Қазақстандағы сталинизм бастамасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Қазақстандағы Сталинизм бастамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Саяси мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
ХХ ғасырдың басында 20-шы және 30-шы жылдарының алғашқы жартысындағы Қазақстанның саяси-эканомикалық және әлеуметтік өмірі туралы, сондай-ақ осы тарихи кезеңнің халық тарихында алатын орны жөнінде жарық көрген еңбектер аз емес. Бірақ, қоғамдық ой мен ғылымда идеологиялық диктат үстемдігі жағдайында өмірге келген бұл еңбектер бүгінгі таңда сапалы өзгерістерге ұшыраған қоғамдық сұранысты қағаттандырудан қалды. Тарих ғылымында болып жатқан өзгерістерге сүйене отырып, олардың көзге ұрып тұрған мынадай методикалық кемшіліктерін атауға болады; біріншіден, бұл еңбек авторлары қараған меселелерге қатысты құжаттық материалдарды сұрыптап, пайдалануда тар таптық, партиялық принципті башылыққа алды, соның нәтижесінде көптеген құжаттар бір жақты түсіндірілді немесе мүлдем назардан тыс қалып қойды; екіншіден, тура осы принцип ірі қоғамдық процестерді талдауда да негізге алынды. Мәселен, тар таптық қөзқарас жаңа билік ескі атаулыға бітпес майдан жариялаған кезеңде голощекиншілдер мен саяси басқару институттарының қазақ қоғамының тек өзіне тән ерекшеліктеріне қандай қатынаста болғандығын анықтауға мүмкіндік бермеді.
1. Қозыбаев М. -Ақтаңдақтар ақиқаты : Оқу құралы. - Алматы, 1992. - 263 б.
2. И. Сталин. Собрание сочинений в 13 томах, Государственное издательство политической литературы, 1946.
3. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. - Алматы , Ана тілі, 1993. - 208 б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Қазақстандағы Сталинизм бастамасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Саяси мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

Кіріспе
ХХ ғасырдың басында 20-шы және 30-шы жылдарының алғашқы жартысындағы Қазақстанның саяси-эканомикалық және әлеуметтік өмірі туралы, сондай-ақ осы тарихи кезеңнің халық тарихында алатын орны жөнінде жарық көрген еңбектер аз емес. Бірақ, қоғамдық ой мен ғылымда идеологиялық диктат үстемдігі жағдайында өмірге келген бұл еңбектер бүгінгі таңда сапалы өзгерістерге ұшыраған қоғамдық сұранысты қағаттандырудан қалды. Тарих ғылымында болып жатқан өзгерістерге сүйене отырып, олардың көзге ұрып тұрған мынадай методикалық кемшіліктерін атауға болады; біріншіден, бұл еңбек авторлары қараған меселелерге қатысты құжаттық материалдарды сұрыптап, пайдалануда тар таптық, партиялық принципті башылыққа алды, соның нәтижесінде көптеген құжаттар бір жақты түсіндірілді немесе мүлдем назардан тыс қалып қойды; екіншіден, тура осы принцип ірі қоғамдық процестерді талдауда да негізге алынды. Мәселен, тар таптық қөзқарас жаңа билік ескі атаулыға бітпес майдан жариялаған кезеңде голощекиншілдер мен саяси басқару институттарының қазақ қоғамының тек өзіне тән ерекшеліктеріне қандай қатынаста болғандығын анықтауға мүмкіндік бермеді.
Ал, шын мәнінде, осы еңбектерде ұсылынылып отырған тарихи кезеңде Қазақстанда болып өткен саяси-эканомикалық, әлеуметтік және рухани өзгерістерді бір жақты, тек позитивті тұрғыдан түсіндіруге тырысу халықты адастырмай қоймады. Тарихи дамуда бәрі де сабақтас. Қоғамымыз бүгін басынан өткізіп отырған қиындықтар сонау 20-30 жылдардан бастау алады.



Қазақстандағы Сталинизм бастамасы

Таптық қоғам жаратылғаннан бері адам баласы теңдікті, әділдікті, бостандықты аңсап келеді. Ата-бабаларымыз "қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын" күнді аңыз етті. Ал бұл деген жан дүниесі мен табиғаттың үйлесімі - гармониясы емес пе? Асан Қайғы Жерұйықты іздеді. К. Маркс пен Ф. Энгельс, міне, болашақ Жерұйықтың - социализмнің принциптерін негіздеп "Коммунистік манифесті" жариялады.
Ұлы Қазан социалистік революциясынын туында Бейбітшілік, Бостандық, Теңдік, Жер, Әділдік сияқты гуманистік ұрандар жазылып қана қойған жок, іс жүзіне асырыла бастады. Алайда, В.И. Ленин социализм принциптерін қалыптастырып, ой-арманын бір ізге салып үлгермей кетті. Оның мұрагері болып партия басшылығында қалған И.В. Сталин теорияда саяздық көрсетті, іс жүзінде революциялық шыдамсыздыққа салынды, таққа, баққа талас барысында білім емес білек жұмсады. Әділ ел ағасы, халық ағасы болу қолынан келмей қара күшке айналды. Ұлы идея үшін сан ғасыр күрескен халық белшесінен қанға малынды, Ленин ілімі бұрмаланып, социализм құру ісі тығырыққа тірелді. Ғалым Д. Волкогонов өзінің Даңқ пен қасірет деген еңбегінде сталинизмнің құрбаны болып, 3,5 - 4 млн. адам репрессияға ұшырады, оның 600 - 650 мыңы атылды, - деп мәлімдейді. Ал Р. Медведов болса, атылғандары бір млн-нан астам деп жобалады. 1938 жылы 5 мамырда Правда газеті абақтыға жабылғандар санын 5 миллионнан астам екендігі туралы ақпар береді. Ал егер сталиндік жалпылама террор 1940 жылы 1 сәуірде Ежовтың атылуымен аяқталды деп қана санасақ, онда бұл фактілердің әлі де тек болжам екендігін байқауға болады.
Патшалық Ресейде 1905 - 1912 жылдары 6 107 адам атылып, 1 217 672 адам (қылмыскерлерді қоса есептегенде) түрмеде отырыпты.
Ендеше, сталиндік жалпылама террор ғасырларда болмаған жауыздықпен ұштасады. Сталинизмнің көрсеткен жапа, қайғы-мұңы тек 1937 - 1938 ж. аяқталмайтынын айтпасақ та болады.
Сталинизмнің қасіреті - бір халықтың басына түскен іс емес, ол бүкіл дүниежүзілік коммунистік қозғалыстың, барша кеңес халқының басына түскен ауыр қасірет. Сталин және Қазақстан сол масштабты тақырыптың бір ғана пұшпағы. Біз Сталинизмнің тек қазақ халқына, республика еңбекшілеріне жасаған қиянатынан азын-аулақ қана ақпар бере аламыз. Себебі, архив қоймалары жабық, қолда деректі материалдар жоқтың қасы десе де болады.
Сталин 1921 жылы 1 қаңтарда РСФСР-дың құрамындағы түрік коммунистерінің мәслихатында кіріспе сөз сөйледі. Ол орыс социализмі үшін ондаған жылдар бойы күрескенін, тәжірибелілігін дәріптеді.
Бұл бағдарламалық сөзде Сталин Ресейдегі революциялық процесті ұлттық шеңберге шектейді. Ал большевизм болса, ол өзінің тұңғыш қадамынан бастап Россиялық құбылыс екендігін көптеген еңбектерінде көрсеткен-ді.
Қазақ сахарасында 1890 - 1905 жылдары Сібір, Рязань-Урал, Воскресенскі, Орынбор-Ташкент темір жолдары басып өтетін 2072 темір жол торабы салынды. Қазақстан өңірі россиялық және дүниежүзілік сауда-саттық айналымына қосылды.

Саяси мәні
Ресейдегі революциялық процесті орыс коммунизмі, түрік коммунизмі деп бөлудің дұрыс еместігін дәлелдеу үшін бірнеше факторларды еске сала кеткім келеді. Біріншіден, шығыс халықтары Ресейдің құрамды бөлігі ретінде дамыды; екіншіден, шеткі аймақ халықтары бүкіл елде жүріп жатқан экономикалық және саяси өмірге еншілес еді, ал еңбекшілер болса таптық күрестің жалпы Ресейлік мектебін бірге өтті; үшіншіден, ұлттық аудандар XIX ғ. аяғында көп ұлттық өңірге айналды, тек қана Түркістан мен қазақ даласында 2 миллионнан астам европалық өмір сүрді; төртіншіден, империя көлемінде жұмысшы табы қалыптасты, жұмысшы қозғалысы шаруалар бұқарасына моральдық-саяси ықпал жасады; бесіншіден, ұлттық аудандар саяси жер аударғандардың қара шекпенді орыс, украин, белорус шаруаларының өлкесіне айналды. Кеше ғана аграрлық тәртіпсіздік мектебінен өткен олар жаңа елге де революциялық рух әкелді; алтыншыдан, Ресейдің орталық аудандарымен аграрлық шет аймақтардың мәдени дамуында асып кеткен алшақтық жоқ еді. Жаңа жүргізіліп жатқан зерттеулер ғасыр басында Ресейде сауаттылық 21,6% болса, Қазақстанда - 19,5% екендігін дәлелдеп отыр; жетіншіден, Ресей жұмысшы табы халықаралық жұмысшы табының революциялық отрядына айналды, ал ол болса жаңа типті большевиктік партия құрды. В. И. Ленин, оның жақтастары жаңа партияны орыс партиясы емес, Ресей социал-демократиялық партиясы деп атады. Ресейдегі бірінші революция кезінде Самарада РСДРП-нің Шығыс Бюросы құрылды. Шығыс халықтарына татар тілінде Орал газеті шығарылды, т. б. Сөз жоқ, большевиктік партия қатарында шығыс халқының өкілдері аз болғаны рас, ұлттық кадрлардың шыңдалуына революциядан кейін көп уақыт, күш керек болғандығы рас. Бірақ, ол Түрік коммунизмі болып жеке қалыптаспағандығы да рас.
Сталиннің бұл бір тұжырымы Қазақстан партия ұйымы үшін, қазақ сахарасы үшін қасірет әкелгендігін мойындауымыз керек. 1925 жылы 12 қыркүйекте Қызылордаға келіп, Қазақ өлкелік партия комитетінін бірінші хатшылығына отырған Ф. И. Голощекин өзінің теориялық және іс жұмысында Сталиннің осы теориялық тұжырымын басшылыққа алды. Біз осы кезге дейін Голощекиннің өз басын Кіші Қазанның авторы етіп келдік. Шындығында, Шая Ицкович тек қана қолшоқпар бейшара ғана. Сталиннің артынан іле-шала ауылда тап күресі жоқ, қазақ ауылында кеңес өкіметі жоқ, ауылда қазан болған емес, Қазан дауылы қазақ ауылының тұсынан құйындай өтті, 1925 жылы күзге дейін Қазақстанның, оның партия тарапының беташары деген сияқты лепірме тұжырымдар Сталиннің Шығыста социализм үшін күрес барысында коммунизм жақында пайда болды - деген тезисінің жалғасы емес деп кім айта алады.
Сталин өзінің ұлт мәселесіне арнаған еңбектерінде 65 млн. орыс емес халықтардың 25 млн-ға жуығы түрік халықтары екендігін, олардың тарихи дамуында, әдет-ғұрпында, мәдениетінде өзіндік өзгешеліктері бар екендігін талай рет орынды көрсеткен-ді. РК(б)П-ның X съезінде Азық-түлік комиссариатын Қазақстанда шошқа етін даярлауға салық салғанын, ал мұсылмандар болса, шошқа өсірмейтінін әділ сынаған-ды. Ол патриархалдық-феодалдық қалдықтармен күресу құрылысына еңбекші шаруалар Кеңестері негізінде жаңа өмірге тарту, ұлт аймақтарында күшті коммунистік ұйымдарды құру керектігін айта келіп, вместе с тем учитывать в своей строительной работе все особенности конкретной экономической обстановки, классового строения, культуры и быта каждой данной национальности, без механического пересаживания экономических мероприятий центральной России, годных лишь более высокой, ступени хозяйственного развития).
Сөз жоқ, Сталин сөз жүзінде әділ айтты. Ал іс жүзінде алайықшы. Кеңес өкіметі көшпелі халықты отырықшылыққа көшіру саясатын жүргізді. Ол оны коллективтендірумен қатар жүргізді. Л. И. Мирзоян айтқандай, көшпенділерді отырықшылыққа көшіру негізінен дұрыс саясат. Бірақ, бар мәселе, біріншіден, отырықшылыққа көшіруді даярлауда; екіншіден, оны ұйымдастырудың қарқыны мен мәнінде; үшіншіден, әр ауданның ерекшелігін ескеруде; төртіншіден, халықтың белсенділігін пайдалана білуде. Алайда, осы шарттардың бірі орындалды ма?
Не болмаса, коллективтендіру барысында ауыл мен деревняның таптық құрамы ғылыми дәрежеде зерттелді ме? 1926 жылғы Бүкілодақтық санақ бойынша қазақ қожалықтарының 2,6 проценті орыс, украин қожалықтарының 7,1 проценті кісі еңбегін пайдаланған. Ал өлкелік партия комитеті жаппай коллективтендіру кезінде баймен жартылай феодалдардың үлес салмағы 6 - 7 процент деген жаңсақ деректі басшылыққа алды. Басқаша айтқанда, қазақ қожалықтарындағы экспроприацияланатындар саны 3 есеге дейін үлкейтіп көрсетілді. Сөйтіп, 10 мыңнан астам орташа қожалықтар ешқандай негізсіз бай мен жартылай феодалдардың қатарына қосылды.
Сталин мақұлдаған Голощекиннің мәдени революция программасының шовинистік сыры айтпаса да түсінікті. Міне, осының нәтижесінде бір ұрпақтың өмірінде қазақ тілі екі рет жаңа орфографияға көшті, екі рет халықты жаппай сауатсыз етті.
Көп сөздің түйіні - И. Сталиннің теориялық тұжырымы мен нағыз іс арасы жер мен көктей алшақтығында, оның екі жүзділігіндер.
И. Сталин ұлт істері халық комиссариатын басқарса да Қазақ Советтік Автономиясын құруға айтарлықтай қатыса қоймады, жұмыстың негізгі салмағын халық Комиссариатының коллегия мүшелері С. Димантейн мен С. Пестковский көтерді. Ұлт істері Халық Комиссариатының әуелі коллегия мүшесі, кейін орынбасары болып сайланған Т. Рысқұлов қазақ жерін біртұтас біріктіруді тездету, жерді пайдалану туралы реформа жүргізу, аштыққа қарсы күресу бағытында көптеген жұмыстар жүргізді. Кейін И. Сталин партияның X съезіне ұлт мәселесі жөнінде баяндама жасағанда Т. Рысқұловтың кейбір идеяларын пайдаланды.
И. Сталин партияның XII съезінде партия және мемлекет құрылысындағы ұлттық моменттер туралы баяндамасында көп ұлтты республикаларда (Грузия, Әзірбайжан, Бұхара, Түркістан) алдыңғы қатарлы элементтер өзара бақталастық жасап, жергілікті жердегі шовинизм өршуі мүмкін, грозя нам превратить некоторые республики в арену национальной склоки, подорвать узы интернационализма. Орталық Комитетінің И. Сталин қол қойған 1922 ж. мамыр айындағы Қазақ облыстық партия ұйымына үндеуі міне осы рухта жазылған-ды. Сталиннің ойынша, қазақ коммунистері бас көтеріп, ұлттық өсек-аяңға салынып жатқандай көрінген-ді. Ал шындығына келсек, ол партия ұйымының жастығы, құрамында жұмысшы табы өкілдерінің аздығы, жалпы мәдениетінің, сауатсыздығының төмендігі, ислам, адат пен шариаттың, феодалдық-патриархалдық әдет-ғұрыптардың қалдықтарының ықпалы, жүзге, руға бөлінушілік, отаршылдықтың ызғары, Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде ұлы шовинистік пиғылдағы коммунистердің зорлығы, басқаша айтқанда Өлкелік партия ұйымын ұйымдастыру кезіндегі балалық шағына тән науқастар болатын. Ал Сталин әкімшілдік-әміршілдік көрсетіп, кадрларды сапырылыстырып жатты. Азғантай уақыт ішінде ұйымдастыру комитетінің басшысы В. А. Радус-Зенькович, партия комитетінің хатшылары М. М. Костолевская, Г. А. Коростелев, М. М. Мурзагалиев, В. Г. Юдовский, А. И. Ваинштейн, т. б. орталыққа шақырылды. Ең ақыры 8 жылға созылған Ф. Голощекиннің князьдық дәуірі басталды. РК(б)П Орталық Комитетінің ұлттық республикалар мен облыстардың жауапты қызметкерлерінің IV кеңесінде Сталин: Я помню, как два года назад в Киргизской республике был председателем Совнаркома Пестковский не владеющий киргизским языком. Это обстоятельство породило еще тогда громадные трудности в деле закрепления связи правительства Киргизской республики с киргизскими крестьянскими массами. Именно поэтому партия добилась того, что теперь председетелем Совнаркома Киргизской республики является киргиз. Мұндай жарнама мысал тек совет құрылысында ғана болды. Ал Қазақстан партия ұйымынын басшылығына 1946 жылға дейін бірде-бір қазақ бірінші басшы болып сайланбай келді. Бұл да қалыптасқан сталиндік дәстүрдің бір түрі болатын.
