолында
қажетті қатынасын үзбейді. Қатынас түгелдей елемеу мен дау-дамайға
бармайды.
Кейде екі адам бір ортада бола тұрып, бір-біріне деген ыстық, та, суық та
шырай сезінбейді, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай кажеттілікті
таппайды, мұндайда олар арасындадағы қатынас бейтараптық сипат алады.
Қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға байланысты 6ір ортаға түсіп қалған
адамдардың бірі екіншісінен өзін алшақ ұстау қажеттігі де туындап
қалады. Мұндай кезде адамдар бір-біріне тікелей жек көрушілік танытып,
арадағы мәселе бойынша ешбір келісім мүміндігін таба алмайды да, іздемейді
де. Мұның бәрі ортадағы жанжалды қатынастың ушығуынан.
Адамдар арасындағы және бір ерекше қатынастар түрі – бұл екі ұшты,
амбивалентті қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебі бір адамдағы
екіншіге деген өзара тікелей қарсы екі бірдей эмоцияның: жек көрушілік пен
құрметтің қосарлана жүруі. Осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерінің
көңіл төркінінде жатқан ниеттерінің нендей жағдайда екенін айырып алуында
біраз қиналады.
Адамдар аралық қатынастар негізінде адамдардьң бірімен-бірі өзара
әрекетке, тілдесуге болған өмірлік қажеттілігі жатыр. Тұрмыстық не
қоғамдық қажетсінуден бірін-бірі бейтарап қалады. Өмірлік маңызды
қажеттіліктері бола тұрып, оларды қанағаттандыруда кедергілік ететін
қалыптар да болады. Бұл жағдайда да қатынастар үзілмсйді., бірақ мұндағы
қатынастар өшпенділік не жек көрушілікпен ұштасады.
Адамдар қажетсінулерінің арасында өз мәні бойынша ізгі адамгершілік
сипатты байланыстар да болады. Мұндайды психологияда альтруистік қатынас
деп атайды. Альтруист адамдардың барша ойы, іс-әрекеті әрдайым тек
жақсылыққа, қай жағдайда да жәрдем етуге бағышталады.
Адамдар арасындағы үйлесімді қатынастар өмірде сирек кездеседі,
сондықтан мұндай қатынастарды адамдардың мәңгі арман еткен мұраты ретінде
қарастырған адамдардың мәңгі арман еткен мұраты ретінде қарастырған жөн.
Бұл қатынастар типіне тұрмыста кезігетін сүйіспеншілік қатынасты
жатқызуға болады. Егер бір адамның екіншісіне психологиялық, тартымы болса,
бірін бірі адамгершілік сезіммен қабылдаса, екнші адамға қолынан келген
жақсылығын аямаса, міне мұндай қатынасты үйлесімді қатынас деп бағалау
әбден жарасымды.
Адамдар аралық қатынастар сипатына ықпал етуші факторлардың бірі
психологиялық үйлестік (үйлесімсіздік). Көп жағдайда адамдар өз
қажеттіліктсрін қанағаттандыру үшін бірін-бірі керек етеді, бірақ көзқарас,
ниеттеріндегі болмашы айырмашылықтардан өзара қатынастарын қалыпқа түсіре
алмайды.
Мұндай толық психологиялық үйлесім таба алмаған жандар арасында
біршама ұнамды қызметтік қатынас болғанымен, уақыт өтумен бірте-бірте өрім
түскен арақатынастағы жеке психолгиялық үйлеспеушілік олардың ресми
байланыстарының кедергісіне айналады.
Адамдар арасындағы қатынастардың өзгсруіне мүмкін болар себеп - бұл
нақты адамдар қатынастарының туындап, дамитын әлеуметтік-психологиялық орта
сипатының ауысуы. Екі немесе одан да көп адамдар бірін-бірі өте
қажетсінеді, орталарында толық психологиялық үйлестік болған, бірақ
кенеттен өзгерген әлеуметтік-саяси жағдай оларды әртүрлі партиялар мен
ағымдарға енуінен екі жікке бөліп тастайды. Мұндай жағдай жастарда
кездесіп тұрады: өзара келісімді жас жұбайлардың өмірі кенет олармен
психологиялық үйесім таппаған жақын туыандарының ықпалынан құрдымға кетеді.
Мейлі, бұл жас жұбайлар арасындағы қатынас кейін ресми бекігенімен, тату-
тәтті туысқандық қатынастар арасындағыдай шапағатты жалғасын табуы қиын.
