Ұлттық экономикадағы тұтыну және жинақтау туралы



КІРІСПЕ

І ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ

1.1 Жиынтық сұраныс және ұсыныс

1.2 Тұтыну және жинақтау

ІІ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА КӨЛЕМІНДЕ ТҰТЫНУ МЕН ЖИНАҚТАУ

2.1 Инвестициялардың функционалдық ролі

2.2 Тұтынуға бейімділік

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден тұтынушыларға қозғалысын қамтиды: бір жақтан, өндірушілер, басқа жақтан, тұтынушылар арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды. Екінші жағдай,тауарларды сатып алу-сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады.
1. Ашимбаев Т.А. Государственное регулирование перехода к рыночным отношением. // Известия HAH РК. Серия «Общественные науки» — Алма-Ата, 1993. №2.
2. Валовой Д. Кремлевский тупик и Назарбаев - М.: Молодая гвардия, 1993.
3. Владимирова Л.П. Прогнозирование и татрование в условиях рынка. - М. Дашков и К, 2000.
4. В. Клаус. Десять заповедей чешасой реформы: // Известия. 1994. 5 апреля.
5. Казахстанская правда, 1997. 25 декабря.
6. Деловая неделя. 1997. №12,
7. Государственное регулирование экономики / Под общ. ред. д.э.н. проф. В.И.Кушлина и д.э.н., проф. Н.А. Волгина. — М.: Экономика, 2000.
8. Государственное регулирование рыночной экономики / Под.ред. Петрова Р.П. СПб, 1999.
9. Джкевич А.К. К осмыслению опыта экономического развития Япоти // Российский экономический журнал. 1992. №10.
10. Елемесов P., Жатканбаев Е. Государство и рынок: Учебное пособие. — Алматы: Каржы-Каражат, 1997.
11. Есиркепов Г.А. Приватизация государственной собственности в Республике Казахтан в условиях перехода к рынку. — Алматы, Уни-верситет «Туран», 1999.
12. АльПари. 1997. №10.
13. Вопросы экономики. 1990. №5.
14. Заявление Кабинета Митстров Республики Казахстан об эконо-мической политике в 1994 г. // Казахстанская правда. 1994. 5 февраля.
15. Ихданов Ж.О., Сансызбаева Г.Н., СахановаАН. Пмново-финансовые механизмы регулирования экономики. ~ Алматы: Экономика, 1998.
16.Казахстан 1991 — 2001 годы: Информационно-аналитичесский сборник. Агентства PK no статистике. — Алматы: Экономика, 1998.
17.Калиев Г. Аграрная реформа в Казахстане: история, современностъ, перспективы. — Алматы: Бастау, 1998.
18. Кейнс Дж. Общая теория занятости, процента и денег. М., 1995.
19. Класс Эклунд. Эффектная экономика — шведская модель: (Пер. со швед.).- М.: Экономика, 1991.
20. Кошанов А.К. и др. Формирование государственного предприни-мателъства в Республике Казахстан в условиях смешанной экономики. — Алматы, 2000.
21. Ливщиц А. Государство в рыночной экономике (краткий спецкурс) // Российский экономический журнал. 1993. №1.
22. Лю Гогуанъ. Регулирование китайской экономики и судьба реформы // Вопросы экономики. 1989. № 10.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ

І ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ

1.1 Жиынтық сұраныс және ұсыныс

1.2 Тұтыну және жинақтау

ІІ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА КӨЛЕМІНДЕ ТҰТЫНУ МЕН ЖИНАҚТАУ

2.1 Инвестициялардың функционалдық ролі

2.2 Тұтынуға бейімділік

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден тұтынушыларға
қозғалысын қамтиды: бір жақтан, өндірушілер, басқа жақтан, тұтынушылар
арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл
бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-
бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық
қатынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде
экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық
қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды.
Екінші жағдай,тауарларды сатып алу-сату эквиваленттік негізде жүріп
отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің
нарық қатынастарының субъектіне айналуының эконо-микалық шарты
материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады. Өндірушілер өнім
өндіруді және оны өткізуді, шығындарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және
жетілдіруді - барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар-ақша қатынасы
жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасын алады.
Нарықтық механизмнің қызмет етуі барлық тауарлар, қызметтер және
өндіріс факторларының нарығындағы тепе-тендікті тек орнатумен бітпейді, ол
сонымен қатар экономикалық жүйенің тұтас оптималды дамуын қамтамасыз етеді.
Осыған дейін нарықтық тепе-тендікті жекелеген жергілікті нарықтарда,
салыстырмалы қарағанда, бір-бірінен тәуелсіз және автономиялы түрде
орнайтын тепе-тендік деп жеңіл түсінгенбіз. Шынында, бұл процесс өмірде дәл
осылай жүрмейді.

І ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУ ЖИНАҚТАУ
1.1 Жиынтық сұраныс және ұсыныс
Жиынтық сұраныстың екі нысаны болады: натуралдық-заттық және құндық.
Жиынтық сұраныстың натуралдық-заттық нысаны халықтың, фирмалардың және
мемлекеттердің тауарлар мен қызметтерге қоғамдық қажеттігін көрсетеді. Оның
құрылымы, біріншіден, жеке және басқа өндірістік емес қажеттерді қамтамасыз
ететін өнімдер мен қызметтердің белгілі түрлерін алуы мүмкін; екіншіден,
барлық өндірістік құралдар мен өндірістік қызметтердің (технологияны
жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулер мен дайындықтар, өндіріске қызмет
ететін информация, байланыс және т.б.) жиынтығы болуы мүмкін.
Жиынтық сұраныстың құн жағының мазмұны жиынтық табыстың әр дәрежесіне
тағайындалған отандық тауарлар мен қызметтер үшін жоспарланған шығындардың
сомасымен анықталады.
Жиынтық сұраныс (AD) — бұл нарықта ақша формасында орын алып отырған
халықлтың, кәсіпорындардың және мемлекеттің қажеттері. Жиынтық сұраныстың
экономиканың секторларына сәйкес бөлінуіне қарай, оны (AD) төрт топқа
белуге болады:
тұтыну (С ) — үй шаруашылықтарының сұранысы;
инвестициялар (I) - кәсіпкерлердің күрделі жабдықтарға сұранысы;
мемлекеттің сатып алуы (G) — мемлекеттің тауарлар мен қызметтерге
сұранысы;
таза экспорт (X) — отандық тауарларға шетелдіктердің сұранысы мен
шетел тауарларына отандастардың сұранысының айырымы.
Басқаша айтқанда, AD түпкі өнімдерге сұраныстың жалпы сомасына тең
болады:
С + I = G + X.
Егер сатып алушының табысы өссе, оның нақты тауарға сұранысы да өседі.
Осы сияқты, егер жалпы ұлттық өнім көбейсе, жиынтық сұраныс та өседі. Ал,
AD мен ЖҰӨ қатынастарын сипаттаудан бұрын, ЖҰӨ-нің өзгеруіне әсер ететін
жағдайлармен танысайық.
Макроэкономиканың фундаменталдық пропорцияларының біреуі, ол белгілі
уақыт мерзімінде барлық сатылудың құн мөлшері — ақша ұсынысының, оның осы
мерзімдегі экономиканың барлық секторларының арасындағы айналу санының
көбейтіндісіне тең болуға тиісті. Басқаша: егер бір жылда барлық ақша
массасы толық 5 айналым жасаса, яғни әрбір ақша бірлігі орта есеппен 5 рет
экономиканың бір секторынан басқасына өтіп отырса, онда елдегі түпкі
тауарлардың жылдық сатылымының көлемі 5-тің ақша ұсынысына көбейтілгеніне
тең болады. Біздің мысалда V = 5 жылдық айналымға. Айтайық, ақша ұсынысы
(М) 200 млрд ақша бірлігі, сонда:
MxV=20Qx5=1000 млрд ақша бірлігі=бір жылда сатылған барлық түпкі
тауарлардың құны;
MxV - баға дәрежесі х Q = ЖҰО;
бұнда 0 - бір жылда өндірілген тауарлар мен қызметтердің мөлшері.
Қорытып келгенде:
MxV=PxQ;
бұнда Р — бағаның дәрежесі.
Осы теңдіктен мынадай маңызды жағдайды айқындаймыз: жиынтық сұранысқа
ақша массасының көлемі және оның экономиканың секторларының арасындағы
айналысының шапшаңдығы әсер етеді.
Жиынтық ұсыныс (AS) кәсіпкерлер нарыққа жеткізген материалдық
игіліктер мен қызметтердің санымен белгіленеді. Осы жағдайда кәсіпкерлер
өндірістің потенциалдық көлеміне жетуге тырысады, өйткені экономикалық
жүйенің қандайы болмасын осыны мақсат тұтады. Ал өндірістің бұл көлемін
өндірістік шығындардың мөлшері белгілейді. Осының ішінде (шығындардың)
еңбек пен капиталдың орны маңызды болады. Осындай жағдайда жиынтық ұсынысты
ЖҮӨ-нің көлеміне теңестіруге болады:
А8=ЖҰӨ=бағаның дәрежес іх2; А8=жалақы + рента + процент + пайда.
Жиынтық ұсынысқа әсер ететін факторлар: өндірістің технологиясы, жеке
тауарлар нарығында өзгерістер тудыратын шығындар.
Ұзақ мерзімде өндірістің нақты көлемі үшін жиынтық сұраныстың маңызы
елеулі емес фактор болып табылады. Жиынтық сұраныс бағаның дәрежесін
өзгертеді, бірақ ол ЖҮӨ-нің нақты көлемін өзгерте алмайды. Сондықтан
Үкіметтің микродәрежедегі басты міндеті — жиынтық сұраныс пен жиынтық
ұсынысқа әсер ететін факторларды дұрыс белгілеп және соған сәйкес шараларды
жүзеге асыру болып табылады.
Нарық жағдайындағы ұлттық өндірісті реттеу механизмнің екі негізгі
бағыты бар. Бірінші — нарық жүйесі өзін-өзі автоматты түрде реттейді дейтін
классикалық бағыт. Осының өкілдері Д.Рикардо, Д.Стюарт-Милль, Ф.Эджворт,
А.Маршалл, А.Лигу. Екінші — кеністік — нарық жүйесіне мемлекет қажетті
түрде араласуға міндетті (әсіресе депрессия жағдайында) деп есептейтін
бағыт.
Экономист-классиктер баға, жалақы, проценттік ставка икемді деп
түсінген, яғни, сұраныс пен ұсыныстың балансын сипаттап, жалақы мен баға өз
еркімен жоғары және төмен жылжып отырады. Бұлардың айтуы бойынша, жиынтық
ұсыныс AS, ЖҮӨ-нің потенциалдық көлемін көрсететін тік түзу сызық түрін
алады. Бағаның төмендеуі жалақыны төмендетеді, сондықтан толық жұмыспен
қамту сақталады. Нақты ЖҰӨ-нің көлемі азаймайды. Осында барлық өнім басқа
бағамен сатылады. Басқаша айтқанда, жиынтық сұраныстың төмендеуі ЖҮӨ және
жұмыспен қамтуды төмендетпейді, ол тек бағаны төмендетеді. Сөйтіп,
классикалық теория бойынша, мемлекеттің экономикалық саясаты тек бағаның
дәрежесіне әсер етеді, ол өндірістің көлемі мен жұмыспен қамтуға әсер
етпейді. Сондықтан мемлекеттің өндіріс көлеміне және жұмыспен қамту
процестеріне кірісуі қажет емес.
Экономикалық тепе-тендік туралы кейнстік көзқараспен танысайық.
Экономикалық ғылымда классицизм 30-жылдарға дейін үстемдік еткен. Осы
жылдары жарық көрген Дж.М.Кейнстің Жұмыспен қамту, процент және ақшаның
жалпы теориясы деген еңбегінде классикалық теорияның негізгі тұжырымдары
саналды. Біріншіден, Кейнстің дәлелі бойынша, неоклассикалық үлгілерде
көрсетілгендей, экономика кедергісіз дамып отырмайды, ал жалақы мен бағалар
сонша икемді емес. Екіншіден, инвестициялар, жинақ және проценттің
ставкалары арасындағы негізгі байла-ныстар күмән тудырады. Осылардың
нәтижесінде, Кейнс бойынша, мемлекеттің кірісуінсіз, автоматты түрде тепе-
тендікке жету мүмкін емес. Жалақының қысқарылуының арқасында толық жұмыспен
қамтамасыз етілу мүмкіндігіне Кейнс сенбейді. Оның тұжырымы бойынша,
жұмыссыздықтың болуына қарамастан, жалақы төмендемейді және нарық тепе-
тендіксіз жағдайда қалады. Жалақының төменгі шегі болуына байланысты
жұмыссыздықтың белгілі қөлемі ылғи болады. Осындай жұмыссыздықты жою үшін
жиынтық сұранысты кеңейту керек, бұл жағдай еңбекке сұранысты өсіреді.
Кейнстің дәлелдеуі бойынша, бағаның төмендеуі экономиканы құлдыраудан
автоматты түрде алып шыға алмайды және проценттің ставка дәрежесі қолма-қол
ақшаның сұранысы мен ұсынысына тәуелді болады. Басқаша айтқанда,
тұтынушылар өз табыстарынан жинақ жасауға шешім алғанда, олар тұтынуға
тағайындалған табыстарының көлемінен жинақ жасайды. Проценттің ставкасы
қандай икемді болмасын, ол жиынтық сұраныстың төмендеуін тоқтата алмайды.
Сондықтан, тепе-теңдікке жұмыспен қамтамасыз ету толық болмаған жағдайда
жету мүмкін.
Осы аталған екі концепцияның экономикалық даму үшін қандайы қолайлы
деген сұрақ туады. Осылардың мынасы дұрыс, ал мынау олай емес деуге
болмайды. Нарық барлық жағдайды өзі ғана, мемлекеттердің кірісуінсіз шешеді
деп айту оңай емес. Кейнстің көрсетуі бойынша, мемлекет нарық экономикасына
әсер ете алады және бұл үшін оның қарамағында қажет құралдар бар.

1.2 Тұтыну және жинақтау
Жоғарыда айтылған болатын, тұтыну мен инвестициялар жиынтық сұраныстың
маңызды құрамы болып табылады. Ал инвестицияларға жинақтау маңызды әсер
етеді.
Мынадай орынды сұрақ туады: I мен S-тің тепе-тендігінің классикалық
үлгісінің кейнстік үлгіден айырмашылығы неде?
Айырмашылықтары мынада:
Біріншіден, классикалық үлгі бойынша, соншама ұзақ мерзімді
жұмыссыздық болуының мүмкіндігі аз деп есептеледі. Бағаның икемділігі
бұзылған тепе-тендікті орнына келтіріп отырушы еді. Ал Кейнс ұсынған үлгі
бойынша, 1 мен S-тің тең болуы жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда
мүмкін болады. Толық жұмыспен қамтылған жағдайда тепе-тендікке жету
инвестициялық процесс жанданғанда мүмкін болады.
Екіншіден, классикалық үлгі нарыққа икемді баға механизмінің болуы тән
деп тұжырымдайды. Кейнс бұндай жағдайдың болуына сенімсіздік білдірді:
кәсіпкерлер өздерінің өнімдеріне сұраныстың құлдырауына тап болып, бағаны
төмендетпейді. Олар өндірісін қысқартып, жұмыскерлерді азайтады. Бұл оған
тән барлық әлеуметтік-экономикалық зардаптармен жұмыссыздықты тудырады.
Үшіншіден, жинақтар тек проценттің ғана емес (классиктердің
айтқанындай), олар табыстардың да функциясы болып табылады.
Инвестициялардың өсуі ЖҮӨ-ді өсіреді және толық жұмыспен қамтамасыз
етілуге көмек береді. Осының негізінде мультипликатордың эффекті
(тиімділігі) жатады.
Мультипликатор деп табыстың өзгерулерінің инвестициялардың
өзгерулерінен тәуелді екенін көрсететін коэффициент аталады.
Мультипликатор концепциясының мәні мынада: автономиялық
инвестициялардың өзгерістері мен жалпы ұлттық өнім өзгерістерінің арасында
тұрақты байланыс болады.
Мультипликатордың эффекті мынадай жағдаймен байланысты:
инвестициялардың өсуі ұлттық табыстың өсуіне әкеледі. Бірақ, ұлттық
табыстың өсуінің мөлшері инвестициялардың алғашқы өсуінен артық болады.
Экономиканы тепе-тендік жағдайға жеткізетін жалпы ұлттық өнімнің
оптималдық көлемін анықтайтын кейнстік теория мынаны көрсетеді,
Инвестициялар өскенде, ЖҰӨ-нің өсуі инвестициялардың бастапқы қосымша
өсуінен анағұрлым көп өседі. Инвестициялар эффектің (тиімділіктің) үдеи
түсуіне, ұлғая түсуіне әкеліп соғады. Бастапқы эффектіден бөлек (басқа),
екіншілік, үшіншілік эффект туады — бір сферада жасалған шығындар, басқа
сфераларда кеңейіп, жұмыспен қамтудың жоғарылауына әсер етеді.
Мультипликатор инвестициялардың өсуінен табыстардың өсуінің артығын
көрсететін сандық коэффициент болып табылады.
Мысалы, инвестицияның өсімі 10 млрд тең болсын, ал бұл ЖҰО-ді 20 млрд.
Сонда, мулипликатор 2 болады. Егер ЖҮО 30 млрд өскен болса, мулипликатор 3
болады.
Мулътипликатор = ЖҮӨ-нің өсіміИнвестищиялардың,Өсімі == АЖҮ
Ажвестициялар өсімі.
Бастапқы инвестициялар жұмыспен қамтудың көлеміне әсер етеді. Тауарға
сұраныстың өсуі өндірушілерді, өндірісті кеңейтуге, жабдықтар сатып алуға,
жұмыскерлер жалдауға итермелейді. Сөйтіп, бастапқы инвестициялар ұзақ
мерзімде жаңа инвестицияларды, жаңа жұмыс орындарын тудырып және ЖҮО-ді
өсіріп, ұлғаймалы ұдайы өндірісті жандандырады. Жабайы мысал келтірейік.
Айтайық жолдар жасау үшін мемлекет 1 млн инвестиция жұмсады. Егер қоғамда
қалыптасқан МРС 0,8 тең болса, онда мультипликатор К мынадай болады:
К = ІДІ-МРС) = 1(1-0,8)=10,2=5.
Ал ЖҮӨ-нің өсімі қандай болады? Ол мынаған тең болады:
ДҮ=ДІхК= 1000000x5=5 млн.
Мынадай жағдай есте болғаны жөн. Мультипликатордың эффекті жұмыспен
толық қамтамасыз етілмеген экономикада орын алады. Осы қорытындының
заңдылық негізі бар. Шынында, егер қоғамның барлық ресурстары толық іске
тартылған болса, қосымша жұмысшьшар және қосымша өндірістік қуаттар қайдан
келеді?
Классикалық теорияның жинақ пен гашестициялар процестеріне көзқарасы
жинақтың көп болуының ұнамды екенін сипаттайды. Жинақтар жоғары болғаны
инвестициялардың көзінің мол екенін керсетеді. Сондықтан, классиктердің
айтуы бойынша, жинақ жасауға икемділіктің жоғары болғаны ұлттың көркеюіне
жол ашады.
Бірақ жинақтың мол болуы қоғамды қашан болмасын байыта бермейді.
Осыған дейін әңгіме автономиялық инвестициялар, яғни ЖҮӨ-нің көлемі мен
динамикасына тәуелді емес, капиталдық салымдар туралы болған. Автономиялық
инвестициялар, көбінесе, техникалық жаңалықтарды еңгізудің нәтижесіндегі
капиталдык салымдар түршде болады.
Жаңашыл адамдар жасаған осы жобалар, шынында, ЖҮӨ-нің жағдайымен және
оның көлемімен байланысты болмайды. Осыдан басқа автономиялық инвестициялар
мемлекеттің капиталдық қалымы болады.
Нақты жағдайда инвестициялар мен табыстардың өзара әсері орын алады.
Бастапқы салымдар түрінде жасалған автономиялық инвестициялар,
мультипликатордың эффекттің арқасында ЖҮӨ-нің өсуіне әкеледі. Іскерлік
белсенділіктің жандануы, жұмыспен қамтылудың өсуі кәсіпкерлердің әр түрлі
топтарының инвестиция жасауға икемділігін өсіреді. Міне, дәл осындай
инвестицияларды туынды (тәуелді, егіншілік) деп атау орын алған. Олар ЖҮӨ-
нің динамикасына тәуелді болады. Туынды инвестициялар, автоно-миялықтармен
қосылып, экономикалық өсуді шапшандатады, оны тездетеді және акселератордың
эффекті деген атақ алады (акселератор — жылдамдатушы). Бірақ жылдамдатудың
бағыты басқа жаққа бұрылып кетуі
мүмкін. Мультипликация мен акселерация эффектінің нәтижесінде табыстың
төмендеуі туынды инвестицияларды да қысқартады. Ал, осы жағдай өндірістің
тоқырауына әкеліп соғады.

ІІ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА КӨЛЕМІНДЕ ТҰТЫНУ МЕН ЖИНАҚТАУ

2.1 Инвестициялардың функционалдық ролі

Макроэкономикалық пропорциялардың оптималды болуы сұраныс пен ұсыныс
механизмі арқылы жүзеге асырылады.
Фирмалар, капиталдың өкілі бола отырып, өнім өндіреді, оны сатып ақша
алады және жұмысшы күшіне сұраныс білдіреді. Жұмыскерлер жұмысшы күшін
ұсынады. Осы үшін ақы алады және өндірілген өнімге сұраныс жасайды.
Фирмалар мен үй шаруашылықтарының өзара әсерінің негізінде тауарлар мен
қызметтер нарығында ЖҮӨ-нің тұтыну мен жинаққа боліну пропорциясы
қалыптасады.
Тұтыну деп адамдардың материалдык және рухани қажеттерін
қанағаттандыруға бағытталған тұтыну игіліктерін индивидуалдық түрде және
бірлесіп пайдалануы аталады. Құндық нысаны бойынша, бұл адамдардың
материалдық игіліктер мен қызметтер үшін жұмсайтын ақшасының сомасы болып
табылады. Сөйтіп, тұтынуға жинаққа кетпейтін, салық түрін алмайтын, шетел
есеп-шотында орналаспағандардың барлығы жатады. Адамдар, бүгіннен кері
болашақтағы пайдальлық молырақ болуы мүмкін деп қазіргі тұтынуын шектеуге
тырысады. Отбасы тұтынудың бастапқы ұясы болып табылады. Отбасының
шаруашылығында жалпы тұтыну бюджеті, тұрмыстық және жинақталған мүлік ортақ
болады.
Адамдардың тұтынуы экономиканың дамуын белгілейтін басты
көрсеткіштердің біреуі болып табылады. Жалпы ішкі өнімнің 23-нен 34-не
дейіні тұтынуға тағайындалады. Бұл адамдардың тұтынушылық тәртібін
қалыптастырады. Тұтынушылық тәртіпті бағалау үшін тұтынушылық көңіл деген
көрсеткіш қолданылады. Осы көрсеткіш экономикалық циклды болжаудың негізін
құратын маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерге жатады. Бұл бизнестің
қандайы болмасын қысқа мерзімдегі жоспарлауда және мемлекеттің экономикалық
саясатын анықтауда кең қолданылады.
Жинақтар деп кейінге қалдырылған немесе осы мерзімде тұтынылмайтын
табыстар бөлшегі аталады. Жинақтар табыстар мен ағымды тұтынудың айырымына
тең болады. Жинақтар болашақтағы өндірістік және тұтынулық қажеттіктермен
байланысты процесс болып табылады.
Сөйтіп, жинақтар — инвестиция жасаумен байланысты экономикалық
процесс; ағымды өндірістік және тұтынулық қажеттер шығындарының
пайдаланылмай қалған табыстары жинақталады. Жинақтарды фирмалар және үй
шаруашылықтары жасайды. Фирмалар жинақты инвестиция жасау үшін - өндірісті
кеңейтіп, пайданы көбейту үшін жасайды. Үй шаруашылықтарының жинақ
жасауының бірнеше себептері болады: қартайғанда зәрулікке ұшырамау үшін,
балаларына қалдыру үшін, жер, қозғалмайтын және қымбат, ұзақ мерзім
пайдаланатын заттар сатып алу үшін. Жинақты және инвестицияны әр
экономикалық субъектілер әр түрлі себептермен, өз еркімен жасайды.
Табыстар тұтыну мен жинаққа қалай бөлінеді? Осы сұраққа жауап алу үшін
тұтыну қызметтерінің жалпы қасиеттерін сипаттау керек. Бұл тұтыну
шығындарының табыстарға қатынасын көрсетеді.
Үй шаруашылықтарының жеке тұтынуы (С) тиімді сұраныстың маңызды
бөлігін құрайды. Жинақ, табыстардың тұтыну шығындардан артықтығы екенін
еске түсірсек, тұтынуды белгілейтін факторларға талдау жүргізу, сонымен
бірге, жинақ тәуелді болатын факторларды талдау болып табылатыны
айғақтанады:
Ү = С + S.
Осы тендеу табыстың бір бөлігі жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық экономикадағы тұтыну жинақтау
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс. AD-AS үлгісі
Ұлттық экономикадағы тұтыну және жинақтау
Тепе-тең өсу модельдері және экономиканың болжамды даму модельдері
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс теориясы
Макроэкономикадағы тепе-теңдік
Қарыз капиталының қорлануы
Жиынтық сұраныс және ұсыныс
Ағымдағы операциялар шоты
Пәндер