Қазақтың ұлттық спорт ойындары


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Қазақтың ұлттық спорт ойындары

«Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау - ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оны одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер туғызады». Дәл осы жағдай қазақ ұлт ойындарының даму тарихына да қатынасы болса керек. Халықтың ұлттық және спорттық ойындарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптасу кезеңдері, тәрбиелік маңызы халықтың саяси әлеуметтік - экономикалық дамуының негізінде болды. Қазіргі кемеліне келген маркстік тарихи ғылымдарының дәлелдеуі бойынша күні бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған күнінен, демек Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Сонан бері біздерге жетіп, ойналып жүрген ұлт ойындарының ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, қарагие тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында Э. Маккей « . . . бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалық одақтардың арасында тарағанға ұқсайды» - дейді. Сондай-ақ мұндай пікірлерді Венецияның саяхатшысы Марко Поло да қостайды. Ол өзінің Жетісу бойында болған сапарында көрген «Қызбөрі» ойыны да Қазақстан территориясындағы тайпалардың пайда болған кезінен яғни таптық қатынаспен бірге туғандығы жайлы ескертеді.

Ойын - бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Ойын балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды орын алады. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір cүpіп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп, ұғынады. Әрине, тек көру, байқау арқылы емес, тікелей араласып, іc-әрекетке көшіп, нақты қарым-қатынас барысында біледі. Мұны ұғынуда ойын шешуші мәнге ие болады. Былайша айтқанда, түрлі заттар мен құбылыстарды, адамдар арасындағы қарым- қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады. Баланың таным түсінігі, іc-әрекеті ойыннан бастау алады да, оның ұшығы болашақ өмірінде жалғасын табады. Ойын екі түрлі уақыттық бағытта әсер етеді: қазіргі және болашақта. Бір жағынан, бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан, ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені, ойын барысында келешек өміріне ықпал ететін сапалық қасиеттермен дағдылар, икем қалыптасады.

Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі - ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы бір жүйеге келтіретін тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Ұлт ойындарын отбасы тәрбиесінен бастап мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады.

Біздің, әсіресе ұлттық ойындардың тәрбиелік мүмкіндіктері мол екеніне көзіміз жетті. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі ұрпаққа мирас етіп кеткен. Солардың бірі - ұлт ойындары. Ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, оның таным - түсінігін де арттырады. Ойнай білген бала сол халықтың мінез құлқынан, ой санасынан, тұрмыс салтынан хабар алады.

Ұлт ойындарын отбасы тәрбиесінен бастап мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында, үзілісте де, бос уақыттарда өткізілетін кештер мен ертеңгіліктерде дидактикалық қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Бұл тек белгілі ойындарды ойнатып қана қоймай, ұлттық ойындарға арналған мерекелер өткізу, белгісіз түрлері туралы деректер жинастыруды көздейді. «Ой - ойыннан басталады» десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің қолданатын басты тәсілі - ойын.

Қазақ елінің ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке енді ғана қолы жетсе, оны ілгері өркендетіп, өркениеттілікке жеткізу бүгінгі бала, ертеңгі күннің еңбеккерлеріне байланысты. Сондықтан еліміздің болашақ ұрпақтары бойына өмірге лайықты жаңа қасиеттер қалыптастыруды мектепке дейгі кезендгі тәрбиеден бастау - шешуші мәнге ие болатыны шындық. Адамның болашағын шешетін тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанынен, оны педагогикалық, психологиялық тұрғыдан келгенде қалай жүргізу керек, қалай ұйымдастыру керек деген мәселе күн тәртібінен түспейтіні ақиқат. Адамзат өмірінде тәрбие мәңгілік категория болса, оны ұйымдастыру, жүзеге асыру ешбір кезде есірмейтін, қайта уақыт озған сайын жаңарып, жасарып, әpбip кезеңнің талабына лайық жетіліп отыратын құбылыс. Өмірге шыр етіп келген нәрестенің сәбилік шағынан бастап қажетті деп танылатын адамгершілік салаларды меңгерту ойынға байланысты. Баланың ойын кезіндегі қимыл - қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, іс-әрекеттегі амал-тәсілдері ой сананың дамуына ықпал етсе, ал қарым-қатынастағы пайымдаулары-өзіндік таным-түсінік, мінез-құлық әдептерін бекітеуге әсер етсе, осының бәрі тұтаса келіп жеке тұлғаның пішін-болмысына, кісілік келбетіне, көзқарас нышандарының өркендеуіне жол ашады. Баланың бүгінгі ойынынан бастау алған іc-әрекет, түсінік, таным, ұғым, әдет, машық, дағды, мінез, қарым-қатынас нышандары дами келіп, жеке тұлғанын тіршілігінен жалғасын тауып, олардың қоғамда атқаратын еңбегімен ұштасатындығы ақиқат. Бұл күнделікті өмір ағысы жан-жақты айқъндап отырған бұлтарыссыз шьндық. Осы тұрғыдан келгенде, әр саладан келіп тоғысатын күрделі мәселелердің бірі - ойын туралы педагогика, психология, философия, медицина т. б. ғылым жүйесінде сан алуан зерттеулер, әртүрлі ториялық бағдарлар мен ғылыми топшылар, түрлі-түрлі қайшылықтар бар екендігі де белгілі.

Халқымыздың даму тарихына көз салсақ, әрбір заманның уақыт деңгейіндегі талап-тілікке орай үйлесім тауып ойынның түрі, мән мазмұны, ұйымдастыру жолдары тиісті дәрежеде өpіc алып, дамып, өзгеріп, жетіліп отырған құбылыс. Әдетте, бала ересек адамдар өмірінен көрген, байқаған сезім әрекеттеріне еліктеп, оны ойынға айналдырып және түрлі ойыншықтар мен заттарды пайдаланып ойнайды. Ойынға жанұядағы, көрші-қолаңдағы өзі тетелес балалар, peтi келсе, ересек адамдар да араласады.

Мектепке дейінгі қоғамдық орындардағы тәрбиеде ойынның мән-мазмұны әлеуметтік, қоғамдық жағдайымен шарттас. Заманның уақыт тілегі мен талабынан туатын қарым-қатынас, өмірдің өзінен бастау алатын еңбектің түрлі сипаттары, адамдардың ара-қатынасындағы бауырмалдық, өзара қамқорлық, дәстүр, салт-санадағы ізгілікті кісілік келбет - бала ойынына әсерін тигізіп, өміршең өзгерістерге түcipіп отыратын ic-әрекеттің ұйтқысы. Ойынның барысынан бастау алатын мектепке дейінгі кезеңдегі тәлім-тәрбие қазақ елінің болашақ қайраткеріне тән азаматтық кескін-келбет нышандарында бағдар беретін және ұлттық болмысына сіңісті адамгершілікті бойға терең дарытып, дағдысына сіңірудегі тиімді жол, өміpшең негіз. Өйткені сәби кезде бойға егілген тәлім-тәрбие нышандары есейгенде де өзінің өнегелік өрнектерін жоғалтпайтындығын ескертіп, ұлылығын бүкіл әлем халқы мойындағын заманымыздын заңғар жазушысы М. Әуезов былай деп жазды: " . . . бала қандай оқысын, қандай үлгісі мол ортада жүрсін, әуелі анадан алған өрнек ішкі сырының арқауы болады . . . Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең тағылымыңды, бесігіңді түзе". Өнеге тұтар даналық ойды жүзеге асыру - отбасынан, балабақшадан басталса, балаларды адамгершіліке тәрбиелеудің тиімді құралы ойын екенің ескеру парыз. Балалық кездегі ойынды тәрбие мәселесінен бөлуге болмайды. Екеуі бірлікте қаралады. Мектепке дейінгі жастағы жеткіншектерге өнегелі әдеп, үлгі боларлык машықтық дағды сіңірудің тиімді құралы - халқымыздың ұлтық ойындары екенін қалтқысыз мойындап оны күнделікті тәлім тәрбие ісінде ретті пайдалану әрбір ата - ананың, тәрбешиінің парызы деп Ұғынуға тиістіміз. Ойын мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбиенің ең тиімді құралы екенін ecкepіп, одан ғапыл қалмай, көрсетілген әдістемелерді ілгері жетілдіре беру - жас мемлекеттің болашақ ұрпақтарының бойына адамгершілік, мейірімділік әдептерін сіңірудің бүгінгі нышаны, ертенгі кең арна салар қайнар көзі, бастауы болмақ. Қазақ халқының ұлттық, ойындарының мазмұны, тілі мектепке дейінгі жастағылардың таным-түсінігіне үйлесімді. Сондықтан ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, халықпен бipre жасауда. Бала жасының өcyi, қоршаған айналасын тазамануы, түсінік деңгейінің кеңеюуінде ойынның күрделенуінің де әсері мол. Баланың үлкені кішісіне қамқорлық жасап, достық қарым-қатынасының берік, бауырмал болуы олардың жастайынан біpге ойнап, бірге өсуімен де байланысты. Өйткені ойын балалардың бірлігін нығайтады, мүддесін біріктіреді. Ал ондай қатынас болмаса, бip отбасындағы балалардың өзі де біp-біpінe салқын, жат-бауыр, керек десе біpін-біpі жек көруге дейін баратын кездері де байқалып қалады. Осы айтқан ойымызға дәлел ретінде 1998 ж. "Бастауыш метеп" журналының №8-9 санында Ә. Тоқбергенов пен Б. Сайлыбаевтың "Ұлттық ойындар - тәрбие құралы " атты мақаласында, Н. К. Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мән бергендігі жайлы, қандай ойын болмасын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы - баланы мұхиятылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта болуға үйретеді деген. .

Ал заманымыздың талантты педагогы В. А. Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» - деп санайды. Сол сияқты заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарының бірі М. Әуезов ұлттық ойындарға зор көңіл бөле отырып, мынандай пікір айтқан: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінігімше, көңіл көтеру, жұрттың өзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған».

Ұлт ойындары тақырыбына, мазмұнына көзделген мақсатына байланысты, негізінен, үш салаға бөлінеді. Атап айтқанда: ойын-сауық, тұрмыс салт ойындары және оймен келетін ойындар.

Ақ сандық, көк сандық. Мұнда екі ер бала арқаларын беpiп «ақ сандық - көк сандық» деп бірін-бipi көтереді. Күш көрсетеі. Дене шынықтырады. Көтере алмағандары ұтылады, ұялады. Көтеретін жаққа көтермейтін жақ алінің жеткенінше жатып алады.

Балтам тап ойыны той-думан қызып, іргелі ойындар басталмай тұрып, зеріккенде ойналады. Ойын тәртібі: шеңберлене отырған топтың ішінен бірінші ойнаушы: Босқа қарап отырғанша, «Балтам тап» ойнайық деп басқалармен келісіп алады да:-Балтам тап, - деп қасындағы көршісін иыққа нұқып қалады. Ол:

- Қашан алдым балтаңды? деп, әлгі ойыншының өзін нұқиды. Осы тәртіп, осы сөз қайталана береді.

«Жаңылма». Бiр топ ойыншылар, қол ұстасып, дөңгелене тұрып, ортасынан санамақ айтып, бiр баланы ортаға шақырады. Шыққан бала өлең, тақпақ, әңгiме айтып тұрып, кез келген жерден түрлi қимыл жасайды. Мысалы: басын сипайды, көзiн қысады, жата қалады. Осы iстелген қимылдарды қайталай алмаған ойыншы айыпты болып, өлең айтады, қызықты әңгiме айтып күлдiредi.

«Байқап қал». Бұл ойынға балалар екi топқа бөлiнiп қатынасады. Екi топ өздерiне басшылар тағайындайды.

