Қазақстандағы тарату жолдарын және жаңадан тарату жолын құрастыру


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе. …. …. …. 4

1. Кабельді байланыс жолының трассасын таңдау. . 5

1. 1. Кабельді байланыс жолын таңдау критерийлері. …. ……. 5

1. 2 Аумақтық сипаттамасы . . . 6

2. Электр байланыс кабелінің конструкциясын таңдау . . . 9

2. 1. Байланыс орнату тәсілі мен кабель конструкциясын анықтау . . . 9

2. 2. Кабельдік тізбектің тарату параметрінің есебі жөнінен жалпы

мағлұматтар . . . …. 10

3 Кабельді тізбектің тарату параметрінің есебі жөнінен жалпы мағлұматтар . . . . ……. …. 14

3. 1Симметриялы кабельдердің тарату параметрлерініңесебі… . . . …14

3. 2Кабельдік байланыс жолының трассасында регенерациялық

пунктерді орналастыру … . . . 20

4 Тізбектер арасындағы өзара әсерлесу параметрлерін өлшеу . . . 22

4. 1 Негізгі мағлұматтар . . . 22

4. 2 Симметриялы кабель тізбектерінің арасындағы өзара

әсерлердің параметрлерiн есептеу . . . 23

5. Электр байланыс кабельдерін сыртқы электромагнит өріс

ықпалынан қорғау . . . 26

5. 1 Негізгі мағлұматтар . . . 26

5. 2 Қауіпті магниттік әсерлер есебі . . . 26

5. 3. Қауіпті магниттік әсерлердің нормасы . . . 30

5. 4. Найзағай түсуден байланыс кабельдерін қорғау және есептеу . . . 31

5. 5 Жобаланатын кабель магистралінің сенімділігін есептеу . . . 33
6. Талшықты- оптикалық байланыс жолын жобалау . . . … . . . 35
6. 1. ТОТЖ таңдау және негіздеу . . . …. …. 35

6. 2. Оптикалық талшық (ОТ) түрін таңдау мен негізделуі …… . . . ……36

6. 3. Оптикалы кабель (ОК) түрін таңдау мен негізделуі…… . . . ……. …36

6. 4 Байланысты ұйымдастыру сызбасын таңдау мен негізделуі…… . . . …39

6. 5. Магистраль жолы бойынша ретрансляторларды орналастыру . . . … . . . 39

6. 6 Цифрлі байланыс каналдарына абонентерге қолжетімділікті

қамтамасыз ету . . . 42

7. Жобаланатын жолдарды құру және жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жоспары……… . . . 44

7. 1. Жалпы мағлұмат . . . ……… . . . 44

7. 2 Құрастыру - жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру44

Қорытынды . . . 46

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 47

Кіріспе

Қазіргі таңда Қазақстанның магистральді және аймақ ішілік байланыс желілерінде талшықты - оптикалық беріліс желілерімен қатар симметриялық және коаксиалды электр байланыстың кабель түрлері (ЭБК) де кең қолданыс тапты, олардың қызмет көрсету уақыты он жылдықтармен өлшенеді.

Әсіресе аймақтық және жергілікті желілердегі электрлік кабельдердің алатын орны үлкен. Қазіргі таңда электр кабелі көмегімен жұмыс істейтін аналогты тарату (тығыздау жүйелерінің орнына сандық) цифрлы жүйелеріне ауыстырылып жаңғыртылуда. Оптикалық кабельдердің қолданыс аясы кеңіп, байланыстың сапасын арттыруда үлкен үлес қосуда. Көп каналды телекоммуникациялық жүйеде мамандарды дайындау кезіндегі қойылатын маңызды сұрақтар, байланыс жолдарының жобасы және технико-экономикалық реконструкциялау нұсқаларының маңыздылығы, максималды эффекті алу үшін көпфакторлы жобалау жұмысының минималды жұмсалуын анықтау.

Мұның барлығы теориялық терең білімді қажет етеді, жобалау жұмысын менгеру, реконструкциялау, байланыс жолдарының құрылысын және эксплутациялануын менгеру, байланыс жүйесі элементтерінің ең қымбаттылығын және еңбекке жарамдылығын көрсетеді.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты ретінде Қазақстандағы тарату жолдарын және жаңадан тарату жолын құрастыру болып табылады. Мұнда біз Шардара-Сарыағаш аймақтарының арасындағы тығыздау жүйесін реконструкциялаймыз және Сарыағаш-Қазығұрт арасына жаңадан талшықты оптика тарату жолын жобалаумен айналысамыз.

1 Оңтүстік Қазақстан облысы .

Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 - 92 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117, 3 мың км². Тұрғыны 2, 707, 459 адам (2013) . Орталығы - Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.

Оңтүстік Қазақстан облысында республика халқының 15%-ы тұрады (2011) . Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км²-ге 18, 6 адамнан келеді. Республика бойынша бала туу жөніндегі ең жоғарғы көрсеткішке (1000 адамға 22, 6 сәбиден келеді) және халық санының табиғи өсуінің ең жоғары шамасына (32, 5 мың адамнан астам) жетті. Облыс халқының басым бөлігін қазақтар (69%) құрайды, одан басқа өзбек (17, 1%), орыс (7, 2%), татар (1, 2%), әзербайжан, тәжік, түрік, т. б. ұлт өкілдері тұрады. Мақтаарал, Шардара, Сайрам, Сарыағаш ауданында тұрғындар жиі қоныстанған. Облыс тұрғындарының 47%-ы қалада, 53%-ы ауылда тұрады.

Оңтүстік Қазақстан облысы - республикадағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салалары дамыған, еңбек ресурстары жеткілікті аймақ. Облыс кәсіпорындары Қазақстандағы барлық өнеркәсіп өнімдерінің 5, 9%-ын өндіреді. Елімізде шығарылатын трансформаторлардың 98, 6%-ы, фармацевтикалық препараттардың 70, 1%-ы, минералды және газды сулардың 51, 5%-ы, мотор майының, бензиннің 38, 9%-ы, рафинатты қорғасынның 23, 6%-ы, сыраның 23, 6%-ы, цементтің 19, 7%-ы, экскаватор, мақта талшығы, мақта майының барлығы дерлік Оңтүстік Қазақстан облысында өндіріледі. Облыс тері шикізаты, жеміс, көкөніс, жүзім, бақша, макарон өнімдерінің ірі өндірушісі болып табылады.

Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін негізінен мұнай өңдеуші және металлургия кәсіпорындары құрайды. Түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу, тамақөнеркәсібі, әсіресе, Шымкент, Кентaу қалаларында жақсы дамуда. Облыс өнеркәсібінде 147 ірі және орта кәсіпорын бар. Мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар: “ПетроКазахстанОйл Продактс” ААҚ (мұнай өңдеу) және “ИнтеркомШина” ААҚ (шина шығару) . Металлургия өнеркәсібіндегі басты кәсіпорын “Южполиметалл” ЖАҚ (қорғасын, мырыш, т. б. өнімдер) ; машина жасау саласының жетекші кәсіпорындары: “Карданвал” ААҚ (автомобильдер мен тракторлар үшін кардан біліктерін шығаратын), “Южмаш-К” ЖАҚ (ұстаханалық-престеу машиналары мен қосалқы бөлшектерін шығару), “Экскаватор” ААҚ, “Кентау трансформатор зауыты” ААҚ, “Түркістан-насос” ААҚ; құрылыс өнеркәсібінен “Шымкентцемент” ААҚ; химия өнеркәсібінен - “Химфарм” ААҚ (дәрі-дәрмек өнімдерін шығару) ; жеңіл өнеркәсіптен “Восход” ААҚ, “Эластик” ААҚ, “Адал” ЖШС, т. б. жұмыс істеуде. Тамақ өнеркәсібі саласындағы жетекші кәсіпорындарды “Шымкент-май”, “Қайнар”, “Шымкент сыра”, “Бахус-Деронсек” АҚ-дары, “Арай”, “Амангелді” ЖШС-тері, т. б. құрайды. Сарыағаштың минералды суын шығарумен “Әсем-ай”, “Алекс” ЖШС-тері айналысады. Темекі өнімдерін JTL “Central Asіa” ЖАҚ-ы шығарады.

Облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10, 3 млн га, оның ішінде жыртылатын жер аумағы 0, 8 млн га. Ауыл шаруашылығында 63, 3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы респ. ауыл шаруашылығы өнімінің 12, 2%-ын береді. Ауыл шаруашылығының басты саласына стратегиялық маңызы бар мақта өсіру мен өндіру жатады. Оның егіс көлемі 170 мың га-ға (егіс көлемінің 30%-ы) жетті. Шитті мақтаны өңдеумен жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта зауыты айналысады. Олар облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара ауданында және Түркістан қалалық әкімдігі жерінде орналасқан. Облыс әкімшілігі 2003 жылдың соңында мақта иіру фабрикаларының құрылысын бастады. Егіннің орташа жылдық өнімі: бидай - 400 мың т, күріш - 10 мың т, шитті мақта - 360 мың т, көкөніс - 400 мың т, бақша өнімдері - 291 мың т, картоп - 115 мың т. 2004 ж. мал саны: ірі қара - 603 мың, қой-ешкі - 3 млн., жылқы - 119 мың, түйе - 14 мың, құс - 1, 8 млн., шошқа - 22 мың басқа жетті.

1. 1 Шардара ауданы

сурет 1-Шардара аумағы

Облыстың оңтүстік-батыс бөлігіндегі аумақтық-әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 13 мың шаршы шақырым, облыстың 11, 1%-ын құрайды. Тұрғын саны 70, 0 мын адам. Орталығы - Шардара қаласы. Аудан 1969 ж. қазан айында Қызылқұм ауданының негізінде құрылған. Аумағындағы 27 елді мекен 1 қалалық және ауылдық округке біріктірілген.

Аудан жері негізінен Сырдария өзенінің сол жағалауын, Қызылқұм құмының оңтүстік-шығысын ала, аллювийлік жазықта орналасқан. Қызыл-құм өніріндегі мыңдаған гектар шөлейт алқаптарды игеріп, суландыру арқылы ел қоныстандыру үшін 1958ж. «Шардара құрылыс» басқармасы құрылды. Кеңестер Одағының әр түкпірінен келген мыңдаған комсомол жастар, жоғары білімді мамандар осы өлкенің жас кадр мамандары бірлесіп жұмыс істеді. 1967 ж. 15-қазанда Мемл. Комиссия сыйымдылығы 5 млрд. 700 млн. м 3 Шардара бөгені мен су электр станциясының құрылысының аяқталғаны жөнінде актіге қол қойды. Сол жылы Сырдария өзенін бойлай ұзындығы 130 км Қызылқұм магистральды каналы іске қосылды. Климаты айқын континенттік. Қысы біршама жұмсақ, қантардың жылдық орташа температурасы -4-6°С. Жаз айлары ыстық, аңызақты, шілденің орташа температурасы 28-29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150-200 мм. Аудан аумағында құрылыс материалдары барланған. Жерінің басым бөлігі құмды. Сұр, сортаң топырақты, өзен аңғарлары шалғынды-сазды топырақты. Мұнда жусан, селеу, сексеуіл, жантақ, жыңғыл, баялыш, Сырдария бойында қамыс, құрақ, тал, жида өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, ақбөкен, қарақұйрық, бауырымен жорғалаушылар, өзен бойында қаз, үйрек, қырғауыл мекендейді.

Ауданның тұрғындарының негізгі бөлігі қазақтар - 93, 9%, орыстар -4%-ын құрайды, қалғаны өзбек, әзербайжан, украин т. б. ұлт өкілдері. Тұрғындарының 60, 7% ауылдық елді мекендерде тұрады. Орналасу тығыздығы 1 шаршы жерге 5, 4 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Шардара қаласы (25, 5 мың адам), Көксу (6, 1), Шардара (4, 8), Қоссейіт (4, 5), Ұзыната (4, 3), Қазақстан (4, 3), Целинное (3, 5) ауылдары. Ауылдарда күріш, қаракөл қойы, оған қосымша мақта, сүтті, етті мал, жылқы, түйе, көкөніс, бақша өсіруге маманданған 14 кеңшар, 14 күріш өсіру тәжірибелік шаруашылығы болған «Қазақстан», «Целинный» біріктіріліп, «Жиделі», «Аққала», «Байырқұм» кеңшарлары Арыс ауданына берілген. Олардың негізінде ауданда ӨК, ЖШС, 4186 шаруа қожалықтары құрылған. Елді мекендер Қызылқұм каналы мен Сырдария өзенінің бойын жағалай орналасқан. Ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өнім көлемінің 67, 7% мақта шаруашылығына тиесілі. Аудандағы егістік жерлердің 58. 8% немесе 30, 2 мың гектары мақта егістігі, қой басының 23, 69 % -ын қаракөл қойы құрайды. Ауыл шаруашылығының негізін «Талапты» ОК, «Қызылқұмда ауылым» ОК, «НИМПКС» корпорациясының зауыты. «Мырзакент» АҚ, «Игілік» ЖШС т. о. құрайды. Денсаулық сақтау саласында 43 мекеме жұмыс істейді. Олар аудандық аурухана, 3 ауылдық аурухана, 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 9 фельд. -акушерлік пункт, аудандық туберкулезге қарсы диспансер, сан. -эпидемиол. ст., стамотол. емхана қызмет көрсетеді. Білім беру, мәдениет салаларында 30 жалпы білім беретін мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 35 кітапхана, 10 мәдениет үйі, клубтар, халық театры, 1 кинотеатр, «Шардара толқындары» ансамблі жұмыс істейді. 1969 жылдан аудандық «Өскен өңір» газеті шығады. Аудандағы Ұзыната ауылынан 8 км жерде бүтіндей сақталып қалған орта ғасыр ескерткіштерінің бірі - Ұзыната кесенесі орналасқан.

1. 2 Сарыағаш ауданы

сурет 2-Сарыағаш аумағы

Сарыағаш ауданы 1939 жылы құрылған. Оңтүстiк Қазақстан облысының ең iрi аудандарының бiрi болып саналады. Қазiргi кезде 7613 шаршы километр аумағы бар ауданда 40-тан астам ұлт өкiлдерiнен құралған 250, 3 мыңнан астам халық тұрады. Ауданның әкiмшiлiк-аумақтық құрылымында 1 қала, 1 поселке және 24 ауылдық округтер бар. Сарыағаш аудан әкімдігі 1992 жылы ақпан айында құрылған. Бүгінге ауданда 13 бөлім қызмет атқаруда.

Сарыағаш ауданы - облыстың оңтүстік бөлігіндегі әкімшілік. -аумақтық бөлік. 1928 жылдары Келес ауданы болып құрылған. 1939 жылдан Сарыағаш аталады. Жерінің аумағы 7, 7 мың км². Тұрғыны 226, 7 мың адам (2003) . Аудандағы 154 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 24 ауылдық округтерге біріктірілген. орталық - Сарыағаш қаласы Аудан жері негізінен төбелі, қырқалы жазықты келеді. Солтүстігін Белтау жотасы (592 м), батысын Ызақұдық құмы, Қауынбаймолда жотасы, оңтүстігін Шардара бөгені алып жатыр. Жер қойнауында мәрмәр, құм, бентонит балшығы, шипалы минералды суы барланған. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Ауаның жылдық орташа темп-расы қаңтарда -2 - 3хС, шілдеде 24 - 28хС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 - 300 мм. Ауданның батысын бойлай Сырдария, Оңтүстік-шығысынан Келес, Құркелес, Ащысай өзендері ағып өтеді. Жері сұр топырақты және құмды келеді. Бетеге, жусан, жүзгін, баялыш, өзен бойларында қамыс, бұта, аралас ағаш өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, саршұнақ, күзен, жылан мен кесірткенің түрлері кездеседі. Халқы көп ұлтты, басым көпшілігі қазақтар (86, 9%), одан басқа өзбектер (4, 1%), тәжіктер (2, 7%), әзербайжандар (1, 2%), орыстар (1, 1%), татарлар (0, 9%), т. б. ұлт өкілдері тұрады. Ауданда 1 км² жерге 29, 4 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Сарыағаш қаласы (26, 0 мың адам), Абай ауылы (18, 0), Дербісек(10, 3), Жібек жолы (5, 8), Ынтымақ (5, 4), Қабыланбек (5, 1), Ақжар (5, 0), Қызылжар (4, 7), Жылға (4, 1), Дарбаза (3, 7), Ақниет (3, 6), Құркелес (3, 3), Қошқарата (3, 2), К. Маркс (3, 1), Ақжол (3, 0), Таскескен (3, 0), Көктерек кенті (2, 6) . Сарыағаш. ауданында мақта, жүзім, көкөніс, астық, жеміс, бақша, картоп, қаракөл қойы, биязы жүнді қой, сүтті-етті мал, шошқа өсіруге маманданған 4 ұжымшар, 16 кеңшар, Мемлекеттік сұрыптау ст. болған. Ауданда 16 өнеркәсіп орны, 7077 агроқұрылым, оның ішінде: 101 заңды тұлға, 6976 шаруа қожалықтары бар. Аудан аумағында «Сарыағаш шипажайы» АҚ, «Арман», «Алтын бұлақ - Р» демалыс орындары, балалар шипажайы бар. «Алекс» ЖШС - Қазақстан - Польша бірлескен кәсіпорны, «Демеу», «Әсем-ай», «Курорт - Барс - 2030» ЖШС-тері Сарыағаш шипалы суын құятын кәсіпорындар, «Мырзакент»АҚ, «Айша бибі» ӨК - мақта тазарту завотында мақта талшығын өндіреді. «Сенім» ЖШС - тігін, тоқыма бұйымдарын шығарады. Сарыағаш. ауданында жүзім шаруашылығын өркендету үшін «Жүзім» бағдарламасы жасалынған, бұл бағытта «Қабыланбек» шарап жасайтын компаниясы, «Дербісек - Бахус» ЖШС, «Назико» ЖШС, «Ақжол» АҚ-ның шарап з-ттары, жүзім өңдейтін 6 цех жұмыс істейді. Ауданның барлық егіс көлемінің үштен бір бөлігіне дәнді дақыл, 11, 9%-на көкөніс, 17, 3%-на мақта, 31, 1%-на жүзімдік егілген. Облыстағы арпаның жалпы өнімінің - 9, 5%, жүгерінің - 26, 5%, күнбағыстың - 36, 5%, картоптың - 30, 5%, көкөністің - 26, 4%, жемістің - 24, 5%, жүзімнің 39, 9% жиналады. Облыстағы темекі өсіретін бірден-бір аудан. Аудан ш-тарында облыстағы мүйізді ірі қара малдың - 10, 4%, оның ішінде сиырдың - 12, 5%, қой мен ешкінің - 13, 7%, шошқаның - 3, 7%, жылқының - 8, 4% шоғырланған; түйе - 180, құс - 75, 3 мың басты құрайды. Келес өзенінің бойында «Келес» ӨК-нің су электр ст. электр энергиясын өндіреді. Жалпы білім беретін 137 мектеп бар, оның 94-і орта, 15-і орталау, 28-і бастауыш және 2 спорт, музыка мектептері. Мәдени мекемелерден 290 мәдениет орт-тары мен 36 кітапхана бар. Денсаулық сақтау саласында 2 емхана, 4 аурухана, 24 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 104 фельдш. -акушерлік пункт, туберкулезге қарсы диспансер жұмыс істейді. Өзбекстанмен шекаралас Жібек жолы ауылында кеден бекеті орналасқан. Аудан жеріненШымкент - Термез Халықараралық автомобил магистралі, Орынбор - Ташкент темір жолы өтеді.

Климаты континенталды, қысы жылы (-100С төңірегінде), жазы ыстық (+400С-қа жетеді) . Өсімдіктердің өсіп-өну мерзімі 220-320 тәулік. Атмосфералық жауын шашындардың орташа жылдық мөлшері 80-300 мм-ге дейін жетеді.

Аудан аумағынан сулы Келес және Құр Келес өзендері ағып өтеді.

Аудан аумағында аты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге де мәлiм «Сарыағаш шипажайы» МҚК, «Алтын-Бұлақ», «Арман» санаториясы, «Ана мен бала» шипажайы сияқты 10 демалыс аймағы бар.

Ауданның бiрден-бiр табиғи байлығы жер асты минералды емдiк-ас сулары болып табылады. Қазiргi кезде 55 термальды су скважиналарының барлығы аудан мекемелерi мен тұрғындарына қызмет көрсетуде.

Аудандағы ірі, орта және шағын әртүрлі меншіктегі кәсіпорындардың өнім шығарып тұрғандары 46% құрайды.

Өнеркәсіп саласы бойынша негізінен Сарыағаш минералды су құю (28. 4%) және жеңіл өнеркәсіп (24. 7%) салалары бар. Атап айтқанда «Алекс» ЖШС-минералды су құю өндірісі, «Айша-Бибі» ЖШС-мақта талшықтары өндірісі, «АВК Капланбек» АШК-жоғары сапалы шарап өнімдері, «Сенім» ЖШС-жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіреді. «Әуес», «Жылға-Агро» ЖШС-тері - бидай ұнын экспортқа шығаруда. «Дина-Н» ЖШС-құрылыс материалдарының 8 түрін шығаруда.

1. 3 Қазығұрт ауданы

сурет 3-Қазығұрт аумағы

Аудан жерінің көп бөлігі теңіз деңгейінен 800-1200 м биікте орналасқан. Шығысында Қаржантау (2000-2800м), Өгем (3000-3600м) биік таулы жоталары, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Қазығұрт жотасы (800-1700м) созылып жатыр. Батысы, солтүстік-батыс бөлігі қырқалы жазық. Жер қойнауынан минералды су, ақ құм, қиыршық тас т. б. құрылыс материалдары барланған. Климаты континеттік, қысы жұмсақ, қысқы қаңтар айының орташа жылдық температурасы 22-25°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 300-400 мм, тауда 500-700 мм. Аудан жерінен Келес, Өгем, Қаржансай, Мұғалысай, т. б. өзендер ағып өтеді. Таулы өңірі мен өзен бойларында итмұрын, долана, тобылғы, жабайы алма, арша, шырша, т. б. өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, таутеке, қоян, саршұнақ т. б. кездеседі.

Халқының құрамы көп ұлтты, көпшілігі қазақтар (94928) одан басқа өзбек (5154 адам), татар (237 адам) т. б. ұлт өкілдері тұрады. Олардың орналасу тығыздығы орташа есеппен 1 км 224, 6 адамнан келеді. Көбіне тау бөктерлері, өзен аңғарлары, автомобиль жолдары бойында қоныстанған. Ірі елді мекендері: Қазығұрт, Жаңабазар, Қақпақ, Қаржан, Шарапхана, Рабат, Тұрбат, Қызылқия, Шарбұлақ т. б. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 3940 мың гектар, 2935 агроқұрылымы бар.

Ауыл шаруашылығына жарамды жері 3940 мың гектар, 2935 агроқұрылымы бар.

2. Электрлік байланыс кабелінің конструкциясын таңдау

2. 1 Байланыс орнату тәсілі мен кабель конструкциясын анықтау

Жетілдірілетін байланыс жолының электрлік байланыс кабелінің (коаксиалды немесе симметриялы) конструкциясын анықтау арналардың берілген санына, сонымен қатар оның сыйымдылығына, өткізгіш диаметріне, материалына, оқшаулағыш материалы мен конструкциясы және кабель қабықшасы және т. б. осы кабельмен істейтін тығыздау жүйесіне байланысты анықталады (жеке тапсырма бойынша) .

Арнайы әдебиеттер мен анықтамалықтарды қолданып, қажетті кабельдің конструкциясын анықтаймыз. Мұнда кабельдің барлық конструктивті элементтері ескеріледі (оқшаулағыш жастықшасының конструктивті мөлшері, сыртқы қорғау қабықшасымен қабықшаның түрі, материалы және т. б. ) . Әдістемелі нұсқаулар мен әдебиеттер көмегімен конструктивті параметрлері арқылы қажетті кабель түрін анықтаймыз. Анықтау кезінде келесі жәйттарды ескеруіміз тиіс: суға төсеуге шеңбер тәріздес сымдар көмегімен жасалынған қорғаныш қабығы бар, ал жәй жерге төсеу үшін лента тәріздес қорғаныш қабығы бар кабель қолданылады [ 4 ] .

2. 1 кесте. ЭКС алғашқы параметрлері

ТЖ реконструкцияға дейінгі
К-24
ТЖ реконструкцияға дейінгі: ТЖ реконструкциядан кейін
К-24: ИКМ-120
ТЖ реконструкцияға дейінгі: ЭКС реконструкциядан кейінгі арналар саны
К-24: 200
ТЖ реконструкцияға дейінгі: ЭКС типі және сыйымдылығы
К-24: СК 1*4
ТЖ реконструкцияға дейінгі: СК сымының диаметрі немесе ішкі өткізгіш коаксиальды жұптың диаметрі, мм
К-24: 1, 05
ТЖ реконструкцияға дейінгі: ЭКС оқшаулау типі
К-24: СП
ТЖ реконструкцияға дейінгі: Тұтас оқшаулағыштың диаметрі немесе корделия лентасының қалыңдығы, мм
К-24: 1. 0
ТЖ реконструкцияға дейінгі: Кордель диаметрі, мм
К-24: -
ТЖ реконструкцияға дейінгі: ЭКС Оқшаулағыш қабат материалы
К-24: Al
ТЖ реконструкцияға дейінгі: Вариант номері
К-24: 7
ТЖ реконструкцияға дейінгі: Шардара-Сарыағаш (оптикалық кабель), км
К-24:
ТЖ реконструкцияға дейінгі: Сарыағаш-Қазығұрт (электрлік кабель), км
К-24:

Ескерту: СК - симметриялы кабель; КК - коаксиалды кабель; КЖ - коаксиалды жұп; КС - корделді стирофлексті оқшаулағыш; ТП - түтікшелі полиэтиленті оқшаулағыш; СП - полиэтиленді оқшаулағыш; ТП - тесікті-полиэтиленді оқшаулағыш; Al - аллюминий; Pb - қорғасын; Fe - құрыш.

Коаксиалды кабелмен байланыс орнату әдісі бір кабелді, яғни таратқыш және қабылдағыш тізбектері бір кабелде орналасады, ал симметриялы кабелде екі кабелді, әр тарату бағытының тізбектері бөлек кабелде орналастырылады.

Бір аймаққа кіретін әртүрлі жергілікті желілерді қосуға арналған II классты желілік торабтар арасындағы ішкі аймақтың кабелдік байланыс жолдарында магистральді байланыс жолдарындағыдай байланысты ұйымдастырудың төрт өткізгішті (бір немесе екі кабелдік) сұлбасы қолданылады[ 4 ]

2. 2 Кабельдік тізбектің тарату параметрінің есебі жөнінен жалпы

мағлұматтар

2. 1 кестеге сәйкес симметриялы ЭБК және /2. 3/ сәйкес симметриялы кабелдердің стандартты құрылысындағы елеулі айырмашылықтарына байланысты симметриялы ЭБК құрылымдық өлшемдерін нақтылау қажет. Бұл үшін ток өткізгіш сымның диаметрінің берілген мәні бойынша оқшауланған өзектің диаметрі анықталады. Симметриялы кабелдерде талшықтардың құрылымы бойынша оқшаулануы 2. 1 суретте көрсетілгендей екі профилмен көрсетілуі мүмкін: а) корделді-полистиролді; б) біртұтас немесе кеуекті полиэтиленді.

а) б)

3. 1 сурет. Оқшауланғыш талшықтың диаметрі

Корделді оқшаулау үшін (2. 1 сурет, а) оқшауланған талшықтың диаметрін мына формуламен анықтайды:

d d d d 1 =d 0 +2d k +t л (3. 1)

мұндағы d 0 - ток өткізгіш өзектің диаметрі, мм;

d k - кордель диаметрі, мм;

t т - кордель үстіне қабатталған таспалардың жалпы қалыңдығы, мм.

Біртұтас немесе кеуекті оқшаулағышы бар (2. 1 сурет, б) оқшауланған өзектің диаметрі мына формуламен анықталады:

d d d d 1 =d 0 +t и , мм (3. 2)

d 1 =1, 2+1, 1=2, 3 мм

мұндағы t и - оқшаулағыш қабаттың радиалды қалыңдығы, мм.

Оқшауланған талшықтар 80-300 мм қадаммен төртке ширатылады. Жұлдызды төрттікке ширатылған қарапайым топтың диаметрі мына өрнектен анықталады:

d d d d 3 =d 1 +а, мм (3. 3)

мұндағы а - бір жұп талшықтың өзектің орта нүктесі арасындағы арақашықтық

а= 2 \sqrt{2} 2 \sqrt{2} d 1 , мм (3. 4)

, мм

Осыдан

d 3 = 2. 41·d 1 , мм (3. 5)

d 3 = 2, 41*2, 3= 5, 543 м

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ баспа ісінің өткені мен бүгіні
Қазіргі қазақ баспасөзіндегі жарнама
Темір жол вагон арқылы жүк тиеу
Өткізудегі қорларды басқару
Педагогикалық білім берудің үздіксіз жүйесін сипаттау
1958 жылдан 1991 жылдар аралығында
Құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Техникалық станцияларда бос тұру уақыты
«сұрыптау станциясының жұмысын ұйымдастыру»
Музей менеджменті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz