Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы туралы
КІРІСПЕ
Ι.Тарау.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың ролі
1.1 Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары
1.2. Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің даму тенденциялары.
1.3 Кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу мемлекеттік реттеудің негізі ретінде
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау орта және кіші бизнестің дамуына жағдай жасайтын, олардың қызметтерін ынталандыруға мүмкіндік тудыратын экономикалық құқықтық жағдай жасауды, сонымен қатар оларға жеңілдіктерді пайдалана отырып материалдық және қаржылық ресурстар салуды білдіреді. Кәсіпкерлердің көзқарасы бойынша, олардың максимальды пайда табуы, салынған инвестицияның тиімділігі, тәуекелдік деңгейінің жоғары болуы, меншік пен азаматтардың құқықтық жағдайынан қорғалуы сияқты дітттеген мақсаттарына жетуіне тек мемлекет қана жағдай жасай алады. Ал, мемлекеттің көзқарасы бойынша кәсіпкер ең жоғары деңгейдегі мүдделер мен мақсаттарға жетуі тиіс (мысалға, қоғамдық байлықтың өсуіне, жұмысбасаылық мәселесін шешуге, ұлттық қәуіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалын тигізуі қажет және т.б.)
Мемлекет пен орта және шағын кәсіпкерліктің мақсаттары мен мүдделерін түйістіру барысында тиімді мемлекеттік саясат жүргізілуі тиіс.

1, Қазақстан республикасының Кодексі "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы", 12.06.200ІЖ. (01.01.2005ж. дейінгі енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды есепке ала отырып)
2. Закон Республика казахстан "О государственнной поддержке малого предпренимательства",19.07.1997 г.
3. Закон Республики Казахстан "Об индивидуальном предпринемтельстве", 19.0б.1997г.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестік туралы" Заң күші бар Жарлығы, 2.05.1и Казахстан "О Государственной программе развития и поддержке малого предпринимательства в Республике Казахстан на 1999-2000 годы", 31.12.1998 г995ж.
5. Гражданский кодекс республики Казахстан, 27.12.1994г.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің "Өндірістік кооператив туралы" Заң күші бар Жарлығы, 5.10.1995ж.
7. Указ Президента Республик.
8. Қазақстан республикасының "салық және бюджетке төленетін басқа да міндеті толемдер туралы" Заңы, 24.04,1995 ж.
9. Указ Президента республики Казахстан, имеющий силу Закона "О государственной регистрации юредических лиц" от 17.04.1995 г.
10. Современный экономический словарь. Под.ред. Б.А. Райзберга // М., Инфра-М, 1999
11. Чипурин М.М., Киселева Е. А. Курс экономической теории // Киров, "АСА", 1997 г.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ
Ι-Тарау.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары
және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың ролі
1. Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары
1.2. Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
даму тенденциялары.
1.3 Кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу мемлекеттік реттеудің негізі
ретінде
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау орта және кіші бизнестің дамуына
жағдай жасайтын, олардың қызметтерін ынталандыруға мүмкіндік тудыратын
экономикалық құқықтық жағдай жасауды, сонымен қатар оларға жеңілдіктерді
пайдалана отырып материалдық және қаржылық ресурстар салуды білдіреді.
Кәсіпкерлердің көзқарасы бойынша, олардың максимальды пайда табуы, салынған
инвестицияның тиімділігі, тәуекелдік деңгейінің жоғары болуы, меншік пен
азаматтардың құқықтық жағдайынан қорғалуы сияқты дітттеген мақсаттарына
жетуіне тек мемлекет қана жағдай жасай алады. Ал, мемлекеттің көзқарасы
бойынша кәсіпкер ең жоғары деңгейдегі мүдделер мен мақсаттарға жетуі тиіс
(мысалға, қоғамдық байлықтың өсуіне, жұмысбасаылық мәселесін шешуге, ұлттық
қәуіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалын тигізуі қажет және т.б.)
Мемлекет пен орта және шағын кәсіпкерліктің мақсаттары мен
мүдделерін түйістіру барысында тиімді мемлекеттік саясат жүргізілуі тиіс.
Дамыған елдер тәжірибесі мен Қазақстандағы қалыптасып жатқан
нарықтық қатынастар көрсетіп отырғандай өндірістің тұрақтандырылуы мен
дамуы және тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу бәсекеге төтеп бере
алатын шағын экономиканың дамуына және солар көтеретін бастамаларға
негізделуі қажет. Сондықтан, мемлекеттік ресурстар бұрынғы проспективасы
жоқ өндірістен қазіргі кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталуы қажет және
жеке инвестициялар экономикалық көтерілудің бастамасы мен тұрақтандырудың
егізгі кіліті болуы тиіс.
Ι-Тарау.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары
және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың ролі
1.1 Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары
Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау оның жалпы экономикалық категория
ретінде ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетеді.Орта ғасырларда
кәсіпкер деген термин ,одан да бұрынғы антрепренер(антрепренер
француз сөзі делдалдық дегенді білдіреді екі мағынада қолданылады түрлі
мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы және ірі өндірістік енмесе
құрылыс жобаларын басқарушы. Көне тарих пен орта ғасыр ғалымдарында
кәсіпкерлік туралы оның индустриялық кезіне дейін қалай аталатынына
қарамастан ,еркше ой пікір болған.Алайда батыстың экономикалық теориясында
кәсіпкерлік мәселелеріне назар аударуи 18 ғасырдан басталды.Оны атақты
ғалымдар Р.Кантилонаның, А.Тюргоның, Ф.Кенэнің, А.Смиттің, Ж.Сэйдің
есімдерімен байланыстырады. Кәсіпкер терминының атасы белгілі ағылшын
экономисі Ричард Кантилон .Ол кәсіпкер деген нарық жағдайында әрекет
жасаған адамды айтқан.
Әлеуметтік экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғадық
қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң құқылық, психологиялық, тарихи
жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық
жағдайларында жатыр.Кәсіпкерлік қатынастарды қараудың алғашқыт нүктесі
олардың субъектісі мен объектісін анықтау.
Кәсіпкерлік субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі
мүшелер, алдымен жеке дара индивиттер, адамдар жатады. Олар бұл сапада жеке
дара өндірісті ұйымдастырудан көрінеді. Мұндай кәсіпкердің жұмысы өзінің
еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбекті қолдануға негізделеді. Соңғы
жағыдайда кәсіпкер жалдаушы болады. Кәсіпкер қызметті бір топ адамдар
жүргізу мүмкін, оларды байланыстырушы-міндетті шарттар мен экономикалық
мүдде. Мұндай кәсіпкерліктің түрі –ұжымдық, коллективтік деп аталады.
Ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі - әртүрлі ассоциациялар: акционерлік
қоғам коопиративтер және тағы басқалар. Жеке дара кәсіпкерлерге қарағанда
партнерлік бірлестіктер ірі көлемдегі мәсвелелерді шеше алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар туралы ерекше айтқан жөн. Өйткені
мемлекетте кәсіпорындарының ұжымы өзінен-өзі кәсіпкерліктің субъектісі бола
алмайды. Бірақ егер қайта құрылыс болып, бұрынғы ұжымның орнына жаңа,
айталық арендаторлар ұйымы құрылса, онда соңғылары ұжымдық кәсіпкерліктің
субъектісі болады. Осыдан келіп кәсіпкерлік қызмет түрінің ирархиясы
шығады:
Мемлекеттік (жоспарлы кездегіден өзгеше нарықтық экономикадағы роліне
байлданысты), ұжымдық жеке дара.
Кәсіпкерліктің потенциалдық мүмкіндіктерінен толық бағалау
үшін олардың субъектілерін номиналды және реалды деп бөлудің маңызы ерекше.
Номиналдықа кәсіпкерлік қызметімен айналысу құқығы. Нарықты
экономика елдерінде әрбіреуінің бұган құқығы бар. Алайда мұны жүзеге асыру
қоғам мүшесінің бәрінің қолынан келмейді. Сондықтан кәсіпкерліктің шын
реалды субъектісі-бұған деген алғы шарттары бар, ең бастысы-капитарл
иемдену құқысы бар. Міне осы адамдар экономиканың кәсіпкерлік септігін
құрып дамытва алады.
