Мұхаммед Хайдар Дулати өмірбаяны туралы ақпарат



Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты.
Мұхаммед Хайдардың ата-бабалары кезінде Моғолстан мемлекетінің құрамына енген қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс Түркістан жерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін тқарған, өздерінің мұрагерлік иеліктері – Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Өз әкесі Мұхаммед Хұсайын Моғолстанның Жүніс ханының күйеу баласы, Ташкентті билеген.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мұхаммед Хайдар Дулати

Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы,
әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды
деректер беретін Тарихи Рашиди кітабы мен Жаханнама дастанының авторы,
Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-
жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы Мұхаммед
Хайдар - өз аты, Мұхаммед Хұсайын - әкесінің аты, мырза - текті
әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан
аталатыны секілді), дулат - шыққан тайпасының аты.

Мұхаммед Хайдардың ата-бабалары кезінде Моғолстан мемлекетінің
құрамына енген қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс
Түркістан жерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін тқарған, өздерінің
мұрагерлік иеліктері – Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Өз әкесі Мұхаммед
Хұсайын Моғолстанның Жүніс ханының күйеу баласы, Ташкентті билеген. Оны
кейін Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Шайбани хан өлтірген. Анасы Хуб-Нигар
ханым – Жүніс ханның қызы. Бұл ретте Мұхаммед Хайдар Моғолстанның Сұлтан
Саид ханмен және Үндістандағы баласы Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы
Захираддин Мұхаммед Бабырмен бөле. Әкесі өлгеннен кейін Мұхаммед Хайдар
біраз уақыт осы Бабырдың қолында тұрады. Содан кейін Бабырдың рұқсатымен
Сұлтан Саид ханға келіп, оның Қашқардағы сарайында тұрып, сарай қызметін
басқарады. Саид ханның Әбубәкірге қарсы соғыстарына қатысады. Жан-жақты
білімді, сарай қызметін жетік білетін адам ретінде ханның мұрагер баласы
Әбу ар-Рашид сұлтанның тәрбиешісі болады.

Сұлтан Саид өлгеннен кейін таққа отырған Рашид дулат тайпасының
басшыларынан қауіптеніп, оларды қуғындай бастайды. Мұхаммед Хайдардың
немере ағасы – Саид Мұхаммедті өлтіреді. Осыдан кейін өз басына қауіп бұлты
үйіріліп келе жатқанын сезген Мұхаммед Хайдар Үндістанға қашады. Ол мұнда
ұлы Моғолдар сарайында әскербасы болып, Кашмирді жаулап алу соғысына
қатысады. Жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғолдар атынан біраз уақыт Кашмирді
билеп тұрады. Ол осында өзінің атақты еңбегі Тарихи Рашидиді жазуға
кіріседі.

Күншығыс әдебиетінің іргелі салаларын ақтарып отырсаңыз, Мұхаммед-
Хайдардың кім болғаны, оның адамшылық тұлғасы көз алдыңызда суреттеліп,
бұл кісіде сол кездегі Мір Әлішер Науаи, Бабыр сияқты Орта Азия көлемінен
шыққан атақты данышпан, ғалым жазушылардың бірі екенін көресіз. Бұл кісінің
сәулетті даңқын дүние жүзіне әлпештеп таратқан, әсіресе, оның парсы тілінде
жазылған “Тарихи Рашиди” деген кітабы болды. Бұл кітап бүгінде барлық
мәдениетті елдердің тіліне аударылып, мәңгі өшпейтін дүние жүзілік әдебиет
мұрасының бірі болып отыр.

Мұхаммед-Хайдар туысы жағынан ұлы жүз дулаттардан тарайды.
Академик В.В. Вельяминов-Зерновтың анықтауынша: Мұхаммед-Хайдар дулат
руынан, текті атадан. Дулаттар тарихи заманнан келе жатқан түрік нәсілдес
көп тайпалардың бірі. XVI ғасырларда қазақ қауымына қосылып, Алтын Емел
тауынан Шымкентке дейін қоныстанып отыр дейді. Шоқан Уәлихановтың жазуынша,
Мұхаммед-Хайдар – дулат руы Болашы бидің ұрпағы. Дулат руы ол кезде атақты
рулардан болып, Қашқар хандары әйелді осы рудан алатын болған. Мұхаммед-
Хайдардың өз әкесі – Мұхаммед Хұсайын Жетісу, Шу өзені, Талас бойын мекен
еткен дулаттар ортасында туып-өсіп, оның ел билеген атақты адамдарынан
саналған.
Қазақтың Қасым ханы мен өзбектің Шайбани ханы Алтын Ордадан қалған
мұра – Сырдария бойындағы қалалар үшін жауласып жүргенде, Хайдардың әкесі –
Хұсайын, оның ағасы – Мұхаммед Қайсар, дулат биі – Сұлтан Ахмет – барлығы
дулат руының тума бектері аталған қолбасылар. Олар бір жағынан Ферғанадағы
Бабырға күш берсе, екінші жағынан Қасым ханды қолдап, өзбек Шайбани ханға
қарсы тұрады. Хайдардың әкесі Хұсайын көрген ол кезде өзінің қайын атаса
Моғұлстан ханы Жүніс ханның мезгіл-мезгіл Ташкент пен Ұратөбе қаласын
басқарады. Осы кезде келешектегі жазушы Мұхаммед Хадар келеді. Тегінде ұлы
жүз үйсін, дулаттардың не шанышқылының Ташкент қаласын басқаруға қатынасуы
тарихта аз болмаған. XVII-XVIII ғасырларда олардың беделі бұл қалада аса
зор болған, ең соңғысы Төле бидің өзі көп өмірін осы қалада өткізіп,
бірталай естелік қалдырған, өзі өлгеннен кейін денесі де сол қалада
жерленген.

Жетісудың ол кездегі саяси аты Моғұлстан болса, оны мекендеген
тайпаларды ресми тілде Моғұл деп атады. Бірақ бұл Моғұл деп отырған көшпелі
тайпалар-моңғол да, ұйғыр да, өзбек те емес, түрік тілінде сөйлейтін сол
жердің тарихи заманнан бері келе жатқан тұрғын халқы болатын. Екінші түрде
айтқанда моғұл деп атаған елдер кейін ұлы жүз құрамына кірген үйсін мен
дулаттар, қаңлы мен шанышқылы, жалайырлар. Бұларды біріктіріп, саяси
тіршілік ретінде не моғұл, не дуғлат деп атағандығы байқалады.

Дұрысында бұл моғұлдарды шағатай ұлысынан бөлініп шыққан сол кездегі
қазақ тайпаларының (ұлы жүздің) бірінші саяси одағы (бірлігі) деуге болады.
Кейін Алтын орда үкіметі ыдыраған кезде Керей мен Жәнібек (Әз-Жәнібек)
соңына ерген қыр қазақтарымен Моғұлстанға келіп, ұлы жүз тайпалары үйсін,
дулаттан көп күш алып, шу өзені бойында Қазақ хандығын құрады.

Осы кезде Моғұлстан үкіметі де кеңейіп, күшейеді. Өйткені, оның
құрамына енді қашқар уәләяты да қосылады. Моғұлстанның билігі толғынан
Қашқар жұртына ауысқанда, XVI ғасырдың 30 жылдары, Рашид ханның
заманындаұлы жүз тайпасы, оның ішінде дулаттар Моғұлстан бөлініп, Қазақ
хандығына қосылады.

Дулаттар әлі күнге сол тарихи қонысында тіршілік жасап, қазақ
халқының бір іргелі бөлігі болып отыр. Ол кезде Дуғлат, бүгінде дулат
аталуында еш қайшылық жоқ. Бұл сол тарихи дұғлаттардың кітапта дұғлат
аталып, халық аузында дулат аталуы ғажап емес. Өйткені өткен ғасырдағы
кітап тілінің әсерімен Абайдың өзі де көп сөздерді солой жазғандарын мұра
етіп, Орта Азия халықтарымен бірге мақтаныш ететін, оның тікелей ұрпағы –
қазақтың ұлы жүз тайпасы оның ішінде дулаттар.

Тарихи жазулардың бірде-бірінде Мұхаммед Хайдардың нақтылы қай жерде
туғаны көрсетілмеген. Бірақ бұл мәселені өзге мәліметтерімен анықтауға
болды: біріншіден, оның әкесі Хусайынның тіршілік жасаған орындары арқылы,
екінші, анасы Хуб Нигар-ханымның болған жерлері арқылы. Бұлардың екеуінің
де тұрғылықты орындары Ташкент қаласының төңірегі болған. Әкесі Хусаин
Қасым-ханмен бірге Шайбаниға қарсы соғысқанда,осы Ташкент маңында қаза
табды. Сондықтан Мұхаммед – Хайдар осы Ташкент төңірегіндегі туған облуы
керек. Мұхаммед-Хайдардың анасы Хубнигар-ханым – Шагатай ұрпағы. Моғұлстан
ханы – Жүнісханның қызы. Ол Ташкент қаласын билеп, Алмалыққа дейін
басқарған. Хайдардың жазуынша Жүнісхан – көшпелі руларды отаршылыққа
айналдырып, қала салу ісімен шұғылданған кісі. Дегенмен, Жүністің өзі де
жаз күні жайлауға шығып, Арыс, Бөген, Шаян, Қаратауға дейін жайлап, көшпелі
тайпалармен аралас отырады. Жүністің екі баласы – Ахмет-Алаша мен Мұхамед
қазақ қауымның бірігінуіне көп күш жұмсаған кісілер тобына кіреді.

Махмұд-Хайдардың шешесімен бірге туысқан Жүністің бірнеше парасатты
қыздары болған. Оның бірі – Құтлығ Нигар ханым – атақты жазушы Бабырдың
шешесі. Екіншісі – Сұлтан Нигар ханым – қазақ ханы Әдіктің бәйбішесі.
Демек, бұл қарым-қатынастың барлығы Мұхаммед-Хайдарға бала күнінен таным
болмаса, ол “Тарихи-Рашиди” кітабын да сондайлық жылы, сондайлық ашық жаза
алмас та еді.

Хайдардың жазуынша Сұлтан Нигар-Ханым өз күйеуі Әдік-сұлтан өлгеннен
кейін Сыр бойында соғыс жиі бола берген соң, қырда тұра алмай, Қашқардағы
туыстарына кеткісі келеді. Өзінің өгей баласы сол кездегі қазақтың ханы
Тайырға арыз етіп, “Мен болсам қартайдым, Маураннахр мен рашид, қыпшақ
арасы әлі түзелер емес. Қалған өмірімді қалада өткізейін, мен қашқарға
апарып,Сейітханның қолына табыс ет ” дейді. Бұл кезде Сұлтан Нигар –
ханымның қалған төркіні тегісімен Ташкент, Түркістан төңірегін қалдырып,
Қашқарға барғаны байқалады. Кейін олардың соңын ала жетім қалған Мұхаммед-
Хайдар да нағашысының қолына барады. Бұл жерде айтылып отырған Қашқар ханы
Сейіт жоғарыда көрсетілген Жүніс ханның немересі, сұлтан Нигар ханымның
ағасы Ахметтің баласы.

1526 жылы Сейіт пен қазақ ханы Тайыр араздаса бастағанда, сұлтан
Нигар-ханым бұл екеуінің арасына бітім айтады. Екі ханның екеуі де (бірінің
апасы, бірінің шешесі) бұл кісінің сөзіне бас иіп, татулыққа келеді.
Мұхаммед-Хайдар бұл туралы былай дейді: “Хан Қашқардан щығып, Қошқар
келеді. Бұл жерге мен де келдім. Маған айтты: сен Қашқарға бар да апайды
алып кел, Тайыр ханмен екеумізді татулыққа келтірсін.” Әдік ұлы Тайыр
ханның ол кезде аузынан жалын шығып тұрған еді.

Бұрынғы Моғұлстан қырғызды, үйсін, дулатты өзіне қаратып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірбаяны
Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар- әйгілі тарихшы
М.Х.Дулати
Мұхаммед Хайдар Дулати-өмірбаяны
Қазақ жеріндегі XV-XVI ғғ. саяси және тарихи -әлеуметтік өзгерістер мен Мұхаммед Хайдар Дулатидың тұлға ретінде қалыптасуы
Әлкей Марғұлан өмірбаяны
М.Х.Дулатидің Тарих и Рашиди еңбегін Қазақстан тарихы курсында қолдану әдісі
Мұхаммед Хайдар Дулати заманы
Бұрындық хан мен Қасым хан тұсындағы Қазақ Хандығы
ХV-XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ (ҚАСЫМ ХАН, ХАҚНАЗАР ХАН МЕН ЕСІМ ХАНДАРДЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ
Пәндер