Информатика пәні бойынша лекциялар жинағы


Мазмұны

  1. Зертханалық жұмыс № 1. Дербес компьютермен танысу
  2. Зертханалықжұмыс № 2. Программалық қамсыздандырылу
  3. Зертханалық жұмыс № 3. Windows ортасында жұмыс
  4. Зертханалық жұмыс № 4. Қызметші программалармен жұмыс
  5. Зертханалық жұмыс № 5. Архивтеу программасы
  6. Зертханалық жұмыс № 6. Мәтіндік редактор WORD
  7. Зертханалық жұмыс № 7. EXCEL программасында жұмыс. Функциялар
  8. Зертханалықжұмыс № 8. EXCEL-де массивпен жұмыс
  9. Зертханалық жұмыс № 9. Теңдеуді хорда және жанама тәсілімен шешу
  10. Зертханалық жұмыс№ 10. Беттерді консолидациялау
  11. Зертханалық жұмыс № 11. Макростар
  12. Зертханалық жұмыс № 12. EXCEL-де МҚ-мен жұмыс
  13. Зертханалық жұмыс № 13. Мәліметтер қоймасын жасау. Кесте құру
  14. Зертханалық жұмыс № 14. Сұраныс және форма құру
  15. Зертханалық жұмыс № 15. Отчет құру


1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №1

ДерБЕС КОМПЬЮТЕРДІң НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫмен танысу

басы

Мақсаты: Дербес компьютердің жұмысымен және негізгі құрылғыларымен танысу. Программалық қамсыздандырылуы ұғымымен танысу.

  1. Негізгі теориялық бөлім

Қазіргі кезде ықпалды болып отырған компьютерлер америкалық IBM фирмасының компьютерлері. Өзінің алғашқы дербес компьютерлерін (IBM PC) бұл фирма алғаш рет осыдан ширек ғасыр бұрын шығарған. Осыдан кейін ақ көптеген фирмалар ұқсас компьютерлерін шығара бастады, оларды IBM-сәйкесі немесе жєй ғана РС деп атайды.

«Сәйкес» дегенді бұл компьютерлерде Intel фирмасыныњ процессорлары орнатылғандығы деп ұғуымызға да болады. Ал сәйкес еместердің ішінде Apple фирмасының Macintosh компьютерлерін атауға болады.

ДК-дің міндетті негізгі үш компоненті болады: жүйелік блок, монитор, пернелік тақта.

Бұлардан басқа ДК-ге қосылатын құрылғылардың ішіндегі негізгілері:

  • Принтер - мәтіндік немесе графиктік ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғы; Маус - ақпаратты ДК-ге енгізу қызметін атқаратын құрылғы; Модем - ДК-дің басқа компьютерлермен телефон желілері арқылы байланысына қажетті құрылғы.
  1. Пернелік тақта сипаттамасы

Пернелік тақта командалар мен түрлі ақпаратты ДК-ге енгізу қызметін атқарады. Қызметі бойынша пернелік тақтаныњ пернелері 5 топқа бөлінеді: алфавит блогы, функционалдық пернелер, цифрлық пернелер, курсорды басқару пернелері, көмекші пернелер.

Алфавиттік блоктарда орыс әріптерден латын әріптеріне өту арнайы программа - пернелік тақта драйверінің көмегімен жүзеге асады.

Shift қызметші пернесінің көмегімен әріптерді бас әріп түрінде жазуға болады. Яғни жоғарғы регистр режимі іске қосылады. Caps Lock арнайы пернесі арқылы үнемі бас әріптерді жазатын режимді іске қосуға болады.

Көмекші пернелердің ішіндегі ең негізгісі Enter пернесі. Оның қызметі команданы енгізуді аяқтау немесе мәзірден таңдауды аяқтау, келесі жолға көшу, мәтіндік редакторларда - жаңа абзац бастау.

Ctrl (басқару) және Alt (альтернатива) көмекші пернелері тек қана басқа пернелер комбинациясымен бірге қолданылады, және қандай да бір команданы орындайды. Esc пернесінің көмегімен команданы орындатпауға болады.

F1…F12 пернелері әр түрлі программаларда қандай да бір команданы орындайды.

Цифрлық блок атына сәйкес цифрларды енгізуге арналған. Цифрлық блокты Num Lock пернесімен іске қосамыз.

  1. Жүйелік блок

Жүйелік блок сыртқы формасы жағынан desktop - столдық формада, minitower - башня түрінде болады. Кейде жүйелік блок пен монитор біріктіріліп, бір корпусқа орнатылады. Мысал ретінде notebook қарастыруға болады.

Жүйелік блоктың алдыңғы жағында Reset батырмасы орналасқан. Ол компьютер белгісіз бір себептермен қалыпты жағдайда жұмысын жалғастыра алмаса оны қайта жүктеуге арналған. Қайта жүктеуді пернелік тақтаның көмегімен де орындауға болады, ол үшін Ctrl+Alt+Delete пернелер комбинациясын басамыз. Осы тәсілмен компьютерді қайта жүктеу орындалмай қалса ғана Reset батырмасын қолдану керек.

Жүйелік блоктың ішінде блок питания, материнская плата, процессор, винчестер, және бірнеше контроллер орналасқан. Контроллер - принтерді, тышқанды, дисководты, т. б. басқаруды орындайтын микросхемалы кішігірім платалар.

Процессор орналасқан плата материнская плата деп аталады, өйткені ол негізгісі болып табылады және оған басқа контроллерлер жалғанады. Бұл жалғанатын разъемдар кейде слоттар деп аталады.

Процессор - барлық программаларды орындайтын үлкен интегралды микросхема. Процессорда арифметикалық-логикалық операциялар орындалады, компьютердің барлық элементтерін басқаратын командалар дайындалады. Intel фирмасы Pentium Pro типті процессорлар шығарады.

  1. Монитор

Монитор экранға мәтіндік және графиктік ақпаратты шығаруға арналған. Монитор экранының мөлшері диагоналінің дюймдік өлшемімен анықталады: 15′′, 17′', 19'' т. с. с. Монитор компьютерге видеокарта арқылы қосылады.

Монитор жұмысының екі режимі бар: мәтіндік және графиктік. Мәтіндік режимде ақпарат экранда 80 символдан тұратын 25 жол бойымен көрсетіледі. Графиктік режимде монитор экраны нүктелерден (пиксель) тұрады. Бұл режим түрлі графиктерді, түрлі конфигурациялы жазуларды көрсетуге арналған.

Монитордың негізгі қасиеттерінің бірі - видеоадаптердің шешімдік мүмкіндігі (разрешаюшая способность видеоадаптера) . Бұл экрандағы горизонталь және вертикаль бойынша орналасатын нүктелер саны. Ол экран мөлшеріне байланысты емес. Қазіргі мониторларда ол 800*600; 1024*768 және 1280*1024.

Күзге әсер ететін параметрлердің бірі - кадрлық ауысудың жиілігі (частота кадровой развертки) . Ол 80-нен кем болмауы керек деп есептеледі.

1. 5 Д ербес компьютер танысу

  1. Дербес компьютердің құрылғыларының өзара жалғасуын, орналасуын қарап шығу. Жүйелік блок пен монитордың алдыңғы панеліндегі жазулар мағынасын түсіну. Клавиатурадағы пернелер тобының орналасуына мән беру.
  2. Компьютерді іске қосуды дұрыс орындау: жүйелік блок, дисплей. Операциялық жүйенің жүктелуін қадағалау.
  3. Принтерді іске қосу оған қағаз орнату.
  4. Norton Commander программалық қабықшада F10 пернесі арқылы шығып, MS DOS операциялық жүйесін жүктеңіз. Ол үшін Пуск - Программы - Сеанс MS DOS командалар тізбегін орындаңыз. C:\> түріндегі MS DOS жүйесінің шақыруы пайда болады.
  5. Командалық жолда келесі командаларды әрқайсысын Enter пернесі арқылы енгізіп орындап көріңіз:

CLS - экранды тазалау командасы;

VER - компьютердегі операциялыќ жүйеніњ версиясы көрсетіледі;

DATE - ағымдағы дата көрсетіледі, осы формада жаңа датаны теріп жазуға болады, оны сақтау үшін Enter;

TIME - ағымдағы уақытты көрсетіледі, осы формада жаңа уақытты теріп жазуға болады, оны сақтау үшін Enter;

  1. Принтер қосылып және оған қағаз орнатылған кезде Print Screen пернесін басыңыз (қағазға экран копиясы басып шығарылады) .
  2. Ctrl, Alt және Delete пернелерін бір мезгілде басып компьютерді қайта жүктеңіз. Ондағы пайда болған мәліметтерді Pause пернесін басу арқылы тоқтатып оқып шығыңыз.
  3. Әр компьютерде орыс алфавитінен ағылшын алфавитіне ауыстыратын пернелер комбинациясы әртүрлі программаланған болуы мүмкін, сол пернелер комбинациясын анықтањыз: Ctrl+Shift немесе Alt+Shift.
  4. Орыс алфавитіне көшіп өз аты-жөніңізді теріп жазыңыз, латын вариантын теріп көріңіз.
  5. Компьютерде жұмыс істеуді аяқтау мынандай тәртіппен аяқталады: Пуск - Завершение работы - Выключить компьютер.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Е. К. Балапанов, Б. Бөрібаев, А. Дәулетқұлов Информатикадан 30 сабақ, Алматы, «Шартарап» 2001
  2. Информатика, практикум по технологии работы на компьютере под ред. проф. Н. В. Макаровой, 1997, Финансы и статистика
  3. Специальная информатика С. Симонович, Г. Евсеев, А. Алексеев Москва, АСТ пресс 2001
  4. Практикум по общей информатике под ред. проф. В. П. Омельченко Ростов-на-Дону, «Феникс» 2003
  1. ЗЕРТХАНАЛЫҚ жҰмыс №2

ПрограммалыҚ Қамсыздандырылу. MS DOS операциялық жүйесі

басы

Мақсаты: Программалар классификациясын білу. Операциялық жүйелер мен қолданбалы программаларды айыра білу. Қызметші программалармен жұмыс. MS DOS командаларын білу, NORTON COMMANDER жұмысын білу.

  1. Программалар классификациясы

Программалық қамсыздандырылуы - бұл қолданушының жұмысына қажетті программалар жиынтығы. Шартты түрде ол 3 класқа бөлінеді:

  • жүйелік программалар;
  • қолданбалы программалар;
  • программалау жүйелері.

Жүйелік программалар әр түрлі көмекші қызметтерді атқарады.

  1. Операциялық жүйелер - компьютер қосылғанда жүктелетін программалар. Ол қолданушы мен компьютер арасындағы диалогты ұйымдастырады, компьютерді басқарады, басқа программаларды жүктейді.
  2. Драйверлер - операциялық жүйелердің енгізу-шығару құрылғыларын басқару қызметтерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Драйвердің көмегімен компьютерге жаңа құрылғыларды қосуға болады.
  3. Программалық қабыршақтар (мысалы, Norton Commander) - компьютермен қарым-қатынасты көрнекілейді, оңайлатады.
  4. Операциялық қабыршақтар - бірнеше программаның бірден жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, графиктік программаларды құруды оңайлатады.
  5. Утилиттер - көмекші қызмет атқаратын программалар. Мысалы, антивирустік программалар - компьютерді вирустардан қорғау, емдеу қызметін атқарады; диагностикалық программа - компьютердің жұмыс істеу қабілетін тексереді; коммуникациялық программалар - компьютерлер арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастырады.
  6. Қолданбалы программалар - әр түрлі мақсатта қолданылатын программалар:Мәтіндік редакторлар; баспа жүйелері; электрондық кестелер; мәліметтер қоймасы.

7. Инструменталдық жүйелер - компьютер үшін жаңа программалар жасауды қамтамасыз етеді. (Паскаль, СИ, Бейсик, т. б. )

  1. MS DOS операциялық жүйесінің командалары

Жұмыс мақсаты: MS DOS операциялық жүйесінің негізгі командаларымен танысу. Каталогтармен, файлдармен, дискілермен жұмыс.

MS DOS операциялық жүйесі командалық интерфейсті қолданатын операциялық жүйеге жатады, яғни барлық әрекеттер қандай да бір команданы енгізу арқылы жасалады. Команданы енгізу Enter пернесін басы арқылы аяқталады. Команда латынның кіші әріптерімен де, үлкен әріптерімен де теріле береді.

Команда > белгісімен аяқталатын DOS шақыруынан кейін енгізіледі. Мысалы A> немесе C:\>.

MS DOS программасының анықтама жүйесінен оның командалары туралы жалпы мағлұматты алуға болады. Ол үшін команданы /? параметрімен бірге енгізу керек.

Жалпыжүйелік командалар

CLS - экранды тазалау

DATE - ағымдағы датаны орнату

TIME - жүйелік датаны орнату

VER - компьютерде орнатылған ОЖ DOS версиясын көрсету

МЕМ - жүйелік жады туралы мағлұмат шығару

Каталогтармен жұмыс командалары

MD каталог аты - каталог құру

DIR - ағымдағы каталог мазмұнын көру

СD каталог аты - көрсетілген каталогқа кіру

CD. . - ағымдағы каталогтан бір деңгей жоғары шығу

CD\ - түпкі каталогқа көшу

RD каталог аты - көрсетілген каталогты жою. (Тек қана бос каталогты жоюға болады. Ағымдағы каталог жойылмайды) .

Файлдармен жұмыс командалары

1. COPY файлдың толық аты 1 файлдың толық аты 2 - 1 файлды 2 файлға көшіру. Мұндағы толық аты дегеніміз біріншісінде оның орналасқан жерін, екіншісінде - орналасатын жерін көрсету дегенді білдіреді.

  1. Copy con файл аты - мәтіндік файл құру (CTRL+Z - файлды жабу)
  2. Copy файл аты con - файлды экранға шығару
  3. Copy файл аты prn - файлды принтерге жіберу
  4. Copy файл аты1+ файл аты2 файл аты3 - конкатенация (екі файлды біріктіру) .
  5. Type файл аты - файлды қарап шығу
  6. Ren файлдың бұрынғы аты файлдың жаңа аты - файлдың атын өзгерту
  7. Del файл аты - файлды жою

9. fc (параметр) файл аты файл аты (файл-протокол аты)

Мұндағы параметрлер салыстыру режимін орнату үшін керек. Олар екеу:

/L - файлдарды жолдарымен салыстыру режимі;

/В - файлдарды байттық салыстыру режимі.

10. attrib - файлдың атрибуттарын көрсету және өзгерту. Файл үшін төрт атрибут қарастырылады: тек қана оқу үшін (read-only), жасырын (hidden), жүйелік (system), архивтелген (archive) .

Тақырып бойынша тапсырма

(Тапсырмадағы 6-шы пунктті орындамас бұрын экран мазмұнын көшіріп ал)

  1. Жүктеліп тұрған ОЖ-нің версиясын анықта.
  2. Датаның дұрыс орнатылғанын тексеріп, қате болған жағдайда оны өзгерт.
  3. Уақыттың дұрыс орнатылғанын тексеріп, қате болған жағдайда оны өзгерт.
  4. Компьютер жадын қара.
  5. Format командасы туралы анықтаманы қара.
  6. Экранды тазала.
  7. А дискісіне көш.
  8. А дискісінде өз атаңның атымен аталатын каталог құр.
  9. Құрылған каталогтың ішінде атаңның балаларының атымен аталатын ішкі каталогтар құр.
  10. Әр ішкі каталогтың ішінде немере1, немере2, . . . деп аталатын текстік файлдар құрып, ішіне сол адамның балаларын тізіп жаз.
  11. Құрылған текстік файлдарды біріктіріп, атаңның атымен аталған каталог ішіне немерелер деген атпен сақта.
  12. Файлдың атын өзгертіп, өз атыңмен ата.
  13. Файлды қарап шық.
  14. А дискісінің мазмұнын қара.

Жұмысты қорғау тәртібі: 1) бұл командалардың орындалуының экрандағы бейнесін Word редакторына көшіріп, қағазға басу. 2) Тақырып бойынша қосымша сұрақтарға жауап беру.

  1. Norton Commander командалары

Жұмыс мақсаты :NC қабыршағының командаларымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

DOS жүйесінде жұмыс істеуді жеңілдету мақсатында құрылған файлдық мониторлар бар (File Manager) . Атап өтетін болсақ:

  • Norton Commander
  • Volcov Commander
  • FAR
  • File Commander/W
  • DOS Navigator
  • WIN 32
  • Windows Commander
  • Disco Commander
  • WIN NC т. б.

Олардың бірі графиктік режимде, екіншісі мәтіндік режимде жұмыс істегенімен, жұмыс істеу принциптері біреу. Сондықтан оларды «программа-клондар» деп атайды.

NORTON COMMANDER қабыршағын жүктеу MS DOS-тың командалық жолында келесі командаларды енгізу арқылы орындалады: C:\>NC\NC. EXE

NC терезесі екі бөліктен - панельден тұрады. Онда дискінің мазмұны беріледі. Әдетте файлдар кіші әріптермен, каталогтар үлкен әріптермен беріледі.

Norton Commander негізгі командалары:

1) F1- HELP - NORTON COMMANDER қабыршағында пернелер қызметі туралы қысқаша мәлімет алуғы болады;

2) F2 - MENU - қолданушы таңдаған командалар тізімін жүктеу;

3) F3 - VIEW - файлды қарап шығу;

4) F4 - EDIT - файлды редакторлеу;

5) F5 - COPY - файлды көшіру. Экранда файлды қайда көшіру керектігін енгізетін сұхбат терезесі шығады;

6) F6 - Renmov - файлдың сақталынған орнын немесе атын өзгерту;

7) F7 - MKDir - каталог құру;

8) F8 - Delete - файлды немесе каталогты жою;

9) F9 - PullDn - Norton Commander жұмысының режимдерінің мәзірін шығару;

10) F10 - Quit - Norton Commander-ден шығу;

  1. Alt+F1, Alt+F2 -сол жақ немесе оң жақ панельде дискіні ауыстыру;
  2. Alt+F5 - файлдар тобын архивтеу;
  3. Alt+F6 - файлдарды архивтен шығару;
  4. Alt+F7 - дискіден қажетті файлды табу немесе History - алдында орындалған командаларды қарап шығу, енгізу;

17) Alt-F9 - Ega Ln - 25 жолдан 43 жолға (EGA мониторы үшін ), 50 жолға көшу(VGA мониторы үшін) немесе керісінше;

  1. Alt+F10 - басқа каталогқа тез көшу немесе каталогтар діңгегін шығару;
  2. Ctrl+F1, Ctrl+F2 - сол жақ панельді немесе оң жақ панельді алып тастау/орнату;
  3. Ctrl+F3 - ағымдағы панельде файлдарды аты бойынша сұрыптау;
  4. Ctrl+F4 - ағымдағы панельде файлдарды кеңейтілуі бойынша сұрыптау;
  5. Ctrl+F5 - ағымдағы панельде файлдарды уақыт бойынша сұрыптау;
  6. Ctrl+F6 - ағымдағы панельде файлдарды мөлшері бойынша сұрыптау;
  7. Ctrl+F7 - ағымдағы панельде файлдарды сұрыптамау;
  8. Ctrl - F9 - файлды немесе файлдар тобын баспаға жіберу;
  9. Ctrl+О - панельдерді экраннан алып тастау/орнату.
  10. Ctrl+L - ақпараттық панельді шығару.
  11. Ctrl+Р - ағымдағы емес панельді экранннан алып тастау/орнату.
  12. Ctrl+U - панельдердің орнын алмастыру.
  13. Ctrl+Enter - ерекшеленген файлды командалық жолға апару.
  14. Shift+F3 - аты бойынша файлды қарап шығу.
  15. Shift+F4 - аты бойынша таңдалған файлды редакторлеу.
  16. Shift+F5 - файлды немесе файлдар тобын көшіру.
  17. Shift+F6 - файлың атын немесе орнын өзгерту.
  18. TAB - бір панельден екіншісіне ауысу.
  19. Каталогқа кіру үшін сол каталогтың атына курсорды апарып Enter басса жеткілікті.
  20. Ctrl+\ - түпкі каталогқа бару.
  21. Ctrl+PgUp - бір деңгей жоғарғы каталогқа бару
  22. Home - басына бару.
  23. End - ең аяғына бару
  24. Insert - файлдарды топқа біріктіру/алып тастау.
  25. Esc - команданы болдырмау.
  26. Файлдарды маска бойынша топқа біріктіру үшін «+» символынан кейін масканы енгізу керек.
  27. Файлдарджы таңдау немесе таңдауды алып тастау үшін «*» белгісін басу керек. Таңдалынған файлдар сары түспен боялынып тұрады.

Тақырып бойынша сұрақтар

  1. С:дискісінің мазмұнын қалай қарауға болады?

А) MS DOS-та

В) Norton Сommander қабыршағында

С) Windows-та

  1. Каталогтың немесе ішкі каталогтың мазмұнын қалай қарап шығуға болады?

А) MS DOS-та

В) Norton Сommander қабыршағында

С) Windows-та

  1. Мәтіндік файлдың мазмұнын қалай қарап шығуға болады?

А) MS DOS-та

В) Norton Сommander қабыршағында

С) Windows-та

  1. Иілгіш дискінің мазмұнын қалай қарап шығуға болады?

А) MS DOS-та

В) Norton Сommander қабыршағында

С) Windows-та

  1. Бір дискіден екінші дискіге қалай көшуге болады?

А) MS DOS-та

В) Norton Сommander қабыршағында

С) Windows-та

  1. Каталогты қалай құруға болады?

А) MS DOS-та

В) Norton Сommander қабыршағында

С) Windows-та

  1. Файлды қалай құруға болады?

А) MS DOS-та

В) Norton Сommander қабыршағында

С) Windows-та

  1. Мәтіндік файлды қалай редакторлеуге болады?

А) MS DOS-та

В) Norton Сommander қабыршағында

С) Windows-та

  1. Файлды керек жерге қалай көшіруге болады?

А) MS DOS-та

В) Norton Сommander қабыршағында

С) Windows-та

  1. Қатты дискіден немесе дискетадан керексіз каталогты қалай жоюға болады?

А) MS DOS-та

В) Norton Сommander қабыршағында

С) Windows-та

  1. Дискідегі ақпаратты қалай сұрыптауға болады?

А) MS DOS-та

В) Norton Сommander қабыршағында

С) Windows-та

  1. Дискетаны қалай форматтауға болады?

А) MS DOS-та

В) Norton Сommander қабыршағында

С) Windows-та

  1. MS DOS-тан Norton Comander-ді қалай жүктеуге болады?
  2. Norton Comander-ден Windows-қа қалай шығуға болады?
  3. Windows-тан Norton Comander-ді қалай жүктеуге болады?
  4. Windows-тан MS DOS-ты қалай жүктеуге болады?
  5. MS DOS-тан Windows-қа қалай шығуға болады?
  6. Кез-келген программаны қалай жүктеуге болады?

А) MS DOS-та

В) Norton Сommander қабыршағында

С) Windows-та

  1. Windows және MS DOS операциялық жүйелерінде күн мен уақытты қалай орнатуға болады?
  2. Команда туралы ақпаратты қалай алуға болады?

А) MS DOS-та

В) Norton Сommander қабыршағында

С) Windows-та

Тақырып бойынша тапсырмалар

  1. Екі панельде де С: дискісінің мазмұнын көрсет;
  2. Оң жақ панельде ақпараттты толық күйде, ал сол жақта қысқаша түрде шығар;
  3. Файлдарды аты бойынша сұрыптап орналастыр;
  4. Сол жақ панелде А: дискісіне көш;
  5. Алдыңғы сабақта өзің құрған каталогты жой;
  6. Оң жақ панельді экраннан алып таста;
  7. Алдыңғы тақырып бойынша берілген тапсырмалардың 8-13 пункттерін орында;
  8. А: дискісінің каталогтар діңгегін көрсет;
  9. Зертханалық жұмыс нәтижелерін WORD редакторына көшіріп, сипаттамасын қағазға басып шығар;
  10. Тақырып бойынша берілген сұрақтардан өз вариантыңның сұрағына сипаттама жаз.
  1. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 3

Windows ортасында жҰмыс

басы

Мақсаты: Windows ортасында жұмыс істеудің негізгі принциптерін білу. Файлдармен жұмысты ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.

  1. Windows анықтама жүйесі
  • Диспетчер программ терезесінде Справка мәзіріне шертіңіз
  • Мәзір ішінен Учебник по Windows таңдаңыз.
  • Керекті тақырып немесе ұғым бойынша анықтама жүйесінен ақпарат тауып, танысыңыз.
  1. Терезе құрылымы. Тереземен жұмыс дағдылары.

Терезенің бірнеше түрлері бар: Программалар диспетчерінің терезесі, программалар тобының терезесі, қосымша программа терезесі, құжат терезесі, сұхбат терезесі.

Программалар тобының терезесі Программалар Диспетчерінің терезесінде орналасады. Онда әр программаға сәйкес пиктограммалар болады. Егер программалар тобының терезесі жабық тұрса, онда ол Программалар Диспетчерінің терезесінің төменгі жағында значок түрінде орналасады.

Осы пиктограммаға екі рет шерткенде программалар тобының терезесі ашылады. Мәзір қатарынан Окно мәзірін ашқанда қандай программалар бар екенін білуге болады.

Терезелердің оң жақ жоғарғы бұрышында терезелерді басқару батырмалары орналасады: орау, кішірейту/үлкейту, жабу батырмалары.

Терезелердің мөлшерін маус көмегімен өзгерту үшін сілтемені терезе шекарасына апарып, оңға/солға, жоғары/төмен жылжытамыз.

Терезедегі көрінбй тұрған ақпаратты қарау үшін айналдырма жолағы қолданылады. Ол үшін терезенің оң жағында немесе төменгі жағында орналасқан айналдырма жолағын мауспен сырғытамыз.

  1. Программаның таңбасын жұмыс столында орналастыру

Калькулятор таңбасын жұмыс столына орналастырайыќ.

  • Реквизиты программалар тобын ашыңыз
  • Калькулятор таңбасына басып отырып сілтемені сырғытыңыз, сілтемемен бірге таңбаның көшірмесі бірге жылжиды.
  • Таңба көшірмесін жұмыс столының кез-келген жеріне апарып, маус батырмасын жіберіңіз.

Осы амалды Ctrl пернесін баса отырып орындаса программаның көшірмесін жасауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері
Borland Delphi ортасында электронды оқулық жасау
Оқытудағы ақпараттық технологиялар негіздері
«Информатиканың теориялық негіздері» пәнін оқыту үрдісінде электронды оқу құралын қолдану
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану
Информатика пәні бойынша 7 сыныпқа арналған теориялық материал
Информатика курсы бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау
Орта мектепке арналған "Информатика" пәнінен электронды оқулық құру
Қашықтан окыту жайлы
Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz