Инвестицияның мәні, инвестициялық банктер



Кіріспе.

1. Инвестицияның мәні, инвестициялық банктер

1.1 Инвестиция және инвистициялық процесс

1.2 Бірінші типті инвестициялық банктер

1.3 Екінші типті инвеситициялық банктер

1.4 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің инвестиция жөнінде бұйрығы.

2. Қазақстанның тура шетелдік және өнеркәсіптік өндірісінің инвестициялық сипаттамасы.

2.1 Қазақстанның тура шетелдік инвестициясы

2.2 Қазақстан өнеркәсібінің инвестициялық сипаттамасы

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер
Экономикалық негізгі секторы болып саналатын өнеркәсіпті қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебі, өнеркәсіп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшін инновациялық, инвестициялық, ресурстармен қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті тауар өндіруге мүмкіндік берері сөзсіз.
Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстан өнеркәсіпті дамытуға барлық жағдайдың бар екендігі белгілі. Шикізат қорлардың молдығы, еңбек ресурстары мен білімді және интеллектуалды мамандардың жеткіліктігі, жаңа өндірістер құру үшін аймақтардың кендігі, жағрапиялық жағынан орналасу тиімділігі, ішкі және сыртқы нарыққа шығудағы бірқатар артықшылықтар – мұның бәрі өнеркәсіп саларын, соның ішінде өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың алдында жаңа мүмкіндіктер ашылады. Әрине отандық өнеркәсіптің қарқынды дамуында теріс әсерін тигізер факторлар мен кедергілер жоқ емес.
Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады десек қателеспейміз:
• Өнеркәсіп кәсіпорындарының сыртқы және ішкі инвестицияларға мұқтаждығы, мемлекет бюджетіне тәуелсіз даму үшін өз қаржыларынан құралатын амортизациялық, сақтандыру, резервтік, даму қорларын құра алмайотырғандығы;
1. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы Астана, 2004 ж. 19 науырыз 1 б.
2. Шиликбаева С. «Проблемы развития промышленности и пути их решений» Транзитная экономика. Алматы,2000 №6 б. 46-55
3. Дәуренбекова Ә.Н.«Аль Пари» №2-3 2004 б. 118
4. Қарасаев «Шығыс өлкесі» б. 76
5. Исабеков Б.Н. «Хабаршысы №1(35»), 2003ж. Бет 32
6. Е.Ф. Жуков. «Деньги, кредит, банки» Москва-1999г.
7. Сағадиев К.А. «Казахстан-спектр» аналитические исследования, №3 1998
8. Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының 2003 ж. 8 қаңтардағы N 373-II Заңы
9. Әубакіров Я.Ә., Экономикалық теория негiздерi: Оқулық / [Я. Әубәкiров, М. Есқалиев].- Алматы: Эверо, 2004.- 480 бет.
10. Әкімбеков С., Баймұхаметова А.,Жанайдаров У., “Экономикалық теория” Оқу құралы – Алматы: Кенже – Пресс, 2001жыл, 286-289, 262-266 беттер;

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе.

1. Инвестицияның мәні, инвестициялық банктер

1.1 Инвестиция және инвистициялық процесс

1.2 Бірінші типті инвестициялық банктер

1.3 Екінші типті инвеситициялық банктер

1.4 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің инвестиция жөнінде
бұйрығы.

2. Қазақстанның тура шетелдік және өнеркәсіптік өндірісінің
инвестициялық сипаттамасы.

2.1 Қазақстанның тура шетелдік инвестициясы

2.2 Қазақстан өнеркәсібінің инвестициялық сипаттамасы

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Экономикалық негізгі секторы болып саналатын өнеркәсіпті қайта және
жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебі, өнеркәсіп кез-
келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары
деңгейге көтеру үшін инновациялық, инвестициялық, ресурстармен қамтамасыз
ету, бәсекеге қабілетті тауар өндіруге мүмкіндік берері сөзсіз.
Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстан өнеркәсіпті дамытуға
барлық жағдайдың бар екендігі белгілі. Шикізат қорлардың молдығы, еңбек
ресурстары мен білімді және интеллектуалды мамандардың жеткіліктігі, жаңа
өндірістер құру үшін аймақтардың кендігі, жағрапиялық жағынан орналасу
тиімділігі, ішкі және сыртқы нарыққа шығудағы бірқатар артықшылықтар –
мұның бәрі өнеркәсіп саларын, соның ішінде өңдеумен айналысатын
кәсіпорындардың алдында жаңа мүмкіндіктер ашылады. Әрине отандық
өнеркәсіптің қарқынды дамуында теріс әсерін тигізер факторлар мен
кедергілер жоқ емес.
Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады десек қателеспейміз:
• Өнеркәсіп кәсіпорындарының сыртқы және ішкі инвестицияларға
мұқтаждығы, мемлекет бюджетіне тәуелсіз даму үшін өз қаржыларынан
құралатын амортизациялық, сақтандыру, резервтік, даму қорларын құра
алмайотырғандығы;
• Өтпелі кезеңдегі жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алуда жіберілген
қателіктер осы кезге дейін өзінің теріс жемісін беруде;
• Кәсіпорындардағы табиғи және моралдық тозығы жеткен негізгі қорлардың
үлессамағының басым болуы;
• Жаңа техника мен технологияны, шикізат пен комплект бұйымдарын
импорттау өндіріс шығындарының артуына әсерін тигізеді, соның
салдарынан өнім бағасы қымбаттайды;
• Өндірістік инфрақұрылымның жетілмеуі, сонымен бірге, өнеркәсіпке
қызмет көрсетуші әртүрлі инновациялық, инжинирингтік, маркетингтік,
консалтингтік құрылымдардың ұзақ түрдегі қызметтерден аса алмауы және
осы сияқты көптеген мәселелер көлденең тұруда
Сондықтан да Президенттің 2004ж. 19 наурызындағы Қазақстан халқына
жолдауында Мемлекеттік қолдаудың оңтайлы рөлі жағынан, экономиканы
барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткізуге, екінші жағынан –
инфрақұрылымды жасау және белді салаларды дамытуға жеке белді салаларды
жеке меншік секторды тарту жөнінде белсене жұмыс жүргізуде деп білемін
деп атап өткен.[1]

1. Инвестицияның мәні, инвестициялық банктер

1.1 Инвестициялар және инвестициялық процесс

“Инвестиция” немістің “invesition” деген сөзі және бұл кәсіпорынға
пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді.
Батыс елдері экономикалық теория мектептері инвестициялау процесін
былай түсінген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе
пайдалылық табу. Бұған акция, облигация, жинақ серификаттары, сақтық және
зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар да жатады.
Инвестиция қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорынының көптеген пайдасы, ірі
банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің
ақшалай қаржылары, яғни мемлекеттің табыстары жатады. Одан барлық
шығындарын алып тасталынады. Тұтынуға кетпеген барлық ресурстар –
жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды
салуға, жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу-ағарту, мәдени объектілеріне
бағытталады, яғни капиталдың қорлануына жұмсалады. Қорлану теориясын К.
Маркс “Капиталдың” бірінші томында қарастырады, онда капиталдың қорлануының
мәні мен механизмін ашады, ол өз кезегінде оның органикалық құрылымын
өзгертеді және жұмыссыздықты тудырады.
Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің “Енбекпен
қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы” (“1936 ж.) еңбегінде қарастырды,
онда инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты
факторы ретінде анықтайды. Инвестицияның өсуі ұллтық табыстың үлғаюына,
өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты
жояды.
Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды қол жеткен нәтижелермен
салыстыру керек. Күрделі қаржының тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске
қосу болады. Ал, инвестицияның түпкі нәтижесі ұлттық табыстың өсуі болмақ.
Инвестиция тиімділігінің артуы дегенміз ең аз инвестиция мөлшерімен
нәтижесі бір өнімге деген инвестицияның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін
қажетті арттыруға былай қол жеткізіледі:
- инвестицияның техникалық құрылымен жақсарту, бүл жабдықтарға шығындар
оның жеке үлесінің артуын көрсетеді;
- жұмыс жасап тұрған кәсіпорында техникалық қаруландыру мен
реконструкциялауға және жаңа құрылыстың салынбауында күрделі қаржының
жеке үлесінің артуы;
- жаңа объектілерін салу мерзімін қысқарту.
Инвестиция тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық прогрес
болып табылады. Жаңа техниканы ендіру оны экономикалық тиімділігін анықтау
қажеттілігін қарастырады және оның пайдалы тиімділігінің ескісімен
салыстырғанда мына көрсеткіштермен айқындылмақ: машина, станоктың қуаты мен
өнімділігі, ондағы детальдарды дәл өндеу және т.б. Сондай-ақ, пайдалы
тиімділігінің басты элементі еңбек кауіпсіздігі, қызмет жасаудың ыңғайлығы,
енбек тиімділігін арттыру және оны женілдету болып табылады. Инвестиция деп
қаражаттарды ұзақ мерзімге белгілі бір салаға пайда табу мақсатында салуды
білдіреді. Инвестициялық қызметке банктер делдал ретінде қатысады. Банктер
өздерінің инвестициялық қызметінде тиімді инвестициялық саясат жасай отырып
жүзеге асырады. Банктердің инвестициялық саясатты инвестиция портфелін
басқару бойынша стратегияны құру және іске асыру шараларын, қалыпты
қызметті, табыстылықты арттыру, банк балансының өтімділігін қамтамасыз
етубағытында портфельді және тура инвестициялардың оптималды құрылымына
жетуді білдіреді. Банктың инвестициялық саясатты банктың басқармасымен
жасалады. Инвестициялық саясаттың басты элементтерінің бірі – банктың
валюта – қаржылық портфелін, соның ішінде инвестициялық портфелін
басқарудың тактикасы мен стратегиясын жасау болып табылады. Инвестициялық
портфель бұл – банктің заңды тұлғалардың, басқа банктердің және бағалы
қағаздардың салған қаражаттарының жиынтығы. Инвестициялық портфельдің
оңтайлы критерийлердің - бұл операциялардың табыстылығы мен өтімділігі
болып табылады. Банктердің инвестициялық портфельдерін басқарудың әр түрлі
бағыттары және принциптері қолданады. Көп таралған принциптердің қатарына
бағалы қағаздарды өтеудің баспалдықтылық принципін жатқызуға болады. Бұл
принцип бойынша өтелген бағалы қағаздардан түскен қаражаттарды максималды
өтеу мерзімі бар бағалы қағаздарды қайта инвестициялау. Банктердің белгілі
бір мерзімге пайда табу мақсатында бағалы қағаздармен операциялары банк
инвестициялары ретінде қарастырылады.
Батыс елдердің бір қатарында қазіргі несие жүйесінде инвестициялық
банктер өздерінің дамуын алды. Батыс елдердің инвестициялық банктердің
пайда болып, басқа банктерден бөлінуіне еңбек бөлінісі және несие аясындағы
мамандану әкелді.
Инвестициялық банктердің негізгі қызметі – ұзақ мерзімді ссудалық
капиталды мобилизациялау және оны қарыз алушыларға акциялады,
облигацияларды және орналастыру арқылы, қарыздық міндеттемелердің басқа
түрлері арқылы беру.
Әр ірі фирма, корпорация әдетте өзінің инвестициялық банкісімен жұмыс
істейді және сол банктің қызметін пайдаланады.
Қазіргі инвестициялық банктердің екі түрі қызмет етеді:
❑ Бірінші типті инвестициялық банктер
❑ Екінші типті инвестициялық банктер.

Мұндағы бірінші типті инвестициялық банктер тек бағалы қағаздарды
орналастыру және сатумен айнлысады. Ал екінші типті инвестициялық банктерге
келетін болсақ, оларұзақ мерзімді несиелеумен айналысады.
Батыс Еуропаның континенталды елдеріне және дамушы елдерге негізінен осы
атап кеткен екінші типті инвесициялық банктер тән.

1.2 Бірінші типті инвестициялық банктер

Бірінші банктер XIX ғасырдың бірінші ширегінде жауапкершілігі шектелген
серіктестіктер формасында құрылған болатын. Инвестициялық банктердің аса
тез дамуы XX ғасырда 20-жылдарында байқалады.
Инвестициялық банктердің пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы
қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың
акционерлік формасының пайда болуымен олар үлкен компаниялар мен
корпарациялар үшін олардың акциялары мен облигациялары орналастыру арқылы
ақша қаражаттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды құруда, қайта құруда
біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық
деңгейінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастырады.
Бірінші типті инвестициялық банктер әдетте құрылтайшылар, бағалы
қағаздардың эмиссиясын ұйымдастырушылар рөлінде шығады. Олар компаниямен
орналастырылмаған бағалы қағаздардың бөлігін сатып алатын агенттер
ретінде, сонымен қатар сауда, өндіріс, транспорттық корпарациялардың бағалы
қағаздар бойынша және басқа аспектілер бойынша консультанттар ретінде бола
алады. Ұзақ мерзімді салымдарды қажет етіп, акциялар мен облигациялар
шығару туралы шешім қабылдаған корпарациялардың және мемлекеттің тапсырмасы
бойынша, бірінші типті инвестициялық банктер эмиссияның көлемі, мерзімі,
шарттары жайлы және бағалы қағаздардың типін таңдау жөніндегі, сонымен
қатар орналастыру және қайта айналысы жөніндегі міндеттемелерді өздерінің
мойындарына алады. Мұндай мекемелер шығарылған акциялар мен облигациялардың
сатып алынуына кепіл береді, яғни олар бұл бағалы қағаздарды сатуды
өздерінің есебінен немесе банктік синдикаттарды құру арқылы акциялар мен
облигациялады сатып алушыларға ссуда береді. Несие жүйесінде инвестициялық
банктің үлесі көп болмасада, олар өздерінің жақсы ақпаратталғандығына және
құрылтайшылық байланыстырына байланысты экономикада үлкен рөл атқарады.
Бірінші типті инвестициялық банктер капиталды тарту, бағалы қағаздар
нарығында қызмет көрсету бойынша бірқатар функцияларды атқарады:
❑ Акциялар мен облигацияларды қайта орналастырумен айналысанды.
❑ Халық аралық бағалы қағаздарды еуровалюта нарығында орналастыруда
делдал болады.
❑ Корпарацияларға инвестициялық стратегияның сұрақтары бойынша және
бухгалтерлік есеп пен есеп беру жөнінде кеңестер береді.
Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға түседі.
Көптеген компаниялар инвестициялық банктердің көмегінсіз ұзақ мерзімді ақша
қаражаттарын ала алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің қазіргі
тәжірибесінде мұндай банктер компанияның бағалы қағаздарын орналастырумен
айналыспасада, компаниялар құрылып қызмет ете алмайды. Осындай елдерінің
қатарына келесі елдерді мысаға келтіруге болады: Канада, Ұлыбритания,
Австралия, АҚШ.
Инвестициялық банктер депозиттерді қабылдауды жүргізбейді. Бірақ егер
депозиттер қабылдайтын болса, басында және шектелген мөлшерде ғана. Бағалы
қағаздарды орналастыру алдында инвестициялық банк әдетте эмитент-
корпарацияның қызметіне жоғары мамандырылған экономистер, юристер және
инженерлердің кмегімен тиянақты талдау жүргізеді. Банк корпарацияның
активтерін, мүлкін мақсаттарын, құжаттарын, маркетинг және менеджмент
жүйесін өндіріс жағдайын, нарығын, еңбек қатынастарын, корпарацяның
тарихын, оның операцияларын, балансын, пайда және зияндардың есебін,
басқарма құрылымын, саладағы орнын, бәсеке деңгейін және басқа факторлар
қатарының талдауын жүргізеді. Көп жағдайда инвестициялық банктердің
қызметкерлері клиент эмитент-корпарацияның директорлар кеңесіне кіріп,
оларға өндіріріс, қаржы және инвестициялау сұрақтары бойынша кеңестер
береді.
Меншікті қаражаттардың салыстырмалы тапшылығы инвеситициялық банктерді
бағалы қағаздардың эмиссиясын орналастыру үшін синдикаттарды және
консорциумды құруға мәжбүр етеді. Мұнда олардың рөлдері бірдей емес, әдетте
синдикаттарда және консорциумда 1-5 банктің басшылықты орыны болады.

1.3 Екінші типті инвеситциялық банктер

Ал екінші типті инвестициялық банктерге келсек, олар бірінші типті
инвестициялық банктерден ұйымдастырушылық құрылымында, қызметтері мен
операцияларында елеулі айырмашылығы бар. Екінші типті инвестициялық банктер
акционерлік негізде, мемлекеттің қатысуымен аралас меншік формасында және
таза мемлекеттік болып құрылуы мүмкін. Мұндай банктердің негігі функциялары
өндірістік кәсіпорындардың салаларын, сонымен қатар жаңа технологияларды
енгізуімен және ғылыми-техникалық революция жетістіктерін іске қосумен
байланысты арнайы – мақсатты жобаларды орта ұзақ мерзімді несиелеу блып
табылады. Қазақстан Республикасында мұдай банктердің функцияларын негізінен
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің екінші деңейдегі банктер атқарады.
Бірақ Қазақстан Республикасының коммерциялық банктің инвестициялық
қызметінің мақсаты – қаражаттардың сақталуын, диверсификация, табыс пен
өтімділікті қамтамасыздандыру.
Нормативтік құжаттарға сәйкес кез келген бағалы қағазды өз атынан, өз
есебінен және өз бастамашылығымен сатып алу және қайта сату инвестициялық
операцияболып табылады. Коммерциялыө банктердің инвестициылқ операциялары
меншікті ресурстар, зайымдық және тартылған қаражаттар есебіне жүзеге
аырылады.
Біраз уақыт бұрын отандық банктердің атына олардың нақты экономика
секторындағы шаруашылық субьектілерімен қатынастары туралы қатаң сын
айтылған болатын. Қазақстанның экономикасына айналым және инвестициялық
қаражаттардың тапшылығын банктердің несиелері қанағаттандырмады.
Сонымен қатар, банктердің несиелеу белсенділігінің тым тез артуының тағы
бір себебі, инфляцияның және дивальвацияның салыстырмалы төмен деңгейі
негізіг қаржылық құралдар бойынша пайда мөлшерін төмендетті. Банктер
мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында және валюталық нарықта жоғары пайда
алу мүмкіншіліктерін жоғалтты, ал бұл өз кезегінде негізі пайда көзі
ретінде белсенді төрде несиелеу оперцияларын жүргізуге итермеледі. Бүгінгі
таңда инвесторлар тек пайда мөлшерінің төмендігімен емес, сонымен бірге
қаржылық құралдардың жетіспеушілігін де бастан кешіруде. Осындай негізгі
факторлардың нәтижесінде экономика аз болса да инвестициялық қажеттіліктеді
қанағаттандырды.
Соымен экономиканы инвестициялауда банктердің инвестициялық қызметі өте
маңызды. Қазақстанда банктер тарапынан экономикаға қаражаттарды бөлу
көбінесе несиелер түрінде болып отыр. Банктердің қаржылық инвестицияларға
қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру керек. Сондай-ақ, шағын және орта
бизнеске инвестицияларды бөлу шарттарын жеңілдету жолдарын іздестіру қажет.
Жинақтаушы зейнетақы қорларның активтерін нақты экономиканы қаржыландыруға
жұмсау жағдайларын қарастырған жөн.[2]

1.4 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің инвестиция
жүнінде бұйрығы.

Ескерту: Стандарттың барлық мәтіні бойынша "субъектілердің",
"субъектілер", "субъект", "проценттер", "процентінің", "проценті",
"проценттерге" деген сөздер тиісінше "ұйымдардың", "ұйымдар", "ұйым",
"сыйақылар", "сыйақысының", "сыйақысы", "сыйақысына" деген сөздермен
ауыстырылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 27
бұйрығымен.
    1. Осы стандарттың мақсаты қаржы инвестицияларын есепке алу және
ұйымдардың қаржы есептемелерiндегi инвестициялар туралы ақпаратты ашып
көрсету тәртiбiн айқындау болып табылады.
    2. Қаржы инвестицияларын есепке алу тәртiбi мына мәселелердi
қамтиды:
    1) қаржы инвестицияларын санаттарға сыныптау (қысқа мерзiмдi және
ұзақ мерзiмдi);
    2) қаржы инвестицияларының құнын анықтау және қаржылық
есептілігінде көрсету;
    3) инвестицияларды санаттан санатқа аудару;
    4) қаржы инвестициялары құнының сөзсiз төмендеуi.
    Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы
28 қаңтардағы N 27 бұйрығымен.
    3. Бұл стандарт мыналарды қарастырмайды:
    1) инвестициялардан алынған сыйақылар, роялти, дивидендтер және
жалақысы түрiндегi табыстарды тану негiздерi;
    2) еншiлес заңды тұлғаларға салынған инвестициялар;
    3) гудвилл, патенттер, сауда таңбалары және басқа да осындай
активтер;
    4) ұзақ мерзiмдi жалға беру;
    5) зейнетақымен қамтамасыз ету бағдарламаларына және
қызметкерлердiң өмiрiн сақтандыру жөнiндегi ұйымдарға салынған
инвестициялар.
    Айқындамалар
4. Қаржы инвестициялары табыс табу (мәселен, сыйақылар, роялти,
дивидендтер және жал ақысы), инвестицияланған капиталды арттыру немесе
өзге де (мәселен, коммерциялық қатынастардың нәтижесiнде) пайда табу
мақсатында ұйым ие болып отырған актив.
    Қаржы инвестицияларына сондай-ақ пайдаланылмай тұрған жылжымайтын
мүлiкке салынған инвестиция да жатады.

5. Өткiзу құны - актив айырбасталатын немесе мәмiледен хабардар және
оны жасауға дайын тәуелсiз тараптар арасындағы мiндеттемеге төленетiн
құн.
    6. Ағымдағы құн - активтердiң белгiлi бiр уақытқа арналған,
  қолданылып жүрген нарықтық баға бойынша құн Жiктеу
    7. Қаржы инвестициялары иелену мерзiмiне қарай мынадай санаттарға
жiктеледi:
    1) қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары - иелену мерзiмi бiр жылға
дейiн;
    2) ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары - иелену мерзiмi бiр жылдан
артық.
    Жылжымайтын мүлiкке салынған инвестицияларға ие субъектiлер бұл
инвестицияларды ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары ретiнде есепке
алады.

  

  Бағалау
8. Қаржы инвестицияларын сатып алу кезiнде олар сатып алу құны бойынша
бағаланады, оның iшiне делдалдық сыйақы және банк қызметтерi үшiн
сыйақылар сатып алуға тiкелей байланысты шығындар кiредi.
    9. Қаржы инвестицияларын оны сатып алған сәтке дейiнгi кезең үшiн
есептелген сыйақылар, дивидендтер қосылған құны бойынша сатып алуды
есепке алғанда ол сатып алушының сатушыға төлеген сыйақысының
мөлшерiне азайтылған сатып алу құны бойынша көрсетiледi.
    10. Инвестицияның сатып алу құны мен оны бағалы қағаздармен өтеу
(сатып алу кезiнде туындайтын жеңiлдiк немесе сыйақы) арасындағы
айырманы инвестор оны иелену мерзiмi iшiнде өтейдi.
  11. Қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары бухгалтерлiк баланста:
    1) ағымдағы құны бойынша;
    2) сатып алу құны мен ағымдағы құнның ең төмен бағалануы бойынша
есепке алынады.
    Егер қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары сатып алу құны мен
ағымдағы құнның ең төмен бағалануы бойынша есепке алынса, баланстық
құн не бiрiккен қоржын негiзiнде тұтастай, немесе инвестиция түрлерi
бойынша, не жеке инвестиция негiзiнде айқындалады.
    12. Қысқа мерзiмдi қаржы инвестицияларының ағымдағы құнының
өзгеруiнен болған табыс немесе залал олар туындаған есептi кезеңде
танылады.
    13. Ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары бухгалтерлiк баланста:
    1) сатып алу құны бойынша;
    2) қайта бағалау есепке алынған құны бойынша;
    3) қоржын негiзiнде айқындалатын сатып алу құны мен ағымдағы
құнның ең төмен бағалануы бойынша есепке алынады.
    14. Ұзақ мерзiмдi қаржы инвестицияларын қайта бағалау үшiн:
    1) қайта бағалаудың қайталану жиiлiгiн айқындау;
    2) бiр тектi ұзақ мерзiмдi инвестицияларды бiр мезгiлде қайта
бағалау қажет.
15. Ұзақ мерзiмдi қаржы инвестицияларын қосымша бағалау сомасы
меншiктi капиталды ұлғайтады.
    Инвестиция құны төмендеген кезде кемiту сол инвестицияны қосымша
бағалау сомасының есебiнен жүргiзiледi.
    Бiр инвестицияның қосымша бағалау сомасы жоқ болған (жетiспеген)
жағдайда оның құнының төмендеуi залалға жатады.
    Құны бұрын кемiтiлген инвестицияны қосымша бағалау сомасы нақ сол
инвестициядан болған залалды өтегеннен кейiн меншiктi капиталды
ұлғайтуға жатқызылады.
    16. Ұзақ мерзiмдi қаржы инвестицияларының құны сөзсiз төмендеген
жағдайда бұл инвестициялардың баланстық құны қайта қаралуы керек.
Құнның бұлайша төмендеуi әрбiр инвестиция үшiн бөлек айқындалып,
есепке алынады.
    Бұл ретте инвестициялық ұйымдағы инвестор тәуекелiнiң түрлерi және
үлесiнiң көлемi ескерiледi.
    Ескерту: 16-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы
28 қаңтардағы N 27 бұйрығымен.

    Қаржы инвестицияларының шығып қалуы және басқа санатқа аударылуы

    17. Қаржы инвестициялары шығып қалған кезде сатудан алынған табыс
пен баланстық құнның арасындағы шығындар (делдалдың немесе дилердiң
қызметi) алып тасталған айырма табыс немесе шығын ретiнде танылады.
    Егер инвестиция бұрын қайта бағаланған немесе ағымдағы баға
бойынша бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы қабылданған есеп
саясатына сәйкес табысқа немесе бөлiнбеген табысқа жатады.
      18. Ұзақ мерзiмдi қаржы инвестицияларын қысқа мерзiмдi
инвестициялар санатына ауыстыру:
    1) егер қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары сатып алу құны мен
ағымдағы құнның ең төмен бағалануы бойынша есептелетiн болса, сатып
алу құны мен баланстық құнның ең төмен бағалануы бойынша жүзеге
асырылады.
    Егер инвестициялар бұрын қайта бағаланған болса, ауыстыру кезiнде
оларды қайта бағалаудан түскен сома есептен шығарылу керек.
    2) егер қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары ағымдағы баға бойынша
есептелетiн болса, онда баланстық құны бойынша жүзеге асырылады.
    Осы инвестициялар бойынша бұдан бұрын жасалған қайта бағалаудың
сомасы табыс ретiнде танылады.
    19. Қысқа мерзiмдi қаржы инвестицияларын ұзақ мерзiмдi
инвестициялар санатына аудару:
    1) сатып алу құны мен ағымдағы құнның ең төмен бағалануы;
    2) егер олар осы құны бойынша бұрын көрсетiлген болса, ағымдағы
баға бойынша жүзеге асырылады.

    Қаржы инвестицияларымен жасалатын операциялардың нәтижелерiн
қалыптастыру

    20. Табысқа мыналар кiредi:
    1) инвестициялардан алынған табыстың мынадай түрлерi: ұзақ
мерзiмдi және қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары бойынша проценттер,
роялти, дивидендтер және жал ақылары;
    қысқа мерзiмдi қаржы инвестицияларының шығып қалуынан болған қаржы
нәтижелерi;
    ағымдағы құны бойынша есептелетiн қысқа мерзiмдi қаржы
инвестициялары бойынша өткiзiлмеген табыс пен залал;
    ағымдағы құнға дейiн төмендеу және қысқа мерзiмдi қаржы
инвестицияларын сатып алу құны мен ағымдағы құнның ең төмен бағалануы
бойынша көрсетуге қажеттi құнның керi өзгерiсi;
    2) 13-параға сәйкес ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары құнының
төмендеуi;
    3) ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары құнының сөзсiз төмендеуi;
    4) 15-параға сәйкес ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары шығып
қалған кезде туындайтын қаржы нәтижелерi.

    Ашылым

21. Қаржы есептемелерiнде мыналарды ашып көрсету керек:
    1) мыналарды айқындаудағы есеп саясатын:
    қаржы инвестицияларының баланстық құнын;
    қайта бағаланған ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары шығып
қалғаннан кейiнгi қайта бағалаудан түскен табысты;
    2) мыналар бойынша табысқа енгiзiлген елеулi сомаларды:
    ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары бойынша
проценттер, роялти, дивидендтер және жалақылары;
    қысқа мерзiмдi қаржы инвестицияларының шығып қалуынан болған табыс
пен залал және осындай инвестициялар құнының төмендеуi;
    3) егер олар ағымдағы құны бойынша есепке алынбаған болса,
жылжымайтын мүлiкке салынған инвестицияның ағымдағы құнын;
    4) мыналарға:
    инвестицияларды өткiзуге;
    табыс салуға;
    оларды сатудан табыс алуға елеулi шектеулердi;
    5) есептi кезең iшiнде қайта бағалаудан алынған соманың қозғалысын
және мұндай қозғалыстың сипатын;
    6) қайта бағалау есепке алынған құны бойынша есепке алынатын ұзақ
мерзiмдi қаржы инвестициялары бойынша:
    қайта бағалаудың қайталану жиiлiгiн;
    соңғы қайта бағалаудың мерзiмiн;
    қайта бағалаудың негiздемесiн ашып көрсету керек.

    Күшiне ену мерзiмi

    22. Осы бухгалтерлiк есепке алу стандарты 1997 жылғы 1 қаңтардан
бастап күшiне енедi.

2. Қазақстанның тура шетелдік және өнеркәсіптік өндірісінің
инвестициялық сипаттамасы.

2.1 Тура шетелдік инвестициялар

Экономикалық аймақтарға шетел инвестициясын тартуды ынталандырудың
басты шарты болып Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде
тәуелсіздігінде жатыр. Бұл мемлекеттің нарықтық қатынастарға өтуге
бағытталған әлеуметтік, экономикалық, инвестициялық және сыртқы
экономикалық саясатты дербес өңдеуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктің инвестициялық операциялық теориялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық портфелінің даму стратегиясы
Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің қаржылық аспектісі қазақстан республикасындағы инвестиция
Инвестициялық саясат
Инвестициялық жобаларды талдау формалары
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен инвестициялық операциясы
Қазақстандағы коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің экономикадағы ролі
Инвестиция мәні мен түрлері
Инвестициялық үдеріс: оның мәні, мазмұны және қызметі
Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру негізі
Пәндер