Табиғи орта экономикалық дамудың негізі ретінде



1.Кіріспе бөлімі .
Экологиялық фактор дегеніміз не ?
2.Негізгі бөлім .
а) Абиотикалық фактор.
ә) Биотикалық фактор .
б) Антропогенді фактор .
3. Қорытынды бөлімі .
Адам баласы мен қоршаған орта арасындағы байланыс .
Сыртқы орта дегеніміз қарастырылып отырған обьектіден
немесе субьектіден тыс жатқан бірақ олармен тікелей байланыстағы табиғи күштер мен құбылыстар, оның заттегі мен кеңістігі.
Экологиялық орта деген түсінік сыртқы ортамен бідей, алайда мұнда тірі организмдерге немесе обьектілерге тірі заттектердің қатысуы қосылады. Кейбір өсімдіктер түрінің немесе жануарлардың тіршілігіне
қажетті жағдайы бар ортаны сипаттау үшін мекендеу ортасы деген термин қолданылады.
Қоршаған орта және қоршаған табиғи орта деген түсініктер кеңінен пайдаланылып жүр. Қоршаған орта обьектімен немесе субьектімен тікелей байланыста болатын сыртқы ортамен бірдей орта. Қоршаған табиғи ортаға табиғат обьектілері – жер, атмосфералық ауа, су, орман және басқа да өсімдіктер, жануарлар
әлемі, табиғи ресурстар, табиғи кешендер (қорықтар,заказниктер,
ұлттық табиғи саябақтар, табиғат ескерткіштері) жатады.
1. А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Саинова: «Экология», Алматы 2003

2. Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева: «Экология», Алматы 2002

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Мейірбеке ісі

Кафедрасы:

Курс:1

Тақырыбы: Табиғи орта экономикалық дамудың негізі ретінде

Орындаған: Есенғазиева Ақбота

Тексерген: Қалманова Г.Т.

Группа:101

Бағасы:____

Ақтөбе 2015 жыл

Жоспар:
1.Кіріспе бөлімі .
Экологиялық фактор дегеніміз не ?
2.Негізгі бөлім .
а) Абиотикалық фактор.
ә) Биотикалық фактор .
б) Антропогенді фактор .
3. Қорытынды бөлімі .
Адам баласы мен қоршаған орта арасындағы байланыс .

Экологиялық факторлардың түрі.

Сыртқы орта дегеніміз қарастырылып отырған обьектіден
немесе субьектіден тыс жатқан бірақ олармен тікелей байланыстағы табиғи
күштер мен құбылыстар, оның заттегі мен кеңістігі.
Экологиялық орта деген түсінік сыртқы ортамен бідей, алайда мұнда
тірі организмдерге немесе обьектілерге тірі заттектердің қатысуы
қосылады.
Кейбір өсімдіктер түрінің немесе
жануарлардың тіршілігіне
қажетті жағдайы бар ортаны сипаттау үшін мекендеу ортасы деген термин
қолданылады.
Қоршаған орта және қоршаған табиғи орта деген түсініктер кеңінен
пайдаланылып жүр. Қоршаған орта обьектімен немесе субьектімен тікелей
байланыста болатын сыртқы ортамен бірдей орта. Қоршаған табиғи ортаға
табиғат обьектілері – жер, атмосфералық ауа, су, орман және басқа да
өсімдіктер, жануарлар
әлемі, табиғи ресурстар, табиғи кешендер (қорықтар,заказниктер,
ұлттық табиғи саябақтар, табиғат ескерткіштері) жатады.

Табиғи ортада жүретін процестерге қозғаушы күш ретінде ықпалын
тигізетін күштерді немесе жағдайларды фактор деп атайды. Табиғи жағдайда
организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады.Тіршілік иелері
бейімделу реакцияларымен жауап қайыратын (бейімделу қабілеттерінен

тысқарыда өлім факторы болады) кез келген орта жағдайының
ішкі және сыртқы күшін экологиялық фактор дейді. Экологиялық
факторлар организмдегі және экожүйелердегі процестердің жылдамдығы мен
бағытын реттеп отырады.
Экологиялық факторлар мынадай түрлерге бөлінеді:
-тіршіліксіз орта факторлары немесе абиоталық факторларға;
-биоталық – тіршілігі бар ортаның факторлары;
-антропогендік – адамның шаруашылық қызмет қаракетінен тікелей немесе
жанама түрде туындайтын фактор.
Абиоталық фактор дегеніміз тірі организмдерге тікелей немесе жанама
түрде әсерін тигізетін бейорганикалық табиғаттың
құбылыстары мен құрамды (тіршіліксіз) бөліктері. Ортаның
абиоталық факторлары жердегі тіршіліктің тұрақтылық шегін
анықтайды, олардың табиғаты физикалық-химиялыққа жатады.
Абиоталық факторлар климаттық, эдафиялық,
гидрографиялық болып бөлінеді. Климаттық фактор деп жердің
бетіне күн энергиясының келу ерекшеліктерінен, ауа массаларының
айналасынан, жылу мен ылғалдың теңдестігінен, атмосфералық
қысымның динамикасынан және басқа да метеорологиялық
элементтерден тұратын факторларды айтады. Климаттық факторларға
температура, ылғалдылық, жарықтық режим, қысым,
атмосфералық жауын-шашын, және т.б. жатады. Климаттық
факторлардың ішінде өте маңызды рөлі бар фактор болып күн
радиациясы саналады. Ол биосфераның термиялық режимі мен
жылулық балансын анықтайтын энергияның негізгі көзі, барлық
организмдердің морфологиясы мен физиологиясы, жалпы
алғанда тіршілік осы факторға тікелей байланысты.
Егерде жерге жететін күн энергиясын 100 % деп алсақ,
шамамен оның 19 % атмосфера арқылы өткенде сіңіріледі. 34 %
космостық кеңістікке кері қайтарылады, 47 % жер бетіне тіке
және таралған радиация түрінде жетеді.
Жарық өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне тікелей

қатысты, әртүрлі рөл атқаратын экологиялық маңызды фактор.

Жер шарындағы барлық тірі материаның пайда болуы мен тіршілігі
осы космостан келетін күн жарығына байланысты. Физикалық
тұрғыдан қарайтын болсақ жарық энергия түрі, толқынды түрде
сәулеленетін электрмагниттік табиғаты бар фактор.
Біздің көзіміз тек электрмагниттік тербелу спектрінің белгілі
шектеулі толқын ұзындығын – 0,75 мкм-ден 0,2 мкм-ге дейін
қабылдайды. Бұл аралықтан жоғары, яғни спектрдің инфрақызыл
бөлігіне жататын шамасы 0,75 мкм-дің үстіндегі толқын
ұзындығына сай жарықты біз жылу ретінде қабылдаймыз, ал қысқа
толқындарды – ультракүлгін сәулелерді біздің сезім мүшелеріміз
тікелей қабылдамайды.
Күн сәулесінің жарықтық дәрежесі 100 мың люкс болса,
айдың толған кезіндегі жарығыныкі не бәрі 3 пен 5 люкс аралығында. Сандық
сипаттамамен қатар сапалық сипаттама
беретін болсақ спектр бірнеше түске: қызыл, қызғылт сары, сары,
жасыл, көгілдір, көк және күлгін түстіге бөлінеді, бұлардың бәрі
араласқанда ақ түс береді.
Жерге түсетін радиация ағымындағы ультракүлгін бөлігіне
1 %-дан 5%-ға, көзге түсетін – 16%-дан 45%-ға дейін және
спектрдің инфрақызыл бөлігіне 49%-дан 84%-ға дейін келеді.
Энергияның спектрлерге таралуы атмосфераның массасына
байланысты және Күннің биіктігіне қарай өзгеріп отырады.
Таралған радиацияның (қайтарылған сәулелер) мөлшері Күннің
тұратын биіктігі төмендеген сайын және атмосфераның көмескеленуі өскеніне
байланысты жоғарылайды.
Өсімдіктер мұхиттардың түбінде, не 100-200 м-ден кейінгі
тереңдікте, қараңғы үңгірлерде өспейді, себебі олардың организмдерінде
жүретін, тіршіліктері үшін өте қажетті фотосинтез
процесі жарықсыз жүрмейді. Биосфераның объектілерінде олардың
таралуы да жарыққа байланысты. Өсімдіктер 380-нен 710 нанометр
толқындар ұзындығы аралығындағы күн сәулесін қабылдайды.
Жануарлар да осы аралықтағы сәулелену спектрін қабылдай алады.
Оларға жарық энергия көзі ретінде емес, кеңістікте дұрыс бейімделуі мен
бағыт алуына қажет. Көру мүшелері жоқ, қараңғы жерде мекендейтін көптеген
жануарлар, кеңістікте жылжып
қозғалуы үшін басқа сезім мүшелерін пайдаланады. Сонымен
қатар саңырауқұлақтардың және басқа да бірқатар организмдердің
тіршілігіне жарық қажетті фактор болып саналмайды.
Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетіне
фотосинтезге, заттек алмасуға, қорек тұтынуға, көбеюге, т.б. )
елеулі немесе жанама әсер тигізетін абиоталық фактордың бірі
температура. Көптеген организмдердегі белоктардың қызмет
атқаратын шегі 0 С-ден 50 С-ге дейін, 0 С-ден төмен мағынада
ұлпадағы су қатады, ал 50 С жоғарыда белок молекулаларының
құрылысы бұзылады. Бірақ-та ерекше төзімді белоктары бар
түрлеріде кездеседі, олар 60-90 С шамасында активтігін жоймай
сақтайды, мысалы бұларға кейбір көк-жасыл балдырларды,
көгеретін саңырауқұлақтар мен бактерияларды жатқызуға болады.
-12 С шамасында өсетін бактериялар да кездеседі. Сонымен, әр-
түрлі организмдердің тіршілік ету сипаты мен активтілігі тікелей
Жердегі температура режиміне байланысты келетіні айқын.
Организмдердегі заттектер алмасу процесінің жылдамдығы да
олардың денесінің температурасына байланысты. Көптеген
түрлердің ішкі температурасы орта температурасына қарай өзгеріп
отырады. Сыртқы орта температурасы тұрақты болмағандықтан
заттек алмасу процесінің жылдамдығы да біресе жоғарылап, біресе
төмендеп отырады. Осындай өз денесінің температурасын реттей
алмайтын жануарлар түрлерін пойкилотермді деп атайды.
Пойкилотермия барлық микроорганизмдерге, өсімдіктерге,
омыртқасыз жануарлар мен көптеген хордалы жануарлар түріне тән қасиет.
Жанды заттардың арасында тек құстар мен сүтқоректілер
денелерінің температураларын тұрақты ұстай алады. Оларды
гамойотермділер дейді. Сүтқоректілердің денесінің температурасы
әдетте 36-37 С, құстардыкі 40 С дейін көтеріледі. Гамойотермділер
организмдерінде заттек алмасу процесі өте жоғары жылдамдықпен
өтіп отырады.
Қоршаған орта мен олардың денесінің температуралары
арасындағы айырмашылық 90 С шамасында болуы мүмкін.
Мысалы поляр түлкісінің дене температурасы 38,3 градус болғанда
елу градус шамасындағы аязға төтеп бере алады.
Жануарлардың барлық түрлеріне үш негізгі температура
деңгейін белгілеуге болады. Алдымен бұл тиімді келетін
температураның минималды және максималды деңгейі, былайша
айтқанда жануарлардың тіршілік қабілеті сақталатын температура
аралығының жоғарғы және төменгі шамалары. Әр түрге тән өлім
мен аяқталатын температура шамасы, сонымен қатар нағыз оңтайлы температура
аралығы болады. Бос жылжымалы жануарлар
осы қолайлы температура бар жерді өзіне іздестіріп табады.
Кездейсоқ жағдайда кейбір жануарларға гетеротермиялық
қасиет тән, олар жылдың қолайсыз мерзімінде ұйқыға кетеді
немесе есінен айрылып қалады. Белсенділік жағдай болғанда олар
өздерінің денесінде жоғары температураны сақтай алады, ал
белсенділігі төмендегенде дене температуралары төмендеп,
заттек алмасу процестерінің жүруі де бәсеңдейді. Осындай
жануарларға саршұнақ тышқандар, кірпік шешендер, жарқанаттар,
сұрқарлығаштар, құрқылтайлар және т.б. жатады. Жылу балансын
қамтамасыз ету мен температураны реттеу механизмі түрлердің
түріне байланысты әр түрлі келеді. Олар топтардың эволюциялық
деңгейін ұйымдастырумен қатар түрлердің тіршілік тұрмыс
қалпына байланысты.
Абиоталық факторларға физикалық өрістерді
(гравитациялық, магниттік, электрмагниттік), иондаушы және өткіш
радиацияны, орта қозғалыстарын ( акустикалық тербеліс,
толқындар, жел,ағыс, тасу), табиғаттағы тәуліктік және маусымдық
өзгерістерді жатқызуға болады.
Эдафикалық фактор – топырақ ерекшеліктерімен анықталтын

фактор, сондықтан оны топырақтық фактор деп те атайды.
Организм тіршілігінде топырақтық факторлар да маңызды рөл
атқарады. Өсімдіктердің әр алуандылығы мен түрлік құрамы
топырақтың құрылымымен және құрамымен, қасиетімен
(қышқылдығы, құнарлығы, т.б.) анықталады. Мысалы,
өсімдіктердің ағаш тектес тұқымдарының ( қайың, бал қарағай)
тамыры көп жылдық тоңы бар аймақтарда аз тереңдікте орналасады және
көлденең жайылады. Ал көп жылдық тоң жоқ
жерлерде осы өсімдіктердің тамыры аздау жайылып, тереңге
қарай бойлайды. Көптеген дала өсімдіктері тамыры арқылы суды
үлкен тереңдіктен ала алады, ал минералды қоректену элементтерін
топырақтың гумсты қабатынан беттік тамырлармен сіңіріп отырады.
Топырақтың әр түрлі қасиетіне байланысты өсімдіктерді
бірнеше экологиялық топтарға бөлуге болады. Мысалы, топырақтың қышқылдығына
қарай: 1) ацидофильді түрлерге –
олар рН 6,7 төмен қышқыл топырақтарда өседі ( шымтезекті ми
батпағы өсімдіктер) ; 2) нейтрофильді – рН 6,7 - 7,0 тең топырақтарда
өсетін өсімдіктер ( мәдени өсімдіктердің көпшілігі) ;
3) базифильді - рН мағынасы 7-ден жоғары топырақтарда өсетіндер ( ұлпа
гүл) ; 4) индифференті - рН әр түрлі топырақтар
арқылы өсе алатындар ( інжугүл).
Топырықтың жалпы құрамына қарай, осы фактормен
байланысына сүйеніп организмдер : 1) олиготрофтыларға -
қоректік заттектерді ( оның ішінде минералды заттектерді) көп
қажет етпейтін өсімдіктер мен микроорганизмдер ( мүкжидек,
қызанақ, көкбұта,сфагнум мүгі, қарағай) ; 2) эвтрофтыларға -
пайдаланатын қоректік заттектерінің түрлері көп, әр түрлі құнарлы
жерлерде күй талғамай өніп өсетін өсімдіктер мен жануарлар
(атжалман,емен) ; мезотрофтыларға - қоректік заттектерді,
соның ішінде минералды заттектерді аса қажет етпейтіндер (шырша,
саңырауқұлақтар) бөлінеді.
Құрамында нитраттары көп топырақта өсуге бейімделген,
мол өнім беретін өсімдік түрлерін (бидай,зығыр,күнбағыс,
қалақай, таңқурай, кейбір мүктер, балдырлар,саңырауқұлақтар)
нитрофильді деп атайды. Тұзды жерге бейімделіп өсетін
өсімдіктер тобы галофиттерге жатады.
Гидрографиялық факторларға су организмдерінің
(гидробионттардың) тіршілігіне, таралуына әсер тигізетін судың
физикалық (тығыздық, жарық режимі, температура, ағыс жылдамдығы, қысым және
т.б. ) және химиялық (тұздылық,
қышқылдық, заттектер түрлері, ластану, т.б. ) қасиеттері жатады.
Мысал ретінде физикалық факторлардың ішінде су тығыздығына
тоқталайық. Су тығыздығы – суда тіршілік ететін организмдердің
жылу жағдайын және әр шамадағы тереңдіктегі қысымды
анықтайтын фактор. Тазартылған судың +4 С-де тығыздығы
1 гсм тең. Еріген сулары болатын табиғи судың тығыздығы
жоғары келеді, 1,35 гсм дейін көтеріледі. Судағы қысым әр 10 м-ге
төмендеген сайын орта есеппен 1 10 Па (1 атм) жоғарылап
отырады.
Организмнің кейбір түрлері бірнеше жүздеген атмосфера
қысымын көтере алады. Мысалы, көптеген балықтар түрлері,
омыртқасыз жәндіктер, теңіз жұлдыздары, шаян тәрізділер 400-500
атмосфералық тығыздыққа тең қысымы бар үлкен тереңдіктерде
кездеседі.
Су тығыздығы су қабатында көптеген гидробионттардың
жүзіп жүруіне жағдай туғызып отырады. Қалқыма, суда енжар
жүзіп жүретін организмдерді ерекше экологиялық гидробионттар
тобына біріктіріп, планктондар деп атайды. Бұл организмдер үшін
тіршілік әрекетінде жүзуге бейімделу ең маңызды мәселе болып
табылады. Олар батып кетпеуі үшін денелерінің массасын азайтуға
немесе үйкеліс күшін арттыруға бейімделеді. Сондықтан
фитопланктонда микроскоппен көрінетін бірклеткалы балдырлар
басым болады.
Бос түрдегі және топырақтағы суда болатын қыщқылдар,
сілтілер,тұздар жануарлар әлемі үшін қоршаған ортаның өте
маңызды факторларына жатады. Өте қышқылды суы бар
суқоймаларында тіршілік кездеспейді. Жануарлар әлеміне ең бай
сулары бар көздерге рН мағынасы нейтралды немесе шамалы сілтілі су
қоймалары жатады. Қышқылды немесе сілтілігі рН 9
жағдайларда жануарлар әлемінің түрі мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрақты даму концепциясы-2024
Тұрақты даму стратегиясының негізі мен мақсаты
Әлемдік мәселелердің экономикалық жақтары
Экономикалық өсу стратегиясын қалыптастыру негіздері
Тұрақты даму тұжырымдамасының үштұғырлы негіздемесі мен гипотезалары
Аймақтардың қаржы саясаты саласындағы әлемдік тәжірибе
Экологиялық-экономикалық даму
Қазақстан Республикасының экономикасының өсуінің глобалдық мәселелері
Әлеуметтік философиянық мәні
ҚР аймақтардың экономикалық қауіпсіздік жағдайын талдау
Пәндер