Бастауыш сыныпта педагогикалық технологияларды ендіру жолдары



І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Бастауыш сыныпта педагогикалық технологияларды
ендіру жолдары
2.1.Дамыта оқытудың кейбір теориялық мәселелері.
2.2.Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы
2.3..Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі
белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы.
2.4. Деңгейлеп .саралап оқыту технологиясы.
2.5.Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту.
ІІІ.Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы
3.1. Модулдік оқыту технологиясына сипаттама
Қорытынды
Зерттеудің көкейтестілігі :Еліміздің білім беру саласындағы негізгі өзгерістер нарықтық экономикаға тез бейімделе алатын , педагогикалық негіздері тұрақты халықаралық білім кеңістігінде кірістіруге ыңғайлы жаңа ұлттық сипаттағы үлгілерді қалыптастыруға , оқыту үрдісінің сапалылығын арттыруға бағытталған.
Қазіргі қоғамның мектепке қоятын талабы - осыған дейін 10-даған жылдар бойы қойылып келген талаптан әлдеқайда өзгеше. Бастауыш мектеп- орта мектептің органикалық құрамдас бөлігі,тұңғыш баспалдағы.
Сондықтан да бастауыш сатыда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таным мүмкіндіктерін дамыту және оқыту мақсаттарының оқушы тұл-ғасын тәрбиелеуге бағдарлануы табиғи нәрсе. Ол талаптарды орындау оқыту үрдісінде оқушының ой өрісін кеңейтіп интеллектісін жан –жақты дамыту ,ғылым негізін сапалы зерделеу, түрлі шығармашылық әрекеттерін дамыта отырып ,олардың өз бетіндік танымдық белсенділіктерін арттыру негізінде іске асырылады.Мектепте оқытылатын әрбір пәннің осы мәселені шешуде өз үлесі бар.1960 жылдары бастауыш білімді жетілдіру жолдарын іздестіруде белгілі ғалымдар Л.В: Занковтың, Д.Б. Элькониннің және тағы басқа ғалымдардың басшылықтарымен жүргізілген зерттеу жұмыстары бастауыш білім берудің дәстүрлі түрлері төменгі
сынып оқушыларының интеллектуалды өсуін тежейтінін және олардың танымдық мүмкіндіктері анағұрлым төмен екендігін көрсетті.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Бастауыш сыныпта педагогикалық технологияларды
ендіру жолдары
2.1.Дамыта оқытудың кейбір теориялық мәселелері.
2.2.Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы
2.3..Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі
белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы.
2.4. Деңгейлеп –саралап оқыту технологиясы.
2.5.Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту.
ІІІ.Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы
3.1. Модулдік оқыту технологиясына сипаттама
Қорытынды

Кіріспе.

Зерттеудің көкейтестілігі :Еліміздің білім беру саласындағы негізгі
өзгерістер нарықтық экономикаға тез бейімделе алатын , педагогикалық
негіздері тұрақты халықаралық білім кеңістігінде кірістіруге ыңғайлы
жаңа ұлттық сипаттағы үлгілерді қалыптастыруға , оқыту үрдісінің
сапалылығын арттыруға бағытталған.
Қазіргі қоғамның мектепке қоятын талабы - осыған дейін 10-даған
жылдар бойы қойылып келген талаптан әлдеқайда өзгеше. Бастауыш мектеп- орта
мектептің органикалық құрамдас бөлігі,тұңғыш баспалдағы.
Сондықтан да бастауыш сатыда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таным
мүмкіндіктерін дамыту және оқыту мақсаттарының оқушы тұл-ғасын
тәрбиелеуге бағдарлануы табиғи нәрсе. Ол талаптарды орындау оқыту
үрдісінде оқушының ой өрісін кеңейтіп интеллектісін жан –жақты дамыту
,ғылым негізін сапалы зерделеу, түрлі шығармашылық әрекеттерін дамыта
отырып ,олардың өз бетіндік танымдық белсенділіктерін арттыру негізінде
іске асырылады.Мектепте оқытылатын әрбір пәннің осы мәселені шешуде өз
үлесі бар.1960 жылдары бастауыш білімді жетілдіру жолдарын іздестіруде
белгілі ғалымдар Л.В: Занковтың, Д.Б. Элькониннің және тағы басқа
ғалымдардың басшылықтарымен жүргізілген зерттеу жұмыстары бастауыш білім
берудің дәстүрлі түрлері төменгі
сынып оқушыларының интеллектуалды өсуін тежейтінін және олардың танымдық
мүмкіндіктері анағұрлым төмен екендігін көрсетті.

2.1.Дамыта оқытудың кейбір теориялық мәселелері.
Баланың физикалық дамуы генетикалық бағдағлама бойынша қаңқасының
,бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақты, көрнекті жағдайда өтіп жатады.
Ал оның психикасының ,жекелігінің дамуы ше? Сананың дамуы оқытудан ба,
әлде әлеуметтік жадайдан ба?Не табиғи есеюден ба? Бұл сұрақтарға жауап
адамның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасын ,сыртқы педагогикалық әсерлердің
мақсат-міндеттерін анықтайды.
Педагогика тарихында екі түрлі қарам-қайшы пікір орын алып келеді. Бірі-
жаратушының күштілігін қуаттаса , тұқым қуалаушылық факторды
қуаттаса,екіншісі керісінше барлық нәтижені ортаның әсеріне жатқызады.
Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада
сәулеленуіне яғни танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне
,меншіктенуіне байланысты деп қарайды. Бұл-оқу білім алу деген сөз.
Оқу –адамның психикалық дамуының формасы,,элементі. Кез-келген оқу
белгілі-бір мөлшерде адамды дамытады.
Даму ұғымы философиялық сөздікте мөлшерлік өзгерістердің белгілі-бір
өлшем егінен шығып ,сапалық өзгрістерге айналуы-деп түсіндіріледі.
Диалектика заңы бойынша кез келген құбылыс өзінің жеткен дәрежесіне қанағат
тұтып қалмай ,оларды жоққа шығару арқылы жаңа сапаға көшеді.

Ғалым психологтар Л.В. Занков ,А.А. Люблинская, В.В.Давыдов ,Д.Б.
Элконин зертханаларда бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын, сипатын
өзгертуге арналған зерттеулер жасады. С.Л. Рубинштейн, Е.Н. Кабанова
–Меллер және басқалар өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғы шарты
екенін дәлелдейді.
И.Я.Лернер даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей
отырып,адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы
деп түсіндіріледі. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекеттті жоғары
орынға шығарады.Мәселе қаншалықты күрделі болса ,оны шешуге жұмсалатын ақыл-
ой қызметі де соншалықты кең ,ауиақты,демек даму деңгейі де жоғары болды.
Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар оқушының
дамуының белгілерін атап көрсетеді.Мысалы:П.П. Блонский бұған индивидтің
абстрактіден нақтыға, және керісінше нақтыдан абсрактіге қарай қозғалыс
жаса алу қабілетін жатқызса ,ДНБогоявленский және Н.А.Менчинская –оқи
алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетудіН.Д. Левитов оқу
материалдарын жылдам меңгеру ,өз бетіне жаңа мысалдар құрастыру ,негізгіні
және көмекшіні анықтай білу ,оқиғаға,құбылысқа дұрыс баға бере білу
дағдысын жатқызады.
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске
асырады деп есептейді. Олар байқампаздық,өз ойын еркін жеткізе
білу,практикалық іс-әрекеттер атқара білу.
В.В. Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,
қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында
баланың баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп
саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
80-жылдардың аяғында Қазақстанның қоғамдық – саяси өміріндегі болған
өзгерістер оқыту,тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізіп, жаңа леп әкелді.
Оқытудың жаңа технологиялары кеңінен енгізіле бастады. Еліміз егемендігін
алу арқылы мүмкін болған жаңа буын оқулықтарының да ғылыми негізі ретінде
дамыта оқыту жүйесі алынып отыр.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызызушылығын дамытудың негізгі
факторы олардың білімі мен дадыларының дәрежесі ғана емес сонымен бірге
баланың маңызды психикалық қызметтерін,ақыл-ой жұмысының тәсілдерін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесінің жолға қою керек екендігі
саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық
әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту
сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру ,балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай
жасау деп қарастыру керек.Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал ,мұғалім мен
оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді
түсіндіріп қоюшы ,бақылаушы, ,бағалаушы ғана емес ,танымдық іс-әрекетті
ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың
интеллектісінің көзін ашып ,шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту технологиясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастан- ақ ,
ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің ара қатынасын ,олардың бала дамуына
әсерін зерттей бастаған. ХVII ғасырдағы Я.А.Каменскийдің дидактикалық
жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақыл-ой
күшін,қабілеттерін дамыту олардың білімге деген қыштарлығын оятып, лаулата
түседі делінген .
И.С.Песталоцци баланың ақыл-ойын ,барлық қабілет- қасиеттерін дамыту
идеясымен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесінжасауға әрекет етеді.
Дамыта оқыту ұлы неміс педаогі А.Дистервергтің әйгілі Неміс
мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық атты еңбегінің денегізі болып
табылады. Дамыа оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін
ұйымдастыратын оқытуды атаған .
Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, Ал жақсы мұғалім оқушының өзін
ізденуге жеелейді -деген
Орыстың ұлы ағартушысы К.Д.Ушинский де өз дидактикалық еңбектерінде
бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырып дамыту мәселелеріне ерекше
тоқталып ,арнайы әдістеме жасаған.
Дәстүрлі оқыту бала дамуына тек қондырғы болып,дамуға стихиялы түрде
әсер етсе дамудың соңында жүрсе ,ал екінші жағдайда оқыту дамуды өзімен
бірге ала жүреді деген Л.С.Выготскийдің пікірінен көп нәрсе аңғаруға
болады. Алғашқыда ,оқыудың тиімділігі алынған білімінің көлемімен
,сапасымен өлшенсе , соңғыда білімнің тиімділігі қабілеттің деңгейімен
,әрекеттің негізгі түрлерінің қаншалықты дамығандығымен өлшенеді.Дамыта
оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып,оның бірін
Д.Б.Эльконин ,В.В.Давыдов , ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.
Зерттеулердің мақсаты Л.С.Выготскийдің 1930 жылдардың басында жасаған
оқыту мен дамытудың ара қатынасы жайлы болжамының дұрыстығын тексеру,
нақтылау. Өткізілген зерттеу жұмыстары бастауышта математикалық білім беру
ісіне үлкен өзгерістер енгізді. Мысалы 1969 жылы арифметика курсы
математимаға ауыстырылды. Бірақ бұл курста да негізгі назар баланың ауызша
және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру,жай типтік есептер шығаруында
болып қалды. Оқыту әдістері,сабақ ұйымдастыру түрлері ,білім,білік ,дағды
қалыптастыруға бағыттағандықтан ,дамыта оқыту идеясы жүзеге аспады.
Одан кейін жиырма жыл көлемінде дамыта оқыту психология мен педагогика
ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары Дамыта оқыту
деп-оқыту мақсаты ,міндеттрі,әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына
сәйкестендірілген оқытуды атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа
құрылымдар пайда болуы ,яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп
есептейді.Жүйенің бсты мақсаттарының бірі- баланы оқыта отырып жалпы
дамыту,оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге ,шешім қабылдауға
дағдыландыру,жекелік қасиеттерін ескеру,басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау,
тұлғалыққа бағыттау.
Мақсаты балаларға дайын пәндік білім ,біліктердің белгілі-бір
жиынтығын берумен шектелетін ,нәтижесінде догмалық ойлауы басым, дайын
нұсқаулар мен бұйрықтарды орындай білетін адамдарды тәрбиелейтін қазіргі
мектептерде орын алып отырған дәстүрлі оқыту жүйесі мұндай адамдарды
дайындауға негіз бола алмайтындығын өмір көрсетті.
Сондықтан да жаңа сапаға ие ,шығрмашыл,қабіетті адамдар тәрбиелеу үшін
дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп ділеміз. Оқыта
отырып дамыту мәселесіне арналған зерттеулер дәстүрлі оқытуға өзгерістер
енгізуге ықпалын тигізді. Оқыту барысында баланың ақыл-ойын ,қиялын т.б.
танымдық үрдістерін дамытып қана қоймай баланы әртүрлі әрекеттің
субьектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды.
2.2.Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы
Дамыта оқыту-дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп
қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субьект
дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысындалайықты жағдайлар жасау
үлкен нәтиже берді.
Психологтардың зерттеулері бойынша бала өзінің субьект екені 2-3
жасында –ақ білдіре бастайды екен. Ол оның Мен деген категориясының
көрінуінен
байқалады. (өзім киемін, өзім ішемін) Мектепке дейінгі балалық шақтың
ссоңына қарай ол әртүрлі әрекетті өзі орындауға деген талпыныстарын
жасайды.Бұл түрлі рольдік ойындарға қатысуда айқын байқала бастайды. Еркін
ойлап ,өзін еркін сезіну оның жекеік қасиеттерін әрі қарай дамытуға қолайлы
жағдайлар туғызады.
Ал мектеп табалдырығын жаңа аттаған бала оқу бағдарламаларының
талаптарын орындау,мектептің ішкі тәртібін сақтау,үлкендердің айтқандарын
екі етпеу сияқты қатаң ережелер шеңберіне түседі.Енді оның субьектілік
белгілерінің даму мүмкіндігі азая береді . Өйткені дәстүрлі мектептің
мақсаттарын шешу үшін мұғалімнің айтқанын дұрыс тыңдап, тура сол түрде
қайта айтып беру ,тапсырманы қатесіз орындау жеткілікті. Белгілі үлгіден
ауытқу ,басқа шешім іздеу талап етіле бермейді. Яғни мұғалім сабақ мазмұнын
жақсылап айтып түсіндіріп шығады.Содан-соң оны меңгертуге арналған
жаттығулар орындалады. Бұдан кейін қалай меңгергендігін анықтау
мақсатындағы сұрау,бағалау ұйымдасты-рылады,Әрине жұмыс әртүрлі болып келуі
мүмкін. Мысалы :өзі айтып бермей ,үнтаспадан тыңдату,балаға оқыту т.б.
Қалай болғанда да өзімізге таныс иллюстрациялы – түсіндірме әдісінің
қатаң тәртібі сақталынуы қажет. Баладан ыждаһатпен тыңдап,мүлтіксіз орындау
ғана талап етіледі.
Дамыта оқытуда ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты
назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының
,тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға
түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта ықыласы артады,білім
алуға әрекеттенеді, сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3-құрамдас
бөліктерден тұратын болады.
1.Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолдарын бірлесе қарастыру.
3.Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.Бұл үшеуі дамыта оқытудың ДБЭльконин ,В.В.
Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу
мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді.Мақсатты шешу іштей
талқылау ,сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін
ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылған кезде әркім оның
дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі,Әр оқушы өз ойын,пікірін
айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады,Әрине ,жауаптар барлық
жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен
бөлісіп,дәлелдеуге талпыныс жасайды,жеке тәжірибесін қорытындылауға
үйренеді.
Дәстүрлі оқытуда жаңа материалды бала игеру үшін сабақтың кез-келген
кезеңінде алдымен мұғалімнің шебер басшылығы қажет етіледі. Неғұрлым
мұғалім өзінің осы міндеттерін дұрыс орындаса ,соғұрлым баланың сабақ
материалын игеруі жеңілдей түседі. Екіншіден ,жұмыс нәтижелі болуы үшін
оқушының мұғалім қойған талаптарды мүлтіксіз орындалуы қажет етіледі.
Демек,оқушы алдын-ала бағдарлап ,жоспарлап қойған іс-әрекеттің арасындағы
көпір сияқты ,оқушыларға өмірінен тысқары білімді ауға көмектеседі.
Салыстыра отырып ,оқушы заттар мен обьектілердің байқалмай,көрінбей қалатын
белгілерін анықтауға үйренеді. Баланың байқампаздығы артады. Ал
байқампаздық баланың жалпы дамуындағы негізгі психологиялық компонент болып
табылады. Оқушы салыстыра отырып бұрынғы өтіп кеткен материалдар мен жаңа
білімарасындағы логикалық байланыстарды анықтауға үйренеді. Неғұрлым
салыстыру жұмысы тиімді ұйымдастырылса ,соғұрлым білім алудағы формализм
жойылып ,ең негізгісі оқуға деген қызығушылығы артады.
Заттарды салыстыра отырып ,тек ұқсастығы мен айырмашылығын тапқызып
қоймай ,олардың себептерін айқындатудың, бала дамуы үшін маңызы
зор.Біріншіден заттардың әртүрлі белгілерін таба білуге үйренсе ,екіншіден
қабілеттері дамиды. Бастауыш сынып оқушылары салыстыра білмейді, срндықтан
бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыру мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.Ол
үшін оның кезеңдерін ,неден басталып ,немен аяқталатынын ,белгілерін білу
керек .Белгі дегеніміз – заттарды басқа заттардан ажырататын көрініс. Бұл
жұмыстың нәтижесінде жоғары айтылып кеткен байқампаздық арта түседі. Осы
орайда жаңа буын оқулықтарында салыстыруға берілген тапсырмалардың мол
екенін айта кету керек.
Байқау-қоршаған ортамен байланысу деген сөз.Ол қарау ,қабылдау
арқылы іске асып жатады.Дегенмен ,практикада байқампаздыққа үйретукөп
жағдайда үстірт жүріп жатады. Мәселен серуенге шығып тұрып ,табиғаттың тек
сыртқы белгілерін атаумен шектелеміз. Ал алысырақ қалтарыста тұрған көзге
көріне бермейтін детальдары назардан тыс қалып қалады.Осыдан барып қарап
тұрып өмірде ешнәрсені байқамайтын адамдар қалыптасады. Мұндай кемшілік
олардың рухани өмірінің кедейленуіне әкеліп соғады. Ондай адамдар көп
жағдайда ұтылыста қалады.
Мысалы өзі туралы Чарльз Дарвин өмірбаянында ...мен басқалардан
ерекше ақалдылығыммен, ой жүйріктігімен емес , кейбір адамдар көре
бермейтін назардан тыс нәрселерді байқап ,талдай алуыммен
ерекшеленемін ,-деп жазған екен. Сабақтарда баланың байқамай
қалуынан жіберілетін қателер қаншама.Бұл сияқты қасиеттердің болмауы не
төмендігі олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына да нұқсан
келтіретіні анық.
Дамыта оқыту жүйесінің маңызды тағы бір ерекшелігі сынып оқушыларын
жақсы , жаман деп бөлмей ,барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай
туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенінше ,қабілеті
жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы о да өзін мүмкін
дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі ,жаңылуы әбден мүмкін
. Тек мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлылық ,байсалдылық оның өз күшіне
деген сенімін арттырып , алға жетектейді деп есептелінеді.
Бұл мәселеге дәстүрлі оқытуда аса көңіл бөле бермейтіндігіміз шындық.
Сыныптағы санаулы жақсы оқушымен ғана жұмыс істеп , ал қимылы баяу , сөзге
шорқақтау балалардың көлеңкеде қала беруі ,оларды нашар оқушылар ,
қабілетсіздер қатарына қосады. Мұндай жағдаймен ымырыласа беру ендігі
жерде қажетсіз. Сөзі,қимылы ширақ оқушы бейне бір эталон сияқтанып
қалғандарды солардың деңгейіне жеткізу тұрады мұғалім алдында . Ал сол
эталон балалардың даму деңгейі қай дәрежеде ,олардың мүмкіндіктері
түгелдей ашылды ма,ол жағы онша ойландыра бермейді. Л.В. Занковтың
басшылығымен жасалған дамыта оқыту жүйесінде баланың білімін бағалауға
үлкен мән беріледі. Сабақ барысындағы бағаның неғұрлым көп қойылуы шарт
емес.Балалар барлық тапсырмаларды орындауға ынта білдіріп, ден қойып
,нәтижеге жетіп ,еңбегінің рахатын көруге дағдыландырылады.
Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас
жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық , өзара сыйластық,
түсіністік сияқты қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай ,сеніммен айта
алатындай ахуал болуы басты назарда ұсталынады. Ол үшін оның әрбір жауабы
мұқият тыңдалып ,қатесі еппен түзеліп отырылады. Оқушыны кішкентай бала
деп қарамай ,оның да пікірімен санасу ,көзқарасын құрметтеу оның дамуына
орасан зор әсер ететіндігі дәлелденді.
Ендігі тоқталып кетуді қажет ететін ерекшелік мұғалім жұмысының
нәтижелілігінің көрсеткіші. Дәстүрлі оқытуда ұстаз еңбегінің жатықтығы
Мұғалімнің қойған сұрақтарына балалардың тез дұрыс жауап беруімен ,
тапсырмаларды бұлжытпай дұрыс орындауларымен ,тыныш отырып тәртіп
сақтауларымен өлшенетін. Ал баланың ішкі жан дүниесінде не болып
жатқандығы ,оның ойы ,сезімдері мұғалімді ойландыра бермейтін.
Л.В.Занков жүйесіндегі сабақтардың нәтижелілігі нің басты көрсеткіштері
болып ойлай, пайымдай, нақтылай, жүйелей , дәлелдей білу болып табылады.
Егер балалар осы аталған ой операцияларын орындай алса ,мұғалімнің
нәтижелі еңбектенгені болып саналады.
Оқушының оқу әрекетіне келетін болсақ соңғы жылдары философияда,
психологияда әрекетті адамды зерттеудің әдіснамасы деп қарастыруда .
Әрекетте адам субьект ретінде танылып ,оның жасампаздығы, іскерлігі,
қайраткерлігі қалыптасады. Адамның іс-әрекеті , оның бүкіл өмірі өзімен
қатар жасап келе жатқан адамдармен тығыз байланыста өтеді. Олармен бірге
өмірді ұғынып , күнделікті тіршілік мәселелерін шешеді. Адам әрекеті сан
алуан. Оның негізгілері: ойын, оқу,еңбек. Олар жас мөлшерінің әр кезеңінде
әр түрліше көрінеді.
Оқыту мен оқу әрекетінің бір-бірімен тығыз байланыста болып ,баланың
ақыл ойының дамуына зор рольатқаратындығы белгілі. Ал оқыту барысында ақыл-
ойдың ,интеллектінің дамуы , оқи алуға үйрену бүгінгі күннің басты
талабы.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу әрекеті ол орындайтын әрекеттердің
жетекшісі,негізгісі. Оқу әрекеті арқылы осы кезңге тән психологиялық жаңа
құрылымдар теориялық сана және ойлау қалыптасады. Олармен байланысты
рефлексия ,талдау ,жинақтау сияқты психикалық қабілеттер дамиды.
Оқу әрекетінің алғы шарттары мектепке дейінгі жаста рольдік, сюжеттік
ойындар кезінде байқала бастайды. Мектеп алды топтарда балалардың қоршаған
дүние жайлы қызызушылықтары артады да ,оның танымдық қажеттіліктері
молаяды. Мектепте бұл қажеттіліктерді қанағаттандырудың мүмкіндігі мол.
Енді ол мұғалімнің басшылығымен әртүрлі тапсырмаларды шеше отырып,
қарапайым теориялық білімдерді меңгере бастайды.
Осылайша оқу әрекетінің мазмұны болып табылатын теориялық білім, оқушының
қажеттілігіне айналады. Ал қажеттіліктерді өтеу мотивтермен байланысты.
Тапсырманы орындап шығуға басшылық ететін ынта-ықыласы , ішкі түрткілер
пайда болады. Сананы билеген ішкі күштер әрекеттің амалдарын ,орындаудың
құралдарын белгілеуді, таңдауды талап етеді. Әрекеттің ішкі құрылымдары:
Қажеттілік-мотив- мақсат-құрал -әрекет-нәтиже.
Әрекеттің ішкі құрылымына енетін бұл компоненттер былай сипатталады:.
Қажеттілік-индивидтің өзінің өмір сүруге ,дамуға,
білімінің,тәжірибесінің , басқа да әлеуметтік жағдайлардың жеткіліксіз
екенін сезінуі. Белсенді әрекеттің негізі.
Мотив-ынта –ықыластың аууы.
Құрал -әрекеттің амалдарын белгілеу ,жолдарын таңдау.
Әрекет-іс-қимыл,құрал. Ол ойын тілдік, ойлау әрекеттері түрінде жүзеге
асады.
Нәтиже-өнім..
Оқу әрекеті арқылы баланың ойы абстрактіден-нақтыға қарай
өрлейді,теориялық сана ,теориялық ойлау қалыптасады. Оқушының дамуының
негізі болып табылатын әрекет,оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну
қажет.
Аталған құрылымдағы қажеттілік және мотив әрекет етуге итермелейтін
басты күш. Біз қазіргі сабақтарда оқушыларға білім дайын күйінде беріле
салмауы керек дейміз. Ендеше оқушының дәл бүгінгі жаңа материалды
білмейтіндігін ,он білудің қаншалықты қажет екенін іштей мойындату ,бар
жан дүниесімен беріле ынтызарын ауғызып ,қызығушылығын ояту мұғалімнен
шеберлікті талап етеді. Дұрыс таңдалған проблемалық жағдай , сұрақтар,
әртүрлі әдіс-тәсілдер ,амалдар ғана жоғарыдағадай психологиялық көңіл-
күйге әкеледі. Енді ол алдына мақсат қойып, нәтижеге жеттудің , проблеманы
шешудің әдіс-амалдарын белгілейді ,іске кіріседі.Дамытушылық сабақтарында
бала осылайша өз ақыл-ой деңгейі , белсенді әрекеті арқасында репродуктивті
емес өнімді нәтижеге жетеді. Әрекеттің жүру барысы мен ақыры қорытындыланып
рефлексия жасалады.
Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы –баланың жеке басын
дамытудың негізгі кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы
қажет:
-баланың бойындағы құмарлығын,қызығушылығын жойып алмай,оның үнемі алға
жылжуға деген табиғи талап-тілектерін ,сұраныс пен мұқтаждарын ескеру
шығармашылығын жетілдіру.
-білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.
-өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
Мұғалім бала бойындағы жаратушылық сапалардың болатындығын мойындауы
,әрі қарай дамытуы керек. Ол үшін өзі де өзгеруі ,дәстүрлі оқытудың
стеоритиптерінен арылуы қажет.
Білім арқылы баланы дамытудың жаңа стратегиясы мен тактикасын таңдай ауы
керек. Өзінің философиялық ұстанымдарына қайта қараған дұрыс.
Салыстырмалы түрде сипаттап кетсек Дәстүрлі сабақтарда мұғалімнің
атқаратын міндеттері,атқарар істері ұшан-теңіз.Ол тыңдайды, сұрақ қояды,
жазады,түсіндіреді, көрсетеді,тексереді бағалайды. Оған кедергі келтірмей ,
тып-тыныш отырып тыңдау керек. Ол тек мен ғана дұрыс түсіндіре аламын
деп есептейді. .11 жыл бойы осылайша оқып шыққан азаматты көз
алдыларыңызға елестетіп көріңізші. Әзірге-мәзір ,өмір сүруге дайындығы
шамлы адам болатындығымен келісерсіздер.
Дамыта оқытуда жағдай басқаша.Мұғалім ақылды, бірақ барлығын өзі айтып
бере салмайды, ол-өз пәнін өтежетік біледі. ,бірақ өз білімімен
таңқалдыруға тырыспайды. Білімділігін баланы қорқытудың ,оған үстемдік
етудің құралы етпейді.
Демек, мұғалім мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, ,әрекеттің
барысына бағдар береді ,жетектейді. Осылайша оқушы қоғам,ғылым шешіп
қойған ,бірақ ол үшін жаңа болып табылатын проблеманы шешуге кіріседі. Оқу
әрекетімен айналысады.
Практик мұғалімдердің : Балалардың пікір таласын ,ой-бөлісуін тыңдап
отыруға уақыт қайда ,адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған
білімдерін оқушы қалай өз бетінше үйренуі мүмкін. ?деген қарсы сұрақтарын
жиі естіп жүрміз.
Бұған айтарымыз дайын үлгі бойынша білім алуға үйренген баланың
шығармашылық қабілеттері шектеліп, ,табиғи мүмкіндіктері жойылады.Ал әр
сабақ саын ізденуге үйренген бала ,кез-келген проблеманы шешуге дайын
болады.Ондай сыныптарда белгілі-бір мәселе төңірегінде пікір алмасулар
көп уақыт та алмайды. ,қайта оқулықтан , бағдарламадан тыс дүниелер туралы
хабарлар алуға ,таным көкжиегінің тарылмай ,тарқай түсуіне жол ашады.
Сонымен біз дамыта оқыту мен дәстүрлі оқыту жүйелерінің ерекшеліетері мен
өзгешеліктеріне тоқталып кеттік. Айтылғандарды қорыттындылай келе ,
дәстүрлі оқыту әдіснемесі негізінде метафизикалық (экстренсивтік,
сандық, мазмұндық) әдіснама ,ал дамыта оқыту технологиясының негізінде
диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр депайтуға
болады.
Дәстүрлі оқыту балада білім,білік,дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп
есепттеп ,сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа ,ал дамыта
оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат
тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға
,ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге ,алған білімді пайдалана білуге
үйретеді.

2.3.Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі
белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы.

Педагогикалық Дәстүрлі Мазмұнындағы басымдылық
процесінің иллюстрациялық
компоненттері Түсіндірме әдісі
Дамыта оқыту
Мақсат Оқушыларда Байқампаздығын ойлауын
білім,білік, практикалық әрекеттің
дағды дамуы
қалыптастыру
Бастапқы мазмұн Факторлар , Заңдылықтарды,
мысалдар, Теорияларды
тақырыптар, ұғымдарды
дәлелдер ережелерді
қорыту
Оқытудың Жеке Бірлескен
формалары топтық ұжымдық
фронтальді іс-әрекет
Оқыту әдістері Ауызша Проблемалық баяндау
түсіндіру ізденушілік
көрнекілік, зерттеушілік
практикалық
Бақылау, Оқытудың Өзін-өзі
бағалау нәтижесін бақылау,
мұғалімнің өзін-өзі бағалау,
бақылауы, рефлексия
бағалауы

2.4. Деңгейлеп –саралап оқыту технологиясы.
Мақсаты:
Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту.Оқытуды
оқушының әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу,ыңғайлау.
Ерекшелігі:
1.Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте
түседі,әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
2.Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
3.Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.

Саралап оқыту-бұл:
Оқу үрдісінде мұғалімдердің оқушылардың біілімдерін есепке ала отырып,жұмыс
істеуі.
Әр түрлі топтарды оқыту үрдісіндегі жалпы дидактикалық жүйенің бөлімі.
Когнетивтік ерекшеліктерін есепке алу мақсатында әр түрлі мектептер мен
класстар,топтар үшін оқытудың жағдайларын құру.
Сипаты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
-Жас ерекшелігі бойынша;
-Жынысына байланысты;
-Қызығушылығы бойынша;
-Ақыл ой деңгейінің дамуы бойынша;
-Тұлғалық –психологиялық типтері бойынша;
-Денсаулық деңгейі боыынша;
Технологияның мақсаты: Әркімді мүмкіндігіне сай оқыту. Әртүрлі топтағы
оқушыларды ерекшелігі бойынша оқуға бейімдеу.
Ерекшелігі:
-Үлгерімі жақсы оқушыға көңіл бөлініп, нашар оқушыға көмектесу мүмкіндігі
туады;
-Қиын балалармен тиімді жұмыс жүргізу мүмкіндігі болады;
-Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алына жағдай туады;
-Оқушылар қабілеті артады;
-Әлсіздер оқу мүмкіндігіне ие болады.
-Деңгейлері бірдей оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде қиындық кездеспейді.
Бұл технологиялардың тиімділігі:
-білімді демократияландыруға және ізгілендіруге ;
-оқыту сапасын арттыруға
-басқару тиімділігін жетілдіруге
-оқушылардың дамуына бақылау жасауға;
-осыған сәйкес оқушыларды бағалауға болады.
Педагогикалық технология дегеніміз тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі-
бір жүйенің жобасы. Ал ,педагогикалық жүйе дегеніміз –оқытудың методикалық
жүйесі мен осыған сәйкес дидактикалық процестердің жиынтығы.Жалпы
педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты-жан-жақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сондықтан жаңа технология
бойынша әдістемелік жүйенің басты компоненті-оқыту мақсаты. Ол мақсат
өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан
оның өзіндік танымдық іс-әрекетінің белсенділігін төмендегідей арттыру
керек.
-оқу материалы жеңілден күрделіге қарай жүйелі құрылуы ;
-оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;
-бағалаудың жетілген түрлері;
-дамыта оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдай жасалуы, т.б.
себептерге байланысты оқушының оқу материалын қажетті минимум деңгейінде
меңгеруіне жағдай жасау.
Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта,мотив,
белсенділік, билік пен дағды да өсіп отырады.
Бұл ауысу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері
Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияны қолдану
ҚАЗІРГІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНДІРУ
Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқыту
Бастауыш мектепте қолданылатын оқу бағдарламалық өнімдер
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану
Мультимедиялық технология бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін кеңейту құралы ретінде
Бастауыш сыныпта инновациялық технологияларды қолданудың психологиялық аспектілері
Пәндер