Қожа Ахмет Ясауи мұраларын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану жолдары



Мазмұны

Беті

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.10

1 Бөлім Қожа Ахмет Ясауидің діни.философиялық, педагогикалық көзқарасының қалыптасып, дамуы

1.1. Қ.А.Ясауидің өмір жолы мен шығармашылығы ... ... ... ... ... ... ...11.26

1.2. Қ.А.Ясауи еңбектерінің тәлім.тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ..27.38

2 Бөлім Қожа Ахмет Ясауи мұраларын оқу.тәрбие үрдісінде қолдану жолдары

2.1. Үздіксіз білім беруде Қ.А.Ясауидің педагогикалық мұраларын
ендіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39.54

2.2. Мектептегі тәрбиелік іс.шараларда Қ.А.Ясауидің тағылымын пайдалану тәжірибесінен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55.65
Зерттеудің көкейтестілігі.
Бүгінгі таңда еліміз алдыңғы қатардағы өркениетті елдермен терезесі тең мемлекет ретінде халықаралық ықпалдастыққа бет бұрып, саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени мәселелерді ұлттық мүддеге, танымға, сезімге, нанымға, менталитет пен психологияга т.б. құндылықтарға араластыра отырып, тиімді дамудың сара жолдары мен нық басып әрі сенімді жүріп келеді. Мұны ішкі және сыртқы саясаттағы өзіндік ерекше байыпты бағыттары арқылы жүзеге асырып отыр. Бұл орынды да. Себебі егеменді халқымыздың көп ғасырлар бойы біртіндеп қорланып, қанатын кең жая алмай, қалыптасқан рухани, мағнауи мол дәстүрлі де құнды қазынасы тоталитарлық жүйе кезеңінде орасан зор дағдарысқа ұшырап, тоқырап қалғаны баршаға аян. Ол өз кезеңінде жалпы жұртшылықтың, әсіресе өскелең жас ұрпақтың өз туған халқының рухани, мағнауи құндылықтарынан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйым, наным-сенім, танымдарынан ажырап қалуына әкеліп соқтырды. Міне сондықтан да жас өскелең ұрпақ халқымыздың рухани, мағнауи тереңге жайылған тамырынан толық қол үзіп қалмауы біздің қазіргі кезеңдегі елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі өлшемдерінің бірі болыр тұр.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты халыққа арнаған 2004 жылғы жолдауында ендігі жерде қай салада да тек көшке ілесе білу ғана емес, нағыз бәсекелестік қабілетті қарыштап дамыту керектігін айрықша айтады. Бұл орайда әрине, білім беру саласына ерекше назар аудару қажеттігі айдан-анық. «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады..
Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу, білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды жоғары сатыда зейінді оқытуды көздейтін ... білім беруге көшу қажет», - деп атап көрсетілді жолдауда.
Тәуелсіз елімізде оқушы жастарды бүгінгі күн талабына сай ұлттық тәлім-тәрбие беруде халқымыздың бай мәдени мұраларын, педагогикалық ой-пікірлерін жинақталған ұлттық құндылықтарды зерттеп, зерделеп, жүйелеп, бір жүйеге түсіріп, оқу-тәрбие бағдарламаларына бейімдеп, үйлестіріп, жалпы оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланып қолданудың маңызы өте зор әрі қажетті. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі таңдағы бәсекеге қабілетті жасөспірімдерді тәрбиелеп, тәлім-тәрбие беру ұлт тұрмыс-тіршілігін өркендетіп өсіруші, сапалы да салауатты, ұлтжанды патриот, мәдени-ғылыми ой-өрістері кең жас өскелең ұрпақ өсіру-қоғам, әлеуметтік орта алдында тұрған кезек күттірмейтін басты міндеттер мен мақсаттар болып табылады. [2]
Әрбір қоғам өзінің даму барысында зиялы қайраткерлерінің педагогикалық ақыл-ойын, тәлім-тәрбиелік тәжірибесін зерделеп, заман талаптарына сай жетілдіріп пайдаланып отырған. Сондықтан да ғылыми дәстүрлі педагогиканың бастауы деп санайтын орта ғасырлық ұлы ғұлама-ғалым ойшылдар Қорқыт ата, Әл-Фараби, А.Ясауи, М.Қашқари, Ж.Баласағұни, М.Х.Дулати т.б. тарихи педагогикалық мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлері ұлттық тәлім-тәрбиенің мазмұнын кеңейтіп, келешек жас өскелең ұрпақтарды елжандылыққа, патриоттық рухта тәрбиелеуде тірек болуда. Бұл тәлім-тәрбиелік идеялар XIX ғасырда Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев сынды демократ, педагог ағартушылардың педагогикалық, психологиялық, философиялық ойларымен Қазақ халқының тәлім-тәрбиелік құндылықтарының жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал жасады.
Жоғарыда айтылған ғұлама ғалымдардың өскелең жасөспірімдер тәрбиелеудегі озық педагогикалық ой-пікірлерін одан әрі дамытып, жетілдіруші кешегі кеңестік жүйенің солақай саясатының құрбандары болған А.Байтұрсынов, МЖұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, С.Асфандияров, Х.Досмұхамедов, Т.Шонанов, Ә.Бөкейханов, О.Жандосов т.б белгілі қоғам қайраткерлері әрі қарай жалғастырып, қазақ мектептері оқу-тәрбие үрдісінің көлемін ұлттық тәлім-тәрбие мазмұнымен толықтырды.
Бұрынғы кезеңдегі тәлім-тәрбие мәселелерін ғылыми зерттеу жұмысына қазіргі ТМД аймағындағы елдерде ерекше үлес қосқан ғалымдар көптеп саналады. Айталық, Э.Д.Днепров, Е.Н.Медынский, А.Б.Петровский, Н.К.Гончаров, С.Х.Чавдаров, К.Пирлиев, С.Раджабов, Ө.Алеуов т.б. еңбектерінде педагогикамен психология ғылымдары тарихы, оның іргелі де басым бағыттағы теориялық мәселелері әдіснамалық арналары жайлы құнды пікірлер айтылады.
Ұлттық тәлім-тәрбие саласының сан-алуан мәселелері біздің еліміз жағдайында да біршама уақыттан бері ғылыми-зерттеу нысанына айналып келеді. Бұл тақырыптарда тек соңғы жылдардың өзінде ғана ондаған диссертациялар қорғалып, бірқатар төлтума еңбектер жарыққа шықты. Мәселен осы ретте Қ.Жарықбаевтің, А.Көбесовтың, С.Қалиевтің, Қ.Құнантаеваның, Г.М.Құдиярованың К.Ш.Шаймерденованың, Қ.Бөлеевтің, Ә.Габылдиевтің, Ж.Ш.Наурызбайдың, А.А.Бейсенбаеваның, Ж.К.Намазбаеваның т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Соңғы жылдары жекелеген ғұлама ғалым, ағартушы педагогтардың педагогикалық рухани, мағнауи мұралары жан-жақты қарастырылан, зерттеу нысанына айналуда. Мәселен, «С.Асфандияров мұрасындағы педагогикалық идеялар» (Б.Қиясова), «С.Көбеевтің педагогикалық

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Беті

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-10

1 Бөлім Қожа Ахмет Ясауидің діни-философиялық, педагогикалық көзқарасының
қалыптасып, дамуы

1.1. Қ.А.Ясауидің өмір жолы мен шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... .11-
26

1.2. Қ.А.Ясауи еңбектерінің тәлім-тәрбиелік
мәні ... ... ... ... ... ... ... ..2 7-38

2 Бөлім Қожа Ахмет Ясауи мұраларын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану жолдары

2.1. Үздіксіз білім беруде Қ.А.Ясауидің педагогикалық мұраларын
ендіру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 39-54

2.2. Мектептегі тәрбиелік іс-шараларда Қ.А.Ясауидің тағылымын пайдалану
тәжірибесінен ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...55-65

Зерттеудің көкейтестілігі.
Бүгінгі таңда еліміз алдыңғы қатардағы өркениетті елдермен терезесі тең
мемлекет ретінде халықаралық ықпалдастыққа бет бұрып, саяси-экономикалық,
әлеуметтік, мәдени мәселелерді ұлттық мүддеге, танымға, сезімге, нанымға,
менталитет пен психологияга т.б. құндылықтарға араластыра отырып, тиімді
дамудың сара жолдары мен нық басып әрі сенімді жүріп келеді. Мұны ішкі және
сыртқы саясаттағы өзіндік ерекше байыпты бағыттары арқылы жүзеге асырып
отыр. Бұл орынды да. Себебі егеменді халқымыздың көп ғасырлар бойы
біртіндеп қорланып, қанатын кең жая алмай, қалыптасқан рухани, мағнауи мол
дәстүрлі де құнды қазынасы тоталитарлық жүйе кезеңінде орасан зор
дағдарысқа ұшырап, тоқырап қалғаны баршаға аян. Ол өз кезеңінде жалпы
жұртшылықтың, әсіресе өскелең жас ұрпақтың өз туған халқының рухани,
мағнауи құндылықтарынан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйым, наным-сенім,
танымдарынан ажырап қалуына әкеліп соқтырды. Міне сондықтан да жас өскелең
ұрпақ халқымыздың рухани, мағнауи тереңге жайылған тамырынан толық қол үзіп
қалмауы біздің қазіргі кезеңдегі елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі
өлшемдерінің бірі болыр тұр.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге
қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін атты халыққа
арнаған 2004 жылғы жолдауында ендігі жерде қай салада да тек көшке ілесе
білу ғана емес, нағыз бәсекелестік қабілетті қарыштап дамыту керектігін
айрықша айтады. Бұл орайда әрине, білім беру саласына ерекше назар аудару
қажеттігі айдан-анық. Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның
білімдік деңгейімен анықталады..
Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу, білім беру жүйесін
халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды
жоғары сатыда зейінді оқытуды көздейтін ... білім беруге көшу қажет, - деп
атап көрсетілді жолдауда.
Тәуелсіз елімізде оқушы жастарды бүгінгі күн талабына сай ұлттық тәлім-
тәрбие беруде халқымыздың бай мәдени мұраларын, педагогикалық ой-пікірлерін
жинақталған ұлттық құндылықтарды зерттеп, зерделеп, жүйелеп, бір жүйеге
түсіріп, оқу-тәрбие бағдарламаларына бейімдеп, үйлестіріп, жалпы оқу
орындарының оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланып қолданудың маңызы өте зор әрі
қажетті. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі таңдағы бәсекеге қабілетті
жасөспірімдерді тәрбиелеп, тәлім-тәрбие беру ұлт тұрмыс-тіршілігін
өркендетіп өсіруші, сапалы да салауатты, ұлтжанды патриот, мәдени-ғылыми ой-
өрістері кең жас өскелең ұрпақ өсіру-қоғам, әлеуметтік орта алдында тұрған
кезек күттірмейтін басты міндеттер мен мақсаттар болып табылады. [2]
Әрбір қоғам өзінің даму барысында зиялы қайраткерлерінің педагогикалық
ақыл-ойын, тәлім-тәрбиелік тәжірибесін зерделеп, заман талаптарына сай
жетілдіріп пайдаланып отырған. Сондықтан да ғылыми дәстүрлі педагогиканың
бастауы деп санайтын орта ғасырлық ұлы ғұлама-ғалым ойшылдар Қорқыт ата, Әл-
Фараби, А.Ясауи, М.Қашқари, Ж.Баласағұни, М.Х.Дулати т.б. тарихи
педагогикалық мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлері ұлттық тәлім-
тәрбиенің мазмұнын кеңейтіп, келешек жас өскелең ұрпақтарды елжандылыққа,
патриоттық рухта тәрбиелеуде тірек болуда. Бұл тәлім-тәрбиелік идеялар XIX
ғасырда Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев сынды демократ, педагог
ағартушылардың педагогикалық, психологиялық, философиялық ойларымен Қазақ
халқының тәлім-тәрбиелік құндылықтарының жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал
жасады.
Жоғарыда айтылған ғұлама ғалымдардың өскелең жасөспірімдер
тәрбиелеудегі озық педагогикалық ой-пікірлерін одан әрі дамытып,
жетілдіруші кешегі кеңестік жүйенің солақай саясатының құрбандары болған
А.Байтұрсынов, МЖұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, С.Асфандияров,
Х.Досмұхамедов, Т.Шонанов, Ә.Бөкейханов, О.Жандосов т.б белгілі қоғам
қайраткерлері әрі қарай жалғастырып, қазақ мектептері оқу-тәрбие үрдісінің
көлемін ұлттық тәлім-тәрбие мазмұнымен толықтырды.
Бұрынғы кезеңдегі тәлім-тәрбие мәселелерін ғылыми зерттеу жұмысына
қазіргі ТМД аймағындағы елдерде ерекше үлес қосқан ғалымдар көптеп
саналады. Айталық, Э.Д.Днепров, Е.Н.Медынский, А.Б.Петровский,
Н.К.Гончаров, С.Х.Чавдаров, К.Пирлиев, С.Раджабов, Ө.Алеуов т.б.
еңбектерінде педагогикамен психология ғылымдары тарихы, оның іргелі де
басым бағыттағы теориялық мәселелері әдіснамалық арналары жайлы құнды
пікірлер айтылады.
Ұлттық тәлім-тәрбие саласының сан-алуан мәселелері біздің еліміз
жағдайында да біршама уақыттан бері ғылыми-зерттеу нысанына айналып келеді.
Бұл тақырыптарда тек соңғы жылдардың өзінде ғана ондаған диссертациялар
қорғалып, бірқатар төлтума еңбектер жарыққа шықты. Мәселен осы ретте
Қ.Жарықбаевтің, А.Көбесовтың, С.Қалиевтің, Қ.Құнантаеваның,
Г.М.Құдиярованың К.Ш.Шаймерденованың, Қ.Бөлеевтің, Ә.Габылдиевтің,
Ж.Ш.Наурызбайдың, А.А.Бейсенбаеваның, Ж.К.Намазбаеваның т.б. ғалымдардың
еңбектерін атауға болады.
Соңғы жылдары жекелеген ғұлама ғалым, ағартушы педагогтардың
педагогикалық рухани, мағнауи мұралары жан-жақты қарастырылан, зерттеу
нысанына айналуда. Мәселен, С.Асфандияров мұрасындағы педагогикалық
идеялар (Б.Қиясова), С.Көбеевтің педагогикалық көзқарастары
(С.Садауқасова), С.Торайғыровтың педагогикалық ағартушылық көзқарастары
(Р.Көшенова), А.Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын
адамгершілікке тәрбиелеу (Р.Үсенбаева), М.Жұмабаевтің педагогикалық
көзқарастары (А.Құдиярова), Х.Досмұхамедұлының педагогикалық мұрасы
(А.Тұрсынова), Т.Шонановтың педагогикалық мұрасы (С.Баймұратова),
А.Жұбановтың педагогикалық идеялары (К.Құнанбаева), М.Төлебаевтің
педагогикалық идеялары (Ж.Төлебаева) т.б. көптеген ғалымдар ғылыми зерттеу
ізденушілер тарихи педагогикалық зерттеулерін арнаған. Аталған
қайраткерлердің қай-қайсысына туған елін, өскен жерін, шексіз сүйген
елжанды азамат, жалынды жазушы, арқалы ақын, зерделі зерттеуші, өз ұлтының
шын мәніндегі ұлы ұстаздары іспетті еді. Олар өздерінің үлгілі өнегелі
істерімен, ұлағатты сөздерімен, қайырымды істерімен, мінез-құлықтарымен сол
дәуірдің өзінде де иісі қазақ жұртының зор құрметіне иеленген беделді,
рухани, мағнауи көшбасшыларымыз болды. Бұл зиялы азаматтарымыздың барлығы
да халық ағарту майданында ерекше көзге түсіп, тәлім-тәрбие, мектеп жұмысы
салаларында өзіндік өшпестей із қалдырған, туған халқының рухани
адамгершілік, мағнауи үрдісіне бағыт-бағдар беріп, жөн сілтеп, жол
көрсеткен ерен қажырлы қайраткерлер. Олардың мұралары туралы ғылыми
зерттеулердің барлығы да уақыт талабына сай әрі сәйкес дүниеге келген
қажетті де құнды еңбектер екендігі даусыз әрі талассыз. [1]
Бұл ретте түркі дүниесінің оның ішінде халқымыздың бүкіл рухани
адамгершілік, мағнауи әлемінен тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері тарихынан аса
көрнекті ғұлама ғалым, сопылық мектеп пен әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі
ақын, кемеңгер ойшыл, философ ұстаз, Түркістанның пірі, Түркі-ислам жолының
негізгі ірге тасын қалаушы Құл Қожа Ахмет Ясауидің есімінің алар орны
ерекше.
Құл Қожа Ахмет Ясауи - өз дәуірінің әдеби-мәдени өмірінде өшпес із
қалдырған, туған әдебиетіміз бен тіліміздің биік тұлғасы тұғырына
көтерілген ұлы ғұлама-ғалым, ұлағатты ұстаз, өзі айтатындай әдебиетіміздің
мәдениетіміздің, тіліміздің, дініміздің, діліміздің Ақиқатқа апаратын жол
бастаушымыз – Білім иесі өкілі.
Қ.А.Ясауи өзінің бүкіл жарқын қабілетімен талантын, күш жігерін түркі
халқына, туған еліне жалпы түркі дүниесіне, әсіресе келешек жас өскелең
ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне жұмсаған ғұлама ғалым қаламгер. Оның әдеби,
мәдени, сопылық шығармалары бүкіл түркі әлеміне оның ішінде қазіргі қазақ
әдебиетінің, тілінің қалыптасып, дамуына, ал оқу-ағарту саласындағы
көзқарастары бүкіл түркі әлеміндегі, оның ішінде Республикамыздағы
педагогикалық ой-пікірлердің пісіп жетілуіне, хикметтері мен рухани
адамгершілік, мағнауи мұралары ұлттық тәлім-тәрбие беруде үлкен ықпал
етуде. Міне соның нәтижесінде, ұлы ғұлама ғалым есімі өз кезінде біршама
түркі әлемінің мәдениетінің білім беру саласының тарихынан да ерекше орын
алды. Сондықтан да Құл Қожа Ахмет Ясауидің ілімі күні бүгінге дейін өз
маңызын жоймай келуде.
Демек оның педагогикалық ой-пікірлеріне, рухани-адамгершілік, мағнауи
мұраларына зер салу – күн тәртібіндегі іргелі мәселелердің бірі.
Көрнекті ұлы ғұлама ғалымның танымдық тәрбиелік мәні орасан зор көркем
рухани адамгершілік туындылары ана тілі, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып,
ырым-тыйым, наным-сенім, таным, оқу-білім, тәлім-тәрбие тақырыбына
байланысты жазған мұралары, ой-пікірлері, өткен ғасырларда жарық көрген
көптеген белгілі, белгісіз еңбектері бірнеше салада зерделі ғылыми
зерттеулерді қажет етеді.
Осы тұрғыдан алғанда, біздің таңдап алып отырған тақырыбымыз бұл
саладағы алғашқы арнайы ғылыми зерттеу жұмысы болып есептелінетіні, өз
ғылыми зерттеуіміздің өзектілігі мен қоғамға қажеттілігі бүгінгі күн
талабынан туып отырғандығы айқын. [12]
Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы, рухани адамгершілік, мағнауи мұралары
философиялық тарихи, мәдени, әдебиеттану, тілтану т.б. бағытта біршама
зерттеліп, тиісті бағасын алып келеді. М.Мырзахметұлы, К.Зейбек,
Е.Тұрсынов, Ә.Н.Нысанбаев, Д Кенжетай, А.Нұртазииа, М.Е.Массон, Е.Бертельс,
В.А.Гардлевский, К.Тәжікова, Т.Есембеков, А.Абуов, М.Жармұхамедов,
З.Жандарбек, Ә.Муминов, М.Ераслап т.б. көптеген ғалымдардың еңбектері ұлы
ғұламаның шығармашылығы мен рухани адамгершілік, мағнауи мұраларын әдеби
танымдық тіл білімі, философиялық тұрғыдан әр жақты қарастырады.
Оның Алланы сүю, туған жерге, тілге, дінге, ділге, Отанға деген
сүйіспеншілік, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеу, ананы қастерлеу, қыз баланы
құрметтеу, адамдарды сүю, ғылымды ардақтау, ас пен іске құрметпен қарау,
т.б туралы жазған құнды хикметтегі ойларын, демократиялық көзқарастарын
жеткіншек өскелең жас ұрпақты, оқушы жастарды тәрбиелеу ісіне пайдаланудың
маңызы өте зор әрі қажетті де баға жетпес құнды мұра.
Алайда Қ.А.Ясауи шығармашылығындағы рухани адамгершілік, имандылық,
инабаттылық, елжандылық, патриоттық, мәдениеттілік, тілін, дінін құрметтеу
сияқты тәлім-тәрбиелік идеялардың жүйеленбеуі және сонымен бірге олардың
жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие
үрдісіне қажеттілігі, сондай-ақ мұның оқушы жастарға адамгершілік,
имандылық, патриоттық тәлім-тәрбие беруде өз дәрежесінде пайдаланылып
қолданылмауы арасында өзара қарама-қайшылықты байқатады.
Демек, аталған қайшылықтың шешімін табуда ұлы ғұлама ғалым, ұстаздың
бай педагогикалық идеяларын ғылыми педагогикалық-психологиялық тұрғыдан
зерделеу біздің ғылыми зерттеу жұмысымыздың проблемасын құрайды.
Педагогикалық әдебиеттерде ұлы ғұлама-ғалым ұстаздың педагогикалық ой
пікірлерінің зерттелмеуі ғылыми зерттеу жұмысымыздың көкейтестілігін
айқындап, зерттеу тақырыбын Қожа Ахмет Ясауи мұраларындағы педагогикалық
көзқарас - деп алуымызға себепші болды.
Зерттеу нысаны: Қожа Ахмет Ясауидің әдеби-қоғамдық, ғылыми танымдық,
рухани-адамгершілік, ағартушылық педагогикалық идеялары.
Зерттеу пәні: Қ.А.Ясауидің педагогикалық мұралары және оларды оқу-
тәрбие үрдісіне ендіру.
Зерттеудің мақсаты: Қожа Ахмет Ясауидің шығармашылық, рухани
адамгершілік, мағнауи мұраларын, ұстаздық ағартушылық қызметін тарихи
педагогикалық тұрғыдан талдау, негіздеу, тәлім-тәрбиелік идеяларын жүйелеп,
үздіксіз білім беру саласына ендіруде тәжірибелік-эксперименттен өткізу,
оқу тәрбие үрдісінде пайдалану.
Зерттеудің міндеттері:
- Қожа Ахмет Иаасауидің өмірлік, қоғамдық қайраткерлік, ақындық,
ойшылдық, ұстаздық қызметтері мен шығармашылық іс-әрекетін саралап
қарастыру;
- Қожа Ахмет Ясауидің хикметтеріндегі, шығармаларындағы, педагогикалық
ой-пікірлеріне талдау жасау және оларды бүгінгі күн талабы тұрғысыман
негіздеу;
- Қожа Ахмет Ясауидің хикметтері мен рухани адамгершілік, мағнауи
мұраларының тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық, ғылыми
әдістемелік, арналарын ашу және олардың әлеуметтік, саяси, рухани
ағартушылық мәнін айқындау;
- Қожа Ахмет Ясауидің педагогикалық ой-пікірлерін жалпы білім беретін
орта мектептегі және жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үрдісіне ендірудің
бағдарламасын құрастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, Қожа Ахмет Ясауидің шығармаларындағы
рухани адамгершілік, тәлім-тәрбиелік идеялары тарихы-педагогикалық тұрғыдан
талдау жасалынып жүйеленсе, онда педагогикалық ойлардың қорлары молайып,
орта және жоғары мектептердің педагогикалық үрдістеріне ендіру барысында
оқушы жастардың тәлімдік тәрбиелік деңгейлері көтеріледі. Қ.А.Ясауидің
құнды педагогикалық идеялары жалпы оқырман қауым, оқушылар мен
студенттердің ұлттық құндылықтарды бағалауына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, ата-
анасын, дінін, ділін, тілін, елін, жерін сүюіне, елжандылық ұлттық
сезімдерін арттырып рухани адамгершілік, имандылық, инабаттылық
қасиеттерінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Жеке тұлға теориясы,
іс-әрекет теориясы, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардың тарихи
сабақтастығына, тарихи педагогикалық құбылыстарды және мәдени мұраны
зерттеудегі жүйелік теориясы, жеке тұлғаны әлеуметтендіру тоеориясы
құрайды.
Жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыруда адам, қоғам, табиғат туралы
ой-пікірлердің заңдылықтары, қазақтың ұлттық дүниетанымы, рухани-
адамгершілік, мәдени және жалпы адамзаттық мұралар негізіндегі
демократиялық-гуманистік қарым-қатынастарды айқындайтын құжаттар, жеке
тұлғаның қалыптасуына байланысты ғылыми тұжырымдар.
Зерттеудің жетекші идеясы: Жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуға арналған
Отандық және әлемдік өркениетті елдер педагогикасындағы тәлім-тәрбиелік
тұжырымдар мен ой-пікірлерді негізге ала отырып, жалпы білім беретін
мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстары үрдісінде оқушыларды адамгершілк,
имандылық, инабаттылық құндылықтармен Қ.А.Ясауи мұралары негізінде
әлеуметтендіру. Зерттеудің теориялық әдіснамалық негізі ретінде жеке
тұлғаның дамуы жөніндегі ғылыми тұжырымдар, мектептегі оқу-тәрбие
жұмыстарымен Қ.А.Ясауи мұралары негізінде болашақ өскелең жас ұрпақты
өмірге даярлау.
Зерттеу көздері: Келешек өскелең жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге
бағытталған Қазақстан Республикасының Конституциясы, Білім туралы заңы,
тәрбие жұмыстары жөніндегі тұғырнамалар, зерттеу проблемаларына байланысты
болашақ өскелең жас ұрпақ тәрбиелеудегі озық та алдыңғы қатарлы
тәжірибелер, психолог, педагог, социолог ғалымдардың ғылыми еңбектері.
Зерттеудіц әдістері: Тарихи философиялық, психологиялық, әдебиет-
танымдық, тарихи-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу
мәселесіне сай теориялық және ғылыми тұрғыда зерделеу, білім беретін орта
мектеп мұғалімдерінің, зерттеу нәтижелерін жүйелеу. Салыстырмалы - жүйелік,
тарихи-типологиялық, талдау және жинақтау әдістері.
Зертеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезең: әдіснамалық, ғылыми, психологиялық, педагогиалық,
философиялық, тарихи, әдебиеттерге талдау жасалынды. Зерттеудің тақырыбы
белгіленіп, теориялық негізі анықталды. Педагогика, этнопедагогика,
педагогика тарихы мен мұрағат материалдары, сондай-ақ халық тағылымы
жөнінде ғылыми материалдар сұрыпталды. Жұмыстың ғылыми аппатары айқындалды.
Екінші кезең: Қожа Ахмет Ясауидің тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерін белгілі
бір жүйеге салып, оның ішінен өзекті педагогикалық мәселелерді іріктеп,
ғылыми зерттеу жұмысының негізгі желісіне айналдырырылды, ғылыми зерттеу
барысында жынақталған материалдар теориялық тұрғыда тұжырымдалды.
Үшінші кезең: теориялық қағидалар дайындалып, зерттеу жұмысымыздың
нәтижелелігі тексерілді, ғылыми болжамдар дәлелденді. Тұжырымдар жасалынып,
ұсыныстар берілді.
Зерттеудің базасы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласындағы №15
М.Жұмабаев, №1 Ататүрк орта мектеп, №2 Яссы мектебі болды. Сонымен қатар
студенттердің педагогикалық іс-тәжірибелері де болды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- Қ.А.Ясауидің өмір жолы мен шығармашылығындағы ұлттық тәлім-тәрбиелік
идеяларға талдау жасалынып, жүйеленді;
- Қ.А.Ясауидің педагогикалық мұраларындағы білім және тәрбие берерлік
мәні тарихи-педагогикалық және ғылыми теориялық тұрғыдан айқындалды;
- Қ.А.Ясауидің діни-философиялық, педагогикалық көзқарасы айқындалды;
- Қ.А.Ясауидің педагогикалық мұрасы үздіксіз білім беру жүйесіне
ендіріліп, нәтижесі қорытылды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні:
Тәрбие сағаты бойынша әдістемелік нұсқау ұсынумен, зерттеуден алынған
нәтижелермен, олардың негізінде құрылған ұсыныстарды мектеп практикасында
қолдану ерекшелігі.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Қожа Ахмет Ясауидің дүниетанымдық және педагогикалық көзқарастарының
қалыптасуына ықпал жасаған қоғамдық-тарихи жағдайлар.
2. Қожа Ахмет Ясауидің шығармашылығындағы педагогикалық идеялары мен
оның қазіргі кездегі оқушы жастарға ұлттық тәлім-тәрбиелік мазмұны.
3. Қожа Ахмет Ясауидің рухани-адамгершілік, мағнауи мұраларының бүгінгі
психологиялық-педагогикалық үрдіспен сабақтастығы.
4. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың қорытынды нәтижесі.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі:
Қ.А.Ясауидің педагогикалық мұраларын теориялық, әдіснамалық
қағидалармен, олардың тиімділігін іс-тәжірибе барысында тексерумен,
анкеталық сауалнама нәтижелері статистикалық мәліметтер негізінде
дәлелденуімен және педагогикалық практикаға ендірілуі мен сипатталады.
Зерттеу жұмысының сынақталуы: Жұмыстың мазмұны Қазақстан ғылым әлемі
журналының қосымшасы Ізденуші журналында жарияланған Ясауи тағылымы -
тәлім-тәрбие ғибраты, Түркі халықтарының этнопедагогикасының қалыптасуына
Ясауи еңбектерінің тигізген әсері атты мақалаларында көрініс тапты.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейтестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты,
обьектісі, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, әдіснамалық негіздері,
зерттеудің кезеңдері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі,
зерттеу базасы, зерттелу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі,
қорғауға ұсынылатын қағидалар сипатталады.
Қ.А.Ясауидің діни-философиялық, педагогикалық көзқарасы атты бірінші
бөлімде Қ.А.Ясауидің рухани-адамгершілік, мағнауи мұраларын зерттеу арқылы
педагогикалық көзқарасының қалыптасуы, сонымен қатар әлеуметтік рухани-
адамгершілік жүйесінің мәні мен теориялық әдіснамалық негіздері анықталып
берілген.
Қ.А.Ясауи мұраларын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану жолдары атты екінші
бөлімде Қ.А.Ясауи еңбектерін оқытудың педагогикалық және психологиялық
мазмұны ашылып дәлелденді әрі ұсыныстар берілді. Рухани адамгершілік жүйесі
тұжырымдалды.
Қорытындыда зерттеу тақырыбының көкейкестілігімен байланысты зерттеудің
нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалып, ғылыми әдістемелік ұсыныстар
берілді.
Қосымшада ғылыми зерттеу жұмысына қолданылған кейбір бағдарламалардың
үлгі жоспары берілген.
I Бөлім. Қ.А.Ясауидің діни-философиялық, педагогикалық көзқарасы
1.1. Қ.А.Ясауидің өмір жолы мен шығармашылығы.

