Бюрократия- әлеуметтік құбылыс ретінде


Жоспар
Кіріспе . . . 3
Формальды ұйымдастырулар. Бюрократия- әлеуметтік құбылыс ретінде . . . 5
Мемлекет-әлеуметтік ұйымдастырудың жалпы формасы . . . 10
Қорытынды . . . 15
Қолданылған әдебиеттер . . . 16
Кіріспе
Еңбек ұйымдары қызметінің орталық осі болып басқару табылады. Басқаруға деген әлеуметтік көзқарастың негізгі үш түрлі компонентті бөлуге байланысты. Олардың біріншісі - мақсатты ойлау мен мақсатты жүзеге асыруды қамтитын мақсатты бағытталған басқарушы әсер, ол басқарудың негізін құрайды. Мұндай әсер сыртқы (басқару органы объекттен тыс болғанда) және өзін-өзі басқару (әсер объектке кіретін бөлімше және субъектпен орындалса) түрінде болады. Басқарудың екінші компоненті - әлеуметік өзін-өзі ұйымдастыру, яғни ұжымшылык реттеудің кездейсоқ процестері (лидерлік, престиж шкаласы, бейресми ұйымдасқан топтар, әлеуметтік нормалар) . Аталған екі компонент үшінші компонентті тудырады - «бұрынғы» басқару еңбегінің өнімдерімен қатар (тұрақты лауазымдық құрылымда административті тәртіппен, объективтелген шешімдер), ұжым ішіндегі кездейсоқ қалыптасқан ережелер мен қарым-қатынас нормаларын қамтитын ұйымдастыру тәртібі.
Берілген элементтердің оптималды сәйкестігі олардың шекараларын пайдалану мүмкіндіктері мен есептеу, мүмкін болатын қарама-қайшылықтарды жою негізінде олардың интеграциясын меңзейді. Осылайша, басқарушы шешімдердің көп бөлігін (бұйрық, тапсырма) бір реттік ықпал ету формасынан ұзақ мерзімді тәртіп формасына көшіруге немесе кездейсоқ реттеуіштерді ұйымның алдына қойылған мақсатына «қосуға» мүдделі.
Басқару тәсілдері.
Бұл ұжым, топ, жұмысшыларға деген мақсатты ықпалдың әлеуметтік тәсілдерінің жиынтығы. Әрбір көрсетілген деңгейде басқару ерекше мәселелерге тап болады, сондықтан сәйкесінше әдістерді құрайды. Олардың біреулері әрбір үш жағдайға да қолданылады, ал келесілерін қолдану нақты бір жағдаймен шектеулі.
Жеке кәсіпорын жұмысшысына қатысты оның мінез-құлқына түрлі ықпал етудің түрлерін бөлуге болады:
1) тікелей (бұйрық, тапсырма) ;
2) мотивтер мен қажеттіліктер арқылы (ынталандыру) ;
3) құндылықтар жүйесі арқылы (тәрбие, білім және т. б. )
4) қоршаған әлеуметтік орта арқылы (административтік және бейресми ұйымдарда және т. б. еңбек жағдайларын, статусты өзгерту) .
Кәсіпорынның өндірістік ұжымына кіретін топқа қатысты әлеуметтік басқару тәсілдері келесідей бөлінеді:
1) топ құрамының мақсатты құрылуы (квалификациялық, демографиялық, психологиялық белгілері бойынша жұмыс орнының саны мен орналастырылуына байланысты) ;
2) топтардың ынтымақтастығы (жарыс ұйымдастыру, басқару стилін жетілдіру, әлеуметтік-психологиялық факторларды және басқа әдістерді қолдану) ;
Кәсіпорынды әлеуметтік ұйымдастыру денгейінде мынадай тәсілдер қолданылады:
а) ресми және бейресми құрылымдарды үйлестіру (жоспарланған және шындығындағы байланыс пен нормалар арасындағы қарама-қайшылықтарды жою) ;
ә) басқаруды демократиялау (қоғамдық ұйымдар рөлін жоғарылату, жұмысшыларды біріккен шешімдерді жасап шығаруға жұмылдыру, өндірістің кейбір баскарушыларын таңдалуы, еңбек активтілігін арттыру және т. б. арқылы) ;
б) әлеуметтік жоспарлау (жұмысшылардың квалификациясын жоғарлату, ұжымның әлеуметтік құрылымын жетілдіру, тұрмысты жақсарту және басқа шаралар) .
Формальды ұйымдастырулар. Бюрократия-әлеуметтік құбылыс ретінде.
Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:
1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;
2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;
3) адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;
4) әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;
5) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.
Бюрократия - (лат. bureau - бюро, канцелярия және грек, kratos - күш, билік, үстемдік; канцелярияның билігі) атқарушы билік орталықтарының қоғам мүшелерінің еркінен тыс қалуына негізделген саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйе, қоғамның және мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени салалардағы қызметтерінде ресми және бейресми шенеуніктік байланыстарға негізделген билік жүйесі.
Бұл байланыстар тұйықталған, иерархия заңдылықтарына сайжүргізілетін, заңды және қоғам мүшелерінің еркін белден басатын, әкімшілік нұсқаулар әдісімен басқаратын биліктің қатаң тетігін қалыптастырады.
Бюрократия - кез келген ұйымдардың, мемлекеттік аппараттың, басқару құрылымдарының, мекемелердің, фирмалардың туа бітті қасиеті. Кез келген мемлекеттің аппараты бюрократиялық өзгеріске ұшырайды.
Нәтижесінде бюрократия билік және басқару жүйесіне, әкімшілік, шаруашылық, құқық қорғаушылық және басқа да аппараттық құрылымдарға "қондырылған" болып шығады. Бюрократияның қоғамдық-экономиқалық құрылымымен, демократиялық үрдістердің дамуымен, мәдениет деңгейімен, адамдардың білімділік деңгейімен, қоғамның өнегелік сипатымен анықталатын ұлттық-мемлекеттік ерекшелігі бар. "Канцелярия билігі" мемлекеттік билік жүйесінен, оның табиғатынан қашан да тәуелді болады. Билік аппаратын бюрократизациялау мен қоғамдағы демократияның шынайы жағдайының арасында тікелей өзара тәуелділік бар. Бюрократияға арнайы талдау жасаған - Гегель. Оның теориясын К. Маркс дамытты. Бүл мәселе, сондай-ақ М. Вебердің, Т. Вебленнің, Р. Мертонның және т. б. еңбектерінде жан-жақты зерттелді.
«Шенеуніктер диктатурасы келе жатыр!» деп қатты мазасызданған неміс зиялысы М. Вебер ХIХ ғасырдың аяғында неміс халқының «күн тәртібіне» ұлтқа әбден жатбауыр дүниеге айналған бюрократияны тезге салу мәселесін қойды. Негізгі айтқаны - неміс халқы саясаткер мен шенеуніктің ара жігін ажыратуы керек. Ұлттың мақсаттары, мемлекет тұрпаты, қоғам салаларының даму бағыттары туралы ел алдында бәсекеге түсетін тұлғалар - саясаткерлер. Ал ұлт мәселесінен гөрі отырған креслосын ғана ойлайтын, өз қалтасын қамдайтындар шенеуніктер. Мемлекеттегі ұсақ департамент пен облыс, аудан әкімшілктерін, ондағы бөлімдерді басқаратын осы шенеуніктің қалың «әскерін» бюрократия дейді. Вебердің өсиеті -ұлт билігінің ұшар басына (президент, үкімет, парламент, жоғарғы сот - бәрін жинақтап «истеблишмент» деп атайды) шенеуніктер шығып кетпеуі керек. Истеблишментке саясаткерлер ғана баруы тиіс.
Тарих тезінен өтіп, елдік үшін ауыр күрес жүргізіп келе жатқан Алаш жұртында неге ұлттық мемлекет емес, космополитсымақ ( адамзаттың ең озық қасиеттерін алса қанеки), ұлтқа бөгде құрылым орнап келе жатыр? Өйткені, мыңжылдықтарды қамтитын дәстүрге, халықтың рухани мұрасына мән беріп қарауға ебедейсіз бюрократия алаш билігінің ұшар басына қым-қуыт заманның кезінде (90-ж. ж) отырып қалды. Енді, міне, ұлттың орталық саяси сахнасында саясаткерлер мен шенеуніктердің орны ауысып тұр.
Бюрократиясыз мемлекет болмайды. Белгілі бір салаға маманданған шенеунік керек. Сондықтан бюрократияны ұлт саясаткерлерінің белгілеген міндеттерін орындаушы, яғни, мемлекет жүйесіндегі екінші буын ретінде ұстай білу - ұлттық өнер. Нағыз реформаторлық дегеніміз -ұлттың жоғарғы билігі (истеблишмент) шенеуніктен таза болатын жүйе орнату. Әзірге ондай реформатор ұлт маңдайына жазылмай тұр.
Осының кесірінен елімізде дұшпаныңа да тілемейтін қоғамдық-саяси жүйе орнады. Ол «сенім мемлекеті». Барлық саяси қарым- қатынастар бір адамның сеніміне құрылады. Ол сенбеген адам қабілеті мен өз мамандығы саласында жеткен жетістіктеріне қарамастан, белгілі саланың басшылығына қойылмайды. «Сенім мемлекеті» дегенде әділ, өз ісіне адал адамға сену болса, бір адамның шексіз билігін терістегеніңізбен, шүкірлік етуге де болар еді. Өкінішке қарай, сенім мен күмән қазір парақорлық пен әділеттіліктің теке-тіресіне қарап туатын болды. Жүйедегі кісі ұялатын дүниелерді айтқан адамдар күдік тудырады да, жемқорлық режимнің ішінде еркін жүзіп жүргендер қолпашқа, көтермеге ілігеді. Осы құбылыс қазір ұлттық уайымға айналды.
Қазіргі ұлттық уайымның нақты пункттерін де көрсетуге болады. Әуелгі жанға бататын уайым -мемлекетте заң беделінің болмауы. «Сенім мемлекетінде» құқықтық ережелер бюрократияға тиімді болса ғана сақталады, көп жағдайда сақталмайды. Мұндай жүйеде салалық өкілеттіліктер де бұзыла береді. Сенімді адам екенін дәлелдеп отыру үшін билеушінің бұйрықтары шенеунікке заңнан, қандай да бір құқықтық ережелерден жоғары тұрады. Бұл режимде бірінші басшының өзі де ешқандай заңға, Конституцияға тәуелді болмайды. Бізде ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов «БАҚ туралы» заң жобасын жасап ұсынады. Ал бұқаралық ақпарат құралдарының еркін қызметін ұйымдастыруы тиіс ақпарат министрі (бұл министрліктің болуының өзі БАҚ құқықтарына қайшы) Ермұхамет Ертісбаев «Нұр Отан» партиясын жан-жақты насихаттайды. Керек болса, Қазақстанда барлық мәселеге араласып, дегенін істетуге құзырлы «президенттің жеке шаруаларын басқарушы» деген лауазым бар.
Қазақстан азаматтарының үстіне шенеуніктер диктатурасы орнап болды. Қарапайым азаматтың өтініш-арызын шенеунік заңнан бөлек, өз білуінше қарайды. Біреуге көзқарасы жақсы (туысы, тамыры) болуы мүмкін. Өкілеттілігін асыра қолданып, оның мәселесін шешіп берсе, біреуге келгенде заңды міндеттерін орындамауы, тіпті қарсы әрекет жасауы мүмкін. Қазақстан шенеунігі осыншама арсыздыққа қалай жетті? Қазіргі саяси дәстүрде қай мекеменің болсын бірінші басшысы өзіне «адал» адамдарды жинайды. Ол қызметкер парақор режимге қарсылығы жоқ, көнбіс адам екенін көрсеткен соң, қоғамнан да, Құдайдан да қорықпайтын «қазақстандық шенеунікке» айналады. Лауазымды жеке басының қызығына әбден пайдаланады. Мекеме оның меншігіне көшеді. Орнын жоғарғы жақтан «жанын жалдап» сатып алған шенеунік, халыққа мекеме көрсетуі тиіс заңды қызметтерді сатып, сауда жасайды.
Осындай бастан-аяқ бюрократиялық режим авантюралық капиталмен (заңсыз жекешелендірумен) байыған А. Машкевич, П. Шодиев, А. Ибрагимов, В. Ким, Н. Балғымбаев, М. Стил сияқты шикізат олигархтарын дүниеге әкелді. Бюрократия волюнтаризмі жағдайында авантюралық капитал өсе береді. Бірақ еуропалық типтегі технологиялы, тауарлы өндірістің, баянды бизнестің құқықтық жүйесі жасалмайды. Мызғымас құқықтық кепілдіктердің болмауы, бюрократияның бассыздықтары мемлекет экономикасын жартылай жабық қалыптан шығармайды. Қазірдің өзінде М. Әбіләзов, Б. Өтемұратов, Б. Әбілов сияқты алып немесе орташа кәсіпкерлер ( ірі капиталды бұлардың қалай тапқаны бөлек әңгіме) өзінің қаржысын шетелге шығарып, әкетіп жатыр. Қазіргідей бюрократия құтырып тұрған кезеңде ұзақ мерзімде қалыптасатын баянды өндіріске ірі кәсіпкерлер қаржы салуға құлықсыз. Бұл да болашаққа қатысты ұлттық қайғыны тудырады.
«Сенім мемлекеті» әділ саяси бәсеке ұрандарын көтеріп шығатын саяси тұлғаларға қатысты тек қуғындаушы, жазалаушы бағыт ұстанады. Және ішкі тұтастығы бүлінбесе, өзі ешқашан жазаланбайды. Бюрократия осы уақытқа дейін істеген бассыздықтары үшін тиісті жазасын алуы керек еді. Бұл - ұлт болудың, мемлекет болудың іргелі принципі. Ешқандай заң бұзушылық жазасыз кетпеуі керек. Елдегі тұрақтылық сонда ғана қалыптасады. Қазір саяси тұрақтылық бар деп айта алмаймыз. Сондықтан өркениетті мемлекетке қол жеткіземін деген ұлт әділет туын көтеріп шыққан саясаткер тұлғалардың маңына топтасуы тиіс. Алайда оппозицияда ұлтқа сүйкімі артып тұрған, аса беделді тұлға бар ма? Біздіңше, олардың қатарында ондай ірі тұлға көрінбейді. Қалыптасып келе жатқандарының тағдыры көз алдарыңызда өтті. Билеушінің жеке сеніміне құрылған қазіргі саяси қарым-қатынастар заманында бюрократиялық алып машина ондай «бөгде» тұлғалардың шығуына жол бермейді. Бұл да ұлттың үлкен проблемасына айналып барады. 2004 жылғы парламент сайлауының нәтижесін мойындамаған, телевизия саласындағы монополияға қарсы күрескен А. Сәрсенбайұлының, Қазақстандағы жемқорлыққа қарсы комиссия құрған З. Нұрқаділовтың өлімі, ҚДТ-ны құрған М. Әбіләзовтың түрмеден өкпесі қабынып, Ғ. Жақияновтың жуасып шығуы қазіргі бюрократияның саяси бәсекеге төзбейтінін, саяси бәсекеден қашу үшін қандай шараларға баратынын көрсетті.
Заңсыз бюрократия үшін парламенттің әлсіз болғаны қажет. Реті келсе парламенттің болмағаны жақсы. Заңсыз дейтініміз адамзаттың қазіргі өлшемдері бойынша, сайлау нәтижесін бұрмалау саяси қылмыс саналады. Парламент ұлттың ар-ожданы болуы тиіс еді. Бірақ ол да қазір бірпартиялы бюрократиялық органға айналды. Сөйтіп, бізде «бірпартиялық» бюрократияның соңғы нүктесі қойылды. Бұған қоса, кейінгі саяси оқиғалардан кейін (Конституцияның өзгеруі және соңғы өткен мәжіліс сайлауы) Қазақстандағы конституционализм де тығырыққа тірелді. Мәселен, Ресейде орыстың, ондағы басқа халықтардың үстінен шексіз билігін жүргізіп отырған бюрократияның құдіреті біздегіден кем емес. Бірақ В. Путин Конституцияны өзінің жеке басының мақсаттарына бола құрбандыққа шалмайтынын, үшінші рет президенттік сайлауға түспейтінін мәлімдеді. Конституцияшылдық -кез келген халықтың, мемлекеттің принципті мәселесі. Парламент пен Конституцияны футбол добы құсатып ойнайтын біздің бюрократияның ең шектен шыққан үш әрекеті тәуелсіз тарихымызға түскен қара дақтар - әуелі, саясаткерлердің өлімі, кейіннен Конституцияның бір адамға бейімделіп өзгертілуі, қазіргі бірпартиялық парламент.
Ежелден бюрократиялық тоталитаризмнің жауы - саяси партиялар. Біздегі қолдан құрылған, бірен-саран оппозициялық партиялардың көрген күні белгілі. Ұлтымыздың қазіргі уайым-қайғысын қалыңдата түсетін шоң бюрократияның тағы бір әрекеті ел ішінде әділет орнатады деген сот жүйесін заң жағына емес, өз жағына шығарып, бағындырып алуы. Тәуелсіз Қазақстан тарихында болған көптеген соттар үкіміне теңеу табу қиын. Басқа сорақы процестерді айтпағанда, баспанасын қорғап шырылдаған «Шаңырақ» тұрғындарының алдына түсіп, полициямен қақтығысқа араласқан Арон Атабекке, басқа да азаматтарға бюрократияның әмірімен тым ұзақ абақты мерзімі кесілді.
Осындай жағдайда ең қиын мәселе - қазақтың байырғы жерінде ұлттық мемлекет құрылмақ түгілі, қазіргі бюрократия қоғам мақсаттарын басқаша анықтап, космополиттік құрылымның орнап жатқандығы. Оның бір ғана себебі - бізде министрлерден бастап, барлық деңгейдегі лауазымды адамдар орындаушылар ғана. Ал саясаткер дегеніміз қоғамға балама бағыт ұсынатын, өз идеясы үшін талмай күресетін, халықпен серттесуге, тіпті сол үшін өзінің функционерлік қызметінен бас тартып, таза саяси қозғалысқа кетуге даяр тұлға. Қазір саяси идеяларын үкіметке орындатып, мемлекет, қоғам бағытын (бұл бағыттың мазмұны белгілі) анықтап отырған бір ғана саясаткер бар. Ол - Н. Назарбаев. Ал үкімет басшысы К. Мәсімовті, оның орынбасарлары - Ө. Шүкеев пен Е. Орынбаевты, министрлер - А. Есімовты, З. Балиеваны, Е. Ертісбаевты, Ғ. Оразбақовты, қайсысын алсақ та өзінің саяси стратегиясын көтеріп шығатын, ұлттық зиялы элита мен халықты маңына шоғырландыра алатын саяси тұлға деп айта алмаймыз. Түгелі дерлік - ақ жағалы шенеунік. О. Сүлейменов орыс тілінің, қазіргі тұтасқан бюрократияның шашбауын көтеріп кетті. М. Шаханов, С. Елубай, Д. Исабеков сияқты жазушыларымыз ұлт мәселесін президенттің көзіне айтып көрінгенімен, халық арасында «етек-жеңі» анық саяси ағым тумады. Бұл адамдардың қолында саясатқа қажетті қаражат болмай тұр.
Осындай жағдайда ұлттың И. Тасмағамбетов туралы әңгімеге аз-маз елтитіні қазір белгілі. Қазақтілді зиялы қауымның да ашық білдірмегенімен, бүйрегі бұратыны байқалады. Мемлекеттің сыпыра космополит бағытынан оңашалау ұлттық бағдары әлде қайда анық. Бұл саясаткерге тән белгі. Және бұл - И. Тасмағамбетов тұлғасына қатысты ұлт санасында қалыптасып үлгерген саяси стеоретип.
Кез келген саясаткер қалыптасуы үшін оның тұлғасымен халық арасында байланыс орнауы керек. Ғылым тілінде оны «харизма» дейді. Яғни, тұлғаның ұлт алдындағы сүйкімі. Ол үлкен саяси «құлаштармен», батыл мәлімдемелермен, тұрақты бағытпен, тартымды, жинақы бейнемен қалыптасады. Кейде тұлғаның өрескел қателіктерін халық осы сүйкімі үшін кешіріп те жатады. Осындай харизмалар бәсекесі мемлекеттің ұлттық дамуын жаңа сапаға шығаруы мүмкін. Ол үшін бюрократия монополиясын халық немесе саясаткер тұлға тер төгіп бұзуы қажет.
Бюрократияны Еуропа біртіндеп, халықтық қозғалыстардың тегеуріні арқасында жеңді. Яғни, плюралистік демократияны, жоғарғы билігі 8-10, кейде 4-5 жыл сайын ауысып тұратын республикалық басқару жүйесіне өтті. Басты принцип - әділ сайлау өткізу. Сонда парламент, үкімет түрлі саяси партиялардың әділ бәсекесі жолымен құралады. Осы кезде ғана шенеуніктер бассыздығы әжептәуір тоқтайды. Кәсібіне, мемлекет заңдарына қарайтын дұрыс бюрократия өмірге келеді. Шенеуніктің адамгершілігінің оянуынан емес, ауысып тұратын биліктің шенеунікке деген көзқарасының «болжаусыздығынан». Өйткені, әр түрлі партиялардан құралған, өз ішінде бәсекелес, халық таңдауына тәуелді ұлттық истеблишмент келесі сайлаудан өту үшін шенеунікті өзінің заңды міндеттеріне оралтады. Монополист билеушінің сеніміне кіру мәселесі күн тәртібінде бүгінгідей аса маңызды мәселе ретінде тұрмайды. Заңнан да құдіретті «Президенттің жеке шаруаларын басқарушылар» ( Болат Өтемұратов, Владимир Ни) да болмайтын еді. Олигархияңыз да саясаткерлердің, жоғары мәртебелі парламенттің тексерісіне түсіп кетпес үшін екі шоқып, бір қарайтын болады. Кез келген ұлт диаспорасына да мұндай мемлекетте тұрған ұнайды.
Бюрократия өзінің шын орнын тапқан кезде ұлт үшін сайлау нәтижесінде шығатын пайыздардың маңызы артады. Мәселен, Кучма бюрократиясын халық болып таратып жіберген Украинада өткен жолғы Жоғарғы рада сайлауында аймақтар партиясы 34, ЮТБ 31, Ющенконың партиясы (президент партиясы!) 14 пайыз дауыс алды. Польшада елді соңғы 4-5 жыл билеген ағайынды Качинскийлер партиясы жеңіліп, Дональд Туск партиясы 40 пайыздан бөліскен бірнеше саяси күштерден тұрады. Есесіне, бұл елдерде бірпариялық бюрократия монополиясы, осы монополияның буына есірген «қазақстандық шенеуніктер» жоқ. 91, 88 деген «жалпақ» пайыздар келмеске кеткен. Қазақстанға қалайда тұтасқан бюрократияны жеңу үшін белгілі бір өткелден өту керек. Бұл өткел - басқадан гөрі, әділ сайлау болғаны жақсы еді.
Мемлекет-әлеуметтік ұйымдастырудың жалпы формасы.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.
Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты туралы мәселе мемлекеттің мәні туралы мәселеге тікелей келіп тіреледі. Сонымен қатар, өзінің кейбір аспектілерінде олар қиылысып та жатады.
Жалпы айтқанда, мемлекеттің әлеуметтік мақсаты үстемдік етуші тапқа немесе билік жүргізуші артықшылықтары бар топқа тиімді немесе, солармен қатар, сондай - ақ халықтың кейбір басқа топтарына тиімді тәртіпті бекітуден тұрады. Мұндай жағдайда мемлекеттің бекітіп, қорғап және оны жетілдіріп отырған тәртібі кімге пайдалы - үстемдік етуші тапқа ма, билік жүргізетін топқа ма немесе сондай - ақ халықтың кейбір топтарына ма деген сұрақтардың жауабы бұл мемлекеттің қандай екендігінен: прогрессивті ме немесе реакцияшыл ма, демократиялық па немесе халыққа қарсы ма, содан мағлұмат береді. Сонымен бірге үстемдік етуші таптар, билік жүргізуші артықшылығы бар топтар немесе халықтың басқа топтары үшін мемлекет орнатқан тәртіптің пайдалылығы неде екендігін көрсету де маңызды. Аталған субъектілерді мемлекет белгілеген тәртіппен қамтамасыз ететін сол шынайы материалдық және рухани игіліктер мен құндылықтарды ашу керек. Мұндай пайданың объектісі алуан түрлі болғандықтан, теория жүзіндегі олардың бейнесі де әр түрлі болады. Сондықтан да саяси және мемлекеттік - құқықтық ойдың тарихында мемлекеттің әлеуметтік мақсаты туралы мәселенің біріңғай шешімі жоқ. Алғашында абстрактылы ұғымдар басым болды: мысалы, Платонның, Аристотельдің, Гегельдің пкірлері бойынша, мемлекет адамгершілікті бекітіп, қалыптастыру үшін қажет. Кейінірек бұл түсінікке басқа әлеуметтік құндылықтар келіп қосылды. Мысалы, Г. Гроций мемлекеттің мақсаты жалпы игілік деп санады, Т. Гоббс - жалпы қауіпсіздік десе, Жан - Жак Руссо - жалпы еркіндік деді. Ал мемлекеттің қазіргі кездегі кең тараған жалпыға бірдей рахат тұрмыс теориясы, мемлекеттің мақсаты халықтың материалдық және
рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды, азаматтардың өмірін, денсаулығын және абыройын болуы мүмкін озбырлық,
қол сұғушылықтан сақтауды, сондай - ақ олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нақты жағдайлармен қамтамасыз етуі деп біледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz