Қазақ даласындағы 1920-1930 жылдар арасындағы өзгерістер



I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II.Негізгі бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1)Қазақ даласындағы 1920.1930 жылдар арасындағы өзгерістер ... ... ... ... ... .4
2)Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
3)Ауыл шаруашылығының ұжымдастырудың көлеңкелі жақтары ... ... ... ... ...8
III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Тарих – халық зердесі. Әр халықтың, ол үлкен болсын, кіші болсын, өзінің төл тарихы болады. Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып қалды да, бірінікі "Уақыт" деген қайырымсыз алыптың аяғының астында тапталып ғасырлар тұңғиығына батып кетті. Мұндай қасіретті кезеңдер жайлы ақиық ақын Мұхтар Шаханов былай жырлайды:
Және туған тарихы, еске алуға қаншама,
Ауыр әрі қасіретті болса да
Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.
"Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз," - дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдардан "ешкімге соқтықпай жай жатқан елдің" ежелден құт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған ел екенін көреміз. Бірақ, "Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды". Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Біз оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек.
1. Маданов. «Ұлы дала тарихы», Алматы, 1998 ж.
2. Тарих Адамзат ақыл-ойының қазынасы «Фолиант» баспасы Астана 2006ж.
3. Мусин Чапай, «Қазақстан тарихы», Алматы 2003 ж.
4. Қазақ ССР тарихы, 4-том. Алматы, 1985 ж.
5.«Қазақ энциклопедиясы» 3-5 томдары. Алматы. 2000-2002 жж
6.“Қазақ тарихы” журналы 1996 ж. № 5

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II.Негізгі
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1)Қазақ даласындағы 1920-1930 жылдар арасындағы өзгерістер
... ... ... ... ... .4
2)Қазақстандағы күштеп
ұжымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
3)Ауыл шаруашылығының ұжымдастырудың көлеңкелі жақтары ... ... ... ... ...8
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..18

Кіріспе

Тарих – халық зердесі. Әр халықтың, ол үлкен болсын, кіші болсын,
өзінің төл тарихы болады. Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып
қалды да, бірінікі "Уақыт" деген қайырымсыз алыптың аяғының астында
тапталып ғасырлар тұңғиығына батып кетті. Мұндай қасіретті кезеңдер жайлы
ақиық ақын Мұхтар Шаханов былай жырлайды:

Және туған тарихы, еске алуға қаншама,

Ауыр әрі қасіретті болса да

Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір
көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.

"Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан
елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын
деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан
сөз асырмаған елміз," - дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдардан "ешкімге
соқтықпай жай жатқан елдің" ежелден құт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған
ел екенін көреміз. Бірақ, "Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды".
Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Біз
оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек.

Біздің жұмысымыз осындай қазақ халқының тағдырына ауыр соққан
ұжымдастыру жылдары жөнінде болмақшы. Әлбетте, қазақ даласындағы
ұжымдастыру отырықшылыққа көшумен қат-қабат жүргізілді десе де болады.
Отырықшылыққа көшудiң прогрессивтi құбылыс екендiгi, дүниежүзiлiк өркениет
керуенiне iлесер жол болғаны даусыз. Бұл мәселе сол кездің саяси талабы да
еді, бірақ ол халықтың ахуалымен санаспастан күштеп жүргізілді. Сондықтан,
20-30 жылдары жүргiзiлген отырықшыландыру мен ұжымдастырудың, сайып
келгенде, халқымыздың iргелi ел болуына, бүгiнде тәуелсiз мемлекетiмiздi
қалыптастыруға үлес қосып, алғы шарт жасағанын мойындай отырып, оның ащы
шындығын айтуымыз қажет.

1. Қазақ даласындағы 1920-1930 жылдар арасындағы өзгерістер

Қазан төңкерiсiнен кейiн қазақ елiнiң болашағы Кеңес өкiметi көтерген
еркiндiк пен әдiлеттiлiк ұрандарымен байланыстырылды. Өз халқын iргелi ел
еткiсi келген қазақ зиялыларының ой-армандары ұлыдержавалық тосқауылға тап
болды. Олар қазақ елiн алға бастыру шараларының бiрi ретiнде көшпелi жұртты
бiртiндеп отырықшыландыру мәселесiн мақсат етiп қойған болатын. Оны жүзеге
асыру үшiн патша заманында тартып алынған жерлердi қайтару iсi қазақтарды
жерге орналастырумен тығыз ұштастырылып, интенсивтi шаруашылыққа бiртiндеп
көшу ұсынылды. Өйткенi тұрмыс пен шаруашылықта жаңа сапалық өзгерiстердi
қалыптастыру оған нақты мемлекеттiк көзқарас пен қаржылық қолдау болғанда
ғана жүзеге асатынын олар жақсы түсiндi. Осы бағытта нақты жұмыстар
атқарылды. 1922 жылы 30 қазанда қабылданған Жер кодексi қазақтарды жерге
орналастыруды бiрiншi кезекке қойып, экономиканы алға бастыруға маңызды
үлес қосты.

Осы бағыт үзiлiссiз, ұдайы жүргiзiлгенде, көшпелi қазақты
отырықшыландыру мәселесi зардапсыз шешiлуi мүмкiн едi. Бiрақ жаңа
экономикалық саясат жылдарында Кеңес өкiметiнiң қазақ халқының жағдайын
көркейтуге құлқы да, мүмкiндiгi де болмады. Ұзақ психологиялық және
қаржылық дайындықты талап ететiн бұл үлкен iстi жүргiзу шеңберi қаржының
аздығынан, бiрте-бiрте тарыла бердi. Сөйтiп, отырықшыландыру iсi ұзақ
мерзiмдi қажет ететiн шара ретiнде кейiнге қалдырылды.

Қазақстан экономикасын дамытуда бiртiндеп отырықшыландырудың, сонымен
қатар, оның индустрияландырумен қатар жүргiзiлуi қажеттiлiгiн айтып, дабыл
қаққан С.Сәдуақасов сияқты қайраткерлердiң пiкiрi есепке алынбады. Кейiн
олардың күштеп отырықшыландыруға қарсы шыққанын Голощекин мен оның
шабармандары түсiнбей, дал болды.

Отырықшыландыруда әуел бастан жеделдету мақсаты қойылып, қазақ
ауылының iшкi-сыртқы ерекшелiктерi ескерiлмедi, сондықтан, ешқандай
дайындықсыз бiрбеткей жоспарлар бекiтiлiп, бар ауыртпалық қазақтың өз
мойнына түстi. Қысқа мерзiмде жедел, жаппай отырықшыландыру қазақ халқының
ата қонысынан ауа көшуiн үдетiп, ашаршылық пен босқыншылыққа ұрындырды.

Көшпелi қазақты отырықшыға айналдыру туралы жедел шешiм 1929 жылдың
аяғында қабылданды. Алайда, бұл прогрессивтi шараның қажеттiлiгi туралы
мәселенiң бұдан он шақты жыл бұрын қойылып, шешiмiн таппағанын баса
көрсеткенiмiз абзал.

Алайда, 1922-1928 жылдарда бiртiндеп отырықшыландыру мәселесi жерге
орналастырумен сабақтас болғандықтан, кейiнге қалдырылды. Қазақ шаруаларына
отырықшы халықтың жер мөлшерiне сәйкестендiрiп жер беруге, оны жаратуға
мүмкiндiк туғызуға өкiмет мүдделi болмады. Әсiресе, бұл бағыт республика
партия ұйымына Ф.И.Голощекиннiң басшы боп келуiнен кейiн одан әрi күшейдi.
1925 жылдан бастап қазақтарды бiрiншi кезекте жерге орналастыру, оны
мемлекет тарапынан қаржыландыру жұмысы тоқырап, ақыры, 1927 жылы тоқтап
тынды.

Қазақтарға жердi мейлiнше аз беру бағытының 1926-1927 жылдарда
өткiзiлген шабындық және егiстiк жайылымдарды бөлу деген атпен белгiлi
жартыкеш жер реформалары нәтижесiнде жүзеге асқаны мәлiм. 1927 жылы қазақ
шаруашылықтарын жерге орналастырудың бiрiншi кезектiлiгiнiң жойылуы
қазақтың жерге жеке меншiгiн қалыптастыруды жоққа шағарды.

Индустрияландыруға қаржы беретiн астық экспортын көбейту егiстiк
жерлердi ұлғайтумен байланыстырып, республикада оның 2 жолы қарастырылды.
Бiрiншiсi – сырттан қоныстандыру арқылы болса, екiншiсi – қазақтарды
егiншiлiкке көшiру. Соңғысы әуелi жерге орналастырып, содан кейiн
отырықшылыққа икемдейтiн сан алуан материалдық-техникалық қолдау шараларын
қажет ететiн болғандықтан, басты назар бiрiншiсiне аударылды.

Сөйтiп, шабындықтар мен жайылымдарды бөлу, iрi байлар мен орта
дәулеттiлердi тәркiлеу сияқты шаралар, түптеп келгенде, осы мақсатқа
жұмылдырды. Оның себебi Голощекиннiң ойынша, отырықшыландыру қазақтардың
жайылымдарын азайтып, егiншiлiкке қажет артық жер қорын шығаратын едi.

Отырықшыландыруды 1922 жылдан бергi 7 жылда жүзеге асыруға батылы
жетпеген өкiмет, ендi оны қалайша бiр мезеттiк iске айналдырды? Бұл шараның
қажеттiлiгiн қандай себептермен, мүмкiндiктермен түсiндiрдi?

Ең алдымен отырықшыландыру туралы Өлкелiк партия комитетi 1929 жылдың
қараша айында шешiм қабылдады.

Сонымен 20-жылдардың аяғына қарай қазақ даласындағы ірі өзгерістерге:
халық шаруашылығын қалпына келтіруге, өнеркәсіп орындарын салып,
кәсіпорындардың, жолдың кең жүйесін дамытуға себепші болған жаңа
экономикалық саясаттың әрекетін тежеп, әміршіл-әкімшіл басқару әдісіне
көшуге біржола бетбұрыс жасалды. НЭП жылдарында орташаланып қалған ауқатты
шаруалар, қаладағы жағдайын біраз түзеп алған қолөнершілер мен қызметкерлер
енді жат таптың өкілі есебінде қудалауға алына бастады. Саясаттағы
солақайлық етек ала берді.

2. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру

1924 жылы сәуірде РКФСР үкіметі Қазақ АКСР-інің көшпелі және
отырықшылыққа көшкен халықтарын жерге орналастыру туралы жарлық шығарған
еді. Жерге орналастыруға байланысты барлық шығынды мемлекет өз мойнына
алды. Отырықшыланған шаруашылықтарға салық жөнінен жеңілдіктер берілді.
Ауыл кедейлері мен шаруаларына қаржылай көмек беру ұйымдастырылып, оның
көлемі 1,5 млн. сомға өсті. Осы жылдың қазан айында ұжымдастырылған
шаруашылықтардың жалпы саны 794-ке жетіп, оның 96-сы коммуна, 456-сы
ауылшаруашылық артелі, 242-і жай серіктестіктер болды.

Тұтас алғанда, республика бойынша 1925 жылы қазанда ауыл шаруашылық
кооперациясының жүйесінде 322 690 мүшесі бар 2811 бірлестік жұмыс істеді,
олардың ішінде 62546 мүшесі бар бір мың қазақ бірлестіктері де болды.
Сонымен қатар қазақ және қоныс аударып келген шаруашылықтардың төрттен
бірінен көбі (27,1 проц.) бірлестіктерге қамтылды. Бірлестіктер қатарында
96 коммуна, 557 артель, 58 жай серіктер болды. Тұтыну кооперациясы көшпелі
ауылда кеңінен дамыды. Олардан басқа 35 совхоз және 4 мыңнан астам шаруалар
комитеттерінің өзара көмек қоғамдары жұмыс істеді.

Кооперациялық құрылысты жүргізуде орыстар арасында шаруалардың
қоғамдық өзара жәрдемдесу комитеттері, ал қазақтар арасында Қосшы одағы
маңызды рөл атқарды. 1925—1926 жылдары шаруалардың қоғамдық өзара
жәрдемдесу комитеттері 335 мың, ал Қосшы одағы 140 мыңнан астам ауыл
шаруашылығының жалдама жұмысшыларын, кедейлер мен орташаларды біріктірді.

Ал 20-жылдар аяғында Қазақстанда 1250 мыңдай жеке шаруа қожалықтары
колхоздарға ұйымдасты. Мемлекет техника және қаражат беріп, еңбекші
шаруаларға жеңілдіктер жасап, колхоздарға көмек көрсетуге пейіл қылды.
Бірақ көп жерлерде бұл шаралар тиісті нәтиже берген жоқ. Бұл кезде
республикада совхоздар мен МТС-тар құрыла бастады. Бұлар шаруалардың
ұжымдандыру мәселесін шешуге көмектесуге тиіс еді.

Аграрлық саясатты іске асыру барысында ірі байлардың, "жартылай
феодалдардың" ең әуелі малын, сосын еңбек құралын, одан кейін олардың
тұратын үйлерін тартып алып, жер аударып жіберу бағыты алынды. 1927 ж.
желтоқсанында Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі-ірі байлар
шаруашылығын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін комиссия
құрылды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды. Оның
құрамына О. Исаев, Н. Нұрмақов, Ғ. Тоқжанов, О. Жандосов т. б. кірді. 1928
ж. 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Республика Халық Комиссарлары
Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы қабылданып, жарлық
қаулы түріндегі құжатқа айналды. Республика округтерінде тәркілеуді өткізу
жөніндегі өкілдер тағайындалды. Ауыл-ауылға тікелей мыңнан астам өкіл
жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс істеді.

Қаулыға сәйкес Қазақстан бойынша көшпелі аудандарда 400-ден аса малы
бар ірі қараға шаққанда 700 шаруашылықты, жартылай көшпелі аудандарда 300
және отрықшы аудандарда 150 шарушылықты тәркіге салу белгіленді. Бұл
науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланды. Науқанның
қорытындысы бойынша іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге салынды, олардың 619-
ы тұрған округінен тыс жерлерге айдалды. Тәркіленгендерден ірі қараға
шаққанда 145 мыңдай мал және ауыл шаруашылық саймандары тартып алынды.

Қазақ байларын тәркілеу барысында заңға қайшы көптеген
бұрмалаушылықтар орын алды. Кейбір жерлерде 300-400 қаралы қойы бар, орта
қолды дәулетті шаруалар шаруашылықтары орынсыз тәркіге ұшырады. Ал қайсыбір
жерлерде туысқан жанұяларының малдары қосылып жазылып, оларда тәркіге
жатты.

20-шы жылдардың аяғында көшпелі және жартылай көшпелі қазақтарды
отырықшыландыруға бағытталған шаралар іске асырылды. Мұның өзі бастапқыда
кейбір жеңілдіктер беру (құрал-сайман, күш-көлік, қарыз қаржы беру, екі
жылға астық, ет тапсырудан құтқару) арқылы бірте-бірте жүргізілетін болып
белгіленгенмен, шынтуайтқа келгенде, күштеп отырықшыландыру әдісі белең
алды. Көптеген жерлерде көшпелі шаруашылықтар бір жерге иіріліп, киіз
үйлерден көшесі бар қалашықтар құрылды. 10-15 күннен кейін ондағы адамдар
жан-жаққа ешкімді тыңдамай қашуға, көшуге мәжбүр болды. 1930-31 жылдарда
осындай зорлап отырықшыландыру зобалаңына ұшыраған мал шаруашылығымен
айналысатын 25 ауданнан 35 мыңнан астам шаруашылықтар республикадан тыс
жерлерге көшіп кетті. Маңғыстау ауданы (Батыс Қазақстан) халқының 50 пайызы
Қарақалпақстанға, Түркіменияға, Ресейге көшіп кетіп оралмады. Ондағы малдың
саны 65 пайызға азайды. Тек Батыс Қазақстан облысы бойынша - 82,2,
республика бойынша - 51,8 пайызға қысқарды. Жалпы Қазақстан бойынша 1931
жылдың тамыз айына дейін 281 мыңнан астам шаруа қожалықтары республикадан
тыс жерлерге көшіп кетті. Ал бұл көшпелі және жартылай көшпелі
шаруашылықтар жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында өздерінің
малдарының санын көбейтіп, қалаларға ет, жүн, т.б. шығарып сатып,
жағдайларын біраз түзеп алған болатын.

3. Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың көлеңкелі жақтары

20-шы жылдардың басында қабылданған жаңа экономикалық саясат бойынша
шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін
көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Шаруалар
кооперациясы мемлекеттік қысым күшімен емес, экономикалық тиімділік
шарттарын сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын шаралар ретінде қаралды. Жаңа
экономикалық саясаттың алғашқы жылдардағы тәжірибесі оның мүмкін екенін
дәйектеп берді.

Алайда, 20-шы жылдардың екінші жартысында жаңа экономикалық саясат
негізінде қалыптасқан шынайы бағыт түбірінен өзгерді. Басты міндет - ең
зәру көкейкесті мақсат индустрияландыруды қызу қарқынмен жүргізу деп жар
салынды. Индустрияландыру қам-қарекетін қамтамасыз ететін қорды жинауды
шаруалар қауымын тікелей және жанамалап экспроприяциялау есебінен жүргізу
көзделді. Атап айтқанда, бұл мақсат мемлекеттендірілген колхоз жүйесін
жасау, яғни шаруаларды ұжымдастыруды жаппай өткізу арқылы іске асырылды.
Сөйтіп, 20-шы жылдардың аяқ шенінде бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да
ұжымдастыру науқаны басталды. Бұл шараның іске асырылуына шаруалардың
тілегі мен ықыласы себеп болған жоқ, ол жоғарыдан берілген әмір, нұсқаулар
негізінде жүргізілді. Қазақстанда ұжымдастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай
аяқтау белгіленді. Шаруаларды күштеп ұжымдастырудың арқасында республикада
колхоздар саны қауырт өсіп 1927 жылы 1072 болса, 1928 жылы - 2354, ал 1929
жылы - 4876-ға жетті. Бұлар колхоздастыру саясатын жүргізудегі жоғары
көрсеткіштерге қол жеткізу үшін құрылған жасанды шаруашылықтар еді. Оларды
құру барысында небір сұмдық зорлыққа, күштеуге жол берілді. Ол тұста
қабылданған бірнеше қаулы-қарарлардың заңдылығын тексеру барысында
Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Төралқа комиссиясының 1992 жылғы
желтоқсанындағы қорытындылары жарияланды. Онда келтірілген деректер мен
мағлұматтар колхоздастырудың қандай әдістермен жүргізілгені жөнінде толық
түсінік береді.

ұжымдастырудың 1929 жылдың орта шенінен басталғаны белгілі. Оның құлаш
жаюы Сталиннің сол жылғы 7 қарашадағы "Правда" газетінде "Ұлы бетбұрыс" деп
аталатын мақаласының шығуымен тұспа-тұс келді. Мұның алдында кулактарға
шабуыл жөніндегі нұсқаулар негізінде Қазақстанда байлардың шаруашылықтарын
тәркілеу аяқталған болатын. Енді жана экономикалық саясат негізінде
жүргізілген шаруаларды кооперациялау ісі мемлекет бағыттап отырған күшпен
ұжымдастыру шарасына орын берді. Ал, бұл шара шаруа қауымының игілігін
ойлаудан тумады, тек индустрияландыру процесін қамтамасыз ету мақсатын қана
көздеді. Сөйтіп, 20-30 жж. жаңа экономикалық саясатын дамыту бағыты
тұйықталып тасталды. Ондаған жылдар бойына экономика мен қоғамдық саяси
өмірде тек "күштеу" шарасының рухы үстемдік етті.

Бұл жағдай ауыл шаруашылығына қасіретті зардабын тигізді. Селодағы
саясаттың ең басты шарты - әміршіл-өкімшіл террорға сүйенген экономикалық
емес жарлықтар, шаруалар қауымын кооперациялау идеясын жаманатты қылып
қоймай, оның пайдалы жақтарын да құртып жіберді. "Ұлы бетбұрыс" селолық
құрылымдарды қатігез қаталдықпен аяусыз қиратып, қоғамның болашақта туатын
проблемаларын біртіндеп әзірлей бастады.

Колхоздастыру барысында жүргізілген ауыл шаруашылығы өнімдері оның
ішінде астықты күштеп дайындау шаруалардың күн көрісіне, көңіл-күйіне
мейілінше кері әсер еткен, оларды кеңес өкіметін жек көруге итермелеген
екінші бір үлкен шара болды. Ауылдарда мал саны өсіріліп көрсетіліп,
алынатын еттің, жүннің көлемі белгілі есептен асып түсті. Салғыртты орындау
үшін шаруалар қыс ішінде қой қырқуға мәжбүр болды. Мұның өзі қойлардың
жаппай қырылуьша соқтырды. Егіспен айналыспайтын шаруашылықтардан астық
талап етілді. Салғыртты орындамаған қожалықтар сотқа тартылды. 1928-1929
жылдары осындай айыпқа ұшыраған 34 мың ауыл-село адамдары сотталды. Мұның
өзі ауыл адамдарын қорқыту үшін де істелінді.

Колхоздастыру осындай ауыр жағдайда басталды да, оны басқару
әкімшілік, зорлық, күштеу әдістерімен жүргізілді. Егер 1928 жылы
Қазақстанда колхозға барлық шаруашылықтардың екі пайызы ғана кірсе, 1931
жылдың күзінде шаруаларды 70-тен 100 пайызға дейін колхоздастырған
аудандардың саны 78-ге жетті. Бүл тұста өлкеде 122 аудан болатын.
Шаруаларды ұжымдастыру кезінде ауыл-селоларда бай-кулактарды тап ретінде
жою шаралары іске асырылды. Жергілікті орындарға жеткізілген нұскау бойынша
жойылуға тиісті бай-кулак шаңырақтары барлық шаруашылықтың жалпы санының 3-
5 пайызынан аспауы керек деп ескертілді. Бірақ, осыған қарамастан әміршіл-
әкімшіл жүйенің асыра сілтеу әрекетімен тәркіге салынғандар саны кез келген
жерде ең жоғарғы көрсеткішке жеткізілді. Нәтижесінде тек 1930-1931 жж.
республикадан тыс жерге бай-кулак деп "жер аударылып" жіберілген шаруалар
саны 6765 адамға жетті. Ондаған мың шаруалар тұрған округтерінен республика
ішінде басқа жерлерге көшірілді.

Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жүргізу үшін Қазақстан өлкелік
партия комитеті жергілікті белсенділермен бірге кәсіпорындардан сегіз мың
жұмысшыны тартты. Мұның үстіне республикаға Мәскеуден, Иваново-
Вознесенскіден, Харьковтан, Ленинградтан партияның шақыруымен 1204 жиырма
бесмыңыншы келді. Бірақ бұлардың өздері қазақ жерінде отырықшыланудың мәні
мен механизмін жете түсінбеді. Көптеген әкімшілер үшін бұл шартараптан
жүздеген шаруашылықты бір жерге жинау болды. Мұндай топтаудың салдарынан
шаруалар мал өрісінен, су мен шөп іздеп, жайылым ауыстырып отыру
мүмкіндігінен айырылды.

Әміршіл-әкімшіл жүйенің нұсқауымен Қазақстанның барлық аймақтарында
ұжымдастыру егіншілік шаруашылықтарында да қандай қарқынмен жүргізілсе, мал
өсіретін шаруашылықтарда да ол сондай қарқынмен жүргізілсін деп талап
етілді. Ойластырылмай алынған шешімнің зиянды қайтарымы өзін көп күттірген
жоқ.

Қолдағы малды қоғамдастыру нәтижесінде колхоз фермалары құрылды.
Кейбір жерлерде алып коммуналар ұйымдастырылып, олар өте көп шарушылықты
біріктірді. Соның нәтижесінде фермаларға жиналған қисапсыз мал күтімнің
кемдігінен, шөптің, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ даласындағы 1920 - 1930 жылдар арасындағы өзгерістер және 1921 - 1940 жж индустриялық дамуы
Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
ХХ ғ. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Мәдениет, білім, ғылымдағы ұлт мәселесі бойынша таптық-партиялық принциптер және оның ұлыдержавалық астарлары
Ашаршылық туралы
Бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен
Бейімбет Майлин - қазақ совет әдебиетінің ірге тасын қалаушылардың бірі және классигі
1921 - 1922 жылдардағы аштық
1917-1920 жылдар аралығындағы Астрахан қазақтары
Күштеп ұжымдастыру
Орыстандыру саясаты
Пәндер