Азаматтық қоғам түсінігінің генезисі



Кіріспе 3.4 б

Негізгі бөлімі:
Ⅰ. «Азаматтық қоғам» ұғымының пайда болуы мен даму идеялары. 5.17 б
Ⅱ.Азаматтық қоғамның қалыптасуының мәні мен модельдері. 18.26 б

Қорытынды 27.28 б
(әдебиеттер тізімі)
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада болмасын тарихта болған дейді.
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.
Өткен жүзжылдықта саяси ойлардың классиктерімен қаралған «Азаматтық қоғам» ұғымы антикалық полистердің феноменімен шықты. Полис гректер үшін ерікті азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепіл болатын қоғамдық өмірдің саласы. Полис-ең алдымен азаматтарды оған біріктіретін қоғам, сонымен бірге осы қоғамды қалыптастыратын материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы. «Полис» термині әдетте адамдарды топтастырушы аудармада «қала мемлекет» ретінде беріледі, бірақ ол сол сияқты «азаматтық қоғам» терминінің семантикасын да береді.
Сондықтан полис ұғымы «азаматтық қоғам» және «мемлекет» дегенді білдіретін антикалық терминді біріктіреді.
1.Скворцов В.В. «Демократический процесс становления основных структур гражданского общества, теория и практика»
Алматы. КазГУ .2001год.
2.Кин Джон. «Демократия и гражданское общество»/перевод с англ Абрамова М А/ Москва Прогресс-Традиция 2001год.
3.Утченко С.Л. «Политические учения Древнего Рима»(III-Iв.д.н.э.)Москва.:Наука. 1977год.
4.Нугманова К «Политическое понятие гражданского общества» Алматы 2005год.
5.Гегель. «Философия права.» Москва., 1990.
6.Хабермас Ю. «Демократия. Разум. Нравственность.»(интервью,лекции) Москва.,1992год.
7.Маркс К.,Ф Энгельс. Сочинения Т.1.

Мерзімді басылымдар тізімі:
1.ҚазҰУ хабаршысы./Фил. Мәд. Саяс. Сериясы/2002 №1.// «Саяси ілімдегі азаматтық қоғам мәселесі.»
2.Евразия. 2005№5//БалгимбаевА.С. «Гражданское общество: модель и реальность.»
3.Саясат. 2003№12//МұсатаевС.Ш «Батыстық азаматтық қоғам концепцияларындағы адам құқығы мен бостандығының кейбір мәселелері.»
4.Қоғам және дәуір. 2004.№3//Белгібаев С.« Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуының кейбір аспектілері.»
5.Мировая экономика и международные отношения. 1995№11//Хорос В «Гражданское общество: общие подходы»
6.Саясат. 2004№4//ИскаковаГ «Гражданское общество как условие реализации прав человека»
7.Полис: полит. исслед. 1995№3//РезникЮ.М. «Гражданское общество как понятие»
8.Жас алаш. 2002.1.6.//Нысанбаев Ә. «Азаматтық қоғамның мҚазақстандық үлгісін қалай қалыптастырамыз.»
9.Социально-политические науки. 1991.№6. // Лобер В.И. «Проблема демократии в политической философии Норберто Боббио»

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Халықаралық қатынастар факультеті
Теориялық және қолданбалы саясаттану кафедрасы

Тақырыбы: Азаматтық қоғам түсінігінің генезисі

Алматы 2006

Жоспары:

Кіріспе 3-4 б

Негізгі бөлімі:
Ⅰ. Азаматтық қоғам ұғымының пайда болуы мен даму идеялары.
5-17 б
Ⅱ.Азаматтық қоғамның қалыптасуының мәні мен модельдері.
18-26 б

Қорытынды 27-28 б
(әдебиеттер тізімі)

Кіріспе
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі
көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп,
нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір
шамада болмасын тарихта болған дейді.
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель
еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы
пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің,
адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.
Өткен жүзжылдықта саяси ойлардың классиктерімен қаралған Азаматтық қоғам
ұғымы антикалық полистердің феноменімен шықты. Полис гректер үшін ерікті
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепіл болатын қоғамдық өмірдің
саласы. Полис-ең алдымен азаматтарды оған біріктіретін қоғам, сонымен бірге
осы қоғамды қалыптастыратын материалдық және рухани құндылықтардың
жиынтығы. Полис термині әдетте адамдарды топтастырушы аудармада қала
мемлекет ретінде беріледі, бірақ ол сол сияқты азаматтық қоғам
терминінің семантикасын да береді.
Сондықтан полис ұғымы азаматтық қоғам және мемлекет дегенді
білдіретін антикалық терминді біріктіреді.
ХVIII ғасырға дейін Еуропалық әлеуметтік-саяси трактаттарда,оның
ішінде Ж.Ж.Руссо және И.Кант еңбектерінде азаматтық қоғам және саяси
мемлекет терминдері бірін-бірі толықтырушы ретінде қолданылып келген.
Стратификацияның саяси және әлеуметтік формасынан жеке өмірдің мемлекеттік-
саяси бақылау саласының эмансипацияға өте бастауы, ерте буржуазиялық
ревалюция дәуіріне жатады, бірақ жаңа тәртіптің концептуалды-
терминалогиялық бекітілуі кейінірек қабылданады.
Жаңа дәуірдің ойшылары азаматтық қоғам мен саяси қоғамды анығырақ
ажыратты. Антикалық азамат, азаматтық деген сөздер олардың еңбектерінде
жаңа мәнге ие болды. Мемлекет пен азаматтық қоғам арасында теңдік пен
еркіндіктің тарихи белгілері қойылды. Олардың кейбіреулері
(Н.Макиавелли,Г.Гоббс,Г.Гегель және т.б.) демократиялық қоғамдық ұйымдар-
мемлекет деп мемлекетке көңілге бөле, этатистік позицияны ала отырып,
азаматтық қоғамның болашағын мемлекетпен байланыстырды.
Азаматтық қоғам концепциясын, оның мемлекетпен өзара тәуелділігін
зерттеуде Г.Гегель еңбектері зор мәнге ие. Француз, англо-саксондық және
неміс қоғамдық - саяси ойшылдарының барлық шығармаларын жүйелеу негізінде
Г.Гегель азаматтық қоғамның орта ғасырдан жаңа кезеңге дейінгі ұзақ та,
күрделі тарихи трансформациялау процесінде отбасыдан мемлекетке дейінгі
диалектикалық қозғалыстың ерекше даму сатысын білдіреді[1],-деген шешімге
келген. Азаматтық қоғам-отбасы мен мемлекет арасында болатын
дифференциация, әйтсе де азаматтық қоғамның дамуы мемлекет дамуынан кейін
жүреді.
Азаматтық қоғамның XVII-XVIII ғасырдағы ұғымына өзін-өзі басқаратын
мемлекеттік емес ұйымдарды, ассоциацияларды, адам құқығын, қоғамдық
келісімді, халық егемендігін, азаматтардың мүдделерін жүзеге асырушы және
бақылаушы негізгі элементтер кірді.
XVIII ғасырдың аяғында XIX ғасырдың алғашқы жартысында еуропалық және
американдық қоғамтанушылар арасында азаматтық қоғам мемлекетке қарсы
тақырыбы қызықтыра бастады.
Азаматтық қоғамның классикалық моделі Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы
елдерінде және АҚШ-та XVIII-XIX ғасырдың басында қалыптаса бастады.
Буржуазиялық төңкеріс нәтижесінде сословиелік сарқыншақтардың жойылып,
билік бұтақтарының бөлінуі, сөз, ождан, ұйымдар бостандығының құқықтық
кепілінің құрылып, заң алдында азаматтардың теңдігі қамтамасыз етіледі.
Батыс елдерінде азаматтардың жеке өміріне мемлекеттің араласпауына, олардың
ар - намысын сыйлауға, экономикалық еркіндікке және тағы басқаларға
кепілдік конституциямен бекітіледі.
Азаматтық қоғамның классикалық моделі Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы
елдерінде және АҚШ - та XVIII-XIX ғасырдың басында қалыптаса бастады.
Буржуазиялық төңкеріс нәтижесінде сословиелік сарқыншақтардың жойылып,
билік бұтақтарының бөлінуі, сөз, ождан, ұйымдар бостандығының құқықтық
кепілінің құрылып, заң алдында азаматтардың теңдігі қамтамасыз етіледі.
Батыс елдерінде азаматтардың жеке өміріне мемлекеттің араласпауына, олардың
ар - намысын сыйлауға, экономикалық еркіндікке және тағы басқаларға
кепілдік конституциямен бекітіледі.

I. Азаматтық қоғам ұғымының пайда болуы мен даму идеялары.
Азаматтық қоғам мәселесі көптеген ғасырлар бойы адамзатты толған-
дырып келе жатқан түбірлі, ғылыми мәселе. Ол мемлекеттің пайда болған
кезеңінен, қоғамдағы адамдардың өмірлік іс-әрекетінің, қызметінің мемле-
кеттік және мемлекеттік емес болып бөлінген кезеңінен бастау бастау ала-ды.
Сол кезеңнен бастап мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы туралы мә-селе
орталық назарға ие болып ол көп ретте көптеген әлеуметтік алауыз-дықтарға,
саяси төңкерістер мен дағдарыстарға себепкер болды. Қазіргі күн-де де бұл
мәселе ауқымды қоғамдық өзгерістердің негізінде тұр және ол бү-гінгі күнде
әлемдік қоғамдастықтың даму барысын анықтап отыр.
Енді азаматтық қоғамның жалпы әлеуметтік-саяси ой тарихындағы пайда
болу, қалыптасу және даму барысына көз жіберіп көрелік.
Азаматтық қоғам ұғымы өзінің негізі жағынан антикалық полистің
құбылысы болып табылады. Гректер үшін полис- адамдардың бірге өмір сү-
руінің ең жетілген түрі ғана емес, сонымен қатар лайықты қоғамдық өмір-дің,
еркін адамдардың құқығы мен даңқын жүзеге асыратын бірден-бір орта.
Полис- біріншіден соған жиналған азаматтардың қауымдастығы және осы
негіздегі сол қауымның жасаған материалдық және рухани құндылық-тарының
тұтастығы. Полис термині түсініктемелік аудармаларда қала-мемлекет
ұғымымен түсіндіріледі, бірақ ол сонымен қатар азаматтық қа-уымдастық
мағынасын білдіретін түбірді де қамтиды. Сондықтан да по-лис ұғымы
азаматтық қоғам (Аристотельдің koinxia politiku[2], Цицеронның societas
civilis[3]) және мемлекет (polis, civitas) ұғымдарын біл-діретін
антикалық терминдерді біріктіреді.
Аристотель тусінігінде азаматтық қауымдастық біздің бүгінгі күн-
дегі әлеуметтік мемлекет және құқықтық мемлекет терминдерімен ас-тарлас
келеді. Әділдік ұғымы мемлекет туралы түсінікпен тығыз бай-ла-нысты,
өйткені әділдіктің өлшемі ретіндегі құқық саяси қатынастың рет-теуші
нормасы
Полистік тұрғыдағы азаматтық қауымдастық өзін-өзі басқару инсти-туты
ретіндегі биліктің сайланбалы органдарының болуын, оның қажет-тілігін
көрсетеді, мәселен афиндік ареопаг, римдік сенат. Көріп отырға-нымыздай
антикалық полисте адамзат тарихындағы ең ұлы азамат идея-сы-ның классикалық
түсінігі пайда болды: өзін азаматтық қауымдастықтың мү-шесі және осыдан
келіп шығатын құқық пен борыштың субъектісі ретінде түсіну; азаматтық
борышқа, жауапкершілікке, әлеуметтік тұтастыққа тиесілі екенін сезіну;
тұлға үшін маңызды оны басқа азаматтар тарапынан оның аза-маттық қасиетін
мойындалуының абсолюттік қажеттілігі; азаматтық игілікті жоғарғы өмірлік
мәнге ие құндылық пен тұлғаның мақсаты ретінде бекіту. Осы ретте айтар
болсақ азаматтылық-антикалық әлеуметтік ойдың негізгі моральдық саяси
категориясы ғана емес, ол сонымен бірге универсальды өмірлік құндылық..
Дегенмен де ұғым өзінің мәнін Европадағы басталған Жаңа Заманның
рухани, идеялық дүмпулерінен соң ала бастады. Ол осы кезеңде XⅦ ғ.
Г.Гроции, Т.Гобсс, Дж.Локк еңбектерінде көрініс тауып, өзінің дамуын
Ж.Ж.Руссо, Ш.Монтескье, В.фон Гумбольд, И.Кант, Г.Гегель, К.Маркс пен
Ф.Энгельс еңбектерінде жалғасын тапты. Олар сол кездің өзінде азаматтық
қоғамды өмір сүріп отырған мемлекетпен немесе нақты мемлекеттік бас-қару
формаларымен сәйкестендірмей одан бөлек қарады. Осы ретте олар мемлекеттің
келісімдік теориясын негізге алды және бұл теория бойынша азаматтардың өз
еріктерімен көнген және тағайындалған өкімет қана әділ заңды болып
табылады.
Мемлекеттің пайда болуының келісімдік теориясын жақтаушылар аза-
маттық қоғам мен мемлекетті егер ол қоғамдық келісімге негізделген мем-
лекет азаматтардың мүддесін білдірсе ғана сәйкестендіреді. Дегенмен, олар,
мемлекет бәрібір азаматтық қоғамды өзіне бағындыруға барлық кезде мүд-делі
болатынын жақсы түсінді. Абсолютті монархияны кейбіреулер әлем-дегі ең
бірден-бір, жалғыз басқару түрі деп түсінеді, бірақ ол шынтуайтқа келгенде
азаматтық қоғаммен бір бола алмайды, сондықтан да ол азаматтық басқару
формасы бола алмайды.
Мемлекеттің келісімділік теориясы және ол кепілдік беретін қоғамдық
өмірдегі іс-әрекеттің саяси-құқықтық нормасы биліктің құдайдан берілген-
дігіне тойтарыс бере отыра халықтың жеке құқығының саяси дербестікке ие
екендігін дәлелдеді. Осы ретте қоғамдық келісім теориясы кез-келген емес,
тек қана азаматтық қоғамды саяси қалыптастыру тәсілі ретіндегі құқықты
мемлекеттің пайда болуының шарты ретінде көрінеді.
Қоғамдық келісім теориясы нормативті қажеттілік мінезге ие және ол
күнделікті саяси іс-әрекет міндетіне бағытталған. Американ саясаттану-шысы
Т.Пеин осы ретте былай дейді адамдар өздерінің жеке, тәуелсіз құ-қықтарына
сай үкімет орнату үшін өзара бір-бірімен келісімге түседі және бұл үкіметті
жасақтаудағы бірден-бір құқық тәсілі және олар өмір сүре ала-тын бірден-бір
негіз.[4] Осы ретте ескертер бір жайт қоғамдық келісім бас-қарушылар мен
бағыныштылардың арасында емес, азаматтардың өз арасында жасалады.Яғни
мемлекет келісімдегі тең серіктес емес және серіктес ре-тін-дегі заңдық
құқыққа ие емес. Келісімдік қатынастардың негізі ретінде назарға тұлғаның
табиғи құығы ғана алынады, ал мемлекеттің құзырына талап ету, көндіру
құралы ретіндегі арбитраждық міндет қана қалды.
Табиғи құқық концепциясын ой елегінен өткізіп, сараптаудың радикалды түрін
Дж.Локк еңбектерінен көре аламыз. Оның табиғи-құықтық ой-пікі-рі-нің
бастамасы өмірге еркіндік және мүлікке қатынастағы табиғи құқыққа ие
индивид болып табылады. Әр адам табиғаттан еркін және өзінің келісімінсіз
оны жердегі билікке ешкім бағынышты жағдайға қоя алмайды. Адамдардың табиғи
жағдайы табиғат заңы аясындағы өзінің тұлғалығы мен мүлкіне қа-тынастағы
оның толық еркіндік жағдайы[5]
Еркіндік принципін түсінуде және ендіруде Локк жекеменшіктің суб-
станциясы ретіндегі еңбек концепциясын орталық назарға қояды. Табиғат
жасаған мүліктерді адам өз еңбегімен ұштастыра отырып оны өзінің меншігі
етеді. Яғни, жекеменшіктік қатынастың негізін адамның өзін еркін тұлға ре-
тінде жасайтын іс-әрекеті мен қызметінен іздеуге болады. Табиғат заңдары
бәріне ортақ, бірдей берілсе де адам өз еңбегінің иесі ретінде өзіне
жекемен-шіктің ұлы негізін қалады. Осы тұрғыда Локктың ойынан бірқатар
маңызды шешім шығады:
1.Табиғи құқық жекеменшіктің субстанциясы мен шегі ретінде жеке
еңбекті орталық негізге қояды. Тек осындай жекеменшік құқық тұл-ғаның
табиғи, бөлінбес құқығы болып табылады және ол мүліктік қа-тынастың
құқықтық легитимділігінің негізін қалауы керек.
2.Табиғи құқық тұлғалардың бірімен-бірі қатынасқа тең және
экономикалық еркін субъектілер ретінде түсетін қоғамды орнатуды алға қояды.
Локктың табиғи құқық түсіндірмесі бойынша тұлға мен еңбек өзінің ұғымы
тұрғысынан басқаның меншігі бола алмайды. Егер қоғамдық ұйым осындай
келеңсіз жағдайларға орын берсе, мұндай қоғам ақылды, табиғи тәртіппен
сәйкес емес, онда әлеуметтік қатынастардың құқықтық негізі өмір сүре
алмайды яғни ол моральдық тұрғыда әділсіз ғана емес, ол заңға қарама-қайшы.
Сондықтан да жекеменшікті еңбектен, ал еңбекті адамның өзінің
субъектілігінен алшақтату –экономикалық мәжбүр етудің универсальды тетігі –
табиғи құқық нормасының өрескел бұзылғандығы болып табылады.
3.Қоғамның саяси - заңдық нормалары мен азаматтық-құқықтық
заңдарының жағдайы жеке өзіңдік таңдау еркіндігінің кепілдігі ретінде кө-
рініп осы ретте мемлекеттік –саяси юрисдикцияның шекарасы болуы керек, яғни
ол еркіндікті мемлекеттің барлық түрдегі қысымынан қорғаулары ке-рек.
Басқарушы азаматтық тыныштықты қамтамасыз ету және бодан-дарының
жекеменшігін қорғау үшін әрекет ету керек және осыған қауіп төн-діретін кез-
келген оқиғаға, жағдайға килігуі керек[6].
Локктың табиғи құқық концепциясының барлық негізгі үрдісі
заңның, құқықты мемлекеттің, билік өкілеттілігінің келісімдік негізіне, заң
шығарудың мақсаты ретіндегі тұлғаның құқығы мен еркіндігінің саяси-заң-дық
кепілдігіне балама жоқтығына келіп тіреледі. Локктың саяси-құқықтық
ілімінің көптеген ойлары, ережелері өркениетті, демократиялық құқықтық
сананың ажырымас бөлігіне айналды.
Әрбір адам басқалармен бірлесе отыра,өз еркіндігін сақтап қала
алатындай логикалық мүмкіндіктегі азаматтардың осындай формадағы бір-
лестігінің мүмкін екендігін философиялық тұрғыды негіздеуді Ж..Ж. Руссо
алдына қойды.
Бұл ретте мемлекеттің пайда болуы мен мәнінің келісімдік тео-
риясына түзетулер енгізу қажет болды: бұл келісімінің негізгі азаматтардың
өмірі мен мүлкін қорғау кепілдігі олардың мемлекеттің қандай да болмасын
құқығынан алшақтауға айырбасталмауы керек. Осы алдына қойған мақсатты
жүзеге асыруды Руссо әділ қоғамдық құрылыстың басты өміршең ерекшелігімен
байланыстырады: бірлестіктің әрбір мүшесін оның барлық құқығымен тұтас
қауымының пайдасына қарай ысыру қажет ал егер кімде-кім ортақ ерікке
бағынудан бас тартса оны күш арқылы еркін болуға мәжбүр етеді[7]. Тұлғаның
абсолютті еркіндігін айта отыра Руссо оны бағындырудың тұтас жүйесіне
келеді. Руссо бойынша әлеуметтік-саяси тұрғыдан еркіндік құқықты өзіне-өзі
беретін немесе заң шығарушылықтың ортақ ерігін беретін халықтың дербестігін
білдіреді. Белгілі бір басқарушыға көнуге келісім бергенде халық суверен
ретінде жоғалады, яғни ол халық болудан қалады. Сондықтан да өз заманындағы
мемлекет пен азаматтық қоғамдағы адамның жағдайы адамның бастапқы табиғи
жағдайдағы еркіндігі меен табиғатпен, өз-өзімен жасаған келісімнің өңін
ауыстырған формасы ретінде бағаланады. Жекеменшік қатынасқа
негізделген,яғни өзінің билігіне бағындыру мен бәрін өзінің меншігіне
айналдыруға ұмтылған азаматтық қоғамда еркін адам жоқ:еркін болып туылған
адам барлық жерде құрсауда, өйткені ол өзімен-өзі араз. Осы қалыптасып
отырған жағдайдан шығу жолын ол теңдік пен еркіндіктің жаңа саяси түрін
ендіру деп біледі. Оның негізгі халық пен билеушінің келісімі емес, шын
мағынадағы халықтың өз-өзімен келісімі іспетті қоғамдық келісім және осының
нәтижесінде суверен саяси организм, ұжымдық жан пайда болады.Руссо осы
сөзбен билік өкілет-тілігі бар басқарушыны емес, сол өкілеттілігі беретін
халықты атайды Қоғамдық келісім теориясының Руссолық ережесі диалектикалық-
логикалық және семантикалық негіздегі халық-суверен және ортақ тұтас ерік
ұғым-дарына негізделген.
Руссо бойынша Азаматтық қауымдастық пен Саяси организмде жоғарғы
билікке қатынасын азамат пен мемлекет заңына бағынатын бодан- өзінің негізі
жағынан егіз ұғымдар. Азаматтық қоғам мен саяси құқық прин-ципінің өзара
қатынасының Руссоның ойының парадоксы мемлекеттің пай-да болуының тарихи
негізі ретіндегі қоғамдық келісім идеясына және таби-ғи құқықтың әлеуметті
жұмылдырудағы құндылықты-нормативті бастама-сына күмән келтіруге алып
келеді. И.Бентам табиғи құқықты идеал ретінде санауға келісе отыра оның
нақты қоғамның заңдық негізі мен позитивті құ-қық ретінде қолдануға
болатындығына күмән келтірді. Табиғи құқық мін-детін заңды негізден келіп
шығатын позитвті заңдардың легитимділігінің адамгершілік өлшеміне телу
азаматтық қоғамның терең өзгерісі мен өзін-өзі ұйымдастырудың тәсәлі және
либералды-демократиялық құқықтық мемле-кетпен өзара қатынасының нәтижесі
болып табылады.
Неміс ағартушылығының көрнекті өкілі Вильгельм Гумбольдт өзінің
мемлекет қызметіне шекара орнату тәжірибесі еңбегінде азаматтық қоғам мен
мемлекеттердің арасындағы үш айырмашылықты көрсетеді:
Біріншіден, индивидтерді өздері арқылы төменнен жасалатын және
азаматтық қоғамның спецификасын құрайтын ұлттық қоғамдық мекемелер жүйесіне
мемлекеттік институттар жүйесі қарсы тұра алады;
Екіншіден, азаматтық қоғам табиғи және жалпы құқыққа, ал мемлекет –
позитивтік құқыққа сүйенеді;
Үшіншіден, әрқайсысының субъектісі сәйкесінше адам және азамат
болып табылады. В.Гумбольдт, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо сияқты ойшылдар пікірінше
азаматтық қоғам субъектісі – адамның мүддесі мен қажеттілігіне
қанағаттандыруына құрал болу керек.
Ол осы ретте былай ой түйеді, мемлекет мақсат емес, ол адамныңдамуы үшін
құрал ғана ізінің қанатын кең жайып өсіп кеткен мемлекет адамның еркіне,
оның өз мүмкіндігін жүзеге асыруына бөгет болатынына байланысты В.фон
Гумбольд былай деп жазды: Мемлекет неғұрлым көп әсер еткен сайын сол
әсерді берушілер де, қабылдаушылар да біріне-бірі ұқсай түседі[8]. Осы
кезден бастап бірте-бірте азаматтық қоғам мен мемлекеттің бөлектігі туралы
ойлар өріс алып әлеуметтік теңдікті, азаматтық еркіндікті қамтамасыз ететін
шектелген конституциялық мемлекет туралы идеялар бой көтере бастады.
Азаматтық қоғамның тым радикалды концепциясын американ буржуазиялық
революциясының өкілі Т.Пейн жасады. Американың атақты қоғамтанушысы Т.Пейн
өзінің Адам құқықтары памфлетінде, егер табиғи құқықтар адамдарға
табиғатынан берілген болса, ал азаматтық құқық ру-тайпалық қоғамнан
мемлекетке өту процесінде жасалды. Бұл адамның өзінің күшімен қорғауға
қабілеті жоқ құқықтары. Пейн заңды деп, жалпылама қабылданған конституция
негізінде қалыптасқан мемлекетті ғана есептеді. Мұндай мемлекеттік басқару
жүйесін ол құқықтық, өркениетті[9] деп атайды Оның еңбектерінде
мемлекетке қарама-қарсы тұратын азаматтық қоғам мәселесі орталық мәнге ие
болды. Ол бойынша мемлекет қажетті зұлымдық : ол неғұрлым аз, әлсіз болған
сайын қоғам үшін ол соншалықты пайдалы. Сондықтан да мемлекет билігі
азаматтық қоғамның үлесіне қарай шектелуі керек, өйткені кез-келген адамға,
қоғамға қатынастағы іш тартушылық тән. Азаматтық қоғам қаншалықты дамыған
жетілген болса, ол соншалықты өзінің істеріне көп мән беріп, мемлекетті
керек етпейді. Өздеріне тән құқыққа ие еркін және тең адамдар мемлекетке
қатынаста өткен кезеңде де, осы кезде де, болашақта да жоғары тұрады.
Мемлекетті заңды және өркениетті деп барлық азаматтардың қолдауымен
құралған және осы белсенді қолдау конституциялық негізделіп, парламенттік,
өкілеттілік тетікпен белгіленгенде ғана айтуға болады. Яғни басқарудың
өркениетті жүйесі-азаматтардың қолдауына сүйенетін өкіметтің конституциялық
басқару жүйесі. Мұндай өкіметте құқық болмайды, олардың тек өзінің
азаматтарының алдында міндеті ғана бар.
Азаматтық қоғам концепциясын жасауда, толықтыруда және оның
мемлекетпен байланысын көрсетуде Гегель көп еңбек сіңірді. Гегель бойынша
азаматтық қоғам жеке адамдардан келіп шығатын дербес мүдделердің,
мақсаттардың өзара әрекетіне негізделген бірлестіктер жүйесі болса,
мемлекет-қоғамдық мақсатты жүзеге асырушы жүйе Француз, англо-саксондық
және неміс қоғамдық-саяси ойшылдарының барлық шығармаларын жүйелеу
негізінде Г.Гегель азаматтық қоғамның орта ғасырдан жаңа кезеңге дейінгі
ұзақ та, күрделі тарихи трансформациялау процесінде отбасыдан мемлекетке
дейінгі диалектикалық қозғалыстың ерекше даму сатысын білдіреді,-деген
шешімге келген. Азаматтық қоғам-отбасы мен мемлекет арасында болатын
дифференциация, әйтсе де азаматтық қоғамның дамуы мемлекет дамуынан кейін
жүреді.
Мемлекет пен азаматтық қоғам екі қарама-қайшы бірақ тең
дәрежеде қажетті бөліктер және әрқайсысы адам қатынасының жеке әлемін
құрайды. Мемлекеттің негізінде билік ету, азаматтық қоғамның негізінде
еркіндік жатыр. Егер мемлекет бірлікке ұмтылса, азаматтық қоғам
көптүрлілікке ұмтылады, өйткені еркіндік кез-келген сыртқы қысымның жоғын
білдіреді және өз қалауымен әрекет етуді көрсетеді. Дегенмен мұндай кез-
келген еркіндік құқық дәлелі бола алмайды. Еркіндік құқыққа азаматтық
тәртіпте заң үстемдік құрған аезде ғана қалыптасады, яғни ие бола алады,
өйткені құқықтың өзі еркіндікті ортақ заң негізінде өзара шектеу болып
табылады. Азаматтық қоғамның қалыптасуы, Гегель бойынша, буржуазиялық
мемлекеттің және өзін дербес тұлға ретінде түсінетін құқық пен еркіндікке
ие, сонымен қатар қоғам алдындағы моральдық тағы басқа да жауапкершілікті
түсінетін азаматтың пайда болуымен байланысты. Азамат ұғымының негізінде
еркіндік принципі бар, өйткені тек еркін адам ғана азамат ретінде құқық пен
міндеттеме ала алады[10]
Біртұтастықты құрай отыра және мемлекет құрамына бірлестіктердің
мүшесі ретінде кіре отыра, азаматтар өзара көптүрлі экономикалық,
адамгершілік тағы басқа қатынастардан тұратын жеке, дербес индивидтер
ретінде қала береді. Осы қатынастардың бірлігі мемлекеттен бөлек ерекше
байланысты құрайды. Егер мемлекет-тұтастықтан келіп шықса, азаматтық қоғам
жеке адамдардың арасындағы өзара әрекеттен келіп шығады. Бұл қатынастар
саяси қатынастардан мүлдем бөлек. Жоғарғы тұтастық ретіндегі мемлекетке
бағына отыра адам бір мезгілде өзінің жеке өмірін өзі анықтайтын еркін адам
теріндегі құқығынан айырылмайды. Осы ретте ол басқа адамдармен қатынасқа
түседі және осының негізінде ортақ байланыс пайда болады. Ортақ саяси
билікке бағынатын және жеке құқық нормаларымен басқарылатын осы жеке
қатынастардың бірлігі азаматтық қоғамды құрайды.
Жалпы Гегельдің халық туралы пікірі жоғары болмағанын айта кету керек, оның
ойынша ол өзіне ненің қажет екенін білмейді. Өзіне ненің қажет екенін білу
–терең пайымдау мен ақылдылықтың жемісі, ал ол халыққа тән іс емес.[11]
Бірақ бұл пікірдің дұрыс еместігін бүгінгі нақтылық көрсетіп отыр,
өйткені үкіметке бақылау жасау үшін халықтың белгілі бір жоғары деңгейдегі
сауаттылығы керек. Сауаттылық, білімділік азаматтардың саясатқа қатынасуын
кеңейтеді және үкіметтің іс-әрекетін объективті бағалауға, оны нақты
бақылауға алуына мүмкіндік береді. Қабілеттілік азаматтардың саяси іс-
әрекетінің аясын кеңейтіп, сайлауға қатынасу мен жергілікті өкілеттіліктен
бастап мемлекеттің жоғарғы органдарының ісіне қатынасуға мүмкіндік береді.
Гегель бойынша әлеуметтік өмір-отбасының этикалық дүниесінен және
мемлекеттің көпшілік өмірінен радикалды түрде ерекшеленеді. Азаматтық қоғам
нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, корпорацияларды, институттарды
біріктіреді. Олардың негізгі міндеттеріне қоғамдық өмірдің қажеттілігі мен
азаматтық құқықтың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету жатады.
Азаматтық қоғам-азаматтық құқықтармен реттелетін және саяси
мемлекетке тікелей тәуелді емес жеке тұлғалар, таптар, топтар және
институттар комплексін құрайды.
Осылайша Гегель, жалпы және саяси мүдделер ғана емес,сонымен бірге
жеке, нақтырақ, жеке меншікті мүдделер саласы да бар деген тоқтамға келді.
Бұл саланы ол азаматтық қоғамның бөлігі ретінде анықтады.
Ол азаматтық қоғамның төмендегі үш компонентін көрсетеді:
1)индивидтің қажеттіліктері мен оның еңбегі арқылы қамтамасыз ету және
қанағаттандыру;
2)мұнда жалпы еркіндіктің болуы және заң арқылы меншіктің қорғалуы;
3)полиция және корпорация көмегімен бір мүддеге жалпы мүдде ретінде
қамқор болу.
Азаматтық қоғамның әрбір мүшесі сотқа баруға және сот алдында
міндетті болуға, сондай-ақ тек сот арқылы оған берілген құқықтарды алуға
құқығы бар.Бұл үшін әрбір индивид заңды білуі қажет, ал басқа жағдайда бұл
құқықтар оған көмек бола алмайды.
Отбасы өзінің мүшелеріне қамқор болу керек, әйтсе де азаматтық
қоғамда ол-бағынышты, керісінше азаматтық, қоғам-адамды өзіне біріктіріп,
адам өзі арқылы өзіне ғана қызмет етуді талап ететін алып күш иесі. Егер
адам азаматтық қоғамның осындай мүшесі болса, онда ол отбасында не
болатындай құқықтар мен міндеттерін сақтайды. Азаматтық қоғамның өз мүшесін
қорғауы,оның құқықтарын жүзеге асу тиіс, ал индивид өз кезегінде азаматтық
қоғамның құқықтарын сақтауға міндетті.
Гегель көрсеткендей отбасына қарағанда, азаматтық қоғамды құрайтындар
көбінесе тұрақсыз және шиеленістерге бейім болады. Олар жеке мүдденің басқа
бір жеке мүдделермен қақтығысатын күрестің тынымсыз алаңын еске түсіреді.
Азаматтық қоғамның бір элементінің шектен тыс дамуы оның басқа
элементтерінің жойылуына әкелуі мүмкін. Сондықтан азаматтық қоғам
мемлекеттің аясында саяси басқарылмайынша азаматтық болып қала алмайды.
Тек жоғарғы көпшілік билігі – конституциялық мемлекет қана әмбебап саяси
қауымдастықта оның әділетсіздігімен нәтижелі күресін, нақты мүдделерін
жинақтай алады. Осы позицияда Гегель азаматтық қоғам мен мемлекетті
араластырғаны үшін табиғи құқықтың қазіргі теориясын сынға алады.
Азаматтық қоғам Гегель бойынша жеке мүдделер әлемі және сол сияқты,
әлеуметтік дифференциацияның жоғары деңгейін білдіретін қазіргі әлемнің
феномені және әлеуметтік институттардың дамыған жүйесі.
Жоғарыда айтып өткендей тарихи буржуазиялық қоғамда көрініс тапқан,
сондықтан гегельдік burgerlische Gesselschaft[12] түсінігі де осы ойды
білдіреді.
Азаматтық қоғам мәселесіне К.Маркс еңбектерінде де ерекше мән берілді.
К.Маркс азаматтық қоғамның гегельдік моделінің күрделі құрылымын
жеңілдетті. Ол бойынша, азаматтық қоғам жеке меншікке негізделген
буржуазиялық мемлекет қалыптасатын және қызмет атқаратын өзіндік форманы
білдіреді.
Бұл қоғамда адам құқығы жеке эгоистік тұрғыдан емес, қоғамдық тұрғыдан
қаралу керек, мұнда әрбір адам азаматтық қоғамның белсенді мүшесі, оның
талап-тілектері қоғамнан тыс қарастырылмауы керек. Адамдар қызығушылығы мен
құндылықтары қоғамның мүддесімен сәйкес келуге тиіс.
Маркс мемлекетті зерттеуде азаматтық қоғамды сараптауға сүйену
керектігін жақсы түсінді. Ол бойынша мемлекет қоғамды тудырмайды, керісінше
жанұя мен азаматтық қоғам мемлекеттің алғышарттарын құрайды.[13] Маркстің
ойы бойынша жекеменшік маңызды орынды алатын азаматтық қоғам мемлекетті
тудырады, ал мемлекет жанұя мен азаматтық қоғамның тарихи дамуының
нәтижесі, олардың қызмет етуінің негізі болып табылады. Азаматтық қоғамның
іс-әрекеттік, қызметтік сферасы тек қана экономика ғана емес, сонымен қатар
мәдениет, идеология және осылардан туындайтын қоғамдық қозғалыстарды
қамтиды.
К.Маркс Гегельдің көрсеткен азаматтық қоғам мен мемлекеттің қарама-
қайшылықтық табиғатын ары қарай тереңдете түсті. Егер Гегельде бұл қарама-
қарсылық мемлекеттің қарама-қайшылығынан туындаса Маркс оны азаматтық
қоғамның ішкі қарама-қайшылығы арқылы түсіндіреді. Бұл қатардағы ең басты
қайшылық таптық негізден туындайды. Қанаушы мемлекет пен езілуші таптардың
арасындағы қарама-қайшылық одан да күрделі мемлекет пен азаматтық қоғамның
қарама-қарсылығынан келіп шығады.
Азаматтық қоғамның мемлекеттен қарама-қарсылығы адамның әлеуметтік
субъект ретінде екіге бөлінуінен де көрінеді. азаматтық қоғам мен
мемлекет-дейді К.Маркс,-бір-бірінен алшақтаған, сондықтан да мемлекеттің
азаматы азаматтық қоғамның толық мүшесі ретіндегі азаматтан ерекшеленеді.
Шынайы азамат ретінде ол өзін екі бірлестіктен көреді: бюрократиялық ұйымда
және азаматтық қоғам ұйымында[14]
Осылай, адам екіұдай өмір сүруге мәжбүр болады. Азаматтық қоғамда ол
дербес адам ретінде әрекет етіп, ол мұнда басқа адамдарды өзінің іс-
әрекетіндегі құрал ретінде көретін эгоистік жан ретінде көрінеді, және ол
мұнда эмпирикалық шынайылықта өзінің сезімдік, индивидуалдық болмысында
өмір сүреді. Таза шын мағынадағы азамат болу үшін адам азаматтық қоғам
шеңберінен шығып ортақ деңгейге көтерілуі керек, және мұның бірден-бір жолы
әлеуметтік және саяси революция. Мемлекетте адам шынайы индивидуалдықтан
тәуелсіз және ол мұнда жасанды ортақтыққа ие. Бұл-абстрактілі, жасанды адам
қиялдағы суверенитеттің мүшесі. Бірақ мемлекет өміріне қатынаспай ол
қоғамдық жан бола алмайды. Тек осы жерде ғана ол қоғам мүддесін түсінуге
жақындайды.
Азаматтық қоғам мен мемлекеттің қарама-қайшылығы қоғамдық өмірдің
және оның әртүрлі сфераларының бөлінуінің процесі болып табылады. Азаматтық
қоғам мемлекет ерекше саяси сфераға көтерілгенде пісіп жетіледі.
Буржуазиялық революция сословиелік артықшылықтармен қатар азаматтық
қоғамнан саяси құрсауды да алып тастады және оны иеилекеттен бөліп алады.
Мемлекеттің азаматтық қоғамнан алшақтау процесі бір жағынан оның мемлекет
әсерінін және езгісінен босауына және екінші жағынан азаматтық қоғам
тарапынан әртүрлі құқықтық және басқа да әлеуметтік институттар арқылы
мемлекетті бақылауға алуына алып келеді. Осылай азаматтық қоғам Маркс
түсінігінде мемлекеттің үстем билігінен босанған және оны өзінің бақылауына
алған буржуазиялық қоғам болып табылады.
XX ғасырдың 70-жылдары азаматтық қоғам концепциясы социалистік авторитаризм
атап айтсақ поляк А.Михник, итальяндық Н.Боббио, неміс Ю.Хабермас
еңбектерінде қайта жандана бастады. Азаматтық қоғамды мемлекет-қоғам
дихотомиясы түрінде қараған Гегель, Маркс, Грамши еңбектерінің үлесі зор
еді.
Мемлекет-қоғам түсінігі XIX ғасырда кең мағынада қаралғанымен XX
ғасырдағы саяси жәнеәлеуметтік ғылымдарда, философияда мүлде қолданылмаған
еді.[15]
Азаматтық қоғам түсінігін жаңа қырынан зерттеген мықты Маркстік
теоретиктердің бірі-Антонио Грамши болды. Оның 70-жылдардағы танымал
еңбектері азаматтық қоғакм мәселесіне қызығушылық тудырды. Капиталистік
қоғамдағы буржуазияның үстем ету механизмін зерттеп зерделей келе, Грамши
оның 3 құраушы бөлігін яғни 3 қоғамды, атап айтсақ: экономикалық қоғам
немесе базис (буржуазияның экономикалық негіздегі үстемдігі, оған ұқсату
мен үлестіру кіреді екен) , саяси қоғам (мемлекеттік аппарат көмегімен
мәжбүрлеу арқылы толық мағынадағы үстемдік етуі) және соңғысы азаматтық
қоғам (олар түрлі одақтар, көбіне жеке мағынада - партия, кәсіподақтар,
шіркеу, т.б.) Саяси және азаматтық қоғам бір - бірімен тығыз байланыста
себебі екі ұғым бірігуінің нәтижесінде үстем етуші кластардың билігі жүзеге
асады. Жоғарыда келтірген 3 қоғам бірігіп төменнен (түрлі одақтардың
құрылуынан) және жорғарыдан ( экономикалық деңгейден саяси деңгейге
өтуінен) бір деңгейде мемлекеттік билікті құру іске асады. Осы базис
бойынша қайта құруды Грамши тарихи одақ[16] деп көрсетті.
Азаматтық қоғамның маңызды ұйымы-саяси партия билікке пар-ла-ментке
көп орынмен немесе басқа да жолдармен келе отырып, жәжбүрлеу немесе бейбіт
түрде үкіметті қадағалап, мемлекетті басқарады екен. Саяси және азаматтық
қоғам түсінігі арасындағы тығыз шиеленісті байланыс мемлекетті кең мағынада
қарауға негіз болады,-дей келе , Грамши ,-мемлекет(саяси қоғам+азаматтық
қоғам болғанда ғана гегемонияға жол жоқ[17],-деп түйеді.
Грамшидің пайымдауынша , азаматтық қоғам орнату үшін сол елдің ұлттық
ерекшеліктеріне негіздей отырып азаматтық қоғам структурасын жан - жақты
талдау қажет. Керісінше, іс - жүзінде еш зерттеусіз енгізу –гегемонияға
әкеліп тірейді екен.
Оңтүстік-Шығыс Европа елдерінің соңғы 10 жылын азаматтық қоғам үшін
күрес ретінде тарихта көрсетуге болады. Итальяның ірі философтарының бірі -
Норберто Боббио көрсетеді: Біз саясатты тек мемлекет көзқарастарымен
шектеп қарауды үйренгенбіз. Ал қазір біз көбіне саясатты қоғам
көзқарастарымен қараудамыз. Осылай, біз көзқарастарымыздың бағытын
өзгерттік. Мемлекеттің ұлттық теориясында қоғамға мүлде орын болмады, тек
мемлекет,саяси жүйе ғана мойындалған еді. Бүгінгі таңда демократиялық
структурамыз дамып, біз мемлекеттен гөрі қоғамға баса назар аудара
бастадық. Мемлекетті бүкіл қамтылған жүйе емес, тек ғаламдық әлеуметтік
жүйенің белгілі - бір тармағы ретінде қараймыз[18].
Боббионың көрсетуінше жоғарыдағы қаралған мәселе демократия
мәселелерін зерттейтін ғалымдар арасында үлкен дау тудырған еді. Ал қазір
мәселе мына сұрақта болып отыр: мықты мемлекет немесе мықты қоғам ба?
Ғалымдар ойынша, қазіргі кезде демократияның қасжауы деп азаматтық қоғам
мүлде жоқ және азамат тәуелді болған тоталитарлы мемлекет екен. Сәйкесінше
демократия азаматтық қоғам қызмет ету арнасы кеңейе береді, ал мемлекеттің
қызмет ету арнасы тарыла беретін[19] саяси жүйе ретінде қаралады.
Азаматтық қоғамның кең мағынада тек индивидуалды либералдық
тенденциядан тұрмайды екен, сонымен қатар ол коллективті және топтық дәстүр
ретінде де қаралады. Осы тақырыпты жете зерттеуші ағылшын тарихшысы және
саясаттанушысы Э.Блэк көрсеткендей Еуропада азаматтық қоғам түрлі
коллективті структура - еркін қалалар, қолөнер гильдиялары, коммуналар мен
корпорациялар негізінде қалыптасты. Олар ақырындап саяси демократияның
табиғи ортасын төменнен, яғни түп-тамыры деңгейінен қалыптастырды.
Блэк пікірі бойынша азаматтық қоғам құндылықтары мен элементтері
Еуропада XIII ғасырда қалыптасқан және оған төмендегідей түсініктер кіреді:
1) жеке қауіпсіздікті талап ету;
2) кез-келген жақ доминиондығынан еркін болу;
3) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының пәні, әдісі
Азаматтық бірегейлік мәселелерін зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері
Табиғи қорларды бағалау
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПТЕРІ
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы біріккен провинциялар Республикасындағы экономикалық өзгерістер
Мәдениет құрылымы
Мемлекет белгілері, функциясы және органдары
Мемлекеттің пайда болу теориялары
Философиялық құндылықтар мен идеалдар
ДАРЫНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Пәндер