Адамдар қатынасының орнығуы немесе өзгеруіне және бір себепші фактор -
бұл адамдардың жас деңгейі. Өмір бойы топтаған тұрмыстық-әлеуметтік
тәжірибе адамға, оның төңірегіндегі жандарға, болып жатқан оқиғаларға
әсерін тигізбей қоймайды. Жас деңгейі әртүрлі адамдардың бір оқиғаға болған
бағасы бірінсн бірі алшақ болуы әбден ықтимал, жастық, айырма неғұрлым
үлкен болса, психологиялық келіспеушілік те соншама болады. Мысалы,
жастардың киімі өнер талғамы үлкендерге ұнай бермейтініне бәріміз де
куәміз. Бұл жағдай әулеттер арасындағы қатынастардың мән-мағынасына өз
әсерін білдірмей қоймайды.
Ал осы төңірегіндегілермен болған өз қатынасының сипатын адам өзі сезе
ала ма, не сезбей ме? Бұл сұраққа жауап бірнеше жағдайларға тіреледі.
Біріншіден, бұл нақты адамның ой-өріс (сана-сезімі) даму деңгейіне
байланысты. Ақыл-есі біршама жетілген адамдар өздерінің төңірегіндегілермен
қатынасын жақсы түсініп, дұрыс қабылдайды. Адам аралық қатынастарды орынды
сезіну және бағалау жоғары дамыған рефлекстік қабілетті керек етеді
(қоршаған ортадан келіп түскен ақпараттық сигналдарды жан-жақты мәндік
байланысымен қабылдап, жауап бере алу).
Екіншіден, бұл адамның жасына тәуелді. Егделер балаларға қараганда
өзара қатынасты дәлірек пайымдайды, ұнамды не біржақты келеңсіз
қатынастарды оңай бағалап, бейтарап қатынасты да орынды сезінеді. Өмірде
екі ұшты немесе амбиваленттік және өз ішіне ұнамды да, жағымсыз да
сипаттарды бірдей қамтыған қарама-қарсылықты қатынастарды бағалау
күрделірек келеді.
Адамдар арасындағы қатынастар сол қатынастардың нақты адам өміріндегі
маңызына қарай да бағаланады. Қарым-қатынас адам үшін неғұрлым маңызды
болса, оның бағалануында соғұрлым дәлсіздіктер жіберілуі мүмкін. Өзінің
төңірегіндегілермсн байланысына аса үлкен мән берген адамдар,
арақатынастарының, ұнамды тараптарын асыра мақтауға бейім келеді.
Керісінше, кімде кіммен ұнамсыз қатынаста болса, адам ондайда қарсыласын
түбін түсіре жамандауға ниеттенеді де тұрады.
Әрқилы адамдардың өзара қатынастарын тануда көптегеи жеке дара
ерекшеліктер бар. Кейбір ой-сезімі толысқан, парасатты адамдар өзара
қатынастарды жан-жақты пайымдаумен, дұрыс қабылдауға қабілетті, екінші
біреулердің жалпы оң пікір айтуға тіпті өрісі жетпейді, ал үшіншілер
төңірегіндегілердің өзіне деген бағасын бірде дұрыс түсінсе, бірде оған
сана-сезімі жетпей қалады.
Адам аралық, қатынастар толық қалыптасып, орныққаннан былай біркелкі
тұрақты қалыпқа келеді. Егер де қатынастарға тән осы қасиет болмағанда,
адамзаттық қауымдар: мемлекет, мекеме және топтар түзілмес еді. Себебі
қауымдық бірлестіктердің негізі жалпы адамдардың өзара қатынасының
тұрақтылығымен біртекті болжамға келуінде. Ал жеке тұлғалар арасындағы
өзара байланыстар тұрақтылық дәрежесінің біршама кемдігімен ерекшеленеді.
Үлкен әлеуметтік топтардағы қызметтік, ресми қатынастар өзінің
күшті мызғымастығымен байқалады, кіші топтағы байланыстар да біршама
осылай. Ірілі-кішілі қауымдастықтардағы қарым-қатынастар көптеген өмірлік
маңызы зор факторларға тәуелді, сондықтан адамдар мұндай жағдайдағы
қатынастарды өзгерте бергенді онша құптамайды. Егер күнара субъектердің
ниетіне орай төңкерістер бола берсе, қоғам аласапыраны таусылмай кетері
баршаға аян.
Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастар өте нәзік те үзілгіш келеді,
себебі нақты тұлғалар арасындағы қатынастар сол қатынас иелерінің құбылмалы
көңіл-күйіне тәуелді. Уақыттың өтуімен, жастың егде тартуымен аралық,
қатынастар тұрақтала түседі, балалық пен жасөспірім шактағы адамдар
арасындағы бұрқасын жол тандау бұл кезде сабасына келе бастайды, адамның
ішкі дүниесі сабыр тауып, кездейсоқ қатынас, байланыстарға құлай түспей, өз
қалауын таңдай алу қабілетіне жетеді. Қатынастардың тұрақталуының және бір
жөні адамдар бірін-бірі жете танып, бірінің қылығына екіншісі көнігіп,
өзара үйлесімге бейімделуі.
Адамдардың алғашқы танысуынан олар арасындағы бұдан былайғы
қатынастардың қай сипатта боларын аңғара салу өте қиын. Көп жағдайда, тым
жақсы басталған таныстық капелімде үзіледі, ал кейде тіпті басқаша да
болады: алғашқысында әйтеуір бірдеңеден ұнатпай жүрген адамына бара-бара
үлкен құрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес. Мұндай жағдайлар
адамдардың бір біріне алғашқы танысуда берген бағалары мен қабылдауына
байланысты психологиялық заңдылықтарға орай туындайды.
Нақты мезеттегі адамдар арасында болатын қатынастардың сипаты көптеген
шарттарға тәуелді, мысалы, адамның денсаулығы мен психологиялық кейпі.
Дені сау, көңілі көтеріңкі болса, төңірегіндегілермен қатынас та әп-
әдемі, үйлесе түседі. Көңіл-күйге жайлы жағдай болса, қатынасың одан әрі
беки түседі, ал қандай да әбігер күйде түзілген қатынас көбіне баянды
болмайды.
Адамдар арасындағы қатынастар олардың жеке мінез-құлығына да
байланысты. Әрдайым ұнамды арақатынастардың орнығуына адамдағы
қайырымдылық, ақ көңілдік, үйіршеңдік, достық пен ұжымшылдық қасиеттер
пайдалы. Ал сенімсіздік, күмәншілдік, өшпенділік, тұйықтық пен өзімшілдік -
қалыпты қатынастар орнығуына кері әсерін тигізеді.
Ой-өрісі кең дамыған, тәжірибесі бар адамдар өз қатынастарын меңгере
алады, бірақ бұл көптің қолынан келе бермейтін іс, себебі көп жағдайда
аралық қатынастардың мәнін соларды түзуші адамдардың өздері де түсіне
бермейді, ал түсінбеген затты саналы басқару мүмкін емес.
Жас ұлғайған сайын қатынастар тек тұрақталып қана қоймастан, адамның
оларды басқару қабілеті де артады. Мұндайда адамға жәрдемге келетін оның
даралық ерекшеліктеріне қосымша өмірлік тәжірибесі. Әрқашан адам аралық,
қатынастарды жеңіл де ұтымды реттейтін - адамдар арасында кәсіби қызмст
бабымен жұмыс жүргізетін, сендіре әңгіме айта білетін, әлеуметтік
жетекшілікке ыңғайлы мамандар болады, мысалы: саясаткер, мекеме және
өндіріс басшылары, мұғалімдер, дәрігерлер мен актерлер. Адам аралық
қатынастарына ықпал жасай білу қабілетін қатынастар психологиясын үздіксіз
үйрену арқылы жетілдіре, дамытып баруға болады.

2. Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі

Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдстте, олардың бірін-
бірі қабылдай алуы, түсінуі жене бағалауына байланысты, яғни тілдесу
нәтижесінде бір адамның екіншісінің образы жөнінде топшылаған ой-
пікірі. Екінші адамның тұлғалық, образын оның сырт пішіні мен психологиясын
және әрекет-қылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал
психологиялық бейне әр адамның қажетсінуінен қылық мотивтерінен, мінез
бітістерінен, әрқандай өмірлік жағдайлардағы көңіл-күй толғаныстары мен
әрекеттерінсн көрінеді. Бұлардың бәрі "Ат кісінесіп, адам сөйлесін
дегендей әңгімелелесу барысында назарға алынып, санада жіктеліп, бекиді дс
адамның жеке, нақты бағасын беруге негіз болады.
Бөгдс адамның бейнесін қалыптастыру арқылы біз оған болған
қатынасымыздың сипатын айқындаймыз, оның даралық ерекшеліктерін тануға
мүмкіндік аламыз. Адамды жөнімен танып, дұрыс бағасын. беріп, оның әрекет-
қылығының мақсаттары мен түрткілерін айқындап, ол тарапынан болып қалар
жауапты әрекеттерді күні бұрын болжастыра, біз бұлардың бәрін өз
қажеттіліктеріміз және мүдделерімізбен салыстырамыз, әңгімелесудің қолайлы
жолдарын болжастырамыз, осы арқылы екі тарапқа да ортақ ниеттерді табумен
тұлғалар арасындағы қызметтік қатынастарға кірісеміз. Сонымен, қызықтырған
адамның мінез бітістерін біліп алып, енді оған бағытталған өз әрекет-
қылығымыздың формасын таңдастырамыз. Қайткенде де, біз таңдаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлға психологиясы
Адам аралық қатынастар жөнiнде түсiнiк
Педагогика және психология 3 курс мамандығына арналған Әлеуметтік психология ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орыны
Тұлғаның психологиялық қасиеттері
Ұжым психологиясы мәселесі
«Психология» пәнінен лекциялар жинағы
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары
Психологияның даму тарихы
Пәндер