Фразеологизмнің сөз тіркесіне ену тәсілі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 .Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

1.1 Сөз тіркесінің ситетикалық тәсіл арқылы байланысуы ... ... ... ... ... ... 9

1.2 Сөз тіркесінің аналитикалық тәсіл арқылы байланысуы ... ... ... ... ...12

2. Фразеологизмнің байланысу тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

2.1 Аналитикалық тәсіл арқылы байланысқа түсетін
фразеологизмдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

2.2 Синтетикалық тәсіл арқылы бйланысқа түсетін
фразеологизмдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады. Екіншісі – бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді.Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды.
Фразеологизмдердің тек өзіне ғана тән өзгеше белгілері бар. Осы белгілер тілдің бұл категориясын өз алдына жеке сала ретінде қарастыруға итермелейді. Әрі тілдің басқа единицалардан айырмасын айқындайтын негізгі ерекшелік болып табылады. Бұл белгілердің түрі мына төменгідей:
а) лексикалық мәні.
ә) копаненттік құрамы.
б) грамматикалық категориялардың түрі.
Бұл белгілердің тек фразеологизмдерге қатысты екенін дәлелдеу үшін сол фразеологизмдерді тілдік единица сөзбен жәй сөз тіркесімен салыстыру қажет. Екеуінің де фразеологизмдермен ортақтасып кететін белгілері бар.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Тіліміздегі фразеологизмдерді тіл білімінің синтаксис саласында зерттеу де оның ашылмаған сан қырының бірі.Фразеологизмдерді зерттеу арқылы тек тілдің өткенін,түп-тамырын ғана емес,сол тілді қолданушы мәдениетін терең білуге болады.Осыдан келіп фразеологизмдерді зерттеушілер синтаксисте оның ішкі байланысына ғана тоқталады.Сөз тіркесі негізінде іштей берік жымдасқан фразеологизмдердің сөйлем ішінде қалай байланысқа түсетіні жайлы зерттеу-тақырыптың өзектілігі болып танылады. Сөйлемде белгілі бір сөз табының орнына қолданылатын фразеологизмдер сөз таптарымен сөз тіркесін құрап барып сөйлемге енеді.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

ФРАЗЕОЛОГИЗМНІҢ СӨЗ ТІРКЕСІНЕ ЕНУ ТӘСІЛІ

Орындаған:
Ж.Құрмантаева
4 курс студенті

Ғылыми жетекшісі:
Ф.ғ.кандидаты
М.Қ.Мамаева

Норма бақылаушы:
Ф.ғ.к, доцент
Ә.Әміров

Қорғауға жіберілді:
____ ___2006ж.

Кафедра меңгерушісі:
ф.ғ.д., профессор
Б.Қ.Момынова

Алматы 2006ж.

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: Фразеологизмнің сөз тіркесіне алу тәсілі.

Жұмыстың көлемі: 35 беттен тұрады.

Жұмыстың құрылымы: кіріспе, 2 бөлім, қорытынды, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен құралған. Жұмыс барысында 29 оқулық пен диссертациялық
жұмыстардан, авторефераттар мен мақалалардан алынған сілтемелер мен
мәліметтер пайдаланылған. Көркем шығармалардан мысалдар пайдаланды.

Тірек сөздер:
- Фразиологизм, фразеологизм сөз тіркесінжасауы;
- Аналитикалық тәсілмен байланысқан фразеологизмдер;
- Синтетикалық тәсілмен байланысқан фразеологизмдер;
- Заттық мағыналы фразеологизм;
- Сындық мағыналы фразеологизм;

Жұмыстың мақсаты мен міндеті:
1) Фразеологизмнің сөз тіркесіне ену тәсілінің сырын ашу.
Фразеологизмнің сөз тіркесін жасаудағы аналитикалық және синтетикалық
тәсіліне түсінік беру.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 .Сөз тіркесінің байланысу
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1.1 Сөз тіркесінің ситетикалық тәсіл арқылы
байланысуы ... ... ... ... ... ... 9

1.2 Сөз тіркесінің аналитикалық тәсіл арқылы
байланысуы ... ... ... ... ...12

2. Фразеологизмнің байланысу
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .20

2.1 Аналитикалық тәсіл арқылы байланысқа түсетін
фразеологизмдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

2.2 Синтетикалық тәсіл арқылы бйланысқа түсетін
фразеологизмдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Кіріспе

Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады.
Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің
саласы деген ұғымда қолданылады. Екіншісі – бір тілдегі фразеологизмдердің
тұтас жиынтығы дегенді білдіреді.Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп
біткен ғылым деп айтуға болмайды.
Фразеологизмдердің тек өзіне ғана тән өзгеше белгілері бар. Осы
белгілер тілдің бұл категориясын өз алдына жеке сала ретінде қарастыруға
итермелейді. Әрі тілдің басқа единицалардан айырмасын айқындайтын негізгі
ерекшелік болып табылады. Бұл белгілердің түрі мына төменгідей:
а) лексикалық мәні.
ә) копаненттік құрамы.
б) грамматикалық категориялардың түрі.
Бұл белгілердің тек фразеологизмдерге қатысты екенін дәлелдеу үшін
сол фразеологизмдерді тілдік единица сөзбен жәй сөз тіркесімен салыстыру
қажет. Екеуінің де фразеологизмдермен ортақтасып кететін белгілері бар.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Тіліміздегі фразеологизмдерді тіл
білімінің синтаксис саласында зерттеу де оның ашылмаған сан қырының
бірі.Фразеологизмдерді зерттеу арқылы тек тілдің өткенін,түп-тамырын ғана
емес,сол тілді қолданушы мәдениетін терең білуге болады.Осыдан келіп
фразеологизмдерді зерттеушілер синтаксисте оның ішкі байланысына ғана
тоқталады.Сөз тіркесі негізінде іштей берік жымдасқан фразеологизмдердің
сөйлем ішінде қалай байланысқа түсетіні жайлы зерттеу-тақырыптың
өзектілігі болып танылады. Сөйлемде белгілі бір сөз табының орнына
қолданылатын фразеологизмдер сөз таптарымен сөз тіркесін құрап барып
сөйлемге енеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Фразеологизмдердің сөз тіркесінің
бағыныңқы,басыңқы сыңарында жұмсалу ерекшеліктеріне сай
аналитикалық,синтетикалық тәсілмен байланысқа қалай еніп,сөз тіркесін
құраудағы басқа да ерекшеліктерін ашу.Осыдан төмендегі міндеттерді шешу
көзделеді:
-фразеологизмнің синтетикалық тәсілмен байланысу үшін тұтасымен
беретін мағынасын анықтау;

-қандай мағыналы фразеологизмдер аналитикалық тәсілмен
байланысатынын нақтылау;
Зерттеу жұмысының әдістері мен дереккөздері: Жұмыс барысында
сипаттама әдісі,компоненттік талдау әдісі,зерттеу жұмысына қажетті нақты
мәліметтерді жинақтау әдісі қолданылды.Қажетті теориялық материалдар қазақ
тіл

білімінде:І.Кеңесбае,М.Балақаев,К.А ханов,А.Ысқақов,Р.Әміров,Т.Сайрамба ев,Ә.Б
олғанбаев,С.Сәтенова, Г.Смағұлова т.б.орыс В.В.Виноградов, Н.М.Шанский,
В.Н.Телия; түркітануда:
Н.К.Баскаков, А.Н.Кононов, Е.И.Убрятова,А.З.Гаджиева т.б. тілші
мамандардың еңбектеріненалынды.Ал қажетті тілдік материал І.Кеңесбаевтың
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен(1977ж.),сондай-ақ көркем әдебиет
пен баспасөз материалдарынан жиналды.
Зерттеудің жаңалығы мен нәтижелері:Қазақ тіліндегі фразеологизмдер
сөз тіркесін құрайтын компонент ретінде арнайы зерттелді.Олар жиналған
тілдік мәлімет бойынша топталды,нәтижелері төмендегідей:
-аналитикалық тәсілмен байланысқан фразеологизмдер айқындалды;
- синтетикалық тәсіл арқылы байланысқан фразеолгизмдердің мағынасы
айқындалды;
- фразеологизмнің сөз тіркесін құрауына қатысатын дәнекер
сөздер(көмекші есімдер,көмекші етістіктер,шылаулар арқылы құрауы)
анықталды;
- фразеологизмнің байланысу тәсілдерін зерттеу барысында сөз
тіркесіне қатысты тұжырымдар нақтыланды;
Фразеологизмдерді сөз тіркесінің бір сыңары ретінде зерттеу сөз
тіркесі синтаксисіндегі әлі күнге басы ашылмай келе жатқан мәселелердің
шешілуіне үлес қосты.
Зерттеудің нәтижелерін қазақ тілінің фразеология,синтаксис
салалары бойынша оқылатын дәрістерде білім беруде толыққанды мағлұмат беру
үшін пайдалануға болалы.

1 Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері.

Сөз тіркесінің жасалуы үшін оның құрамындағы сөздер мағыналық және
грамматикалық жақтан байланысқа айтылуы шарт. Сөз тіркестері, әдетте,
тілдің грамматикалық құрылысындағы заңдар, атап айтқанда, сөздердің бір-
бірімен тіркесу заңдары бойынша жасалады да, әрбір тілде сөз тіркестерінің
үлгілері (модельдері) пайда болады. Бұл жайында К.Аханов: Сөз
тіркестерінің және олардың модельдерінің жасалуында ұйытқы сөздің қай сөз
табынан болуының үлкен мәні бар. Сөз тіркесінің құрылымы, әдетте, оның
құрамындағы ұйытқы сөздің грамматикалық табиғатына, атап айтқанда, қай сөз
табына қатысты болуына қарай айқындалады. Сөз тіркесін құрастырушы
сөздердің өзара қарым-қатысы мен байланысының сипатын айқындауға, ол
сөздердің жалпы категориялық мағынасының тікелей қатысы бар - дейді[
1;379]. Мысалы, заттылық мағынаны білдіретін сөздер тобы (зат есімдер)
ұйытқы (басыңқы) сөз ретінде қолданылғанда, атрибутивтілік (сын, сапа, түр-
түс және т.б. белгілер) мағынаны білдіретін сөздермен (сын есімдер)
тіркесуге және анықтауыштық қызметте жұмсалатын сан есімдер, есімшелер және
есімдіктермен тіркесуге икем келеді де, атрибутивті сөз тіркестері және
олардың моделі жасалады. Мысалы, мен жазба өлең ермек дегендер – бытыраңқы
сөздер. Бұл сөздер біршама аяқталған ойды білдіретіндей сөйлем құрамына
енгенде – Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін ... дегендей синтаксистің
байланысқа еніп, өзара тіркесіп тұруға тиіс. Сонда мен деген сөз жазбаймын
деген сөзбен байланысып, екінші тіркес болады, ермек үшін деген сөзбен
жазбаймын деген сөзбен байланысып үшінші тіркес жасалады. Сын есімдер
заттардың сапасын ,белгісін білдіріп, сөз тіркесінің тәуелді,бағыныңқы
сыңары ретінде қызмет атқарумен бірге (мысалы:ақылды адам,бай колхоз)өзінің
алдындағы есімдердің атау мен іліктен басқа септіліктердің бірінде тұруын
керек етіп,сөз тіркесінің басыңқы сыңары ретінде деқызмет атқара
алады(мысалы:ақылға бай,сөзге шебер,қаладан алыс,тастан қатты және т.б.)
Етістіктер тіл-тілде тіркесу мүмкіндігі өте –мөте мол сөз табы
ретінде есептелінеді.Әртүрлі іс әрекеттің,қимылдың мазмұнын ашу үшін іс
істеушінің,іс-әрекеттің шығу тегінің,қалай болғандығының көрсетілуі
қажет.Осыған орай,етістіктер ұйытқы сөздер ретінде өзіне бағынышты зат
есімдермен де,үстеулермен де,көсемшелермен де,еліктеу сөздермен детіркесе
береді.
Сөздердің бір-бірімен тіркесу мүмкіндігінің молдығы немесе аздығы ол
сөздердің сөз табы ретінде жалпы категориялдық мағынасымен тығыз
байланысты.Мысалы,үстеулер қимылдың алуан түрлі белгілерін білдіруіне орай,
әдетте, зат есімдермен емес,көбінесе етістіктермен тіркессе ,сын есімдер
мен есімшелер заттардың алуан түрлі белгілерін білдіруіне орай, көбінесе
зат есімдермен тіркеседі,олардың анықтауыштары ретінде қызмет атқарады[ ].
Сөз тіркесінің синтаксисі туралы мәселе түркологияда,оның ішінде
қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттелуде.Көрнекті түркологтар
А.Гордллевский, А.П.Поцелуевский, Н.А.Баскаков, П.К.Дмитриев, А.Н.Кононов
т.б. ғалымдардың зерттеулерінде түркі тілдерінің негіздерінде сөз тіркесі
туралы айтылған тұжырымдар мол.
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесі туралы ілімнің жалпы теориялық
мәселелерін негіздеген М.Балақаев. Сөз тіркесінің дамуы, құрылысы, түрлері,
формасы жан-жақты зерттеле бастады.Ал олардың бір-бірімен байланысы,яғни
сөз тіркесінің байланысу тәсілдері осы уақытқа дейін арнайы зерттелінбей
келеді.Алайда көптеген ғалымдардың сөз тіркесінің байланысу тәсілдеріне
қатысты айтқан пікірлері баршылық.
Байланысу тәсілдері әзірше түркологияда да,қазақ тіл білімінде де
тек оқулықкөлемінде ғана айтылып жүр.Тіпті байланысу тәсілдерінің атауы
туралы көзқарас әртүрлі. Мысалы: Е.И.Убрятова,Н.З.Ғаджиева мен
Б.А.Серебренниковтар сөздердің бйланысу формаларын байланысу тәсілдері деп
атайды[3;31 ].
Кейбір ғалымдар сөз тіркесінің байланысуы туралы айтқанда оларға
тек дәнекерлердің ізімен ғана тоқтай келіп,сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары
мен басыңқы сыңарлары орын тәртібі,шылаулар,жалғаулар,интонаци я арқылы
байланысады дейді [4;164 ].
Енді бір ғалымдар сөз бен сөз төрт дәнекер арқылы
байланысатындығын айта келіп,онан кейін оларды әрі қарай
аналитикалық,синтетикалық деп қосымша беріп отырады[5;14]. Сөз тіркесінің
байланысу тәсілдерін бір дегеннен аналитикалық және синтетикалық деп беруде
орын алған[6;13 ].
Ал кейбір еңбектерде сөз тіркестерін байланысу тәсілдеріне қарай
аналитикалық,синтетикалық деп бөле келіп,оған үшінші етіп аналитико-
синтетикалық тәсілдерін де қосады[7;44-45 ].
Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері жайлы бұлайша әртүрлі болуының
өзі бұл саланыңаз зерттелгенін білдіреді.Біз байланысу тәсілдері жайлы осы
пікірді ескере келіп сөз тіркестерінің байланысу тәсілдерін үшке бөліп
қарастырғанды жөн көрдік.
1.Синтетикалық байланысу тәсілі.
2.Аналитикалық байланысу тәсілі.
3.Аналитико-синтетикалық байланысу тәсілі[ 8;60].
Сөз тіркесінің синтаксистік қызметін М.Балақаев, Т.Сайрамбаевтың
Қазіргі қазақ тілі еңбектерінде айтады. Яғни сөздер тіркесу арқылы сөйлем
құрай алады. Сөздердің байланысуы үшін синтаксистік тәсілдер қолданылады.
Көбіне М.Балақаев, Т.Сайрамбаев Қазіргі қазақ тілі еңбектерінде 1.
Жалғаулар (септік, көптік, тәуелдік, жіктік). Мысалы:жастардың міндеті
деген сөз тіркесіндегі екі сөздің алдынғысы ілік жалғауда, соңғысы тәуелдік
жалғауда айтылу арқылы байланысқан. 2. Шылаулар (демеулер, жалғаулықтар).
Отаным үшін аттанам,, көрген сайын сұрайды дегендер шылаулар арқылы
байланысқан. Интонация. Бұл –кітап, Жақып бригадир интонация арқылы
байланысқан[ 9;38]
Сөз тіркесін зерттеп жүрген ғалымдар сөз тіркесі құрамындағы
сөздерді байланыстырып тұрған дәнекерліктердің ерекшеліктері жайлы пікірлер
білдірді.Мәселен,М.Балақаев сөз бен сөзді байланыстыруда дәнекер болатын
синтаксистік тәсілдерге жалғауларды,шылауларды,сөздердің орын тәртібін және
интонацияны жатқызады да,сөз тіркесі құрамындағы сөздердің қосымша арқылы
байланысуын синтетикалық байланыс,ал қосымшаларсыз орын
тәртібі,интонация,шылаулар арқылы байланысуын аналитикалық байланыс деп
қарайды.
Профессор Р.Әміров сөз бен сөзді байланыстыру тәсіліне
жалғауларды(септік,көптік,жіктік),ш ылауларды(жалғаулық,
септеулік),орын тәртібі және интонацияны жатқызады.
Қосымшаларды синтетикалық,ал қалғандарын аналитикалық тәсілге
жатқызады.М.Балақаев жоғарғы оқу орнына арналған оқулығында 1977 сөзді
байланыстыруға шылаулармен қатар көмекші есімдерді қосады.
Ал,проф.Т.Сайрамбаев сөз тіркесі құрамындағы сөздерді
байланыстыруға шылаумен бірге көмекші есімдіктер де,көмекші етістіктер де
және модаль сөздер де қатысады дей келіп,оларды бір сөзбен көмекші сөздер
деген атпен атауды қуаттайды[10;60 ].
Ал енді сөз тіркесіндегі синтетикалық байланысу тәсіліне тоқталайық.

1. Сөз тіркесінің синтетикалық тәсіл арқылы байланысуы

Синтез-сөзінің өзі қарапайымдеген мағынаны береді.
Синтетикалық тәсіл осы уақытқа дейінгі еңбектерде тек төрт жалғаулықтың
қатысы арқылы жүзеге асады делінеді. Олар: 1 септік, 2 көптік, 3 жіктік,
4 тәуелдік. Септік жалғау мен көптік жалғау сөз тіркесінің бағыныңқы
сыңарына жалғану арқылы екі сөзге дәнекер болса, ал жіктік жалғау мен
тәуелдік жалғау сөз тіркесінің басыңқы сыңарының жалғануы арқылы қатысты
болады. Осының ішінде септік жалғауының басқа жалғауларға қарағанда сөз бен
сөзді байланыстырудағы маңызы ерекше.
Септік жалғауы басқа сөздермен, біріншіден, сабақтаса байланысса,
екіншіден, сол сөздердің байланысының нәтижесінде грамматикалық қосымша
мағынаға ие болады:
Мысалы: Наримнды ымдап шақырып еді –деген сөйлемдегі сөз тіркесі-
Нариманды шақырып еді.
Септік жалғаулары синтаксистік қатынасты білдіреді. Мысалы, барыс
септігіндегі сөз беталысты, бағытты, мақсатты, мезгілді білдіреді. Септік
жалғаулармен жасалған сөздер мағынаның үйлесімі бар етістіктермен ғана сөз
тіркесін құрай алады. Мысалы, машинаның деген сөз бұз, жөнде, айда, жу,
сүрт, ал, бер т.б. сөздерді керек етеді.Ал машинаны оқы деп еш уақытта
айтпаймыз.
Жалғаулар өз орнымен ауытқымай жалғануы тиіс.Ілік жалғаулы сөздер
арқылы негізінде есімді сөз тіркестері де,ал басқа жалғаулар арқылы әрі
есімді,әрі етістікті сөз тіркестері жасалады.Ілік жалғауы міндетті түрде
тәуелдік жалғауын қажет етеді.Ілік жалғауында зат есім мен есімдік
жұмсалса,онан кейінгі орында сын есім,сан есім.есімше т.б.жұмсалады,кейде
қимыл есімі де жұмсалады.Ілік жалғаулы сөздер үнемі өзі басыңқы сөзімен сөз
тіркесін құрауға қатыса бермейді.Мысалы:Бір елдің ішінде жамағайынды кісі
бірге туғандай көріп,іші елжіреп,жақсы көріп тұрып елге келсе,әрбірден соң
қайта қашқандай қылатұғыны қалай деген сөйлемдегі ілік жалғауындағы ел зат
есімі ішкі көмекші есіммен байланысып сөз тіркесін құрай алмайды.Тек
түйдекті тіркес құрауға қатысты.Сонымен ілік жалғауы үнемі сөз бен сөздің
арасын байланыстыруғақатысты бола бермейді екен. Осы сияқты әр септік
жалғанған сөз тіркестері белгілі мағына беретін синтаксистік қызметтері
бар. Мысалы, шығыс, жатыс, барыс, көмектес жалғаулары жалғанған сөздерін
негізінде етістікпен байланыстырып тұрады. Есімдермен тіркесуі актив
құбылыс емес. Барыс жалғаулы сөз тіркесі.Бұл жалғау қимыл процесінің әр
алуан бұлтарысына сәйкестене заттың немесе субстантивтеніп тұрған сөз
табының етістікке қатысын орнықты етеді.Көбінесе барыс жалғаулы сөз өзіне
салт етістікті керек етеді.
1.қимылдың бағдарынүйге кету,алға ұмтылу
2.мекенінтөсекке жату,атқа міну
3.кісінің іске әрекетінәңгімеге араласу,жиналысқа қатысу ішкі
қатысын сену,сөзге сену
4.кісінің не басқа заттың қабылдау күйініске зер салу.
Табыс септігінің жалғауы міндетті түрде адамның қимыл- әрекетін, ісін
білдіретін етістің тіркесуін қажет етеді. Шығыс жалғауы тіркесінде әр түрлі
қосымша мағына пайда болады. Мысалы, Екі жеңгелі, екі қолтығынан алып
дедектеткен күйі ортаға шығармасы бар ма?
Мен қасыңда жүргенде ешкімнен қорқушы болма. Шығыс жалғаулы есімдер
өздеріне мына етістіктерді керек етеді: шығу, шығару, қайтару, қайту,
қарау, қарату, тастау, тастату, алу, тою, тойғызу, т.б[ 11;44-45].
Тәуелдік жалғауы да А.Ысқақов айтқандай марфологиялық,
синтаксистік және аралас тәсіл арқылы жасалады. Бұл жалғаулар матаса
байланысатын сөздердің бағындырушы сыңары болып (басыңқы) ол сөзді ілік
жалғаулы сөзбен ұштастырады, бірақ ол жалғанған сөзін екінші сөзге тікелей
бағындырушы бола алмайды. Сондықтан тәуелдік жалғауларының үстіне септік
жалғауы жалғанып, сол арқылы ол сөздерді басқа етістіктер кейде есімдер
жетектеп тұрады[12;18 ].
Тәуелдік жалғаулы сөздер матаса байланысқан сөз тіркесін құрауда
үш түрлі жағдайда кездеседі.
1.ондай тіркесте тәуелдік жалғауы үнемі айтылатын болса,
2.бағыныңқы сыңары біз,сіз есімдіктері болып келгенде тәуелдік
жалғауы түсіріліп те,түсірілмей де айтыла береді.
3.сөйлем ішінде өзінен кейін тағы да септік жалғаулары да келе
береді,ондай кездерде тәуелдік жалғауының сөз бен сөзді жалғастыру қызметі
солғындап,өзінен кейінгі сөз ғана ондай қызметке ие болады.
Тәуелдік жалғаулы сөз матаса байланысады:Байжанның баласы Апақ суыр
інінен шыққан жылтыр тас көмірге кездеседі.
Қиыса байланысады:Ағаш көркі-жапырақ,адам көркі-шүберек.
Мұндай құбылыс негізгі сөз бен көмекші сөздер келгенде соның соңына
жалғанып барып та жұмсалады.
Жіктік жалғауы қиыса, меңгеріле, қабыса байланысқан сөз
тіркестерінің басыңқы сыңарларына жалғанады. Жіктік жалғауына бейім
етістік, әрі есімдер, баяндауыш қызметінде жұмсалады. Сөйлемнің баяндауышы
қызметінде бірнеше жалғау соңынан жалғанады. Мысалы, Біз үйдеміз.Кейде
жіктік жалғаулары көптік жалғауларының алдында келеді.Мысалы: Оқа емес
сендер өз аттарыңды тарихта онсыз да қалдырдыңдар.Түркологияда жіктік
жалғауын баяндауыштың предикатжалғау немесе баяндауышкатегориясының
тұлғасы деп атайды.Жіктік жалғауы Н.К.Дмитриевтің көрсетуі бойынша, сөзге
қосымшалар жалғану кезінде марфологиялық категория деп саналса да, өзінің
мәні жағынан баяндауыштық категория жіктелу таза синтаксистік қызмет
атқарады. Жіктік жалғау өзінің жалғанған сөзіне тек қана жақтық мағына
үстейді, яғни предикативтік реңк береді[13;61-91 ].
Жіктік жалғау сөз қатынасына қатысады, баяндауыш болатын сөзге
жалғанады.
1. Функциялы етістіктен соң жалғанады.
2. Отыр, жатыр, тұр, жүр етістіктерінен кейін жұмсалады.
3. Етістіктің өзіне жіктік жалғуы біркелкі жалғанбайды.
4. Есімдердің бәріне емес, адамға қатысты есімдерге жалғанады.
Көптік жалғауы сөз бен сөзді байланыстыруда сөздің ішінде келмей
өзі сол сөзге жеке жалғанған кезінде жүзеге асса керек. Мысалы, Оразбайдан
басқалар тоқымсыз ба? Мұнда әрі басқалар сөзі тоқымсыз сөзімен қиыса
байланысқан сөз тіркесін құрап тұр. Сонымен байланысу формаларының ішінде
көптік жалғау қиысады. Көптік жалғау сөз тіркесінің бірінші, екінші,
сыңарларына да жалғанады. Бірақ бастауыш болып тұрған сыңарына
жалғанады.Кейде баяндауышы етістік емес есім болғанда оған көптік жалғауы
жалғанады.Көптік жалғауы сөз бен сөзді байланыстырудағы осындай
ерекшелігіне сай екіге бөліп қарастыруға болады.1.Көптік жалғауы –лар,-лер
сөздерді өзара байланыстыруға қатысады,бірақ ол бағындырушы тұлға
болмайды.Мысалы:Жұмысшылар кіре бастаса-ақ болды деген сөз тіркесіндегі
–лар көптік жалғауын алып тастаса,жұмысшы кіре бастаса-ақ болды деп те
айтуға болады.2.Есімдіктерге көптік жалғаулары жалғанса ол сөз екінші
сөздің көптік жалғауда тұруын талап етеді.Мысалы:Сіздер кіріңіздер
Көптік,жіктік жалғаулары сөз бен сөзді байланыстыру қызметін
атқарады,бірақ сөз тіркесін құрай алмайды.Сонымен сөз тіркесінде
аналитикалық байланысу тәсілінің қызметі зор деп атайды[ 14; 8].

2. Сөз тіркесінің аналитикалық байланысу тәсілдері

Аналитикалық деген сөздің өзі грек тілінің Ажыратушың деген
сөзінен жасалған термин сөз. Сөз тіркесінің аналитикалық байланысу тәсіліне
сөздердің орын тәртібі, көмекші сөздер, интонация кіретіні белгілі. Алайда
сөз тіркесіне қатысты еңбектерде түрліше көзқарастар бар.Мәселен, профессор
М.Балақаев аналитикалық тәсілдер қатарына шылауларды, сөздердің орын
тәртібі мен интонацияны жатқызады.Ал профессор Т.Сайрамбаев сөз тіркесі
құрамындағы сөздерді байланыстыруға шылаумен бірге көмекші есімдер
де,көмекші етістіктер де және модаль сөздер де қатысады дей келіп,олрды бір
сөзбен көмекші сөздер деген атпен атауды қуаттайды.Біз де бұл пікірге
қосыла отырып,байланысу тәсілінің бір түрін жалпы көмекші сөздер деп алдық.

Аналитикалық тәсіл сөздің сыртында болады, яғни көмекші сөздер,
сөздердің орын тәртібі және интонация тәсілдерін қамтиды.
Сөздердің орын тәртібі. Бұл тәсілде белгілі - бір жүйелік бар. Сөз
тіркесінің сыңарлары қалай болса солай тіркесе салмайды. Біздіңше,
жалғаусыз, тұрған орнына қарай байланысқан сөздердің байланысы берік
болады. Сөз тіркесінің құрамындағы сыңарларының орны ауысса, онда бүтіндей
сөз тіркесінің білдіретін мағынасы өзгеріп кетеді. Мысалы, Көз әйнек, әйнек
көз.Бірінші сөз тіркесінде нақты қатынасты білдірсе, екінші сөз тіркесінде
предикаттық қатынасты білдіреді. Сөздердің орны тәртібі сөз тіркесіне
қатысты грамматикалық мағыналарды айқындауда жетекші қызмет атқарады.
Қосымшалардың тиісті орында бірде қолданылып,бірде қолданылмауы
тілдің қазіргі даму сатысында кездейсоқ бірлі-жарым құбылыстарға жатпайтыны
ақиқат.Қосымшалардың контексте түсіп қалуының өзіндік заңдылығы
бар,қосымшаларды кез келген жерде түсіріп айта беруге келмейді.Сондықтан
қандай конструкцияда,қандай тіркесте,қандай қоршауда,тіпті қандай сөздерде
түсіріп айтуға болатынын немесе болмайтынын ашу қажет-ақ[15;24].
Орын тәртібінің жасалуы қазақ тілінде мыналар:
- септелмей қолданылатын сын есім, сан есім, есімше, еліктеуіш, үстеу.
- септеулік жалғауларының түсіріліп қолданылуы.
- грамматикалық байланысқа түспейтін оқшау сөздер.
- бірыңғай мүшелер.
- шылау, модель сөздер.
- атаулы сөйлемдер.
Мысал келтірейік..
Тоғыз белбеу, қос жібек,
Ескі мұрын, бір шүмек
Тоғыз белбеу-зат есмді тіркес, анықтауыштық қатынас, сын есім мен зат
есімнің тіркесінен жасалған. Бір шүмек тіркесі де осылай жасалған. Ескі
мұрын, қос жібек-есімді тіркес, анықтауыштық қатынаста тұр. Сын есім мен
зат есім сөз таптарынан жасалған.
Сөздердің орын тәртібі,көбінесе,сын есім мен зат есім және зат есім
сөз таптарынан жасалады.Атрибутивтік қатынаста тұрып ,сыңарына бағына
жұмсалады.Орын тәртібінің сөз тіркесіндегі мағыналық топтарына тоқталайық.
Анатомиялық атау:асық жілік,тоқпан жілік,кәрі жілік,т.б.
Биологиялық атау:жер жаңғақ,көгілжім түлкі құйрық.
Географиялық атау:қара топырақ,сары топырақ.
Математикалық атау:жай бөлшек,тік бұрыш,бұрыс бөлшек.
Физикалық атау:жай зат, дөңгелес линза.
Тұрмысқа қатысты атау:көз ақы,тіл ақы,өкіл әке.
Философиялық атау:әлеуболмыс,рухани тәрбие.
Тарихи атау:Орта жүз,Ұлы жүз.
Кейде анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің интонацияның
қатысы арқылы жазылады.Қиыса байланысқан сөз тіркестері пайда болады.
Мысалы:ағаш отын=Ағаш – отын;бұл бала-Бұл-бала.
Бұған қарағанда интонациялық құбылыс сөз тіркесінің бір байланысу
формасындағы сөз тіркестерін екінші бір байланысу формасына ауыстырудың
біртәсілі ретінде қолданылады.
Интонация. Интонация синтаксистік мағынаны білдіруші тәсілдердің
бірі. Орыс тілінің синтаксисіне байланысты көптеген күрделі мәселелермен
айналысып үлкен еңбек жазған көрнекті ғалым А.И.Пешковский интонация мен
синтаксистің байланысына олардың ара-қатынасына арнайы еңбек жазған. Сондай-
ақ Л.В.Щерба, А.Б.Шапиро, Богородицский т.б. ғалымдар интонацияны
қарастырды.Қазақ тіл білімінде Қ.Жұбанов,
А.Байтұрсынов,С.АманжоловТ.Қордабае в,Ә.Нұрмаханова, Базарбаева еңбектерінде
интонация зерттелген.Ең шағын синтаксистік мазмұнды сөз тіркесі
интонациялық формаға ие.
Сөздер интонация арқылы байланысқан да дауыс ырғағына,әуеніне ерекше
көңіл бөлінеді[16;89 ]. Дауыс екпіні немесе логикалық екпін дұрыс
қойылмаған жағдайда қай сөздің қай сөзбен тіркесіп тұрғанын ажырату
қиындыққа түседі.
Сөз тіркесіндегі интонацияның көрінісі бар,ондағы сөздердің
екпіні ,әуені,темпі,ұзақтылығы,интенсивтіл ігіқарқыны,паузасы түгел
ескеріледі. Интонацияны сөз тіркесі құрамындағы сыңарларды байланыстыратын
амал деп қараушылар интонация арқылы қиыса байланысқан бастауыш пен
баяндауыштың тіркесін негізге алады.Мысалы, Дина- мұғалім, Абай-ақын. Егер
сөйлемдегі сөз тіркестерінің синтаксистік мазмұны жеткілікті болса, ол-
синтагма болады. Яғни синтагманың паузалық кідірісте интонациялық көрінісі
мол. Мысалы, Біз бәріміз ертең сағат сегізде өзіміздің ауылға жаяу
кетеміз. Бұл сөйлемнің әртүрлі байланыстағы сөз тіркестерінен құралған
сөйлем бөліктерінің әр қайсысы жеке синтагма болып, олардың алдынғылары
тәуелділікті; аяқталмағандықты білдіретін, өзінің аяқ жағына қарай
баяндауыш құрамы аяқталатын, бәсеңдейтін интонациямен айтылады.
Сондай-ақ,Ол бүгін келер ме екен деген күмәнді сұрақтың интонациясын
сөз тіркесіне қарай қарастырсақ :Ол келер ме екен,Бүгін келер ме екен
алғашқы ол,бүгін сөздері сәл көтеріңкі айтылып, соңына қарай интонация
баяндауыш тұлғаларда бәсеңдейді.Ол ке-ле-е-р ме-е екен деп созып айтсақ
армандау мағынасында,ал бірқалыпты айтылса,күмәнді болу мақсатында
жұмсалып,мазмұнға әсер етеді.
Алтынай малын сауады,отын жағады,суын әкеледі,күлін шығарады,
тамағын істейді ,үйін жиады ,қорасын тазалайды.
Мұнда әрқайсысы сөз тіркестерінен болып толықтауыш,
баяндауыш,интонацияға тән айырым паузамен айтылған бірыңғай мүшелердің
әуенінің контуры да біркелкі көтеріңкі болып,толқынданып келеді де,ең
соңғысы саябырлап,төмендеп барып тоқтайды.
Бұл сөз тіркестері –етістікті сөз тіркестері,толықтауыштық
қатынаста тұр,меңгеріле байланысқан.
Көмекші сөздер. Орыс тілінің маманы Д.С.Маслов көмекші сөздердің
маңызын айта келіп, былай дейді синтаксические служебные слова,
обслуживают словосочетание[17;219 ]. Сөз тікестерінің аясының кеңеюіне сол
толық мағыналы сөздермен бірге көмекші сөздердің қатысы барлығы тек
орыс,түркі тілдерінде ғана емес,неміс,ағылшын тілінзерттеушілер
еңбектерінде нақтыланады. Көмекші сөздер сөз таптарының подсистемасын
құрайды. Бұл подсистема тілде үнемі өзгеріске ұшырап отырады.Оларды
морфологиялық және синтаксистік көмекші сөздер деп қарауға болады.
Синтаксистік көмекші сөздер сөз тіркестеріне де қызмет етеді.
Сөз тіркестерінің аясының кеңейтілуі көмекші сөздердің қызметі,
олардың мынандай ерекшеліктеріне байланысты.
1. Белгілі мағынасы жоқ, сөз таптарына қатысы.
2. Өзіндік синтаксистік қызметі жоқ, бірақ басқа сөзбен тіркескенде
ондай қызмет айқындалады.
3. Морфологиялық өзгеріс пайда болады, кейде болмайды.
4. Бағыныңқы-басыңқы қызметте жұмсалмайды.
5. Басқа сөздерге тіркескен кезде оны гармматикалық жағынан өзіне
бағындырады.
6. Толық мағыналы сөзердің мағыналық мәнерін айқындауда басты-басты
тұлғаға айналады.
Кейбір зерттеулерде аналитикалық байланысу тәсілінің бір түрі
ретінде сөздердің шылаулар, оның ішінде демеулер арқылы тіркелуі беріледі.
Шынын да бұл дұрыс та. Бірақ сөз тіркестеріндегі сөз бен сөз тек шылаулар
арқылы байланыса ма? Осы сұраққа келген де қазақ тіл білімінің осы саласын
зерттеуші ғалымдардың пікірлерінде әртүрлі көзқарас пайда болады. Қазақ тіл
біліміндегі сөз тіркесін алғаш жан-жақты жүйелі түрде зерттеген профессор
М.Балақаев шылау мен қатар сөз тіркесінің аясына көмекші есімді де
қосады[18;81]. Ал профессор Т.Сайрамбаев бұлардың қатарына көмекші етістік,
модель сөздерді де жатқызады[ ]. Кейде сөз бен сөзді байланыстыруда модель
сөздердің де қатысы бар. Модель сөздер көбіне сөз тіркесінің бірінші
сыңарына тіркеседі де, түйдекті тіркес құрай отырып, ол сөзді басыңқы
сөзбен байланыстырады.Мысалы, сонан басқа сөзге, сұқтануға бұл сияқты оның
да шамасы жетпеді дегендегі бұл сияқты, шамасы жетпеді деген сөздерді өзара
байланыстырып тұр дейміз. Себебі мұндағы сияқты сөзін алып тастаған болсақ
бұл шамасы жетпеді болып сөз тіркесінің мағынасы тіпті өзгеріп кеткен болар
еді.
Тәрізді, сияқты, сықылды, секілді модель сөздерін кейбір ғалымдар
шылаулар қатарына қосады, енді бір қатар ғалымдар модель сөздер деп таниды.
Біздің пікірімізше модель сөздерге жатады. Бұл сөздер екі түрлі мағынаны
білдіреді: біріншісі-теңестіру мағынасы, екіншісі болжамдылықты,
долбарлықты білдіру мағынасы. Аталған сөздер болжамдылық, долбарлық мәнін
тек баяндауыш құрамында тұрып білдіреді, модель сөздің қызметін атқарады.
Мысалы, Біздің еліміз егемендікке енді ғана қолы жеткен тәрізді.
Пысықтауыштық қатынаста тұратын зат есім мен модаль
сөздердіңбайланысуы.Мысалы:Бос шелек секілді салдырайды да жүреді.
Анықтауыштық қатынастағы модаль сөзді бағыныңқы сыңарлар.Модаль
сөздер зат есімге бағыныңқы қызметте жұмсалады. Мысалы:Сен сияқты
адасқандар әдебиеттеде жүр- ау (М.Сүндетов).
Модаль сөздер кейде жеке сөздермен тіркесіп қоймай,бірыңғай зат
есімдермен де ортақтасады.Мысалы:Үйде орындық,стол сияқты дүниеліктер
көрінбейді (З.Шүкіров).
Модаль сөздің ілік жалғауында келуінен бағыныңқы сыңар анықтауыш
болады.Мысалы:Үш күнде жарты млн.оборот жасап әр мәшинеден ,әр жерден
осынша дүниені жинап алу –шынында Жәнібек сияқтының ғана қолынан келетін іс
.
Көмекші етістік .Тілімізде көмекші етістіктер көпемес екені
белгілі.Бірақ саны аз болса да,олардың сөз бен сөзді байланыстыруда өзіндік
орны бар.Әрине, сөз бен сөздібайланыстыруда көмекші есімдер сияқты акти
құбылыс емес.Дербес мағынасы жоқ арнайы көмекші е,де етістіктер мен
ауыспалы көмекшіотыр,тұр,жатыр,жүр етістіктер,әдетте,негізгі етістікпен
жұмсалады.Бұл етістіктербасыңқылық қызмет атқарады[19;58 ].
Бол,қыл көмекші етістіктер өзі қатысты сөздерді пысықтауыш
қызметінде жұмсап,қабыса байланысқан етістікті сөз тіркесін
құрайды.Мысалы:Бұлар сонау ит өлген жерден шаршап-шалдығып шөп тасып
жүрсе,ол Мақсатпен мәз болып жетісіп тұр.Ішпейміз дегендерге қалағандарынша
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ КЕЗЕҢДЕРІ, БАҒЫТТАРЫ
Қазақ тіліндегі окказионал (тосын) фразеологизмдер және олардың қазіргі тілдік қордағы жиі қолданылу сипаты
Қазіргі қазақ тіліндегі окказионал фразеологизмдер
Қазақ тілінде фразеологизмдердің зерттелуі
Сөз тіркесі синтаксисі
Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері.қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер.фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы туралы ақпарат
Мақал-мәтелдердегі аналитикалық байланысудың көріністері
Фразеологиялық бірліктердің көлемі
Фразеологизмдер - тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі
Фразеологизмдердің мағыналық категориялары
Пәндер