Ерте мемлекеттік құрылымдар



I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
1. Сақтардың әлеуметтік құрылысы және көрші мемлекеттермен қарым.қатынасы.
2. Үйсіндер және қаңлылар (б.з.б.ІІ.б.з. V ғғ).
3. Ғұндар. Орталық Азиядағы тұңғыш көшпелі империя (б.з.б.ІІІ.б.з.І ғғ). Ғұн тайпаларының батысқа миграциясы.
III. Қорытынды
Б. з. д. I - II - б. з. V ғасырларда шығыстан батысқа қарай алғанда, Іледен Талас өзеніне дейін, солтүстіктен оңтүстікке қарай Балқаш көлінен Ыстықкөлге дейінгі аумақтаҮйсін мемлекеті жайлады.
Осы кезеңнен бастап ежелгі түркі тайпалары мекендеген аймақта көшпелі мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуы басталды. Түрік қағанаттарында мемлекеттілік одан әрі жетіле түсті. Билік қағанның қолында болды. Түркілік қағандар мемлекетінің басты белгісі болды. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылықжүргізді.
Қағандар басқа мемлекеттерге шабуыл жасай отырып, билік құрды. Соғыс арқылы шекараларын кеңейтіп отырды. Бірақ даму барысында мемлекетті билеп отырған тайпадан күштірек тайпалар шығып, соғыс ісін негізгі кәсібіне айналдырған мемлекеттер бірін-бірі ауыстырған.
1. Жолдасбайұлы С.Ежелгі және орта ғасырдағы қазақ елінің тарихы, -Алматы, 2010
2. Қазақстан тарихы.(Ерте заманнан бүгінге дейін) 1 т. - Алматы, 1996
3. Қазақстан тарихы. Очерктер. - Алматы, 1993

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы:мейірбеке ісі
Кафедрасы:Қазақстан тарихы және қоғамдық-гумманитарлық пәндер
Курс:1
Тақырыбы: Ерте мемлекеттік құрылымдар

Орындаған: Есенғазиева Ақбота
Тексерген:Қалманова Г.Т.
Группа:101
Бағасы:____

Ақтөбе 2015 жыл

Жоспар
I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
1. Сақтардың әлеуметтік құрылысы және көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы.
2. Үйсіндер және қаңлылар (б.з.б.ІІ-б.з. V ғғ).
3. Ғұндар. Орталық Азиядағы тұңғыш көшпелі империя (б.з.б.ІІІ-б.з.І ғғ). Ғұн тайпаларының батысқа миграциясы.
III. Қорытынды

Кіріспе

Б. з. д. I - II - б. з. V ғасырларда шығыстан батысқа қарай алғанда, Іледен Талас өзеніне дейін, солтүстіктен оңтүстікке қарай Балқаш көлінен Ыстықкөлге дейінгі аумақтаҮйсін мемлекеті жайлады.
Осы кезеңнен бастап ежелгі түркі тайпалары мекендеген аймақта көшпелі мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуы басталды. Түрік қағанаттарында мемлекеттілік одан әрі жетіле түсті. Билік қағанның қолында болды. Түркілік қағандар мемлекетінің басты белгісі болды. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылықжүргізді.
Қағандар басқа мемлекеттерге шабуыл жасай отырып, билік құрды. Соғыс арқылы шекараларын кеңейтіп отырды. Бірақ даму барысында мемлекетті билеп отырған тайпадан күштірек тайпалар шығып, соғыс ісін негізгі кәсібіне айналдырған мемлекеттер бірін-бірі ауыстырған.

Сақтардың әлеуметтік құрылысы және көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы
Сақ тайпаларының атауы әр елде әртүрлі: Гректер - азиялық скифтер, парсылар - құдіретті еркектер, ирандықтар - жүйрік атты турлар.
Сақ тайпаларының негізгі 3 тобы: Парадарайя (теңіздің арғы жағындағы сақтар.) - Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізі маңы, Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысын, Тиграхауда - (шошақ бөрікті сақтар Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шань, Жетісу, Хаумаварга - (хаома сусының дайындайтын сақтар) Мұрғаб өзенінің жағалауын мекендеген.
Б.з.б. VІІ-ІV ғасырлар - сақ тайпалар одағы құрылды. Сақ қоғамының сипаты - әскери-демократиялық. 3 негізгі топқа бөлінген, әр топтың өзіндік дәстүрлі түстері болған: Жауынгерлер - қызыл түс, абыздар-ақ түс, қауым мүшелері - сары және көк түс. Тайпа көсемдерін жайынгерлер тобынан сайлады. Мейрамдарда садақ атып сыналған садақшылардың ең мергені тайпаны басқару құқығын иеленді. Сақ тайпалар одағының билеушісі - патша. Сонымен бірге сақ патшасы - Көктемде жерге алғашқы соқа салушы, малшылардың үйретуші ұстазы, Құдайлардың қалаулысы, аспан мен жер арасындағы дәнекерші. Қоғамдағы маңызды мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты.Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене араласып, ерлермен бірге соғысу құқығына ие болды. Малға жекеменшік пайда болып, мүлік теңсіздігі шықты. Соғыс тұтқындары құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеледі.
Бұл кезең - алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезі. Әскери демократия таптык қоғамға өту кезеңі болғандықтан, сақтар мемлекет құру ісінің қарсаңында тұрды. Грек тарихшысы Геродоттың (б.з.б.V ғ. 40ж.-З0ж. жазылған Тарих еңбегі) және Полиен деректері: б.з.б. VI ғасырда сақ -- массагеттердің патшайымы Томиристің және оның ұлы Спаргаписестің парсы патшасы Кирмен соғысы (б.з.б. 529 ж., б.з.б. 519 -- 518 жылдардағы парсы патшасы I Дарийдің тиграхауда сақтарымен соғысы: (сақ көсемі Скунха, малшы Шырақ ерліктері). б.з.б. ІV ғасырда Александр Македонскийдің (Ескендір Зұлқарнайын) сақтармен шайқасы. (б.з.б. 330 -- 327 ж) Макендондықтарға қарсы 3 жыл қатарынан партизандық соғыс жүргізген сақ көсемі Спитамен ерлігі.Сақтар парсы әскерлерімен қосылып Египетте, Грецияда соғысты. Фермопиль (б.з.б. 480 ж) және Платея шайқастарында батырлықтың үлгісін көрсетті. Гректерге қарсы парсылармен одақтасып, Марафон шайкасында соғысты (б.з.б. 490 ж). І Дарийдің қалдырған Бехистун сына жазуында сақтайпалары туралы қүнды деректер бар (б.з.б. 516 ж).Сырдария жағасында Македонский бу_йрығымен Александрия Эсхата (шеткі Александрия) қаласы салынды. Мемлекеттің шекаралық тірегі есебінде салынған бұл кала б.з.б. IIIғасырда селевкидтер көтерілісі нэтижесінде қиратылды. Б.з.б. Iмың ж. ортасында сақтарда көшпелі мал шаруашылығы кең тарады. Сақтардың негізгі шаруашылығы - көшпелі мал шаруашылығы. Бұл далада тайпаларының өміріндегі үлкен экономикалық прогресс болып саналады. Сақтар мал шаруашылығьның 3 түрін үйлестірді: Көшпелі мал шаруашылығы -- Батыс жэне Орталық Қазақстанда. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы - Шығыс Қазақстан, Батыс пен Орталық Қазақстанның бір бөлігі, Тянь-Шань, Алтай тауларының етегінде, отырықшы мал шаруашылығы - Оңтүстік Қазақстанда, Талас, Шу, Сырдария, Келес өзендерінің бойында. Осымен бірге бүл жерлерде суармалы егін шаруашылғы басым болды. Жылқы өсіру маңызды орын алды. Батыс және Оңтүстік Қазақстаннын далалық және шөлейт аудандарында түйе өсіру кең тарады. Тебіндеп жайлауға қабілеті болмағандықтан, ірі қара аз өсірілді. Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты -- қой өсіру. Б.з.б. Iмыңжылдықтың ортасындағы грек авторы Хэрил сақтарды қойшылар деп атаған. Балық аулау Ертіс жағалауында және Сырдария атырабында тараған.Сақтар мал шаруашылығымен қатар өзен және сулы аймақтарда суармалы егіншілікпен айналысты. Ерекше суару жүйесі барегістік аймақтар -- Сырдарияның оңтүстік аңғарындағы Шырық-Рабат, Бәбіш-молда қоныстары. Тары, қарабидай,бидайөсірген. Сақ тайпаларында металл, өндіріп, оны өндеуге байланысты кәсіпшілік пен қолөнер жоғары дәрежеде дамыды.
Аңдық стильөнері дәстүрімен сақтар Алдынғы Азия мен Иранға жасаған жорықгары кезінде танысқан. Осы жерден алғаш рет өмір ағашы атанған арыстан бейнесі тараған. Бұл өнердің негізі -- ежелгі аңыздарда сақталған адамның әртүрлі жануарлардан шықкандығы туралы түсінік. Б.з.б. III -- IIғғ. Бұл өнер түрі кұлдырай бастады. Аң стилі ою-өрнекке айналды. Жылқы бейнесікүн және отпен байланыстырылады. Есік қорғанынан табылған патшаның бас киімінде бейнеленген қанатты аттар -- күннің қозғалысын білдіреді. Қабан бейнесі -- күнкүркіреу құдайы. Арыстандыбейнелеу Арал маңындағы сақтардың тұрақты тақырыбы болған. Сақтардың әлем құрылымы туралы түсініктері: Жер асты, жер, көк (аспан) әлемі. Дүниенің төрт бұрышы - оң жағы, сол жағы, алдыңғы жағы, артқы жағы. Сақтардың ғарыш туралы түсінігі Есік қорымнан табылған патшаның бас киімінде бейнеленген. Бұлар -- күн, қанатты 4 ат және 4 алтын жебе суреті. Бұл құдайдың үш әлемге билік жүргізуінің ерекше белгісі болып саналған. Сақ патшасы күн бейнелі құдай дәрежесінде көрсетілген. Сақ қоғамында діни нанымдар мен ғұрыптардың негізгі бағыты-ата-баба аруағына сыйыну. Арнайы рулық зираттарға мәйітпен қоса, оның дүние-мүлкін бірге жерлеген. Өлген адамның аруағына сыйынып, о дүниеде қайта тіріледі деп санаған. Мәйітті сактау үшін бальзамдау мен мумиялау әдісін қолдана білген.От пен Күннің символы -- мәйіттерге қызыл бояу, ал қабір басына от жағу. Сақтардың б.з.б. VII ғ. от храмдары археологтар Жетісудан тапты. Отырықшы сақтар жерді киелі деп есептеп, оған табынған. Ал көшпелі сақтар күнге, отқа және соғыс кұдайына табынды. Сақ заманында анимизм, тотемизм және магия секілді ең ежелгі діни ұғымдар сақталған. Сақтарда зергерлік өнер жоғары дәрежеде жетілдірілді. Әсіресе ағаштан ойып жасаған бейнелер мен сәндік бұйымдарды алтынмен аптау ісі кең тарады. Есік және Шырық-Рабат қоныстарынан табылды. Шырық-Рабат қаласы - апасиактардың (су жағасын мекендеген сактар) астанасы. Бұл қоныстын орны Қызылорда қаласынан оңтүстік батысқа қарай 300 шақырым жерде, Қызылқұм шөлінде жатыр. Шырық-Рабат қаласындағы цитаделде: ғибадатхана, атақты адамдар жерленетін орын болған. Қабірден б.з.б. V-ІV ғасырларға тән пышақтар, алтын қаптырма, жебе ұштары табылған. Қаланың оңтүстік-шығысында орналасқан кесенеден халцедоннан жасалған гемма (мөр), алтын доғалар, алтын сырғалар табылды. Бұл заттар б.з.б. IV-ІІ ғасырларға жатады.
Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдария алқабында сақтардың Шірік-Рабат, Бәбіш-молда, Баланды секілді қоныстары төңірегіндегі егістіктерді жарма тартып суарып отырған.
Кәсіптері мен сауда. Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өндеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері мен кәсіптері жоғары дәрежеде дамыған еді. Қола дәуіріндегі сияқты, темір мен мыстың, қола мен қорғасынның, алтын мен күмістің бұрышынан белгілі кенді орындарында жұмыс толастап көрмеген. Мамандардың есептеуінше, кен рудаларын өндіру орасан зор көлемде жүргізілген. Мәселен, Имантау кенді орыннан 3 млн.пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскіден - 10 мың және 26 мың пұт мыс руда өндірілген, сонда сол руданың дені сақтар заманында өндірілгені анықталады.Сақ ісмерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс-әбзелдерін, әшекейлер мен айналар, сол сияқты қазаңдар мен құрбандық ыдыстарын жасаған, олардың көбісі көркем өнердің тандаулы туындыларының қатарына жатады. Сақтардың қазандары мен құрбандық жозылары Жетісу жерінен Іле алқабымен мен Ыстыккөл маңынан өте көп табылған. Қазандары сфера іспеттес тағанды болып келеді. Және таған-бұттары малдың аяғы секілденіп жасалады. Қазандар тұтқасы тұзақ тәрізді, кейбіреулерінің жиектері жануарлар бейнесімен бедерленген. Мысалы, Алматы төңірегінен табылған қазандардың бірі қанатты таутеке бейнесімен әсемделген.
Өнері мен мифологиясы.Сақ өнерінің зерттеушілері, бірінші жағынан, оның Иранның Ахеменид және Бактрияның көркем өнерімен, екінші жағынан, Қытайдың Чжоу мен Хань уірлері өнерімен тығыз байланысты болған деп есептейді. Ғылымда сақтың аң стиліндегі өнерінің қай жерде, қай заманда пайда больп қалыптасқаны жөнінде алуан түрлі болжамдар бар. Бабажан мекені мен Сурх-Дум ғибадатханасында соңғы жылдары жүргізілген қазбалар Оуристан қоласының жаңа нүсқаларын: жер бауырлап жатқан қабылан, қойдың басы тәрізді тұтқасы бар егеутас, бүркіттердің стильдендірілген бастары, жыртқыштар мен заулап бара жатқан бұғылар, аттар мен түйелер бейнесін тауып берді. Алайда зертгеушілер сақ көркем өнерін тек луристан стиліне жатқызып қоюға болмайды, олар бір-біріне тәуелсіз екі көркемдік стиль деп есептейді. Бәрінен де бұрын б.з. дейінгі 1-мыңжылдықтың бас кезінде қазіргі Иран территориясына ирантілді тайпалар келіп кіре бастаған, солардың ықпалымен елге бірқатар соны әдет-ғұрыптар, кару-жарақ пен ер-тұрманның жаңа түрлері тарай бастайды.
Оба бағы заманда тоналыпты, бірақ археологтар үлесінде де көп-көп олжа қалыпты: түрі бүрісіп жатқан ілбісінге немесе барысқа келетін әлемдегі ең үлкен қола қаптырма, арқарлардың бейнелері, сабы қабан бейнесіндегі ең үлкен қола қаптырма, арқарлар бейнелері, сабы қабан бейнесіндегі қанжар, алтын өңіржиек, жебелер табылды. Оба б.з. дейінгі VIII ғ. тұрғызылған, сақ өнерінің одан кездескен заттары ең ескі дүниеліктер болып табылады. Соған қарап сақтың аң стилі Азия даласында туған деп болжам жасауға болады. Оған дәйекті негіз бар, осы арада оның бастаулары да бар. Тіпті қола дәуірінің өзінде жергілікті ісмерлер жануарлар бейнелерін жасаған. Бұғыларды, бұқаларды бейнелейтін тасқа салынған суреттер кеңінен мәлім. Сол сияқты б.з. ІІмыңжылдықтың басы кезінде ерекше бір көркем өнер туып қалыптасқан, бірақ ол әлі Аң стилі емес еді. Аң стилі өнері сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезде танысқан оңтүстік дәстүрлері әсерімен пайда болған. Дәл сол кездері осы арада сақтар өнеріне арыстан, арыстан-самұрық, өмір дарағы образдары ауысып келеді. Бұл образдар бұғы, қошқар, түйе, барыс, жолбарыс, бүркіт сияқты жергілікті жануарлар бейнелерімен сіңісіп кетеді. Осы аталған образдар тек әсемдік әшекейлері ғана болмаған, сақтар олардың әрқайсысына белгілі мән берген.
Сақтар арасында зергерлік өнер мейлінше жетіліп, биік деңгейге көтерілген. Зергер-шеберлер алтын, күмісті балқытып құю, штампылап өндеу ісімен таныс болған, олар алтын мен күмістен, ферузадан әсемдігі мен композициялық түзілімі кісіні таң қалдыратын бұйымдар мен тұрмыстық мүліктерді әшекейлеп, безендіру үшін пайдаланылған. Мұндай бұйымдар қатарында жануарлар басымен әсемделген өңіржиектер, сақиналар, лағыл мен феруза тізілген алқалар, алтын тоғалы белдіктер, киім-кешектің сәнін кіргізетін қаптырмалар болған. Сақтардың зергерлік өнері Есік обасы бұйымдарынан бәрінен де толығырақ көрінеді, сол бұйымдарға қарап, біз текті-дәулетті сақтардың киген киімі, айқасқа шығарда тағатын қару-жарағы туралы біраз мәлімет алдық.Сармат атауы антик деректерде б.з.б. IIIғасырдан белгілі. Б.з.б. IIғасырда савроматтар (ерте сарматтар) қазіргі Батыс Қазақстан жерінде баса-көктей еңіп, Қара теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жетті. Бұл тайпалар жөнінде грек, рим тарихшылары (Геродот, Диодор, үлкен Плиний, Полибий) жазып кеткен.

Үйсіндер және қаңлылар
Үйсін - сақтармен, ғұндармен қатар жасаған ірі тайпалық одақтардың бірі. Үйсін тайпасы жөніндегі ежелгі Қытай жазбаларында мәліметтер мен деректер олардың бір кездері Іле өңіріне келіп қоныстанғаннан кейінгі уақытта аса күшті тайпалық мемлекет ретінде тарих сахнасына шығып, өз тұсында едәуір ықпалды болғанын баян етеді. Ежелгі Қытай деректеріне үңілер болсақ, үйсін тайпасы Қытай жазбаларының ескі дәуірлердегі кітаптарында өте жиі кездеседі. Соның ең бастылары - ертедегі Қытай хандары кезеңінде (б.з.б. 475 -221 ж.ж.) Чинь хандығы билік құрған тұста (б.з.б. 221-206 ж.ж.) Хань билік құрып тұрған уақытта жазылған Қытайдың терістігі мен батыс өңірлерінен мағлұмат беретін тарихи жазба деректерден табуға болады. Онда үйсіндер ұлы жүз тайпаларын талқандап, олардың елін бостырып, жерін тартып алғаннан кейін Іле ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аджип ҚКО компаниясы туралы
Қазақстан аумағында мемлекеттердің пайда болуы мен дамуы
ТМД елдеріндегі жылыжайда көкөніс дақылдарын өндіру
Cәтбаев Қаныш Имантай-ұлы
Мемлекет ұғымы мен түсінігі
Сел ұстайтын бөгеттер
Жемқорлық тарихы мен бүгінгі жағдайы
Жарақсыз газ бен мұнай қалдықтарын тазалайн фильтр
Құқықтық мемлекет. Мемлекет және қоғам
13 жас дағдарысы
Пәндер