Қ.А.Ясауи оғыз қыпшақ тілдерінде сөйлейтін түркі халықтарының
бастауларының бірі болған – Ұлы әрі қасиетті тұлға. Оның жазған хикметтері
әлі күнге дейін сақталған, тілі сақталган өзімізбен туыстас халықтар
арасында кеңінен мәлім. Өкінішке орай, біз қазақ халқы олай мақтана
алмаймыз. Біздің халық, әсіресе соңғы буын Ұлы баба мұрасынан мүлде
хабарсыз. Әрине ол үшін біздің замандастарымызды кіналау да орынсыз.
Қ.А.Ясауи бабамыздың өмірбаянын қысқаша талдап өтетін болсақ,
бабамыздың арғы бабалары Әзіреті Әліден кейінгі Мұхаммед Ханафиядан
таралады. Енді бұл өңірге келген бабаларына келетін болсақ, сонау Ысқақ
баптан басталады екен. Кейінгі аталары Махмуд Шайх, одан Ибрахим Шайх. Міне
осы Ибрахим Шайх Сайрамдағы Мұса Шайхтың Айша атты қызына үйленеді. Осы
Ибрахим Шайхпен Айша отбасында кейбір деректерде үш, кейбірінде екі перзент
дүниеге келген. Олардың есімдері Гаухар, Қожа Ахмет және Садыр. Ол
замандарда Сайрам шаһарында ірі-ірі үш әулет тұрады екен. Шахтар әулеті,
Әмірлер мен Әзіреті Әлиге барып тірелетін Қожалар әулеті. Қ.А.Ясауидін
қай жылы дүниеге келгені белгісіз, бірақ 63-жастан кейін 116667 жылдары
дүние салған деген мағлұматтар бар, соған қарағанда 63 жастан кейін
қылуетке түскен болса, онда ол жер астында тағы да сонша өмір сүрген,
себебі бұл туралы өз Хикметтерінде жырлап өткен.
Жер үстінде өлмес бұрын тірі өлдім,
Алпыс үште сүндет деді естіп білдім.
Жер астында бар жаныммен құлдық қылдым,
Естіп оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Жарандардан пайда, көмек ала алмадым,
Жүз жиырма беске кірдім, еш нәрсе біле алмадым
Хақтағалаға құлшылық қыла алмадым,
Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.

Хикмет шумақтарында айтылғандай 63 жасында жер астына түскендігі, 125-
ке келгендігі дәлелденіп тұр. Соған қарағанда 1103 жылы туылып, 1128 жылы
дүние салған болуы мүмкін. Ол дүниеге әйгілі Диуани Хикметін осы
Қылуетте жатып жазған деген әңгімелер дс жетерлік.
Мұндай күйзеліске ұшырау себептеріміз, біріншіден кешегі Қожа молда,
дін иелерінен ат тоңымызды алып қашып, діннің пайдалы тұстарын ескермеуден,
зиянды деп санаудан туған теріс көзқарастың зардабы десек, екіншісі, Ұлы
ақынның өмірлік деректерінің жиналмай, ұстағанның қолында, тістегеннің
аузында кетуінен дей аламыз. Әзірет Сұлтанның өзі мен шығармашылығы ғана
емес, оның үрім бұтағы да қудаланып, тоз-тозы шықты, сол дерек, шежірелерді
жинау былай тұрсын, оны талдап, ауызға алудың өзі өмірге қауіпті болды.
Сондықтан жұрт тек атейістік тұрғыдан болмаса, өзгеше ол кісі туралы ләм-
мим деп ауыз аша алмай келді. Енді еліміз тәуелсіздік алған бүгіндері ғана
архив қалтарыстарында қалған деректерді тауып алып әңгіме етуге мүмкіндік
ашылып отыр. Міне біз бұл жоғарыда әңгімелеп өткен және кейін сөз ететін
мағлұматтардың бәрі де осылай тырнақталып, жинақталган құнды дүниелер.
Қ.А.Ясауи бабамыз туралы ғылыми ізденістерді тереңдете түсуіміз қажет,
себебі біздің келешегімізге қажетті өте құнды ашылмаған құпиялар бар.
Қ.А.Ясауи алғашқы білімді өз әкесі Ибрахим Шайхтан алады. Одан кейін
Арыстан бабқа шәкірт болады. Ясауидің Хикметінде халық арасында таралған
аңызда да Арыстан баб – Қ.А.Ясауидің ұстазы емес, оған Мұхаммед
пайғамбардың аманатын тапсырушы.
Жиырма жеті жасында пірі – ұстазы Хамаданиді табады. Оның жанында көп
жылдар болып тәлім-тәрбие алады. Өзі Хикметтерінде айтып өткендей 34
жасында ғалым болады. Кейін Бұқарада Хамадани мектебінде біраз басшылық
еткен соң, туған елі Түркістанға қайта оралады. Мұнда келгеннен бастап, өз
мектебін ашады.
Қ.А.Ясауидің мұншалықты жоғары дәрежеге көтерілуіне себеп болған әрине
біріншіден өзіне Алладан берілген қабілеті мен дарыны, екіншіден осы жолға
бастаушы ұстаздары болуы керек. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлетін атасы
Ибраһим шайх Қожа Ахметті Шахабиддин Исфиджабий қолына шәкірттікке
тапсырады. Атасы ұстазға тапсырарда осы баламыздың еті сіздікі, сүйегі
біздікі тек артымызда Алланың ақ жолындагы бір мұсылман ұрпағы қалса
болғаны дейді. [6]
Қарашаш ана балаларының тәрбиесіне өте көп көңіл бөлетін болған,
Арыстан бабқа шәкірт болған кезінде де Хамаданиге аттанар кезінде де аналық
ақ батасын беріп шығарып салып отырған. Осы аналық ақ батаның себебі болар,
Ясауи дүниеге әйгілі ғұлама болып жетілді. Ол Арыстан бабқа жеті жасында
жолығады, бірақ біраз уақыт шәкірт бола алмайды. Кейін медреселерде оқуын
жалғастырып келесі ұстазы Хамаданиді көп жылдардан кейін табады. Ол уақытқа
дейін осы Сайрам, Түркістан медреселерінде білім алады. Ж.Хамаданидің
көптеген шәкірттері болған. Осы шәкірітердің ішінде Бұхарадаи Хамаданидің
төрт халифы ерекше көзге түскен. Олардың есімдері Хасан Андақи, Абдуллаһ
Баррақи, Қ.А.Ясауи және Абдулхалық Ғыждуани. Міне осы төрт шәкірті бірінен
соң бірі Хамадани мектебін басқарған. Хамаданидің шәкірттері сізден кейін
халифалыққа кімдер отырады деп сұрағанда, бірінші болып Хасан Андақи,
екінші Қожа Абдуллаһ Баррақи, үшінші Қожа Ахмет Ясауи халифалыққа иеленеді,
бірақ ол ұзақ отырмайды Түркістанға аттанады және өз мектебін ашады, ал
төттінші болып Абдулхалық Ғыждуани халифалыққа көтеріліп, бұл мектепті
басқарады деген екен. Дәл солай болады, Қ.А.Ясауи өз мектебін ашып Ясауиа
қауымдастығын құрады. Бұл келешекте сопылық ағымының Ясауиа жолына
ұласады.
Қ.А.Ясауидің Халифалары және жолын қуушы ізбасарларына келетін болсақ,
ол өзінен кейін Мұхамммед с.ғ.с пайғамбар, Жүсіп Хамадани сияқты
ұстаздарындай, атақты төрт халифаны дайындап қалдырды. Олар, Мансұр Ата,
Саъид ата, Суфи Мухаммад Данишманд және Хаким ата Сулеймен Бақырғани.
[14]
Бұлардан басқа, көптеген шәкірттерімен жолын қуушылары да бар. Олар
Ұзын Хасан ата, Сайид ата, Исхақ ата, Садр ата, Әлемин баб, Маудуд шайх,
Камал шайх иқани, Хадим шайх Абдул Малик ата, Таж Қожа, Зеңгі ата,
Бахауиддин Нақшбанд, Қажы Бектас, Жүніс Әміре, Сары Салтұқ, т.б.
Сонымен қатар, түркі тілдес халықтардың ішінен Ясауиден кейін Хаким
атадан бастап көптеген ғұлама ізбасарлардың есімдерін тізбектеп шығуға
болады. Раджи, Жүніс Әміре, Машраб, Қожа Ахмет, Шамс Узанди, Факири, Байза,
Бехдуди, Шухуди, Туфайли, Қасим және басқалар. Тізімі осылай үздіксіз
жалғасып кете береді, бұл Ясауи ілімінің кең тарағандыгын білдіреді. Егер
Ясауи ілімінің құны болмаса, батыс әлеміне кең тарамай басқа тариқаттардай
өмірі қысқа болған болар еді. Дүниеге кең тарағандығына қарағанда Ясауиа
тариқатының халыққа тигізер әсері өте зор болуы керек деп ойлаймыз.
Түркі халықтары алғашқы халық болып қалыптасқанда олардың тілдері де,
діндері де, жазулары да, мәдениеттері де, тарихы де, әдебиеттері де бір
болған еді. Бертін келе заман ағымына байланысты бұлар бөлшектеніп кетті.
Сонда да болса түбі бір түркі халқы болғандықтан сол бөлшектеніп кеткен
халықтардың өзінде де, көне түркі дәстүрі күні бүгінге дейін жалғасып
келуде. Солардың ішінде атап айтар болсақ, әдет-ғұрып салт-дәстүрлері,
наным-сенімдері т.б ұқсастықтар үздіксіз шиеленісіп жатады. Бүкіл түркі
дүниесінің тілінің, дінінің, ділінің қалыптасуына Ясауи еңбектерінің
тигізген әсері өте мол екендігіне күмән келтіруге болмайды. ХІІ-ХІІІ
ғасырларда жоқ болып кете жаздаған түркі тілін қайта тірілтіп, бірінші
болып айналымға жіберген осы Ясауи еңбектері еді. Ол кездері араб, парсы
тілдері басым болып тұрғандықтан барлық жазу, сызу, қажетті құжаттар тек
сол екі тілде жүретін, әрі жазу араб графикасында болатын. Сол замандарда
Селжүктер билікте отырғанымен, өздері түркі бола тұрып, бәрі де кітап,
өлеңдерін, құжаттарын араб, парсы тілдерінде жазып әрі сол тілдерде
сөйлейтін болған. Міне осындай қиын қыстау заманда Ясауи бірінші болып өз
еңбектерін түркі тілінде жаза бастады. Әрине, жазу өнері тек араб графикасы
болғандықтан амал жоқ сол араб әрпінде жазуға тура келді. Бірақ бір
ерекшелігі барлық хикметтерін, шариғат заңдарын, т.б жергілікті халыққа
қажетті дүниенің бәрі де түркі тілінде жарық көре бастады. Алғашында
ауызекі тарады. Бұл замандарда түркі халықтары қай дінге бас ұрарын білмей
жүрген кездері болатын. Себебі араб, парсы тілдерінде жазылған ислам
дүниелері жергілікті түркі халқына түсініксіз еді. Оның үстіне бұған дейін
бірнеше дінді бастарынан кешкен. Мәселен шаман, иуда, будда, христиан,
манихей. Енді ислам діні келген кезде, түсініксіз болып қалды. Осы кезде
Ясауи өз еңбектерін түркі тілінде айтып әрі жазып тарата бастағандықтан,
бұл жергілікті халыққа жете түсінікті болып шықты, оның үстіне өздерінің
көне діні тәңірлікке жақын еді. Екінші бір кереметі Қ.А.Ясауи өз мектебін
ашқан соң онда тек ислам діні емес, сонымен қоса, түркі - ислам дінін
дүниеге келтірді. Оның ерекшелігі, ислам діні өз қалпында өзгеріссіз қалып
Құран Кәрімде, Хадистерде берілгендей сақталды да, ол бұған қосымша
түркі халқының көне діні тәңірліктің көптеген әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері
мен наным сенімдері ендірілді. Міне сол себептен де бұл өте құнды болып
саналып, жергілікті халық арасында тез тарай бастады. Міне осы еңбегінің
арқасында Ясауи әулиелік дәрежеге көтерілді. Жазған еңбектерінің бәрінде де
этнопедагогикалық, педагогиалық, этнопсихологиялық және де жалпы тәлім-
тәрбие мәселелері кеңінен қарастырылған. Оның үстіне барлық түркі
халықтарына теңдей мұра болып табылды. Сол үшін барлық түркі халқы
Қ.А.Ясауи еңбектерінен өздеріне қажетті дүниені алып отырады. Соның ішінде
этнопедагогикаларын қалыптастыруда да Ясауи еңбектерін кеңінен пайдаланады.
Ясауидің қайсы бір еңбегін алмайық, бәрінде де этнопедагогика мәселелері
кеңінен беріліп отырады. Оның үстіне бұл еңбектерінің бәрі де түркі
халықтарына теңдей қажетті дүние болып табылады. Себебі сол кезеңдегі түркі
тілінде сөйлейтін барша халыққа түсінікті болатын. Оның үстіне сол
халықтардың менталитетіне, психологиясына, мінез-құлықтарына сай жазылған
дүниелер. Бертін келе біртұтас түркі халқы бірнеше бөліктерге бөлектеніп
кетті. Сол кездің өзінде де, осы Қ.А.Ясауи еңбектерін пайдаланып келді.
Мәселен, Ясауи еңбектері, қазан баспасынан татар тілінде бірнеше рет
жарыққа шықты, түрік тілінде Түркияда да бірнеше рет жарық көрді. Бұдан да
басқа түркі тілдес халықтар арасында жарық көріп жатыр. Кейінгі жылдары
бірнеше рет қазақ тілінде де Алматы баспасынан да жарық көрді. Міне бұл
Ясауи еңбектерінің түркі халықтары үшін ортақ дүние екендігін дәлелдей
түседі. Бұл еңбектің қайта-қайта баспадан жарық көруі, оның құнды әрі
халыққа қажетті дүние екендігіне көз жеткізудің бірден-бір дәлелі. Егер бұл
еңбектер қажетсіз дүниелер болса, оны ешкім де пайдаланбаған болар еді.
Ясауи еңбектерінің құндылығын тағы дәлелдей түсетін мағлұматтардың бірі
кейінгі кездері дүниенің түкпір-түкпірінен табылып жатқан Ясауи
шәкірттерінің есімі. Олар тек түркі дүниесі, ислам әлемі емес, сонымен
қатар батыс елдерінде де шығып жатыр. Бұл деген Қ.А.Ясауи еңбектерінің
құндылығына тағы бір дәлел. Бұл дүниелер құнсыз әрі олардың халыққа тигізер
тәлім-тәрбиелік мәні болмаса, онда оларды ешкім де пайдаланбаған болар еді.
Міне осыдан-ақ Ясауи еңбектерінің баға жетпес құнды рухани дүние екендігіне
көз жеткізуімізге болады. Ал енді бұл еңбектердің барлық түрі халықтарының
этнопедагогикасының қалыптасуына әсері тимеді деуге қақымыз жоқ сияқты.
Себебі Ясауи еңбектерін түркі халқы ғасырлар бойы пайдаланып келуде. Ол
еңбектерінде өзіне дейінгі өз заманындағы ғұламалардың ақыл кеңестерін
пайдаланып, оны келер ұрпаққа өсиет етіп қалдырған. Қайсы еңбекті алмайық,
тұнып тұрған өсиет сөздер, олар қара сөзбен де, өлең шумақтармен де,
Хикмет түрінде де жазылған және айтылған.
Жоғарыда айтып өткендей, Ясауидің біраз еңбектері баспадан түркі
тілдерінде жарық көрген. Олар негізінде мынандай аттармен мәлім, Диуаии
хикмет, Пақырнама және Мүнажатнама, Көңілдің айнасы және өмірбаяны
ретінде түрлі аңыз-әңгімелер мен хикаяттар. [9,17]
Енді осы ғұламаның бізге қалдырған өшпес рухани мұраларынан үш қызметін
қарастырып шығайық. Жалпы халқымызға жасаған және келер ұрпаққа қалдырған
бұл үш қызметінің ерекшеліктерін талдап өтетін болсақ, оның құндылығына,
қажет болғанына көз жеткіземіз.
I. Түркішенің жандануы
Үш қызметтің біріншісі болып табылатын, түркішенің жандануы. Қожа Ахмет
Ясауи өзге ғұламаларымыздың барлығы арабша, парсыша жазған кезеңдерінде,
яғни XII ғасырда Түркі тілінде Хикметтер жазды. Түркіше діни сопылық
өлеңдер жазу дәстүрінің негізін қалады. Оның бұл жолы негізінде халықтық
әдебиетіміздің арнасы қалыптасты. Түркі халқының бүгінгі кең жайылуына,
тіршілік етуіне Әзірет-Сұлтан түрткі болды. Бұл замандарда Селжук билікте
отырғанымен, өзі түрік бола тұра парсыша сөйлейтін болған. Құжаттар парсы
тілінде жүргізілген. Осындай қиыншылыққа қарамастан Ясауи көп еңбектерін
түркі тілінде алғаш болып қаймықпай жазған. Бұл туралы өз хикметтерінде
айтып өткен.
Қостамайды ғалымдар біз сияқты түркіні,
Арифтардан есітсең ашар көңіл мүлкіні.
Аят, хадис мағынасы түркі болса керемет,
Мағынасын ұққандар жерге қояр бөркіні.
Міне осылай аят, хадистерді түркі тілінде ұғындырсақ халық дінге тез
бет бұрған болар еді, оған жоғарыдағы патша ағзамдар араб, парсы тілдерін
жоғары санап бізді менсінбейді деген. Ондай кісілердің іштерінде де ғұлама
ғалымдар бар, біздің тіліміздің бай әрі көркем екендігін мойындайды деп
жырлаған. Сен түркі тілінде Хикметтер жаздың деп қудаласа оларға қарсы
хикметтері арқылы сөздер айтқан. Сөздері өткір, ұғымды болғандықтан патша
ағзамдар да мойындай бастаған, сол үшінде түркі тілі жоқ болып кетпей бір
қалыпқа түсе бастаған. Түркістан халқы өз тілдерінде сөйлеуді әдетке
айналдырған.
Бүкіл Түркістан, Қорасанда Ясауидің хикметтерін түркі тілінде жатқа
айтатын болған. Себебі жергілікті халыққа түсінікті ұйқастығы жағынан оңай
есте қалатын еді. Оның үстіне шариғат заңдарында түркі тілінде хатқа түсіру
әдетке айналған. Міне осылай түркі тілі қалыптасып осы заманға дейін өзінің
негізін жоғалтпай келеді. Сөйлеу диалектілерінде азғана өзгеріс
болғандығымен түркі тілдес халықтар бәріде бірін-бірі түсіне береді. Сол
бабамыздың еңбегінің арқасында қазіргі кезде барлық түркі тілдес халықтар
бір-біріне жақындасып келуде.
2. Исламның түркілер арасында таралуы.
Қожа Ахмет Иассаиудің екінші қызметі исламның түркілер арасында таралуы
болып саналады. Бұл қызметін іске асыру үшін ұлы ұстаз өзінің тәрбиелеген
шәкірттерін биік ұстаздық дәрежеге дейін жеткізіп, түркі әлеміне жолдау
арқылы халқымыздың арасына ислам дінін жайды. Ислам қайнарынан
сусындағандардың ұлы нәтижелерге жетуіне себепші болды. Әмір Темір
мемлекетінің де, Осман империясының да тағы да басқа Қорасан мен
Түркістандағы халықтар мен мемлекеттердің негізінде Ясауи руханияты жатыр.
Хамадани мектебінен тәлім-тәрбие алып келген соң, олардың ұлттық
айырмашылығын ескеріп Түркістаннан өз мектебін ашты және бұл жолды Ясауиа
тариқаты деп атады. Міне осы мектептен тәлім-тәрбие алған шәкірттер
дүниенің түкпір түкпіріне аттанып өздерінің жанын аямай жан-тәндерімен
ілімдерін таратты. Әсіресе түркілер арасында бұл іс қызу жүріп отырды.
Олардың мұсылман болуына исламды қабылдауына бірден бір себепші осы
Ясауиа мектебінің түлектері болатын. Барған жерлерінде мешіт-медреселер,
ханақалар ашып сол жерлердің өзінде шәкірттер дайындалатын болған. Әрине
түркі әлемінің исламға бетбұруына бірден бір себеп Ясауи Хикметтері болса,
екіншіден шариғат заңдарының түркі тілінде жазылуы еді. Оның үстіне
дәрістер түркі тілінде жүргізілді. Бұл жергілікті түркі халқына түсінікті
болатын. Алғашқы замандарда діннің босаңсуына себеп болған, барлық шариғат
заңдары, құжаттар араб-парсы тілдерінде болғандығы еді. Енді исламның көп
дүниесі түркі тілінде болғандықтан халық жете түсініп исламның қандай дін
екендігіне көздерін жеткізіп, қатарларын көбейте бастады. Осылай Ясауи
ғұламаның еңбегінің арқасында Түркі дүниесі исламды толық мойындады. Оған
дейін әртүрлі дінде жүрі ендері де бар еді. Сол себептен біз бүл кісіге
қарыздармыз.
3. Тура мұсылмандық түсінігі
Қожа Ахмет Ясауидің үшінші қызметі, Ислам дінінің тура жолымен түркі-
ислам ұғымындағы діни қағиданың негізін қалауы. Ислам дінін түркілер
арасында ендіру өте қиынға соққан, себебі ислам діні келгенге дейін түркі
дүнисінде өзіндік ата-бабадан мұра болып қалыптасып қалған салт-дәстүр,
әдет-ғұрып ұшан теңіз еді. Оның үстіне көптеген басқа діндерде кірісіп
қанатын кең жайған болатын. Солардың бәрін жеңіп олардың ішіндегілерді
қажетінше пайдаланып қолдануы үшін өзіндік ерекше қағида жасауға тура
келді. Мұндай қағида жасап шығу үшін, бұрынғы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-
ғұрып, басқа дін қағидаларын жақсы жете білуі керек еді. Оны білмей тұрып
жаңа ислам дін қағидасын қалыптастыру мүлдем мүмкін емес болатын. Міне
солардың бәрін електен өткізіп бір жүйеге түсіріп халыққа пайдалануға өз
тілінде сайратып алын келгеннен кейін жаңа түрдегі ислам дінін қабылдау
қиынға соққан жоқ. Бірақ мұны жасап шығу үшін Ясауи талай тер төкті. Сол
үшін өмірін сарп етті. Соңында жер астына тірідей түсті.
Енді Ясауидің дүниетанымдық негіздерін жеті принципке бөліп
қарастырайық.
Қожа Ахмет Ясауидің дүниетанымдық негіздерінің жеті принципі.
1. Алланы сүю Тәңірге ғашықтық.
2. Ықылас пен шын жүректілік.
3. Адам сүйіспеншілігі.
4. Білім.
5. Асқа құрмет.
6. Әйел-еркек жұптылығы.
7. Жақсы көру дінге, тілге, ұлтқа, жынысқа бөлмей.
Міне осындай жеті принципке бөліп жеке жеке талдап қарастырып шығуға
болады. Бұл жеті принципте келтірілгендер Диуни хикметте көптеп
жырланған. Егер біз осыларды орындасақ немесе орындауға ұмтылсақ кәмілдікке
қадам басқан болар едік. Мұның бәрін жаппай халыққа жеткізу үшін әрине
Ясауитану дәрісі қажет-ақ. Тек жоғарғы оқу орындарында емес, мектептерде
жалпы оқырман қауымға таратуға да болады. Оның көптеген жолдары бар.
Сұхбаттар, кездесулер ұйымдастыру, газет-журнал беттеріне мақалалар
жариялау, мүмкіндігінше кішігірім кітаптар жариялау. Қалай дегенменде
келешек ұрпаққа таусылмас рухани азық болып қалады. [30].
1. Алланы сүю Тәңірге ғашықтық.
Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің негізгі сарыны осы Алланы сүюге
бағытталған. Себебі бұл сопылық ағым Аллаға қауышудың бірден-бір жолы болып
табылады. Аллаға махаббатпен тек оны сүю, оған ғашық болу арқылы ұласу
мүмкін, Аллаға махаббатпен ұласу, жақындау дегеніміз, Махаббаты жоқтың
дініде, иманы да жоқ... деген ұғымды меңзейді. Иман туралы Ясауи
хикметтерінде төмендегідей жазып кеткен.
Тән сөйлемес, жан сөйлемес, иман сөйлер
Яғни Ясауи Иманды сөйлеткен, ғашықтық жайында мына шумақтардан оқуға
болады.
Ғашықтық жолында күндіз-түні жылағандар,
Жаннан безіп белін бекем байлағандар.
Қызмет етіп Хақ сырын ұғынғандар,
Түн ұйқыны арам қылып налан болар.
Осылай ғашықтар туралы жырлаған, ғашықтық жолының ауыр, қиын екендігін
жасырмай баса айтқан. Соған шыдағандар ғана Алла дидарын көре алады, онымен
қауышады. Болмаса жарым жолда жете алмай қалады, сол үшін бұл жолға түссең
бәріне көнуің керек. Егер бұларға көнбесең, иланбасаң бұл жолға қадам баспа
деп ескерткен. Сопылықтың негізгі мақсаты ғашықтық жолына түсу, Алламен
қауышу, бірігу. Яғни Алланы сүйе білу үшін, оған махаббаты, ғашықтығы болуы
керек. Ал бұл дәрежеге жету үшін, тек сопылық жолға түсуі қажет. Сопылықтың
не екендігін Мұхаммед с.ғ.с пайғамбарымыз жәбірейіл оқиғасында анықтап
түсіндіріп берген. Онда мұсылмандық үш сатыдан, ислам, иман, ихсаннан
тұрады. Мұндағы ислам дегеніміз – діннің сыртқы жағы, иман – ішкі жағы,
ихсан – ақиқаты. Бұлар сопылық анықтамалар. Құран меи хадисте намаз сөзінің
кездеспей, оның орнына салат сөзінің болуы сияқты исламның алғашқы
дәуірлерінде де сопы тасаууф сөзі болмаған еді. Ол дәуірлерде сопылықты
білдіретін ихсан сөзі болатын. Сонымеи ихсан сопылық ақиқатқа жету
жолы болып табылады. Сопылық жолға түсіп тәңірге жақын болу туралы Ясауи өз
хикметтерінде төмендегідей жырлап өткен.
Қайда жүрсең көңіл жұмсақ сыпайы болғын,
Көре қалсаң мүсәпірді сырлас болғын.
Махшар күні тәңірге жақын болғын,
Менменсіген халайықтан қаштым міне.
Мәдинеге Расул барып, болды ғаріп,
Ғаріптікте азап тартып, сүйді жанып.
Жапа тартып, жаратқанға келгені анық,
Ғаріп болып ауыр жолды бастым міне.
Ғашық есігін мәулім ашты, маған сыйлы,
Топырақ қылып әзі бол деп мойынымды иді.
Қара нөсер қарғыс оғы келіп тиді,
Найза алып жүрек баурым сұқтым міне.
Ділім қатты, тілім ащы, өзім залым,
Құран оқып бой ұсынбас Жалған ғалым
Жаным құрбан, аямаймын жоқ дүр малым,
Хақтан қорқып отқа түспей күйдім міне.
Міне осындай сарынмен Хикметтер тереңдеп кете береді. Мұндағы негізгі
мақсат Алланы сүю, оған шын ғашық болу. Бұл ғашықтық Мұхаммад с.ғ.с
пайғамбардан мирас болып қалғандығында жасырмай баса айтады. Оның керген
қиыншылықтарын, ғашықтық жолында тартқан тауқыметін де жырлайды. Яғни
Алланың жолына түсу, оны сүю, оған мінсіз ғашық болу оңай іс емес, әркімнің
қолынан келе бермейтіндігін ескертеді. Сонда да болса соған ұмтылуға, жол
көрсетуге әрекет жасайды. Аллаға ғашық болу, оны сүю ханға да қараға да
бірдей екендігін, Алла алдында кім болса да тең дәрежелі болатындығын ашық
айтып отырған. Өзінен бұрын өткен ғашықтарды құрметтеп қатты сыйлаған,
сонымен қатар замандастарында ұмыт қалдырмаған. Соның ішінде Мансұр Хадаж
туралы төмендегідей жырлаған.
Ия достар, пәк махаббатты мақсат еттім,
Бұл дүниені дұшпан етіп жүрдім міне.
Жағамды ұстап хазіретке сиынып келдім,
Ғашық жолында мәнсұр сипат болдым міне.
Ғашық жолында ғашық болып Мәнсұр өтті,
Белін буып, Хақ сүймекті бекем тұтты.
Жәбір-жапа, қорлауды көп есітті,
Ей, мұсылман, менде Мәнсұр болдым міне.
Міне осылай Мәнсұрдың көрген қиыншылықтардың, оны дарға Әнә Әлхақ
Мен Алламын деп айтқандығы үшін асып өлтіргендігі туралы Ясауи өз
Хикметтерінде жырлап өткен. Ол жерде өзінің Аллаға Мәнсұр сияқты ғашық
екенін жырлап өткен. Яғни Аллаға сүюдің, оның жолына түсудің, дидарын
көрудің соншалықты қиын екендігін еш жасырмай ашық жырлайды. Міне соған
шыдағандар ғана Алланы шын ниетімен сүйе алады және ғашықтығы пәк, адал
болады. [12]
2.Ықылас пен шын жүректілік
Ықылас тек Алланың ризашылығы үшін құлшылық ету, өзімен сөзі бір
болу, екіжүзділік риякерліктен қашуды ықылас дейді.
Дін Алла үшін, тек Алла үшін мұндай Алла үшін құлшылық етудің аты,
ықылас, яғни, шын берілу, адалдық шын жүректілік өзі мен сөзі бір
жерден шығатын, риякерліктен алшақ жүретін, екіжүзділікті қару етпейтін.
Дінді кейбіреулер өз дәрежесін, мансабын көтеру жолында, көрініс үшін
қолданады. Аллаға көзбояушылықпен жалған құлшылық жасайды. Мұндай
діндарлықты, риякерлікті, басқаша айтқанда ширк дейді. Ол Аллаға ортақ
қосу, одан басқа да табынатын, сиынатын Тәңір жасау деген сөз. Оның соңы
күпірлікке дейін жалғасуы мүмкін.
Дін жолына, тек қана адамдардан мал-мүлік алып, баю үшін, жоғарғы
дәрежелі мансаптыққа көтерілу мақсатынмен өткендер бұл фаниде мұраттарына
жетулері мүмкін, бірақ о дүниеден алар несібесі жоқ. Ахмет Ясауи бұған көп
көңіл бөлген. Ол жаманнан қашуды, оның орнына ықылас, шын жүректі болуға
шақырады. Ықыласты болған мұсылман, Алла жолында әрқашан таза, кіршіксіз
қызмет етеді. Мұндай дін жолындағы момын Алланы шын жүрегімен сүйеді. Бұл
туралы өз Хикметтерінде көптеп жырлаған. Ол іші адал, кіршіксіз таза
болмаған, көзіне жасы ақпаған, халыққа дәруіштік, діндарлықпен
танылғандардың соңғы демдерінде риямен шіріген имандарының жоқ болатындығы
жайында көп айтады. Өзінің кейбір байқаусызда өткізіп алған күналарында
жасырмаған, сол күналарды жою үшін жақсыларды іздегендігінде жырлаған. Яғни
Аллаға құлшылық еткенде мұсылманның бес тұтқасын, парызын кіршіксіз
орындауға тырысқан, әрі басқаларды да соған шақырған. Бұлар туралы
төмендегі хикмет шумақтарынан көруге болады.
Алпыс үшке жасым жетті, өттім ғапыл,
Хақ әмірін бекем тұтпай болдым жаһыл.
Ораза, намаз қаза қылып болдым кәпір,
Иман іздеп жақсыларға жеттім міне.
Яғни, әрбір өткізіп алған күнәлерін еске алып, солардан арылу үшін
иманды іздеп, сарсан болып, жақсыларды іздеп, оны тауып, жіберген қателерін
түзегендігін жете жырлап отыр. Сонымен қоса шәкірттеріне, замандастарына,
діндестеріне, келер ұрпаққа мұндай күнәлардан қашыңдар, менің жіберген
қателерімді сендерге өткізіп алмаңдар деп ескерткен. Жалған атаққа
масаттанбай тек Алла үшін құлшылық еткендігі туралы да хикметтер айтқан.
Жалған атақтан арылып сәби болдым,
Алла атын айта-айта ашық болдым.
Аллаға бар жаныммен адал болдым,
Фанафи Алла мақамына салдым міне.
Бұл жерде Аллаға бар жаныммен адал болдым Фанафи Алла мақамына салдым
міне дегені - Аллаға шын берілдім, Алла үшін сопылық жолында жоқ болдым
деген ұғым. Бұл сопылық ілімнің ең жоғарғы дәрежесі есептелінеді. Бұл
жөнінде мынадай хикмет жолдары бар, Ғашық болсаң ғашық жолында фана
болғын. Яғни мұнда да, Аллаға ғашық болсаң Алла үшін жоқ бол, сол жолда
өлім қажет болса,өзіңді өлімге де қи дегені. Сонда Аллаға шын, адал,
кіршіксіз таза болу үшін, еш нәрседен аянбау қажет. Міне Ясауи
мұсылмандарды осындай тазалыққа, ықыластыққа, шын жүректілікке шақырған
оған өзі басшы болған. Себебі өзінің сөзімен ісі бір болған, басқалардан да
соны өтінген. Осы сарында Алла үшін жаннан кешудің қажеттігінде жырлаған.
Хикмет сөздерін тереңірек талдасақ бұл сопылықтың ақиқат құлшылығы қиын
іс екендігіне көз жеткіземіз. Көп жағдайларда жылдар бойы мұсылмандықты
өздерінің жеке мүлкіндей, затындай көріп, адамдарды дәрежелеріне
мансаптарына қарап, жәннәтпен тозаққа жолдағандар ертең махшар күні оның
сұрауынан қорықпайды ма екен.
Қожа Ахмет Ясауи Ғұлама бір жүйеге салып, оны түсіндіргсн. Ислам
дінінде риякерлікпен дінді дүние үшін саудаға салу деген атымен жоқ. Тек
қана ихсан мен ықыласты болуға ұмтылу, талпыну бар. Ықылас пен
ихсан Алланы көріп тұрғандай құлшылық ету, тек Аллаға құлшылықта болу
деген сөз.
Ахмет Ясауи жолында риякерліктен қашу ең негізгі мәселе, ең басты
принцип болып табылады. Өйткені оның жолы қасиетті құран жолы...
Құран да мынадай аят келтірілген,
...Намаз қылушылардың сиқына қара... олар намаздарынан бос
қалғандар... рияға адасып, сырт көрініс үшін құлшылық еткендер....
Міне мұндай адамдар, қай заманда болса табылады, Ясауи соларды
әшкерелеген. Қазіргі заманда да мұндай, тек басқаларға көз қылу үшін намаз
оқып, ораза тұтатындар жетіп артылады. Біз олардан арылуымыз қажет, сол
үшінде иманды тілмен емес, жүрекпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Ясауидың педагогикалық еңбектеріндегі адамгершілік тәрбие мәселелері
Қожа Ахмет Йассауй мұраларын оқу-тәрбие процесіне ендіру жолдары
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің салынуы
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі
Х-ХҮІ ғасырлардағы Шығыс ғұламалары және ислам әлемі
Этнопедагогикалық білімдер
Ясауидің еңбектеріндегі алла сүйіспеншілігі
Түркі пәлсапасы
Исламдағы діни төзімділік пен толеранттылық мәселесі
Орта ғасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері мен идеялары
Пәндер