Қарқаралы петициясы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:   

КIРIСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл еңбекте Қазақстанның саяси-құқықтық тарихында тұңғыш рет Қарқаралы петициясының конституциялық-демократиялық идеялары мен жобаларына кеңінен, жан-жақты талдау жасалынған. Жұмыста Бірінші Орыс революциясы және Қарқаралы петициясының қабылдануы, оның тарих және конституционализм туралы әдебиетте бағалануы тұңғыш рет ашылып көрсетіледі. Зерттеу барысында қол жеткізген қорытындылардың көптеген нәтижелерінің бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның Конституциясынан өзінің шешімдерін тапқаны нақтылы фактілермен ғылыми негізде расталды. Бұл үрдіс Қазақстанның конституционализмінің тарихы негізінде XX ғасырдың бас кезеңінде қалыптасқанын растай түседі.

Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Адамзат тарихының барлық кезеңдерiне зер салсақ, оның өмiр сүруi тыныс-тiршiлiгi, мемлекет құруы сол бостандық пен тәуелсiздiк жолындағы күрес болғанын аңғарамыз. Тәуелсiздiктi армандамаған халықтың рухы құлдық санасының шырмауына маталған немесе күрес жолында мүлдем әлсiреп, үстемдiк еткен ұлттың, державаның дiлiн, тiлiн, мәдениетiн, дiнiн қабылдап, өз этностарының барлық ұлттық ерекшелiктерiнен айрылған. Белгiлi ғалым, академик С. З. Зиманов осы мәселе туралы былай деп жазды:, , Нет народа, который бы не хотел стать свободным, не лелеял бы мечты о свободе и не стремился бы к ней. Любой народ, на какой бы стадии развития и в каком бы тяжелом положении он не находился, в его сознании всегда живет дух свободы. Ее объем, содержание, форма и характер в каждом случае зависит от конкретных исторических условий и уровня самосознания социальных групп, от того, какой класс ее требует и какие цели преследуется” [1, с72] .

Қазақ халқының бостандық пен тәуелсiздiк тең құқылық пен демократия жолындағы күресi бiрнеше ғасыр аралықты қамтиды. Тарихтың әр кезеңiнде қазақ халқы осы жолда жан аямай күресiп, қасық қаны қалғанша күресiп бақты, қаншама қайсар, батыр ұлдары мен қыздарынан айрылды. Н. Назарбаев:, , Егер бiз мемлекет болғымыз келсе, өзiмiздiң мемлекеттiлiгiмiздi ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсiнгенiмiз жөн”, [2, 273б] деп атап көрсеттi өзiнiң, , Тарих толқынында” деп аталатын еңбегiнде.

Бұл күрес Ресей империясының құрамына кiргеннен кейiн де еш уақытта тоқтаған жоқ. Тарихтың әрбiр сатыларында қазақтың дана қайраткерлерi мен батырлары найзаның ұшымен, бiлектiң күшiмен алып орыс империясына қарсылық бiлдiру, күресу арқылы мiнез көрсетсе, XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың бас кезеңiнде қалыптасып келе жатқан қазақтың ұлттық зиялылары күрес жолын ағартушылықпен реформаға бұру және конституциялық жолмен даму арқылы ұлттық сана дәрежесiн көтерудi отарлық езгiге қарсы тұрудың ең күштi құралы деп таныды. Сәкен Өзбекұлының дұрыс тұжырымдары бойынша:, , Ресей мемлекетiнiң отарлық қыспағы мен орыстандыру саясатын дер кезiнде байқаған қазақ зиялылары ислам дiнiне, әлi шаманизм көзқарасынан ажырамаған қазақ халқын жаппай тартып, жаңа үлгiдегi мектеп, медреселер арқылы дiн насихатын күшейтумен енжар көшпелi халықты бiр ту астына бiрiктiрудi өздерiнiң патриоттық борышы ретiнде таныды . . . Европалық бiлiм ордаларынан сусындаған қазақ зиялылары барлық мүмкiндiктердi пайдаланып, дiндi саясатпен, ағартушылықпен және құқықтық жүйенi өзгертумен ұштастыру арқылы прогреске көтерiлудiң саяси мiндеттердiң ең өзектi көкейтестi мәселелердiң санатына жатқызу заңдылығын айқын байқатты” [3, 28б] .

Мiне, осыған байланысты XX ғасырдың бас кезiнде қалыптасып, дамыған реформаторлық идеялар мен қозғалыстарды және конституциялық дамуды зерттеу, ұлт зиялыларының тәуелсiздiк үшiн атқарған жан-жақты қызметтерiн санаға сiңiрiп, бiлу және мақтан тұту халқымызды тәрбиелеудегi рөлi өлшеусiз. Себебi, , , Тәрбиенiң басы - тарих, сол арқылы патриотизмдi күшейту - бүгiнгi күн мұраты. Патриотизмi жоқ ұлттың ұлт қауiпсiздiгi өте осал, әлсiз” [3, 2б] .

Сонымен қатар тақырыптың өзектiлiгi Батыс және орыс зерттеушiлерiнiң қазақтарда, , ғылым, мәдениет, философия болмаған”, , , көшпендiлердiң ойлау қабiлеттерi төмен”, , , мал бағудан басқа еш нәрсеге бейiмделмеген” сияқты евроцентристiк шовинизмiн жоққа шығару үшiн өте қажет. Себебi, Қазан төңкерiсiне дейiнгi жазылған орыс тарихнамасында қазақ халқының рухани дәрежесiн, қабiлетiн, сауаттылығын, ойлау жүйесiн кемсiтiп, төмендетiп көрсету кеңiнен үрдiс алған. Бiр басылым:, , К недостаткам киргиз надо отнести хитрость и наклонность к воровству . . . Как все номады, киргизы очень ленивы, и все домашние работы возложены на женщин. Мужчины разъезжают из аула в аул, пьют айран и кумыс и разносят по степи сплетни с быстрою курьеров”, [4, с82] - деп келекетiп жазса, тағы бiр автор:, , Причинам и постепенного обеднения киргиз, по моим личным наблюдениям служит следующее: прежде всего их дикость, невежество, феноменальная лень отсутствие каких-либо интересов, помимо чисто пищеварительных”, [5, с53] - деп жазып қазақ халқын саясаттан ада, мәдениетсiз, жабайы деп суреттеуге дейiн барған.

Мiне, осындай көзқарастарға тойтарыс беру, қазақ халқының тәуелсiздiк үшiн күресiн ақиқат деңгейде, жаңа көзқарастармен бағалап, танып бiлу тарих, тарихи-құқықтық конституционализм ғылымдарының күн тәртiбiнде тұрған көкейтестi мәселелердiң бiрi болып саналатыны даусыз.

Мәселенi зерттеудiң деңгейi. Қазақстанның жалпы тарихында ұлттық-азаттық жолындағы күрес, конституциялық-реформалық қозғалыстар тәуелсiздiк алғаннан кейiн терең және жан-жақты зерттеле бастады. Соның нәтижесiнде құнды еңбектер жарық көрдi [6] . Сонымен қатар осы күнге дейiн тарихи-құқықтық әдебиеттерде жаңа методология негiзiнде қазақ зиялыларының XX ғасырдың бас кезеңiнде қалыптасқан конституциялық реформаторлық қызметтерi мен конституциялық-демократиялық көзқарстары, өте мардымсыз, бiрен-саран қайраткерлер төңерегiнде ғана зерттелген. Негiзiнде бұл iске Қазақстанға танымал ғалым Сәкен Өзбекұлы көп үлес қосты. Өзiнiң кандидаттық, [7] ал кейiнiрек докторлық диссертациясында XVII ғасырдың соңы XX ғ. бас кезеңiне дейiнгi аралықта Қазақстанның саяси және құқықтық ой -пiкiрдiң Тәуке хан, Абылай хан, Бұқар жырау, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Шоқан Уәлиханов, Салық Бабажанов, Абай, Д. Сұлтанғазин, А. Байтұрсынов, Ғ. Қарашев, Б. Қаратаев, Ж. Сейдалин, Б. Сыртанов, Ғ. Мусағалиев, Р. Мәсреков, Б. Құлманов, Ш. Қосшығұлов сияқты бұрын зерттелмеген қайраткерлерiнiң саяси-құқықтық көзқарастарын зерттеп, заң ғылымының бұл саласында үлкен бағыт ашты [8] . Бiрақ, бұл еңбектерде бiздiң зерттеп отырған “Қарқаралы петициясының конституциялық-демократиялық жоталары” мүлдем қарастырылмаған. Тек, , Арыстары алаштың” атты монографиясының 28 бетiнде ғана, , Атақты Қоянды жәрмеңкесiнде, 1905 жылдың маусым айының 26 жұлдызында Ахмет Байтұрсынов, Жақып Ақбаев сияқты оқыған қазақ зиялыларымен бiрге патша өкiметiнiң атына империяның отарлық, орыстандыру саясатынан зардап шеккен қазақ халқының тiлек-талаптарын бiлдiру мақсатында Санкт-Петербургке петиция жолдады. Петиция қазақ жерiнде адам құқы аяққа тапталып, заңсыздық пен бассыздық шегiнен шыққан орыс чиновниктерiнiң озбырлық әрекеттерi көрсетiлiп, болашақта келiсiмге келу арқылы қазақ даласындағы саяси және ұлт мәселелерiн шиеленiстiрмей шешудiң шаралары белгiленген едi. Атап айтсақ, талаптарға мына мәселелер ендi: Әйелге қысым жасамау, қазақша мектептер ашу, Орталық Ресейден қоныс аударушыларды тоқтату, , , Даланы басқару Ережесiне” өзгертулер енгiзу, мекемелерде iс-қағаздарын қазақ тiлiнде жүргiзу, қазақ депутаттарының сайлануы сияқты т. б. мәселелер қойылды, ” [9, 28б] - деген мәлiметтермен ғана шектелген.

1995 жылы М. Қойгелдиев өзiнiң, , Алаш қозғалысы” деп аталатын еңбегiнде 97-98 беттерiнде Қарқаралы петиция туралы шағын ғана мәлiмет екi-үш сөйлеммен ғана берген, оның барлық талаптарын талдаудан тыс қалдырған [10] . Осы жылы жарық көрген Кеңес Нұрпейiсовтың зерттеуiнде Қарқаралы петициясының мазмұны зерттелмей жарты бет көлемiнде ақпарат берумен тоқтаған [11, 39б] .

Кеңес өкiметi кезiнде жарық көрген көптеген зерттеулерде Қарқаралы петициясының мазмұны бай-феодалдардың тiлек-талаптары деп бағаланып, [12, 388б] коммунистiк-тоталитарлық идеологияның шеңберiнде оның құнды құқықтық нормаларын зерттеуге тосқауылдар қойды. 1982 жылы жарық көрген, , История государства и права Казахской ССР” деген оқулықта Қарқаралы оқиғасы туралы:, , Многолюдный митинг и демонстрации состоялись в Каркаралинске, в них приняло участие большое количество русских и казахских трудящихся, которые проявили единство в борьбе против общего врага - царского самодержавия”, [13, с154] - деп бiрақ сөйлеммен шектелген. Тек академик С. З. Зиманов 1970 жылы Қарқаралы петициясына қысқа баға берiп, сол заманның таптық талаптары шектерiнде былай деп жазды:, , Движение это не имело серьезной перспективы и достаточной основы в казахском обществе. Оно не пользовалось поддержкой масс и должно было захиреть в своем зародыше. Не имея сколько-нибудь серьезной поддержки в народе и среди среднего и мелкого духовенства и встретив противодействия со стороны наиболее влиятельной местной интеллигенции, для которой было характерно критическое отношение к исламской религии, движение, , за религиозную автономию” скоро зачахло и сошло с исторической арены”[14, с51] . Бұл жерде автор ақиқаты таптық мүдде методологиясымен тұжырым жасағанынан байқалады. Ал, шын мәнiнде, , Айқап” журналының төңiрегiнде топтасқан Б. Қаратаев, Ж. Сейдалин, С. Лапин, М. Сералин сияқты қазақ зиялылары шариғат заңын дәрiптеумен белсендi шұғылданып, тiптi, , Қазақ” газетi насихаттаған әдеттiк құқық жүйенi мұсылман құқы жүйесiмен алмастыру қажеттiгiн проблема етiп көтердi [9, 88б] . С. З. Зиманов өзiнiң еңбегiнде басқа проблемаларды шешуiне байланысты Қарқаралы петициясының идеяларының терең мағынадағы құндылықтары ашылмай қалды. П. Пахмурный деген зерттеушi өзiнiң жазған еңбегiнде қазақ зиялылары халық атынан жазған петицияға:, , Это буржуазно-реформаторское движение дальше верноподданнических петиции, собраний с громкими речами . . . не пошло. Его представители ограничивались требованиями свободы вероисповедания, национальной культуры, равноправия родного языка что, естественно, в тогдашних условиях было не осуществимо. Верноподданнические петиции баев, буржуазно-националистической интеллигенции шли из Казалинского, Ауле-Атинского, Тургайского, Уральского и других уездов”, [15, с155-156] - деп ғана баға берген.

