1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
1.Қозғалыстың себептері.
2. Қозғалыстың сипаты, барысы, сатылары.
3. Көтерілістің қозғаушы күші.
4. Желтоқсан . 1986 қалай бағаланды?
5. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы.

1986 жылы 11 желтоқсандағы Саяси Бюроның мәжілісінде Қазақ Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевты
қызметтен босату туралы шешім қабылданды. 16 желтоқсанда Қазақ Компартия ОК V пленумында Саяси Бюроның шешімі жарияланып, Д.А.Қонаев қызметінен босатылды. Оның орнына Грузия Компартия ОК 2-ші хатшысы болған, Ульянов облысында жұмыс істеп үлгерген Г.В.Колбин тағайындалды. Пленум бар болғаны 18 минут жалғасты. Бұған дейін қоғамда бірнеше заңсыздықтар, әділетсіздіктер орын алып, ана тіліміз аянышты халге душар болып, қазақ елі елдігінен айырыла бастаған еді. Осындай жағдайда жергілікті халықтың салт-дәстүрін, тілін білмейтін әлдекімнің Қазақстанды билеуге келуі намыс оты лаулаған қазақ жастарын көтеріліске итермеледі.Көтеріліске негізгі себеп – езгіден мезі болған көңіл еді.Ал басшылардың ауысуы жай ғана сылтау, жараны ушықтырған оқиға болды.

1. Қозыбаев М. Қ «Тарих зердесі»
2. Қозыбаев М. Қ «1986 желтоқсан... Дақпырт пен шындық»
3. Әбназарұлы Ү «Жанарды жаныған желтоқсан»
4. О.Артықбаев «Қазақстан тарихы»
5. Д.А.Қонаев «Өтті дәурен» осылай»
6. Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов «Алматы 1986 желтоқсан» 2-кітап
7. Т. Айтбарұлы «Алматы 1986 желтоқсан» 3-кітап
8. Америка-Хельсинки тобының Қазақстандағы толқулар туралы баяндамасы.
2. Қозыбаев М. Қ «1986 желтоқсан... Дақпырт пен шындық»
3. Әбназарұлы Ү «Жанарды жаныған желтоқсан»
4. О.Артықбаев «Қазақстан тарихы»
5. Д.А.Қонаев «Өтті дәурен» осылай»
6. Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов «Алматы 1986 желтоқсан» 2-кітап
7. Т. Айтбарұлы «Алматы 1986 желтоқсан» 3-кітап
8. Америка-Хельсинки тобының Қазақстандағы толқулар туралы баяндамасы.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
1.Қозғалыстың себептері.
2. Қозғалыстың сипаты, барысы, сатылары.
3. Көтерілістің қозғаушы күші.
4. Желтоқсан – 1986 қалай бағаланды?
5. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы.
Қозғалыстың себептері
1986 жылы 11 желтоқсандағы Саяси Бюроның мәжілісінде Қазақ Компартиясы
Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевты
қызметтен босату туралы шешім қабылданды. 16 желтоқсанда Қазақ Компартия ОК
V пленумында Саяси Бюроның шешімі жарияланып, Д.А.Қонаев қызметінен
босатылды. Оның орнына Грузия Компартия ОК 2-ші хатшысы болған, Ульянов
облысында жұмыс істеп үлгерген Г.В.Колбин тағайындалды. Пленум бар болғаны
18 минут жалғасты. Бұған дейін қоғамда бірнеше заңсыздықтар,
әділетсіздіктер орын алып, ана тіліміз аянышты халге душар болып, қазақ елі
елдігінен айырыла бастаған еді. Осындай жағдайда жергілікті халықтың салт-
дәстүрін, тілін білмейтін әлдекімнің Қазақстанды билеуге келуі намыс оты
лаулаған қазақ жастарын көтеріліске итермеледі.Көтеріліске негізгі себеп –
езгіден мезі болған көңіл еді.Ал басшылардың ауысуы жай ғана сылтау, жараны
ушықтырған оқиға болды.
Қозғалыстың сипаты, барысы, сатылары
Желтоқсан қозғалысы қаhарлы да қасіретті үш күн кезінде бірнеше сатыдан
өтті.