Кәсіпкерліктің объектісі – адаамның бергілі қызметі.
Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі-өндірілген өніммен көрсетілген қызмет.Бірақ,
ең бастысы-әр кәсіпкер оның өзіне тиімдісін пайдалысын ғана жасайды. Міне
осы себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты өз кәсіпорнының пайданы көп
келтіруі немесе шығындарын барында азайту. Ал кәсікердің табысы көбіне
оның істі үйымдастыруына тікелей байланысты. Ал қызметінің бастапқы
кезінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс
факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді, яғни бұл кәсіпкер
ісінің ең басты мақсаты.
Сонымен, кәсіпкерлік-жаңа мүмкіндіктерді іздеу, жаңа
технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тың салаларын іздеу, ескі ойлау
шеңберіне шығу, былайша айтқанда өндірістің жаңа түрін ашып дамыту,
қызметтер мен тауарлардың жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру
құрылымдарын өзгерту, жаңарту және өркендету болып отыр. Мұндай
өзгерістердің түрлері әр алуан жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескілерін жою
және модификациялау.
Демек, нақты өмірде кәсіпкерліктің объектісі-новаторлық, жаңашылдық,
ерекше мағынадағы новаторлық- өндіріс, айырбас және бөлудің түрлі
факторларын үйлестіру.
Кәсіпкерлік әр кезде де белгілі бағытта ұйымдастырылады , нақты
формалары бар. Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше
жалпы белгілері бар. Оның ішінде негізгісі – шаруашылық субъектілерінің
еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін
қамтамасыз ететьін тәртіп қалыптастырады. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған
экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен
тауар өндіру процесін ұйымдастыру және оларды нарықта кәсіпкердің
ойлағанындай сату құқығын береді. Матиреалдық ресурстармен ақша капиталының
иелері бұл ресурстарды өз қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші өзі
істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда қандайда болмасын
еркіндік көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы орта мен субъектілер
әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен кәсіпкерліктің басты щарты- барлық
мүмкіндіктердің деңгейі тұрғысынан шешім қабылдауға автономиялылығы,
өзбеттілігі.
Барынша көп табыс келтіру – кәсіпкерлік жұмыстың қозгаушы
факторы. Көп жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана іс ұйымдастырылып, одан әрі
кеңейтіледі. Бірақ нарық жағдайында белгілі бір өзгерістер өне бойы болып
тұрады. Кәсіпкер көбіне бұл өзгерістердің басталуын күтпейді, тек соңынан
қана оларға тиісінше көңіл аударады. Олар оздеріне тиімді өзгерістер яғни
жұмыстарына жаңалықтар еңгізеді. Жаңалық процесінің мұраты-пайда табу.
Нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтін экономикалық тиімді
технология ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі уақытқа деин баламалы
құнынан жоғары бағамен сатады, міне осы қаблет-әдеттегіден ерекше шешім
қабылдау іскерлік әлемінде ерекше жоғары бағаланады.
Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат шаруашылық жүргізудегі
тәуекелге бел бууы. Іске кіріскенде алғашқы болашақ бұлдыр, оны болжап білу
киын. Жаңа идеялармен жобаларды пайдаланғанда бастапқыда қауіп-қатері көп,
оларды өне бойы экономикалық жағынан есептеуге мүмкін емес,
Шаруашылық қауып –қатердің , тәуекелдің негізінде мүмкін
болатын және шын нәтижелердің ара қатынасы жатады. Егер өндірілген
тауарлар бағасы жұмсалған шығындарды қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін
тиімді ұйымдастыра алмағаны , әлде күткен конъюктура жайсыз болғаны.
Өндіріс факторларын конбинациялауды тұрақты бақылау
кәсіпкерді өне бойы ауыр жағдайда ұстайды, ал мұндай психологиялық жай
өндірістің басқа мүшелерінде тарайды. Сонымен, нақты кәсіпкерлік қызметтің
шеңберіне шаруашылық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктерін іздеу
пайдалылықтарын анықтау, өндірісті ұлғайтудың қаржылық және басқа
ресурстарын қамтамасыз ету, жұмысшыларды жалдау, өкіметпен жабдықтаушымен,
кленттермен қарым-қатынастар енеді. Әрине осы жұмыстардың бәрін бір адамның
атқаруы міндетті емес. Бірақ кәсіпкерді лизамен салыстыру орынды; ол
басқалардың энергиясын көбейтеді. Тәуелсіздік және ұйымдастырудағы
новаторлык кәсіпкерліктің мәні осында: біреу оған өмір берсе , екіншісі
тағдырын анықтайды .
Кәсіпкерліктің мәнін толық түсіну үшін оны меншік қатынастарын
жүзеге асырудың бір түрі деп қарау керек. Кәсіпкер меншік иесі ме? Бұл
сұраққа жауап беру үшін меншік иесінің қызметін шаруашылық субъектісінің
қызметінен айыра білу шарт. Өткен ғасырдың өзінде-ақ меншіктегі капиталдан
қызмет атқаратын капитал бөлінеді. Осыған қарап өндіріс құрал –жабдықтарын
меншік объектісі ретінде иемденуден оларды шаруашылық объектісі ретінде
иемденуі, тиісінше меншік иесі қызметін шаруашылық субъектісі қызметінен
айыра білу қажет. Субъектінің өндіріс құрал –жабдықтарын меншік және
шаруашылық объектісі ретінде иемденуі жеке – дара кәсіпкерлік деп
түсіндіріледі. Шешім қабылдау процесі капитал иесін түгелдей тәуекелді.
Алайда әдетте шешім қабылдау капитал иесінің капиталды басқарушыға ауысып
отырады. Бұл өндіріс құрал-жабдықтарынан шаруашылық объектісі ретінде
иемдену. Оның иелері жеке адам, топ немесе ұжым болулары мүмкін. Олар
белгілі жағдайлар негізінде кәсіпкерлерге айналды- өздерінің шаруашылық
жұмыс нәтижелеріне экономикалық жауапкершілікпен қарайтын оқшауйланған
тауар өндірушілер. Ол тенденция бағыт акционерлік қоғамдарының пайда болуы
мен байланыстарды күшейтеді. Жеке кәсіпорындарда бұрынғысынша меншік иесі
кәсіпкер бірақ қазір кәсіпкерлер кооператив болып , ұйымдастыру, техникалық
басқару меншік иесінен толық қанды өкілі – менеджерге ауысуымен
сипатталады. Сонымен, кәсіпкер өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктенуші
болмай ақ шаруашылық өкілі ретінде иемдене алады. Кәсіпкер қызмет істейтін
меншікті иесі ретінде шаруашылық субъектісі болып оқшауланады. Оған
шаруашылық жұмысын өз бетімен жүргізуге жағдай жасайды, өз есебінен
кәсіпорында ашық, өндіріс құрал-жабдықтарын тиімді пайдалануға оны жұмыс
күшімен қосудың жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Демек, кәсіпкер мен меншік иесі арасында айтарлықтай байланыс жоқ.
Кәсіпкерлікті өркедетудің шарттары: меншік қатынастарын персонификациялау
(адамдық келбеті), мүіктерді қолдану жөнінде өз еркі, жауапкершілігі мен
шешім қабылдау мүмкіндігінің өнімдер мен табыстары жөнінде де осындай
мүліктердің берілуі қабілеттер мен жинақтарды пайдалану жолдарын таңдап
алудағы өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық еркіндігі, нарықтардың
ашықтығы және тең салмақтылығы, қызметтер мен тауарлардың капиталдың,
информация мен жұмыс күшінің қозғалысында кедергінің болмауы, тауарды
бірдей бағамен сатып алу мүмкіндігі болуы, азаматтардың құқықты қоғамының,
оның ішінде заң шығаратын, орындаушы – сот үкіметінің құрылуы және меншікті
иесі мен кәсіпкермен құқығын қорғау.
Кәсіпкерлік дамуының дәрежесі, немесе жетілдірілмеген болуы
мүмкін. Кәсіпкерлік қызмет нарықтан шығады, ол нарық қатынастарының сипаты
мен көлеміне байланысты. Кәсіпкерлікті өркендетудің жағдайларын жасауда
бәсекенің орны ерекше. Кәсіпкер үшін шаруашылықты жүргіз – бәсекеге түсу,
өндірісті ұйымдастыра отырып, ол бәсекелік күрске әзір болуын, нарықтың
қоғамдық қажеттілігіне сай келмейтінінің артығын қиып түсетіндігінен әзір
болуы керек. Кез-келген меншік түрі (соның ішінде мемлекеттік де ) прогресс
жолына шыға алады. Сонымен қатар кез-келген меншік тірі (соның ішінде
жекеменшік те) прогрестің күшті символы болады, егер сол жасампаз бәсеке
жол ашса. Күшті нарықтық эконмикасы бар елдер тәжірибесі көрсеткендей еркін
бәсеке жүйесін реттейтін экономика белгі болады. Ол мемлекетсіз жұмыс істей
алмайды, өйткені мемлекет ақша ұсынысын ұйымдастырады, ұжымдық
қажеттіліктің бөлігі ретінде өтемдер береді. Нарықтық мінездердің тиімсіз
жақтарын тежеп жібермейді.
Нарықтық экономика үшін күрделі ауруға бірден қарсы тұра
алмайды- монополизмге, инфляцияға және іскерлік пен белсенділіктің
төмендеуіне. Өзінің ішкі резервтері арқылы оларға қарсы тұруы қиын. Егер
мемлекет бұған араласпаса аурулар асқынып, біраз экономикалық және
әлеуметтік зиян келтіреді. Кеңісшіл теоретиктер өздерінің саяси
ұсыныстарында инфляцияның зардаптарынан керісінше көңіл бөлмегенінен 70-
жылдардағы инфляцияны күшейтті, ал нарықтық күш – қуаттары бұған жетпеді.
Ол үшін мемлекет ретеудің формалау, 80-жылдардағы консерваторлардың күшті
дәрілері қажет болды.
Қазіргі нарықтық шаруашылық монополияға, инфляцияға қарсы,
шараларынсыз, өндірістің ұзақ құлдырауынан тоқтататын саясатсыз мүмкін
емес. Мемлекеттің нарықтық эконоикаға раласуының басты белгілері осындай.
Бұл шеңбер рыноктық механизммен реттеудің қисынды тетігіне, қазіргі
қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге жеткілікті.
Егер мемлекет ақшаны нарықтық экономикаға жібергеннен артық
шығарса, онда ол қандай да ізгілікті мұраттарды басшылыққа алса да,
рыноктық процестердің бұзылуы тиімділігінің төмендігіне әкеледі.
Ерте ме кеш пе экономиканың мемлекетсізденуі, оның мемлекеттің
белсенді араласуынан шыйғуын қажет етеді. Мемлекетсіздендіру жүйесі кемінде
4 шаруашылықты басқаруды бюрократтандырудан құтқару, мемлекеттік кәсіпкер
қызметі шектеу, жеке капиталды ынталандыру экономиканы реттеуді тарылту.
Мұндай жүйенің қажеттілігін есепке алу мұндай қорытындға әкеледі:
жекешелендіруді, мемлекетсіздендіруді жай бір іс деп қарап оны шаралардың
барлық жүйесінен бөлек жүргізу (кешіктіріп я ерте) шаруашылық түбірлі
өзгертулердің тиімді құралы бола алмайды.
Бұл жағдайда жекешелендірудің теориялық анықтамасын берудің
маңыз зор. Жекешелендіру-объектілерді белгілі қызмет түрлерін мемлекет
қолынан алып жеке меншікке беру кең мағынада бұл түсінікке кейбір
артықшылықтарды немесе монопольды нарықтың белгілі сегментін жаулап алу,
немесе жаңа мемлекеттіктен басқа қызметпен тауарларды ұсыну түрлерін
жекелендіру кіреді.
70-80 жылдарда жекешелендіру бүкіләлемдік құбылысқа айналды. 80-
жылдың аяғында дүниежүзінің 80 елі – Латын және Солтүстік Америка
мемлекеттерінен Оңтүстік Корея, Филиппин, Малайзияға дейін мемлекеттік
секторды қысқарту бағдарламасын қабылдады. Мұнда Ұлыбритания елінің мысалы
айтарлықтай 1979 жылы Маргарет Тетчер үкіметі жекешелендіруді экономикалық
саясаттың басты мәселесі деп есептеді. Нәтижесінде өткен 10 жылдықта жеке
капиталға экономиканың мемлекеттік секторынан 29 ірі кәсіпорны берілді Ол
шаруашылық жұымысның көрсеткіштеріне игі әсер етті, Мысалы, БритишСтиль
мемлекеттік бола отырып жылына 1млн. Стерлинг шығынға ұшырады, ал
денационализацияланғаннан кейін, яғни мемлекет иелігінен шыққаннан соң
тұрақты пайда келтіреді. Бірақ Англия жекешелендіруде біраз жетістікке
жеткенмен ол техникалық және экономикалық қиындықтарға кездесті.
Біздің жағдайымызда жекешелендірудің ерекшелігі меншіктің
мемлекет қолында жоғары шоғырландыру мен кәсіпкерлік дәстүрмен сипатталады
мұндай ерекшеліктер жекешелендіруді жүргізудің қосымша шаралар мен де
байланысты.
Национализациялануға қарағанда жекешелендірудің ерекшелігі
процесі бір сатылы акт емес, яғни оны тез жүргізуге болмайды. Кәсіпорында
сату меншік иесін ауыстырудың құқықтық жақтарын анықтайтын бірінші саты.
Ал тағы да кемінде екі сатыдан тұру керек: Меншік иесінің құқығын
нақтыжүзеге асырудың шын жағдайларын жасау(саяси, экономикалық, әлеуметтік,
праволық нормаларын) және ең соңында меншік иелерімен басқарушылар арасында
коммерциялық жұымстардың басқа меншік иелеріне беру жөнінде еңбек
бөлінісінің болуы. Әрине бұл ұзақ сипаттағы процесс. Мұның мемлекетке
жүргізу мүмйкін, бірақ фодан кейінгі қарқыны әртүрлі орындаушылар мен
әрекет етушілерге баланысты және олардан басқа объективті фактілерге де
қатысты болады.
Жекешелендірудің түрі көп, әрбір ел өзінің қайталанбас
жекешелендіру жолын қалыптастырады. Алайда ерекшеліктерінің көптігіне
қарамастан, жекешелендіру концепциясының әзірлігінде төмендегідей
талаптарды ескерген жөн: одан басқалары өтпелі кезеңді нарықтық шаруашылық
өлшемдері бойынша жұмыс істеуге ынталандыруды пайдалану, жекелендіру
кезінде көз бояушылыққа жол бермеу; ішкі нарықтың капитал сенімділігінің
проблемасын; халықты жекешелендіруге құызықтыру жағдайларын жасау,оны
үнемі сақтау; халықты әлеуметтік жағынан қорғау әсіресе аз табыс
алатындарды; жекешелендіруден түскен түсімдерді әлсіз кәсіпорындарға бермеу
керек.
Ешбір елде жекешелендірудің ойдағыдай керемет тәсілі жоқ. Әрбір
елдің тәжірибесі оң және теріс жақтарын көрстееді. Көптеген жағдайларда бұл
процесс сол елде қалыптасқан нақты тарихи және әлеуметтік мәдени ортамен
анықталады; қоғамдағы тұрақтылықтың дәрежесі мен праволық реттеу жүйесі
және оның тиімділігінен экономикалық дамудың жағдайы мен, дамыған қаржы мен
банк жү.йесінің болуы мен әлеуметтік құрылымындағы орта топ үлесі мен,
халықтың психологиясына байланысты.
Жекешелендеруді кең шеңберде тиімді және кезеңдер мен өткізу үшін
жоғарыдағы аталған шарттарды орындау әсіресе көптеген инвесторларды тауып,
саяси және әлеуметтік келісім және мемлекет тарапынан тұрақты ауқымды
бақылау арқылы жүргізуге болады.(пара беру мен, коррупция мафия мен күрес).
Әр түрлі елдердің тәжірибесі көрсеткендей жоғарыда аталған
шарттардың тек біреуін ғана елемеу жекешелендірудің нәтижесін және қарқынын
төмендетеді. Бұл процесті асығып және қалай болса солай жүргізу, жергілікті
жерде ескі экономикалық жүйені жасамай жекешелендіру-әлеуметтік қауіпке
әкеледі.
Мысалы: Қазақстан Республикасында да жекешелендіру процесінде де
қиын жолмен жүріп келеді. 1991-1992 жылдарға арналған жекешелендіру мен
мемлекеттік иелігінен алудың бірінші кезеңінен нәтижесінде құны 1млрд
сомаға жуық болған 6198 объект сатылды. Жекешелендірілген кәсіпорындарында
767 000 адам іс жүзінде меншік иелеріне айналды. Бұл республика бойынша
жалпы жұмыс істеушілердің 12 ө алайда мақсат орындалған жоқ. Саудада
жекешелендірілген кәсіпорындардың үлесіне барлық бөлшек тауарлар
айналымының небәрі 4ө ған келеді. Ал олардың жалпы санының 40ө
жекешелендірілген елді бұл процесті жүзеге асыруда жоғарыда айтылғандай
асығыстық, мүлікті талан-таражға салу басым болды.
Республикада мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 2 кезеңі
де осы және тағы басқа кемшіліктер қайталанбас үшін біраз өзгерістер
енгізілді. Ең бастысы бұған бүкіл халықты кеңінен қатыстыру, жариялықты
күшейту, үкімет пен мемлекет тарапынан бақылау жүргізіледі.
Жекешелендіруге тұрғын үй купондарын барынша қатыстырып инвестициялық
қорлар құрыап, жекешелендіруден түскен қаржының 10-15ө халықтың материалдық
жағдайы нашар топтарына бағыттау көзделген.
Жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған екі кезеңнің ұлттық
бағдарламасында бұны үш бағытта белгіленген:
Бірінші бағыт-шығын салаларды қамтиды. Онда 200 адамға жұмыс
істейтін сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыс қажетін өтеу
кәсіпорындары иелеріне берледі. Бұл бағыт шамамен 27000 кәсіпорынды, онда
істейтін адамдарды қамтиды.
Екінші бағыт- жаппай иелендіру. Бұл жолы 500 адамға дейін жұмыс
істейтін бүкіл кәсіпорындар мемлекет қарауынан иелерінің қолына өтеді,
мұндай кәсіпорындарының саны 9000 шамасында және 3 млн адам қамтылады.
Үшінші бағыт- аса ірі және бірегей кәсіпорындарды және басқа
нысандарды(объектілерді) мемлекет иелігінен алу бұл тұста үкімет олардың
әрқайсысына өзгеше талаптар мен келеді. Мұнда холдингтер ұйымдастыру
болады. Үшінші бағытта 1,5 мың кәсіпорын және 2млн адам қамтылады.
Үкіметтің ұсынысы бойынша шағын кәсіпорындар аукциондар мен конкурстар да
өткізіледі.
1992 жылдың орта кезеңінде Қазақстан Ресбуликасының 35 акционерлік
қоғамы 76 салааралық қоғамдастық, 30 концерндермен концорциум, 120
коммерциялық банктер 60 тауар биржасы 40 сақтандыру компанияларды
2аудиторлық орталық, 11000 кооперативтер, 5,5 шағын, кіші кәсіпорындар
болды. Бұл күндері олардың саны мен сапасы өсті. Қазір 200 түрлі банктер
бар. Тек ауылшаруашылығында жекешелендірудің бір кезеңінде 759 ұжымдық, 388
кіші кәсіпорындар 766 шаруа шаруашылығы, 99 ауыл шаруашылық кооперативі, 39
шаруа шаруашылығының ассосациясы мен 25 шағын кәсіпорындар ассосациясы
құрылды.
Сонымен жекешелндіру нарықтық экономикаға өтудің алғышарттарын жасай
отырып, кәсіпкерліктің құнарлы топырағын әзірлейді. Бастапқы кезде
кәсіпкерлік капиталдың тез айналатын салаларында дамиды, саудада да,
қоғамдық тамақтану органдарында қызмет көрсетуде және т.ғ.б.
1.2. Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің даму тенденциялары.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасына сәйкес күтілген нәтиже: шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 15ө дейін, ал субъектілердің
жалпы саны 500 мыңға дейін, шағын бизнес саласында жұмыспен
қамтылғандардың 2млн адамға дейін артуы керек болатын. Табиғи
монополияларды реттеу бәсекекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау
жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша 2002 жылдың соңында елімізде 372
мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектілері қызмет жасап, онда 1,4 млн
адам еңбек еткен. Бұл республикадағы еңбекпен айналасындағылар 23 ө 2002
жылмен салыстырғанда 2003 жылы республика бойынша шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің саны 12 ө онда жұмыспен қамтылғандардың саны 13ө артқан.
Жалпы шағын кәсіпкерлікті дамыту аймақтық экономиканы көтерудегі
маңызы зор.Кәсіпкерліктің салыстырмалы түрде жан- жақты дамыған
орталықтарының бірі Алматы облысы болып табылады. Енді, Алматы – облысы
бойынша кәсіпкерліктің даму деңгейін деңгейін келесі мәліметтерден көруге
болады
Кесте 1
Алматы облысының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны туралы мәлімет
(бірлік)
Жылдар 2000 ж 2001 ж 2002ж 2003ж 2004ж
Шағын кәсіпкерлік 17587 18317 18808 34568 56961
субъектілерінің саны
Оның ішінде, 297 430 442 618 785
өндірісте
Алматы облыстық кәсіпкерлік, шағын және орта бизнесті дамыту мен
қолдану жөнінде комитетінің мәліметтері.
Осы кестеде келтірілген мәліметтерден байқалғандай, талдауға алынған
2000-2004 жылдары шағын бизнестің қалыпты дамуы деңгейі байқалады. Бұл ең
алдымен аталған жылдары макроэкономикалық тұрақтану тенденциясының сақталуы
мен мемлекет тарапынан шағын және орта бизнестің дамуына басым көңіл
бөлуінің нәтижесі. 2003 жылы 2000 жылмен салытырғанда шағын бизнес
субъектілерінің саны мен өндірістегі кәсіпкерлер санының сәйкесінше 1,9
және 2,1 есеге артуына, әсіресе, 1997 жылдан бастап мемлекеттің шағын
кәсіпкерлікті қолдауды күшейтуі оң ықпал етті.
Алматы облысындағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму барысын
жіктеп қарастырсақ, ол мына төмендегі мәліметтерге келтіріледі.
Алматы облысы бойынша 2000 жылы 17587 шағын кәсіпкерлік
субъектілерітіркеліп, 15685-і немесе 89,1ө жұмыс істесе, 2001 жылы
тіркелген 18317 субъектісінің 16136-сы немесе 88ө қызмет жасаған. 2002
жылы 18808 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, оның 16937-і немесе 90ө
жұмыс жасаған. Жалпы, 2002 жылы 2000 жылға қарағанда жұмыс жасайтын шағын
және орта бизнес субъектілерінің саны 1,17 есе артқан.
1-кестеде келтірілген мәліметтерден байқалып отырғанындай, облыс
бойынша шағын және орта бизнестің дамуының дамуының әртүрлі даму
тенденциясы сақталуда.
Өндірістегі шағын және орта бизнестің даму барысында салық, несие
тәрізді мәселелермен қатар, олар өндірген өнімнің өзіндік құнының
жоғарылылығы мен сапасының нашарлылығына сұраныстың төмендегі, қаражат
пен шикізаттың тапшылығы, ішкі нарықтық импорт тауарлардан қорғалмауы,
өндіріс орындарындағы құрал-жабдықтардың техникалық жағдайының төмендегі
мен бұл салаға инвестиция тартуға деген бастаманың әлсіздігі сияқты
мәселелер өз әсерін тигізіп отыр.
Кесте 2.
Алматы облысы бойынша жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалардың
ішіндегі нақты салық төлеуге тартылғандар туралы мәлімет, 2001-2003жж.
Саны 2001ж 2002 ж 2003 ж
Адам Үлесі өАдам Үлесі өАдам Үлесі
ө
А 1 2 3 4 5 6
Барлығы, соның 12509 100 11943 100 15555 100
ішінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz