Андроновтықтар. Беғазы-Дәндібай



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Андронов мәдениеті
2. Дәндібай.беғазы (беғазы . дәндібай) мәдениеті
3. Егіншілік және мал шаруашылығы
4. Тау.кен ісі мен Құмыра кәсіпшілігі. Қоныстар мен тұрғын үйлер
III. Қорытынды
Беғазы-Дәндібай кезеңінде үлкен патриархалды отбасыларға арналған зират орнына бір адам жерленетін зиратпайда болды. Ошақ қасиетті орын саналған. Үй төбесінің басты тіреуіш діңгегі-адамдарды көкпен жалғастырушы белгі.
Қазақстан жеріндегі қола дәуірі кезінде өмір сүрген адамдардың мәдениеті Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті болып екіге бөлінеді.
Федоров кезеңінде адамды жерлегенде, мәйітті өртеп күл-көмірін қойған. Ал кейбір жерлерде өртемей оң жақ қырымен жайғастырылып, бас жағына ас салынған құмыра, біз, пышақ тағыда басқа әшекей заттар бірге қойылған. Жасалған көзелердің шығыңқы келген иықшалары болған.
1.Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1 т. –Алматы, 1996.
2.Қазақ ССР тарихы. 5 томдық. 1 т. – Алматы,1980.
3.Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана.-А.,1979.
4.Козыбаев М.К.,Байпаков К.М., Таймағанбетов Ж. История Казахстана с древнейших времен до наших дней. –Алматы,1993.
5.Маргулан А.Х., Акишев К.А.,Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. –Алматы, 1966.
6. Маргулан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана.-Алматы, 1979.
6.Кадырбаев М.К., Курманкулов Ж. Культура древних скотоводов и металлургов Сары-Арки. –Алматы,1992.
7.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан.-Алматы,1995.
8.Әлиев Ө.Ә. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы. – Шымкент, 2005, 85 б

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы:мейірбеке ісі
Кафедрасы:Қазақстан тарихы және қоғамдық-гумманитарлық пәндер
Курс:1
Тақырыбы: Андроновтықтар.Беғазы-Дәндібай

Орындаған: Есенғазиева Ақбота
Тексерген:Қалманова Г.Т.
Группа:101
Бағасы:____


Ақтөбе 2015 жыл

Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Андронов мәдениеті
2. Дәндібай-беғазы (беғазы - дәндібай) мәдениеті
3. Егіншілік және мал шаруашылығы
4. Тау-кен ісі мен Құмыра кәсіпшілігі. Қоныстар мен тұрғын үйлер
III. Қорытынды

Кіріспе
Беғазы-Дәндібай кезеңінде үлкен патриархалды отбасыларға арналған зират орнына бір адам жерленетін зиратпайда болды. Ошақ қасиетті орын саналған. Үй төбесінің басты тіреуіш діңгегі-адамдарды көкпен жалғастырушы белгі.
Қазақстан жеріндегі қола дәуірі кезінде өмір сүрген адамдардың мәдениеті Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті болып екіге бөлінеді.
Федоров кезеңінде адамды жерлегенде, мәйітті өртеп күл-көмірін қойған. Ал кейбір жерлерде өртемей оң жақ қырымен жайғастырылып, бас жағына ас салынған құмыра, біз, пышақ тағыда басқа әшекей заттар бірге қойылған. Жасалған көзелердің шығыңқы келген иықшалары болған.
Алакөл кезеңінде өлікті жерлегенде, жартылай өртеп қою етек алған, көзелердің сыртындағы иықшалары жойылып, оның жаны ернеуінен түбіне қарай күрт түседі. Ал сыртындағы өрнектер көзенің тұла бойында үш бөліктен салынған, ернеуінен мойнына дейін бір бөлек, бүйірінде екіншісі, түп жағында үшінші бөлік. Өрнектер көбінесе геометриялық сызықшалар, әсіресе, үшбұрышты және қошқар мүйізді үлгілерде де кездеседі. Қола дәуірінің осы екі кезеңінің қыштан жасалған ыдыстарының сыртындағы ою-өрнектердің үлгілері қазақ халқының тұскиіз, текемет, алаша, кілем, сырмақ сияқты бұйымдарының үлгі-өрнектері мен ұқсастығын көруге болады.
Замараев кезеңі - қола дәурінің соңғы кезеңі. Ғалымдар темір дәуіріне өтетін өтпелі кезең деп те атайды. Оның өзіне тән ерекшеліктері:
- адамды өртемей шалқасына жатқызып жерлеу;
- Замараев кезеңінде құмыралардың жасалу сапасы жағынан және сыртына салынған өрнектерінің әдемілігі жағынан нашарлай бастайды. Ал діни нанымдар сол алдыңғы кезеңдердегідей сақталады.
- Ғылыми пікірлерге қарағанда, жоғарыда көрсетілген кезеңдерде өмір сүрген рулар бірінің орнын екіншісі басып, екіншісінің орнын үшіншісі алмастырып дамып отырған.
Қола дәуірінің ескерткіштеріне жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары - бұл кездегі өмір сүрген адамдардың шаруашылығынан әдет- ғұрып, наным - сенімдерінен ғана ақпар беріп қоймай, олардың саяси - әлеуметтік және қоғамдық құрылысынан да хабар береді. Қазба жұмысы жүргізілген молаларда, отбасылық, аталық рулық зираттар кездеседі. Олардың өзіне тән ерекшеліктері болған. Мәселен, отбасылық молалар бір қоршаудың ішіне жерленсе, ал аталық рулық қабырлерде ер адамның жанына оның әйелі қоса жерленген.
Қазақстандағы Андронов тайпаларының басқа аумақтардағы тайпа лармен айырбас сауда қатынастарын жасағандығын көруге болады. Мәселен, Оңтүстік Сібір жеріндегі Афанасьев мәдениетінің молаларынан Арал теңізінде кездесетін ұлулардың сүйектері табылған. Андронов тайпаларының молаларынан Мысыр, Месопотамия жерінде жасалган әйнек тәріздес моншақтар да табылған. Мұның өзі сауда қатынасының қола дәуірінің кезінде-ақ жандана бастағандығына дәлел.
Қола дәуіріндегі Қазақстан аймақтарына тән тағы да бір мәдениет Беғазы-Дәндібай мәдениеті болған. Бұл мәдениеттің алғашқы мекендері Қарағанды маңындағы Беғазы ауылынан және Балхаш көлінің солтүстік жағалауындағы Дәндібай ауылынан табылған. Бұл мекендерден табылған заттар бір дәуірге тиісті болғандықтан олар Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады.
Беғазы-Дәндібай мәдениетін зерттеген ғалым қазақтың аса көрнекті археологы Әлкей Марғұлан.
Қола дәуіріндегі Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің өзара айырмашылықтары бар:
-біріншісі, аймақтық: Андронов мәдениеті Сібір, Қазақстан және Жайық өңірлерінде таралған болса, ал Беғазы-Дәндібай мәдениеті тек қана Орталық Қазақстанда кездеседі;
-екіншісі, кезеңдік: Андронов мәдениеті қола дәуірі мәдениетінің бірінші және екінші кезеңдерін (б.з.б. ХVIII - XIII ғғ.) қамтыса, ал Беғазы-Дәндібай мәдениеті үшінші кезеңінде ғана ( б.з.б. ХII - VIII ғғ.) үстем болған;
-үшіншісі, Андроновдықтар өлікті жерлегенде аяқ-қолын бүгіп (эмбрион тарізді) көмсе, Беғазы-Дәндібайлықтар қол-аяқтарын жазып көмген.
Қазақстан қола дәуірі дүние жүзіндегі қола дәуірінің ажырамас бір бөлігі. Бірнеше мыңдаған жылдардың өткеніне қарамастан, бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан, бұдан былай да сақтала беретін, әдет-ғұрып, салт-сана, әсемдік-сәндік өнердің бастамасы болып келген үлгілі ою-өрнектер халқымыздың ұлттық мақтанышы болып жалғасуда. Олар бүгінгі күнімізде тәуелсіз Қазақстан елінің жаңа өміріңде оның рухани жан дүниесімен жаңаша жасарып, әрі қарай жалғаса бермек.
Бұл мәдениеттің ерте кезеңіне Қарағандыдан оңтүстікке қарай орналасқан Ақсу-Аюлы-2 қорымы жатады. Ең үлкен обаның биіктігі 2 м, диаметрі 30 м. Топырақ үйіндінің астынан тарамдала орналасқан үш тас қоршау болған. Біріншісі, сыртқысы, жерге кіргізілген ірі гранит тақталардан жасалынған. Екінші қоршаудың тас тақталары жоғары қарай күмбез тәріздес етіп құрастырылған. Үшінші қоршау тас тақталардан құрастырылған, оның екеуі қабірді жауып тұратын тас тақтаға тіреуіш ретінде пайдаланылған. Алаңы 4 шаршы м жерлеу шұңқыры 1,5 м тереңдікте қазылған. Мұндағы тас жәшікте ұзынынан қойылған адам қаңқасы орналасқан.
Дамыған кезеңге Беғазы, Айбас-Дарасы, Аққойтас, Дәндібай, Ортау, Саңғыру қорымдары, Ұлытау, Шортандыбұлақ, Қарқаралы қоныстары жатады.
Беғазы-дәндібай зираттарындағы жерлеу құрылыстарының құрылымы ерекше. Шаршы тұрпатты бір немесе екі камералы беғазы құрылыстарын "кесене" деп атауға да болады. Қабырғалары орасан зор гранит тақталардан жасалған; олар жерге кіріп тұрған. Кейбіреулері 3 тоннаға дейін жетеді. Бұрыштарындағы тақтатастар, осындай ірі тақталардан тұратын шатырды бекітіп тұрады.
Осындай "кесенелердің" бірінің ауданы сыртынан 9,6x9,6 м, ішкі жағынап 6x6 м. Тақталардың биіктігі 2,1 м, мұның 1,3 метрі жерге кіріп тұрған. Екінші, сыртқы қабырғаның биіктігі 1,3 м. Қабырғалар арасындағы кеңістік тастар мен саз балшықпен толтырылған. Үсті ірі тақта тастармен жабылды. "Кесенеге" кірер есік шығыс жағында орналасты, ол қабырғалары таспен өрілген ұзындығы 9 м, ені 4 м дәлізбен жалғасты. Кесенелер ішінде сөре тәрізді жасалынған "мехрап" бар, оларға қыш ыдыстарды, қару-жарақтар, әшекейлер, құрбандыққа шалынған мал еттерін қойған.
Бұл уақытта қабырғалары тастан қаланған баспаналар тарала бастады. Тағыбайбұлақ қонысында алты тік бұрышты баспана болды. Үйлердің қабырғалары қаз-қатар жерге қазылып кіргізілген тақта тастардан тұрғызылды, олардың аралары топырақ аралас майда тастармен толтырылған. Орталық Қазақстанның таулы аудандарындағы баспана құрылысында ағаштар кеңінен пайдаланылды. Жертөлелер қабырғасы ағаш кеспелтекпен жабылды, ал төбесі ағаш бағаналар жүйесіне тірелді.
Дәндібай-беғазы (беғазы - дәндібай) мәдениетінің кейінгі кезеңдегі дамуында кесенелердің орнын қарапайым жерлеу құрылыстары - қоршаусыз тас жәшіктер басты.
Қыш ыдыстар алдыңғы уақыттағы кескіндерді сақтады, бірақ ыдыстардың жаңа кешені пайда болды. Бұлар мойыны қысқа әрі ернеуі жапсырылған, дөңгелек келген ыдыстар. Өрнегі қисық сызық, айқыш, шырша түрінде түсірілген. Ыдыстардың мойынын таяқ ұшымен басылып алынған шығыңқы дөңгелек-маржандар ажарландырады.
Мәдениеттің дамуыңда металды алу және құю үлкен рөл атқарды. Өз кезегінде, орталық-қазақстандық палеометалл орталығы Алтай, Сібір, солтүстік пен солтүстік-батыстағы Орал өңірі секілді көршілес аудандардағы мәдениеттерге әсерін тигізгендігі даусыз.
Солтүстік және Батыс Қазақстанда археологтардың күшімен көптеген андроновтық ескерткіштер ашылып зерттелген, олардың арасынан Алексеевское және Садчиковское секілді қоныстар, Тастыбұтақ қорымы ғылымда кеңінен танымал.
Орманды-далалы аймақтарға топырақпен үйілген обалардан, дөңгелек және тік бұрышты қоршаулардан тұратын молалар топ. Батыс аудандарда сақина тәрізді тас қоршаулар мен обалар кең тараған. Бұл ауданнан барлығы 80-нен астам қоныс және 90-дай қорымдар ашылған. Ерте қола кезеңіне өлікті өртеу ғұрпы сақталған топырақтан тұрғызылған мола тән.
Петропавл қаласы маңындағы Вишневка қонысынан қызықты мәліметтер алынған. Бұл жерден ауданы 126 шаршы м тік бұрышты баспана аршылған. Оның төбесі ағашпен жабылып, ағаш бөрене - тіреулерге бекітілген.
Осы кезеңге, бірақ оның соңына (ХVІІІ-ХVІ ғғ.) Петровка, Новоникольское, Боголюбово қоныстары жатады. Олар жалмен және ормен қоршалған. Жалдың үстіне ағаш шарбақтар орнатылған. Қоныс ішіне кіру үшін орда өтетін жер қалдырылған, ал жалда ені кең, арба еркін өтетіндей қақпа тұрғызған.
Осы уақыттарда ежелгі қалалардың негізі ретінде (прототип) саналатын қоныстар пайда бола бастайды. Солардың бірі - Арқайым (қазба жұмыстарын Челябинск археологтары жүргізіп жатыр) қазіргі Челябинск пен Қостанай облыстарының шекарасында орналасты.
Орта қолаға үй құрылыстарындағы, қоныстарды ұйымдастырудағы, жерлеу қабірі мен ғұрпындағы айтарлықтай өзгерістер тән. Қоныстар енді бұрынғыдай күшейтілмеді, сірә, даладағы жағдай бейбіт сипатта болған сияқты. Баспаналар ұзынша-тікбұрышты тұрпаттағы, ауданы 140-тан 200-ге дейінгі шаршы метрге жететін жартылай жертөлелер еді. Олар екі бөлікке бөлінеді, ал еденінде бірден сегізге дейін ошақ орындары бар. Мұндай баспаналар Явленка, Тастыбұтақ қоныстарынан аршылған.
Ағаш - орманды-далалы аймақтағы, ал тас - батыс, далалық өңірлердегі үй құрылысында кеңінен пайдаланылды.
Қорымдардағы қабір шұңқырларынан, жәшіктер мен цисталардан жалғыз қойылған мүрделер табылды, қосарлап қойылғандары (еркек пен әйел, әйел мен бала) сирек. Есіл езені бойындағы Семипалатинское қорымында балалар шеткерірек жерленген. Мүрдені өртемей жерлеу ғұрпымен қатар оны өртеу салты да орын алған. Кремация (мүрдені өртеу) қабір шұңқырынан тысқарырақ, арнайы бөлінген жерде өткізілді.
Қабірге қойылған ыдыстар саны 1-ден 6-ға шейін барады. Мүрделермен бірге қола пышақтар, қола білезіктер, сүйектен жасалған жебе ұштары, моншақтар мен қабыршақтар қоса қойылды. Биік төбе үстінде орналасқан құрбандық шалатын жерлер де табылды. Бұлар құрбандық тағам салынған бір-екі ыдысы бар шұңқырлар еді. Бәлкім, Тобылдағы Алексеев қонысы маңындағы құрбандық шалатын орында бұрын жер бетіне салынған құрылыс түрінде ғибадатхана болған шығар.
Кейінгі қола дәуірінің бас кезінде Солтүстік Қазақстан тайпалары Орал маңындағы, ал Батыс Қазақстан тұрғындары Еділ бойындағы қима мәдениетінің қатты ықпалына ұшырады. Бұл уақыгта қима қыш ыдыстары есілдік Явленка, Бескол қоныстарында пайда болды. Кейінірек мұнда "валикті керамика" дәстүрін алып келген тайпалар қоныстанды. Олардың мәдениетінде андронов мәдениетінің дәстүрлі ерекшеліктері сақталды, бірақ жаңа белгілер де пайда бола бастады.
Кейінгі қола дәуірінің 30-дан астам қоныстары зерттелген. Оларда жоспары тік бұрышты, сопақ және сегіз тақілеттес жартылай жертөлелер басым. Жертөлелер еденінде үй жабынын, түрлі төсеніштерді бекітіп тұрған тіреуіштердің шұңқырлары көп. Бұлар бөлме ішін де бөліп тұрған. Баспаналардың еденінен қабырғалары шыбықпен бекітілген құдық қазылды. Сегіз тақілеттес баспаналар жоспары ені 1 м, ұзындығы 2 м дәлізбен жалғасқан жерге тереңдетіліп қазылған диаметрі 10 м-дей екі бөліктен тұрады. Дәліз секілді үйге кірер түс шығыс жақта орналасты. Батыс бөліктегі еденде ошақтар орналасты, шығысы шаруашылық мақсаттарға пайдаланылды. Мұндай баспана түрі Шағалалы қонысынан кездескен.
Жартылай жертөлелермен бір мезгілде ауданы 300-400 шаршы метрге жететін жертөлелер де тарала бастады, бұларда қыста мал да ұсталды. Бұл кезде жер өңдеуге арналған құралдар түгел дерлік жоғала бастайды. Мал, әсіресе жылқы шаруашылығының рөлі күшейе түседі.
Шығыс Қазақстанда андронов мәдениетінің дамуы осы жолмен жүрді. Мұны шөбі шүйгін Ертіс, Бұқтырма, Күршім алаптарындағы, Алтай таулы ауданындағы, Тарбағатай мен Сауыр далалы аймақтарындағы қола дәуірінің ондаған қоныстары мен қорымдарынан алынған олжалар растайды. Бұл мәдениеттің қалыптасуы мен дамуына мыс, қалайы, алтын секілді металдардың бай кен орындары да өзіндік әсерін тигізді.
Ерте кездегі ескерткіштер Қанай ауылы төңірегіндегі бейіттен табылған. Қорымдар жер бетіндегі шаршы тәрізді тас қоршаулардан тұрады. Жерден қазылған қабірден шалқасынан жатқызылған еркек пен әйелдің қаңқасы табылған. Сүйектері жосамен боялған. Қабірден жалпақ жебе ұшы мен көзе сияқты қыш ыдыс шыққан.
Кейінгі қола кезеңіне Қанай қорымындағы қабірлердің басым бөлігі мен қоныс жанындағы баспана жатады. Ертістің оң жағалауындағы қоныстан жапсарластыра салынған шаруашылық құрылыстары бар тікбұрыш түріндегі аумағы 50 шаршы метр жартылай жертөле аршылған. Үйдің қабырғасы қамыспен кетерілген және балшықпен сыланған. Құрылыстардың бірінен, сірә, шеберхана болар, мыс кентасының кесектері, құйма қалыптың жартысы табылған, ал қоныстың оңтүстік-шығыс шетінен кентас кесектері, қорыту пешінің қалдықтары аршылған. Олжалар арасында тастан жасалған дәнүккіш, кетпен, сүйек біз, тескіш, қола бігіз, білезік, балық аулауға арналған батырғы бар.
Қоныстан оңтүстік-шығысқа таман құрбан шалатын орып анықталған, мұндағы таспен қаланған дөңгелек келген шұңқырлардан мал сүйектері, күл, кемір, дәнүккіш сынықтары жатты.
Зевакино ауылы маңындағы Усть-Буконь мен Нұрманбет қорымдарын аршыған кезде жерге қазылған, тас жәшіктер мен шұңқырларға ағаш қимасы түсірілген жеке қойылған қабірлер анықталды. Мүрделер қырынан, бүктетіліп жатқызылған. Қабірден орта қолаға тән қыш ыдыстар шыққан. Қабірлерден сонымен қатар қоладан жасалған әшекей заттар, пышақтар, жебе ұштары, қанжар табылған. Кейбір қабірлерде мүрдені өртейтін ғұрып болғандығы анықталған.
Шідерті өзені бойындағы Нұрманбет қорымындағы екі адамды қатар (қосарлап) жерлеген қабір ерекше кеңіл қоярлық. Ері сол қырынан, әйелі оң қырынан жатқызылған. Ер адамның бас жағына қола құйма қанжар қойылған, әйелдің білектерінде білезік, аяғының саусағында қола жүзік, бас жағында біз бен ине бар. Қабірден қой сүйектері шыққан.
Кейінгі қола кезеңі Трушников қонысы, Малокрасноярка ауылы іргесіндегі қорымның материалдары бойынша белгілі. Трушниково қонысынан қабырғасы шыбықтармен ерілген екі жартылай жертөле қазылған. Шаруашылық шұңқырларынан қыш ыдыстар сынықтары, жануарлар мен балық сүйектері де табылды. Олжалар арасында қола жебе ұшы, мыс кентасының кесектері, тас кетпен мен дәнүккіштер бар. Малокрасноярка қонысын қазған кезде қоладан жасалған шот, пышақ, дән ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қола дәуірі және сол дәуірдегі ескерткіштер
Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс,ежелгі Тас дәуірі, Мезолит, Неолит және Қола дәуірі
Андронов мәдениетінің ерекшеліктері
Орталық Қазақстанның қола дәуірі
Қола дәуір мәдениеті
Андронов дәуірінің шеберлері
Атасу кезеңі
Қола дәуіріндегі андронов мәдениеті
Қазақстандағы қола дәуірінің археологиялық ерекшеліктері
Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы ақпарат
Пәндер