2002 жылы С. К. Амандықованың, , Становление доктрины Конституционализма в Казахстане” деген монографиясында да Қарқаралы петициясы туралы мардымсыз, жарты бет көлемiнде ғана мәлiмет берiп, мынандай ақпарат деңгейiмен шектелдi: «Петиция XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының барлық мәнді мәселелерін қамтыды . . . кең байтақ Даланы жеке рухани басқаруды құру қажеттігін айтады . . . Қазақ мектептерінде қазақ тілінде оқыту қажеттілігі бекітілген. Мұнымен қатар, қазақ студенттерінің стипендияларының мөлшерін ұлғайту талап етілді. Петицияның барлық саяси бағыты . . . төртінші және бесінші бөліктерінде бекітілген. Онда, нәтижесінде қазақтардың бос және тұзды жерлерге ығыстырылған, Даланың отарлауын тоқтатуды талап етілді . . . Петицияны құрастырушылары іс өндірісінің және соттың қазақ тілінде жүргізілуіне қарсы бағытталған, «Дала ережесінің» бабтарын жоюды талап етті. Өйткені, қазақтардың арасында орыс сауаттылар аз болғандықтан, әкімшілікке және сотқа жүгінгенде ұдайы қиындықтар тұғызды, ал мұны шенеуніктер мен аудармашылар пайдаланып отырды» [16, 211б] . Теориялық деңгейде петицияның талаптары мүлдем зерттелiнбегенiн аңғарамыз.

Мiне, бүгiнгi күнге дейiнгi әдебиетте тақырыптың зерттелуi осындай ғана дәрежеде.

Зерттеудiң мақсаты мен мiндеттерi. Диссертациялық зерттеудiң негiзгi мақсаты - 1905 жылы 9 қаңтардағы қанды жексенбi оқиғасынан кейiн басталған Бiрiншi орыс революциясының жаңғырығының әсерiнен Қазақстандағы саяси қозғалыстардың iшiнде ерекше орын алатын Қарқаралы петициясының мазмұнына, саяси -құқықтық идеяларына талдау жасау және қазiргi күнгi талаптарға байланысты жан-жақты баға беру. Аталмыш мәселенi шешу үшiн диссертант алдына мынандай мiндеттер қойды:

  • тақырыптың өзектiлiгiн және оның iшкi мәндiк мазмұнын ашып көрсету арқылы тәуелсiз мемлекет құру идеясының тар жол, тайғақ кешуден өткенiн Қарқаралы петициясының идеялары арқылы ашып көрсету.
  • XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың бас кезеңiндегi Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және саяси-құқықтық жағдайларына терең мағынада сипаттама беру және сол қатынастарды тану арқылы қалыптасқан саяси-құқықтық ой-пiкiрдiң мазмұнын, негiзгi идеяларының бағытын айқындау.
  • Бiрiншi орыс революциясы және Қарқаралы петициясының қабылдануы тiкелей демократияны iс жүзiне асыру екенiн саяси-құқықтық ой-пiкiрде және конституционализм теориясында бағалау.
  • Петицияны адам құқын, бостандық пен тәуелсiздiктi, теңдiк пен гумманизмдi бүкiл халық атынан жариялаған конституциялық талаптар екенiн жан-жақты талдау негiзiнде көрсету.
  • Дiндi, дiлдi, тiлдi сақтау, орыс экспанциясына қарсы тұрудың құқықтық тетiктерiн петиция мазмұнын зерделеу арқылы халықтың ащы даусына ғылыми тұрғыдан баға беру және оны бүгiнгi күнгi конституцияның бастаулары деп қарау және ғана теру.

Зерттеудiң объектiсi және пәнi. Зерттеудiң объектiсi болып, 1905 жылы 26 маусымда 16000 адам қол қойған Қарқаралы петициясының құқықтық мәнi мен мазмұнына терең талдау жасау арқылы тарихи жалғастықты тәуелсiз Қазақстанның Конституциясымен байланыстыру.

Диссертациялық зерттеудiң пәнiне Қарқаралы петициясының қабылдану тарихы, оны жасаған қайраткерлердiң саяси қызметi және олардың саяси-құқықтық талаптарының құжаттың мазмұнынан шешiмiн табуы жатады.

Зерттеудiң методологиялық негiздерiн анализ және синтез, индуктивтiк және дидуктивтiк, тарихи-генетикалық, логикалық және салыстырмалы жалпытанымдық ғылыми ұғымдар құрады.

Диссертациялық еңбекте автор Қазақстанның тарихи және тарихи-құқықтық ғылымда өшпес iз қалдырған С. З. Зиманов, Ғ. С. Сапаргалиев, Сәкен Өзбекұлы, С. С. Сартаев, З. Ж. Кенжалиев, М. Құл-Мұхаммед, Н. Ө. Өсеров, Қ. А. Жиреншин, К. З. Ыдырысов, С. К. Амандыкова, М. Қ. Қозыбаев, Ж. Қ. Қасымбаев, Ж. Әлдибеков, К Нұрпейiсов сияқты ғалымдардың еңбектерi кеңiнен пайдаланды.

Диссертацияның теориялық негiзiн Қазақстан ғалымдарының тарихи және тарихи-құқықтық тақырыпқа жазылған монографиялар мен еңбектерi және архив деректерi құрады.

Қорғауға шығарылған негiзгi тұжырымдар мен қортындылар:

  1. Қарқаралы петициясын қабылдау - Бiрiншi орыс революциясының тiкелей ықпалынан туындаған азаттық пен теңдiктiң алғашқы хартиясы, ұлттық езгiге қарсы тұрудың конституциялық қөрiнiсi, демократиялық үлгiсi.
  2. Петицияның конституциялық-демократиялық талаптары, , қазақтар ғылым мен мәдениеттен ада болған” деген евроцентристiк, ұлыдержавалық шовинистiк концепциялар мен көзқарастарды жоққа шығарып, қазақтың жаңа қалыптасып келе жатқан ұлттық интеллигенциясының отарлық саясат пен ұлттық езгiге қарсы тұруға бұхара халықты жұмылдыра алатын мүмкiндiгi болды.
  3. Адам құқы мен саяси бостандық ұлттың туа бiткен қасиеттi құқы деп бағаланып, оны шектеу заңсыз әрекеттер болып табылуы тиiс екенi тiкелей дәлелдендi. Тәуелсiз Қазақстан бұл идеяларды конституциялық нормаларға енгiздi.
  4. Қазақ жерiн дәстүрлi заң негiзiнде пайдаланып келген жердi қауымның меншiгiне қайтарып беру - Ресей экспанциясын шектеу ретiнде бағаланды.
  5. Дiн, дiл, тiлдi сақтау үшiн петиция патша өкiметiне қатаң конституциялық идея мағынасында талаптар қойды, соларды iс жүзiне асыру арқылы қазақ халқын рухани және саяси тәуелсiздiкке шығару болды.

Жұмыстың тәжiрибелiк маңызы. Еңбектiң мазмұны мен негiзгi қағидалары Қазақстан Республикасында Тәуелсiздiкке жету жолында болған ұлт-азаттық күресiн тарихын бiлiп, даланың дарынды перзенттерiнiң ұлт жанды әрекеттерi халықты патриотизм рухында тәрбиелеуде үлкен рухани күш жiгерiн санаға ұялатады. Зерттеудiң нәтижелерi Қазақстан Республикасының жоғары, орта оқу орындарында тарихтан, саяси құқықтық iлiмдер тарихынан дәрiс беруде кеңiнен пайдаланды.

Диссертацияның сыннан өтуi. Зертеудiң негiзгi мазмұны мен тұжырымдары автордың жарық көрген мақалаларынан және конференцияларда жасаған мынандай баяндамаларынан көрiнiс тапты:

1 Каркаралинская петиция о правовых вопросах казахских земель. Фемида

№5 (113) 2005г. С37-39.

  1. 1905 жылғы Құзырхат көтерген жер мәселесi. 2005 жылғы 15 сәуiрде

ҚазГЗУ АЗА-да өткiзiлген Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретiнде қалыптасу және даму мәселелерi» атты халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференциясының материалдары. -203-210 б. б.

3 Бiрiншi Орыс революциясы және Қарқаралы петициясының қабылдануы

және тарихы, тарихи-құқықтық әдебиетте бағалануы.

Д. А. Қонаев атындағы университеттiң хабаршысы. №2(15) -2005ж. -7-11бб.

4 Қарқаралы петициясы.

Заң және Заман. № 9 қыркүйек, 2005ж. -46-48бб.

5 Қарақаралы петициясы және қазақ жерiнiң құқықтық мәселелерi туралы. «Қазақстан Республикасының Конституциясы - демократиялық мемлекеттің дамуының құқықтық негізі : теория және тәжірибе мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция (Алматы к., КИПМО 2005ж. ) ; -82-93бб.

6 Қарқаралы петициясы әкiмшiлiк билiк және сот мәселелерi туралы. КазГЗУ. Мемлекет және құқық институты.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының идеяларының және қағидаларының ережелерін жүзеге асыру мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция (Алматы қ., 2005ж. ) ; -381-392с.

7 Дiн, тiл және бiлiм мәселелерiнiң болашағы туралы саяси-құқықтық ой-пiкiрдiң негiзгi идеялары.

«Қазақстанның демократиялық-құқықтық мемлекет ретінде дамуы және нығаюы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция (Алматы: ҚазГЗА., 2005ж. ) ; -78-89бб.

8 Адам құқы және бостандығы хақында. Д. А. Қонаев атындағы университеттiң хабаршысы № (18) -2006 ж., -17-23

9 Қарқаралы петициясының саяси-құқықтық идеялары және олардың тәуелсіз Қазақстанда іс жүзіне асуының проблемалары. «Казахстанский путь: вопросы политического, правового и экономического обеспечения». Сборник материалов. Международная научно-практическая конференция. 15 декабря, Алматы, университет им. Д. А. Кунаева, 2005г., -33-37

Диссертацияның құрылымы. Диссертациялық еңбек кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан және пайдалынылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

I тарау

XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың бас кезеңiндегi Қазақстанның саяси-құқықтық ой-пiкiрiнiң конституциялық- демократиялық идеяларының қалыптасып, дамуының әлеуметтiк экономикалық және саяси жағдайлары

§1. Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және саяси-құқықтық жағдайы.

Қазақстанның барлық территориясы Ресей империясының құрамына енуi, оның iшкi отарына бiртiндеп айналуы қазақ қоғамының барлық шиелiнестерiн ұшықтыра түсiп, патриархалды өмiр салтын кешiп отырған қазақ халқына күйзелiстер мен экономикалық жағынан ауыр әлеуметтiк жағдайларды тудырды.

Отарлық режим және одан туындайтын тiкелей ұлттық қанау, Қазақстанның қазба байлықтарын, шығарылған өнiмдерiн тонау, талан-таражға салу - патша өкiметiнiң үлкен саясатының бiр ғана саласы едi. 1867-68 жылы енгiзiлген ,, Уақытша ереже Қазақстанның барлық территориясын жасанды бөлiктерге бөлiп, Ресейдiң құрамына бес әкiмшiлiк-аумақ болып енгiзiлдi. Атап айтқанда Сырдария мен Жетiсу облыстары Туркiстан генерал-губернаторлығына, Семей және Ақмола облыстары Батыс-Сiбiр генерал-губернаторына, Торғай облысы Орынбор губерниясына, Бөкей ордасы Астрахань губерниясының құрамына енгiзiлдi. Орал облысы тiкелей Ресейдiң құрамына кiргiзiлдi. Қазан төнкерiсiне дейiн 7 миллионға жеткен [17, 84б; 100, 191б; 64] қазақ халқы ұлттық езгiсiнiң нағыз қанауын өзiнiң басынан кешiрiп жатты.

Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық жағдайы Ресейдiң отарлық саясатына тәуелдi болуға мәжбүр болды. Патша өкiметi орыс капитализмiн шет аймақтарда жедел дамыту мақсатында темiр жолды салуды өзiнiң үлкен стратегиялық саясаты деп санады. Саратов, Орал, Орынбор-Ташкент магистральдарын салып, iске қосу орыс капитализмiнiң Қазақстанда дамуына, оның барлық салаға енуiне тiкелей жағдайлар жасады. Ресей капиталистерi Қазақстаннан өте арзан бағаға мал, терi, май сияқты өнiмдердi Ресейдiң орталық қалаларына жеткiзiп отырды. Сонымен қатар қазақ жерiнен мыңдаған тонналап астық та әкетiлiп жатты. Мысалы, деректерге сүйенетiн болсақ, Ақмола, Семей, Торғай, Сырдарья және Орал облыстарынан 1900-1913 жылдар аралығында 19, 487 мың астық жөнелтiлген [18, с170-195] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарқаралы журналы
1905 жылғы Қарқаралы петициясы
Қазақ жеріне қоныстандырудың күшеюі және қоныс аударушыларға қолдау шаралары
Қазақстан Ресейдегі 1905 - 1907 жылдардағы революция кезінде
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары және Қарқаралы петициясы
Бірінші орыс революциясының қазақ өлкесіндегі қоғамдық-саяси өмірге әсері және Қарқаралы петициясы
Ресейдегі революциялық оқиғалар және олардың Қазақстанға әсері
Қарқаралы петициясы және қазақ қауымы
Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz