Латын тілінің шығу тарихы



I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
1. Латын тілі турралы мәлімет
2. Латын әдебиеті

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Университетте латын тілі пәні студентті оқытуда ғылыми тұрғыдан дағдыландыратын пән болып табылады. Латын тілін оқыту – студенттерге латын тілінің грамматикалық құрылысын және қазіргі тілдердің жасалуына маңызды әсерін тигізген негізгі лексикалық қорын меңгерту, еуропалық мәдениеттің дамуына ерекше ықпал еткен көне римдік классикалық әдебиетпен таныстыру мақсатын көздейді. Еуропалық тілдердің интернационалдық сөздігінің негізін құрайтын латын лексикасымен танысу студенттердің ой өрісін кеңейтіп, тілдік материалға дұрыс баға беруге үйретеді.
Латын тілін оқыту арқылы гуманитарлық факультеттердің болашақ мамандарының кәсіптік дайындалуының негізі қаланады, сондықтан студенттер тілдің грамматикалық құрлымын, сөзжасам жүйесін, лексика негізін терең меңгеру керек.
1 Боровский Я.М., Болдырев А.В. Учебник латинского языка для гуманитарных факультетов университетов. – Изд. 4, доп. – М. : Высшая школа, 1975. – 479 с.
2 Винничук Л. Латинский язык: самоучитель для студентов гуманитарных факультетов университетов и педагогических вузов. – М. : Высшая школа, 1980. – 325 с.
3 Винничук Л. Люди, нравы и обычаи Древней Греции и Рима. – М. : Высшая школа, 1988. – 400 с.
4 Городкова Ю.И. Латинский язык: учебник. – 6-е изд., перераб. и доп. – М. : Медицина, 1982. – 256 с.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Мейірбеке ісі
Группа: 101
Кафедрасы:_________________________ _________
Курс: 1
Тақырыбы: Латын тілінің шығу тарихы

Орындаған: Есенғазиева Ақбота
Тексерген:_______________

Ақтөбе 2015

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
1. Латын тілі турралы мәлімет
2. Латын әдебиеті

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Университетте латын тілі пәні студентті оқытуда ғылыми тұрғыдан дағдыландыратын пән болып табылады. Латын тілін оқыту - студенттерге латын тілінің грамматикалық құрылысын және қазіргі тілдердің жасалуына маңызды әсерін тигізген негізгі лексикалық қорын меңгерту, еуропалық мәдениеттің дамуына ерекше ықпал еткен көне римдік классикалық әдебиетпен таныстыру мақсатын көздейді. Еуропалық тілдердің интернационалдық сөздігінің негізін құрайтын латын лексикасымен танысу студенттердің ой өрісін кеңейтіп, тілдік материалға дұрыс баға беруге үйретеді.
Латын тілін оқыту арқылы гуманитарлық факультеттердің болашақ мамандарының кәсіптік дайындалуының негізі қаланады, сондықтан студенттер тілдің грамматикалық құрлымын, сөзжасам жүйесін, лексика негізін терең меңгеру керек.
Аудару техникасын үйретуде латын тіліндегі еркін сөз тіркесінің тәртібі, тұйық рай және есімшелі орам үлкен қиындық келтіреді, сондықтан да оқырмандар басынан бастап аударудың негізгі ережелеріне міндетті түрде сүйенудің маңызы зор екендігін ұғыну қажет.
Аудиториялық жұмыстардың негізгі түрлері ретінде ұсынылатындар: грамматикалық талдау және сөйлемді синтаксистік талдау; берілген мәтінді аудару; латын сөзінің құрамын талдау және сөз тудыратын, сөз түрлендіретін морфемаларды анықтау.

Латын тілі туралы мәлемет

Латын тілі (Linqua Latina) - бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі. Лация - сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды.
Дәстүрлі римдік аңыз бойынша, нақты осы Лацияда гректермен жаулап алынған Троядан қашқан Эней пана тапты, ал оның ұрпағы Ромулға Римнің бірінші патшасы және оның негізін қалаушы (б.з.д. 753 жылы) болуға тағдыр жазған екен. Рим бірінші кезде тек Лация астанасы болды, өзінің экспансиялық саясаты арқылы бүкіл Италияны, ал кейін Жерорта теңізінің бассейінін жаулап алды, бүкіл Рим империясының астанасы болды, бірақ бұрынғыша латындық деп аталды. Бұл тіл, басқа тілдер сияқты, үлкен өзгерістерге ұшырады. Б.з.д. V-III ғасырларда латын тілі - Аппенин түбегінің көптеген тілдерінің ішіндегі жазба түрі бар тілдердің бірі болады. Б.з.д. IV-III ғасырларда ол Римнен тыс аймақтарға таралып, біртіндеп басқа тілдерді ығыстыра бастады, бұл б.з.д. I ғасырда жаулап алынған халықтардың ассимиляциясына әкелді. Бірінші латын жазба ескерткіштері - әртүрлі ыдыс-аяқтардағы және тастардағы жазулар, мадақтық әндер мен заңдар фрагменттері. Ғылымға белгілі ежелгі латын жазбалары б.з.д VII ғасырмен (күміс ыдыстағы жазулар) белгіленеді. Ең белгілі римдік жазу VII ғасырға жататын Римдік форумнан табылған тастағы жазу болып табылады. Небір сакральдік формуласы бар (ант немесе дұға) жазу ертедегі архаикалық әріптерімен жазылған, грек тіліне қарағанда унификацияланған, нәтижесінде, латын әдебиеттері пайда болғаннан кейін, жазулар латын жазуының ерекше түрі ретінде қала берді. Олардың мәні әртүрлі болуы мүмкін: бұл жасалған ерекшеліктері тізімдердегі мәзір тастарына жазылған жазулар, храмдағы рухани жазулар, қоғамдық ғимараттар мен ескерткіштердегі ресми мәнді жазулар, тұрмыс заттарындағы жазулар, қабырғаларда жазылған өлеңдер және т.б. Қазіргі уақытта 100 мыңға жуық әртүрлі дәуірдің латын жазбалары белгілі. Олар ежелгі фольклор, әдебиет шағармалардағы өлеңдер, дұғалар және әнұрандар. Римдік фольклор халықтың ауызша өнерінің бүкіл түрін біріктірді. Біз мұнда өлеңдерді, жоқтауларды, діни әнұрандар мен дұғаларды табамыз және де қалжың өлеңдер, пародиялық және мәнді өлеңдер кең тарағанын байқаймыз. Ел кезіп жүретін актерлер қолма - қол ойлап табылған көріністерді ұйымдастыратын. Әдеби тілдің тарихы тек б.з.д. 240 жылы ғана басталады, ол Римде әскери тұтқындар қатарында болған грек Андрониктің есімімен байланысты (құлдықтан босағаннан кейін ол Тит Ливий Андроник есімін алады).Ол алғаш рет Римде грек шығармаларын өңдеп, латын тілінде трагедия мен комедияны қойған, сонымен бірге Рим поэзиясының негізін салып, Одиссеяны аударған.
Б.з.д. 80 жылға дейін созылған кезеңді архаикалық деп атайды. XII кесте заңдары - рим құқығының бірінші жазбаша ескерткіші үлкен маңызға ие. Заңдардың алғашқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Латын тілінің шығу тарихы туралы
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы жайлы
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңызы туралы
Латын тілінің шығу тарихы жайлы
Латын тілінің шығу тарихы және оның ғылымдағы маңызы
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы туралы мәлімет
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы жайлы мәлімет
Латын алфавитінің тарихы және ғылымдағы маңызы
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңызы туралы мәлімет
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы орны
Пәндер