Информатика пәнінің негізі ұғымы



Жоспары:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
а) Тарихи деректерден...
ә) Информатика пәнінің негізі ұғымы.
б) Информация: түрі, формасы және қасиеттері.

ІІІ Қорытынды бөлім
Информациялық қоғамның даму болашағы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе

Адамзат өзінің индустриялық даму сатысынан постиндустриялық даму сатысына, дәлірек айтсақ, информациялық сатыға біртіндеп көшіп келеді, өйткені мемлекеттің экономикасын, техникасын, ғылымын осы заманның одан арғы даму кезеңінде информатиканың соңғы жетістіктерін кеңінен пайдаланусыз елестету қиын. ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты информация және оны өңдеу ұғымымен анықталады. Осыған байланысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құндылығы мен табиғи байлықтар емес, білім құндылығы шығады.Әрбір жеке адамның да өмірі уақыт өткен сайын информатикамен тығыз байланысып келеді. Информация, информацияландыру – стратегиялық ұлттық ресурстардың ең маңызды түрлерінің біріне жатады, оның ішінде осы көрсеткіштер бойынша мемлекеттің экономикалық және әскери қуаты анықталады. Информация мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Бұдан былайғы қоғамның жалпы инфрақұрылымын информация жинау, сақтау және тарату құралдары мен тәсілдері анықтайтын болады. Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлінуде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңының (8.05.2003 ж.) шыққанын айту жеткілікті шығар. Қазіргі ғылыми-техникалық даму кезеңінде инженерлік, экономикалық, басқару, ғылыми және басқа түрлі есептерді тиімді түрде шешу, медициналық болжам қою және т.б. зерттеу нәтижелерін жоғары дәлдікпен анықтауды электронды-есептеуіш машиналарсыз ұйымдастыру мүмкін емес. Осы себепті орта және жоғары білімді мамандар өз білімін электронды-есептеуіш машиналарды тиімді пайдалану әдістерімен кеңінен үйлестіре алатын болуы тиіс. Бұл олардың келешек жұмысында электронды-есептеуіш машиналармен жұмыс істеуді күнделікті дағдыға айналдыруы үшін де қажет. Ақпаратты тарату және ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам тіршілігінің барлық саласына революциялық ықпалын тигізіп, адамдардың өмірін, мәдениеті мінез-құлық стереотипін, ойлау бейнесін түбегейлі өзгертетін ақпараттандыру үдерістердің бар екендігі жайында айтуға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялар саласында көзге түсер прогресс ғылыми басылымдарда «ақпараттық қоғам» терминінің пайда болуы. Кейбір ғалымдар «ақпараттық қоғам» терминін өндірістің басты өнімі білім деп түсінеді. Ақпаратандыру түсінігінің анықтамасы туралы А.П.Ершов өз басылымдарында былай дейді: «Ақпараттандыру - қоғамда адамның маңызды әрекет түрлеріне сенімді, уақтылы білімді толықтай қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. А.П.Ершов сондай-ақ «ақпарат қоғамның сәтті дамуына қабілеттілікті қалыптастыратын стратегиялық ресурсы болып кететінін атап көрсетті».
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Жапарова Г. Ә. Информатика негіздері : Оқу құралы.- Алматы: Экономика 2006 ж.- 296 б.
2. О.Камардинов : Информатика. Оқу құралы, Алматы «Ғылым», 2004 ж.- 360 б.
3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ. Алматы, 2000 ж.

Кіріспе

Адамзат өзінің индустриялық даму сатысынан постиндустриялық даму
сатысына, дәлірек айтсақ, информациялық сатыға біртіндеп көшіп келеді,
өйткені мемлекеттің экономикасын, техникасын, ғылымын осы заманның одан
арғы даму кезеңінде информатиканың соңғы жетістіктерін кеңінен пайдаланусыз
елестету қиын. ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі
информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты
информация және оны өңдеу ұғымымен анықталады. Осыған байланысты бірінші
кезекке қарапайым еңбек құндылығы мен табиғи байлықтар емес, білім
құндылығы шығады.Әрбір жеке адамның да өмірі уақыт өткен сайын
информатикамен тығыз байланысып келеді. Информация, информацияландыру –
стратегиялық ұлттық ресурстардың ең маңызды түрлерінің біріне жатады, оның
ішінде осы көрсеткіштер бойынша мемлекеттің экономикалық және әскери қуаты
анықталады. Информация мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық
ресурсқа айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу
мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып
табылады.
Бұдан былайғы қоғамның жалпы инфрақұрылымын информация жинау, сақтау
және тарату құралдары мен тәсілдері анықтайтын болады. Сондықтан біздің
елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлінуде, оның бір айғағы ретінде
Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы заңының (8.05.2003 ж.)
шыққанын айту жеткілікті шығар. Қазіргі ғылыми-техникалық даму кезеңінде
инженерлік, экономикалық, басқару, ғылыми және басқа түрлі есептерді тиімді
түрде шешу, медициналық болжам қою және т.б. зерттеу нәтижелерін жоғары
дәлдікпен анықтауды электронды-есептеуіш машиналарсыз ұйымдастыру мүмкін
емес. Осы себепті орта және жоғары білімді мамандар өз білімін электронды-
есептеуіш машиналарды тиімді пайдалану әдістерімен кеңінен үйлестіре алатын
болуы тиіс. Бұл олардың келешек жұмысында электронды-есептеуіш машиналармен
жұмыс істеуді күнделікті дағдыға айналдыруы үшін де қажет. Ақпаратты тарату
және ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам тіршілігінің барлық саласына
революциялық ықпалын тигізіп, адамдардың өмірін, мәдениеті мінез-құлық
стереотипін, ойлау бейнесін түбегейлі  өзгертетін ақпараттандыру
үдерістердің бар екендігі жайында айтуға мүмкіндік береді. Ақпараттық
технологиялар саласында көзге түсер прогресс  ғылыми басылымдарда
ақпараттық қоғам терминінің пайда болуы. Кейбір ғалымдар ақпараттық
қоғам терминін өндірістің басты өнімі білім деп түсінеді. Ақпаратандыру
түсінігінің анықтамасы туралы  А.П.Ершов  өз басылымдарында былай дейді:
Ақпараттандыру -  қоғамда адамның маңызды әрекет түрлеріне сенімді,
уақтылы білімді толықтай қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар
кешені. А.П.Ершов сондай-ақ ақпарат қоғамның  сәтті дамуына қабілеттілікті
қалыптастыратын стратегиялық ресурсы болып кететінін атап көрсетті.

Тарихи деректерден...

Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын
жүргізіп отыруға әрқашанда мұқтаж болды. Алғашқы кезеңдерде оған, аяқ-кол
саусақтары секілді қарапайым қүралдар жеткілікті болды. Ғылым мен техника
дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету
үшін арнайы құралдар - абак, есепшот, арифмометр, арнаулы математикалык
кестелер шығарыла бастады. Бірақ үстіміздегі ғасырдың 40 жылдарында,
ядролық физиканьщ даму ерекшеліктеріне байланысты, қолмен есептеу істері
көптеген материалдық ресурстарды және адамның тікелей араласуын талап ете
бастады. Мысалы, "Манхеттен жобасын" (АҚШ-тағы атом бомбасын жасау) іске
асыру кезінде есептеу жұмыстарына 600 адам қатысты, олардың бірсыпырасы
тікелей есептеумен айналысып, қалғандары сол жұмыстың дұрыстығын тексеріп
отырды. XX ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің
қажеттілігі (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық техника мен
технологияның қарқынды дамуына себепші болды. Электроника табыстары
нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш машиналар
(ЭЕМ) деп атала бастады. 1946 жылы алғаш пайда болған ЭЕМ-дер электрондық
шамдар негізінде жұмыс істейтін, үлкен залдарда орналасқан, көлемді
электрондық жабдықтар болатын. Бірак 1948 жылдың өзінде-ақ электрондық
шамдар шағын электрондық аспаптармен - транзисторлармен алмастырылып,
компьютерлердің бұрынғы жұмыс өнімділігі сақталынғанмен, көлемі жүз есеге
дейін төмендеді. 70 жылдар соңында интегралдық схемалардан немесе чиптерден
жасалған мини-ЭЕМ-дер шыға бастады (транзисторлар мен олардың арасындағы
қажетті байланыстар бір пластинада орналасқан). Осындай
микропроцессорлардың (біріктірілген интегралдық схемадан - БИС
элементтерінен тұратын) шығуы дербес компьютерлер заманының басталғанының
алғашқы белгісі болды. Алғашқы есептеу жұмыстарын автоматтандыруға арналған
ЭЕМ-дер күннзн күнге артып келе жатқан информация ағынымен жұмыс істеуде
өте ыңғайлы құрал болып шықты. Бастапқы кезеңдерде ЭЕМ-дерде тек арнайы
үйретілген адамдар ғана жұмыс істеді, бірақ онша дайындығы жоқ адамдардың
компьютерді пайдалану мұқтаждығы маман еместерге арналған машина жасау
қажеттілігін тудырды. 70 жылдар басында "тұрмыстық" (үйдегі) компьютерлер
деп аталған микрокомпьютерлер шықты. Олардың мүмкіндіктері шектеулі
болатын, тек ойнау үшін және шағын мәтіндер теру үшін ғана пайдаланылды. 70
жылдар ортасында тұрмыстық компьютерлердің етек алғаны сондай, оларды сусын
шығаратын фирмалар да (Coca Cola) жасай бастады. Дегенмен,
микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981 жылы IBM фирмасы
жасаған, кейіннен "дербес компьютер" деп аталған шағын компьютердің шығуы
болды. Сол уақыттан бастап осы атау шағын компьютерлер тобының жалпы аты
есебінде тұрақталынып қалды.

Информатика пәнінің негізгі ұғымы

Информатика – ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу
және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.
Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану
мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай,
қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары
мен тәсілдері туралы түсініктер береді. Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-
күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық процеске
айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері
де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі
өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып үйрену күннен
күнге күрделіленіп барады. Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның
шикізаты мен беретін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте информатика пәнін оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері
МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЕНГІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары
Инфoрмaтикaның нeгізгі ұғымдaры жәнe oны oқыту әдістeрі
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық-әдістемелік негіздері жайлы
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін кәсіптік оқыту
Бастауыш сыныпта ақпаратты оқыту әдістемесін тәжірибеде қолдану
Операциялық жүйені оқыту әдістемесі
Есептеу техникасы және дербес компьютер
Пәндер