Қазіргі таңдағы басқару мәселесі



І.Кіріспе:
1.1.Қазіргі таңдағы басқару мәселесі
ІІ.Негізгі бөлім Басқарушылықтың теориясы мен психологиясы
2.1.Басқару стилдері туралы жалпы түсінік
2.2.Шешімдер қабылдау психологиясының ерекшеліктері
а) Басқару психологиясындағы "шешімдер
кабылдау"түсінігі
ә)Басқару психологиясындағы шешімдер
қабылдау мәселесі

ІІІ. Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қазіргі таңдағы өте жылдам өзгерістер кезінде өнеркәсіпті басқару мәселесіне адамзат көп көңіл бөліп отыр. Бұл біздің заманымызға сай келмейтін жоғарыдан төмен өтетін қатаң әкімшілік құрылымдарының кризиске ұшырауына байланысты. Осыдан жетекші мамандардың деңгейін көтеру, басқару стилдерін және шешім қабылдауларды зерттеу мәселелері туындайды. Басқару стилін объективті және субъективті факторлардың жиынтығы ретінде қарастыру керек. Басқару стилінің тиімділігі өндіріс топтарының даму деңгейімен байланысты деп қарастыру керек. "Ұжым ретінде қалыптасқан және өзінің міндеттерін түбегейлі түсінетін топтар үшін, ең оңтайлы басқару стиліне лайықты келетіні - демократиялық стиль. Ал мүндай жағдай тумаса авторитарлық басқару сәйкес келеді. Кейбір Батыстың авторлары, басқару стильдерін зерттеуде ресми мінезді (ресми мінез) бастан өткізу керек" дейді. Сонын, ішінде Дж.Браун, кең таралған басқару стильдерінің классификациясына бірнеше қосымшалар енгізген, олар: автократиялық лидерлер - қатал, әділетті емес; демократиялық- шынайы демократия; еркін демократсымақ.
Кеңес зерттеушілерінің еңбектерінде де, басқару стильдері туралы көп тәжірибе жинақталған. Н.В. Ревенко бес бағытты көрсетеді. Біреулер, басқару стилін жетекшімен оның қоластындағылардың ара-қатынасының жүйесі ретінде қарастырады. Екіншілері шешім қабылдауға қолданған әдістердің ерекшеліктеріне көңіл аударады. Үшіншілері, басқару стилін тұлғаның қасиеті мен ерекшеліктері шектеуінде қарастырады. Төртіншілері, өз өкімін жүргізетіндер ретінде қарастырады. Ал бесіншілер, басқару жүйелерінің сипаттамасы ретінде қарастырады. А.Л. Журавлев ұсынған әдістеме осы жағдайларға негізделген.
1. Урбанович А.А. Психология управления Минск 2005
2. Волков И.П. Стили руководства при решении задач социального
развития ұжымов предприятий / Социальная психология и
социальное планирование. Л., 1973.
3. Кабаченко Г.С. Психология управления, М., 1997 .
4. Ю.Китов А.И. опыт построения психологической теории управления // Психологический журнал, т.2., N4, 1981. -
5. П.Ковалевский С. Руководитель и подчиненный, М., 1997 г.
6. Шепель В.М. Управленческая психология, М., 1984.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе: 1.1.Қазіргі таңдағы басқару мәселесі

ІІ.Негізгі бөлім Басқарушылықтың теориясы мен психологиясы
2.1.Басқару стилдері туралы жалпы түсінік
2.2.Шешімдер қабылдау психологиясының ерекшеліктері
а) Басқару психологиясындағы "шешімдер
кабылдау"түсінігі
ә)Басқару психологиясындағы шешімдер
қабылдау мәселесі

ІІІ. Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ

Қазіргі таңдағы өте жылдам өзгерістер кезінде өнеркәсіпті басқару
мәселесіне адамзат көп көңіл бөліп отыр. Бұл біздің заманымызға сай
келмейтін жоғарыдан төмен өтетін қатаң әкімшілік құрылымдарының кризиске
ұшырауына байланысты. Осыдан жетекші мамандардың деңгейін көтеру, басқару
стилдерін және шешім қабылдауларды зерттеу мәселелері туындайды. Басқару
стилін объективті және субъективті факторлардың жиынтығы ретінде қарастыру
керек. Басқару стилінің тиімділігі өндіріс топтарының даму деңгейімен
байланысты деп қарастыру керек. "Ұжым ретінде қалыптасқан және өзінің
міндеттерін түбегейлі түсінетін топтар үшін, ең оңтайлы басқару стиліне
лайықты келетіні - демократиялық стиль. Ал мүндай жағдай тумаса
авторитарлық басқару сәйкес келеді. Кейбір Батыстың авторлары, басқару
стильдерін зерттеуде ресми мінезді (ресми мінез) бастан өткізу керек"
дейді. Сонын, ішінде Дж.Браун, кең таралған басқару стильдерінің
классификациясына бірнеше қосымшалар енгізген, олар: автократиялық лидерлер
- қатал, әділетті емес; демократиялық- шынайы демократия; еркін
демократсымақ.
Кеңес зерттеушілерінің еңбектерінде де, басқару стильдері туралы көп
тәжірибе жинақталған. Н.В. Ревенко бес бағытты көрсетеді. Біреулер, басқару
стилін жетекшімен оның қоластындағылардың ара-қатынасының жүйесі ретінде
қарастырады. Екіншілері шешім қабылдауға қолданған әдістердің
ерекшеліктеріне көңіл аударады. Үшіншілері, басқару стилін тұлғаның қасиеті
мен ерекшеліктері шектеуінде қарастырады. Төртіншілері, өз өкімін
жүргізетіндер ретінде қарастырады. Ал бесіншілер, басқару жүйелерінің
сипаттамасы ретінде қарастырады. А.Л. Журавлев ұсынған әдістеме осы
жағдайларға негізделген.
"Басқару стилі дегеніміз жетекшінің қол астындағыларға қолданатын
толыққанды, тұрақты әдістер мен амалдар жүйесінен тұратын ықпалы. Бұл оның
тиімділігін және басқару қызметтерін сапалы орындауға арналған.

IІ. Басқарушылық теориясы мен психологиясы
2.1. Басқару стилдері туралы жалпы түсінік

Психологиялық әдебиеттерінде "басқару стилі" туралы өте көп анықтамалар
бар. Мұны, жетекшінің қоластындағылармен жүздесе отырып, оларға әсер ету
арқылы, шсшімдер қабылдауындағы әрқашан қолданатын әдістер ретінде
қарастыруға болады.
Р.Х. Шакуров айтқандай, "Басқару стилінің мағынасын ашу үшін бәрінен
бұрын оның функциялары мен қүрылымы туралы сұрақтарды қарастыру керек".
Басқару стилін классификациялауда К.Левиннің ұсыныстары көп таралған.
Мүнда: 1) автократиялык немесе авторитарлық, әкімшіліктік. 2)
демократиялық немесе коллегиялық, жолдастық, 3) еркін немесе
анархиялық, араласпаушылық сынды үш басқару стилі ерекшелінген.
Авзторитарлық жетекші, тек жекебасты иелікті талап стсді. Өз бетінше
бір топ адамдардың мақсатын анықтап, жинақтайды және оған жету жолдарында
өзі анықтайды: топ мүшелерінін арасындағы қарым-қатынас бұл жағдайда мүлде
жоқ десе де болады, және де, бұл қатынастар жетекші арқылы немесе оның
тікелей бақылауынан туындайды. Бұл типте коластындағылардың бойкүйездігін
жою үшін әкімшілік әдістер қолданады: оның негізгі қаруы "темірдей
талаптар", жазалау қаупі, қорқыту ссзімдері.
Демократиялык типті жетекшілер топ мүшелерімен оте қарапайым,
сыйласымды жәнс объективті болады; жауапкершілікті бақыламайды, керісінше,
оны осы топ мүшелеріне тең үлестіріп беру, жүмылдыру жағдайларын туғызады.
"Анархиялық типті жетекшілер, қарама-қайшылықтарды туғызбауға тырысады,
өзінің функцияларын орынбасарлары мен басқа қол астындағы адамдарға сеніп
тапсырады, топтың жүмысына араласпайды"
Көп авторлар басқару стильдерін мағынада қарастырады. Осы себепті
жетекшілердің кейбір типтері үшін, олардың өте көп іскерлік және тұлғалық
қасиеттерін ашып көрсетеді. Бірақ басты белгі ретінде, іскерлік шешімдер
қабылдау түрлері алынады. Осы белгі басқару психологиясының бір моделінде
стильдерді дифференциялаудың бірінші негізі болып отыр.
Жетекшінің басты мақсаты, ол ұжымды кейбір өндірістік жетістіктерге
жетуге жүмылдыру.
Модельді құрылымдаудың келесі критериі - өндірістік қатынастардың
реттілігі.
Басқару типологиясы моделінің тағы бір негізі ретінде жетекші іс-
әрекетінің мазмұны алынады.
Жетекші мамандарға қойылатын негізгі талаптардың бірі ретінде істің
жөнін білу, біліктілік болып отыр.
Басқару стильдерін дифференциялауда соңғы негіздердің бірі ретінде
жетекшінің инновациялық бағыттылығының деңгейі қарастырылады.
Батыстық әлеуметтік психологияда өндірістің тиімділігі басқару
стильдерін бағалаудың негізгі принципі ретінде анықталады. Осы принципке
сәйкес, XX ғасырдың басында өндіріс жетекшілері ретінде авторитарлы типтер
сұрыпталып алынған. Бірақ өмір көрсеткендей адамзат факторының, яғни
халықтың қандай-да бір сыртқы психологиялық тұтынуының минимумын орындамай
өндірісті өте үлкен тиімділікке жеткізу мүмкін емес
екендігіне көз жеткіздік. Осыған орай, мүнан кейін, басқару стилінде
демократиялық принциптер кең орын ала бастады. Осы демократиялық стиль
дөрекі авторитарлыққа қарсы қойылған және осы әдіс, өндіріс орындарын
басқаруда оңтайлы деп табылған.
Басқару стилі дегеніміз - іштей бірлігі бар және жетекші тұлғасының
сапасынан тұратын мінез құлық пен іс-әрекет амалдарының заңды қосындысы,
сонымен бірге қоршаған ортаның шынайы ерекшеліктеріне де тәуелді сапа.
Басқару стилі мен жетекшінің арасындағы қатынастарды қарастыруда
А.А.Русалинов жетекшінің еңбек ұжымын басқару объектісі ретінде бір
мезгілде екі бағытта: біріншіден, ұжымға іс-әрекетті ұйымдастыру аркылы
тікелей әсер етсе; екіншіден, өзінің тұлғалық және іскерлік сапалары
арқылы әрбір қоластындағы адамдарға және ұжымға жанама әсер ететінін
көрсетеді. Бұл құбылыс оны ұжымды басқарудың объектісі мен субьекті
ретінде көрсетеді.
Басқару қатынасы стилінің мазмұны басшының тұлғалық қасиеті арқылы
қоғамдық қарама-қатынастарды тасымалдаушы ретінде қарастырылады. Тұлғаның
құрылымындағы барлық қасиеттер бірдей рөл атқара бермейді, яғни олар
белгілі бір иерархиямен құрылады. В.С.Мерлин айтқандай: "Қасиеттердің әрбір
иерархиялық деңгейінің негізгі ерекшеліктері - олар бағынатын айрықша
заңдар. Бұл принцип тек қана психофизикалық интегралды
сипаттамаларға қолданылып қоймай, сонымен қатар әлеуметтану мен әлеуметтік
психологияға да тән".
Осыған байланысты басқару стилі бағыттылығының:
1) Әлеуметтік маңызды,
2) бара­бар,
3) энергиялық қуаты мол,
4) эмоциялық-динамикалық сияқты төрт түрі ерекшелінеді.
Әлеуметтік-маңызды басқару стилінің бағыттылығы ­ жетекшінің
тұлғалық бағыттылығы болып табылады. Соңғысы оның тұлғалық
қасиетінің иерархиясының басында тұр.
Ломов Б.Ф. Талдау жоспарларының тұлға зерттеуіндегі әртүрлігіне
қарамастан, барлық тұжырымдамалар ең басты тұлғалық мінездемеде оның
бағыттылығын ерекшелейді."
Яғни, бағыттылық әрқашан жігерлендіретіндей ықпал етеді. Бұл ­
қатынастардың тандаулылығын және тұлғаның белсенділігін анықтайды.
Психологияда тұлғалық бағыттылықты зерттеудің үлгілері бар.
Божович Л.И. " тұлғаның бағыттылығы адамды әлеуметтік индивид
ретінде көрсетеді" десе, Чудновский В.Э. екі түрлі бағыттылықты атап
көрсетеді. Бұл тұлғаның қалыптасу процесіне маңызды әсер етеді: өзіне
бағытталған бағыттылық (эгоцентрикалық) және ұжымға бағытталған бағыттылық
(ұжымдық бағыт).Н.В.Ревенконың ойынша, қоғамдық бағдарға әлуметтік
белсенділік тән, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарау, барлық ұжым үшін
жанын салу, қоғамдық ұғымдағы және іскерлікке принциптілік, "іс үшін" деген
принципті үстау. Ал эгоцентрикалык бағыттылықка, тек өзінің мақсатын
көздеу, коньюнктуралық саясат, адамдарды іскерлік белгілері арқылы
бағаламай, принципсіздік, бейәлеуметтік іс-әрексттсрдің бағыттылығының "іс
тек өзім үшін" принципін ұстау тән. Н.В.Ревенко осыған орай мынандай ой
айтады: "қоғамдық эгоцентрикалық бағдар" ара қатынастары басқару стилін
топтастырудың негізі болуы мүмкін.
Кейбір басшылардың іс-әрекетін зерттеп, А.И.Китов, "бақылау жетекшінің
іс әрекетінен эмпирикалық бірліктерді анықтайды - жиналыс, іскерлік
кездесулер, телефонмен әңгімелесу, құжаттармен жүмыс жөне басқа да
белсенділік белгілері. Бұлар кезекпен орындалады."
Жетекші іс-әрекеттерінің барлық эмпирикалық бірліктері теориялық
талдау барысында үш түрлі психологиялық компоненттерді анықтайды:
дүниетанымдық, яғни (диагностикалық); шығармашылық және ұйымдастырушылық.
Осыған орай бүған үқсас үш түрлі теоретикалық бірліктер:
диагностикалық, шығармашылық, ұйымдастырушы іс-әрекеттер пайда болады:. Бұл
бірліктер бір-бірімен араласып, әрекеттесіп тұлғаның іс-әрекетінің
психологиялык макроструктурасын қүрайды. "Диагностиклық іс-әрекет басқару
объектісінің бейнесін нысанға алады. (Яғни, проблемалық ситуацияларда).
Шығармашылық іс-әрекет осы бейнеге сүйеніп, келешектегі іс-әрекетті
бағдарлайды. Бұл іс әрекет басқару объектісін жаңа жағдайға әкеліп соқтыруы
тиіс. Соңында ұйымдастырушы іс әрекет осы бағдарламаны өмірде іске асыруға
мүмкіндік береді."
А.И.Китов қарастырған теориялық бірліктер жетекші мен оның
қоластындағылардың арасындағы әрекеттестіктерді және оның екі жақтылығын
(диагностикалық және ұйымдастырушылык) түсіндірумен қатар осы әрекеттердің
екі моделді екенін көрсетеді. Басқару стилдерін бір-бірінен айырғысыз екі
стильден: жетекшінің диагностикалық іс-әрекеті және оның ұйымдастырушы іс-
әрекеті тұрады деп қарастырса: бір стиль әрекеттестікті жетекшінің басқару
процесін тану деп көрсетсе, екіншісі оның осы басқару объектісіне тікелей
қатысты екенін көрсетеді. Осы екеуін бір бірімен шығармашылық іс-әрекет
байланыстырады.
Осыған сүйене отырып, жетекші мен оның қоластындағылардың арасындағы іс-
әрекеттердің екі типін бөліп алуға болады. Олар:
1) жетекшінің диагностикалық іс-әрекеттерінің стилдері: әлеуметке
орталықтанған және эгоцентрикалық;
2) жетекшінің ұйымдастырушы іс-әрекеттерінің стилдері:
әлеуметке орталықтанған және эгоцентрикалық
Бұл типтер осы екеуінің арасындағы әрекеттестіктің белгілі бір
формаларында пайда болады. Бұл стиль жетекшінің диагностикалық іс-
әрекеттері болып табылады. Мұның өлшемі ретінде осы процеске жетекші мен
оның қоластындағылардың қатынасу дәрежесі анықталады.
Бақылаулар және ғылыми деректер көрсеткендей ұжымда оның мүшелері
мынандай жағдайларда жетекшінің жұмысына қанағаттанады:
1) Басшының қоластындағы жұмысшыларға кең пейілді және сыпайы болып
көрінуі. Себебі адамдар немқұрайлықты, оның ішінде басшының жұмысшыларға
деген теріс пиғылынан ауыр әсер алады.
2) Адамға өзінің қызығатын және сүйетін жүмысын жасауға мүмкіндік
туғызу. Егер мүндай жағдай тумаса, ол басқа жүмыс орнын табуға
үмтылады.
3) Әрбір адам өзінің жұмысының нәтижесін көруге тырысады, егер жетекші
жақсы жетістікке жеткені үшін жұмысшыны рухани тұрғыда көтермелесе , ол
қанағаттанарлық сезімде болады.
4) Жұмысшы өзінің шеберлігін және жалпы мәдени
дәрежесін көтеруге ынталы. Егер осы жағдайлар туғызылса ол
өміріне немесе жүмысына терең қанағаттанғанын білдіреді.
5) Әрбір білікті маман өзінің қызметінің өсуін қалайды. Бұл тек
қана материалдық жағдайға ғана байланысты болмай, сонымен қатар оның
ұжым алдында беделінің өсуімен және өз-өзіне деген сыйластығын арттырады.
Егер адам бір жерде өте ұзақ жұмыс жасай келе шамасының басқа да
үлкен істерге жететінін сезсе, онда оның шығармашылық бейімділігі
төмендеп, тіпті тұлға ретінде деградациялануы да мүмкін.
6) Ұжым мүшелері басшының өздерімен ақылдаса отырып, еңбектегі
жетістіктерін ынталандыра алса, үлкен қанағаттандырлық сезімде болады.
7) Әрбір жұмысшыны басшысы абыройлы, кең пейілді, білікті
маман кейпінде кергісі келеді.
2.2. Шешімдер қабылдау психологиясының ерекшеліктері

Әр салаға қолданылатынына қарамастан, шешім қабылдау проблемасы бір
позициядан қаралады.
Себебі, адамдардың экономикалық саяси, әлеуметтік, техникалық және өз
ісінің шешімдерінің түйінін шешілудегі тәртібін көреміз. Осы методологиялық
міндеттерді шешуге шешімдер қабылдау теориясы көмектеседі.
Кез келген ғылым белгілі бір обьектінің негізінде пайда болып, басқа
пәндермен байланысты болады. Сондықтан қабылданатын шешімдер операцияларды
зерттеулермен, кибернетика және жасанды интеллектімен тығыз байланысты.
Шешімдер қабылдау жетекшінің ақпаратты өзінен өткізуінің орталық
процесі десе де болғандай.
Шешімдердің ұйымдастыру (дайындау), талдау және бекіту сияқты үш
кезеңін айқындауға болады.
Басқару психологиясында шешімнің қабылдану мен оған жетудің
критерийлері мен стратегиясына әсер ететін жолдардың зерттелінуі маңызды
әдістемелік мақсат болып табылады. Мұндай факторлар: міндеттерді алға қою,
оның құрылымы және сипаттамасы. Оның жаңалық дәрежесі: мағлұматтардың
зәрулігі мен оның кажеттігі, бұған әрине мағлұматтардың құндылығы мен
маңыздылығы; шешімдер қабылдау әдісі, уақытша регламентация; жауапкершілік
дәрежесі мен тәуекел; сыртқы әсерлер қарама-қайшылығының ықтималдылығы,
басшының тұлғалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеу жұмысының құрылымы
Сапаның экономикалық маңызы
Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті басқарудың негіздері
Капитал құрылымы
Муниципалды басқару түсінігі
Қазақстан Республикасында ауылдық аймақтардың жергілікті басқару жүйесін жетілдіру жолдары
ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Нарық жағдайындағы тұлғаның өзіндік бағалау ерекшеліктерін теориялық талдау, эксперименттік зерттеу
БІРІККЕН КӘСІПОРЫН ҚҰРУ НЕГІЗІНДЕ
Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде
Пәндер