Бірінші саты - желтоқсанның 16-нан 17-іне қараған түні. Қазақ ССР
Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің деректері бойынша, сол түні қаланың
алты оқу орындарының және Киров заводының сегіз жатақханасында, Театр
көркем өнер институтының он екі студенті арандатуға бағытталған іріткі
салу жұмысын жүргізді. Олар жастарды шеру жасауға көндірді, арандатуға
бағытталған ұрандар мен плакаттар даярлап, көшеге алып шықты.
Желтоқсанның 16-нан 17-іне қараған түні толқу Ақмоладағы сияқты
студент, жұмысшы жастардың жатақханаларында басталды. Ақмоладағы
(Целиноград оқиғасы) түнде жазылған транспоранттар мен сол түнгі
транспоранттар үндес, тіпті кейбірі сол күйінде қайталанды. Сол түнгі
процестің басталу, өрбу
динамикасын қалпына келтіру Желтоқсан тарихының ең бір қиын сәті еді.
Желтоқсан қозғалысының сол бір түні жастар үшін толқу, тербеліс үміт
кезеңі болатын.
Көтерілістің екінші сатысы – желтоқсанның 17-сі сағат 7-8-ден 18
сағатқа дейінгі кезең, бұл 200-300 адамдық шағын митингілерден мыңдаған
адам қатынасқан митингілер, наразылық демонстрациясы, шеруі
демонстранттармен комсомол, партия басшыларының, оқу орындарының
ректорлары мен декандарының, билік-әмірші күштердің өкілдерімен диалог
болған кезең. Бұл әміршіл-командалық жүйе мен жас демократияның бетпе-бет
жүздесу сәті, арбасу кезеңі. Кеңестік Қазақстан жасасын, Біз, қазақ,
ежелден еркіндік аңсаған , Ленин идеясы жасасын, Каждому народу -
своего вождя, Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін - деген жастар алып
шыққан түбегейлі көкейкесті ұрандар былай алып қарағанда марксизм-
ленинизмнің қағидаларынан тұрған еді. Ол шындығында іс пен теорияның
арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған-ды. Міне, мұндай демократиялық
қойылған айқын ұрандар астына реформатор жастар топтасты, олардың қатары
200-300 адамнан он мыңға өсті. Ал америкалық Хельсинки тобының деректері
бойынша наразылық жасаушылар қатары 30 мыңға жетті. Ал Жоғарғы Кеңес
Президиумы Комиссиясы демонстранттар түске қарай 5000 адамға жуықтады деп
жобалайды. Комиссия қозғалысқа қатысқан адамдардың айтуымен, алаңдағы
адам кешкі сағат алтыда он бес мыңға дейін жетті деп шамалайды.
Көтерілістің екінші сатысында болған оқиғаларға зерттеушілер әр түрлі
көзқарас білдіреді.Осы бір жүйемен көтерілісшілер бетпе-бет келгенде тепе-
тең диалог болмау себебін жастарға артушылық жиі кездеседі. Шындығында,
билеуші топ алаңға шығушылармен, біріншіден, өздерін тең санаған жоқ.
Жастарды салған жерден экстремистер деп қарады. Екіншіден, диалогқа бетпе-
бет кездескен екі жақ екі тілде сөйледі. Бірі билеуші жақ, тек жастарды
алаңнан таратып, тәртіпсіздікті тез жоюды көздеді. Ал көтерілісшілер
талап етті. Ендеше, мұндайда диалог болуы мүмкін емес еді. Комиссияның
төрағасы Мұхтар Шаханов өзінің бір сұхбатында осы бір ситуация туралы
былай деп әділ түйіндейді:
Тарихта тіпті үлкен соғыс өрті тұтанғалы тұрған сәтте екі жақтың ақылды,
өрелі азаматтары жүйелі сөзге тоқтасып, тарқасқан мысалдар аз емес. Алысқа
бармай- ақ өзіміздің дана билер, көнекөз қарттардың басуымен талай дау
бейбіт жолмен шешіліп келгенін еске алсақ та жеткілікті. Сондықтан
Желтоқсан оқиғасын да ушықтырмай шешуге болар еді.
Рас, жастардың алаңға жиналу мақсатын білмей жатып милиция, әскер
күштерін асығыс шақырғанымен, республика басшылары демонстранттармен диалог
жасауға тырысып көрді. Бірақ, ол ешқандай нәтиже берген жоқ. Неге? Себебі,
мінберге шыққандар қазақша сөйлегенімен, екі жақ екі тілде әңгімелескендей
болды, бірін- бірі түсіне алмады. Шығып сөйлеген басшылар былайша жиналудың
ақылға сыймайтындығын және заңсыз екендігін қайта-қайта айтып, тарқауды
талап етті. Демонстраттардың өкілдеріне жағдайды Орталық Комитетте,
болмаса басқа тыныш ортада түсіндіруді ешкім де қажет деп таппады.
Орталық Комитеттің Пленумының шешімін талдау ішкі партиялық іс деп
саналып, демонстраттардың саяси шешімді түсіндіруді талап етуі мүмкін
және халықтың атынан сөйлеу құқығы мойындалмады.Ондаған жылдар бойы
әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне еті үйреніп қалған ескі аппарат қайта
құрудың ұшқындары алдымен жеткен жастардың саяси талап-тілегін түсінгісі
келмеді. Сол кездің өзінде жастардың жаңаша ойлауы, азаматтық санасы
үлкендерден көш ілгері озып, республика басшылығына оның экономикасы,
мәдениеті және тарихынан хабарсыз адамды отырғызуға болмайтындығын
дәлелдеуге тырысты. Бірақ, ол кезде күш тең емес еді. Милицияның сойылы мен
солдаттардың сапер күрегі, партаппараттарының шылауына тырп ете алмаған заң
органдарының күшімен демонстраттар тек саяси жеңіліс тауып қана қоймай,
соңынан әр түрлі жазаға тартылып, заңсыз қуғындауға түсті.
Үшіншіден, бейбіт пиғылдағы жастардың шеруіне бұзақылық сипаты бірден
танылды. Балалар бақшасын қиратты, орыстарды ұрды деген өсектер
жастарға провакациялық әдістермен танылды. Сөйтіп, жүйе бірден күш
қолдануға сынықтан сылтау іздеді. Төртіншіден, жастар арасына тіс қаққан
қулар жіберілді, міне солар қызба жастарды провакация жасауға термеледі.
Тас түйін ұйымшылдықты көрсеткен шерушілер алаңға келіп шашырағанда
көтеріліс лидерлері шашыраңқы қимылдарға ықпал жасай алмай қалды.
Желтоқсан қозғалысының III сатысы бұл баррикаданың екі жағындағы
күштердің арбасудан алысуға, теке тірестен сүзісуге, жұлысуға
ұласуы, қозғалыстың бунт-стихиялық көтеріліске айналу сәті, жүйенің
қарулы жазалаушы отрядының күш жұмсап, наразы топты еріксіз қорғаныс
жасауға, күшке күшті қарсы қою кезеңі. Бұл 17 желтоқсанның 18 сағатынан 18
желтоқсан күні болған 3штурм, 20-дан астам теке тірес кезінде қарулы
күштің саперлық шағын күректерімен, темір шыбықтарымен алаңдағы бейбіт
халықты дүрелеуі, жастардың ғайбат шегуі, көше тастарын, қабырғаға
жапсырылған мрамор плиталарымен, таяқпен қорғаныс жасауынан тұрды.Жүйе
жазалау армиясын жасақтады. Осы уақытқа дейін оларды усмиритель,
жусатушылар - деп қарап келінді. Шындығында олар жазалаушылар,
карательдер еді. Жазалаушылардың қатары американдық Хельсинки тобының
шамалауынша, 50 мың әскерден, 20 мың милиционерден құралған. Р.Бейісқұлов
алаңда 50 мың әскери адамдар, 20 мың милиционерден, 16 мың жасақшылар
болды деп көрсетеді. Ал, М. Шаханов бастаған Комиссия: 5700 әскері бар
Алматы гарнизоны, КСРО Ішкі істер министрлігінің арнайы әскері – 5449 әб,
Алматыдан 7552 әб, Қаракемерден 6654 әб, Фрунзеден әкелінген 5450 әб,
Ташкенттен 3408, 5452, Челябіден 5426 әб, Новосібірден 5427 әб, Уфадан
5424 әб, Свердловскіден, Тбилисиден келген 2169 адам, жұмысшылар жасағы
10 мыңнан 15 мыңға дейін баршасы 19 мыңнан 24 мыңға дейін қатысты , -
деп көрсеткен. Бұл арада түсініксіз бірнеше жайлар бар. Алаң үш шеңберлі
құрсаумен қоршалғаны даусыз. Жасақшылар екінші шеңбер 16 мыңнан 20
мыңға дейін. Ал Алматы гарнизоны 5700 әскер болса, сырттан әкелінген саны
он мыңға жуықтауы керек. Алматы әуе жайында істеген азаматтың айтуынша ,
17 желтоқсан күні
астанаға 80-нен астам ұшақ келіп қоныпты. Орта есеппен транспорт ұшақтары
70-80 адам алатын көрінеді. Ендеше, Комиссия деректері сырттан келген
жазалаушы экспедицияның санын 2-2,5 есе кемітіп отыр.
Жазалаушы армияның бір қанаты жасақшылар. Мәскеудің жіберген көк
тұқыл губернаторы Г.Колбин орыс жұмысшыларының қолына үш істік берді,
аңға шығатын үш айыр темірлермен, кабельдермен қаруланды. Кейін осы
бір қарулар суретке түсіріліп, демонстраттардың қаруы ретінде елге
көрсетілді, тергеу жұмыстарында нақты айғақ ретінде
пайдаланылды 23 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы ОК Бюросында М.
Солменцев:... Ұшы өткірленген бұндай темір кескінділерінің бір ұшына
қолдан түспес үшін ілгек жасалынған. Онымен адамды бір-ақ ұрып өлтіруге
болады. Барып тұрған жауыздық қой. Оларды жасау үшін уақыт керек, - деп
тексеріс жасаған органдарында өздері жасаған қылмысты жастарға аударудың
амалын көрсетті. Екі жүзді қанішер екендігін Соломенцев осылай тағы да
танытты.
Адам аулауға шыққан қаражүздіктерді Г. Колбин ұялмай жасақшылар
отряды деп атады. Сөйтіп ол көтеріліске қатысқан қазақтарға орыс
жұмысшыларын қарсы қоюы ұлтшылдыққа ең барып тұрған шыңы еді. Бұл 1905-
1907 ж патша охраникасы құрған қаражүздіктер сияқты принциппен құрылуы Г.
Колбиннің охраника тәжірибесін жақсы білетінін көрсетсе керек. Ал
қаражүздіктер болса еврей қырғынын, армян – түркі халықтары арасындағы
қақтығыстарды қолдан арандату арқылы ұйымдастырғаны, ұлтаралық
өшпенділікті қолдан жасағаны белгілі. Қазақстан тарихында орыс –
казактардың қолына қару беріп, 1916 жылы азаттық соғысына шыққан халықты
патша өкіметі қан-жоса қылғаны бар емес пе? Онда казак-орыс жасақшыларына
Жетісудың губернаторы, Түркістанның генерал –губернаторы батасын беріп,
христиандардың мұсылмандарға қарсы соғысы жарияланды. Сөйтіп ол тек қана
ұлтшылдықтың ғана емес, діни соғыс сипатын көрсеткен еді. Қалай болса да
Орталық, оның бірден бір өкілі көк тұқыл Г. Колбин патша заманасының ұлт
саясатының ең надан түрін осылай жаңғыртты. Көптеген зерттеушілер
жазалаушы отрядының осы бір сипатына көңіл бөлмеді.
Жазалаушылар қатарындағы 7% қазақ, ал Ішкі Істер әскерінің
милиционерлерінің саналы тобы іштей күреске бел байлаған жастардың
жағында болды. Кейбір жерлерде ұлттық принципінен бөлінген жазалаушылар
арасында қақтығыстар болды. Автобусқа мінгізіп алып бара жатқан жастарды
қазақ милиционерлері қалтарыста шығарып жібергені туралы деректерді жиі
естуге болады. Елеріп қызған жастардың кейбір тобы жатақханаларға,
аудиторияларға баса-көктеп кіріп, күшпен жастарды көшеге шығарды. Бұл
жағдай билеуші топтың қолына желеу болды, олар зорлық-зомбылықты, ұрып-
соғуды үстемелеп жасауға әкелді.
Жазалаушылар көшеде бейсауыт келе жатқан қазақтарды ұстады, аулаларда
ойнап жүрген жасөспірімдерді машиналарға тиеп, дүре соғатын, жазалайтын,
не айыптайтын пункттерге тасыды. Ұлттық белгімен адамдарды аулау етек
алғанын Қазақ КСР Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы генерал
В.М.Мирошник кейіннен мойындады.
Қалай болғанда да жүйе, оны КОКП-ның саяси Бюросының мүшесі
М.С.Соломонцев бастаған, М.Горбачев қостаған басқарушы тобы бейбіт
демонстрация мен манифестациясына қууға, алаңды тазалауға емес, қанды
шайқасқа, қан төгіске даярлағаны күмән тудырмайды.
Жазалаушылар Метель 1986 атты әскери операцияға даярланды, ол жаумен
емес, өз халқын жау еткен ол өз халқына қасқыр болып шапты.
Комиссияның шешімінде осы бір басы ашық, анық істі в 18.00 по
приказу Князева Г.Н. солдаты в касках со щитами и дубинками начали разгон
демонстрации, в течение вечера прошло около 20 волн оттеснения-
вытеснения, в 23.40-24.00 проведено операция по разгону демонстрантов с
применением малых саперных лопаток, дубинок, служебных собак - делінген.
Шынында да, оттеснения-вытеснения, разгон деген ұғымға жазалаушылар
қандай мән бергенін айту керек емес пе еді. 23.00-0.45 жастарды алаңнан
шығаруға байланысты операция. Күректер мен тоқпақтар, иттер қолдана
бастады. Қуу, таратудан соң, қар үстінде азаматтық киімдердегі 150-ден
аса адам қалды - дейді Комиссия өзінің қорытындысында. Ал егер 150 адам
алаңда жаралы болып, мертігіп, қансырап жатса қалай ол жастарды тарату
операциясы болады? Сөз жоқ, бұл қанды қырғын, жастарды апатқа ұшырату
операциясы еді. Бұл коммунизм, социализмнің қасиетті идеяларын
жамылып, тағылық көрсеткен озбыр, жендет империяның әккі ісі еді.
Комиссия сол қаhарлы екі түннің хроникасын былай қалпына келтіреді.
Жастардың алғашқы топтары 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 7-8-
дерде ұзын саны 200-300 шамалы адам ОК пленумының шешіміне
қарсылықтарын білдіретін ұрандармен Қазақстан Компартиясы ОК үйі
алдындағы алаңға жиналды.
Қазақстан Орталық партия комитетінің келісімі бойынша алаңды тәртіп
сақшыларының және ішкі әскерлердің күшімен қоршап ұстауға шешім
қабылданды.
10 сағат 30 минутта Алматы гарнизоны бойынша №1 жауынгерлік әзірлік
жарияланды. Теміржол вокзалдары мен аэропорт жабылды. Шеруге
шығушылардың араларына барып, түсінік жұмысын жүргізу қажет деп табылды.
Демонстрация бейбіт саяси қарсылық тұрғысында болатын. Жұртышылық
Г. В. Колбиннің сайлануына риза еместіктерін білдірді, өз алдарына Д.
А. Қонаевты шығаруды талап етті, өмірдің ауыр әлеуметтік жағдайларын,
тұрғын үй алудың, жұмысқа тұрудың қиындықтарын, ана тілінің қолданылу
ауқымының тарылып бара жатқандығын айтып, реніштерін білдірді. Адамдар
қолдарына Лениннің портретін ұстап, халық әндерін айтып қарусыз
жүрді. Басқа халықтарға қарсылық байқалмады, мемлекеттік құрылысқа нұқсан
әрекеттер болған жоқ.
11 сағат 30 минутта шерушілер алаңнан шығып, қала көшелеріне бағыт
алды. Колонналарды Ішкі Істер министрлігінің және олардың бөлімдерінің
қызметкерлері алып жүрді.
13 сағат 30 минутта демонстранттар шеруі жол бойындағы
автомабильдерден қойылған бөгеттерден өтіп, алаңға қайта оралды.
Олардың саны 1400- ден 5000 адамға дейін жеткен еді. Ол кезде
алаңға қала көшелеріндегі шерулерге қатыспаған, демостранттарды
қызықтаушы жүргінші жастар жиналып қалған. Бейбітшілік көшесін бойлай
ҚазМУ қалашығы жақтан үлкен жастар колоннасы шықты...
Алаңды қоршап алып, ешкімді шығармай, ешкімді кіргізбей ұстауға
бұйрық берілді. Алаңға бет алған демонстранттардың жаңа топтары
қоршауды бұзып кіріп, қақтығысулар басталды. Қоршаудың ішіндегілер
сырттан келгендердің бұзып кіруіне көмектесіп, арада қайшылықтар туды.
Ішкі Істер министрі КОКП ОК Саяси Бюросының келісімімен Алматыға
еліміздің сегіз қаласынан ішкі әскерлердің арнаулы бөлімдерін
әкелуге бұйрық берді.
Алаңға әскери бөлімдер әкелінді. Киім үлгілері темір сауыт,
темір қалқан, резеңке қолшоқпар. Екі арнаулы машинаға түтіндеткіш
қорапшалар, белгі беру ракеталары, көзден жас парлататын Черемуха
газы, соғыс патрондары сияқты арнаулы керек-жарақтар тиелген. Әскери
бөлімнен ізшіл-қызмет иттер бөлімшесі де жеткізілді.
15 сағат пен 17 сағатқа дейінгі аралықта мінбеге Қазақстан
Компартиясы ОК Бюро мүшелері С. М. Мұқашев, З.К.Камалиденов,
Н.Ә.Назарбаев, М.С.Меңдібаев шығып сөйледі. Олардың жастарды таратуға
шақырулары айқай мен ысқырықтың астында қалды.
Демонстранттар мінбені қорғаушы солдаттар мен курсанттарға тіл
тигізді, бас киімдерін ала қашты. Милиционерлер тобыр белсенділерін
қолға түсіре бастады, тобыр оларды құтқарып қалуға ұмтылып, ұрыс
басталды.
Солдаттар берілген бұйрық бойынша оларды алаңға қарай ығыстырды,
тобырдағылар солдаттарды таспен, кесек топырақпен, үй қаптауыш мәрмәр
сынықтарымен атқылап, адамдар жараланды.
17.00 сағатта алаңға КСРО МҚК сапер күректерімен қаруландырылған
Алматыдағы жоғары курсант-шекарашылар училищесінің саны 600 шамалы
құрамы келіп жетті. Шекарашы- курсанттардың алаңға әкелінуіне бұйрықты
Қазақ КСР МҚК төрағасы Мирошниктің өтініші бойынша КСРО МҚК төрағасы
Чебриков берді.
18 сағатта Қазақ КСР Ішкі Істер министрі Князевтың бұйрығы бойынша
темір қалпақ киіп, қолдарына қалқан ұстаған солдаттар
демонстранттарды резеңке қолшоқпарымен ұрып, алаңнан қуа бастады.
Адамдар тұс-тұсқа қашты,бірімен–бірі сығылысып, басып-жанышталды, тобыр
жан ұшыра қорғанып, ағаштарды сындырды, ғимараттардың қабырғаларындағы
қаптауыш мәрмәрларды талқандады. Әскерлерге қарай ағаш кесінділерін, тас
кесектерін лақтырды, жедел жәрдем машинасы екі жақтың да
жараланғандарын тасымалдаумен болды. Мінбеге бірінен соң бірі
көтеріліп, Камалиденов, Елемесов, Басаров сөз сөйлеп, жиналғандардың
тезірек тарауын өтінді, болмаса күш қолданатынын ескертті. Митингіге
шығушылар мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы жұлыс-
керіс қиян-кескі төбелеске ұласты.
21.00 – 22.00 сағаттарда алаңға арнаулы құралдар әкелінген
машиналар лақтырылған тастың астында қалып, қорғаушылары қашып
құтылды. Арнаулы құралдар алаңдағы жұртшылықтың қолына түсті.
22.00 сағатта Ішкі Істер министрлігі өрт сөндіру басқармасының
бастығы полковник Абдулманов алаңнан халықты қуып шығу үшін өрт
сөндіргіш машинаны пайдалансын деген бұйрық алды. 20 машина лафетті
ұңғыдан су шашып, жұртшылыққа қарай лап қойды. Қалың тобыр машиналарды
таспен атқылады, соның нәтижесінде 30 өрт сөндіруші жараланды.
23.30 – 24.00 сағаттар аралығында демонстранттардың кіші сапер
күректерімен, резеңке қолшоқпарлармен ұрып-соғып, қызмет итіне талатып
қуалау операциясы жүзеге асырылды. Операция аяқталған соң алаңда
асфальт үстінде қанға бөгіп жатқан адамдар машиналарға тиетіліп
әкетілді. Алаң тазарды. Жақын маңдағы көшелерде, үйлердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz