Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздары және оларға қарсы шаралар
МАЗМҰНЫ бет.
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
БЕЛГІЛЕУЛЕР мен ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.1 Көгершінтектес құстардың морфологиялық және биологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.2 Көгершіндердің паразиттерінің түр құрамы ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.2.1 Гельминттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.2.2 Эймериялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
1.2.3 Кенелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
1.2.4 Қауырсын . мамық жегіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.1 Зерттеудің негізгі бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2 Зерттеу материалдары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.3 Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.3.1 Қазақстанның шығыс аймағының ауа.райының ерекшеліктері ... ..25
2.3.2 Қазақстанның шығысындағы жабайы және үй көгершіндері ... ... 26
2.3.3 Көгершіндерден анықталған паразиттердің түрлері ... ... ... ... ...28

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі Қазақстанның шығыс аймағында құстардың көгершінтектестер (Columbipormes) тұқымдасына жататын жабайы көк көгершін (Columba livia) көп таралған.
Адамдар осы жабайы көк көгершіндерді өте ерте заманнан қолда ұстауға үйрете бастаған. Содан бері дүние жүзінің әуесқой көгершін өсірушілері үй көгершінінің (Columba livia domestica) 800 – ден аса қолтұқымдарын шығарып өсіруде. ТМД аумағында 200-ден аса, ал Қазақстанда үй көгершінінің бірнеше ондаған қолтұқымдары ұсталады. Үй көгершінін адамдар ұзақ уақыт бойы хат тасуға пайдаланған. Кейіннен көгершіндердің сәндік қолтұқымдары көптеп шығарылды. Олар бағалы құстар. Тұқымдарына байланысты бір жұбы бірнеше мың теңгеге, сирек кездесетіндері бірнеше мың долларға бағаланады. Америка мен Батыс Европа елдерінде етті қолтұқымдарынан (техан, кинга, штрассер) бағалы диеталық ет өндіріледі. Көгершін еті диеталық тағам ретінде ауырған, әлсіреген және жас балаларға ұсынылады. Соңғы уақытта Англияда, Россияда көгершін спорты дамып келеді. Көгершіндер ветеринария мен медицинада зертханалық жануар ретінде пайдаланылады [1,2,3,4,5,6,7].
Зерттеулерге қарағанда көгершіндер әртүрлі ауруларға шалдығады, оның ішінде паразитоздар жиі кездеседі. Ауруларын уақытылы және дәл анықтап, дұрыс емдемесе әсіресе үй көгершіндері жиі шығынға ұшырайды. Аса құнды қолтұқымдары жойылады. К.И. Скрябин [1932] «Глистные инвазии голубей» атты еңбегінде «Көгершін шаруашылығы құс шаруашылығының бір саласы, көгершіндердің көптеген инвазиялық ауруларының қоздырғыштары белгілі болғанымен, олардың биологиясы, экологиясы, патогенезі, емі және ветеринариялық – санитариялық шаралары зерттеулерді қажет етеді», - деп атап көрсеткен [8,9,10,11].
К.И. Скрябиннен кейін ТМД және Қазақстан аумағында көгершін гельминтоздары арнайы зерттелмеген. В.Я. Панин [1964], Е.В. Гвоздев., Б.А. Қасымжанова [1965] т.б. ғалымдар мұндай зерттеулер қажет деп есептейді [12,13].
Ветеринария мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орындарына арналған паразитология оқулықтарында көгершіндердің инвазиялық аурулары қарастырылмайды. Арнайы әдебиеттер сирек, табу өте қиын. Осыған байланысты ветеринария мамандары үй көгершіндерінің паразитоздарын анықтауда, ем көрсетуде қиындықтарға кездесуде.
Ғалымдардың пікірлеріне қарағанда күннен-күнге көгершін сияқты синантропты жануарлардың үй жануарлары мен адамның жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын таратушылар және олардың қорламасы (резервуары) ретіндегі ролі жоғарлай түсуде [14].
Қазір кейбір паразиттердің биологиялық айналымында қоршаған ортаның күрделі өзгерістеріне бейімделу қасиеті аса маңызға ие болып отыр. Олар төтенше жағдайларға бейімделу арқасында өз иелерінің ауқымын кеңейтіп немесе даму айналымын қысқартып тіршілігін сақтап қалуда. Мысалы, көгершіндерге тән Capillaria columbae жұмыр құрты тауық пен күркетауықта жиі паразиттік тіршілік ететіні анықталған. Керісінше, көптеген үй және жабайы құстарға тән гельминттер де көгершіндерде паразиттік тіршілік етеді және қоршаған ортаға тарайды. Оларға жататын жұмыр қүрттар: Capillaria obsignata, Capillaria caudinfilata, Syngamus trachea, Syngamus skrjabinomorpha, Syngamus merulae, Tetrameres fissipina, Tetrameres confusa, Acuaria (Disparynx) nasuta, Streptocara crassicauda, Trichostrongulus tenuis. Таспа құрттар: Raillietina tetragona, Raillietina echinobothrida.
Көгершіндерден анықталған сорғыш құрттар көптеген үй және жабайы құстардың да паразиттері екені белгілі [11,15,16,17,18,19,20,21,22,23,24,25].
Кенелерді, қан паразиттерін, спирохеталарды үй және жабайы құстар арасында жиі көгершіндер таратады. П.П. Якунин., Т.А. Жазылтаев [1967, 1972,1977] зерттеулеріне қарағанда Қазақстанның оңтүстік өңірінде мекендейтін жабайы көгершіндердің 40 %-ы қан паразиттерімен (трипаносома, гемопротеус, лейкоцитозон, микрофиляри) залалданған [26,27,28 29].
Көптеген құстардың сыртқы паразиті - Dermanyssus gallinae кенесі көгершіндерде жиі паразиттік тіршілік етіп, олардың ұяларынан адам тұрағына тарап, адамға шабуыл жасап, қан сорып, кене дерматитіне ұшыратады [30,31,32,33]
А.С. Бессоновтың және тағы басқа ғалымдардың пікірлері бойынша, қазір паразитологиялық зерттеулер адамдардың сұранысына сай, олардың ұсақ үй жануарлары мен құстарын зерттуге бағытталуы қажет [14,34,35].
Көгершінтектес құстардың ішкі және сыртқы паразиттерінің түр құрамы біршама жақсы зерттелгенмен бұл зерттеулердің басым бөлігі осыдан 70-100 жыл бұрын жүргізілген. Кейінгі уақытта бұл бағытта ғылыми зерттеу жұмыстары арнаулы, мақсатты және жоспарлы түрде жүргізілмеген. Соңғы 10 жылда ғылыми басылымдарда жарық көрген зерттеу нәтижелері өте сирек. Қазақстанның оңтүстік аймақтарын мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінің гельминттерін К.И. Скрябин [1905-1911], жабайы тау кептерлерінің эймерияларын С.К Сванбаев., Н.К. Рахматулина-Батыршина, [1972] зерттеген. Қазақстанның өзге өңірлерінде, атап айтқанда Қазақстанның шығысында мұндай зерттеулер жүргізілмеген. ТМД елдері мен Қазақстанда өсірілетін үй көгершіндерінің эймериялары мен эймериоздары әлі зерттелмеген. Қазақстан аумағында көгершіндер маллофагозын зерттеуге арналған бірде-бір ғылыми жұмыс кездеспеді. Үй көгершіндерінің паразитоздары жан - жақты зерттелмеген. Паразиттердің көгершіндерге зияны, ИЭ - гі мен ИИ - гінің жыл маусымы мен құс жасына байланысты өзгеру динамикасы белгісіз. Сол сияқты көгершіндердің паразитоздарына қарсы ветеринарияда жаңадан қолданылып жатқан, тиімділігі жоғары дәрілер сыналып, қолдануға енгізілмеген. Осыған байланысты Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздарын зерттеу, оларға қарсы ғылыми негіздегі күрес шараларын жасап, тәжірибеде қолданысқа енгізу, паразитология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Жұмыс Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің 2001 – 2005 – ші жылдарға арналған ғылми зерттеулер бағдарламасы аясында, бастамашыл негізде орындалған.

Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздары
және оларға қарсы шаралар
МАЗМҰНЫ бет.
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
БЕЛГІЛЕУЛЕР мен ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.1 Көгершінтектес құстардың морфологиялық және биологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .11
1.2 Көгершіндердің паразиттерінің түр құрамы ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.2.1 Гельминттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.2.2 Эймериялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
1.2.3 Кенелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
1.2.4 Қауырсын – мамық жегіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.1 Зерттеудің негізгі бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2 Зерттеу материалдары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.3 Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.3.1 Қазақстанның шығыс аймағының ауа-райының ерекшеліктері ... ..25
2.3.2 Қазақстанның шығысындағы жабайы және үй көгершіндері ... ... 26
2.3.3 Көгершіндерден анықталған паразиттердің түрлері ... ... ... ... ...28
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл жұмыста келесі стандарттарға сілтеме жасалынды:
МЕМСТ 3-150-64 Бинокульярлы үлкейткіш әйнек
МЕМСТ 4.318-85 Петри тостағаншасы
МЕМСТ 5-1472-72 Ерітінді бүріккіш АО-2
ТЖ 5.375-4260-76 Центрифуга Опн-3
ТЖ 6-09-3829-77 Ксилол
МЕМСТ 44.51-86 Биологиялық стереоскопиялық микроскоп МБС-1
МЕМСТ 44-52-86 Биологиялық микроскоп Биолам Р6
ТЖ 64-1-860-76 Ерітінді бүріккіш Дз-9
ТЖ 64-1-1382-72 Электр термостаты ТС-80
ТЖ 75-6963-79 Фотоапарат ЗОРКИЙ-К4
ТН 23223.10.1996 10 % фьюри
МЕМСТ 359-54 Зертханалық таразы ВР-5
МЕМСТ 1629-89 Жоғарғы сортты техникалық формалин
МЕМСТ 20292-74 Сиымдылығы 100,200,1000 мл шыны сауыттар (колба)
МЕМСТ 20292-74Е Зертханалық шыны ыдыстар, бюреткалар, пипеткалар
МЕМСТ 2290-76 Бальзам
МЕМСТ 5962-67 Ректификат этил спирті
МЕМСТ 7865-56 Бұрандалы микрометр МОВ-1
ТН 788321 5 % каратэ
ТЖ 9337-004-1726133-00 0,2 % универм
МЕМСТ 21241-77 Пинцеттер (қысқыштар)
МЕМСТ 23519-93 Таза фенол (карбол қышқылы)
МЕМСТ 423377 Хлорлы натрий (ас тұзы)
МЕМСТ 760105 Микрофотосуретке түсіретін қондырма
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл жұмыста келесі терминдер төмендегідей анықтамаларымен қолданылады:
Акарацид - кенені құртатын химиялық зат
Ассоциативтік инвазия - паразитоценоздан туындайтын инвазиялық
аурулар бірлестігі
Биогельминт - аралық иесінің қатысуымен дамитын гельминт
Биометрия - биологиялық жиынтықтың сандық ара қатынасын зерттеген
кезде қолданылатын матиматикалық статистика тәсілі ғылымы
Балаңқұрт - (личинка) метаморфозбен (түрленумен), яғни сыртқы түрі мен
құрылымының ауысуымен өсіп-дамитын әртүрлі типтегі жан-жануарлардың
постэмбрионалдық даму сатысы
Бульбус - кейбір жұмыр құрттардың өңешінің кеңейген тұсы
Бұлтық - (бурса) жұмыр құрттардың еркегінің құйрық жағындағы өсіндісі,
тарамыс қынабы
Бәтек - (вульва) гельминттердің ұрғашысының сыртқы жыныс мүшесі
Гельминт - организмде тоғышарлық тіршілік ететін, әртұрлі даму
сатысындағы паразит құрттар
Гельминтоовоскопия - гельминтозға диагноз қою мақсатында гельминт
жұмыртқаларын нәжісте, несепте, тік ішек қатпарында, қанда, қарын жынында
табу
Гематофаг - иесінің қанымен қоректенетін паразит
Геогельминт - өзінің дамуы үшін аралық иені қажет етпейтін, жұмыртқасы
мен балаңқұрты сыртқы ортада (топырақта, қида,суда т.б.) дамитын гельминт
Инсектицид - зиянды насекомдарды құртуға қолданылатын дәрі
Имаго - кенелер мен жәндіктердің (насекомдардың) дамуындағы жыныстық
жетілген сатысы
Инвазия интенсивтілігі - жануар немесе құстың ағзасындағы
паразиттердің санының (микроскоптың бір көру алаңындағы гельминттердің
жұмыртқасының немесе ооцисталар саны) көрсеткіші
Инвазия экстенсивтілігі - паразиттермен залалданған жануарлар мен
құстардың пайыздық көрсеткіші
Интенстиімділік - организмнен дәрі әсері арқылы сыртқа шығарылған
паразиттердің пайыздық көрсеткіші
Кутикула - (тері) жұмыр құрттар мен буынаяқтылардың денесінің сыртқы
қаңқасы және қорғаныш қызметін атқарады
Микропиле - ооциста қабығының бір жағындағы тесік
Нимфа - кенелердің балаңқұрттан кейінгі өсіп даму сатысы
Ооциста - спора түзетін қарапайымдардың ұрықтанған жұмыртқа торшасының
тығыз қабықпен қапталып, сыртқы ортаға бөлінетін даму сатысы
Өлтіретін доза - малды, құсты өлімге ұшырататын микроорганизмдер
немесе патогенді заттар мөлшері
Паразит - белгілі бір организмнің сыртқы денесінде, ішкі ағзаларында
тұрақты немесе уақытша тіршілік етіп, иесінің ұлпасымен, сөлімен не асқазан
жынымен қоректенетін организм
Паразитоценоз - организімінді мекендеп, бір-бірімен тұрақты қарым-
қатынаста болатын және иесінің организміне кешенді ықпал ететін, табиғаты
инвазиялық, бактериалдық, саңырауқұлақ немесе вирусты организмдер жиынтығы
Паразитоздар - паразиттер туғызатын (инвазия) аурулар
Патентті кезең - ауру қоздырғышы-паразиттің өз ұрығын (жұмыртқасын,
балаңқұртын, ооцистасын) сыртқы ортаға бөліп шығаратын кезең
Препатентті кезең - паразиттің негізгі иесінің организміне енген
сәттен бастап оның ұрығының (жұмыртқасының, балаңқұртынның, ооцистасының)
сыртқы ортаға шыққанға дейінгі кезеңі
Пальпа - кенелердің қармалауыш мүшесі
Перитрема - кенелер мен жәндіктердің тыныс алу тесіктерін қоршап
тұратын, пішіндері әр түрлі хитинді пластинкалар
Рулек - жұмыр құрттардың шағылыс мүшесін (спикула) бағыттаушы қызметін
атқаратын мүше
Синантропты құстар - жануарлар мен адамның қора-жайын мекендеп, көбіне
солардаң айналасында азықтанатын құстар
Спикула - жұмыр құрттардың еркегінің шағылысу (жыныс) мүшесі
Сколекс - қадалуға бейімделген таспа құрт басы (тұмсығы, тікенегі,
емізікшесі)
Скутум - кенелердің денесіндегі хитинделген көлемі әр түрлі қалқандары
Стигма - буынаяқтылардың тыныс алу тесігі
Спонтанды инвазия - табиғи жағдайда инвазиялық ауруға шалдығу
Спорозойт - спороциста ішінде екіге не төртке бөліну нәтижесіде пайда
болған қарапайымдылардың сыртқы ортадағы ақырғы даму сатысы
Тұрақты паразит - иелерінде ұзақ уақыт өмір сүріп, оларды қоректену
және мекендеу үшін пайдаланатын паразит
Уақытша паразит - өзінің бүкіл өсіп - өну айналымын, жұмыртқадан
ересек сатыға дейін иесінен тыс жерде өткізіп, оларды тек қоректенгенде
ғана пайдаланатын паразит
Хитин - буынаяқтылардың сыртқы қаңқасын құрайтын, құрамы күрделі зат.
Ол суда, спиртте, сілтіде ерімейді. Тек күшті қышқылдарда ериді
Хелицер - кенелердің жоғарғы ерінінде орналасқан, азығын ұстау, шайнау
қызметін атқаратын мүшесі
Экстенстиімділік - паразиттерге қарсы дәрілердің тиімділігін
сараптағанда барлық дәріленген жануарлардың паразиттерден толық
босағандарының пайыздық көрсеткіші
БЕЛГІЛЕУЛЕР мен ҚЫСҚАРТУЛАР
г - грамм
г% - граммпайыз
ИИ - инвазия интенсивтілігі
ИЭ - инвазия экстенсивтілігі
ИТ - интенстиімділік
м³ - метр куб
м² - метр квадрат
мл - миллилитр
мм - миллиметр
мгкг - миллиграммкилограм
млм² - миллилитрметр квадрат
мсек - метрсекунд
млнмм³ - миллионмиллиметр куб
МЕМСТ -Мемлекеттік стандарт
Ок - окуляр
Обь - обьектив
Ө Д50 - өлтіру дозасы 50
см - сантиметр
см² - сантиметр квадрат
°С - градус Цельсий
ТЖ -техникалық жағдай
ТН - тіркеу нөмірі
ЭТ - экстенстиімділік
% - пайыз
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі Қазақстанның шығыс аймағында құстардың
көгершінтектестер (Columbipormes) тұқымдасына жататын жабайы көк көгершін
(Columba livia) көп таралған.
Адамдар осы жабайы көк көгершіндерді өте ерте заманнан қолда ұстауға
үйрете бастаған. Содан бері дүние жүзінің әуесқой көгершін өсірушілері үй
көгершінінің (Columba livia domestica) 800 – ден аса қолтұқымдарын шығарып
өсіруде. ТМД аумағында 200-ден аса, ал Қазақстанда үй көгершінінің бірнеше
ондаған қолтұқымдары ұсталады. Үй көгершінін адамдар ұзақ уақыт бойы хат
тасуға пайдаланған. Кейіннен көгершіндердің сәндік қолтұқымдары көптеп
шығарылды. Олар бағалы құстар. Тұқымдарына байланысты бір жұбы бірнеше мың
теңгеге, сирек кездесетіндері бірнеше мың долларға бағаланады. Америка мен
Батыс Европа елдерінде етті қолтұқымдарынан (техан, кинга, штрассер) бағалы
диеталық ет өндіріледі. Көгершін еті диеталық тағам ретінде ауырған,
әлсіреген және жас балаларға ұсынылады. Соңғы уақытта Англияда, Россияда
көгершін спорты дамып келеді. Көгершіндер ветеринария мен медицинада
зертханалық жануар ретінде пайдаланылады [1,2,3,4,5,6,7].
Зерттеулерге қарағанда көгершіндер әртүрлі ауруларға шалдығады, оның
ішінде паразитоздар жиі кездеседі. Ауруларын уақытылы және дәл анықтап,
дұрыс емдемесе әсіресе үй көгершіндері жиі шығынға ұшырайды. Аса құнды
қолтұқымдары жойылады. К.И. Скрябин [1932] Глистные инвазии голубей атты
еңбегінде Көгершін шаруашылығы құс шаруашылығының бір саласы,
көгершіндердің көптеген инвазиялық ауруларының қоздырғыштары белгілі
болғанымен, олардың биологиясы, экологиясы, патогенезі, емі және
ветеринариялық – санитариялық шаралары зерттеулерді қажет етеді, - деп
атап көрсеткен [8,9,10,11].
К.И. Скрябиннен кейін ТМД және Қазақстан аумағында көгершін
гельминтоздары арнайы зерттелмеген. В.Я. Панин [1964], Е.В. Гвоздев., Б.А.
Қасымжанова [1965] т.б. ғалымдар мұндай зерттеулер қажет деп есептейді
[12,13].
Ветеринария мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орындарына арналған
паразитология оқулықтарында көгершіндердің инвазиялық аурулары
қарастырылмайды. Арнайы әдебиеттер сирек, табу өте қиын. Осыған байланысты
ветеринария мамандары үй көгершіндерінің паразитоздарын анықтауда, ем
көрсетуде қиындықтарға кездесуде.
Ғалымдардың пікірлеріне қарағанда күннен-күнге көгершін сияқты
синантропты жануарлардың үй жануарлары мен адамның жұқпалы ауруларының
қоздырғыштарын таратушылар және олардың қорламасы (резервуары) ретіндегі
ролі жоғарлай түсуде [14].
Қазір кейбір паразиттердің биологиялық айналымында қоршаған ортаның
күрделі өзгерістеріне бейімделу қасиеті аса маңызға ие болып отыр. Олар
төтенше жағдайларға бейімделу арқасында өз иелерінің ауқымын кеңейтіп
немесе даму айналымын қысқартып тіршілігін сақтап қалуда. Мысалы,
көгершіндерге тән Capillaria columbae жұмыр құрты тауық пен күркетауықта
жиі паразиттік тіршілік ететіні анықталған. Керісінше, көптеген үй және
жабайы құстарға тән гельминттер де көгершіндерде паразиттік тіршілік етеді
және қоршаған ортаға тарайды. Оларға жататын жұмыр қүрттар: Capillaria
obsignata, Capillaria caudinfilata, Syngamus trachea, Syngamus
skrjabinomorpha, Syngamus merulae, Tetrameres fissipina, Tetrameres
confusa, Acuaria (Disparynx) nasuta, Streptocara crassicauda,
Trichostrongulus tenuis. Таспа құрттар: Raillietina tetragona, Raillietina
echinobothrida.
Көгершіндерден анықталған сорғыш құрттар көптеген үй және жабайы
құстардың да паразиттері екені белгілі
[11,15,16,17,18,19,20,21,22,23,24,2 5].
Кенелерді, қан паразиттерін, спирохеталарды үй және жабайы құстар
арасында жиі көгершіндер таратады. П.П. Якунин., Т.А. Жазылтаев [1967,
1972,1977] зерттеулеріне қарағанда Қазақстанның оңтүстік өңірінде
мекендейтін жабайы көгершіндердің 40 %-ы қан паразиттерімен (трипаносома,
гемопротеус, лейкоцитозон, микрофиляри) залалданған [26,27,28 29].
Көптеген құстардың сыртқы паразиті - Dermanyssus gallinae кенесі
көгершіндерде жиі паразиттік тіршілік етіп, олардың ұяларынан адам тұрағына
тарап, адамға шабуыл жасап, қан сорып, кене дерматитіне ұшыратады
[30,31,32,33]
А.С. Бессоновтың және тағы басқа ғалымдардың пікірлері бойынша, қазір
паразитологиялық зерттеулер адамдардың сұранысына сай, олардың ұсақ үй
жануарлары мен құстарын зерттуге бағытталуы қажет [14,34,35].
Көгершінтектес құстардың ішкі және сыртқы паразиттерінің түр құрамы
біршама жақсы зерттелгенмен бұл зерттеулердің басым бөлігі осыдан 70-100
жыл бұрын жүргізілген. Кейінгі уақытта бұл бағытта ғылыми зерттеу жұмыстары
арнаулы, мақсатты және жоспарлы түрде жүргізілмеген. Соңғы 10 жылда ғылыми
басылымдарда жарық көрген зерттеу нәтижелері өте сирек. Қазақстанның
оңтүстік аймақтарын мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінің
гельминттерін К.И. Скрябин [1905-1911], жабайы тау кептерлерінің
эймерияларын С.К Сванбаев., Н.К. Рахматулина-Батыршина, [1972] зерттеген.
Қазақстанның өзге өңірлерінде, атап айтқанда Қазақстанның шығысында мұндай
зерттеулер жүргізілмеген. ТМД елдері мен Қазақстанда өсірілетін үй
көгершіндерінің эймериялары мен эймериоздары әлі зерттелмеген. Қазақстан
аумағында көгершіндер маллофагозын зерттеуге арналған бірде-бір ғылыми
жұмыс кездеспеді. Үй көгершіндерінің паразитоздары жан - жақты
зерттелмеген. Паразиттердің көгершіндерге зияны, ИЭ - гі мен ИИ - гінің жыл
маусымы мен құс жасына байланысты өзгеру динамикасы белгісіз. Сол сияқты
көгершіндердің паразитоздарына қарсы ветеринарияда жаңадан қолданылып
жатқан, тиімділігі жоғары дәрілер сыналып, қолдануға енгізілмеген. Осыған
байланысты Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздарын зерттеу,
оларға қарсы ғылыми негіздегі күрес шараларын жасап, тәжірибеде қолданысқа
енгізу, паразитология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Жұмыс Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің 2001 – 2005 –
ші жылдарға арналған ғылми зерттеулер бағдарламасы аясында, бастамашыл
негізде орындалған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері Жұмыстың мақсаты Қазақстанның
шығысындағы көгершіндердің паразитоздарын зерттеп, емдеу әдістері мен
оларға қарсы шаралардың ғылыми негізделген жүйесін әзірлеу. Осы мақсатқа
жету үшін алға қойылған міндеттер:
1. Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразиттерінің түр құрамын
анықтау;
2. Көгершіндер арасында таралған паразитоздардың эпизоотологиясын
зерттеу;
3. Көгершіндердің паразитоздарын емдеу әдістері мен оларға қарсы
шаралардың ғылыми негізделген жүйесін әзірлеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы Жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде:
-Қазақстанның шығысында мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінің
ішкі және сыртқы паразиттерінің түр құрамы, олар туғызатын паразитоздар
анықталды;
-Көгершіндердің паразитоздарына қарсы дәрілер сыналып, тиімділіктері
анықталды және қолдану әдістері ұсынылды;
-Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Зияткерлік меншік құқығы комитетінің 2-і алдын ала патенті алынды және 2
өнертабысқа алдын ала патент беру жөніндегі өтініш тіркеуден өтіп,
сараптама жасалуда;
-Көгершіндерідің паразитоздарына қарсы шаралар жүйесі жасалып,
ветеринариялық тәжірибеде қолдануға ұсынылды.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы мен қолданысқа енгізілуі Қазақстанның
шығысындағы көгершіндер арасында таралған паразитоздарды анықтап, зерттеу
нәтижелерін паразитоздарға қарсы шараларды жоспарлағанда және жүргізгенде
ескерудің тәжірибелік маңызы зор.
Зерттеу нәтижелері Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің
ветеринариялық медицина және ветеринариялық санитария мамандықтары бойынша
оқитын студенттердің оқу үрдісіне енгізіліп, курстық, дипломдық жұмыстарды
орындағанда қолданылуда.
Көгершіндердің паразитоздарына қарсы сыналған дәрілер Семей
қаласындағы Айда, Владимиров ветеринариялық клиникаларында күнделікті
тәжірибеде ұй көгеншіндерінің паразитоздарын емдегенде және алдын алғанда
қолданылуда.
Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздарын анықтау, емдеу
және оларға қарсы шаралар туралы ұсыныс дайындалып, Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылық Министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық аумақтық
басқармасының ветеринариялық қадағалау бөлімінің отырысында қаралып,
мақұлданып, көбейтіліп, тәжірибеде пайдалануға ұсынылды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелер:
1.Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразиттерінің түр құрамы;
2. Көгершіндердің арасында таралған паразитоздардың кейбір
зпизоотологиялық және клиникалық ерекшеліктері;
3 Көгершіндердің паразитоздарын емдеу әдістері және оларға қарсы
шаралар жүйесі.
Жұмыстың сыннан өтуі Жұмыс нәтижелері Мал шаруашылығы және
ветеринария ХХІ ғасырда: бүгінгі жағдайы мен даму перспективалары
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Семей, 2002); Ресей
Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ветеринария ғылымдарының
докторы, профессор А.Н. Каденациидің 100 - жылдығына арналған
Паразитологияның теориялық және өндірістік келелі мәселелері Халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Омск, 2004); Ветеринария ғылымы мен
тәжірибесі-өндіріске Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда
(Семей, 2004); ҚазҒЗВИ - ның 100 - жылдығына арналған Ветеринариялық ғылым
мен тәжірибенің қазіргі жағдайы және маңызды проблемалары Халықаралық
ғылыми тәжірибелік конференцияда (Алматы, 2005); Аграрлық ғылым-ауыл
шаруашылығына Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Барнаул, 2006
); Паразитоценология: қазіргі кездегі өзекті мәселелері және оларды шешу
жолдары Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Семей, 2006)
баяндалып, талқыланды.
Зерттеу жұмысының жариялануы жұмыстатың негізгі мәселелері бойынша 11
ғылыми еңбек жарық көрді, соның ішінде 2 алдын ала патент, 2 алдын ала
патент алуға өтінім, 1 зерттеу нәтижелерін тәжірибеде қолданысқа енгізу
жөніндегі ұсыныс бар. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және
аттестациялау комитетінің талабы бойынша басылымдарда 3 ғылыми еңбек жарық
көрді.
жұмыстың көлемі мен құрылымы жұмыс компьютермен 114 бетке терілген. Ол
мазмұны, мөлшерлік сілтемелер, анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар,
кіріспе, әдебиетке шолу, өзіндік зерттеулер - зерттеудің негізгі бағыты,
материалдар мен зерттеу әдістері, зерттеу нәтижелері, қорытынды,
тәжірибелік ұсыныстар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан
тұрады.
жұмыс 6 кестемен, 9 суретпен, 3 фотосуретпен, 14 микрофотосуретпен
безендірілген. Әртүрлі 8 қосымша құжаттармен толықтырылған. Пайдаланылған
әдебиеттер 145 басылымнан тұрады.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.2 Көгершінтектес құстардың морфологиялық және биологиялық
ерекшеліктері
Көгершінтектестер морфологиялық ерекшеліктері бойынша құстар класына
(Avis) көгершінтектестер отрядына (Columbipormes) біріктірілген.
Екі тұқымдасқа жіктеледі:
А. Дронттар – Raphidae
Б. Көгершіндер - Columbidae
Алғашқысы XҮI – ғасырда жер бетінен толық жойылып кеткен, аса ірі ұша
алмайтын құстар болған. Екінші тұқымдас бірнеше туыстасқа тармақталады.
Қазақстан аумағында Columba- көгершіндер, Streptopelia – кептерлер
туыстастары мекендейді. Бұл құстар жер шарының Арктика мен Антрактидадан
басқа барлық аймақтарында таралған. Көбіне топталып тіршілік етеді. Барлығы
292 түрі және түр тармақтары белгілі. Бұрынғы Кеңес Одағы аумағында 11
түрі, Қазақстан аумағында 7 түрі кездеседі. Олар: кәдімгі көк көгершін-
Columba livia, орман көгершіндері (Клинтух)-Columba oеnas және (вяхирь)-
Columba palumbus, қоңыр көгершін-Columba eversmanni, тау кептер (гарлица)-
Streptopelia turtur, үлкен тау кептер-Streptopelia orientalis, египет тау
кептері-Streptopelia senegallnsis.
Көгершінтектестер – отырақшы құстар. Кейбір түрлері ғана суық түскен
соң жылы жаққа ұшып кететін жыл құстары (орман көгершіндері).
Көгершінтектестер бір-бірінен үлкенді-кішілігімен, түр-түсімен,
мекендейтін, азықтанатын жерлерімен ерекшеленеді. Орман көгершіндері
орманда мекендейді. Тек біріншісі (Columba oenas) ұясын бұта арасына салса,
соңғысы (Columba palumbus) ағаш қуысына ұялайды. Тау кептерлер таулы жерді
мекендеп, ұясын жартасқа салады. Ал кәдімгі көк көгершін синантропты
құстар. Адамдар мекенін жағалап, ұяларын құрлыстар мен үй шатырлары астына
салатынын білеміз. Көгершінтектестердің негізгі азығы дәндер, жидектер,
қылқан жапырақты ағаштардың ұрығы. Сирек ұлулармен және жауын құрттарымен
қоректенеді [36, 37, 38, 39].
Көгершінтектестер тығыз денелі, жылдам ұшатын құстар. Олар жерде де
жақсы және тез жүреді. Кейбір етті және үлкен жемсаулы қолтұқымдары ғана
нашар ұшады. Терісі жұқа, тер және май бездері жоқ. Басқа құстардан
морфологиялық ерекшеліктерінің бірі-құймышақ безі жоқ немесе нашар
жетілген. Оның қызметін ұшы үнемі үгітіліп, ұнтақ шашатын арнайы
қауырсындар атқарады. Көгершіндердің жемсауы жақсы жетілген. Көбею
кезеңінде онда ерекше сұйық құс сүті бөлінеді. Оның құрамында 64-82%- су,
7-13% - май және майлы заттармен А,Д,Е,В витаминдері бар.
Көгершіндер көбіне бір-ақ рет тұрақты жұп құратын-моногамдар. Бес
айлығынан бастап жұп құра бастайды. Жылына 2-4 рет, көбіне екі жұмыртқадан
салып балапан басып шығарады. Жұмыртқаны қоразы мен мекиені кезек басады.
Жұмыртқадан 17-19 күннен соң қызыл шақа балапан шығады. Ол тез өседі,
жұмыртқадан шыққанда 13-15 гр болса, 2 тәуліктен соң 2 есе салмақ қосады. 6-
8-ші күндері көздерін ашады. Балапандарды көгершіндердің қоразы мен
мекиендері бірдей құс сүтімен қоректендіреді.
10-11-ші күні оған дән араластыра бастайды. 4-5-ші аптада балапан
толық өздігінен дәнмен қоректенуге көшеді. 40-шы тәулікте салмағы ересек
құстардың салмағына жақындап ұшуға үйренеді. Көгершіннің физиологиялық
көрсеткіштері: дене қызуы 40,6-42,0°С жүрек соғысы 1 минутта 140-400 рет,
дем алу жиілігі 1 минутта 25-30 рет.
Көгершіндердің қанының негізгі морфологиялық көрсеткіштері:
- эритроциттері – 3,7 – 4,00 млнмм.куб
- лейкоциттері – 13 –18 мың мм.куб
- тромбоциттері – 10 – 30,0 мың мм.куб
- гемоглобиндері – 14,7 – 15,9 г %
[40,41]
1.2 Көгершінтектестердің паразиттерінің түр құрамы
1.2.1 Гельминттері
Көгершінтектестердің гельминттері, түр құрамы ертеден ғалымдардың
назарын аударған. H.Johnston [1918], Irvin – Smith [1980] Австралияда,
Meggitt [1924] Индияда, Joyenx et Houdemer [1927] Үндіқытайда, E. Cram
Америка Құрама Штаттарында таралған жабайы және үй көгершіндерінің
гельминттері, олардың түр құрамы туралы ірі еңбектер жазды.
1932-ші жылы К.И. Скрябиннің өзінің және дүние жүзі ғалымдарының осы
бағытта жүргізген зерттеулерін қорытындылаған, аса бағалы еңбегі жарық
көрді. Жоғарыдағы және тағы басқа ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде
көгершінтектестер жұмыр құрттар (Nematoda), таспа құрттар (Cestoda) және
сорғыш құрттар (Trematoda) кластарына жататын гельминттердің иелері екені
анықталды [11].
Жұмыр құрттары Көгершінтектестерден жұмыр құрттар класына жататын
гельминттердің 19 түрі анықталған. Олар: 4 отрядқа, 5 отряд тармағына, 9
тұқымдасқа жіктеледі [11, 42, 43].
I Ascaridida отряды
Ascaridata ортяд тармағы
Ascarididae тұқымдасы
1. Ascaridia columbae
2. Ascaridia australis
Отряд тармағы Filariata
Filariidae тұқымдасы
3. Filaria clava
4. Filaria mazzanti
II Rhabditida отряды
Strongylata отряд тармағы
Trichostrongulidae тұқымдасты
5 Trichostrongulus tenuis
6 Ornithostrongulus guadriradiatus
Sungamidae тұқымдасы
7 Syngamus trachea
8 Synganus Skrjabinomorpha
9 Syngamus merulae
III Spirurida отряды
Spirurata тегі отряд тармағы
Tetrameridae тұқымдасы
10 Tetrcmeres confusa
Acuariidae тұқымдасы
11 Acuaria (Dispharunx) spiralis
12 Streptocara crassicauda
13 Rusguniella wedli
Spiruridae тұқымдасы
14 Habronema incerta
Thelaziidae тұқымдасы
15 Oxyspirura (Vorkespirura) mansoni
16 Ceratospira opthalmica
1Ү Trichocephalida отряды
Trichocephalata отряд тармағы
Trichocephalidae тұқымдасы
17 Capillaria columbae
18 Capillaria coudinfilata
19 Capillaria obsignata
Бұл жұмыр құрттардың 6-уы тек көгершінтектес құстардан анықталған.
Олар:
1. Ascaridia columbae
2. Ascaridia australis
3. Ornithostrongulus guadriradiatis
4. Ceratospira ophtalmica
5. Filaria clava
6. Filaria mazzanti
Жабайы көк көгершін мен үй көгершіндерінен анықталған жұмыр құрттар
саны – 14. Олар:
1. Ascaridae columbae
2. Ornithosrongulus guadriradiatus
3. Tetrameres confusa,
4. Acuaria (Dispharunx) spiralis
5. Steptocara crassicauda
6. Oxyspirura mansoni
7. Capillaria columbae
8. Capillaria obsignata
9. Capillaria caudinfilata
10. Filaria clava
11. Filaria mazzati
12. Syngamus trachae
13. Syngamus skrjabinomorpha
14. Syngamus merulae
К.И. Скрябин [1932] Қазақстанның оңтүстік аймағында үй көгершіндерінен
Ascaridia columbae және Acuaria (Dispharynx) spiralis жұмыр құрттарын
анықтаған [11].
Э.Х. Даугалиева., В.В. Минеев [1975] деректеріне қарағанда
Қазақстанның оңтүстік өңірінде тауықтар мен күрке тауықтар арасында
сингамоз ауруы таралған және олардан Syngamus trachae құрты жиі анықталды.
[23]
Гельминттер көгершіндердің әртүрлі ағзаларын мекендейді. Ascarididae,
Trichostrongulidae, Trichocephalidae тұқымдастарына жататындары аш ішекте,
Tetrameridae, Acuariidae, Spiruridae- безді қарында, Thelaziidae - көздің
қасаң (конъюктива) қабығы астында, Filariidae - тері асты клетчаткасында,
Syngamidae - кеңірдек пен ауа тамырларында (бронхтарда) паразиттік тіршілік
етеді.
Олардың біреулері аралық иесіз сыртқы ортада дамитын геогельминттер
болса, екінші біреулері аралық ие арқылы дамитын биогельминттер.
Соңғысына жататындар: Oxyspirura mansoni-аралық иесі-тарақан-
Pucnoscelus surinamensis [11,17].
Capillaria caudinflata - аралық иесі жауын құрттары – Lumbricus
terrestris, Allobophora caliginosa, Eisenia foetida, Dendrobena octaedra.
(В.Г.Гагарин, 1953). [44]
Streptocara crassicauda - аралық иесі ұсақ шаян тәрізді - Gammarus
lacustris. К.М. Рыжковтың [1949] деректеріне қарағанда сингамустар аралық
иесіз және аралық ие арқылы дами алады. Аралық иесі жоғарыда аталған жауын
құрттары [45].
Б.Л Гаркови [1949]., И.И Коваленко [1960]., Г.А. Котельников [1962]
зерттеулері бойынша тетрамерестер тек аралық ие арқылы дамиды. Аралық
иелері ұсақ шаян тәрізділер: Gammarus lacustric, G.locusta, G.maeoticus.
Қосалқы аралық иелері балықтар [18,24].
Acuaria (Dispharunx) spiralis – аралық иесі құмыттылар: – Porcelli
scaber, P.lavis, Armadillium vulgare [11,20,21,46,47].
П.Т Твердохлебов [1966] әр түрлі құстардың тауық аскаридиасын
(Ascaridia galli) жұқтыру мүмкіндігін зерттеп, оның мысыр тауығы мен қазға
жұғып ересек құртқа айналатынын, күркетауыққа жұғатынын, бірақ ересек
құртқа айналмайтынын, ал көгершінге мүлде жұқпайтынын анықтаған. Сол
сияқты көгершін аскаридиасы тауыққа жұқпаған [48].
Untenberger [1868] көгершін аскаридиасының жұмыртқасын ылғал қағазға
орап қойғанда, 17 күннен соң жұмыртқа ішінде балаңқұрт пайда болып, оны
бұрын аскаридиамен залалданбаған көгершінге жеммен араластырып бергенде, 21
күннен соң ол аскаридиа жұмыртқасын саңғырығымен бөле бастаған [11].
Н.М. Вовченконың зерттеуінде аскаридиозға шалдыққан құстың қанында 18-
ші және 30-шы күндері яғни аскаридиа балаңқұртарының патогендік әсерінен
қанда жалпы белок, g және β глобулиндер мөлшері төмендеген.
Балаңқұрттар ересек аскаридиаларға айналған соң қанда жалпы белок және
альбулин мөлшері азайып, g және β глобулиндер мөлшері сау құс қанындағы
мөлшерге таяған[49].
П.И. Феоктисов [1950] дерегіне қарағанда аскаридианы жұқтырған құстың
жасына байланысты оның денесінде ересек құрт пайда болу мерзімі әртүрлі.
Аскаридиа жас құстардың организмінде тезірек дамып жетіледі [50].
Осы мәселені зерттеген В.Кечч [1955] тәжірибесінде үш айлық балапанға
жұққан аскаридиа 50 күннен соң, ал бір айлық балапандарға жұққан аскаридиа
30-35 күннен соң жұмыртқа бөле бастаған [51].
А.А Лысенко зерттеулерінде құс аскаридиасының жұмыртқасында балаңқұрт
сыртқы орта температурасы +10°C-тан жоғары болса ғана дамитыны анықталған.
+43-44°C-та жұмыртқадан балаңқұрт дамымайды және жойылады. Сыртқы орта
температурасына байланысты жұмыртқада балаңқұрттардың даму мерзімі әртүрлі.
Осыған байланысты әртүрлі аймақтардың ауа райының ерекшеліктеріне
байланысты құстардың аскаридиозаға шалдығу динамикасы да әртүрлі[52].
Н.П. Цветаева [1954] зерттеулерінде аскаридиа жұқтырған тауық
балапандары 9-шы күннен бастап қатты жүдеп, 12 күннен соң сау балапанның
салмағынан 23 гр кем тартқан. Әсіресе аскаридиа балаңқұрты ішектің кілегей
қабығының астына еніп, либеркюн бездерін зақымдауының патогендік маңызы
зор. Oсы кезде ас қорту жүйесінің қызыметі аса бұзылып, құс қатты жүдейді
[53].
Н.П. Шихобалова., Л.И. Кустова., А.Н. Касимова [1951], И.И.
Коволенко., Р.С. Шемет [1983] аскаридиозға шалдыққан құс организмінде
каратин мен А- витамині 3 есе, В-витамині 1,5 есе азайғанын анықтап,
дегельминтизация жасап, толық қанды рацион мен азықтандырғанда бұл
витаминдер қалыпты деңгейге келетінін тәжірибе жүзінде анықтаған [54,55].
К.М. Рыжков пен Т.Г. Сергеева дерегі бойынша ТМД аумағында құстардан
капилляриялардың 44 түрі анықталған. Көгершіндерде жиі кездесетіні
Capillaria obsignata [56].
В.Г. Гагарин [1952, 1959]., D. Wakelin [1965] зерттеулер жүргізіп,
капиллярия жұмыртқалары +4°С-тан төмен температурада дамымайтынын, бірақ 24
күн тіршілігін жоймайтынын анықтады. В.Г. Гагарин зерттеулеріне қарағанда
орталық Ресейде капиллярия жұмыртқалары қар астында тіршілігін жоймай
қыстап шығады. +20°С-та капиллярияның даму айналымы (циклі )13 күнде,
+25°С-та 6-8 күнде аяқталса, +35°С-та капиллярия жұмыртқалары тіршілігін
жояды. Жұмыртқа 100 %-дық ылғалда жақсы дамып, 75 %-дық ылғалдықта дамуы
тежеліп, 50 % -да жұмыртқа тіршілігін жояды. Инвазиялық жұмыртқа құсқа
жұққан соң 20-22 күннен кейін құс денесінде ересек құрт пайда болып,
жұмыртқа шаша бастайды [57,58,59].
K. Enigk., A.Dey-Harra [1968] Capillaria obsignata құс организміне
қалай әсер ететінін белгі соғылған атомдарды пайдаланып зерттеп, бұл
паразиттермен залалданғанда құс саңғырығымен қан плазмасының белогы көп
бөлінетінін, ал тетрамезолмен дегельминтизациядан соң қан плазмасының
белогының құс саңғырығымен бөлінуі азайып, қалыпты мөлшерге жақындаған
[60].
P.Berghen [1966] Capillaria obsignata мен залалданған тауық пен
көгершіннің қан сарысуының белок құрамын зерттеп, өзгеруін агар геліндегі
электрофорез әдісімен анықтап, тауықтың қан сарысуында жалпы белок, β және
g глобулиндердің көбейгенін, альбулиннің өзгермегенін, ал көгершінде
керісінше қан сарысуында жалпы белок пен глобулин біршама азайып, β және g
глобулиндердің өзгерісі өте аз болған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz