Кәсіпорынның қаржы тұрақтануына жетудің теориялық негіздері



КІРІСПЕ

І КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ТҰРАҚТАНУЫНА ЖЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Қаржы тұрақтануы: оның мәні мен қажеттілігі
1.2. Қаржы тұрақтануының құрамы мен құрлымы
ІІ “ОБЛЖЫЛУКОММУНҚУАТ” ЖОМКК . НЫҢ
ҚАРЖЫ ТҰРАҚТАНУЫНА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫН ТАЛДАУ
2.1. “Облжылукоммунқуат ”ЖОМКК.ның
2005.2006 шаруашылық жылдарын талдау
2.2. “Облжылукоммунқуат ” ЖОМКК.ның
қаржы экономикалық қызыметін талдау
2.3. “Облжылукоммунқуат ” ЖОМКК.ның
қаржы . шаруашылық қызметін талдау
2.4. Дебиторлық және кредиторлық қарыздарының
құрылымын талдау
2.5. Дебиторлық қарыздармен кредиторлық қарыздардың
айналымдығын талдау

ІІІ “ОБЛЖЫЛУКОММУНҚУАТ” ЖОМКК.НЫҢ
ҚАРЖЫ ТҰРАҚТАНУЫНА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ

3.1. Кәсіпорынның кредиторлық және дебиторлық қарыздарды басқару
бойынша ұсыныстар

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗ ТІЗІМІ
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржы – экономикалық қызметінің маңызда сипатамасы болып табылады. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы қаржы ресуртарының болуын, орындалуын және пайдалануын көрсетіп көрсеткіштермен сипатталады. Кәсіпорындардың жаппай төлемге қабілетсіздігі және олардың көптегеніне банкроттық процедурасын іс- жүзінде қолдану жағдайында олардың қаржы жағдайына обьективті және дәл баға беру алғашқы кезектегі мәселе болып табылады. Белгілі бір мерзімге қаржы тұрақтылығын анықтау кезінде кәсіпорынның кезең ағымында қаржы ресуртарын қаншалықты дұрыс басқарғандығына жауап алуға балады. Егер кәсіпорын қаржы жағынан тұрақты, төлемге қабілетті болса, онда оның басқа кәсіпорындар алдында инвестицияны тарату кезінде, несиелерді алуда, жабдықтаушыларды таңдау және маманданған кадрларды іріктеу кезінде артықшылығы бар. Сонымен бірге, ол мемлекетпен және қоғаммен дау-жанжалға түспейді. Өйткені, бюджетке салықты, әлеуметтік қорларға қаржыларды, жұмысшылар мен қызметкерлерге - еңбек ақыны, акционерлерге дивидентерді уақтылы төлейді, ал банктерге несие қайтарымы мен олар бойынща процеттердің төлеміне кепілдік береді.
Неғұрлым кәсіпорынның тұрақтылығы жоғары болса, соғұрлым ол нарық конъектурасының кездейсоқ өзгерісіне тәуелсіз және соғұрлым банкроттық щегігде даму тәуекелдігі төмен.
1. Қазақстан Республикасының заңы «О защите и поддержке частного предпринимательства» (04.7.1992г.)
2. Қазақстан Республикасының заңы «О государственной поддержке малого предпринимательства». (13.06.1997г.).
3. Концепция перехода Казахской ССР к регулируемой рыночной экономике. // Казахстанская правда от 18 августа 1990г.
4. Государственная программа «Социально-экономическое развитие села на 2000-2005гг.» //Казахстанская правда от 19.08.2000г.
5. Ашимбаев Т.А. «Экономика Казахстана на пути к рынку: тенденции и размышления». Алматы. Казахстан, 1994г.
6. «Экономика Казахстана на пороге ХХI-века». Коллективная монография. –Алматы, изд. «Экономика», 1998.
7. Бердалиев К. «Основы управления экономикой Казахстана». Алматы, Экономика, 1998 – 148с.
8. Бердалиев К и др. «Менеджмент òåîðèÿñû ìåí ò¸æiðèáåñi. Íåãiçãi ì¸ñåëåëåð. -Алматы, ЮТА, 2002.
9. Сейтказиева А.М. «Инвестиционная деятельность предприятий Республики Казахстан». -Алматы, Экономика, 1999 – 160с.
10. Лукасевич Н.Я. Анализ финансовых операций. Методы, модели,
техника вычислений. - М.: Финансы, ЮНИТИ, 2001. - 400с.
11. Маркорьян Э.А., Герасименко Г.П. Финансовый анализ. - М.:
ПРИОР,2000.-175с
12. Новикова М.В. Финансовая отчетность в условиях
гиперинфляции - Бухгалтерский учет. - 2000. - № 6. - С.54-60.
13. Пятов М.Л. Относительность оценки показателей бухгалтерской
отчетности - Бухгалтерский учет. - 2000. - № 6. - С. 39-48.
14. Лысакова Н. Управление каналами сбыта товаров промышленного
назначения // Маркетинг. 2000. № 2. С. 42 - 46
15. Гранберг А. «Основы региональной экономики: о структуре, методологии и содержании». -М.: ГУ ВШЭ, 2000г.
16. “Облжылукоммунқуат” ЖОМКК – ның жылдық статистикалық және қаржылық есеп беру үлгілері (есеп беру құжаттары үлгі №1, №2, №3, 1-МП).

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

І КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ТҰРАҚТАНУЫНА ЖЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Қаржы тұрақтануы: оның мәні мен қажеттілігі

2. Қаржы тұрақтануының құрамы мен құрлымы
ІІ “ОБЛЖЫЛУКОММУНҚУАТ” ЖОМКК – НЫҢ
ҚАРЖЫ ТҰРАҚТАНУЫНА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫН ТАЛДАУ
2.1. “Облжылукоммунқуат ”ЖОМКК-ның
2005–2006 шаруашылық жылдарын талдау
2.2. “Облжылукоммунқуат ” ЖОМКК-ның
қаржы экономикалық қызыметін талдау
2.3. “Облжылукоммунқуат ” ЖОМКК-ның
қаржы – шаруашылық қызметін талдау

2.4. Дебиторлық және кредиторлық қарыздарының
құрылымын талдау

2.5. Дебиторлық қарыздармен кредиторлық қарыздардың
айналымдығын талдау

ІІІ “ОБЛЖЫЛУКОММУНҚУАТ” ЖОМКК-НЫҢ
ҚАРЖЫ ТҰРАҚТАНУЫНА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ

3.1. Кәсіпорынның кредиторлық және дебиторлық қарыздарды басқару
бойынша ұсыныстар

Қорытынды

Қолданылған дереккөз тізімі

Кіріспе

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы нарықтық экономика жағдайында
кәсіпорынның қаржы – экономикалық қызметінің маңызда сипатамасы болып
табылады. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы қаржы ресуртарының болуын,
орындалуын және пайдалануын көрсетіп көрсеткіштермен сипатталады.
Кәсіпорындардың жаппай төлемге қабілетсіздігі және олардың көптегеніне
банкроттық процедурасын іс- жүзінде қолдану жағдайында олардың қаржы
жағдайына обьективті және дәл баға беру алғашқы кезектегі мәселе болып
табылады. Белгілі бір мерзімге қаржы тұрақтылығын анықтау кезінде
кәсіпорынның кезең ағымында қаржы ресуртарын қаншалықты дұрыс
басқарғандығына жауап алуға балады. Егер кәсіпорын қаржы жағынан тұрақты,
төлемге қабілетті болса, онда оның басқа кәсіпорындар алдында инвестицияны
тарату кезінде, несиелерді алуда, жабдықтаушыларды таңдау және маманданған
кадрларды іріктеу кезінде артықшылығы бар. Сонымен бірге, ол мемлекетпен
және қоғаммен дау-жанжалға түспейді. Өйткені, бюджетке салықты, әлеуметтік
қорларға қаржыларды, жұмысшылар мен қызметкерлерге - еңбек ақыны,
акционерлерге дивидентерді уақтылы төлейді, ал банктерге несие қайтарымы
мен олар бойынща процеттердің төлеміне кепілдік береді.
Неғұрлым кәсіпорынның тұрақтылығы жоғары болса, соғұрлым ол нарық
конъектурасының кездейсоқ өзгерісіне тәуелсіз және соғұрлым банкроттық
щегігде даму тәуекелдігі төмен.
Қаржы тұрақтылығын талдаудың әртүрлі әдістемелері бар. Біздің
елімізде экономикалық дамыған елдердің тәжірбиесі бойынша коэффициентер
жүйесін есептеу мен қолдануға негізделген әдістеме кезінен таралған.
Нарықтың экономикаға өту кәсіпорындардан ғылыми-техникалық прогрестің
жетістіктерін, шаруашылықты жүргізу және өндірісті басқарудың тиімді
формулаларын енгізу негізінде өндірістік тиімділігін, өнім мен қызметтің
несиелік өабілеттілігін жоғарлатуды, кәсіпкерлікті бесендіруді талап етеді.

Бұл міндетті жүзеге асыруда шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қызметін экономикалық талдау маңызды орын алады. Оның көмегімен
кәсіпорынның даму стратегиясы мен тактикасы өңделеді, жсопарлар мен басқару
шешімдері негізделеді, олардың орындауына бақылау жүгізіледі, өндіріс
тимімділігін арттыру резервтері айқындалады, кәсіпорынның, оның құрылымдық
бөлімшелері мен жұмысшыларының қызметі нәтижелері бағаланады.

І КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ТҰРАҚТАНУЫНА ЖЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Қаржы тұрақтануы:оның мәні мен қажеттілігі
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер
және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік
қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды
қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй"
дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы
әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет
"Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны
қалыптастыру кездерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни
пассивтер) сипатталады" деп жазған. Профессор Н.А Русак (3) бұл үғымды
былайша анықтайды: Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау,
тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
кәсіпорының қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері
үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа
сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық
субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және
қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі
оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді".
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы
ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп
жазады.
М. Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын
былайша түсіндіреді: "Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда
барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер
жиынтығы".
Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті
жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы
кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын
куәландыруы тиіс.
Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының
үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды
ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық
тұрақтылыгын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің
қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз
етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыгы нені білдіреді? Бұл сұрақ та
арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық
тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс
процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп
түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының
байланысы деп жазады (6).
Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар,
материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды
жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол
бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық
субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады.
В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді:
"Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән
айнасы -қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін
пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу
процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қәсіпорынды кеңейтуге
және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыланды-ратын кәсіпорынның қаржы
ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы
тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар
одан әрі мына анықтаманы келтіреді.
"Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділікті мүмкін болатын
деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып,
табысты есіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның
дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы",
В.Г. Артеменко мен М.В, Беллендир бұл ұгымды былай түсіндіреді:
"Қаржылық түрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол
ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді
пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай
жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылык барлық өндіріс-шаруашылық қызметі
процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі
бөлігі болып табылады" (9). Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол
ең апдымен әрдайым табыстың шығындардан артуын қамтамасыз ететін ақша
ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді
(жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және
оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен,
жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде
болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп
айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында
өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де
әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіңдей
дәрежеде табыс қалуы қажет.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр
түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар
бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы қолма-қолсыз немесе қолма-қол ақшамен
есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Алайда, кез-келген ақша операциясы, мәміле қаржы операциясына жата
бермейді. өйткені ақша түрі құндық экономикалық категориялардың – бағаның,
еңбекке ақы төлеудің, қаржының, кредиттің көмегімен болатын қоғамдық
өнімнің барлық құнының қозғалысын ортақтастырып, жүзеге асырады.
Қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық
жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірісітің түрлі субъектілері арасындағы
бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді,
сондықтан оның ролі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша
қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу
процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамының түпкілікті пайдалануға
жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісі болып
табылады.
Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кем. Қаржы тек ақша
қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысы мен
байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары
қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы,
шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау,
өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляцияалау және
өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша
айналысын реттеу және басқалары кірмейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да
айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған
өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы –
жалпы ішкі өніммен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық
тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол
өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта
болады. Қаржы өндірістік қатынастардың белгілі бір сферасын білдіреді және
базистік категорияға жатады.
Қаржыны экономикалық катеогиялық қатарынан бөліп алу үшін қаржы
құбылысын қарастырудан оның мәнін – зат болмысының барлық әр алуан
нысандарының бірлігін білдіретін оның ішкі мазмұнын зерттеуге көшу қажет.
Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық
қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық
қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өндірістік қатынастарға кіреді .

ІІ “ОБЛЖЫЛУКОММУНҚУАТ” ЖОМКК – НЫҢ
ҚАРЖЫ ТҰРАҚТАНУЫНА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫН ТАЛДАУ
2.1“Облжылукоммунқуат ”ЖОМКК-ның
2005–2006 шаруашылық жылдарын талдау
Қазіргі таңда кәсіпорын тиімділігін жоғарылату мақсатындағы басқару
шешімдерін жасап, қабылдауға жауапкершілігі жоғарылап барады. Субъектінің
өндірістік, коммерциялық, қаржылық және басқа да қызметтерінің нәтижелері
өзара және басқа да қызметтерінің нәтижелері өзара және жалпы көрсеткішпен
әртүрлі деңгейде байланысқан факторларға тәуелді. Олардың ықпалдары күшіне,
өзгешелігіне және уақытша байланысты әртүрлі болады. Оларды тудыратын
себептер де әртүрлі.
Олардың бағытын, белсенділігін және ықпал ету уақытын ашпай және
бағаламай өндіріс тиімділігін жоғарылату мүмкін емес.
Аталмыш күрделі жұмысты кәсіпорын қызметінің негізгі қаржы –
экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу арқылы орындауға болады.
Оның негізгі міндеті - өндіріс тиімділігін жоғарылату резервтерін ашу және
іс жүзіне асыру.
Талдау барысында бухгалтерлік және статистикалық есеп беру формалары
қолданылады. Аталмыш құжаттың мәліметтері келесі кестеден көрініс табады.
Кесте 1
“Облжылукоммунқуат” ЖОМКК – ның 2005-2006 жж. негізгі технико-экономикалық
көрсеткіштері 33

№ Көрсеткіштер Өлшем 2005ж. 2006ж. Ауытқу (+;
бірл. - )
1 Өндірілген өнім м.тг. 243898 256115 12217
көлемі (тауар,
қызмет)
2 Өткізілген жылу м.тг. 187377 198106 10729
энергиясынан табыс.
3 Өткізілген жылу м.тг. 178093 201803 23710
энергиясының
өндіріс құны.

1 – кестенің жалғасы
4 Жалпы кіріс (шығыс) м.тг. 65804 54312 -11492
5 Негізгі қызметтен түскен м.тг. 187377 198106 10729
табыс (зиян)
6 Қызметкерлердің орта Адам 491 495 4
тізімдік саны, соның
ішінде: адам 410 411 1
- жұмысшылардың
7 Еңбек ақы қоры, соның м.тг. 43626,5 55858,3 12231,8
ішінде 31682,0 40642,7 8960,7
- жұмысшылардың
8 Негізгі құралдардың орта м.тг. 217717 245925 28208
жылдық құны.
9 Қор қайтарымы тг. 1,12 1,04 -0,08

Кесте 1 – ден көріп отырғанымыздай, жалпы өткізілген (өндірілген) өнім
көлемі (қызметі) 2005 жылы 243898 мың теңге болса, 2006 жылы 256115 мың
теңге болды, яғни есепті жылы 12217 мың теңге өсіп отыр. Ал негізгі
қызметтен түскен түсім 2005 жылы – 187317 м.тг. құраса, 2006 жылы – 198106
м.тг құрап отыр, яғни 10729 мың теңге өсіп отыр.
Ал өзіндік құны - өткен жылда – 178093 мың теңге болса, есепті жылы –
201803 мың теңге болды, яғни асыра орындалып отыр.
Ал жалпы кәсіпорында жұмысшылар саны 2005 жылы – 410 адам болса, 2006 жылы
– 411 адам болды, яғни 1 адамға көбейіп отыр, ал жалпы қызметкерлердің
тізімі 4 адамға есепті жылы көбейді.
Еңбек ақы 2005 жылы – 43626,5 мың теңге болса, 2006 жылы – 55858,3 мың
теңге, яғни есепті жылға 12231,8 мың теңгеге өсті. Ал оның ішінде
жұмысшылардың жылдық еңбек ақысы есепті жылы 8960,7 мың теңгеге өсті.
(40642,7 – 31682,0).
Кәсіпорындағы негізгі құралдардың 2005 жылығы құны – 217717 мың
теңгені құрасы, 2006 жылы 245925 мың теңгені құрады, яғни 28208 мың
теңгеге артық қосымша құрал – жабдықтар сатып алынған. Сол сияқты
жұмысшылар санының көбеюіне байланысты еңбек ақы қоры да өсіп отыр. Және
де негізгі қордың қор қайтарымы өткен жылғыдай 0,08 теңге орындалып отыр.
Келесі кезекте осы еңбекақы қорының өсуі еңбек ресурстарының тиімді
пайдаланылуына қаншалықты әсер еткенін бағалау мақсатында еңбек өнімділігі
көрсекіштері талданады.
Кесте 2
“Облжылукоммунқуат” ЖОМКК – ның еңбек ресурстарын тиімді пайдалану
көрсеткіштері 33
№ Көрсеткіштер өлшем 2005 ж 2006 ж ауытқу
бірл. (+; - )
Өткізілген өнім көлемі м.т.г 243898 256115 12217
(қызмет )
Жұмысшылардың орта адам 410 411 +1
тізімдік саны
Еңбек өнімділігі тг. 594873,2 623150,1 28276,9

Кесте мәліметтері көрсетіп отырғандай, 2006 жылы “Облжылукоммунқуат”
ЖОМКК – ның жұмысшыларының еңбек өнімділіг 28276,9 теңгеге өсіп отыр. Бұл
көрсеткіш кәсіпорындағы еңбек ресурстарының тиімді пайдаланылғанын
көрсетеді. Бұл көрсеткіш, сонымен қатар еңбек ақы қорының үнемді
пайдаланылғанын да көрсетеді.
Негізгі құралдардың тиімді пайдаланылуын қор қайтарымы, қор сиымдылығы
көрсеткіштерімен сипатталады. Бұл көрсеткіштерге баңа беру үшін келесі
кесте құрылады.

Кесте 3
Кәсіпорынның негізгі құралдарының тиімді пайдалану көрсеткіштері 33
№ Көрсеткіштер өлшем 2005 ж 2006 ж ауытқу
бірл. (+; - )
Өткізілген өнім көлемі м.т.г 243898 256115 12217
(қызмет )
Негізгі құралдардың орта м.т.г 217717 245925 28208
жылдық құны.
Қор қайтарымы тг. 1,12 1,04 - 0,08
Қор сиымдылығы тг. 0,89 0,96 + 0,07

Кестеден көріп отырғанымыздай негізгі құралдардың орта жылдық құны
28208,0 мың теңгеге өскен. Қор қайтарымы 0,08 теңгеге кеміген, ал қор
сиымдылығы 0,07 теңгеге өскен.
Соңғы екі көрсеткіш негізгі құралдардың келесі жылдардағы тиімді
пайдаланғанын көрсетеді. Негізгі құралдардың тиімді пайдаланылуы
нәтижесінде қызмет көрсетуден табыс 19674,0 мың теңге артық алынды ((1,04
– 1,12)*245925).
Материал ресурстарының тиімді пайдаланылу көрсеткіштеріне материал
қайтарымы және материал сиымдылығы жатады. Бұл көрсеткіштерді бағалау үшін
келесі кесте құрылады.

Кесте 4.
Кәсіпорынның материал ресурстарын тиімді
пайдалану көрсеткіштері 33
№ Көрсеткіштер өлшем 2005 2006 ауытқу
бірл. (+; - )
Өткізілген өнім көлемі м.тг 243898 256115 12217
(қызмет )
Материал шығындары м.тг 138735 156974 18239
Материал қайтарымы тг. 1,76 1,63 - 0,13
Материал сиымдылығы тг. 0,57 0,61 0,04

Кестеден көріп отырғанымыздай материал шығындары 18239 мың теңгеге
өскен, ал матерал қайтарымы 0,13 теңгеге төмендеген, материал сиымдылығы
0,04 теңгеге өскен. Бұл мәліметтер материал ресурстарының тиімсіз
пайдаланылғанын көрсетеді. Материал ресурстарының тиімсіз пайдаланылуы
нәтижесінде кәсіпорын қызмет көрсетуден 20406,62 мың теңгеге кем табыс
алған ((1,63 – 1,76) х 156974).
Сонымен кәсіпорын өз шаруашылық қызметін ойдағыдай атқарып жатқан жоқ.
Кәсіпорынның қызмет көрсетуден түскен табысы өскенімен өндірістік шығындар
өсімі жоғары болған. Нәтижесінде кәсіпорын негізгі қызметінен жалпы зиян
шеккен. Сонымен қатар өндірістік ресурстарын да тиімді пайдалана алмаған.
Осы жағдайларды ескере отырып, кәсіпорынның қаржы жағдайына қаншалықты
әсер етіп жатқанын бағалау мақсатында келесі кезекте кәсіпорынның қаржы
жағдайы бағаланады.
Баланс активі кәсіпорын меншігіндегі капиталдың орналасуы туралы
мәліметтер, яғни нақтылы мүліктерге және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығында сатып алу-сату
Қаржы тәуекелдерін басқару
Қаржылық тәуекелдердің сыныпталуы
Өнеркәсіп құрылымын ұйымдастыру және жетілдіру проблемалары мен шешу жолыгдағы тиімді ұсыныстар даярлап теориялық негіздеу
Тәуекелдердің мәні мен түсінігі
Кәсіпкерлік қызмет –экономикалық категория
Міндетті зейнетақы төлемдер
Нарықтық экономика ұғымы
Оңтүстік Қазақстан облысының біріккен кәсіпорындарының қаржыларын ұймдастырудың теориялық негіздері
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау механизмдері
Пәндер