РК(б)П Орталық Комитетінің ұлттық республикалары мен облыстарының басшы қызметкерлерінің IV кеңесі алдында Татарстанның көрнекті партия қайраткері Сұлтан Ғалиев татар, башқұрт, Қазақстан, Орта Азия, Әзірбайжан халықтарының мүддесі туралы ортақ пікір қалыптастыру мақсатымен келіссөз жүргізді. Амал нешік, мұндай келіссөз жүргізуді Сталин партияға қарсы акция деп қарады. Сұлтан Ғалиевке буржуазиялық ұлтшыл, панисламист деп қарады, Сұлтан Ғалиевтің хат жолдағандарының қатарында Т. Рысқұловта болатын.
Что бы ни говорил Рыскулов, - деді Сталин, - ясно, что у него лежит дома два конспиративных письма Султан-Галиева, которых он никому не показывал, ясно, чтобы он был связан с Султан-Галиевым идейно... речь идет об идейной, идеологической связи с султангалиев-щиной.
Сұлтан Ғалиев оқиғасы бірнеше ой түсіреді. Біріншіден, белгілі партия қызметкерлері артынан тіміскілеу, бақылау жүргізілген. Екіншіден, сол ұлттық кадрларға Сталин тарапынан сенім болмаған деген сөз. Үшіншіден, Сталин пікір таласыйан бас тартқан, өзінің айтқанын ғана бірден-бір дұрыс деп сол 1923 ж. өзінде санаған. Төртіншіден, Сұлтан Ғалиевты ешқандай кінәсы болмаса да, абақтыға жабу социалистік заңдылықты бұзудың айғағы болса керек. Ол қорқыту, үркіту, саясатын сол кездің өзінде-ақ ұлт кадрларымен күрестің әдісіне айналдырған. Ендеше Ф. Голощекиннің қазақ сахарасында шілдер мен измдерді қойдай тоғытуы Сталиннің өз сабағы, өз қолтумасы екеніне сенесіз. Бесіншіден, Т. Рысқұлов сол кеңесте Сұлтан Ғалиевті неге ашық айыптамады? - деген әдебиетте сұрақтар кездеседі. Сұлтан Ғалиев Т. Рысқұлов сияқты шығыстағы езілген халықтардың арасынан озып шыққан ойшыл коммунист-теоретиктердің бірі болатын. Оның Ұлы Қазан революциясынан кейін ұлт-азаттық қозғалысына, отар мәселесіне арнаған еңбектері осы кезге дейін мұсылман елдеріндегі марксизммен диалог жүргізгісі келетін солшыл күштердің назарында. Сұлтан Ғалиев ұлт мәселесінің теоретигі есебінде Сталиннің В. И. Ленин ауыр науқас кездің өзінде-ақ федерация идеясының бас тартқанын тұңғыш көргендердің бірі.
Сталин болса Сұлтан Ғалиевтың идеяларын тұншықтырды. Оның өзі 1923 ж. репрессияға ілікті. Мұндай жағдайда Тұрар өз арының тазалығын сақтағаны хақ.
1925 ж. 18 мамырда Шығыс еңбекшілерінің Коммунистік университетінің студенттері жиналысында сөйлеген сөзінде кеңес республикаларының даму дәрежесі әр түрлі екендігін айта келіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу
Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір (1925-1940)
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі (1917-1956 жж.)
Қазақстан тарихының батыс деректемесінен көрініс табуы
Қазақстандағы лагерлер жүйесімен халық қасіреті
Саяси режимнің негізгі түрлері, типтері және принциптері
Ашаршылықтың ащы шындығы
САЯСИ РЕЖИМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары (1945-1964 жж. )
Бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен
Пәндер