Жекешелендіру: еуропа және азия тәжірибесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.ТАРАУ.НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА ӨТУДЕ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ
ПРОЦЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Меншік қатынастарының эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Жекешелендіру туралы жалпы ұғым. Жекешелендірудің түрлері мен
формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Нарықтық экономикаға өтудің концепциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

2.ТАРАУ. ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ ... ... ... ... ... ... 10
2.1 Дамыған елдердегі жекешелендіру процесінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... . 10
2.2 Дамушы елдердегі жекешелендіру процесінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ..13

3.ТАРАУ. ҚР.ДЫҢ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ӨЗІНДІК
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
3.1 Қазақстан өтпелі экономика кезеңінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
3.2 Жекешелендіру ұлттық бағдарлама ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3.3 Жекешелендірудегі шетелдік тәжірибенің іс жүзінде қолданылуы ... ... ... .22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы ең алдымен басқару саласындағы еңбек ететін терең ойлы, ұйымдастырушылық қабілеті мол, экономиканың даму заңдарын, өз елінің ерекшеліктерін егжей-тегжейлі білумен қатар, қазіргі кездегі өркениетті елдердің өсіп өркендеуі жолдарын да жақсы түсінетін, әрі айрықша ынтамен қызмет ететін жас мамандарға байланысты. Сол себепті мамандарды дайындаудағы күрделі мәселелердің бірі – өтпелі экономиканың маңызды кезеңі - жекешелендіру процесін жүргізуді, мақсаттарын, қағидаларын жете түсіндіріп, оларды жүзеге асыруға бағдар беру болып табылды.
Мамандарға жекешелендіру туралы жалпы ақпарат беру, Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесі қалай жүрді, Қазақстан Республикасы жекешелендіру кезінде Еуропа және Азия елдерінде қолданылған тәжірибелердің қайсысын пайдаланғаны жөнінде өзімнің осы курстық жұмысымда егжей-тегжейлі жазып кеттім.
Өтпелі кезеңде нарықтық экономикаға өту мемлекет үшін қиын мәселелерді тудырды: меншік қатынастарын өзгерте, қайта құру, жалпы жаппай мемлекеттік меншіктен өндіруші мен меншіккердің жақындасу түрлерін табу, тіпті солардың толық бірігуін толық қамтамасыз ету болып табылды.Сондықтан да экономиканы реттеп басқару үшін жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы қолданылды.
1. «Экономика ілімдерінің тарихы»
Ө.Қ. Шеденов, Я.С. Ядгаров, С.Ә. Досқалиев.
Алматы «Қазақ университеті» 2003ж.
2. «Экономикалық теория». В. Крымова
Алматы ИД «Аркаим» 2003ж.
3. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»
К.Б. Бердалиев. Алматы «Экономика» 2001ж.
4. «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»
Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков.
Алматы «Экономика» 2002ж.
5. «Жалпы экономикалық теория»
Ө.Қ. Шеденов, Ү.С. Байжомартов, Б.А. Жүнісов, Б.И. Комягин.
Алматы – Ақтөбе 2002ж.
6. «Экономикалық саясат». Алматы «Экономика» 2004ж.
7. «Экономикалық теория». Ә. Абдуллаев.
Алматы,2003ж.
8. «Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы»
Алматы «Экономика» 1999ж.
9. «Казахский экономический менталитет».
С. Сатубалдин. Алматы КИМЭП 2004г.
10. Жекешелендіру. Қазақстанда жекешелендіруге қатысты
құжаттар мен материалдар. 5-том. Алматы «Атамұра» 1995ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Жекешелендіру: Еуропа және Азия тәжірибесі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1-ТАРАУ.НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА ӨТУДЕ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ
ПРОЦЕСінің
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Меншік қатынастарының
эволюциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Жекешелендіру туралы жалпы ұғым. Жекешелендірудің түрлері мен

формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Нарықтық экономикаға өтудің
концепциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

2-ТАРАУ. ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ ... ... ... ... ... ... 1 0
2.1 Дамыған елдердегі жекешелендіру процесінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . 10
2.2 Дамушы елдердегі жекешелендіру процесінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. 13

3-ТАРАУ. ҚР-ДЫҢ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ӨЗІНДІК

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 16
3.1 Қазақстан өтпелі экономика
кезеңінде ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6
3.2 Жекешелендіру ұлттық бағдарлама
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3.3 Жекешелендірудегі шетелдік тәжірибенің іс жүзінде
қолданылуы ... ... ... .22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .25

КІРІСПЕ

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы ең алдымен басқару
саласындағы еңбек ететін терең ойлы, ұйымдастырушылық қабілеті мол,
экономиканың даму заңдарын, өз елінің ерекшеліктерін егжей-тегжейлі білумен
қатар, қазіргі кездегі өркениетті елдердің өсіп өркендеуі жолдарын да жақсы
түсінетін, әрі айрықша ынтамен қызмет ететін жас мамандарға байланысты. Сол
себепті мамандарды дайындаудағы күрделі мәселелердің бірі – өтпелі
экономиканың маңызды кезеңі - жекешелендіру процесін жүргізуді,
мақсаттарын, қағидаларын жете түсіндіріп, оларды жүзеге асыруға бағдар беру
болып табылды.
Мамандарға жекешелендіру туралы жалпы ақпарат беру, Қазақстан
Республикасында жекешелендіру процесі қалай жүрді, Қазақстан Республикасы
жекешелендіру кезінде Еуропа және Азия елдерінде қолданылған тәжірибелердің
қайсысын пайдаланғаны жөнінде өзімнің осы курстық жұмысымда егжей-тегжейлі
жазып кеттім.
Өтпелі кезеңде нарықтық экономикаға өту мемлекет үшін қиын
мәселелерді тудырды: меншік қатынастарын өзгерте, қайта құру, жалпы жаппай
мемлекеттік меншіктен өндіруші мен меншіккердің жақындасу түрлерін табу,
тіпті солардың толық бірігуін толық қамтамасыз ету болып табылды.Сондықтан
да экономиканы реттеп басқару үшін жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы
қолданылды.
Менің осы курстық жұмысымда өтпелі экономикадағы меншік
қатынастарының эволюциясы туралы, жекешелендірудің мүддесі туралы,
жекешелендіру тәсілдері туралы, жекешелендірудің түрлері туралы мәліметтер
көрсетілген.
Мен курстық жұмысымда жоғарыда аталған мәселелерден басқа экономиканы
мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі, соның ішінде нарықтық
экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері
туралы, Шығыс Еуропа мен Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі нарықтық
қатынастарды дамыту және экономиканы мемлекеттік реттеу туралы құнды-құнды
ақпараттар келтірдім.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Мемлекеттік және нарықтық басқарудағы шетелдік экономикалық тәжірибені
ғылыми қорытындылау күн тәртібінде бізге келесі мәселелерді көрсетіп берді:
жоғарыда атап кеткен тәжірибелер Қазақстан экономикасына қаншалықты
қолайлы және оны енгізуге бола ма, әлде нарыққа өту кезінде Қазақстан
Республикасы үшін шаруашылық жүргізудің өзіндік моделі болуға тиіс пе? Осы
сұрақтарға жауап беру кезінде қазіргі кезде бірқатар проблемалар туындады.
Ол проблемалардың кейбіреуіне тоқталып кетсем:
− Шаруашылық модельдерін өзгертуде және экономикалық жаңартуда
қандай жол тиімді – эволюциялық па, революциялық па?
− Экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдерінің басыңқылығы мен
құрамы әр кезеңде қандай себептерге байланысты өзгеріп отырды?
− Экономиканы мемлекеттік реттеу шаралары қандай ғылыми негізде
және қандай бағытта іске асырылуы қажет?
Тағы да басқа осы сияқты проблемалардың қалай шешілгені туралы осы
курстық жұмысымда жазып кеттім.

I ТАРАУ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА ӨТУДЕ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ
ПРОЦЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

1. Меншік қатынастарының эволюциясы

Қоғамдық өндіріс құрылымында өндіргіш күштер өндірістік қатынастармен
диалектикалық бірігу жағдайында болады. Өндірістік қатынастар – бұл
өндірістің қоғамдық түрде жүзеге асуы. Өндірістік қатынастар – бұл
меншіктік қатынастар.
Адамзат қоғамы өзінің бүкіл тарихында өндіргіш күштер деңгейі мен
өндірістік қатынастар сипаты арасындағы объективті туындаған қайшылықтардың
әсерінен бір күйден екіншісіне, бір қоғамдық экономикалық формациядан
басқасына, төменгі өркениет баспалдағынан жоғарғысына ауысуы. Меншік
түрлерінің ауысуына байланысты жаңа прогрессивті өндірістік қатынастар
пайда болады.
Адамзат өркенитеттілігі баспалдағымен қоғам көтеріле отырып,
қауымдастық (қоғамдық) меншік түрінен жекеге, жекеден қоғамдыққа
(мемлекеттілікке) қозғалыс жасап, экономиканы тек қана рынокпен немесе тек
қана мемлекетпен басқарады. Қазіргі жағдайда өндіргіш күштер мен өндірістік
қатынастардың арасындағы қайшылықтар адамзат қоғамының аралас экономика,
аралас меншік (жеке мен мемлекеттік) түріне, басқару тәсілінің аралас
(рынок пен мемлекеттік) жүйесіне көшумен жойылады.
Тарихқа үңіле отырып байқағанымыз, бұрынғы заманның өзінде меншік
түрлері таза күйінде боған емес, олардың кез келгенін басқасымен аралас
күйінде кездестіреміз. Мұндай жағдай көрнекті түрде біздің дәуірімізге
дейін VI – IV ғасырда Ертедегі Рим мен Ертедегі Грецияда байқалады. Ол
елдерде сол кезде көне дүниелік (антикалық) меншік болған.
Көне дүниелік (антикалық) меншік – қауымдық меншік түрінің жерге деген
синтезін құрайды. Бұл мемлекеттік міндеттерді және әрбір азамат меншігін
шешкдің негізі болып табылып, оларға ол еркін шешім қабылдай алады. Осы
дәуірге Ертедегі Афина мен Ертедегі Рим жетістігі дәлел, әсіресе жеке
тұлғаның, мәдениеттің өрлеуі, сондай-ақ азаматтық саяси және экономикалық
өмірдің дамуы қарқынды болғаны тән.
Бұрынғы социалистік елдерде, КСРО-мен қоса 70-жылдардан бастап,
өндірістік қатынастар сипаты өндіргіш күштер даму деңгейімен қайшылыққа
келді. Бұл мемлекеттік меншік түріне қарағанда 90% болуымен, барлық
ұлғаймалы өндіріс аясын терең монополиялап, экономика дамуын тежеуден
байқалады. Осы елдердің экономикасы қатаң орталықтан жоспарлаудың қысымында
болып, экономикалық мүдделікті жоққа шығарып, ғылыми-техникалық прогреске
селқос көңіл бөлді. Қоғамдық өндірістің тиімділігі 70-жылдардан бастап
қатты төмендеп, тауардың тапшылығы жалпы белең алды. Экономика өндірістің
жеткіліксіз дамуынан экономикалық дағдарысқа тап болды. Осыдан барып
нарыққа өтудің объективті қажеттілігі туды. Өтудің қажеттілігі 1985-жылғы
сәуірден бастап анық байқалады. Сол жылдан бастап мемлекеттік басқару
аппаратында қайта құру термині пайда болып, ол 1987-жылдың маусым айынан
рынок басқарудың бөлінбейтін элементі ретінде дәріптелді.
Егер рыноктық жүйеге енетін елдерді алатын болсақ, оларды бір-бірімен
былай: нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролі бойынша, мемлекеттік
меншіктің жалпы құрылымындағы әр түрлі меншік түрлеріндегі үлесі бойынша
айыруға болады.
Бұрынғы социалистік елдердің нарыққа өтуі адамзат қоғамы дамуындағы
қайталанбас нәрсе. Олардың рыноктық экономикаға өтуінің өзіне тән
ерекшелігі бар. Бұл өту құбылысы дәстүрлі түрде емес, жоспарлы экономикаға
енетін аздаған мемлекеттердің өзіне қатысты ерекшелігімен сиптталады.
Жоспарлы экономикадағы аздаған елдердің өзінде өту мерзіміне әсер
ететін кәдімгідей айырмашылықтар болады. Нақтыласақ, ТМД елдерінде жеке
мешік болған емес, ал 90% жуығы мемлекеттік меншік үлесіне тиді. Сондықтан
мемлекеттен алу мен жекешелендіруге Польша мен Венгрияға қарағанда көп
уақыт қажет болды.

2. Жекешелендіру туралы жалпы ұғым. Жекешелендірудің түрлері мен
формалары

Өтпелі кезеңде нарықтық экономикаға өту мемлекет үшін қиын мәселелерді
көлденең тартады: меншік қатынастарын өзгерте, қайта құру, жалпы жаппай
мемлекеттік меншіктен өндіруші мен меншіктердің жақындасу түрлерін табу,
тіпті олардың толық бірігуін қамтамасыз ету. Демек, мемлекеттік меншікті
реформалау, оны жекешелендіру, мемлекеттік мүліктің жеке объект және жеке
ұжымдық (ұжымдық-топтық) иелігіне ауыстыру мәселесі туындайды. Мемлекеттік
кәсіпорындарды жекешелендіру ғана кәсіпорынның экономикалық еркіндігі мен
жауапкершілігін органикалық түрде ымыраластыра алады.
Бұрынғы кейбір социалистік елдерде мемлекеттік меншік басқа меншік
түрлерінің жалпы құрылымына қарағанда артықтау болады. Осы жағдай елдер
экономикасында бәсекелестіктің болмауына алып келіп, өндіріс тиімділігін
төмендеуіне, өндіруші кәсіпорындар тұтынушыны билеп төстеуіне және тапшылық
экономикасының пайда болуына алып келді.
Олардың барлығы бәсекелестік нарықтық ортаны құру үшін мемлекеттік
меншікті реформалау қажеттілігін анықтады. Осыны жүзеге асыру өндірушінің
тұтынушыға өктемділігін жоюға, өндіріс тиімділігін арттыруға, нарықты
жоғары сапалы тауар мен қызмет көрсетумен барынша толтыра түседі.
Өтпелі экономика кезіндегі мемлекеттік қатынастарды басқаша құрудың
халықаралық тәжірибесі меншік түрлерін өзгнртудің эволюциялық тәсілін,
жекшелендіру тәсілін кеңірек қолдануды дәріптейді.
Экономикалық әдебиеттерде мына екі терминді: мемлекеттен алу мен
жекешелендіруді бір-біріне теңестіріп қарайды. Алайда
мемлекетсіздендіру термині мемлекеттен тікелей басқару қызметін алып
тастауды түсіндіреді. Басқаша айтқанда, мемлекетті кәсіпорынға өзінше
еркіндік беру меншік түрін ауыстырумен байланысты емес. Мемлекетсіздендіру
мемлекеттік кәсіпорндардың толық коммерциялық есепке көшуін білдіреді.
Мемлекетсіздендіру – жекешелендіруге дейінгі аралық баспалдақ. Ал
жекешелендіру термині мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өтуін
білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде және батыс ғылымында мемлекеттік болып табылмайтын
меншік жеке деп танылады. Жеке жеке-дара және топтық (аралас меншік)
бола алады.
Нарықтық экономиканың қалыптасуы меншік қатынастарын өзгертудің заңды
қажеттілігін туындатты. Бұл мемлекетсіздендіру және жекешелендіру арқылы
жүзеге асырылады.
Мемлекетсіздендіру – мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей шаруашылық
жүргізуші субъектілерге шаруашылық жүргізу және сәйкес өкілеттіктерді беру
арқылы түрлендіру.
Жекешелендіру – заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттен мемлекеттік
меншік объектілерін, сондай-ақ мемлекетті кәсіпорындар мен ұйымдардың
өзгертілуі арқылы құрылған акционерлік қоғамдардың акциялар үлесін алуы.
Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің халықаралық практикасы
көрсеткендей, жекешелендірудің екі варианты бар: қатаң варианты
жекешелендіруді қарқынды жүргізу, жұмсақ варианты жекешелендіруді
ақырындап жүргізу.
Жекешелендіру төмендегідей тәсілдермен жүзеге асырылады:
− Аукцион немесе конкурс бойынша сату, сатып алу: Конкурс
(коммерциялық) – максималды баға ұсынылғанда, сатып алушы қойылған
шартты орындауға келіскен жағдайда мемлекеттік меншік объектілерін
сату;
− Кәсіпорын капиталындағы үлестерді (акцияларды) сату: Конкурс
(инвестициялық) – коммерциялық конкурсқа ұқсас, бірақ жеңіс
критерийлері жекешелендіру объектісінің ивестиция мерзімі мен
мөлшері болып табылады.
− Аукцион – ашық сауда тәсілі арқылы кәсіпорынды сату, бұл
жағдайда сатып алушыға максималды баға ұсынудан басқа талап
қойылмайды.

1.3 Нарықтық экономикаға өтудің концепциясы

Нарықтық экономикаға өтудің тұтас концепцисы қалыптасты:
1. Меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру.
2. Нарықтық инфрақұрылымды өмірге куелтіру (тауар, қор биржалары және
т.б.).
3. Экономиканы демократизациялау, бәсекеге жол ашу, тепе-теңдікке
жету.
4. Бағаны либерализациялау (ырықтандыру), баға сұраныс пен ұсыныс
арқылы қойылады.
5. Әлеуметтік қолдауды күшейту, халықты нарықтық экономикаға үйрету.
6. Экономиканың әлеуметтік бағытын күшейту үшін құрылымдық-
инвестициялық саясат жүргізу.
Ресейдің интеллектуалдық күш-қуаты, ғалымдары, үкімет басшылары,
қоғамдық ұйымдары мен партиялары, парламенті нарықтық экономикаға өтудің
жолдарын іздеді. Бұрынғы социалистік жүйе елдерінің және Ресейдің нарыққа
өту тәжірибесі әміршілдік-әкімшілдік жүйені трансформациялаудың екі жолын
көрсетті.
Біріншісі, эволюция жолы, яғни нарықтық институттарды бірте-бірте құру
арқылы. Бұл жолмен Қытай, Венгрия елдері жүрді.
Екіншісі, шоковая терапия, естен тандыра емдеу. Мұны Ресей, Шығыс
Европа елдері, Польша мемлекеттері таңдап алды. Соңғы жол амалсыздықтан,
қаржы және т.б. жағдайлармен, тауар дефицитіне байланысты болды. Ресейде
шоковая терапияны ұсынып, жүзеге асыруға қатысқандар Б.Гайдар,
Г.Явлинский және т.б. еді.
Жалпы рынокқа өту теорияларын талдауға белсене қатысып, өз
көзқарастарын білдірген көрнекті экономисттердің ішінен Л.Абалкин,
С.Шаталиндерді атауға болады. Экономиканы нарыққа көшіру барысында естен
тандыра емдеу тәсілін қолдану екі негізгі бағытта жүрді:
1) Инфляцияға қарсы тұрақтандыру бағдарламасын жасау;
2) Түбірлі институционалдық реформаларды – меншіктің түрін өзгерту
және т.б. – жүзеге асыру.
Ресейдегі шоковая терапияны жақтаушылар өздерінің экономикалық
бағдарламаларын жүзеге асыруды екі сатыға бөлді
Бірінші сатыда (1-2 жыл) түбірлі антиинфляциондық шаралар жүргізілді.
Мұнда қаржы тепе-теңдігіне жету. Екінші сатыда (10-15 жыл) экономикада
іргелі қайта жаңару жүргізіліп, оның өрлеуі қамтамасыз етілді.
Шоковая терапия немесе естен тандыра емдеу барысындағы
институционалдық өзгерістерге мыналар жатады:
- Бағаны либерализациялау (ырықтандыру). Ресейде тауарлар бағасының
90% өз еркіне жіберілді;
- Шаруашылық секторлары мен салаларында бірыңғай салық салу;
- Антимонополистік заңдар қабылдау;
- Мемлекеттік кәсіпорындарды толық коммерциялық есепке көшіру;
- Дәстүрлі орталықтан жоспарлауды жою;
- Шағын жекешелендіруді жүргізу (сауда мен қоғамдық тамақтандыру
саласында);
- Үлкен жкекшелендірудің құқықтық, ұйымдық негіздерін жасау;
- Халық шаруашылығының барлық салаларында жеке секторды дамыту.

II ТАРАУ. ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

2.1 Дамыған елдердегі жекешелендіру прроцесінің ерекшеліктері

Жекешелендіру – мемлекеттіік меншіктің жеке меншікке өзгерту ретінде
өтпелі экономика кезінде ТМД елдерінде ғана, Шығыс Еуропада және нарықтық
экономикасы дамыған елдерде: Ұлыбритания, Франция, Германия мен АҚШ-та
кеңінен қолданылды. Алайда, жекешелендірудің мақсаты нарықтық экономикасы
дамыған елдер мен нарықтық экономика түскен елдерде әр түрлі. Егер нарықтық
экономикасы дамыған елдерде жекешелендіру мемлекеттік бюджетке қосымша
қаржы тартуды мақсат етсе, өтпелі экономика елдерінде жеке меншікті құру
сайманы (құралы) болып, соның негізінде бәсекелестік нарықтық ортаны
қалыптастырады.
Көптеген Шығыс Еуропа елдері бұрыннан экономикалық өзара көмек
Кеңесінің құрамында болып (қаңтар 1949ж.), қоғамның тұрмыстық экономикалық
негізі мен саяси құрылымы біркелкі болуына қарамастан орталықтандырылған
шаруашылық жүйесінен нарықтық экономикаға өте бастады. Экономикалық
жағынан қарайтын болсақ, олардың айырмашылығы меншік түрлерінің өндіріс
құралдарымен қатынасына, өнеркәсіптің мамандану түрлері, халық
шаруашылығының ұйымдастыру мен басқару құрылымына байланысты болуда.
Экономикалық реформаны әр түрлі басымды механизмдерді қолдану арқылы, яғни
үдемелі қарқындық пен мерзімдік арқылы, әр түрлі жүйелер мен ресурстарды
сақтау қағидаларын қолдана отырып жүргізу керек. Міне осы тұрғыдан алға
қойған міндеттерді шешуге нарықтық экономикаға көшкен елдердің тәжірибесін
жинақтап жаңа нарықтық жолмен шаруашылық жүргізуге көшу. Шаруашылық
жүргізудің бір түрінен екігші түріне көшуде жоғарғы жағдайды қорытындылай
келіп, келесі ережелерге сүйенуімізге болады:
- Мешік түрлеріне қарамастан меншікті жекешелендіру және шаруашылық
әрекетіне жағдай жасау;
- Мемлекеттік кәсіпорындарды уақтау, тауар өндірушілерді
демонополизацияландыру және монополияға қарсы күрестің қызметін
күшейту.
Жоғарыда көрсетілген шараларды экономикада нарықты реттеу
механизімденрі ретінде қолдануда әр елде өзінің ерекшеліктері есепке
алынады. Ең қолайлы жағдайда Венгрия болды. Бұл елде жекешелендіру процесі
үш-он жыл бұрын басталған. Венгрида кәсіпорындарды жұмыскерлері сатып алды.
Онда жұмыскерлердің қаржылары ғана емес, кәсіпорынның тапқан пайдасы мен
банк несиелері қолданылды Мемлекеттік кәсіпорындарды экономикалық
ассоциацияларға айналдыруда тиісті шешімдер қолданылды. Мемлекеттік
жекешелендірулер көп жағдайла уақтау және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды
қайта құру шаралары жүргізілді. Соның нәтижесінде үш жылда (1989-1991жж.)
елде шағын және орта кәсіпорындар төрт есе көбейді. Конъюктураның өзгеруіне
байланысты кәсіпорындардың қызметінде қажетті икемділік пайда болды.
Мемлекет тарапынан бұл процесс қолдау тапты. Қаржы-шаруашылық жағдайлары
мен халық шаруашылығына керекті өнім шығаратын кәсіпорындар банкрот
жағдайына ұшыраса, жеңілдік несие беретін санация жасалған немесе бұл
кәсіпорындарды басқа меншікке (соның ішінде шетелдіктерге) берілді.
Экономикадағы дағдарыстық жағдайдан шығуда банкротқа ұшыраған
өнеркәсіпті жекешелендіру процесі инвестициялық бағыт алды. 1993 ж. 600
өнеркәсіптің жартысына жуығы инвестордың ықыласына байланысты
жекешелендірілген, ал 40%-дан жоғарысы өнеркәсіптердің өздерінің
ықыластарына байланысты жекешелендірілген. Нарықтық шаруашылық даму
төменен негізделіп, жоғарыдан ұйымдық, құқықтық, экономикалық жағдай
жасалауы керек.
Дамыған елдерде жекешеледіру негізінен бір моделінде жүзеге асты. Ол
модель мемлекеттік кәсіпорындарды банк, сақтандыру компанилары, кейде
тұрғындардың сатып алуына негізделген еді.
АҚШ-та мемлекеттік кәсіпорындарды сату ұзақ мерзімде – 5 жылдың
аумағында жүргізіледі. Бір мезгілдегі (бірден төленентін) төлем жалпы
төленетін соманың 20%-нан аспауы керек. ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде
жекешелендірудің өте күрделі моделі қолданылды.
Нарықтық жағдайда шаруашылық жүргізуге дайын Австрия болды. Баға құру
мен еңбек ақыны реттеу, шетел инвестицияларымен ынталандыру, сыртқы
экономикалық қатынастарды либерализациялау, ақша айналымын тұрақтандыру,
ұлттық валютаны конверсиялау туралы шаралар мемлекет жеке меншіктің
арасындағы ұғымды пропорцияны қалыптастыруға, орталықтандырылған және нарық
құрылымдарының байланысын үйлестіруге, халықтың басым көпшілігінің тұрмыс
дәрежесін жақсартуға негіз болды.
Қаржы тепе-теңдігіне көңіл бөле отырып Австрия үкіметі әлеуметтік
серіктестік пен шағын бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөлді. Австриялық
тәжірибедегі үкімет тарапынан жасалған бәсекелестік шаралары нарық
экономикасына қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленді Бұл жерде әсіресе шағын
және орта фирмалардың құрылуын және әлем шаруашылық процестеріне ұлттық
экономиканың араласуын қолдау шаралары көрсетіледі. Мұндай ынталандыру жаңа
құрылған шағын, орта фирмаларға мемлекет тарапынан жәрдемақы немесе
жеңілдетілген салық салу түрлері арқылы жүргізіледі. Осындай фирмалардың
(өнеркәсіптердің) қызметтеріне тауарларды сату ережелері, дұрыс емес
бәсекелестікке жүргізілген шаралар, жергілікті жабдықтау, картельдер туралы
т.б. заңдар құқықтық негізі болып табылады.
Өнеркәсіптерді бақылау және кәсіпкерлер мен бизнесмендердің саудаға
шығу ережелерін бақылау мемлекеттің құқықтық қызметтерінің бірі болып
табылады.
Австрияның тиісті мемлекеттік органдары сыртқы экономикалық
қатынастарды тереңдетуге экспорттық түсімдердің және импорттық төлемдердің
тең болуы қағидаларына сүйенеді. Ұлттық банктің монополистік жағдайы
жойылуына байланысты елдің меншік қатынастары мен сауда либерализацияланды
және де жекешелендіру процесін жүргізуде коммерциялық банктердің қызмет ету
аясы кеңейді. Жоғарыда айтып өткендей Еуропалық елдерде жекешелендіру
процесі әр түрлі формаларда қабылданған: мемлекеттік кәсіпорындарды жеке
заңды және жеке мемлекеттік тұлғаларға сату; жеке инвесторлардың қатысуымен
мемлекеттік кәсіпорындарды қайта капитализациялау; мемлекеттің меншігі
болатын немесе олармен бақыланатын кәсіпорынның жарты акцияларын сату.
Ұлыбританиядағы жекешелендіру баяу қарқынды сипатқа ие: бір 2-3 кәсіпорын
жекешелендіріледі. Ұлыбританиядағы жекешелендірудің қажеттілігі мемлекеттік
кәсіпорындардың тиімсіздігі, жоғары капитал сыйымдылығы, өндірістік
еңбектің ең төменгі тиімділігімен түсіндіріледі.
Ұлыбританидағы жекешелендіру процесін хронологиялық 3 кезеңде бөлуге
болады:
1-кезең (1979-1984 жж.) – нақты салалардағы кәсіпорындарды сатумен
сипатталады. Бұл мемлекеттік сектордың қажеттілігінің дотацияландыруды
төмендетуді ынталандырады. Бұл өлшемі бойынша емес компаниялар.
2-кезең (1984 ж. жазы – 1987ж. күзі) – бұл кезеңнің мақсаты акция
иегерлерінің көлемін ұлғайту.
Жекешелендірудің осы формалары ретінде Британ телефон корпорациясы
(Бритиш телеком) және Британдық газ корпорациясы (Бритиш газ)
көрсетілген. Өкімет монополиялық құрылымдық салаларын сақтап қалып оларды
толығымен сатты.
3-кезең (1987 ж. қазіргі кезге дейін ) – коммуналдық шаруашылық
салаларының белсенді сатылуы, олардың бәсекелестік басымдығын арттыру
мақсатымен сипатталады.
Көршілес Ресейдегі жекешелендіру тәжірибесі болмағандықтан және
мемлекеттік меншік үлесінің басым болуынан бұл процесс көптеген
қиыншылықтармен жүрді. Президенттің жарлығымен 1992 жылы жекешелендіру чегі
енгізілді. Ол – мақсатты мемлекеттік бағалы қағаз, рубльдік номинал құны
бар, еркін сатылады және сатып алынады. Жекешелендіру чегіне түрлі
объектілерді, инвестициялық қорларының акцияларын сатып алуға болады.
Ваучерге сатып – айырбасталатын қорлардың нарықтық құны Ресейде шамамен 1,5
трлн. рубль тұрады. Бұл федеральді бағдарлама бойынша, жекешелендірілетін
қорлардың 35% құрайды. Осы көлемде ваучер шығарылады. Оның номиналды құны –
1000 рубль.
1991 жылы Ресейде 1992 – 1994 жж. мемлекеттік және муниципальды
кәсіпорындарды жекешелендіру туралы Заң қабылданды. Жекешелендіруге жататын
барлық кәсіпорындар үш топқа бөлінді:
1 – топқа жататындар ұсақ кәсіпорындар (200 жұмысшы, негізгі қорлардың
баланстық құны – 1млн. рубль).
2 – топтағылар ірі кәсіпорындар (1000 жұмысшы, негізгі баланстық қоры
– 500 млн. рубль). Олар ашық түрдегі акционерлік қоғамдар құру арқылы
жекешелендірілді.
3 – топқа жоғарыдағыларға жатпайтын қалған кәсіпорындар қабылданған
бағдарлама бойынша бәрі жоғарыдағы жекешелендіру тәсілдерімен жүреді.
Кәсіпорындар жекешелендірілгенде жеңілдіктер берілді: ұжым мүшелеріне
артықшылығы бар атаулы акция, құрылтай капиталының 25% құрайтын акция, жай
акция 15% және т.б. Чектік инвестициялық қорлар – жабық түрдегі акционерлік
қоғамдарға тән. 1994 жылы Ресейде мұндай қоғамдар саны – 700.
Жалпы Ресейде кәсіпорындарды жекешелендірудегі адаптация (бейімделу,
үйрену) кезеңінде экономиканың құқылық, өндірістік, қаржылық және
әлеуметтік жақтарын толық ескеру керек еді. Дегенмен, жекешелендіру процесі
Ресейде екі кезеңде жүрді.
1 – кезең 1994 жылы аяқталды. Сауда, қоғамдық тамақтандыру орындары,
тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары жекешелендірілді. Бұл барлық
жекешелендірілген кәсіпорындардың 70 % құрады. Мемлекеттік кәсіпорындарды
жекешелендіру аукционда чек арқылы жүрді. Алайда, 1 – кезеңде жекешелендіру
процесінде айтарлықтай қателіктер болды: өндіргіш күштердің жекеге көшуі
бұқаралық сипат ала алмады, әсіресе кәсіпорындар мүліктерінің құнын
анықтау, бағалау ғылыми жолмен жүрмеді.
2 – кезең РФ президентінің жарлығымен 1994 жылы 1 шілдеде басталды.
Бұл кезеңнің ерекшелігі - жалпы экеономикның тиімділігін көтеру, меншік
иелерін көбейту, инвестицияны өндіріске жұмсау, шетел инвестициясын
пайдалану, әлеуметтік қорғау шараларын ұлғайту. Ақшалай жекешелендіруде
мамандандырылған ақша аукциондары мен инвестиция бәсекесінің маңызы артады,
әсіресе жылжымайтын мүліктерді жекешелендіруге назар аударылды.
Методологиялық және теорилық жағынан алғанда Ресейдің және ТМД
елдерінің постсоциализм экономикасы аралас меншікке негізделген
демократиялық, өркениетті қоғам құруды мақсат еткенге ұқсайды. Бұл елдерде
аралас экономика теорисындағы көзқарастар мен ой-пікірлер тереңдеп, нарық
қатынастарына көшу жаңа трансформациялану тәсілдерімен толықтырылып, өтпелі
кезең проблемаларының бұрынғы экономикалық ілімдерімен тарихи сабақтастығы
сақталып, дамып отырды. Сондықтан Ресейдің экономикалық ғылымының ауқымы
кеңейді. Мұндағы зерттеу ізденістерінің басты бағыттары:
− Шаруашылықтың түрлері, қаржы проблемалары, жоспарлы экономика,
аграрлық қатынастар, еңбекке негізделген жанұя шаруашылығы.

2.2 Дамушы елдердегі жекешелендіру процесінің ерекшеліктері

Жекешелендіру процесі және басқару нарықтық экономикада орын алған
басқа елдерде қалыптасқан тәсіл.
Қытай Халық Республикасында болған жекешелендіру процесінің тәжірибесі
белгілі бір қызығушылық туғызады.
70-жылдардың соңында Қытайда басталған мемлекеттің иелігінен алу
процесінің нәтижесі келесі фактілерді куәландырады:
Біріншіден – меншік жүйесіндегі құрылымдық өзгерістери барысында
мемлекеттк сектордың тарылуы орын алуда. Меншіктің мемлекеттік емес
нысандары қазіргі кезде: өнеркәсіп – 44%, сауда – 64%, ауылшаруашылық – 95%
құрайды.
Ұжымдық кәсіпорындар өндіріс көлемін мемлекетке қарағанда тез өсіреді,
ал меншіктің қоғамдық емес түріндегі кәсіпорындар (жеке және жеке
кооперативті) – бұдан да жоғары нәтижелерге ие.
1978-1979жж. арасында мемлекеттік өндіріс көлемі 3,8 есе, ұжымдық
кәсіпорындарда 8 есе өсті. 1989 ж. меншіктің қоғамдық емес түріндегі
кәсіпорындар үлесіне жалпы өнімдердің 8,25% тиді, ал 1980 жылы бұл
көрсеткіш 0,5%-ға тең болған. 1989 жылдың соңында жеке қызметпен 12,5 млн.
әр түрлі өндірістік және сауда ұйымдарына қосылған 19,4 млн. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы
ҚР нарықтық экономикаға өту ерекшеліктері
ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ТУРАЛЫ
Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі жайында
Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң шетелдiк тәжiрибесi туралы
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының қалыптасуы туралы
Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң шетелдiк тәжiрибесi жайлы
Инвестицияның теориялық негізі және инвестицияларды тартудағы әлемдік тәжірибе
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуі
Экономиканы мемлекеттIк реттеудIң шетелдIк тәжIрибесI
Пәндер