Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және құрылымы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
I. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
II. Бағалы қағаздар нарығын реттеу және оның қатысушылары ... ..10
2.1. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.2. Бағалы қағаздар нарығының өзін өзі реттейтін ұйым ... ... ... ... ... ... ..15
2.3 Қор биржасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.4 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары ... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын нарық. Бағалы қағаздар (банктер, арнаулы кредит институттары мен қор биржалары) арқылы кәсіпорындардың, банктердің мемлекеттің және жеке адамдардың қорланған ақшасы шоғырландырылып, капиталдың өндірістік және өндірістік емес жұмсалымына салынады.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы – бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар кез-келген нарықтық экономиканың төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады, яғни бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, оларды нарық жүйсіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:
1. сұраныс пен ұсыныс;
2. делдалдар мен басқа қатысушылар;
3. нарықтық инфрақұрылым яғни коммерциялық банктер, қор биржалары, инвестициялық институттар және с.с.;
4. нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.
ҚР-ның құқықтық-нормативтік актілері:
1. «Бағалы қағаздар» туралы ҚР-ның заң актілері 1997 ж. 10 шілде
2. «Бағала қағаздар нарығы» туралы заң. Егемен Қазақстан 5 шілде 2003 жыл.
Ғылыми әдебиеттер:
3. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары» Оқу құралы / - Алматы: Экономика 2000 – 328 бет.
4. Көшенова Б.А. «Бағалы қағаздар нарығы» Оқу құралы / - Алматы: Экономика – 1999 – 234 бет.
5. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2005. – 552 бет.
6. Адамбекова А.А. «Рынок ценных бумаг в Казахстане» Алматы, 2003 – 133 с.
Қосымша әдебиеттер:
1. Аналитикалық журнал «Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы» №6 1997, № 12 2004, № 1 2005, № 3 2005.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және құрылымы
тақырыбы бойынша

КУРС ЖҰМЫСЫ

Мазмұны.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
I. Бағалы қағаздар нарығының
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Бағалы қағаздар нарығының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 4
II. Бағалы қағаздар нарығын реттеу және оның қатысушылары ... ..10
2.1. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .10
2.2. Бағалы қағаздар нарығының өзін өзі реттейтін
ұйым ... ... ... ... ... ... ..15
2.3 Қор
биржасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .19
2.4 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби
қатысушылары ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...32

Кіріспе.

Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын
нарық. Бағалы қағаздар (банктер, арнаулы кредит институттары мен қор
биржалары) арқылы кәсіпорындардың, банктердің мемлекеттің және жеке
адамдардың қорланған ақшасы шоғырландырылып, капиталдың өндірістік және
өндірістік емес жұмсалымына салынады.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты
жолы – бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар кез-келген нарықтық
экономиканың төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы
мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады, яғни бұл күрделі қаржы
тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, оларды нарық
жүйсіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас
бөліктері болуы қажет. Олар:
сұраныс пен ұсыныс;
делдалдар мен басқа қатысушылар;
нарықтық инфрақұрылым яғни коммерциялық банктер, қор биржалары,
инвестициялық институттар және с.с.;
нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.
Нарықтың осы құрамдас бөліктері қазіргі уақытта негізінен құрылып
болды. Бұл жөнінде елімізде экономикалық жүйені реформалауды тереңдету
жолында қабылданған Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру
Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектілері –
акционерлік қоғамдардың құрылуын тездетуде шешу рөл атқарады.
Акционерлік қатынастардың Қазақстан Республикасында күн өткен сайын
арта түсуі акционерлік қоғам туралы заңнаманы, акционерлік қоғамдардың
құқықтық механизімін зерттеуді талап етіп отыр.
Осы ұсынылып отырған жұмыс Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша
заңды тұлғаның бір ұйымдық-құқықтық түрі болып табылатын акционерлік
қоғамдардың құқықтық жағдайына және ол бойынша әрекет етуші акционерлік
заңнамаға, сонымен қатар акционерлік қоғам зерттеуге бағытталған.
Осы курстық жұмысымның 1-ші бөлімінде бағала қағаздар нарығының пайда
болып нарықтық экономикада қалыптасуы және бағалы қағаздардың түсінігі
туралы жазамын.
Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу, менің ойымша ең маңызды
және жауапты міндеті. Себебі, бағалы қағаздар нарығының қатысушылары заң
шеңберінен ауытқымай, құқықтық нормалар негізінде іс жүргізеді.
Сондықтан мен 2-ші бөлімде бағалы қағаздар нарығын реттеу мен бағалы
қағаздар нарығының қатысушыларына тоқталып өтемін.

I. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі.
1.1. Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы.

Алғашқы бағалы қағаздар нарығы 20 жылдары КСРО-да жаңа экономикалық
саясат кезінде пайда болған. Ал қазіргі кезде Қазақстанда бағалы қағаздар
нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-шы
жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар-ақша қатынастары және меншік
қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық
қатынастарға сай өзгертуге тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске
асады. Соңғы 10 жылдықта дүниежүзінің көптеген елдерінде жекеменшіктендіру
жүрді. Әсіресе, Англияда ол шапшаң қарқынмен өтті. Бірақ Батыс Еуропа
елдерінде жекеменшіктендіру өркендеген нарық экономикасы жағдайында жүрді.
Сондықтан жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса
да өркендеген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай болды. Ал
тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы (ТМД) елдердің жайы өзгеше.
Бұл елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан
жағдайда мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акцияландыру
арқылы жүргізілді. Себебі, көптеген кәсіпорындар да халықта осындай жаңа
құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады.
Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі – жекеменшіктендіру чектерін
(купондарын) өмірге келтірді. Бұл мемлекеттің бағалы қағаздардың бір түрі,
олар, өз иесіне мемлекеттің иелігінен алып, жекеменшіктендірілген меншіктің
бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді.
Ірі және орта кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акционерлік
қоғам ретінде қайта құрудан басталды. Акционерлік қоғамның иесі –
акционерлер, олардың меншік құқы акция берумен куәландырылады.
Жекеменшіктендіру чектеріне кез-келген жекеменшіктендірілген
кәсіпорынның акциясын сатып алуға болады. Ал жекеменшіктендірілген
кәсіпорын ұжымының мүшелері өздері қызмет істеп жүрген кәсіпорнының
акциясын жеңілдікпен сатып алуға құқы бар. Ондай сатып алуды да
жекеменшіктендіру чегімен төлеуге болады. Жекеменшіктендіру чегіне басқа
акционерлік қоғамға айналған кәсіпорындардың акциасын сатып алу
аукциондарда жүргізіледі. Аукцион өтетіні туралы алдын ала ақпарат
құралдарында жарияланады. Сонымен бірге жекеменшіктендіру чегіне арнаулы
инвестициялық қорлардың да акциясын сатып алуға болады. Ондай қорлар
чектерді өздерінде көптеп шоғырландырып, оған басқа акционерлік қоғамдардың
акцияларын сатып алады. Инвестициялық қорлардың акциаларын сатып алушы сол
қордың иемденушісінің біреуі болып есептеледі. Қор оған өз пайдасының бір
бөлігін төлейді. Инвестициялық қорлар – жеке ұйым.Мемлекет нивестициялық
қорларға салған чектерге кепілдік бермейді.
Осы айтылғандардан басқа, жекеменшіктендіру чегін мұра етіп қалдыруға,
сыйлық ретінде беруге және сенімхатпен басқа адамға беруге болады. Біздің
елімізде мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру және жекеменшіктендіру
чегіне акция сату 1994 – 1995 жылдары өтті. Ол кездерде көптеген
инвестициялық қорлар ашылып, халық ол қорларға чектерін тапсырғанымен
олардың орнына акция алғандары аз.
Қазақстанда бағалы қағаздар рыногі 1991 жылдан бастап қалыптаса
бастады. Бұл мәселеде мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі және
акционерлендірілуі шешуші рөл атқарды. Қысқа мерзім ішінде күллі ұлттық
шаруашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға
айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде
көрінді. Осының нәтижесінде 1991 – 1993 жылдары 200 акционерлік қоғамның,
соның ішінде 30-ға жуық акционерлік коммерциялық банктің акциялары
тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның жалпы сомасы 110 млрд. сом болды.Соның
ішінде банктердің үлесі 80% құрады.
1-кезең. 1991 – 1992 ж. дейінгі уақыт және негізінен сауда
объектілерінен қызмет көрсету салаларын сату. Сондай-ақ мемлекеттік
меншікті еңбек ұжымына беру қолға алынды. Осы уақыт ішінде 2500-ден астам
ірі және шамамен 4000 шағын кәсіпорындар экономиканың мемлекеттік емес
секторына өтті. Бұл арада тек әрбір бесінші кәсіпорын ғана мемлекет
иелігінен алынып жекеменшікке өтті. Негізінен арадағы сауда, қоғамдық
тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындар
жекеменшіктендірілді.
2-кезең. 1993-1996 жылдардың басына дейінгі уақыт. Бұл кезеңдегі
жекешелендіру принципі жекешелендіру купонын халыққа таратып беруге
негізделді. Халық бұл купонды арнайы инвестициялық қорларға салу құқығына
ие болды. Бұл купондар сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын
сатып алу үшін қолданылды. Қазақстан Республикасының барлық азаматтары
купон кітапшаларын алды. Бұл арада халықтың материалдық жағдайындағы
айырмашылығын ескере отырып, қала халқына 100 купон бойынша, ауылға 120
купон бойынша есептелді. Ұлттық банк филиалдары купонды таратып беру 1993
жылы аяқталды, купонмен халықтың 90% қамтылды. 1994 жылдың мамырынан -
1996 жылдың ақпан айына дейін Қазақстан Республикасында 22 купондық
аукционда 1700-ден астам кәсіпорын сатылуға ұсынылды.
3-кезең. Жеке жобалар бойынша жекешелендіру 5000-нан астам адам жұмыс
істейтін ірі кәсіпорындар мен айрықша мемлекеттік маңызы бар кәсіпорындар
мысалы, кен өндіруші өнеркәсіптер немесе табиғи монополиялар жеке жобалар
бойынша жекешелендіру бағдарламасы негізінде жекешелендіру керек болған сол
себептен осы категорияға шамамен 170 кәсіпорын кірді.
Бағалы қағаздар нарығы. Бұл нарықтың кейбір белгілері КСРО-да қазан
революциясына дейін болғанымен, соңғы 70 жыл бойы оның ешқандай өсу белгісі
болған жоқ. Ал 1990 жылдардың басында ТМД елдерінде, оның Қазақстанда
басталған нарық қатынастары даму және одан әрі жетілу үшін белгілі бір
уақыт қажет. Себебі, нарық меншік қатынастарын және мемлекет пен жергілікті
басқару органдарының қаржы саясатын өзгертуден басталады. Нарық ең бірінші
меншікті жекеменшіктендіру және мемлекеттік кәсіпорындарды акцияландырудан
басталады. Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру
мақсатында бұрынғы үйренген әдіс – ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай,
оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздардың бірі – қысқа мерзімді
мемлекеттік вексельдерді (ГКО) шығарумен айналысуда. Жергілікті басқару
органдары да дәл осы жолды пайдалануда.
Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез келген саласының өз қажетіне
ақша қорын жасауына жол ашуда. Мысалы, акция шығарып осы қорды үнемі, яғни
кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны шығару несиені
банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар бағалы қағаздар
нарығын өрістетуге мүмкіндік береді.
Қаржы нарығына мемлекеттік үстемдікті жойған кезде, ол әкімшілік емес,
тек экономикалық заңдардың әсерімен қызмет жасайды. Егер қаржы нарығы жеке
меншікке негізделсе, әрине оның әкімшілік тәсілмен қызмет етуі мүмкін емес.
Кәсіпорын мемлекеттік меншіктен акционерлік меншікке өткенде бүкіл табыстың
салық төлегенне кейін қалғаны өз меншігінде болады. Кәсіпорындар уақытша
бос қаржысына коммерциялық банктердің төлейтін пайыздық мөлшері нарық
деңгейіне сай келгенде ғана оларды есеп шоттарда сақтайды. Сонымен,
шаруашылықты экономикалық әдістермен жүргізу - өндірістің өсуін қамтамассыз
етіп, қаржы қорларының көбейіп, қоғамда әлеуметтік оң өзгерістердің
болуының кепілі.
Бағалы қағаздар – иеленушілеріне мүліктік құқық және белгілі бір
ақшалай сома алуға құқық беретін ақша немесе тауар құжаттары; мүлікті
құқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің
жиынтығы.
Акция – акционерлердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын
бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің
бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді.

Акция

Басқаға беру тәсілі бойынша
Бақаруға қатынасу құқығы
бойынша

Жай

Атаулы
Ұсынушы
Артықшылықты

Облигация – деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған
ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттенген
жазбаша қарыз құжат.
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан онда сатылатын өзінің айрықша
тауарымен өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар – бағалы қағаздар. Олар біріншіден,
меншік белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу
құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Одан бұрын айтқанымыздай,
бұл тауарды өз құқына аз болсада, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады.
Бағалы қағаздардың көрсетілген құны өте төмен болғанымен, мысалы, өндіріс
кәсіпорнына жұмсалған нақты капиталдың белгілі бір мөлшерін көрсетеді. Егер
бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның
бағасы көрсетілген құнынан жоғары болады.
Бағалы қағаздар – мүлікті құқықты растайтын ақшалай құжаттар немесе
мұндай құжаттарды шығарған ұйымға олардың иелері қарызының қатысы.
Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын
айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалай да
бір мүлікке құқылы екендігін куәландыруға тиіс. Бұл белгілі бір тауар
немесе нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бағалы
қағаздар белгілі бір қоғамның, кәсіпорынның, фирманың, ұйымның меншігіне
қатысуға және басқаруға құқық береді.
Бағалы қағаздар нарығы – нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ
болатын процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау
процесіне қатысты. Капиталды инвестициялау деген оның капиталға мұқтаж
өндіріс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан кері
алынуы. Капиталдың бұндай айналыс механизмі мұнадан түсінікті. Мысалы,
кейбір тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда оған сәйкес
бағасы да өседі. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі,сондықтан басқа
салалардың өніміне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиімділігі кеміп,
ондаға капиатал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға құйылады. Бағалы
қағаздар осы механизмнің құралын қамтамасыз ететін құрал. Олар уақытша бос
капиталды сату-сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағыттап отырады.

II Бағалы қағаздар нарығынын реттеу және оның қатысушылары
2.1. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу.
Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеті. Ондағы
мақсат – бағалы қағаздармен келісімге қатысушылардың заңда мүдделері мен
құқығын сақтауды қамтамасыз ету.
Бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын қаржы институттарының ісін
бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Республикада ондай
органдар болып Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия, Қаржы
министрлігі, Ұлттық банк, Мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет
және Жекеменшіктендіру жөніндегі Мемлекеттік комитет саналады. Осы бағалы
қағаздар нарығын реттейтін мемлекеттік органдардың ең негізгісі – Бағалы
қағаздар жөніндегі Ұлттық комисияның құрамы 1995 жылдың қаңтарында
анықталып, сол жылғы сәуірдің 21-дегі Республика Президентінің Бағала
қағаздар және қор биржасы туралы жарлығына сәйкес оның құқықтық статусы,
қызметі және өкілеттілігі бекітілді.
Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия оның төрағасы және төрт
комиссия мүшелерінен құрылады. Олар Республика заңдары мен міндеттелген
жауапкершілікпен толық өкілеттілікті атқарады. Комиссия төрағасымен оның
мүшелерін Премьер-министрдің ұсынуымен 5 жыл мерзімге республика Президенті
бекітеді. Қызметтен де осы жолмен босатылады. Комиссияның тұрақты қызметін
қамтамасыз ету үшін оның атқарушы аппараты құрылған.
Қазіргі кезде республикада бағалы қағаздар нарығының қызметін толық
қамтамасыз ететін инфрақұрылым құрылып бола қойған жоқ. Оның ішінде бағалы
қағаздар нарығында кездесетін барлық қатынастарды толығынан реттейтін
жеткілікті нормативтік заң актілері жоқ. Сол сияқты бағалы қағаздар
нарығында қалыптасып келе жатқан көріністі жеткілікті түрде хабарлайтын
ақпарат құралдары аз. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу ғылымға
негізделіп, алдын ала дайындалған концепцияға жүгінгені дұрыс.
Дүниежүзілік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу екі
түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей
араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.
Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:
бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөніндегі заң шығаратын өкілетті
органдардың жұмысы;
осы мәселелер бойынша атқарушы үкімет органдарының қаулылары мен
бұйрықтары;
бағалы қағаздар нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе ескілерін
өзгертетін басқа да мемлекеттік органдардың іс-шаралары. Негізінен бұл –
бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға лицензия беру, бағалы қағаздардың
кейбір түрлерінің айналуына шек қою немесе оны тоқтату, бағалы қағаздарды
тіркеу және с.с. жұмыстар.
Жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:
несие үшін процент мөлшерін өзгерту арқылы айналымдағы ақша массасын және
несие көлемін мемлекеттік бақылау;
мемлекеттің салық саясаты;
депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;
қарыз капиталы нарығына мемлекеттің араласуы (қазыналық облигациялар,
вексельдер, орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздар, мемлекеттік
органдардың міндеттемелерін және сол сияқты шығару) арқылы мемлекет пен
корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;
мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетел валютасымен алтын
операцияларын, экспорт шараларын ынталандыру және с.с жұмыстарды реттеу);
мемлекеттің сыртқы экономикалық іс-шаралары (саяси байланыстарды ұлғайту
немесе шектеу және с.с.).
Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не арнаулы
ұйымға (бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға), не Қаржы министрлігіне, не
мемлекеттік жүктеледі. Мысалы, АҚШ-та тиісті заңдарды шығарып, олардың
орындалуын тексерумен конгрессте құрылған Бағалы қағаздар және қор
биржалары туралы комиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрақтар Қаржы
министрлігінде қаралады.
Реттеуші органдар инвесторлардың қаржысын қорғауға бағытталған
негізінен үш қызмет атқарады. Олар:
- нарықта шаруашылық субъектілері ретінде қызмет істейтін барлық
бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы қағаздарға
тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық
кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір талаптарға сай болуы қажет, яғни
олардың керекті мөлшерде (минимум) өз капиталы болғаны жөн. Инвесторлардың
мүддесін қорғау мақсатында, әдетте, тіркеуші органдар тіркеуден өткізбеу
құқын алады.
- экономиканың барлық субъектілерін нақты хабарлармен қамтамасыз ету.
Ол, әдетте, бағалы қағаздарды шығару мен оны шығарушылар туралы анық та
толық хабар беретін эмиссия проспектісін шығарумен жүзеге асырылады. Оған
алдын ала белгілі бір адамдар ғана біліп және тек солардың арасында
орналастырылатын жеке бағалы қағаздар қосылмайды. Одан басқа эмитенттер
бұқаралық ақпарат беттерінде үнемі қаржы есебін, фирманың басшы адамдары
туралы өзгерістерді жариялап тұруға міндетті.
- институционалдық органдар бағалы қағаздар нарығын тексеру және
ондағы құқық тәртібін сақтау қызметімен де айналысады. Бұл органдардың
өкілі заң бұзушылардың кез-келгенін тексеріп, кінәлілерге әкімшілік шара
қолданып, істерін сотқа беруге құқы бар. Ол үшін оларға үлкен өкілеттік
берілген, мысалы, бағалы қағаздарға және ақша қаражатына тиым салуға
(арест), құжаттарын алуға және с.с. өкілеттіктер.
3-бап. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу.
Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді ҚР-ның Президенті айқындайтын
уәкілетті орган жүзеге асырады.
Уәкілетті орган:
ҚР-да бағалы қағаздар рыногын қалыптастырумен дамыту саласындағы
басымдақтарды айқындайды;
ҚР-да бағалы қағаздар рыногының жұмыс істеуін қамтамасыз ету және Ұлттық
бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру, бағалы қағаздар
рыногында инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі
мемлекеттік саясаты жүргізеді;
өз құзіреті шегінде бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу мәселелері
бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
бағалы қағаздармен қаржы рыногының активтерін таниды;
мемлекеттік емес бағалы қағаздардың, туынды бағалы қағаздардың шығарылу
мен айналысқа түсу және олардың мемлекеттік тіркелу, мемлекеттік емес
эмиссиялық бағала қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру мен
өтеу, сондай-ақ оларды жою қорытындылары туралы есептерді қарау, оның
ішінде ҚР-ның резиденті еместердің және халықаралық ұйымдардың ҚР-ның
аумағында шығарылуға және орналастырылуға жататын эмиссиялық бағалы
қағаздарын мемлекеттік тіркеу талаптары мен тәртібін белгілейді;
Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін және бағалы қағаздар
рыногындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялар мен рұқсаттардың
тізілімін жүргізеді;
мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағазадардың
орналастырылуын тоқтата тұрады және қайта жаңғыртады, мемлекеттік емес
эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды шығаруды жояды;
бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет пен басқа да лицензияланатын қызмет
түрлерін жүзеге асыру ережелерін, оның ішінде бағалы қағаздармен мәмілелер
жасасу, осы мәмілелерді есепке алу және олар бойынша есеп беру шарттары мен
тәртібіне қойылатын талаптарды айқындайды;
бағала қағаздар рыногындағы қызметті кәсіби қызмет ретінде мойындайды;
бағалы қағаздар рыногындағы қызмет түрлері бойынша лицензиялар берудің
талаптары мен тәртібін айқындайды;
лицензиаттардың қаржылық тұрақтылығының пруденциалдық нормативтерінің
түрлері мен өзге де көрсеткіштерін немесе өлшемдерін, олардың есеп
айырылысуының және есеп айырысу әдістемесін тәртібін белгілейді;
бағалы қағаздар рыногына қызмет түрлері бойынша лицензиялар береді,
лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұрады және қайта жаңғыртады, сондай-ақ
оларды қайтарып алады;
лицензиаттардың ішкі құжаттарын келіседі;
лицензиаттардың басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидатураларды
тағайындау үшін келісім береді;
лицензиаттардың есеп беру тәртібін және есептердің нысандарын айқындайды;
бағалы қағздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар даярлау жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға рұқсат береді, осындай рұқсаттардың қолданылуын
тоқтата тұрады, қайта жаңғыртады және мерзімін ұзартады, сондай-ақ оларды
қайтарып алады;
бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар даярлау тәртібіне
қойылатын талаптарды белгілейді және осы талаптардың сақталуын бақылайды;
жеке адамдарды бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру құқығына
аттестаттауды, біліктілік куәліктерін иеленушілерді қайта аттестаттауды
жүргізеді, аттестаттаудан өткен адамдарға біліктілік куәліктерін береді
және қайта аттестаттаудан өткен адамдардың біліктілік куәліктерінің
қолданылу мерзімін ұзартады, біліктілік куәләктерін қолданылуын тоқтата
тұрады және қайта жаңғыртады, біліктілік куәліктен кері қайтарып алады;
эмитенттердің, лицензиаттардың және бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу
үшін мамандар даярлайтын ұйымдардың қызметін қадағалауды жүзеге асарады, өз
құзіреті шегінде олардың қызметіне тексеру жүргізеді;
біліктілік куәліктерін иеленушілердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
бағалы қағаздар рыногының субъектілері туралы өзінің қолындағы мәліметтерді
пайдалана отырып, бағалы қағаздар рыногының мәмілелері жөніндегі ақпаратты,
сондай-ақ олрадың бағалы қағаздар рыногының субъектілеріне қолданған
шаралары туралы ақпаратты жариялайды;
бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндеқолданылатын шараларды үйлестіру,
бағалы қағаздар рыногындығы құқық бұзушылықтың алдын алу мен олардың жолын
кесу мәселелерін және өзара мүдделілік туғызатын өзге де мәселелер бойынша
бағалы қағаздар рыногтарын реттейтін шетелдік органдармен өзара іс-әрекет
жасайды;
ҚР-ның заңдарына сәйкес бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу
жөніндегі өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Осы аталған бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу тәсілдерімен
қатар нарықтың өзін-өзі реттеу іс-шараларының да маңызы зор.

2.2. Бағалы қағаздар нарығының өзін-өзі реттейтін ұйым.

Бағалы қағаздар нарығының өзін-өзі реттейтін ұйым – бағалы қағаздар
нарығында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу
мақсаттарымен қауымдастық нысанында бағалы қағаздар нарығының кәсіби
қатысушылары құрған заңи тұлға. Оның негізгі міндеті өзін-өзі реттейтін
ұйым мүшелерінің және олардың клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін
қорғау, сондай-ақ ҚР-ның бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге
асырудың бірыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
91-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның міндеттері мен мақсаттары
Өзін-өзі реттейтін ұйымның негізгі міндеті өзін-өзі реттейтін ұйым
мүшелерінің және олардың клиенттерінің құқықтарымен мүдделерін қорғау,
сондай-ақ ҚР-ның бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асырудың
бірыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
Өзін-өзі реттейтін ұйымның негізгі мақсаттары:
өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің кәсіби қызметінің бірыңғай
ережелер мен стандарттарын белгілеу;
өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің қызметін және олардың ҚР-ның
бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарын сақтауын бақылау мен қадағалауды
жүзеге асыру;
өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің және олардың клиентттерінің
құқықтары мен мүдделерін қорғау;
өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері арасындағы дауларды, сондай-ақ
мүшелері мен олардың клиенттері арасындағы дауларды шешу;
мемлекеттік өкімет пен басқару органдарында, сот және өзге де
ұйымдарда өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің мүдделерін білдіру болып
табылады.
92-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның құқықтық жағдайы
Өзін-өзі реттейтін ұйымның мәртебесін заңды тұлғаға:
бағалы қағаздар рыногында белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыратын
барлық лицензиаттардың кем дегенде жартысы осы заңды тұлғаның мүшелері
екенін;
сол заңды тұлғаның осы Заңның 94-бабында көзделген ішкі құжаттары
уәкілетті органмен келісілгенін;
барлық қызметкерлердің (техникалық функцияларды жүзеге асыратын
қызметкерлерді қоспағанда) тиісті санаттағы біліктілік куәліктері бар
екенін;
басшы қызметкерлер осы заңды тұлға мүшелерінің аффилиирленген
тұлғалары емес екендігін растайтын құжаттар негізінде уәкілетті орган
береді.
Заңды тұлға осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес
келмеген жағдайда өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесінен айрылады.
Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру және оның жойылу
тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
Өзін-өзі реттейтін ұйымның атауында осы ұйым мүшелерінің негізгі қызметінің
түрін көрсететін сондай-ақ қауымдастық, Одақ немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Қаржы нарығының түсінігі
Қаржы нарығының құрылымы және оның негізгі бөліктері
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жүргізетін операциялары
Қор биржасының мәні мен міндеттері
Бағалы қағаздар портфелін басқару
Қор биржасы және оның қызметтерi мен құрамы
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы
Қор биржасы және оның қызметтерi мен құрамы жайлы
Қаржы нарығының түсінігі және экономиканың дамуындағы оның маңызы
Пәндер