Қазақстандағы ұлттық идеология мәселелері



1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.6

2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.14

І ТАРАУ
Ұлттық идея мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.14


ІІ ТАРАУ
Ұлттық идеологияның қос іргетасы: егемендік пен демократия ... ... ... 15.19


ІІІ ТАРАУ
Ұлттық идеология . ұлттық саясаттың бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... 19.23


3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.25

Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Саясаттану ғылымында саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі – саяси идеология. «Идеология» деген ұғым гректің идея – бейне және логос – білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғалымы және фәлсафашысы А. Дестют де Траси (1754-1836) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Кейін келе бұл сөздің мән-мазмұны өзгерді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.
Идеология әр түрлі – саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясатпен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология – жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі – саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс-әрекетті бағыттайды.
1. Д.Жамбылов. Саясаттану. Алматы «Жеті Жарғы» 2003ж.
2. А.Айталы. Ұлт мұраты: депутат көзқарасы. Астана «Елорда» 2003ж.
3. А.Айталы. Ұлттану. Оқу құралы. Алматы «Арыс» 2003ж.
4. Т. Жандәулетов. Қазақ ұлттық идеологиясы мәселелері. Алматы. «ХКАА» ЖШС 2004ж.
5. Нарматов С.З. Қазақстандағы жалпыұлттық идея: мәні, мақсаты, қалыптастыру технологиясы. Астана. 2002ж.
6. «Түркістан» газеті. 2005ж. 6-қазан 1-2-бет
7. «Қазақ әдебиеті» газеті. 2003ж. 13-қыркүйек 3-бет
8. «Астана ақшамы» газеті 2003ж. 11-желтоқсан 2-бет
9. «Айқап» газеті 2006ж. 10-наурыз 4-бет
10. «Саясат» журналы 2005ж. №9 42-бет
11. «Дүние» журналы 2005ж. №1-2 6-бет
12. «Ақиқат» журналы 1994ж. №4 29-30-бет
13. «Егемен Қазақстан» 1996ж. 19-қараша 4-5-бет
15. «Дала және қала» 2005ж. 20-сәуір 5-бет
16. «Саясат» журналы 2006ж №5 12-бет
17. «Дипломатия жаршысы» 2004ж. №8 19-бет
18. «ҚазҰУ хабаршысы» 2006ж. Философия және саясат сериясы № 7 12-бет
19. «Егемен Қазақстан» газеті 2007ж. 20-наурыз 5-6-бет

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Халықаралық қатынастар факультеті

Теориялық және қолданбалы саясаттану кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстандағы ұлттық идеология мәселелері

орындаған: Биғозиева А.А.

Саяси менеджмент 3-курс

ғылыми жетекші: Утеулиев С. Қ.

Алматы 2007
Жоспар

1. Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ---
-----------------3-6

2. Негізгі бөлім------------------------------ ------------------------------
--------------7-14

І ТАРАУ
Ұлттық идея мәселелері------------------------- -----------------------------
---------7-14

ІІ ТАРАУ
Ұлттық идеологияның қос іргетасы: егемендік пен демократия------------15-19

ІІІ ТАРАУ
Ұлттық идеология – ұлттық саясаттың бастауы---------------------------- ----
19-23

3. Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ---
---------24-25

Сілтемелер тізімі----------------------------- ------------------------------
----------------26

КІРІСПЕ

Саясаттану ғылымында саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі – саяси
идеология. Идеология деген ұғым гректің идея – бейне және логос – білім
деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғалымы және
фәлсафашысы А. Дестют де Траси (1754-1836) кіргізді. Ол идеологияны
идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде
ғылым деп түсіндірді. Кейін келе бұл сөздің мән-мазмұны өзгерді. Қазір
идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар
беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен
көзқарастар жүйесін айтады.
Идеология әр түрлі – саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық,
фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясатпен
тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір
адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға
немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы
жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін
білдіреді және қорғайды. Саяси идеология – жалпы идеологияның да өзегі.
Оның ерекшелігі – саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе
өзгертуге іс-әрекетті бағыттайды.
Саяси идеология Ағартушылық дәуірде дүниеге келді. Бұл кезде адамдар
өздері қойған мақсатына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі
туып, прогресс идеясы алға тартылады. Адамдардың мақсатты түрде іс-әрекет
жасау мүмкіндігін негіздеуі идеялар туралы ғылымды талап етеді. Ол үміт
етіп, болашақтан күткен қоғам туралы идеалистік түсініктерде білінеді.
Қоғам өмірінде идеология маңызды роль атқарады. Ол ең алдымен оның
төмендегідей қызметтерінен білінеді:
1.Идеологияның танымдық ролі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп,
түсіндіреді.
2.Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, тұлға және
билік және т.с.с. негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс-
әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді.
3.Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып,
мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей
түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды, оларды іске асыруға
жұмылдыдары, рухтандырады, шабыттандырады.
4.Амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып,
идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мұраттар
сәтсіздіктен кейін күш жинап, қайта серпілуге шақырады.
5.Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және
болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп
отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.
Саясаттың қандай субъектісіне болсын идеология қажет. Ол – адамдарды
рухани біріктіріп, топтастырудың және басшылықтың құралы. Саяси қатынастар
саласында олардың іс-әрекеміне бағдар береді, еркін қалыптастырады, саяси
қызметке ұмтылдырады, белсенділігін арттырады. Саяси қызметке
қатысушылардың іс-әрекетіне мақсаттылық, жүйелілік, дәйектілік енгізеді.
Саяси идеология теориялық тұрғыда топтың, таптың негізгі мүдделерін
танытады, оларға мұраттар, ережелер, рухани байлықтар, бағалы бағыттар
жүйесін береді. Сол арқылы күрестің нақтылы мақсаттарын, оларды жүзеге
асырудың құралдары мен жолдарын белгілейді. Саяси идеология арқылы тап
зіндік санаға, жеке тұтастық сезімге ие болады. Көзқарастары бірыңғай
қоғамдастықтың мүшесі болып сезіну - әрбір саяси қозғалыстың мүшесін
байланыстырып тұратын түйіні. Сонымен қатар идеология – сезім тудыратын
нышандар жиынтығы. Олар адамдар мен топтардың іс-әрекеттеріне мән-мағына
беріп күшейтеді, асқақтатады. Мысалы, Отан үшін, ұлты үшін, халқы үшін
адамдар ғажап ерлік жасап, өзін-өзі құрбан етуге дейін барады.
Жүйеленген түрінде саяси идеология партия бағдарламалаында,
деклорацияларында, манифестерінде, жарғыларында, сондай-ақ түрлі насихаттық
құжаттарында қалыптасады. Сондықтан А.Грамши идеология халықтың ұжымдық
еркін оятып, ұйымдастыру үшін қызмет етеді деген.
Идеологияны, жоғарыда айтылғандай, саналы түрде қоғамның білімді
өкілдері, идеологтер-саясатшылар, фәлсафашылар, әлеуметтанушылар,
заңгерлер, экономистер, ақын-жазушылар, т.т. жасап шығарады. Ол ақпарат
құралдары арқылы таратылады, халықтың санасына сіңдіріледі.
Саяси идеологиялар мазмұны, мақсаты жағынан прогрестік, либералдық,
революциялық, консервативтік, шовинистік, ұлтшылдық және т.с.с. болып
бөлінеді.
Кейбір ғалымдар идеологияның ұғымдары мен принциптерін нақтылы
ғылымдардағы сияқты тәжірибе жүзінде тексеріп, білуге келмейді деп оған
күмәнданушылықпен қарайды. Әрине, еркіндік, теңдік, достық,
егемендік, демократия, адам құқығы, азаматтық қоғам, құқықтық
мемлекет сияқты категорияларды мінеки деп тап басып көрсетуге келмейді.
Дегенмен, идеология қоғадық-саяси шындықты бейнелейтініне дау келтіруге
болмайды. Сондықтан К.Маркс идеялар халық санасына сіңгенде материалдық
күшке айналады деп тегін айтпаған. Ол жоқ жерден бостан-бос пайда болмайды.
Жаңа идеялар пісіп-жетілген тарихи міндеттерді көрсетеді.
Қазіргі заманда саяси идеологияның көптеген тұрлері бар. Олардың
негізгілеріне либералдық, консервативтік, коммунистік, социал-демократиялық
және фашистік идеологиялар жатады. Енді соларға қысқаша тоқтала кетейік.
Саяси идеологияның тұңғыш түрлерінің біріне – либерализм (латынның
либералис – еркін деген сөзінен) жатады. Оның негізін салушылар: Дж. Локк
(1632-1704), Ш.Л.Монтескье (1689-1755), А.Смитт (1723-1790), И.Кант (1724-
1804), Т.Джефферсон (1743-1826), А. Токвиль (1805-1859), Дж. Милль (1806-
1873). Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар
қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазия ол кезде экономикалық
жағынан белсенділік, іскерлік білдірді, бірақ саяси жағынан еріксіз еді.
Бүгінігі таңда либерализм – ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол
үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның
көптеген принциптері жалпы адамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан
шықты. Либерализмнің мұраттары (идеалы) қазірігі саяси демократия
принциптерінің қалыптасуы мен жетіліуіне, дамуына зор ықпал етіп, оның
қазына байлығына енді. Оның идеялық негізінде көптеген басқа теоиялар пайда
болды.
Либералдық идеологияның негізгі принципі – адамның еркіндігі, тұлғаның
табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы,
олардың қоғам мен мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы. Экономикалық салада
классикалық либерализм мына қағидаларға негізделеді: адамның жеке меншікке
құқығы, нарықтың, бәсекелестіктің, кәсіпкерліктің еркіндігі, экономиклық іс-
әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігі Осыған сәйкес мемлекет бір ғана қызметті
– меншікті қорғау, түнгі сақшылық қызметін атқарады.
Саяси либерализм адамнң еркіндігін шексіз құндылық деп біледі. Ол тек
әділдікті білдіреді және ажырамас адам құқығына қол сұғудан, озбырлықтан
қорғайтын заңмен ғана шектеледі. Демократияның либералдық түсінігі –
адамдардың теңдігі, олардың өмір сүруге, еркіндікке, меншікке құқықтарынң
теңдігі.
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы (1929-1933) терең дағдарыс
либерализмінің әлеуметтік теңсіздіктің өсуін тоқтатуға мүмкіндігі аз
екендігіне көз жеткізді. Шексіз бәсекелестік пен нарық адамдар арасындағы
үйлесімділікке, экономиканың гүлденуіне әкелмеді. Сондықтан либерализм һз
идеяларын қайта қарауға тура келді және ол жаңарған либерализм
(неолиберализм) деген ат алды. Ондай еркін нарықтық тетіктерді қалпына
келтіру үшін мемлекет белгілі мөлшерде экономикалық және әлеуметтік салаға
(салық, бюджет, жоспарлау арқылы) араласу керектігін негізделді. Мемлекет
түнгі сақшы деген идеяның орнына жалпыға бірдей игілік мемлекеті деген
идея келді.
Консервативтік (латынның консервативус – қорғаушы деген сөзінен)
идеология Ұлы Француз революциясының (1789) саяси идеялары мен оқиғаларына
жауап ретінде дүниеге келді. Бұл революцияны олар қоғамдық былықтың,
бүліншілік пен күйзелістің себебі деп санады. Бірақ ол бастауын ХҮІІ
ғасырда пайда болған дәстүрлік діни-монархистік қорғаушы ағымынан алады. Ол
ағым дәстүрлі-монархиялық биліктегі саяси өмір құрылысын, феодалдық
тәртіптер мен оның рухани құндылықтарын сақтағысы келді. Консерватизмнің
негізін қалаушыларға ағылшын пәлсафашысы және мемлекет қайраткері Эдмунд
Берк, француз публицисті және қоғам қайраткері Джозеф де Местер, немістің
тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих фон Савиьни, Австрияның канцлері Меттерних
және т.б жатады.
ХІХ аяғы ХХ ғасырдың басында консерватизмнің негізгі қағидаларына
өзгерістер енгізді. Ол еркін нарықтық қатынастар, алуан түрлілік және саяси
демократия принциптерін қабылдады. Осы ғасырдың 70 жылдарынан Батыстағы
консервативтік ой-пікірдің жетекші бағыты жаңарған консерватизмге
(неоконсерватизмге) айналды. Ол жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының
басымдығын мойындауға бет бұрды.
Коммунистік (латынның коммунис – жалпы деген сөзінен) идеялар ХІХ
ғасырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар К.Маркс (1818-1883)
пен Ф.Энгельс (1820-1895). Олар жан-жақты дамыған, еркін адамды
қалыптастырғылары келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы
буржуазияны құртуы керек. Олардың ойынша социализмді орнататын бірден-бір
құрал – социалистік революция. Оны жасай алатын бірден-бір күш – жұмысшы
табы.
ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында марксистік саяси идеология
революциялық және реформистік болып екіге бөлінді. Революциялық ағымды
В.И.Ленин (1870-1924) басқарды. Реформистік идеялар немістің социал-
демократы Э.Бернштейн (1850-1932) мен немістің тарихшысы, экономисі
К.Каутскийдің еңбектерінде дамытылды. Кейін ол өзінше бөлек идеялық-саяси
бағытқа – социал-демократияға айналды.
ХХ ғасырдың аяғында марксизм күйзеліске ұшырады., коммунистік
идеологияның ықпалы күрт төмендеп кетті. Бүгінгі таңда ол Қытай, Корея
Халық Демократиялық Республикасы, Кубада сақталды.
Фашизм (Италияның фашизмо – бірлестік деген сөзінен шыққан) 1919 жылы
Италия мен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф.Ницше,
Дж.Джентилле, О.Шпенглер. Бұл кезде капиталистік елдер терең дағдарысқа
ұшыраған. Мұндай жаңдайда классикалық либералдық құндылықьар адамзат іс-
әреетіне дем беріп, ынталандыра алмады және қоғамды біріктіруге шамасы
келмеді. Халықтың жалпы жоқшылыққа ұшырауы, кедейленуі, бұрынғы әлеуметтік
құрылымның ыдырауы, көптеген табынан айрылған, азғынданған қаңғыбастар
таптарының пайда болуы либералдық еркін тұлға идеяларын құнсыздандырды.
Олардың басын біріктіріп, рухтандыратын ұлттық бірігу және қайта өркендеу
идеялары болды. Ол 1914-1918 жылдары бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліске
ұшыраған Германия үшін өте қажет еді. Сондықтан фашистік идеология олардың
ойларынан шықты.
Бұл идеологияның басты ерекшеліктері – еңбекшілерді басып-жаншу үшін
зорлықтың шектен шыққан түрлерін қолдану, шофинизм, нәсілшілдік,
экономиканы мемлекеттік-монополиялық реттеу тәсілдерін кеңінен пайдалану,
азаматтардың қоғамдық және жеке өмірін толық бақылау, т.т. Соғысқа
дайындалу, көсемшілдік идеялары кең тарайды. Фашистік идеологияның негізгі
қағидалары А.Гитлердің Менің күресім (1925) деген кітабында баяндалады.
Онда соғыс тазартушылық процесі ретінде сипатталды, неміс ұлтының тазалығы,
оның басқа халықтан артықшылығы дәріптеледі.
Сонымен біз қазіргі идеологияның негізгі түрлерін қарастырдық. енді
олардың біздің елдегі жағдайға ықпалына тоқталайық. Біздің республиканың
өмір сүруіне елеулі ықпал етуші – жаңарған либерализм.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І ТАРАУ

Ұлттық идея мәселелері

Қазақстанда саяси-әлеуметтік өмірдегі көптеген жетістіктерге
қарамастан, қоғам үшін ұзақ мерзімді идеал бола алатындай идеология
қалыптаспай отыр. Ал, мемлекет тағдыры, ұлт тағдыры объективті ақиқаттың
бетіне тура қарап, стратегиялық тегеурініді идеалды нысана етудің
қажеттілігін күн өткен сайын сезіне түсуде.
Көпшілік әлеуметтің санасын қай кезде де нышандық символдық белгілер
мен атау-терминдер тізгіндеп, ауыздықтап отырған. Күні кешелер ғана бастан
кешкен Кеңстік социолизм кезінде бостандық, теңдік, туысқандық, коммунистік
партия, социолизм, коммунизм деп келетін нышанды атау-терминдер саяси-
әлеуметтік жүйесі үшін өз мақсаттарын жүзеге асырудың бірден-бір қолайлы
тетігі болса, былайғы қара халықты айтқанына көндіретін ауыздық, айдауына
жүргізетін тізгін сияқты болды. Мұндай үрдістің (тенденция) екпіні мен
сабақтастығын бүгінігі азат, тәуелсіз Қазақстанның саяси-әлеуметтік
болмысынан да айқын байқауға болады. Қазақстанның өз ішіндегі ахуалынан
туындағаны бар, сыртқы әсер ықпалдан жұғысты болғаны бар, бүгініг таңда
демократия, адам құқығы, ашық қоғам, азаматтық қоғам, жаһандану, нарықтық
қатынас, көпұлтты мемлекет деп келетін нышандық мәнге ие болған атау-
терминдердің халық санасына орныға бастағаны рас. Ашығына айтқанад мұның
бәрі әзірше қоғам өміріндегі ақиқат болмысқа тәнік (аналог) дейтіндей атау-
терминдер бола алмай отыр. Алдымен осынау атау-терминдердің мән-мағынасы
мен ақтылы өмір аясындағы көрінісінің арасында күдік-күмән тудыратын
алшақтықтар, тіптен секем алдыратын даулы тұстары назар аударады. Мәселен,
Жер бетіндегі шаруашылық-мәдени типі әр алуан ұлт (мемлекет) атаулыға
бірдей жарамды демократия болады деп айтуға, тіптен ойлауға болар ма еді?
Немесе адам құқығы деген жағымды сөзді желеу етудің тасасында ұлттың
кейінге ығыстырылып тұрған жоқ па? Сондай-ақ, ашық қоғам дегенде, ашық-
шашық болу экономикалық әлеуеті қауқарсыз елдер үшін жұтылып-жойылудың төте
жолы болмас па екен? Дәл сол сияқты жаһандануды объективті үрдіс ретінде
мойындау арқылы, оны талғам-талап сүзгісінен өткізудің орнына өзге атаулы
бірыңғай зор тұтынылуда емес пе? Сонымен бірге нарықтық қатынастың да
әмбебап сипатының болмайтыны ескеріліп, жалқылық іскерлікке бірыңғай дем
берілуден, жалпылық мүдденің қажау көруінен тартынса жөн болмас па? Ең
соңында, Қазақстанның көпұлтты мемлекет емес, бірұлтты және көп диаспоралы
мемлекет екенін мойындау үшін, сөйтіп, объективті де дәл қадамдар жасау
үшін қандай айғақ, нендей уәж керек?..
Қазір Қазақстанда саяси-әлеуметтік өмірдегі көптеген жетістіктерге
қарамастан, қоғам үшін ұзақ мерзімді идеал болатындай идеология қалыптаспай
отыр. Қазақстан халқы әзірше ситуациялық іскерлік пен ситуациялық
сәттілікті көбірек малданып отырған жайы бар. Ал ұлт тағдыры, мемлекет
тағдыры объективті ақиқаттың бетіне тура қарап, стратегиялық тегеурінді
идеалыды нысана етуді қажет етеді.
Мұндай ахуалда керек нышан-адамдары, партияларды, топтарды, діни-
конфессияларды біріктіре алатын және еліктіре жұмылдыратын идея болуға
тиіс. Бұл ретте, объективті ақиқат пен тарихи әділеттілікке дес бергенде,
Қазақстан үшін іргетас болатын жалғыз ғана идея бар. Ол – Қазақ идесы.
Қазақ идеясы ғана Қазақстанды дербес мемлекет ретінде даралап, жалпы
қазақстандықтардың бүгініг және тарихи перспективадағы мақсат мүдделеріне
іргетас бола алады. Бұл тұрғыда, Қазақ идеясын қазақстандық идея немесе
ұлттық идея деп те атауға болады.
Рас, Қазақстан – ондаған ұлттық диаспоралардың тарих толғағы
маңдайларына жазған Отаны. Ал, қазақ халқы – сол ұлттық диаспоралардың
жарастықты өмірлеріне ұйытқы болатын, ұйытқы болуға тиіс бірден-бір тірек
ұлт. Қазақстанда қазақтан басқа бірде бір ұлттық диаспора ұлттық идеяға
ұйытқы да, тірек те бола алмайды. Мұны Қазақстан Үкіметі мен Праламенті
ғана емес, бүкіл қазақстандықтар өмірлік ақиқат ретінде сезінулері керек,
мойындаулары қажет және сезініп – мойындамай отырып өміршең әрекетке көшкен
абзал.
Ұлттық идея дген сәнеге киіп шығатын көйлек емес немесе бүгін
алаулатып – жалаулатып, ертең ұміт болатын жалаң ұран да емес. Ұлттық идея
деген – ұлттың, мемлекеттің тек бүгін ғана емес, ұзақ мерзім аясында
бақытты да кемел өмір сүруін қапысыз қамтамассыз ететін тетік және халықтың
ынта – жігерін оятатын белсенді өмір салт. Одан да нақтылып айтқанда,
ұлттық идея деген – ішкі – сыртқы факторлармен мұқият санаса алатын, жалпы
адамзат дамудың объективті үрдістерін қапысыз қаперде ұстап отыратын,
сөйтіп, төл тума сипатта дамуды мақсатты түрде нысана ететін мемоекеттік
мұрат және қоғамдық белсенділік. Бұл жерде ойдың орамын Қазақстанның
қазіргі жағдайымен шеңдестіргенде, біртұтас мемлекет аясындағы жүзден астам
ұлттық диаспораның әрқайсысын ұлттық идеяның субъектісі бола алады деп
емексітіудің ше қисыны жоқ. Бұл – ақыры қайырсыз, түпкі нәтижесі баянсыз
тірлік болар еді. Мемлекеттік саясаттың кез – келген ситуациясында іш
бермеуге, ақырына дейін шындықты ашпауға болады, тіптен, солай ету қажет те
шығар. Алайда, кез – келген мемлекеттің бүгіні мен болашағына ұйытқы
болатын ұлттық идея мәселесі ақырына дейін шыншыл болуды қажет етеді. Және
ондай шынық тарихи объективті ақиқат пен қажеттілікке табан тіресе ғана
өміршең.
Кез – келген мемлекетте саяси - әлеуметтік және мәдени – рухани бір
тұтас арман – аңсар (идеал) болса ғана ілгері дами алады және ондай дамудың
ақыры қайырлы болмақ. Қазақстандықтардың Қазақстаннан басқа екінші бір
Отаны жоқ. Ал Қазақстандағы басқа ұлттық диаспоралардың бәрінің де тарихи
отандары бөлек. Яғни қазақстандықтардың бастарын біріктіріп, жарастықты
өмір жолындағы мақсат – мұраттарын бір арнаға тоғыстыра алатын бірден-бір
ұлттық-мемлекеттік идея – қазақ идеясы екені өмірдің өзі ұсынып отырған
ақиқат. Бұл өзімшіл ұлтшылдықтан ада объективті таңдау екенін әрбір
қазақстандық ықылас – ілтипатпен мойындауға тиіс қажеттілік. Қазақстандағы
қазіргі демократиялық үрдістер, шын мәнде, ұлттық-мемлекеттік идеяға ұйытқы
бола алатын қазақ ұлтының әлеуметтік-мәдени мүддесі мен арман-аңсарын елеп-
ескруге келгенде орашолақтық танытуда. Рас, тәуелсіз, дербес Қазақстан
Республикасының мемлекеттік құрылымына, саяси жүйесіне, заңдық
ұстанымдарына, әлеуметтік – экономикалық және мәдени – рухани ахуалына
қатысты қыруар істер атқарылды, батыл шешімдер қолға алынды, бұл жолда оң
нәтиже беріп отырған іскерлік пен біліктілік те баршылық. Оның бәрі
қазақстандықтардың игілігі. Алайда, ел тәуелсіздігін баянды ету жолындағы,
істердің бәрі бірдей мүлтіксіз атқарылуда десе, әсіре сөз болар еді. Бұл
ретте, Қазақстанда ұлттық идея көпшілік әлеуметті құлшындырарлық өреде
айқындалмай отырғанын енмесе мемлекет тарапынан тегеурінді де мақсатты
қолдау таппай келе жатқанын бөле – жарып сөз ету керек. Қзіргі
демократияның арқасында қол жетті деп жүрген тұрақтылықпен тныштылық әзірше
тек қана қазақ ұлтының тарихи мүддесі мен ұлттық ділін құрту арқылы, сөйтіп
былайғы ұлттық диаспоралардың көңілін аулау арқылы мүмкін болуда. Әрине,
мұндай ситуациялық тактаика мелекет ішінде ұзақ мерзімді тұрақтылыққа кепіл
бола алмаитыны ақиқат және мұндай ақуалды әрбір қазақстандық осы бастан –ақ
терең сезінуге тиіс.
Жалпы, ұлттық – мемлекеттік идея әсте жалынып жағынумен жүзеге асатын
үрдіс емес. Өйткені қоғамдағы адамдардың жарастықты да берекелі өмір сүру
нысана ететін ұлттық - мемлекеттік идея өмір мұқтажынан туындайтындықтан,
белгілі бір кедергілерге қарамастан, оның жүзеге асуы шарт. Демек, ұлттық
идея тарихи қажеттілік ретінде қазақстандықтардың ынта – ықыласын оятып,
өміршең идея ретінде көпшілік әлеуметті еліктіре жұмылдыруы қажет.
Қазақ идеясы, яғни сол мәндегі қазақстандық немесе ұлттық идея өзара
шендескен екі бастаудан нәр алуға тиіс. Біріншісі – қазақ халқының тарихи
тағдыры қалыптастырған мейірім, шапағат, парасат, жарасым, бақыт туралы
арман-аңсарын (идеалды). Яғни кең мағынасында, ондай идеалдың мәдениет пен
өнер, тіл мен діл, салт пен дәстүр түріндегі өмірлік көріністері. Екіншісі
– бүгінгі тарихи кезең аясындағы нақты бастан кешіп отырған ахуал.
Кез-келген идеяның өміршең болуы нақтылы әрекетті қажет етеді. Ал
ұлттық идеяға қатысты нақтылы әрекет барысында ішкі және сыртқы ахуалмен
мұқият санасып отыру уақыт талабы. Адамзат дамуының ХХІ ғасыр басындағы
ахуалы ұлттық құндылықтарды қайта парықтауды және жаңаша әрекетке көшуді
қажет етіп отыр. Бұл жерде әсте ұлттық құндылықтарды қайта бағалау және
қайта сұрыптау қажет деген ұғым қайта тумауға тиіс. Мәселе, ұлттық
құндылықтарды бұрынғыдан да тереңірек парықтай отырып, оны заңнамалық
талғам өресінде өміршең етудің тың тетіктерін іске қосу дегенге саяды.
Қазір жер-жаһандық сипат алған үрдістерді, нәтижесінің жағымды немесе
жағымсыздығына қарамастан, жаһандану деп атау орныға бастады. Және
жаһандану үрдісі адамзаттық дамудың табиғи нәтижесі ретінде қабылдануда.
Қалай болғанда да, жаһандану үрдісінде ұлттың реңктің тым алашабыр екені
немесе жоқ екені өз алдына, ұлттық атаулыны ығыстырап, көмескілеп бара
жатқаны рас. Бұл ретте жаһандану үрдісі өзінен-өзі бір қарағанда, ұлттық-
мемелекеттік идеяның антиподы ретінде көрініс табатын сияқты. Алайда
жаһандану үрдісін әрбір ұлт, әрбір мемлекет өзінің төл болмысына бейімдеп
жерсіндіре алғанда ғана (оны жүзеге асыруға әбден болады) әрбір этникалық
орта осынау құпиялау әрі қауіптілеу болып көрінетін құбылыстың тек қана
игілігін көруге тиіс. Ал егер жаһандануды ұлттық-мемлекеттік болмысқа сай
жерсіндіре алмай, оның ықпал-әсеріне табына мойын ұсынып, үлгі өнегесіне
жалаң еліктеуге ұрынатын болса, ондай ұлтты та, мемлекет те өз көрін өзі
қазғандай күй кешіп көп ұзамай геосаяси тобырға ұласып, одан тарихтың өткен
шақпен айтылар естелігіне айналады.
Жаһандану үрдісін ұлттық-мемелекеттік мүддеге сай жерсіндіру
(адаптациялау) шаралары негізінен мемлекеттік деңгейде терең сезінген
(осознанный) тегеурінді әрекеттер арқылы жүзеге асады. Ондай тегеурінді
әрекеттер саясат, экономика, білім жүйесі, рухани мәдениет, салт-дәстүр,
әсіресе, тіл саясаты, дін, мораль, этика сияқты өмірдің ең бір өзекті
салаларында мейілінше біліктілікпенжәне ілкімділікпен қолға алынкғк тиіс.
Бұл – қапы қалсаң қаһарына ұшырататын уақыттың талабы. Біздің қазақтардың
бұл тарптағы тірлігі бейнелеп айтқанда мынандай: жаһанданудың ақ жал
толқынында қалт-құлт етіп бір бесік ағып барады, бесік ішінде қазақ деп
аталатын бір жас ұлан қаннен-қаперсіз ұйықтап жатыр, жаһанданудың ақ жал
толқыны бесікті аудара салуы да, тасқа соғуы да, сарқырамадан құлатуы да
мүмкін. Осындай ахуалда біз бір ғана жағымсыз тірліктен бас тартуға
тиіспіз. Ол – беймәлімсіздікте ғұмыр кешуден бас тарту. Бұл ретте ішкі және
сыртқы құбылыстармен мұқият санаса отырып, мақсатты әрекетшілдікте болу –
қазақ халқының уақыт талабына сай өмір салтына айналуға тиіс. Ал мақсатты
әрекетшілдік дегеніміз – ұлттық идеяның ұлтқа қызмет етуінің іс-жүзіндегі
көрінісі.
Өкініштісі мақсатты әрекетшілдік дегенде ұлттық идеяны темірқазық
еткен, оның жүзеге асуын кезең-кезеңімен нақтылаған сала-саласымен
саралаған тегеурінді іс-шараларға Қазақстан Үкіметі мен Парламентінің
айтарлықтай мұрындық бола алмай отырғанын да, ондай іс-шаралармен көпшілік
әлеуметті еліктіре алмай отырғанын да мойындауға тура келеді. Басқасын
былай қойғанда, ұлтты ұлт ететін, тәуелсіздікті баянды ететін төлтума
мәдениеттің іргетасы болып табылатын мемлекеттік тіл – қазақ тілінің
қазіргі тағдырына бір сәт ден қойып қарайықшы! Қазақ тілін мемлекеттік
деңгейде тұтынылатын тіл ету жолында небір жан айқайындай сөз де айтылып
бақты, небір алқалы жиындар да өткізіліп бақты, мемлекеттік деңгейде қаулы
қарарлар да қабылданып бақты. Бірақ қазақ халқының ұлы тілінің күн өткен
сайын ығыстырылып, көз алдымызда солғын тартып бара жатқанын шырылдап тұрып
айтатын, құрбаншылдықпен қорғайтын күн туып отыр. Өйткені өмір ағымының
қарқынына қарай бәріне де көнуге болар, бәріне де шыдауға болар, ал кең
мағынасында ұлттың жаны болып табылатын тілге қағажу көрсету – ақтауға да,
ақталуға да болмайтын тарихи қылмыспен тең құбылыс. Тіл жанды процесс –
тұтынған сайын жетіледі, тұқырған сайын кетіледі. Яғни тіл тұқыртылған
сайын халықтың рухы солады, ұлттың еңсесі басылады, елдің патриоттық сезімі
сөнеді, сөйтіп басқа саладағы оңға басты деп жүрген әрекет тірліктің бәрі
зая кетеді. Бұл тарихтың мың мәрте дәлелденген ащы шындығы.
Ақиқатқа дес берсек, қазақ тілі мемлекеттік тіл деңгейінде тұтынуға
жарамай отырған жоқ, жарата алмай ұқсата алмай отырмыз. Былайша айтқанда,
жібекті түте алмай жүн еткеннің кері.Осыдан мың жарым жыл бұрын қалыптасқан
жазба дәстүрдің шыңдауынан өткен қазақ тілінің, орта ғасырдағы Алтын Орда
империясының мемлекеттік тіліне негіз болған қазақ тілінің, Қазақ Хандығы
кезінде қоғамдық өмірді жыраулардың қанатты поэзиясымен, би-шешендердің
қисынды уәжімен реттеп отырған қазақ тілінің, әлемдік классикалық сөз
өнерін негізінен сөйлетіп үлгерген қазақ тілінің, тіптен Маркс пен Ленин
шығармаларының толық жинағын дүние жүзінде орыстардан кейін бірінші болып
сөйлеткен қазақ тілінің, енді келіп, тәуелсіздік алып, Республикадағы
қазақтардың саны 30 пайыздан 60 пайызға жетіп, түркі тілдес халықтардың
саны 70 пайызды құрап отырғанда, қазақ тілінің қағажу көруін немен
түсіндіруге болады?! Оның себебі, турасын айтқанда, қазақ тілі Қазақстан
Үкіметі мен Парламентінің тілі бола алмай отыр. Одан да гөрі ашып айтар
болсақ, Қазақстан Үкіметі мен Парламенті Ұлт тағдырына қатысты осынау
жауапкершілікті терең сезіне алмай отыр, сезінсе де жалтақтық, тайғанақтық
танытып отыр. Құдай берген синхронды аударма тұр, кім қай тілде сөйлеймін
десе де ешкім ауыздан қақпайды. Қазақстан Үкіметі мен Парламенті ресми іс-
жұмыстың қазақ тілінде жүргізілуін және басшылық қызметке тартылатын
адамдардың қазақ тілін білуін ұлттық-мемлекеттік міндетті жауапкершілік деп
танып, оның жүзеге асуына тегеурінді талап қойылсыншы, әрі кетсе бір жылда
бүкіл қазақстандықтардың қазақ тілінде өзара түсінісіп кететініне еш күмән
жоқ. Мұның өзі, түптеп келгенде, жүзден астам ұлттық диаспоралардан тұратын
қазақстандықтардың өзара түсіністігі мен жарастығына кепіл болатын ең жанды
дәнекер де болатын еді. Қайталап айтуға тура келеді, бұл ретте Қазақстан
Үкіметі мен Парламенті қазақ тіліне қатысты тарихи жауапкершіліг зор
міндетке жете мән бере алмай отыр және оның салдарының неге ұрындыратын
терең сезіне алмай, Кеңес заманынан жұғысты болған үйреншікті әдетке иек
сүйеп, мігірсіз қалып танытып келеді. Ащы да болса ақиқат шындық осы.
Тіл тағдыры әрбір субъектінің бері қойса дастархан басында, әрі қойса
БАҚ арқылы қыжылдаумен шешілетін проблема емес. Тіл тағдыры тек қана
мемлекеттік деңгейдегі өрелі де тегеурінді әрекет барысында оң шешімін
таппақ.
Ал қазақ тілі дәл қазір қоғамдық қажеттілік ретінде не жетілетін, не
кетілетін тарихи кезеңді бастан кешіп, өзінің үкімін күткендей жағдайға тап
болып отыр. Бұл ретте қазақ тілінің құныкері де, құтқарушысы да бүгініг жер
басып жүрген ұрпақ болатынын терең сезінетін мезгіл жетті.
Демек, ұлттық идея дегеніміз өрт шалмас теміртекке (сейф) салып қойып,
керек уақытында кертіп алып отыратын қазына емес екен. Ұлт болмысының мың
сан мұқтажы мен мүддесінен туындайтын мақсаты әрекетшілдік қана көпшілік
әлеуметті еліктіре алатын ұлттық идеяның тіні болса керек.
Яғни ұлттық идеяға тін болатын мақсатты әрекетшілідік дегенде, ел
өмірінің тағдыр-талайын анықтайтын саясат, экономика, халықаралық қатынас,
білім жүйесі, әсіресе, қазақ тілінің тағдыры, рухани мәдениет, салт-дәстүр,
дін, мораль, этика сияқты өмірдің күре тамырындай өзекті салаларда әлі де
қайта парықтап, әлі де шыңдай түсетін проблемалар баршылық. Олардың
әрқайсысын жеке-жеке саралап, жеке-жеке бажайлап, уақыт талабына сай оң
шешімдерін табу және әрі біліктілікпен, әрі ілкімділікпен әрекетке көшу
тарихи қажеттілік болып отыр.
Азаттықты аңсамайтын ел, тәуелсіздікті тұғыр тұтпайтын мемлекет жоқ
әлемде. Өткен ғасырлардағы Азия халқының, Африка жұртының, Латын Америкасы
елдерінің бодандықтың бұғауын үзу, отаршылдықтың озбыр құрсауынан шығу
жолындағы жойқын бұлқыныстарының тарихы да азаттық пен тәуелсіздікке жету
үшін жүргізген арпалысты шайқастарға толы.
Ежелгі көк түріктердің заманында да, ұлы дала төсінде көшпелілер
өркениеттің дәуірлеп, бәсеңсіген, қайта салтанат құрған кездерінде де, алты
Алаштың, Қазақ хандығының тарих сахнасына шыққан орта ғасырлардан
басталатын ғажайып ғұмырнамасының өне бойында да бүкіл тыныс-тіршілігінің
мәні мен мағынасы болып азаттық үшін, тәуелсіздік үшін жүргізген бітіспес
майдан, кескілескен күресінің шежіресі тізбек-тізбек. Азаттық бізге ата-
бабамыздан мұраға қалған арман еді, тәуелсіздік бізге аспандағы Ай мен
Күндей еді. Отаршылдық езгіге түсіп, шарасыз халде үнсіз бұлқынған Қазақ
елінің пешенесіне тап болғансор мен азапқа қабырғасы қайысқан Шоқан
Уәлихановтың: Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен азаттық
пен білім керек, - дейтін әйгілі қанатты сөзінде азаттықты идеал тұтудың,
көкіректі жара күрсінгенде шыққан шерлі толғаныстың табы бар.
Өз елінің өзге елдерді отарлауын еш уақытта қолдамаған кемеңгер Лев
Толстой: Идеал есть гармония, - дегенде, осынау ғаламат рухани күш-
қуаттың адам өміріндегі алатын орнының ерекшелігіне мезгегендей. Ал адам
өмірі қоғам тынысымен, ұлттың, мемлекеттің тағдырымен сабақтасып жатаныны
белгілі. Түрік халықтарының ұзақ тарихында олардың ойлау жүйесіне,
психикалық жан-дүниесіне еркіндік сезімі айрықша берік ұялаған деуге
болады, - деп философия ғылымының докторы Қ.Әбішев азаттық, тәуелсіздік
идеяларының бастаулары әріде жатқанын аңғартады. Азаттық, тәуелсіздік
идеясының ту ұстаушылары арғы-бергі дәуірлердің бәрінде де ең алдымен, ақын-
жыраулар болған. Бұл жоғары мәртебелі поэзияның ең асқақ мұраты, ең биік
міндеті саналғандықтан. Ұлттық рухты, ұлттық тәуелсіздік идеясын қазақ
поэзиясы ана сүтімен қанына дарытқан.
Академик Серік Қирабаев: Тәуелсіздік біздің ұлттық идеологиямыздың
негізі болуы керек деген ойды ортаға тастағанда, ең алдымен, біздің
рухани, мәдени, әдеби, тарихи, экономикалық, саяси т.б. құндылықтарымыздың
бәрі тәуелсіздіктің арқасында бағалы, ендеше соның бәрі ұлттық
тәуелсіздігімізге қызмет етуге тиістігі туралы тұжырым жасаған. Белгілі
саясаттанушы, ғалым Шәріпбек Әмірбектің: Қазіргі кезде баспасөз беттерінде
ұлттық идеология туралы мәселелер қозғалып жүргенімен, толық қолдау таппай
отыр. Біріншіден, идеология сөзін ауызға алғанда, кешегі коммунистік
идеология еске түсетіндіктен және жаңа идеологияны жүзеге асыру қалай
болады, кешегі күнімізге зар болып қалмаймыз ба деген де қауіп бар.
Екіншіден, ұлттық идеология деген терминді басқа ұлттар өздерін кемсіту
ретінде қабылдайды. Сондықтан да тәуелсіздікті нығайтуға тиіс идеялардың
жиынтығын мемелекеттік идеология немесе доктрина деп атауға толық негіз
бар. Мысалы, АҚШ-тың сыртқы саясатын тұжырымдаған Монро доктринасы және
Трумэн доктринасы, Франция президенті Де Голлдің Голлизм деп аталған
доктринасы жүйеленген саяси концепциялар болғаны туралы пікірде идеология
терминінен қашқақтаудан гөрі, ұлттық дейтін атауды басқа сөзбен алмастыру
ниеті басымырақ. Онда оны мемлекеттік деп күлбілтелегенше, тәуелсіздік
деп асқақтатқан әлдеқайда рухты емес пе?!
Ал филология ғылымының докторы Ақселеу Сейдімбек былай дейді:
...объективті ақиқат пен тарихи әділеттілікке дес беогенде, Қазақстан үшін
іргетас болатын жалғыз ғана идея бар. Ол – қазақ идеясы. Қазақ идеясы ғана
Қазақстанды дербес мемлекет ретінде даралап, жалпы қазақстандықтардың
бүгінгі және тарихи перспективадағы мақсат-мүдделеріне іргетас бола алады.
Бұл тұрғыда қазақ идеясын қазақстандық идея немесе ұлттық идея деп те
атауға болады. Бұл ретте, А. Сейдімбек идеяның ішкі жинақтаушы,
біріктіруші қуаттарын дөп басып отырғаны байқалады. Әсіресе идеяның
мазмұнына үлкен мән берілген.
Енді ежелгі мәңгілік ел нысанасының рухани мәйегі – елдік қасиет,
яғни ел бірлігі идеясы екендігіне назар аудартқан филология ғылымының
докторы Тұрсын Жұртбайды тыңдасақ: Демек, мәңгілік ел - түркі тегінің
тұтастығы мен тәуелсіздігінің кепілдігін қамтамасыз етуге арналған еркіндік
идеологиясы. Ал ұлттық тәуелсіздік – иісі түрік әлемінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баспасөздегі діни идеология мәселелері
Ақпарат құралдарының еркіндігі және этикалық жағдайы
Қазақстан Республикасында діни саясатты құқықтық қамтамасыз ету
Саясат тарихы туралы ақпарат
Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және оған қарсылық мәселелері бойынша
«Түркістан» газетіндегі мәдени мәселелердің көрінісі
Уақыт және тарих
Мектепте оқылатын тарих пәні
Тарихты оқытудың әдістемесінің зерттелу деңгейі
Пәндер