Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік саясаты
І. Кіріспе бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
ІІ. Негізгі бөлімі
1. Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік саясаты туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі және оған Қытай миграциясының қатері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
3. Кедейшілік проблемасы оның ұлттық қауіпсіздікке ықпалы ... ... ... ... ..19
ІІІ. Қорытынды бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Менің жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік тұрғысындағы мәселелер өзіндік ерекше өзекті сипатқа ие болып отыр деуге болады. Оны мынадан аңғаруға болар еді, яғни бүгінгі күнгі ұлттық қауіпсіздігін қорғау мәселесі тек Қазақстанға тән проблема ғана болып қана қоймай сондай-ақ ол барлық әлемдік қауымдастыққа мүше елдердің үлкен де өзекті ірі мәселесіне айналып отыр. Мәселен, ұлттық қауіпсіздігін қорғау мәселесі шын мәнінде қазір тәуелсіз мемлекеттердің дербес қорғаныс саласы болып қалыптаса бастағаны да белгілі. Сондықтанда біздің елімізде ұлттық қауіпсіздігін қорғау және оны құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақстанда ұлттық қауіпсіздігін қорғаудағы басты мақсаты мен қағидалары еліміздің тәуелсіздігін нығайтып барлық даулы мәселелерді бейбіт жолдармен шешу, басқа елдің қауіпсіздігіне қатер төндіруді болдырмау және күш қолданудан немесе қандай да бір нысанда болсын күш колдану қаупінен тартыну, сондай-ақ қандай да бір іс-қимыл қолданбайтындыққа негізделген. Осы тұрғыда Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап еліміздің екінші тарапқа қарсы бағытталған қандай да бір әскери-саяси одаққа қатысудан, екінші тараптың мемлекеттік егемендігі мен ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нұқсан келтіретін қандай да бір үшінші тараппен шарт немесе келісім жасасудан бас тартатынын мәлімдеді.
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істср Министрлігінің электронды дерек көздерінен.
2. Шимырбаев Г. Хартия безопасности // Каз. Правда, 1993. 23 ноября.
3. Ананьев А.Н. Новые процессы в занятости населения в условиях перехода к рыночной экономике. // Автореф. Дисс. Экон. Наук.-А., 1994..
4. Тоқаев К.К: ООН: Полвека служение миру. Алматы, 1995.
5. Международной конференции труда, 1996г./Издание международного бюро труда.-Женева, 1996.
6. Толипов Ф. Теория и практика региональный в Центральной Азии / Центральная Азия и Кавказ. 2002. № 2 (20).
7. Тұрапбайұлы А. «Егемен Қазақстан». 2003
8. Кушкумбаев С К. Влияние глобализации иа Центральную Азию: региональная интеграция и безопасность // Аналитик. 2004. №2.
9. Бекхожаева А.К. Кедейшілік проблемасы. Саясат. №3-4. 2004.
10. Мұхтарова К.С. Кедейшілік және Қазақстанның экономикасы. Саясат. №3-4. 2004.
11. Садовская Е.Ю. Панорама 2004. №33. август.

Кіріспе
Менің жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған Қазақстан
Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік тұрғысындағы мәселелер өзіндік ерекше
өзекті сипатқа ие болып отыр деуге болады. Оны мынадан аңғаруға болар еді,
яғни бүгінгі күнгі ұлттық қауіпсіздігін қорғау мәселесі тек Қазақстанға тән
проблема ғана болып қана қоймай сондай-ақ ол барлық әлемдік қауымдастыққа
мүше елдердің үлкен де өзекті ірі мәселесіне айналып отыр. Мәселен, ұлттық
қауіпсіздігін қорғау мәселесі шын мәнінде қазір тәуелсіз мемлекеттердің
дербес қорғаныс саласы болып қалыптаса бастағаны да белгілі. Сондықтанда
біздің елімізде ұлттық қауіпсіздігін қорғау және оны құқықтық тұрғыдан
қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Қазақстанда ұлттық қауіпсіздігін қорғаудағы басты мақсаты мен қағидалары
еліміздің тәуелсіздігін нығайтып барлық даулы мәселелерді бейбіт жолдармен
шешу, басқа елдің қауіпсіздігіне қатер төндіруді болдырмау және күш
қолданудан немесе қандай да бір нысанда болсын күш колдану қаупінен
тартыну, сондай-ақ қандай да бір іс-қимыл қолданбайтындыққа негізделген.
Осы тұрғыда Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап еліміздің
екінші тарапқа қарсы бағытталған қандай да бір әскери-саяси одаққа
қатысудан, екінші тараптың мемлекеттік егемендігі мен ұлттық қауіпсіздік
мүдделеріне нұқсан келтіретін қандай да бір үшінші тараппен шарт немесе
келісім жасасудан бас тартатынын мәлімдеді.
Декларацияда Қазақстанның сепаратизмді және діни фундаментализмді
қабылдамайтыны туралы Қазақстан Рсспубликасының Президенті Н. Назарбаев
ашық мәлімдеме жасаған болатын.
Мен бұл курстық жұмыс барысында Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздігінің қазіргі жай-күйін және оған әсер ететін әр түрлі
факторлардың ықпалын теориялық тұрғыдан қарастырып кеткім келеді.
І.Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік саясаты
Қазіргі таңда жаңара түскен ғаламдық даму жағдайында жаһандану үрдістері
күн өткен сайын қарқын алып келеді. Аталмыш үрдістердің бөлінбес бір бөлігі
ретінде бүгінгі күні елеулі беделге ие болған ұйымдарды немесе олар
әлемдік болып келе жатқан, болуды көздейтін түрлі аймақтық саяси-
экономикалық жаһандану процестерінің қозғаушы күштері екенін атап айтқан
ләзім. Әлемдік қарым-қатынастар жүйесіне енді ғана араласа бастаған
Қазақстан Республикасы да аталмыш оқиғалардан тыс қала алмайды.
Жаһандану үрдісінің дамушы елдерге тигізетін түрлі ықпалдары бар
екенін ескерсек аталмыш даму сатысындағы елдер үшін түрлі мақсаттағы сыртқы
байланыстар бағытын айқындау, осыған орайластыра сыртқы саяси тұғырын
орнықтыру - бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі.
Әлемдік ойыншылар арасындағы бәсекеде жұтылып кетпеуді мақсат тұтатын
Қазақстан үшін әлемде болып жатқан жағдайларды, осының төңірегіндегі
туындауы мүмкін қайшылықтар мен қауіптерді нақты бағалай отырып, өз мүддесі
үшін оңтайлы шешімдер қабылдау — күн тәртібіндегі мәселе.
Біз жоғарыда атап өткен аймақтық интеграциялық ұйымдардың, Қазақстан
мен олардың арасындағы екіжақты, әрі сан-салалы байланыстардың дамуы мен
одан әрі тереңдей түсуі Қазақстан Республикасының әлемнің саяси-
экономикалық дамуы жөнінен түрлі деңгейдегі елдерімен өзара пайдалы қарым-
қатынастар орнатуына, сол арқылы өзіндік проблемаларды неғұрлым оңтайлы
жолдармен шешуіне біршама жағдай жасайды деп ойлаймыз.
Қазіргі таңда Қазақстан үшін саяси-экономикалық саладағы сыртқы
байланыстарын бекемдей түсуге, дүниежүзілік қауымдастыққа дербес
араласуға, әлемдік үрдістер шеңберінде өзіндік орнын белгілеуге біршама
қолайлы мүмкіндіктер бар. Ол үшін қазіргі әлемдік ауқымда болып жатқан
өзгерістерге орай қазақстандық қадамды дұрыс қалыптастыра білу, мемлекеттік
мүддеге сай барынша әрекеттер жасап алуы керек.
Қазіргі кезде әлемдік экономикалық дамудың негізгі тетігі ретінде
біртұтастық құбылысқа бет алу, яғни жаһандану үрдісінің белең алып келе
жатқаны белгілі. Әлемдік әрекеттердің өзі осы жағдайға жетелеп отырғанда
болмай қалуы мүмкін емес, бұл процестің негізін құрайтын оның жүзеге асуына
белгілі бір деңгейде негіз болатын аймақтық экономикалық қарым-қатынастар
да күн өткен сайын жандана түсуде.
Осындай аймақтық құрылымның қатарына Азия құрлығындағы Экомомикалық
Ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ) жатады. Ол 1985 жылы құрылған. Ол үш бірдей
құрылтайшы мемлекеттер -Иран, Пәкістан, Түркия 1977 жылы 12 наурызда қол
қойған Измир Келісім - Жарғысының негізінде әрекет ететін Даму жөніндегі
Аймақтық Әріптестік Ұйымының тікелей мұрагері болып табылады.
1992 жылдан бастап аталмыш Ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан,
Әзірбайжан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ауғанстан сынды мемлекеттердің
бірігуімен оның жұмысы айтарлықтай деңгейде қарқын алуымен қатар, ендігі
жерде ол 300 миллионнан астам халық мекендейтін, 7 млн. шаршы шақырым
аумақты қамтитын ірі экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық потенциалға
ие құрылымға айналды 1.
Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі елдердің Ұйым
шеңберіндегі қарым-қатынастары өзара теңдік және құрмет
ұстанымдарына негізделе отырып, өзара қатынастарда көбіне экономикалық
әріптестікке баса назар аударады.
Осы тұрғыдан да, Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының негізгі
міндеттері аймақтағы экономикалық дамуға анағұрлым жайлы жағдай туғызу,
осындай әрекеттерді жүзеге асыра отырып, аймақ елдері арасында ішкі
аймақтық әріптестікті барынша кеңейтіп және қоғам өмірінің түрлі
салаларында (әлеуметтік-мәдени және ғылыми-техникалық) бір-біріне өзара
көмек көрсету жолдары арқылы бірте-бірте Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы
біріктіретін аймақ елдерінің халықаралық қауымдастықтың әлемдік шаруашылық
қатынастарына қосылуын қамтамасыз етуді көздейді.
Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы экономикалық және саяси іс-
шараларының негізгі бағыттары екі жылда бір рет ұйымдастырылатын,
Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары бас қосатын
Саммитте қозғалып, оның саяси және стратегиялық шараларының кең көлемде
іске асуы жолдары қарастырылады.
Солай бола тұрғанмен де, бұл елдер өзінің жаңа экономикалық
байланыстар кезеңіне көшкеніне қарамастан, әлі де болса Кеңес Одағы
кезіндегі аграрлық-шикізаттық аймақ дәрежесінен аса алмай отыр. Сонымен
қатар осы елдер азаматтарына тән құбылыстың бірі - өздерін өмір сүріп
жатқан ел мен жердің шын мәніндегі иесі ретінде әлі де болса толық сезіне
алмау сынды келеңсіз жайттар, ал ол жаһандану үрдісі белең алып келе жатқан
шақта тек қана кері әсерден басқа-ештеңе де бере қоймайды. Жаңа ғасырдағы
әлемдік деңгейде болып жатқан өзгерістерге және олардың негізгі салдарлары
осы аймақтар маңында өтіп жатқанына қарағанда әлемдік ойыншылар назары біз
сөз етіп отырған аумақта тігілгеніне оңай көз жеткізуге болады.
Орталық Азия және Каспий бүгінде әлемдік ойыншылардың қым-қиғаш
бәсекесіне алғышарт болатын себептердің бірі. Осы жағдайда Орталық Азия
интеграциясы, Ресей, Қытай, Иран. Сонымен қатар Еуразияның ішкі құрлықтық
аудандарына бақылау жасау үшін күреске байланысты. АҚШ сынды ірі
державалардың күшті әсері мен тұрақты қатерінің астында оңай түсетін
болады. Дегендей, соңғы кездері коалициялық күштсрдің парсы шығанағындағы
жеңісінен соң НАТО блогы күштерінің орталық Азияға сұғына кіре бастауы
ресми Мәскеуді де бейжай қалдыра алмады.
Ендігі жерде ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаты сипатындағы
Вашингтон – Мәскеу арбасуы басталғандай. Осыдан да болар ЭЫҰ-ң мүше-
мемлекеттері ішінде ендігі жерде бибағыттық үрдіс белең алды.
Бұл дегеніміз Орталық Азия мемлекеттеріндс әлі де ұлттық мүдделер
маңындағы мәселелерден әрі аса алмай, ұлттық мүддеден жоғары жайттарға
тосырқай қарау жалғасып келе жатқаны екенін көрсетсе керек. Осыдан келіп,
алдағы уақытта біз сөз етіп отырған елдер үшін қайсы идея маңыздырақ:
ұлттық мүдде ме, әлде ұлттық мүддеден жоғары аймақтық мүдде ме деген сауал
туындайды.
Бұл аймақ елдерінің қауіпсіздік шеңберіндегі терроризм, экстремизм мен
трансұлттық қылмысқа қарсы күресте және Арал теңізін құтқару, шекаралық
өзендердің суларын ортақ және теңдей пайдалану, ядролық қарудан еркін аймақ
құру, т.с.с ортақ мәселелері төңірегінде тек осы елдер ғана атқара алатын,
осы елдер өкілдерінің қатысуымен жүзеге асатын істерде белгілі бір ортақтық
өзара қатынастар әрекетінің белгілері байқалып тұратыны немесе осы
жайттардан-ақ аталмыш елдердің болашақта өз-өзінен иитеграциялық ұйымға
бірігу керектігі көрініп тұрған жоқ па? Саяси жағдайлар бізді тағы да
Орталық Азиядағы қауіпсіздік принциптерінің бөлінбестігі мен аймақтың
бөлінуі тіпті де ақылға сыйыспайтын ұғымдар деген ойға жетелейді.
Орталық Азия елдері үшін белгілі бір дәрежедегі өзіндік дамуға қол
жеткізу үшін, ең алдымен, аймақ ішіндегі басты мәселелерде өзара пайдалы
түсіністік негізінде жұмыс істеу өзара бақталастық емес, бәсекелестік
тұрғыда өркениетті елдер қатарында көріне білу, әлемдік саяси-экономикалық
саладағы аймаққа тән маңызды жайттар мен тегершіктерді ретті қолдана білу
т.с.с. шешілуге тиісті мәселелер күн тәртібінде тұрғаны дер кезінде шара
қолданбаса, жақын уақыттарда күн тәртібінен түсе коймайтыны ақиқат.
Әзірге Орталық Азия елдерінің кол жеткізген табыстары өз
тәуелсіздіктерін нығайта отырып, әлемдік деңгейде таныла бастауы, яғни
әлемдік ұйымдар мен қауымдастықтарда ауызға ілінетін дәрежесі (геосаяси
және геоэкономикалық әлеуметінің арқасында), аймақтық қақтығыстарға жол
берілмегені. Алайда аймақтық басымдылыққа ұмтылудағы қауіпсіздік шаралары
шеңберіндегі саясат дұрыс жолға қойылмайынша, Орталық Азия елдері мен
Каспий маңындағы (тиісінше ЭЫҰ мүше-мемлекеттері) елдерге деген мүмкін
қауіптер сейіле қоймайды.
Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының негізгі құрушыларының қатарынан
саналатын Иран, Түркия, Пәкестан елдерінің аталмыш ұйымдағы өзара пайдалы
экономикалық байланыстарға деген қызығушылығы қандай, жалпы олар өздері
негізін қалаған ұйымның одан әрі қарай да өмір сүруіне қаншалықты мүдделі
деген мәселелер бізді қызықтырады. Ұйымның пайда болу идеясының өзі осындай
құрылымға деген сұраныстан туындағанын ескерсек, аталмыш ұйымның 1992
жылдан кейінгі геосаяси тұрғыда кеңейе түсуі оның құрылтайшы-мемлекеттері
мен мүше-мемлекеттерінің өзара тоқайласқан мүддесі негізінде жүзеге
асқанына көз жеткізе түсеміз.
Аталмыш ұйымның құрылтайшылары арасында Экономикалық Ынтымақтастық
Ұйымының жұмыстарына дем беретіндей ниет байқалып тұрғанымен, олар да Орта
Азия мен Каспий маңындағы әріптестері сияқты көбіне сыртқы күштердің ықпалы
әсерінен ұйым шеңбері негізінде дербес экономикалық саясат жүргізе
алмайтыны байқалып қалып отырады. Алайда құрылтайшы-мемлекеттердің өзара
ортақ мүдделері қатарында - аумақтық тартыстар, сепаратистік-террористік
қимылдармен, экстремистік идеялармен күрес, өзара тауар айналымын өсіру
т.б. жайттарды атауға болады.
Территориялық тартыстар маңайындағы дау-дамай салдарынан да осы
мемлекеттердің ішкі және сыртқы саяси-экономикалық позицияларында едәуір
қиындықтар туындауда. Мысалы, әлемдік дәрежеде көтеріліп отырған Кашмир
мәселесі, курдтар мәселесі, осы елдерден бастау алады деп есептелетін
экстремистік-террористік әрекеттер аталмыш елдердің халықаралық дәрежедегі
беделін ғана түсіріп қоймайды, сонымен қатар оның территориялық
тұтастығына, ұлттық тәуелсіздіктеріне және мемлекеттің экономикасы мен
халықтың әл-ауқатына айтарлықтай дәрежеде зиянын тигізеді2.
Жалпы, Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы жұмыстарының алға басуының
алғышарты онда жоспарланған жобалардың маңындағы және осы аумақтағы
қауіпсіздік мәселелерінің оң шешім табуына тікелей байланысты деп ойлаймыз.
Сонымен қатар жоғарыда айтылып кеткен осы жайттар төңірегінде үлкен
мүдделер тұрғанын, олардың аталмыш Ұйым аумағындағы қауіпсіздік
мәселелеріне айтарлықтай әсер ететінін де ескергеніміз жөн шығар.
2. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі және оған Қытай миграциясының
қатері
Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынаста миграцияға
байланысты басты мәселе қытай миграциясының Қазақстан Республикасының
ұлттық қауіпсіздігіне тікелей ықпал етуі, яғни оған тікелей қатер
төндіруінде деп айтуға болады.
Мәселен, қазір Қазақстанда демографиялық жағдай нашарлауда ал Қытайдың
экономикалық ықпалы күшеюде. Қазақстанның нарқы қытайлық кәсіпкерлер үшін
өте қолайлы. Осыған байланысты кейінгі жылдары Қазақстан қоғамдастығының
еліміздің территориясындағы қытай ұлтының өкілдеріне деген көңіл бөлуі
бұрынғыдан да артуда. Бұл біріншіден, Қытай мигранттарының деңгейінің
жылдам өсуінен болып отыр.
1989 ж. Бүкілодақтық халық санағының материалдары бойынша, КСРО-да
азды-көпті 11 мың қытайлық азамат тіркелген. Ал 2001 - 2004 жж.
аралығындағы Қазақстандағы қытай ұлтының өкілдерінің саны жөнінде айтар
болсақ, Республикамыздың прокуратурасының мәліметтері бойынша, 130 мың
қытайлық өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы объектілеріне жұмысқа орналасқан, 3
мыңдай бизнесмен мен банкирлер келген, 1720 студенті Қазақстанға оқуға
келген. Кейбір авторлар, мәселен, Ресейлік авторлар, еш дәлел келтірместен,
олардың саны 500 мыңға дейін жетті, Қытай демографиялық империализмді
ақырындап жаулап алуды бастады деп дабыл қағуда.
Қытай Халық Республикасының өндірістік-экономикалық
стратегиясында басты орынды шикізатты сақтау тұжырымы алып отыр. Алайда
Қытай Халық Республикасының басшылары мәлімдегендей, орташа дамыған
еуропалық мемлекеттердің материалдық деңгейіне жету үшін, Қытай Халық
Республикасына Жер шары атындағы тағы бір планетаның табиғи шикізаттары
қажет. Осыдан демографиялық-империализм тезисі алға шығарылған еді. Бұл
тезистің авторлары
У. Гогуан және Ван Чжаоц-зюнь өздерінің Дэн Сяопиннен кейінгі Қытай: ең
маңызды он проблема деген еңбектерінде былай деп жазады: Егерде 10%
қытайлық өз елінен басқа бір жаққа кетер болса, дүние жүзінің қайсысы
болмасын, еліне дағдарыс төнеді. Осы тезис қазіргі кезеңде Сібір мен Қиыр
Шығыста жүзеге асуда. Ал жалпы алатын болсақ қытайлықтар заңды және заңсыз
каналдар арқылы дүние жүзінің 72 мемлекетін игеруде.
Бұл мәселені Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі
Қасымжомарт Тоқаев та өзінің Жаһандану жағдайындағы Қазақстан
Республикасының сыртқы саясаты деген еңбегінде қарастырып өткен. Мұнда
былай айтылған: Кейінгі жылдары көптеген саясаттанушылар мен экономистер
ҚХР-ның жоғарылауын жазып жүр. Біреулер үшін бұл процесс жаңа экономикалық
гиганттың пайда болуы ретінде бағаланады. Басқалары, мәселен, С. Хантингтон
батыс өркениетіне қатер төндіретін анклавтың немесе блоктың пайда
болатындығын болжауда. Үшіншілері қытайлық орталықтың геостратегиялық
маңыздылығын жазуда3.
Жоғарыда айтылғандармен қоса, қазақстандық социолог Е.Ю. Садовская да
өзінің еңбегінде былай деп жазады: Қытайдың демографиялық қысымы
мен оның Азиялық - Тынық мұхит аймағындағы геосаяси үстемдігі
Қазақстандағы миграциялық процестерге әрқашанда ықпал ететін потенциалды
фактор болып қалады. Осымен қатар Қытайдағы ұйғырлардың автономия құру
проблемасы да сақталып қалуда.
_________________________
3 Тоқаеа К.К. 00Н: Полвека служение миру. Алматы, 1995.
Егер, Қытай Халық Республикасының солтүстік-батысында этникалық
конфликт өршіп кетсе, шекаралас Қазақстан облыстарына босқындар ағымы да
күшеюі мүмкін (бірінші кезекте ұйғырлар мен қазақтардың)4
Бүгінгі күні Қазақстандағы қытайлықтардың саны ең төменгі бағалаулар
бойынша 200 мың адамды құрап отыр дегеннің өзінде, олардың саны өткен
онжылдықта 20-есе көбейгенін көреміз. Ал АҚІІІ-та 1971-1990
жж. аралығындағы қытайлықтар саны 7,8 есеге көбейген.
Екіншіден, келешекте қытайлықтардың саны азаяды немесе олардың саны
қысқарады деуге де негіз жоқ. Себебі, Қытай Халық Республикасындағы тууды
шектеу саясатына байланысты (қытай отбасысы тек бір ғана баланы, ал ауылдық
жерлерде тұратын этникалық азшылықтар - қазақтар, ұйғырлар және т.б. екі
немесе үш бала) қытайлықтар жасырын түрде бала тууда. Мамандардың айтуынша,
Қытай Халық Республикасында, әсіресе Қытайдың ауылдық жерлерінде құпия
туған және тіркелмеген жасырын балалар тұрып жатыр. Ал осы демографиялық
қысым салдарынан Қытайдан жақын жатқан көршілес ТМД мемлекеттеріне,
Қазақстанға, Ресейге, Қырғызстанға жұмыс іздеген қытайлықтар мың-мыңдап,
жүз мыңдап, миллиондап келуде. ҚХР-дан қарқынды миграция 1990 ж. соң, яғни
Қазақстан - Қытай қатынастары дамығаннан кейін өрістей бастады. Бұлар
біздің елімізді тұрақтап қалды немесе біздің мемлекетіміздің территориясын
транзит ретінде пайдаланды. Осы сегіз жыл аралығында Қазақстанда қалып
койғандар немесе транзит ретінде пайдаланғандар саны 130 -150 мың қытай
азаматын құрап отыр5.
Американдық ғалым З. Бжезинский Ұлы шахмат тақтасы деген еңбегінде:
Қытай өте мықты мемлекет, осы себептен одан Ресей де,
_________________
4 Садовская Е.Ю. Панорама 2004. №33. август. 4 бет
5 Шимырбаев Г. Хартия безопасности Каз. правда, 1993. 23 ноября. 3 бет.
Орта Азия мемлекеттері де қауіптенеді. Ал этникалық бөліктерден
тұратын, яғни ұлттық қатынастарда әлжуаз Қазақстанда Қытай Халық
Республикасының беделін күшейтіп, өзін саяси және экономикалық алпауыт
ретінде ұстанып, Қиыр Шығысқа, Кореяға, саяси ықпал күшейтеді, - деп
жазады. Осы еңбегінде келтірген Қытайдың ықпалы деген ХХІІ картасында
Қазақстан әлемдік держава ретіндегі Қытайдың ықпал аймағы ретінде
белгіленген.
Үшіншіден, Қазақстан халқының санының қысқарып кетуімен қатар, табиғи
өсім де баяу өсуде. Бұлай болса әсіресе, Қазақстан кезіндегі Германия,
Франция. т.б. елдер тәрізді жұмыс күшінен импортыққа көшуі мүмкін.
Еліміздегі осындай жағдай және қытай ұлтының өкілдерінің дәстүрлі
еңбексүйгіштігі нәтижесінде олар еңбек нарқындағы бәсеке тудырушылар
болады. Яғни, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен
шектесіп жатпаған 1460 к\м территориядағы қытайлықтардың саны ұлғаюы
мүмкін. Содан кейін, Ресейдегі Қиыр Шығыстағы секілді қытайлықтардың көбею
қаупі пайда болуы мүмкін. Мәселен, И. Федотов пен Л. Селиванская сияқты
Ресей зерттеушілерінің ойларынша Қытай ұлтының өкілдерінің миграциясы
біздің ұлттық қауіпсіздігіміз үшін өте қауіпті.
Қазақстан үшін Қытай Халық Республикасынан қытай ұлтының миграциясының
құдіктері бар. Осы шынымен негізделген бе деген сұраққа дәлелдер келтіре
отырып жауап беріп көрейік. Бұған жауап іздегенде, таңдаудың басты нүктесі
ретінде біріншіден, Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының
мемлекетаралық қақтығыс жағдайында ықпалы өсіп - аумақтық және
шекаралық проблема жағдайын күрделендіреді. Екіншіден Қазақстандық
қоғамның басым бөлігіндегі қытайлықтардың қатеріне деген түсініктің
сақталып қалуы. Бұл түсінікті де өйткені жер шарындағы 6 млрд. адамның 1,2
млрд. қара қытайлықтар құрап отыр. Қытай Халық Республикасының
демографиялық өсу қарқынын қарастырар болсақ, 1949 ж. Қытайда 542 млн. адам
болған, ал 36 жылдан соң, яғни 1985 ж. адам саны 1 046 000 000 болып өскен.
Бұдан көретініміз - 36 жылдың ішіндегі өсім 504 млн. адамды құраған. Ал
1999 жылдағы халық саны 1259 млн. құраған. Яғни, 1985 жылдан 1999 жылға
дейінгі 14 жыл ішіндегі өсім 213 млн. құраған.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан басшылығының алдында Қытай сияқты
ірі әрі көп жағдайда бірегей мемлекетпен жаңа қарым-қатынастар орнатудың
байсалды міндеті тұрды. Әңгіме шынында да өзара қарым-қатынастың жаңа
үлгісі туралы еді, өйткені оның алдындағы Кеңестер Одағы мен Қытай
арасындағы текетірес ұзақ жылдарға созылды. Бұл орайда Даманский аралы мен
Жалаңашкөл көліндегі қарулы қақтығыстардан кейін екі неғұрлым күшті
социалистік мемлекеттер ядролық қару қолданылуы мүмкін ауқымды соғыс
алдында болып қайтқанын айтсақ та жеткілікті.
Көршілес державалар арасындағы ресми текетірес М. Горбачевтің 1989
жылғы мамырдағы Пекинге сапары барысында аяқталды. Сол сапар кезінде Қытай
басшысы Дэн Сяопиннің Өткенді ұмытайық әрі болашаққа көз салайық деген
сөзі әлемді шарлап кетті.
КСРО мен ҚХР арасындағы шиеленісті бәсеңдетуге Н. Назарбаевтың қосқан
үлесін де атап өту керек. Ол 1985 жылғы қыркүйекте Қытайдың жоғары
басшыларымен келіссөздер жүргізу үшін Пекинге келген кеңестік парламенттік
делегацияны басқарды. Бұл ұзақ жылдарға созылған екі жақты қарым-
қатынастардағы шиеленістен кейінгі және партиялық, сондай-ақ үкіметтік
бағыттар бойынша қандай да бір байланыс үзілгеннен кейінгі жоғары
деңгейдегі тұңғыш ресми делегация болды.
Сондықтан саяси қайраткер және Қазақстанның басшысы ретіндегі Н.
Назарбаевтың тұлғасы Ресеймен көршілес Орталық Азия
республикаларында ғана емес, Қытайда да кеңінен белгілі болатын. Оның
үстіне Н. Назарбаев КСРО-ның ыдырауынан сәл бұрын 1991 жылғы шілдеде
Қазақстан Президенті ретінде Қытайда тағы да болды. Мұның бәрі, сөз жоқ,
Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының одан әрі дамуына оң ықпалын тигізді.
Қазақстанда біздің жас мемлекетіміздің қауіпсіздігінің сенімді кепілі
ретінде Қытаймен тұрақты, тату көршілік қатынастарды құру қажеттігін жақсы
түсінеді. Текетірестік және өзара күдік келтіру Қазақстанның стратегиялық
мүдделеріне қайшы келген болар еді. Өйткені Қазақстанның өркениетті
елдердің әлемдік қоғамдастығына кіру және экономикада құрылымдық қайта
құрулар жүргізу сияқты күрделі міндеттерді шешуі қажет болатын. Қытай
басшылығына қатысты айтсақ, оның тарапынан екі елдің арасындағы өзара қарым-
қатынастардың барлық аспектілері бойынша Қазақстанмен кең ауқымды диалогты
бастауға дайындық білдірілді.
Көршілес мемлекеттің басында Н. Назарбаев сияқты ескіше ойлау
стереотипінен таза, жаңа геосаяси өмір болмысын барабар қабылдай алатын
тәжірибелі саяси қайраткердің болғандығы Пекинге де ұнайтын. Оның үстіне
Қытай Орталық Азияның басқа мемлекеттерімен байланыстырушы буын ретінде
және экстремизм мен діни жікшілдіктің таралу жолындағы қамал ретінде
Қазақстанның геостратегиялық жағдайын есепке алды. Осы тұрғыдан Қытай
саясаткерлерінің қорытындысы назар аударарлық: Қазақстанда пантюркизм мен
фундаментализмге сақтықпен қарайды, олар әсіресе ислам фундаментализімнің
таралу өрісіне қатаң түрде шектеу қояды6.
Әлемдік экономикалық қоғамдастықта Қытай орасан зор инвестиция салуға
болатын, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz