Қазақстан Республикасында валюта нарығын реттеу сараптамасы
Валюта дегеніміз – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісі мен айырбастауға жататын тиындар) түріндегі қолма-қол және аударым нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ, шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірлігіндегі қаражат.
Валюта арқылы сыртқы тауарлар мен қызметтерді пайдалануға, туризм және мемлекетгің жеке ақша қозғалысын және т.б. көптеген қызметтерді жасауға болады.
Валюталық нарық дегеніміз – ұлттық валютаны шетелдік валютаға алып сатқан кезде, ұсыныс пен сұраныс нәтижесінде қалыптасқан белгілі-бір ресми орын.
Халықаралық есеп айрысу спецификасының маңызы мынада: валюталық баға төлем құралы ретінде көбінесе шетелдік валютаны қолданады, өйткені әлі халықаралық бүкіл мемлекеттерде алуға тиісті белгілі-бір валюта жоқ, сондықтан да сыртқы саудада, несиеде, инвестицияда мемлекет аралық есеп айрысу үшін бір валютаны екінші валютаға сату керек. Валюталық курстың бағамы оны сатып алу қабілеті арқылы белгіленеді.
Валюталық бағам дегеніміз – бір ақша бірлігінің екінші ақша бірлігі- мен алғандағы бағасы. Ол нарықты экономика жағдайында сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде анықталады және экономиканың жағдайын көрсетеді. Валюталық бағам халықаралық сауда және капитал қозғалысында өте үлкен роль атқарады. Валюталық бағамның өзгерісін байқасақ, ол сол валютаның құнсызданғанын немесе құнының жоғарлағанын көрсетеді.
Валюталық нарықты айтқанда онда көбінесе нақты және номиналды валюталық бағам деген сөздер кездеседі. Екі елдің тауарларының қатынасы негізінде (сол елдің валютасы негізінен алынған) нақты валюталық бағамды анықтауға болады. Мемлекеттің валюталық нарығында көрсетілген валюталық бағамды – номиналды бағам деп атайды.

(( ТАРАУ. Қазақстан Республикасында валюта нарығын реттеу сараптамасы
2.1 Валюта нарығы және валюталық реттеу туралы жалпы түсініктің талдамасы
Валюта дегеніміз – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде
қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар,
соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе
алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісі мен айырбастауға жататын
тиындар) түріндегі қолма-қол және аударым нысанындағы құнның ресми
стандарттары, сондай-ақ, шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе
есеп айырысу бірлігіндегі қаражат.
Валюта арқылы сыртқы тауарлар мен қызметтерді пайдалануға, туризм және
мемлекетгің жеке ақша қозғалысын және т.б. көптеген қызметтерді жасауға
болады.
Валюталық нарық дегеніміз – ұлттық валютаны шетелдік валютаға алып
сатқан кезде, ұсыныс пен сұраныс нәтижесінде қалыптасқан белгілі-бір ресми
орын.[1]
Халықаралық есеп айрысу спецификасының маңызы мынада: валюталық баға
төлем құралы ретінде көбінесе шетелдік валютаны қолданады, өйткені әлі
халықаралық бүкіл мемлекеттерде алуға тиісті белгілі-бір валюта жоқ,
сондықтан да сыртқы саудада, несиеде, инвестицияда мемлекет аралық есеп
айрысу үшін бір валютаны екінші валютаға сату керек. Валюталық курстың
бағамы оны сатып алу қабілеті арқылы белгіленеді.
Валюталық бағам дегеніміз – бір ақша бірлігінің екінші ақша бірлігі-
мен алғандағы бағасы. Ол нарықты экономика жағдайында сұраныс пен ұсыныстың
нәтижесінде анықталады және экономиканың жағдайын көрсетеді. Валюталық
бағам халықаралық сауда және капитал қозғалысында өте үлкен роль атқарады.
Валюталық бағамның өзгерісін байқасақ, ол сол валютаның құнсызданғанын
немесе құнының жоғарлағанын көрсетеді.
Валюталық нарықты айтқанда онда көбінесе нақты және номиналды
валюталық бағам деген сөздер кездеседі. Екі елдің тауарларының қатынасы
негізінде (сол елдің валютасы негізінен алынған) нақты валюталық бағамды
анықтауға болады. Мемлекеттің валюталық нарығында көрсетілген валюталық
бағамды – номиналды бағам деп атайды.
Валюталық бағамның үш түрі бар:
➢ белгіленген;
➢ өзгермелі;
➢ аралас;
Белгіленген валюталық бағам деп – берілген мерзім ішінде өзгермей
қалынған бағам; сол бағамның өзгермеуіне мемлекет өзі кепілдік береді.
Белгіленген жүйенің мысалы ретінде Бреттон-Вудск жүйесі қалыптасқан.
Өзгермелі валюталық бағам кезінде ол сол валютаға байланысты бағамның
сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасуы.
Аралас валюталық бағамның мысалы ретінде көптеген дамыған елдерді
айтуға болады; оларда өзгермелі бағам да және кейбір жерлерінде белгіленген
валюталық бағам да бар.
Валюталық операциялар дегеніміз – ол меншік құқығының және өзге де
құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, яғни,
валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу
және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту болып
табылады. Валюталық операциялар ағымдагы операциялар жане капитал
қозгалысына байланысты операциялар болып бөлінеді. [2]
Ағымдагы операцияларға жататындар:
✓ тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемнің не аванс
төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін
экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға
арналған аударымдар;
✓ 180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және алу;
✓ салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге
операциялар бойынша девиденттерді, сыйақыларды жөне өзге
кірістерді аудару және алу;
✓ гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар,
мұрагерлік сомманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және
басқа соммаларды аудару;
✓ капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатқызылмайтын
барлық өзге де валюталық операциялар.
Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар мыналар:
✓ инвестицияларды жүзеге асыру;
✓ интелектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты
толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айрысуды
жүргізуге арналған аударымдар;
✓ жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтарды төлеуге аударымдар;
✓ тауарлар, жұмыстар және қызметгер үшін төлемнің не аванс
төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін
экспор-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға
арналған аударымдар;
✓ 180 күннен асатын мерзімге кредиттер беру және алу;
Мемлекеттің әлем экономикасына кіруі валюталық қатынастар жүйесінің
дамуына әкеледі және олар мемлекет нарығының қалыптасуына әсер етеді.
Мемлекеттік реттеу елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге,
сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейтуге, экономиканың тез көтерілуіне
жәрдемдеседі. Мемлекетіміздің әлемнің сауда-саттық бірлестігіне кіруіне
жағдайна бейімделген.
Валюталық бақылау мынандай бағыттарда жүзеге асырылады:
➢ экспорттық-импорттық валюта бақылауы;
➢ қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
жүргізуді бақылау;
➢ капитал қозғалысына байланысты операцияларды бақылау;
➢ валюта нарығындағы субектілерге инспекция жүргізу.
Валюталық реттеу дегеніміз – уәкілетті мемлекеітік органдардың
(валюталық реттеу органдарының) елдің төлем балансын нығайту,
ұлттық валютаның тұрақтылығың, ішкі валюта рыногын дамытуды қамтамасыз ету
мақсатында валюталық операциялар жүргізу тәртібін белгілеу және оның
сақталуын бақылау жөніндегі қызметі. Валюталық нарықты құруға, мемлекеттік
монаполиядан валюталық құндылыққа өту кезенінде Қазақстанда қайшылық пен
үдеріс ілесе жүрді. Кейбір мекемелерге дәлелсіз жеңілдіктер берілді,
әсіресе реформалаудың бастапқы кезеңіңде. Валюталық саясаттың дұрыс
болмауынан сыртқы сауда операцияларына қатысушылар санының көбеюіне әкелді,
ол экспорттық-импорттық операциялар бойынша ереже мен нормаларды сақтауына
теріс әсер етті. Осының нәтижесі ретінде шетелге капиталдың кетуінің
тұрақты тенденциясы байқалды және экспорттық түсімді жасыру, импортгық
контракт есебінен аванс төлемдерін келесіде товарлармен қамтамасыз етпей
ақшаны аудару сияқты жағдайлар орын алды. Осындай жағдайларда мемлекет
кейбір жерінде аталмыш жеңілдіктерді толық жойып, валюталық реттеуте
белсене кірісе бастады. Көкейтесті мөселелердің бірі ретінде валюталық
бақылау болды.[3]
Валюталық бақылау капиталдың ағуын сақтап қалуға багытталған, сонымен
қатар ол республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дамуына кедергі
жасайды. Сондықтан қойылатын сауал экономикалық дамудың қай кезеңінде оны
қолдану керек екендігінде. Өнеркәсібі дамыған елдер ДВҚ (дүниежүзілік
валюталық қор) қағидаларына қарама-қайшы келетін әкімшілік әдістерін тіптен
қолданбайтынына қарамастан, осы әдістерді қолдану тәжірибесі Қазақстан
үшін, экономиканың дамуының әр кезеңінде, еңгізуден толық жоюға дейін, үлгі
ретінде бола алады.
Валюталық реттеу органдарының биылғы жылғы алдына қойған стратегиялық
міндеттерінің бірі – мемлекетте экспорттық-импорттық валюталық бақылауының
нығайту.
Валюта бақылауының мақсаты валюта операцияларын жүзеге асырған кезде
Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместердің заңдарды
сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
Валюта бақылауының негізгі бағыттары:
➢ Жүргізілген валюта операцияларының қолданылып жүрген заңдарға
сәйкестігін және оларды жүзеге асыру үшін қажетгі лицензиялар мен
куәліктердің болуын анықтау;
➢ шетел валютасындағы төлемдердің контракт шарттарына сәйкес келуі
тұрғысынан негізділігін тексеру;
➢ валюта операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудің толықтығын және
дұрыстығын тексеру;
➢ валюта бақылауы органдары мен агенттері өз құзыры шегінде Қазақстан
Республикасының резидентгері мен резидент еместері жүргізетін валюта
операцияларының қолданылып жүрген заңға лицензиялардың немесе тіркеу
куәліктерінің шарттарына сәйкестігі тұрғысынан бақылау жасауды жүзеге
асыруға міндетті;
➢ валюта бақылауы органдары өз құзыры шегінде нормативтік актілер
шығарады, анықталған тәртіп бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде талаптар
қояды және Қазақстан Республикасының барлық резиденттері мен резидент
еместері орындауға міндеггі болып табылатын заңдарда козделген басқа
шараларды қолданады.
➢ валюта бақылауы агенттері құқық қорғау органдары мен Қазақстан Ұлттық
Банкіне олардың клиенттері валюта операцияларын жүргізген кезде жіберген
валюта заңдарын бұзудың өздеріне мәлім болған барлық фактілері туралы
хабарлауға міндетті;
➢ валюта бақылауы агенттері өз қызметін жүзеге асыру үшін алда берілген
көзделген жағдайлардан басқа кезде өз клиенттерінен тек олар арқылы
жүргізілетін валюта операциялары бойынша ақпарат сұрап алуға құқығы бар;
➢ валюта бақылауы органдары өз қызметін жүзеге асыру үшін валюта бақылауы
агентгерін тартуға және олардың міндетті түрде орындауы үшін жекелеген
тапсырмалар беруге құқы бар. Валюта бақылауы агентгері валюта бақылауы
органдарының мұндай тапсырмаларын орындауға және олардың орындалғаны
туралы белгіленген мерзімде есеп беріп отыруға міндетті.
2.2 Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге
асыратын резиденттер мен резидент еместердің құқықтары мен
міндеттерінің сараптамасы
Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыратын
резиденттер мен резидент еместер:
валюта бақылауы органдары мен агенттері жүргізген тексеру актілерімен
танысуға;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен валюта бақылауы
агенттері мен органдарының іс-әрекетіне шағым жасауға;
Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік қүқықтық
актілерінде көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

✓ валюта бақылауы органдары мен агенттеріне барлық сүраған
қүжаттар мен валюта операцияларын жүзеге асыру жөніндегі
ақпараттарды беруге;
✓ валюта бақылауы органдары мен агенттеріне өздері жүргізген тексеру
барысында, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша түсініктеме беруге;
✓ валюта бақылауы органдары мен агенттері жүргізген тексеру
актілерінде баяндалған фактілермен келіспеген жағдайда, бұл актіге
қол қоюдан бас тарту себебіне жазбаша түсініктеме беруге;
✓ өздері жүргізетін валюта операциялары бойынша есеи жүргізіп және есеп
беріп, олардың кемінде бес жыл сақталуын қамтамасыз етуге;
✓ валюта бақылауы органдарының анықталған тәртіп бүзушылықтарды
жою жөніндегі талаптарын (нүсқауын) орындауға;
✓ Қазақстан Реслубликасының вапюта заңдарында белгіленген басқа
талаптарды орындауға міндетті.
Қазақстан Республикасында валюталық реттеу туралы заңы 1996 жылы 24
желтоқсанда қабылданды және қазіргі уақытта сол заңға көптеген толықтырулар
мен өзгертулер еңгізілуде.[4]
ҚР-да валюта операцияларын жүргізу ережесі Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі
№ 115 қаулысымеп бекітілген.[5]
Осы Ереже "Валюталық реттеу туралы" және "Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жасалды, ол
валюта операцияларын жүргізу тәртібін
айқындайды және валюталық бақылауды жүзеге асырудың негізгі принциптерін
белгілейді.
1. Қазақстан Республикасының аумағында резиденттер мен резидент
еместер жүргізетін валюта операциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) нормативтік құқықтық актілерінде көз-
делген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті банктер және банк опе-рацияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілстті ұйымдар (бұдан әрі – уәкілетті
банктер) арқылы жүзеге асырылады.
2. Резиденттер мен резидерент еместер уәкілетті банктердегі банктік
есепшоттарды Ұлтгық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген
тәртіппен ашады, жүргізеді және жабады.
3. Резидент жәненемесе резидент емес валюта операцияларын жүзеге
асырған кезде уәкілетті банкке Қазақстан Республикасының валюталық
заңнамасына сәйкес ұсынылатын талап етілген құжаттарды беруге міндетті. Осы
Ережеде және Ұлттық Банктің басқа да нормативтік құқықтық актілерінде
көзделген жағдайларды қоспағанда, резидент және резидеент емес мұндай
құжаттарды бермесе, уәкілетті банк олардың төлемдерін немесе ақша аударымын
жүзеге асыруға құқылы емес .
4. Резидент Ұлттық Банктің лицензиясының жәненемесе тіркеу куәлігінің
болуы талап етілетін валюта операциялары бойынша төлем жасаған жәненемесе
ақша аударған кезде, резидент уәкілетті банкке осындай лицензияның
жәненемесе тіркеу куәлігінің түпнұсқалары мен нотариат куәландырған
көшірмелерін ұсынуға міндетті. Берілген құжаттар тексерілгеннен кейін,
олардың көшірмелері уәкілетті банкте қалады, ал тұпнұсқалары резидентке
қайтарылады.[6]
Осы тармақта айтылған валюта операцияларын жүргізу нәтижесінде алынған
ақша резиденттің пайдасына түскен жағдайда Ұлттық Банктің лицензиясын
жәненемесе тіркеу куәлігін ұсынбаса да уәкілетті банк түскен ақшаны
резиденттің банктік есеп-шотына аударуға құқылы, резидентке мұндай
құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы алдын ала жазбаша хабарлауға тиіс.
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес міндетті түрде жүзеге
асырылатын төлемдерді қоспағанда уәкілетті банкке талап етілген құжаттарды
бергенге дейін резиденттің төлемдерді жәненемесе ақша аударуды жүзеге
асыру үшін мұндай ақшаны жұмсауға құқығы жоқ. Ре-зидент Ұлттық Банктің
лицензиясын жәненемесе тіркеу куәлігін бермеген жағдайда оның банктік
есепшотына ақша аударылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін
уәкілетті банк мұндай фактілер туралы Ұлттық Банкке хабарлауға міндетті.[7]
5. Ұлттық Банк лицензиясының болуы талап етілетін капитал қозғалысымен
байланысты операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдары тиісті түрде
валюталық бақылау жасау міндеті жүктелетін бір уәкілетті банк арқылы
өткізілуге тиіс. Уәкілетті банк өзгерген жағдайда резидент мәмілені
орындауға және валюталық бақылауға қабылдаған бұрынғы банкке бұл жөнінде
хабарлауға міндетті. Мәмілені орындауға және валюталық бақылауға қабылдаған
бұрынғы уәкілетті банк мәмілені ор-ындауды және валюталық бақылауды басқа
уәкілетті банкке бергені туралы лицензияның түпнұсқасына тиісті жазбалар
жасауға, сонымен бірге оның толық атауын көрсетуге міндетті. Мұндайда
валюталық бақылауды басқа банкке берген уәкілетті банк сонымен бір уақытта
осы банкке бұрынғы жасалған барлық төлемдер мен ақша аударымдары
жәненемесе тауар жеткізу, жұмыс, қызмет көрсету (олар болған жағдайда)
туралы мәліметтер жіберуге міндетті.
6. Резиденттер арасындағы операциялар бойынша барлық төлемдер мен
ақша аударымдары осы Ережеде, Ұлттық Банктің басқа да нормативтік құқықгық
актілерінде, салық және кеден заңнамасында көзделген жағдайлар-ды
қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ғана жүргізілуге
тиіс.
Уәкілетті банктер резиденттердің жәненемесе резидент еместердің
валюталық операциялар жүргізу жөнінде банктік қызметке ақыны тараптардың
келісуі арқылы ұлттық валютамен немесе шетел валютасымен алады.
Резиденттер арасында жасалған шарттар бойынша, оның ішінде банктік
қызмет көрсету көзделген шарттар бойынша тұрақсыздық айыппұлдары
(айыппұлдар, өсімпұлдар) ұлттық валютамен төленеді.
7. Уәкілетгі банктер валюталық құндылықтарды резиденттерге және
резидент еместерге шетел валютасымен және ұлттық валютамен кредиттер беру
үшін кепіл ретінде кабылдай алады.
8. Ұлттык Банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынысы бойынша
шетелдік инвестор және мемлекет уәкілеттік берген заңды тұлға немесе
мемлекеттік орган құрған резиденттерге – заңды тұлғаларға Қазақстан
Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес аса маңызды инвестициялық
жобаларды жүзеге асыру үшін баламасы 100 миллион АҚШ долларынан кем
болмайтын сомаға рұқсат беруге, Қазақстан Респуб-ликасының резиденттері мен
операциялардың жекелеген түрлерін шетел валютасымен жүргізуге құқылы.[8]
9. Төлем карточкаларын пайдалана отырып валюта операцияларын жүргізу
тәртібі осындай қатынастарды реттейтін Ұлттық Банктің нормативтік құкықтық
актілерінде белгіленеді.
Резиденттер мен резидент еместер арасындағы валюта операциялары:
10. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша
төлемдер мен ақша аударымдары тараптардың келісімі бойынша кез келген
валютамен жүзеге асырылады. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы
операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдары Ұлттық Банктің
нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың
банктік есепшоттары арқылы ғана жүзеге асырылады.
11. Резиденттер мен резидент еместердің уәкілетті банктер арқылы
жүзеге асырылатын ағымдағы валюта операциялары Қазақстан Республикасы
заңнамасы-ның талаптары сақтала отырып шектеусіз жүргізіледі. Егер экспорт-
импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруға немесе кредиттер
алуға немесе беруге байланысты ағымдағы валюта операциялары бойын-ша
тараптардың бірінің міндеттемелері екінші тараптың міндеттемелері
орындалғаннан кейін 120 күннің ішінде орындалмаса, онда мұндай операциялар
капитал қозғалысына байланысты валюта операциялары болып саналады және
Қазақстан Республикасьшың заңнамаларына сәйкес Ұлттық Банкте лицензиялануға
немесе тіркелуге тиіс.
12. Резидент еместер мен резиденттер немесе резидент еместер арасында
жасалған шарттарға үшінші резидент тұлғалардың шетел валютасымен немссе
ұлттық валютамен ақы төлеуіне төлем жасалатын жәненемесе ақша аударылатын
тұлғаның және жоғарыда аталған үшінші резидент тұлғаның арасында жасалған
тиісті шарт болған жағдайда рұқсат беріледі.
13. Ұлттық Банктің лицензиясының болуы талап етілетін валюта
операцияларын жүргізген жағдайда резидент – үшінші тұлға уәкілетті банкке
төлем жасала-тын жәненемесе ақша аударылатын мәмілеге қатысушы рези-дент
алған осындай лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға
міндетті. Төлем жасалғаннан кейін жәненемесе ақша аударылғаннан кейін осы
операцияны жүргізген уәкілетті банк үш жұмыс күні ішінде төлем жасалған
жәненемесе ақша аударылғаны туралы ақпаратты Ұлттық Банктің лицензиясында
көрсетілген мәмілеге қатысушы резиденттің банкіне жіберуге міндетті. Ұлттық
Банктің лицензиясында көрсетілген мәмілеге қатысушы резиденттің банкі
осындай лицензия бойынша жасалған төлемдердің жәненемесе ақша
аударымдарының жалпы сомасына бақылау жасайды және олардың сомасы
лицензияда көрсетілген сомадан асып ксткен жағдайда мұндай фактілер жөнінде
Ұлттық Банкке хабарлайды.[9]
Уәкілетті банктердің және резидент заңды тұлғалардың валюта
операцияларының жүргізуі:
14. Резидент заңды тұлғалар валюта операцияларын жүргізу үшін
уәкілетті банктерде банктік есепшоттар ашуға міндетті.
15. Резидент заңды тұлғалардың уәкілетгі банктердегі банктік
есепшоттарына Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгіленген
тәртіппен түскен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым
салынбаған операциялар жүргізу нәтижесінде алынған шетел валютасы шектеусіз
есепке алынады .
16. Тауар (жұмыс, қызмет) экспорты үшін ақы төлеу ретінде резидент
заңды тұлғалар алған валюта, егер Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық
актілеріне сәйкес резидент заңды тұлға алған Ұлттық Банктің тиісті ли-
цензиясында басқаша көзделмесе, тауар (жұмыс, қызмет) экспорты күнінен
бастап 120 күннің ішінде уәкілетті банктегі олардың банктік есепшотына
міндетті түрде аударылуға тиіс .
Кредит жәненемесе инвестиция ретінде резидент заңды тұлғалар алған
шетел валютасы, егер Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес
резидент алған Ұлттық Банктің тиісті лицензиясында басқаша көздел-месе,
уәкілетті банктегі олардың банктік есепшотына міндетті түрде аударылуға
тиіс .
Жарғылық қызметі сыйға тарту, қайырмалдық, қайырымдылық жарналары және
өзге де түсімдер ретіндегі қайырымдылық қызметтерді жүзеге асыруға
бағытталған резидент заңды тұлғалардың пайдасына түскен ше-тел валютасы
қолма қол, сол сияқты қолма қол жасалмайтын төлем тәртібімен де олардың
уәкілетті банктегі есепшоттарына міндетті түрде есептеледі.
Баска да резидент заңды тұлғалардың пайдасына сыйға тарту,
қайырмалдық, қайырымдылық жарналары және өзге де түсімдер ретіңдегі қолма
қол жасалмайтын төлем тәртібімен түскен шетел валютасы да сол сияқгы
олардың уәкілетті банктегі есепшоттарына міндетгі түрде есептелуі тиіс.
17. Резидент заңды тұлғалар уәкілетті банктегі олардың есеп-
шоттарындағы шетел валютасын Қазақстан Республикасының валюталық
заңнамасына қайшы келмейтін мақсаттарға пайдалана алады.
18. Уәкілетті банк ақша төлеу мен аударуды резидент заңды тұлғалар
тиісті түрде ресімделген құжаттарды (шарттарды, келісім-шарттарды,
келісімдерді, инвойстарды, коносаменттерді және басқаларын) ұсынған
жағдайда ғана жүзеге асырады.
Уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының
сақталуын тексеру мақсатында жүргізілетін валюта операцияларына қатысты
қажетті ақпараттар мен құжаттарды қосымша сұратуға құқылы.
19. Резидент заңды тұлғалардың банктік есепшоттарынан қолма қол шетел
валютасы резидент емес қызметкерлерге жалақы төлеу үшін және
қызметкерлердің шет елдерге қызметтік іс-сапарларға баруына байланысты
шығыстарға арнап алынуы мүмкін. Резидент занды тұлғалар қолма-қол шетел
валютасын алу үшін уәкілетті банкке тиісті түрде ресімделген құжаттарды (іс-
сапар туралы бұйрық, іс-сапар шығыстарының сметалары, жалақы төлеу туралы
өтініш және басқ-алар) ұсынуы тиіс.
Резидент заңды тұлғалар бұрын алған қолма-қол шетел валютасының
жұмсалмаған бөлігі уәкілетті банктегі банктік есеп-шоттарға міндетті түрде
есеп-теледі. Бұрын алынған қолма-қол шетел валютасын уәкілетті банктегі
банктік есепшотқа есептеу жөніндегі міндет осы валютаны алған резидент
заңды тұлғаға жүктеледі.
Ұлттық Банктің қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын
ұйымдастыруға берген лицензиясы бар резидент заңды тұлғалар уәкілетті
банктердегі өздерінің банктік есепшоттарынан айырбас операцияларын жүр-
гізу үшін қолма-қол шетел валютасын алуына болады.
20. Резидент заңды тұлғалар ішкі валюта рыногында тек қана мына
мақсаттарға арнап:
• резидент еместердің пайдасына төлем жасауға және ақша аударуға;
• уәкілетті банктерден шетел валютасымен алынған кредиттер бойынша
міндеттемелерді орындауға;
• Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іс-сапар және өкілдік
шығыстарына;
• Ұлттық Банктің осы қатынастарды реттейтін нормативтік құ-қықтық
актілерінде көзделген негіздер бойынша корпоративтік карт-
есепшотты толтыруға;
• жеке тұлғалардың шетел валютасымен салымдары (депозиттері)
бойынша өтемдерді төлеуге (ұйымдар үшін жеке тұлғалардың
салымдарын (депозиттерін) ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру)
бойынша);
• қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жасауға
(Ұлттық Банктің қолма-қол шетел валютасымен айырбас
операцияларын ұйымдастыруға берген лицензиясы бар заңды тұлғалар
үшін) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге
де жағдайларға арнап шетел валютасын алуына болады.
21. Резидент заңды тұлғалар шетел валютасын сатып алуға тапсырыс
ресімдеу кезінде сатып алу мақсатын көрсетуі тиіс, сондай-ақ шетел валютасы
сатып алынатын операцияларды жасау қажеттігін растайтын құжаттарды қоса
береді және банкке осы валютаны оны сатып алған күннен бастап отыз
күнтізбелік күн ішінде белгіленген мақсат бойынша пайдаланбаған жағдайда
ішкі валюта рыногында ағымдағы рыноктық бағам бойынша сатуға уәкілетгі етуі
тиіс.
22. Резидент заңды тұлға сатып алынған шетел валютасын отыз
күнтізбелік күн өткенде толық немесе ішінара пайдаланбаған жағдайда шетел
валютасы ішкі валюта рыногында міндетті түрде сатылуы тиіс.
Резидент занды тұлға ішкі валюта рыногында бұрын сатып алған шетел
валютасын резидент еместің резидент алдындағы өз міндеттемелерін орында-
мауына не резидент төлем тапсырмасында қате деректемелер көрсетуіне
байланысты қайтарған жағдайда, ол резидент заңды тұлғаның банктік
есепшотына есептелген күннен бастап он күнтізбелік күн өткенде ішкі валюта
рыногында міндетті түрде сатылуы тиіс.[10]
23. Резидент заңды түлға есеп айырысудың аккредитивтік нысанын
көздейтін келісім-шарттар бойынша резидент еместермен есеп айырысу үшін
шетел валютасын сатып алған кезде ол резидент занды тұлғаның жинақ есеп-
шотына есептелуі мүмкін. Резидент занды тұлға шетел валютасын сатып
алуға тапсырыс ресімдеген кезде банкті осы валютаны аккредитивті қолдану
мерзімі аяқталған не есеп айырысу нысанын басқаша, ақша пайдалануды
көздемейтін нысанға өзгерту күнінен бастап оң күнтізбелік күн ішінде ішкі
валюта рыногында ағымдағы рыноктық бағам бойынша сатуға уәкілетті етуі
тиіс. Есеп айырысудың аккредитивті нысаны ақша пайдалануды көздейтін басқа
нысанға өзгерген жағдайда ол резидент заңды тұлғаның ағымдағы есепшотына
есептелуі (аударылуы) және осы Ереженің 22-тармағына сәйкес пайдаланылуы
тиіс.
24. Мұндай есеп айырысулар резиденттер мен резидент еместер арасында
жасалған жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен алынған кредиттерді,
сондай-ақ ол бойынша сыйақылар мен басқа да төлемдерді шетел валютасымен
өтеуге тыйым салынады.
25. Уәкілетті банктер резидент заңды тұлғаларға кредитгі шетел
валютасымен қолма қол жасалмайтын төлем тәртібімен ғана беруге құқылы.
Уәкілетті банктердің резидент емес заңды тұлғалардың валюта
операцияларының жүргізуі:
26. Резидент емес заңды тұлғалар валюта операцияларын жүргізу үшін
уәкілетті банктерде банктік есепшоттар ашуға кұқылы.
27. Дипломатиялық өкілдіктердің, консульдық мекемелердің, халық-аралық
ұйымдар өкілдіктерінің және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
министрлігінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында
аккредитивтелген оларға теңестірілген, ұйымдардың банктік ес-епшоттарының
режимі халықаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес белгіленеді.
28. Резидент емес заңды тұлғалардың уәкілетті банктердегі банктік

тәртіппен түсетін және Қазақстан Республикасының заңнама-сымен тыйым
салынбаған операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған ұлттық жәненемесе
шетел валютасы шектеусіз есепке алынады.
29. Резидент емес заңды тұлға уәкілетті банктердегі банктік ес-
епшоттардағы ұлттық жәненемесе шетел валютасын Қазақстан Республикасының
валюта заңнамасына қайшы келмейтін мақсаттарға пайдалана алады.
Резидент емес занды тұлғалардың банктік есепшотынан қолма-қол шетел
валютасы өзінің қызметкерлеріне жалақы төлеуге және олардың іс-сапар
шығыстарын төлеуге ғана алынады.[11]
Уәкілетті банктер резидент емес заңды тұлғалардың банктік есепшотынан
қолма-қол шетел валютасын тиісті түрде ресімделген құжаттарды (іс-сапар
туралы бұйрық, іссапар шығыстарының сметасы, жалакы төлеу туралы өтініш
және басқалары) ұсынған кезде ғана береді.
Резидент емес заңды тұлғалардың бұрын алған шетел валютасының
пайдаланылмаған белігі олардың уөкілетті банктердегі банктік есепшоттарға
міндетті түрде есептелуі тиіс. Бұрын алынған қолма-қол шетел валютасын
уәкілетті банктердегі банктік есепшоттарға есептеу міндеті осы валютаны
алған резидент емес заңды тұлғаға жүктеледі.
Осы тармақтың екінші және төртінші азатжолдарында баяндалған нормалар
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде белгіленген тәртіппен
елшілік өкілдіктерге, консульдық мекемелерге, халықаралық ұйымдардың
өкілдіктеріне және Қазақстан Республикасында аккредиттелген ұйымдарға
теңестірілген өзге ұйымдарға қолданылмайды.
30. Резидент емес заңды тұлғалар шетел валютасын Қазақстан
Республикасының ішкі валюта рыногында сатып алуға құқылы.
31. Уәкілетті банктер резидент емес заңды тұлғаларға шетел және
ұлттық валютамен кредиттер беруге құқылы. Мерзімі 120 күннен астам кредит
беру үшін Ұлттық Банктің тиісті лицензиясы болуы қажет. Шетел валютасымен
және ұлттық валютамен кредиттер қолма-қол жасалмайтын төлем тәртібімен
беріледі.
Резидент емес заңды тұлғаларға ішкі валюта рыногында шетел валютасын
сатып алу үшін ұлттық валютамен берілген кредиттерді пайдалануға тыйым
салынады.
Уәкілетті банктердің резидент және резидент емес жеке тұлғалардың
валюта операцияларының жүргізуі:
32. Резидент жеке тұлғалар – резиденттер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz