Бағалы қағаздардың ақпараттық жүйесі



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

II. Негізгі бөлім
а) Қолдану саласы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
б) Ақпараттық жүйе құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
в) Құжаттар: кіріс және шығыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады.
Кез-келген жүйені зерттеу мен тұрғызу және ендіру әдістемесінің негізіне өзара бір-бірімен қатынаста, байланыста болатын, әрі бүтіндей бірлікті құрайтын жүйе элементтерінің бірігуін жатқызуға болады. Жүйенің элементі деп, нақты функцияны орындайтын және берілген есеп көлемі бойынша әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объектіні айтамыз. Мысалы, егер нарықты жүйе ретінде қарастырсақ, онда оның әр түрлі ортадағы элементтеріне мыналар жатуы мүмкін: тауарды өңдеушілер, сатып алушылар, маркетологтар, тауарлар, бағалар, сұраныс, бәсекелестік, жарнама және т.б.
Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайда болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды – түсінікті – бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Бағалы қағаздар ақпараттық жүйесі бізге сол бағалы қағаздар арқылы орындалатын операциялар оның қызметтері жайлы көмектеседі.
1. Мақыш С.Б. “Коммерциялық банк операциялары” Алматы 2002 ж.
2. Смирнова Т. и др. “Проектирование экономических информационных систем ”.
3. Стороженко Л.А., Матвеева И.А. Информационно-ком-пьютерные системы учета в Республике Казахстан./ Сборник статей “Информационные системы в экономике”. - Алматы: Экономика – 1997 г. - с.87-93.
4. Қ.С. Байшоланова Ақпараттық жүйелер теориясы, Алматы: Экономика -2002ж.
5. Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова, Н.Л.Гагарина “Экономикадағы ақпараттық жүйелері”. Оқу құралы. Алматы, 2001 ж.
6. Н.Б.Бралиева, Л.А.Байбөлекова, Қ.Т.Балашов “Ақпараттық менеджмент негіздері”. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2000 ж.
7. Н.Б.Бралиева, В.Ф.Тимошенко, Н.Л.Гагарина “Информационные системы бизнеса”. Алматы, 1994 ж.
8. Бралиева Н.Б., Куличихин А.А. “Информационные аспекты создания и функционирования автоматизированных информационных систем”.
9. “Информационные системы в экономике”. Учебник под редакцией Дика В.В., Москва, 1999 ж.
10. Төлегенов Е.Т. “Бухгалтерлік ақпарат жүйелері”. Оқу құралы Экономика 2001 ж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Қолданбалы информатика
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бағалы қағаздардың ақпараттық жүйесі

Тексерген: аға оқытушы
Қайнарбаева Г.Б.
Орындаған:Ақпараттық
жүйелер маманд. 2 курс
студенті Ибрагимов Ж.Ж

Алматы 2006 ж

Жоспар:
I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

II. Негізгі бөлім
а) Қолдану
саласы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .3
б) Ақпараттық жүйе
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
в) Құжаттар: кіріс және
шығыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...14
III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..16
IV. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..17

Кіріспе

Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде
біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа
әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді
ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде
өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық
әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады.
Кез-келген жүйені зерттеу мен тұрғызу және ендіру әдістемесінің
негізіне өзара бір-бірімен қатынаста, байланыста болатын, әрі бүтіндей
бірлікті құрайтын жүйе элементтерінің бірігуін жатқызуға болады. Жүйенің
элементі деп, нақты функцияны орындайтын және берілген есеп көлемі бойынша
әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объектіні айтамыз. Мысалы, егер нарықты
жүйе ретінде қарастырсақ, онда оның әр түрлі ортадағы элементтеріне мыналар
жатуы мүмкін: тауарды өңдеушілер, сатып алушылар, маркетологтар, тауарлар,
бағалар, сұраныс, бәсекелестік, жарнама және т.б.
Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайда болатын,
қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік.
Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды
– түсінікті – бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Бағалы қағаздар ақпараттық жүйесі бізге сол бағалы қағаздар арқылы
орындалатын операциялар оның қызметтері жайлы көмектеседі.
Бағалы қағаз субъектілерінің қатынастары экономикалық құқықтық
механизмге негізделген. Бұл бағалы қағаздың материалдық түрі ретінде
қоймайды. Бағалы қағаздар кез келген мемлекетің төлм айналымында жүзеге
асады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең
тиімді саласына жіберіледі.
Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағздар
қаржы иниституттары , қарржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық
ережелермен қатар емлекеттің қаржы қажы жңйесінің тұтас бір бөлігін
құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына
келтіру қажеттілігі туындаған кезде, 90-жылдардығң басында құрыла бастады.

Қолдану саласы
Акция - үлесті немесе меншікті куаландыратын бағалы қағаз Ол
иелкнушісіне компанияның капталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне
заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса,
акция сонша уақыт қолданылады.Бірақ осы уқыт ішінде акця иесі сан рет
өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ.
Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықта сатуына
болады:
- меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық
капиталын қалыптастырғанда;
- бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
- жарғылық капиталды қосымша молайтқанда;
Атап айтқанда жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы
жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капиталжәне компанияның
портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез
келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғам өз капиталын ұлғайтуға
және оны инцлияциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың
бірден бір түрі Акция компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі.
Компанияның өз акциясын қайта сатып алаттын құқы бар. Бірақ бір сыпыра
елдердің заңында, егер корпарацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол
акциясын қайта сатып алатын құқынан айырылады дегенде ереже бар. Дәл осы
жағдай, егер нашарланатын болса да қарастырылған.Заң жүзінде акцияны бөлуге
де болады.Айналымдағы әр бір акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады.
Акция бірнеше түрге жіктеледі. Бір жағынан, бір акционерден басқа
біреуге беру тәсілі бойынша:атаулы және иесі ұсынушы болып екіге
бөлінсе,екінші жағынан, корпарацияны басқаруға қатысу құқығы бойынша – жай
және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Корпарация тек өзінің
жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.
а)Атаулы акция – иесі міндетті түрде корпарацияның реестріне тіркелуі
тиіс акция. Акционерлер кітабында қанша және қай уақытта алғандығы туралы
жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.
ә)Ұсынушыға арналған акция – иесінің аты – жөні корпарация кітабында
тіркелмеген акция Кітапта қсынушыға арнап шығарылған акциянығ жалпы саны
ғана көрсетіледі.
Ал басқару жағынан корпарацияларға қолында атауы бар акционерлер
қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың қозғалысын және бағалы
қағаздардың қозғалысын және бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің
қолында шоғырлануын, олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылып
отыруға мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда,
әсіресе, қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушыға арналған
акцияны қолдайды. Себебі еш жерде тіркелмеген бұндай акцияларды екінші
нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма-қол ақшаға
айырбастауға болмайды, сондықтан олардың өтімділігі акционерлерге кейбір
жағдайда қолбайлау туғызады. Акцияның осы екі түрін жүзеге асыру жолы да әр
түрлі:
- Біріншіден, сату механизмі бойынша. Атаулы акцияның иесі оларды
компаниядан сатып алғанын куәландыратын барлық акция санына бір
толтырылған сертификат алады. Бұл акцияларды сатқанда
сертификаттың сырт жағында екі жақтың қолы қойылған
индоссамент деген белгі қойылады. Содан соң акционерлердің
тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат корпарацияға
жіберіледі. Содан кейін ғана акциялардың жаңа иесі акцияларға
жаңа сертификат алады.

Ұсынушыға арналған акцияны сатқанда оларды бір иемденуші тікелей ,
яғни қолма-қол екіншіге береді.
- Екіншіден, акцияның осы екі түрінің жаңа данасын иемденушілер құқын
белгілеу тәртібі де әртүрлі. Бұл туралы атаулы акция иесі корпорациядан
хабарландыру хат алса, ал акцияны ұсынушыға бұндай механизм жүруі мүмкін
емес. Ұсынушы акциясында кесіп алатын купоны болады. Соны толтырғанан кейін
корпорацияға жіберіп, өзінің меншік құқын іске асырады.
- Үшіншіден, ұсынушы акциясының номиналы өте жоғары болмайды, бірақ ол
көп тиражбен шығарылады, ал атаулы акцияны номиналы әр түрлі мөлшерде бола
береді.
Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және
артықшылықты акциялар болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің
корпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивиденттер алу
құқығы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы
және корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп
айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар. Құқықтар акция
мөлшеріне сәйкес көлемінде жүзеге асырылады.
Әрбір акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Сонымен бңрге жай
акция дивидент алуға кепілдік бермейді. Себебі дивидент корпорацияның
шаруашылық нәтижесіне байланысты. Дивидент корпорацияның таза пайдасының
бір бөлігі, басқаша айтқанда, дивидент төлеу пайдасының салық төленгеннен
қалған қалдығын бөлуге негізделген. Дивиденттің мөлшеріне күшті
өзгерістердің әсер етуі кездейсоқ жәйт емес.
Қолма-қол төленетін дивиденттер баланстың активы мен пассивын және
қолма-қол ақша қаражаты қозғалысы ведомыстың тексергеннен кейін ғана жүзеге
асырылады. Дивидент дұрыс төленбеген жағдайда корпорация жауап беруге
міндетті. Сонымен бірге дивидент акционер табысының тек бір ғана бөлігі.
Оның екінші бөлігі акцияның бағасының өзгеруіне байланысты қалыптасады.
Жай акция бойынша меншік құқын басқаға беру. Өзінің үлестік құқын
акционер акциясын ия сатып, ия сыйға беріп, ия өсиетке қалдырып жүзеге
асырады. Корпорациядағы акционерлердің мүліктік мүддесін қорғауға дауыс
құқығы. Бұған, мысал, жаңа бағалы қағаздар шығару, корпорацияны
активтерінің бір бөлігін сату сияқты мәселелер жатады. Активтер болып
корпорацияның барлық қозғалмайтын және қозғалатын меншігі: жер, құрылыс,
мүлі, қолма-қол қаржы және сол сияқты есептеледі.
Корпорацияның қаржылық есебін тексеру құқы, мысалы, акционерлерін
реестерін тексеру. Жылма-жыл корпорация президенті әрбір акционерге хат
жіберуі тиіс. Акционер баланстың активы мен пассивын, салық ведомостысын
бақылауы мүмкін.
Шектеулі міндет құқы. Басқаша айтқанда, корпорация банкротқа
ұшырағанда акция сатып алуға шығарған акционердің ақшасын қайтаруға ешкім
кепіл бермейді.
Корпорация жабылған кезде оның активының бір бөлігін алу құқы, яғни
жабылу дивидентін алу құқығы. Корпорацияның міндеттерін өтеу тәртібі
бойынша, ең алдымен корпорация мемлекеттің және адвокаттардың, содан соң
белгілі тәртіппен өзіне несие берушілердің, ал ең соңында артықшылықты
акция иелерінің және жай акция иелерінің талабын орындайды.
Әрбір корпорация А және Б сериалы жай акцияларды шығара алады.
Әлбетте, А сериалы акция корпорация құрылтайшыларына, ал Б сериалы
басқа инвесторларға тиесілі. А сериалы акцияны иемденушілердің үлкен
құқығы және көптнген дивидент алатын мүмкіндігі бар. Бұл мүмкіндік
тәуекелдікке берілген төлем тәрізді. Б сериалы акция бойынша дауыс
бермейтін акция және дауыс құқы шектеулі акция шығару жағдайлары орын
алуда.
Көптеген корпорациялар жай акция бойынша номинал құнын бекітеді. Ол
акцияның титулында көрсетіледі. Номинал құны акцияның нарықтық бағасының
одан әрі қозғалысына ешқандай әсер етпейді. Ол акцияны тек алғашқы
орналастырғанда ғана маңызды роль атқарады. Номинал акцияның эмиссиялық
бағасы.
Егер акция көпшілікке сатылып кетсе, онда оның бағасын сатуға
қатысқан барлық инвесторларға қалыптастырылады. Акцияның нарықтық бағасын,
сатушының төмендеткен төменгі бағасымен сатып алушының төлейтін жоғарғы
бағасы анықтайды. Акцияның нарықтық бағасын ия корпорация, ия басқа біреу
белгілейді.
Акцияны эмиссиялық және нарықтық бағаларынан басқа, оның баланстық
бағасы да болады. Ол қаржы есебінің құжаттары негізінде анықталып,
бухгалтерлік нем есе кітаптық баға деп аталады. Ол активтың таза құны
орналастырған акци я санына бөлгенге, немесе бір акцияға келетін
акционерлерге тиесілі капиталдың көлеміне тең.
Корпорация жай акцияның номиналын көрсетпей де шығаруға құқығы бар.
Онда ол нарықтық бағамен сатып алады. Бұл жағдайда акцияның сертификатында
компанияның капиталы бірнеше үлеске бөлінгені көрсетіледі. Корпорация
жабылғанда бұл акциялар акционерлерге активті белгілі бір бөлігін алуға
кепілдік береді.
Артықшылықты акциялар – меншік туралы ерекше сертификат. Олар
корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым
нақты дивидент төлеуін қамтамасыз етеді. Преференционалды акция дауыс
құқын бермейді. Ол дауыссыз бағалы қағаз. Оған байланысты артықшылық дауыс
құқы жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді.
Артықшылық акция иемденушісін қорғау үшін акцияның осы түрі бойынша
дивиденттер әрқашан жай акциялар бойынша дивиденттер беруден бұрын
төленеді. Сондықтан бұл акциялардан гөрі жай акция иемдену қауіптілеу.
Артықшылықты акциялар номинал құны көрсетілген және көрсетілмеген болып
екіге бөлінеді. Бірінші жағдайда дивидент акцияның номиналына байланысты
процент түрінде есептелінеді. Ал номиналсыз артықшылықты акциялар сирек
кездеседі, оларды дивиденттің нақты ақшалы мөлшері көрсетілген. Акция
номиналының оның нарықтық бағасына әсері жоқ.
Жай акция бойынша төленетін дивиденттер сияқты артықшылықты акция
бойынша да дивиденттер таза пайдадан төленеді. Артықшылықты акция, әдетте,
- атаулы бағалы қағаз. Корпорация бұл акцияның бірнеше сериясын шығару
мүмкін. Әрбір сериясының әртүрлі көлемдегі артықшылығы бар. Олар әр
сериялы акцияның сертификатында көрсетіледі.
Егер корпорация артықшылықты акциялардың бір емес көп сериясын
шығаратын болса, онда оның біреуін бірінші артықшылықты деп, ал келесісін
- екінші артықшылықты деп анықтауы керек. Сондықтан осы акциялардың тек бір
сериясының ғана басқа серияларынан гөрі артықшылығы мол болады. Ол
артықшылық әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады: дивиденд алғанда,
активтерді бөлгенде немесе осы екі жағдайды қоса алғанда.
Артықшылықты акциялардың өзі, бірнеше түр тармағына бөлінеді. Оларды
былай топтастыруға болады – қатысушылар және қатыспаушылар, комулятивтік
және комуцлятивтік емес, конвертабельді және конвертабельді емес.
Артықшылықты акциялардың аталған түрлерін шығару мүмкіндігі корпорацияның
жарғысында қаралады. Акциялардың былай бөлінуінің себебі акция
иемденушілердің артықшылықтарды пайдалануына байланысты. Олар:
-Үстеме пайданы бөлуге қатысу;
-Хабарланып, бірақ төленбеген дивиденд алу мүмкіндігіне келешекте
қатысуы;
-Акцияны басқа түрге айырбастау мүмкіндігі.
Қатысушылар артықшылығы өз иемденушісіне пайданы бөлуге қатысуға
мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, корпорация жарғысында жай акция бойынша
төленетін дивиденттің көлемі белгіленген, ал пайда одан жоғары болса, онда
ол артықшылықты акция бойынша төленетін дивидендтің мөлшерін жоғарылатады.
Олардың арасындағы арақатынасын компанияның өзі белгілейді.
Қатысушылар акция иесі ешуақытта белгіленген деңгейден артық дивидент
алуға құқы жоқ. Егер артықшылықты акциялар комулятивтік болса, онда
бұрын хабарланған, бірақ кейбір себептермен төленбеген, дивидендтер
міндетті түрде келесі жылы төленеді. Ол жай акциялар бойынша дивиденд төлеу
хабарланбастан бүрын жүзеге асырылады, яғни төленеді. Комулятивтік емес
акциялар бойынша төленбеген дивидендтерді келесі жылдың дивидендтіне қосуға
болмайды.
Конвертабельді артықшылықты акциялар өз иемденушілеріне кейбір
жағдайларда осы корпарацияның жай акцияларының белгілі бір мөлшеріне
айырбастауына мүмкіндік береді. Айырбастау жөніндегі талап осы типті акция
шығарған кезде жазбаша түрде корпарация кітабында көрсетілген. Артықшылықты
акциялардың көбісі конвертабельді.Ал конвертабельдіемес акциялар өз
статусын өзгертуге мүмкідігі жоқ.
Артықшылықты акциялардың өте сирек кездесетін түр тармағының бірі –
девиденд төлеуі кейін қалдырылған акциялар. Олар корпарация
құрылтайшыларына ғана арнап шығарылады.Олар бойынша девиденд тек жай
акциялар бойынша төленеті девидендтің ең жоғарғы квотасы төленіп болғасын
беріледі. Егер компанияның ісі өрлеп тұрса, бұл акциялар өте тиімді.
Егер компанияның жарғысында оның директорлары корпарация капитарын
өұруға жеке қатысуы керек делінсе, онда – директірлік квоталық акция деп
аталатын артықшылықты акцияның арнаулы түрі шығарылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде артықшылықты акцияның саны
әлбетте барлық акциялардың 10%-нен аспайды. Демек, корпарация қаржысында
олардың үлесі өте төмен. Дегенмен де, артықшылықты акциялардың корпарация
ісін басқару мағызы орасан зор.Олар акционерлік қоғам жиналысында дауыс
беретін жай акция иемденушілердің санын өзгертпей-ақ қосымша капитал
тартуға мүмкіндік береді.

Ақпарат жүйесін тұрғызу мақсаты –акциялардың жағдайын талдау, құнын
анықтау операцияларын автоматтандыру.

Ақпараттық жүйені тұрғызудағы мақсат – ақпарат қорларының өзара тиімді
әсерлесуін өзгертпей біріктіру болып табылады.
Қазіргі уақытта кез келген ұйымды, бірлестікті және мемлекеттік
органдарды автоматтандыру ісі бірінші кезекке қойылып отыр. Ол шетелдерде
қызмет еткенмен біздің елде енді-енді енгізіліп жатыр. Оның бір көрінісі
Президенттің өзі де мемлекеттік органдарды автоматтандыруды айтып отыр.
Соның ішіне 2008 жылға дейін электронды үкімет құру мәселесі де бар.
Мемлекет, Акция, Үкімет және де қарапайым халық үшін акция құнын
талдаудың маңызы өте зор. Әрине, оны халық анықтамайды, жоғарыда айтып
кеткенімдей оған акционерлер басшылық етеді. Қазіргі уақытта сондай ақпарат
жүйелерін құру өте бір маңызды шаралардың бірі болып отыр. Акция бағасын
жариялау тек оның таза жұмыс істейтінін, көрсеткіштерінің жоғары не төмен
екендігін білдіріп қоймай, акция елімізде ғана емес сондай-ақ шетелдерде де
танымал бола бастайды.. Бұның барлығы сол дұрыс құрылып, дұрыс жұмыс
істейтін ақпарат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар есебін жүргізуде ақпараттық жүйені тиімді пайдалану және автоматтандыру
Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
Бағалы қағаздар нарығының мәні, қағидалары және оған әсер етуші факторлар
Қазақстан Республикасындағы KASE фонд биржасы
Бағалы қағаздар нарығы
Несие капиталының нарығы
Бағалы қағаздар нарығы – қаржы нарығының құрамдас бөлігі
Қазақстандық құнды қағаздар нарығының қалыптасуы.
Бағалы қағаздар нарығының қызметтері
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының дамуы және оны реттеу мәселелерi
Пәндер