Олар үстел үстiне 15-20 ұсақ нәрселердi қойып бетiн шүберекпен жабады, екi жағының да топ басқарушылары өзгелерге көрсетпей, стол үстiндегi нәрселердiң тiзiмiн жазып алады. Балаларға бiр минөт үстел үстiндегi заттарды көрсеткеннен кейiн оларды шығарып жiберiп, өздерi көрген нәрселерiнiң тiзiмiн жазып келулерiн тапсырады. Қай топтың балалары үстел үстiнен көрген нәрселердiң түрiн көп жазып келсе, сол топ ұтқан болып саналады.

Санамақ. Ойын көру, ойда сақтау қабiлетiн жетiлдiре түседi.

Бiр дегенiм - бiлеу

Екi дегенiм - егеу

Үш дегенiм - үскi

Төрт дегенiм - төсеу

Бес дегенiм - бесiк

Алты дегенiм - асық

Жетi дегенiм - желке

Сегiз дегенiм - серке

Тоғыз дегенiм - торқа

Он дегенiм - оймақ

Он бiр қара жұмбақ.

Саусақ санау.

Қуыр - қуыр қуырмаш,

Балапанға бидай шаш.

Тауықтарға тары шаш,

Әжең келсе, есiк аш,

Қасқыр келсе, мықтап бас.

Мына жерде қой бар,

Мына жерде ешкi бар,

Мына жерде сиыр бар,

Мына жерде түйе бар,

Мына жерде жылқы бар,

Мына жерде күлкi бар,

Қытық, қытық!

Бес саусақ

Бiр

Бiлән,

Кәлен,

Кәтiс,

Отыз.

Ұшты - ұшты». Ойын басқарушыны сайлап алдыға шығарып, қалған ойыншылар сапқа тұрады. Ойын басқарушы «Ұшты - ұшты құс ұшты» деп айтады. Бұл сөзге топтағы ойыншылар қолдарын жоғары көтеру керек. Ал «ұшты - ұшты парта ұшты» десе қол көтермеу керек.

Шалма. Ойыншылар ойнайтын жердi таңдап алғаннан кейiн, ұзындығы 10 метр жерге қазық қағылады немесе бұтағы бар томарша қойылады. Содан жаңағы қазыққа еркiн жететiндей арқанды шалмалап, iлмектеп жасайды. Өз арасынан жүргiзушi сайлап, соның айтуымен кезектесiп қазыққа шалма лақтырады. Ол үшiн ойыншы арқанның бiр ұшын сол қолымен ұстап тұрады. Кiм көп шалма салса - сол жеңгенi болып белгiленедi. Жеңушi құрметiне өлең айтылып, би биленедi.

«Дүмпiлдек» Өте көне ойындарының бiрi - дүмпiлдек. Ойын шилi, тырбық қарағанды, жыралы, шықпыл жерлерде ойналатын болған. Жиналған ойыншылар екi топқа бөлiнедi, бiр тобы «қойлар», екiншi азырақ топ «қасқырлар» болады. «Қасқырлар қойларды аңдиды». Ал « қойлар қасқырлардың» көзiне түспеуге, ұстатпауға тырысады. Ойын «қасқырлардың» «қойларды» түгелдей ұстауымен аяқталып, қайта жалғасып отырады. Ойыншылар орын ауыстырады.

«Қарт-құрт». Ертеден келе жатқан ұлт ойындарының бiрi - қарт - құрт ойыны. Жасөспiрiмдер жиналып, өзара келiсе отырып, тең екi топқа бөлiнедi. Жүргiзушiнiң айтуымен екi топтан екi ойыншы қарама - қарсы екi жаққа, белгiленген бұтаның түбiне жiберiледi. Олар басқа ойыншыларға көрсетпей, бiр таса жерге сызып, белгiлер салады. Олар қайтып оралғаннан кейiн, екi топтың ойыншылары қарсыластарының салған белгiлерiн тауып, өшiрiп тастайды. Сонан соң екi топтың ойыншылары ортаға қайта жиналып бiрiгедi де, барлығы бiр жерге жүрiп, белгiлердi көрiп, өшiрiлмей қалғандарын санап шығады. Қай топтың салған белгiлерi көбiрек өшiрiлмей қалса, сол топ жеңiп шығады. Ұтқан жағы ұтылғандарға ұпай салады. Ойын жалғаса бередi.

«Ақсүйек». Ақсүйек қазақ жастарының арасында кеңiнен таралған ойындардың бiртүрi. Ойын жаздың айсыз қараңғы түндерiнде ойналады. Ол үшiн шөптесiн кең алаң таңдалынып алынады. Ойын жүргiзу үшiн iрi қараның, жылқының түйенiң кепкен жiлiк сүйегi немесе көбінесе аппақ қып жонылған, уыстап ұстауға ыңғайлы ағаштан жасалады.

Ойын түнде өткiзiледi. Ақсүйек ойыны екi командаға бөлiнiп ойналынады да, олардың әр қайсысына жанама ат қойылады. Төрешi ойынды басқарады. Екi команданы көлденең мәре сызығына тұрғызып, қолдағы ақсүйегiн ойын алаңына лақтырады. Төрешi белгi берген соң, сүйектi iздеуге шығады. Ойын шарты бойынша ақсүйектi тауып алған ойыншы өз командасының жанама атын дауыстап айтуға мiндеттi. Ойыншының дауысын естiген өз командасының ойыншылары оның мәреге жетуiне көмектесуге күш салысады, қарсы команданың ойыншылары қолынан ақсүйектi тартып алып, төрешiге жеткiзуге әрекет жасайды. Ақсүйекке талас кезiнде ойыншыларға денеден, киiмнен ұстап, аяқтан шалып, қолмен ұруға болмайды. Тек қана қолдан ұстауға рұқсат етiледi. Сүйектен жолда айырылғандар қарсы жаққа өтiп отырады да, қай команда белгiлi уақыт iшiнде көп адамнан айырылса, сол команда жеңiлген болып есептеледi. Жеңiлген жақ жетекшiсi не топтың бiр мүшесi қарсы жақтың айыбын өтеп,, көптi күлдiретiн бiр өнер көрсетедi. Ойын аяқталады. Ақсүйек ойыны жастарды жылдамдыққа, байқағыштыққа, шапшаңдыққа, iзденiмпаздыққа үйретедi.

Ай керек. Бұл ойын да түннің сыбағасы. Бұған қыз да, ұл қатынасады. Ойынға қыз келген соң жұрт молаяды емес пе. Іштepiндe тіс қаққан ересектері де болады. Аспанда жер бетін жап-жарық қып ай тұрады. Айға шағылысқан жұмыртқадай ақ ордалар. Үлкендердің мазасын алмау үшін балалар алысқа жазыққа жиналып, екіге бөлініп, қаз-қатар тізіледі. Сонан соң: Ай керек, ай керек, Бізден сізге кім керек?деп, бір жағы екінші жағына шулап тұрып сұрақ қояды. Ай керек, Ай керек, Сізден бізге сол керек, деп екінші жақ біреудің атын атайды. Ол жүгіріп қарсы жақтың шебін бұзады. Бұза aлмaca сол жаққа отар болып қалады. Енді келесі жақ шақырады. Сонымен екі ж ақ бipiн-бipi кезек-кезек шақырып, ақырында бip жағының адамы бітіп ойын аяқталады.

«Алтыбақан ». Бұл - қазақтағы даңқты, ұлттық ойын. Той-томалақ, думанның бәрінде болады. Алтыбақан - ұзын-ұзын алты сырықтан мосы құсатып жасалынады да, оған екі арқан керіліп бір жағына - қыз, 6ip жағына - жігіт отырады. Екі жақты екі кісі тербетеді. Қыз бен жігіт тербеліп бір-біріне ғұзырлана қарап тұрып ән шырқайды. Қасындағы ойнаушылар оларды қозғап екi жаққа әуелетiп тербелтiп тұрады. Сөйтiп ойнаушыларды алтыбақанға кезек - кезек отырғызып, алмастыра бередi.

«Белбеу тастау». Ойынынға жиналғандар дөңгелене шеңбер бойына отырады. Жүргiзушi белбеудi қолына ұстап шеңбер сыртынан айнала жүрiп, отырған ойыншыға бiлдiрмей артына орамалды тастайды. Сөйтiп айнала қайта келiп, белбеудi алып жаңағы ойыншыны «орныңды тап» деп белбеумен соға бастайды. Ол ойыншыны шеңбердi айнала қайта орнына келгенше соғады. Егер ойыншы белбеу тастағанын бiлiп қойса, жүргiзушiнiң өзiн белбеудi ала салып қуады. Ойын осылай жалғаса бередi.

«Жасырынбақ». Бұл, көбінесе, бip мүшелден төменгілердің ойыны. Мал аяғы тиылыл, қозы бөлінгеннен кейін ауыл-үйдің балалары жиналады. Mұндай бос кезде оларға әке мен шеше ұрыспайды. Балалар әбден жиналыл болған соң ішіндегі бip елпегі оларды ұйымдастырып, көнбесе, біреуді қалдырып, қалғандарын тұс-тұсқа қашырады. Жасырынып болған соң әлгi көмбедегіге «ал, ізде» дейді. Ол қуыс-қуыстан, қалтарыстан оларды iздеп, ұстағандарын көмбедегі «бастыққа» өткізеді. Ұстатпағандары, табылмағандары бip жаққа келіп бөлек тізіледі. Ұсталғандары өз алдына бір бөлек. Осының санына қарап көмбеде қалған баланың жеңісінің аз-көбі бағаланады. Бұл ойында балалар қaрa тер болады. Ұстатпағандары, тапқызбағандары қуанып күледі. Жасырынбақ бірнеше рет қайталанып көмбеде қалатын бала ауысып тұрады да, ойын тарағанда, «бастық» оларды бiр-бipiнің ұстаған балаларының саны арқылы салыстырылып бағалайды. Бұл ойын көбірек қыстақтарда көп болады. Бұл қан таратуға, тамақ сіңіруге жақсы, ұйықтауға аса пайдалы. Кешке шейін қозы соңында, иенде жүріп жалыққан, зеріккен балалар бойын жазып, көңілін көтepiп бip жырғап қалады.

«Инемдi тап». Ойынынға керегi бiр ине. Ойын отырып ойналады. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Бiрақ ойынды екi-екiден ойнайды да, қалғандары көрермендер ретiнде қатысады. Қатысқан екi адамның бiрi ойынның сырын бiледi, екiншiсi бiлмейдi. Ойынның сырын бiлетiн ойыншы жүргiзушi болады. Ойынның ойналу түрi - жүргiзушi иненi iздеушi де, ал екiншi - ойыншы иненi жасырушы. Иненi жасырғанша, жүргiзушi сыртқа шығып бөркiн айналдырып киiп, төбесiне көбiрек етiп күйе жағады. Үйге кiрген соң ол мен иненi иiскеп табамын деп, мойын жағын иiскелеп бет аузын күйеге үйкелейдi. Үйдегiлер адамның бетiнiң күйе болғанына күледi, ал жасырған адам иненi таппадың деп ол да күледi, бәрi мәз болып көңiл көтередi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ұлттық спорт ойындары негізінде дене тәрбиесі тиімділігін арттыру
Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық
Қазақ халқының ұлттық спорт түрлері
Қазақ халқының ұлттық қозғалыс ойындары арқылы оқушылардың патриотизмін қалыптастыру
Ұлттық спорт түрлеріндегі ойын жаттығуларының маңызы
Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру пәнінде қолдану
Дене шынықтыру сабақтарында оқушыларға үйретуге болатын ұлттық ойындар
Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ
Ұлттық ойындардың дене жаттығуларына әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz