Қазақстанда Азамат соғысы жылдарында жасақталған Қызыл армияның әскери бөлімдері мен құрамалары (1918-1920 ж. ж.)



Қазақстанда азамат соғысының басталуына байланысты жергілікті халықтың көптеген өкілдері өз еркімен революция жеңісін қорғаушылар қатарына қосылды. Халықтың осы патриоттық қозғалысын ескере отырып, РСФСР Ұлт істері жөніндегі халкоматы 1918 жылы тамызда Қазақ ұлттық оскери бөлімдерін құру жөнінде шешім қабылдады. 1919 жылы 3 сәуірде республиканың әскери-революциялық советі Қырғыз (қазақ) әскери комиссариаттары туралы Ережені бекітті. Ереже бойынша республика әскери комиссариатьшың негізгі міндеті еңбекші қазақ халқы арасынан Отан қорғауға әрбір әскери бөлімдер құру болып белгіленді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
4. Қазақстанда Азамат соғысы жылдарында жасақталған Қызыл армияның
әскери бөлімдері мен құрамалары (1918-1920 ж. ж.)

Қазақстанда азамат соғысының басталуына байланысты жергілікті халықтың
көптеген өкілдері өз еркімен революция жеңісін қорғаушылар қатарына
қосылды. Халықтың осы патриоттық қозғалысын ескере отырып, РСФСР Ұлт істері
жөніндегі халкоматы 1918 жылы тамызда Қазақ ұлттық оскери бөлімдерін құру
жөнінде шешім қабылдады. 1919 жылы 3 сәуірде республиканың әскери-
революциялық советі Қырғыз (қазақ) әскери комиссариаттары туралы Ережені
бекітті. Ереже бойынша республика әскери комиссариатьшың негізгі міндеті
еңбекші қазақ халқы арасынан Отан қорғауға әрбір әскери бөлімдер құру болып
белгіленді.
Алғашында әскери бөлімдер бүкіл елімізде, оның ішінде қазақ өлкесінде
1918 жылы 15 (28) қаңтарда В.И.Ленин қол қойған жұмысшы шаруа Қызыл
Армиясын ұйымдастыру жөніндегі Халкомсовтың декретіне сәйкес еріктілерден
жасақталды (1918 жылы қаңтар-мамыр). Оның алғашқы әскери бөлімдерін
жасақтау жөніндегі мәселе бүкшелкеде еңбекшілердің көптеген съезд, жиналыс
және митингідерінде талқылаңды. 1918 жылы наурыз-сәуірде советтердің
Торғай қыстық съезі Совет өкіметін қолына қару алып қарғағысы келетін қазақ
еңбекшілерінің тілегіне орай, атты әскер дивичиясын жасақтау жөнінде шешім
қабылдап, Торғай облысының төтенше әскери комиссары Ә.Т.Жангелдин арқылы
Холкомсовқа өтініш етіп, осы дивизияны қару-жарақ- пен және киіммен
қамтамасыз етуге көмек көрсетуін сұрады. Совет әскери бөлімдерді толықтыру
жөніндегі нұсқауды бекітті. 1918 жылы наурыз айының басында Семей облысының
жұмысшы, шаруа, солдат, қырғыз (қазақ) және қазақ даутаттарының біріккен 1-
съезінің шешімі бойынша облысқа , советтің жасақтау жөніндегі комиссиясы
әскер қатарына еріктілерді жазуға кірісті. Наурызда Советтің шешімімен Форт-
Александровскіде (Ақтау) 100 жауынгерден тұратын рота жасақталды. Петропавл
уездік Советінің аткомы құрған құрамында И.Д.Дубинин, В.Трацевский т.б. бар
әскери штаб пен жасақтау жөніндегі комиссия сәуірде атқыштар ротасы мен
атты әскери эскадронды Ақмолада 200 адамдық отряд, наурызда коммунист
Л.П.Емелев басқаратын Қызыл Армияның 1300 адамдық бірінші Жетісулық
Социалистік жаяу әскер полкі, Верный (Алматы) қаласында жұмысшы-металлист
И.Маментов басқаратын 500 адамдық отряд жасақталды. Қостанайда осы кезде
жалпы саны 1045 жауынгерден тұратын 10-Орал атқыштар полкі мен ерекше атты
әскер отрядын жасақтау аяқталды. Әскери бөлімдерді жасақтау жергілікті
жерлердегі партия, совет ұйымдарының жұмысшы, шаруа және әскерден
босатылған майдангер-солдаттар, тыл жұмысындағылар арасында ықпалды жұмыс
жүргізуінің нәтижесінде жүзеге асты. Өлкенің барлық ұлттарының еңбекшілері
— қазақтар, орыстар, қырғыздар, украиңдар, татарлар, дүнгендер, ұйғырлар
т.б. Қызыл Армия әскери бөлімдерін құруды қызу қолдап, өз еріктерімен оның
қатарына етті. Азамат соғысы мен әскери интервенция басталуының алдында
құрылған әскери бөлімдер, негізінен, жергілікті жерлерде Совет өкіметін
нығайту және құлатылған қанаушы таптардың қарсылығын басу үшін
пайдаланылады. Олар Орынбор даласында Дутовты талқандауға, Петропавл мен
Қостанайдағы (наурыз), Жетісудағы (1918 ж. сәуір — мамыр) бүліктерді басуға
қатысты. Сан жағынан алғанда жергілікті жерлерде еріктілерден жасақталған
өскери бөлімдер онша көп емес еді. 1918 жылдың май айына дейін Қазақстан
жерінде жасақталған құрамалардағы еріктілердің саны 7 мың адамнан аспады.
Оларда ұйымдық жағы жеткілікті дәрежеде нығаймаған, қатал тәртіп
орнатылмаған еді. Бір ізге түскен, орталықтандырылған басқару аппараты
болмады. Командалық кадрлер жетіспеді, әскери дайыңдық әлсіз болды. Соған
қарамастан Қазақстанда сол уақытта, бүкіл еліміздегі сияқты, В.И.Ленин
сөзімен айтқанда, күш жинап, "...тас үстіне тас қалап, нағыз социалистік
Қызыл Армияның ірге тасын қалап..." жатқан кез болды.
1918 жылдың мамыр айынан 1920 жылдың қараша аралығыңда халықаралық
империализмнің қарулы қоқан-лоқысы өзінің шеңберінен шығып, жеңіліске
ұшыраған ішкі контрреволюцияны ұйымдастырудағы шешуші факторға айналған
кезде Қазақстанның советтенген аудандарындағы партия совет органдары, бүкіл
еліміз сияқты, Советтердің Бүкіл россиялық 5-съезінің шешімі негізіңде
жалпыға бірдей әскери міндеттілікті енгізіп, тұрақты армия құруға кірісті.
Болыс, уезд, губерния және облыстарда әскери бөлімдерді жасақтаумен
Халкомсовтың 1918 ж. 8 сөуірдегі декретіне сәйкес құрылған әскери іс
женіндегі комиссариаттар айналысты. Қазақстандағы советтік аудандар, Шығыс
Ақтөбе және Жетісу майдандарыңцағы әскери бөлімдер мен құрамалар
жауынгерлер жасақтайтын базаға айналды. Ақтөбе, Перовск, Қазалы, Жетісу
партия ұйымдары мен әскери комиссариаттары майданды жауынгерлермен
толықтырып, қару-жарақ пен оқ-дәрілер жіберіп отырды. Наурызда Перовск
әскери комиссариаты Ақтөбе майданына өздері жасақтаған 440 адамдық отряд,
Темір комиссариаты 400 адамдық батальон жіберді. 1918 ж. тамызда РСФСР Ұлт
істері жөніндегі халкоматы қазақ ұлттық әскери бөлімдерін жасақтау туралы
қаулы қабылдады. Бұл қазақ халқының мемлекет қорғанысы ісіне тартудың бір
түрі еді. Торғайда әскери комиссар А. Иманов пен Қырғыз (қазақ) Дала
өлкесінің комиссары Ә. Жанкелдин 1919 ж. қаңтар — наурызында 500 адамдық үш
атты әскер эскадронын жасақтады. Қостанайда Қызыл әскерлер арасында
төртіпті күшейтіп, тәрбие жұмысын жүргізуге Кәкімжан Саркин, Ильяс
Қоғалбаев ат салысты. Қазақстанның Батысында қазақ әскери бөлімдерін
жасақтау ісімен 1918 жылдың екінші жартысынан бастап Орда селосында
орналасқан Түнғаншин Мұхамедияр Хангерей ұлы басқаратын ұлт істері
жөніндегі халкоматтың Қырғыз бөлімінің әскери бөлімшесі айналысты (кейіннен
белімше әскери іс жөніндегі Қырғыз (қазақ) комиссариаты болып қайта
құрылды). Оған Бөкей даласындағы жергілікті партия, совет органдары
көмекгесті. Мұнда Орда, Казақ Таловкасы, Шоңай, Сайхын, Жанғала, Жәнібек
т.б. селолар мен ауылдардың еңбекшілерінен дербес атқыштар полкі жасақ-
талды. Бұл полк 1919 ж. дербес Александров-Гай атқыштар бригадасының
қүрамына кірді. Жәнібек ауданында қазақ кедейлерінен Н.Дрюнин басқарған
дербес өскери бөлім жасақталды. 1919 жылдың жайы қарсаңында Ордада ондаған
пулеметтер мен зеңбіректерден, мотоциклшілер взводынан түратын 1700 адамдық
Қазақтың 1-үлгілі атты әскер полкін жасақтау аяқталды. Полктің алғашқы
ұйымдастырушыларының бірі 1918 жылдан коммунист Бисен Жөнікешев кейін оның
комиссары болды. Полкте коммунистер Ғабит Сарбаев, Алма Оразбаева, Хамит
Чурин, Нұрсұлтан Бикетовтар ұйымдастырушылық және саяси жұмыстар жүргізді.
Кейін инженер-техник әскерлерінің генерал-майоры болған Ш.Жексенбаев,
генерал атағын алған Рамазан Құрманғалиев, т.б. осында бөлімше командирлері
болды. 1919 жылдың жазында қарақшыларға қарсы шайқаста көрсеткен ерлігі мен
қаһармандығы үшін полк БОАК-тың Құрметті Қызыл Туымен наградталды. Орал
контрреволюциясын жойғаннан кейін полк оңтүстік майданда шайқасып, Қырымды
азат етті. 1919 ж. шілдеде Қырғыз әскери комиссариаты Аткарск қаласында
Бөкей даласындағы қазақтардан 3500 жауынгерден тұратын Дербес қазақ атты
әскер бригадасын жасақтауды аяқтады. Ұлттық әскери бөлімдерді жасақтауға
М.В.Фрунзе, В.В.Куйбышев, В.И.Чанаев, Ә.Әйтиев коп көмек көрсетті. Қазақ
еңбекшілері 4-Армияның қолбасшысы М.В.Фрунзенің "Туысқан кырғыздар" деген
үндеуін жылы қабылдады. Қазақстандық әскери құрамалар, Колчак, Дутов,
Врангельді талқандауға, контрреволюциялық басшылары К.К.Мамонов,
Б.А.Анненков, Г.И.Семенов, Р.Ф.Унгерн Фон Штернберг әскерлерін жоюға
қатысты. Қазақ халқы көп ұлттық Совет халқымен бірге Совет өкімет орнату
жолындағы күресте шынығып, социалистік Отанды революция жауларынан
жанқиярлықпен қорғады. Бригада құрамына кіретін Қазақтың 2 үлгілі атты
әскери полкын С.А.Кузинин (кейіннен Совет армиясының полковнигі) басқарды.
4-Шығыс майданы армиясына қосылған бұл бригада Орал даласында ақ қазақтарды
толық талқандағанша шайқасты. 1919 жылы Ақтобе майданының құрамында
Қостанай партизандарынан жасақталған 785 адамдық 4-Долбышын атқыштар полкі
қосылды. Осы кезде Орал облысының Зауралье бөлігінде дербес экскадрон
базасында Экземплярский басқаратын атты өскери полкі құралды. Оның үш
пулеметі, 700 адамды болды. Оларға әкелінген полк қаланың 600-ге жуыық
Ммунистерімен бірге қоршауға кезінде Оралды қаһармандъіқпен қорғады.
Қазақстаңда Совет өкіметін орнатуға белсене ат салысқан құрамалардың бірі
1918 жылы Николаевск қаласында жасақталған 25-атқыштар дивизиясы болды.
Дивизия 1918 жылдың аяғы — 1919 жылдың басында ақ чехтар Еділ бойындағы ақ
қазақтармен шайқасты. 1918 жылы 7 қазанда Самараны, 1919 жылы 24 қаңтар
Оралды, 1919 жылы наурызда Ілбішінді азат етті.
1919 жылы маусым-шілде Оралды қоршаудан босатуға қатысып, 1919 жылы
5 қаңтарда Гурьевті жаудан босатты. 1919—1920 жылдар құрамында көптеген
қазақстандықтар болған бірқатар құрамалар жасақталды. 1919 жылы 26 қазанда
Түркістан майданы Әскери Революциялық Советінің
бұйрығымен Орынбор мен Ақтобедегі 1-Армия бөлімдерінен 1 -Түркістан
атқыштар дивизиясы жасақтала бастады. Республика әскери революциялық
Советінің 1920 жылы 12 қараша дағы бұйрығымен Оңтүстік майданындағы
Түркістан майданынан келген Қырғыз және Өзбек атты әскер бригадасының
Екінші-Түркістан атты әскер дивизиясы жасақталды.
1918 жыддың мамырынан 1920 жылдың қарашасына дейін тек қана Ақтөбе
майдандарыңда өлкенің әскери комиссариаттарында жасақталған 1375 адамдык 1-
Торғайреволюциялық полкі, 5 экскадроннан тұратын 400 адамдық атты әскери
полкі, теміржолшылардың 771 адамдық 1-коммунистік полкі, 785 адамдық 4-
Долбышын атқыштар полкі, 2-Біріккен атқыштар полкі (Перовск және Қазалы
батальонынан) шайқасты. Сол уақытта Жетісу облысы әскери комиссариаты
жалпы саны 4968 адамдық, 18 зеңбірегі мен 23 пулеметі бар 4-атқыштар
полкін, 1-атты әскер 2-Біріккен атқыштар батальонын және бірнеше арнаулы
бөлімдерді жасақтап, Жетісу майданына жөнелтті. Облыс бойынша әскери
бөлімдерге барлығы 9587 адам шақырылды (Черкасск қорғанысы
ауданындағыларды есептемегенде).
Қазақстанда әскери бөлімдер жасақтау өлке азат етілгеннен кейін де
жүргізілді. 1920 жыддың наурызында әскери қатарына шақыру нәтижесінде
жалпы саны 9 мың адамдық Дербес далалық бригада, 3 қорғаныстық атты әскери
полкін, 6 дербес эскадрон және арнаулы мақсаттағы 8 бөлім жасақталды.
Жетісуда осы уақытта жалпы саны 5,5 мың адамнан артық дербес қырғыз атты
әскери бригадасы, 27-Түркістан атқыштар полкі, күзде коммунист Магаз
Масанчи басқаратын 15-Дүнген атты әскер полкі, Дербес Ұйғыр атты әскери
эскадроны жасақталды. 1920 жылдың жазында Жаркент, Нарын қалаларында
мемлекеттік шекараны күзететін ұлттық бөлімдерді жасақтау табыспен өтгі.
Қазақстан еңбекшілері Коммунистік партия мен Совет өкіметінің басшылығымен
Азамат соғысының және шетелдік интервенцияның барлық кезеңдерінде Совет
мемлекеті Қарулы Күштерінің құрамдас бөлігі болып табылатын әскери
жасақтауға белсене қатысты. Бұл әскери бөлімдерге жергілікті ұлт
еңбекшілері мейлінше көп қабылданды.

5. РКП(б)-нің X съезінің жаңа экономика саясаты (ЖЭС) және оның
Қазақстан халқын ашаршылыққа ұшыратуы. Жер-су реформасын жүзеге асыру

1920 жылдың аяғында Коммунистік партия жаңа экономикалық саясатты
(ЖЭС) өзірлеуге кірісті. 1921 жылғы ақпанның басында Ленин азық-түлік
салғыртының орнына азық-түлік салығын енгізудің қажеттігін атап көрсетті.
1921 жылдың 8—16 наурызында партияның X съезі өтті. В.И.Ленин Орталық
Комитеттің есепті баяндамасы мен натуралды салық туралы баяндамасында
салғырттан азық-түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа көшудің
қажеттігін жете дәлелдеп берді.
Социализмнің экономикалық негізін салу үшін жаңа техникалық базада ірі
өнеркәсіпті қалпына келтіріп, қайта құру керек болды, ал бұл үшін
жұмысшыларды азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл
шаруашылығын ең алдымен қалпына келтіру керек болды. Ауылшаруашылық
өндірісін көтеруге еңбекші шаруалар бұқарасын ынталандыру керек болды,
бірте-бірте, ептеп-ептеп миллиондаған бытыраңқы шаруалар шаруашылығын
социализм жолына көшіруге негіз дайындай беру керек болды; ал қала мен
деревняның, өнеркөсіп пен ауыл шаруашылығының экономикалық байланыстіл
тауар айналымынан капиталистік элементтерді ығыстыра отырып, сауда арқылы
ұйымдастыру керек болды. ЖЭС дегеніміз капитализмге белгілі шамада уақытша
жол бере отырып, бірақ халық шаруашылығын билеу тізгіндерін міндетті түрде
пролетарлық мемлекеттің қолында сақтай отырып, жұмысшылар мен шаруалардың
экономикалық және саяси одағын нығайтуды, пролетариат диктатурасын
нығайтуды көздейтін пролетарлық мемлекеттің айрықша саясаты еді. ЖЭС
бастапқы кезде және белгілі мөлшерде шегіну болды, бірақ жұмысшылар мен
шаруалардың капитализмге қарсы жаңа шабуылға көшуіне қажетті шегіну еді.
ЖЭС капиталистік элементтермен өзінің күресінде социалистік элементтердің
басым өсуін, социалистік элементтердің капиталистік элементтерді жеңіп
шығуын, қанаушы таптарды жоюды, социализм орнатуды көздеген еді.
Съезд партияның соғыс коммунизмі саясатынан жаңа экономикалық саясатқа
көшу жөніндегі ұстаған бағытын мақұлдап, салғыртты азық-түлік салығымен
ауыстыру туралы шешім алды. Шаруалар шаруашылығына салынатын салықтың
міндетті мөлшері белгіленді, өткенмен артық өнімдерді шаруаның өзі толық
билейтін болып, ал өнімдерді шаруа өнеркәсіп товарларына айырбастауға,
базарға шығарып сатуға мүмкіндік алды.
Қазақстанның жағдайы 1916 жылғы ойран Жетісуда, әсіресе, қазақтарды үлкен
қиыншылыққа ұшыратты. Он мындаған адам көтерілісте қырылды. 300 мыңы Қытай
асып, елінен, жерінен айырыльш қалды. Революцияға дейін шұрайлы жерінен
айырылған халық ашаршылыққа ұрынды. 1917-1918 жылдары Түркістанда 1,114
миллион адам аштан қырылды. Оның 75 проценті қазақтар. 1919 жылғы
Т.Рысқұловтың бастауымен Түркістан өлкесінде аштарға көмек беру комиссиясы
құрылды. Бірақ соның өзіңде бұл елкеге жеңіддік жасалмады. Азық-түлік
Қазақстанда 1920 жылы қандай мөлшерде жиналып, орталыққа жіберілгені
жоғарыда ашылды. 1921 жылы Қазақстанның 5 губерниясы, кейбір уездері
ашаршылыққа ұшырады. Бұл губерниялар (ішінде Семей губерниясы да бар) Қазақ
АССР ОАК-інің өтініші бойынша, 1921-1922 жылдары азық-түлік салығынан
босатылды. Сондай-ақ Қазақстандағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі
халық ет, сүт, тері, жүн төлеуден босатылды.
Қазақстандағы ашаршылық тек 1921 жылмен шектелмейді, одан әлдеқайда бүрын
басталды, бірақ оның мөлшері, халықтың шеккен зияны өлі толық анықталмай
келеді. Бір ескерерлік жайт — ЖЭС-те бізге жақсылық әкелмеді. 1921 жылы
күзде Лениннің өзі Арал балықшыларына хат жазып, орталыққа балық алғызды,
Тіпті Ақмола, Семей губернияларынан 1921 жьшы ашыққан неміс жұмысшыларына
астық жөнелтіліп, оларды "таң қалдырдық".
1921 жылы Мәскеу Қазақстаннан 1920 жылдың орындалмаған 20 миллион пүт
астығын жинауға әрекеттенді. Бұған тек шаруалар ғана емес, осы әрекеттің
жөнсіздігін түсінген кейбір Кеңес кызметкерлері де наразылық білдірді.
Осыған қарамастан, 1921 жылы мамырда Мәскеу мен Ленинградтан Павлодарға 7
мың жұмысшы және 2,5 мың адамнан құралған бірнеше автоколонналар келіп
түсті. Астық жоспарын орындату мақсатымен кейбір губернияларға зат
айырбасын жасауға әртүрлі тауарлар да жіберілді. Бірақ Кеңес өкіметінен
жүрегі шайлығып қалған шаруалар бұған сенбеді және ел ашығып жатқанда
астығынан айырылғысы келмеді. Сондықтан олар астықты тіпті өнеркәсіп
тауарларьша айырбастаудан да бас тартты. 1921 жылғы 2-шілдеде Лениннің
РК(б)П-ның Сібір және қазақ бюроларына жіберген телеграммаларында "шешуші
шаралар қолданып, базарларды толық жабудан (шаруалар астығын сатгырмау
үшін) тайсалмай, кең мөлшерде зорлап алмастыру жүргізіңдер" деп кеңес
берді. Осылайша Кеңес өкіметі жоғарыда көрсетілген жеңілдіктердің бәрін
бірте-бірте жойылып, іс жүзінде ескі "соғыс коммунизмі" саясатына қайта
кешуге бет алды. Соның бір көрінісі — 1921 жылы 20-қарашадан бастап
Павлодар үйезіңде енгізілген барлық көлікті үйездік кеңеске беру туралы
бұйрық. Азық-түлік салығын уақтылы орындауды қадағалауды үйездік азық-түлік
үштігі (продтройка) аталатын тотенше топ қадағалайтын болды. Тәртіпті
орындалмаған жағдайда бұрынғыдай (өткен жылғыдай) "репрессиялық" шаралар
қолданылатыны ескертілді (ондай селоларды ерекше азық-түлік жағдайында деп
жариялау, оларға әскери бөлімдерді жіберу). Бұл жай сөз болып қалмағанын
архив құжаттарынан көруге болады. Мысалы, Семей губревтрибуналы 57 жастағы
орта шаруа Егор Постелнякты 6 айга соттап, оның төмендегідей астығы мен
мүлкін тәркілеген: 30 пұт арпа, 30 пұт сұлы, 10 пұт бидай, 3 ат, 5 сиыр, 4
өгіз, 3 арба, 2 жас мал, 10 ірі қой, 1 мая сабан және бүкіл малға жиған жем
шөп. Бұл шешім өзгертілмейді делінген.
1922 жылы да ЖЭС-тің енгізілгеніне қарамастан азық-түлік салығының
салғырттан айырмасы болмағанын байқаймыз. Олардың мөлшері де бірдей және
жоғарыдан түсірілетін әрі күштеп жиналатын. РК(б)П Орталық Комитетінің
"орталыққа" астық жіберу талабы өте қатаң болғандықтан жергілікті органдар
да ортүрлі жантүршігерлік әрекеттерге барды. Соның бірі — салыкты аз төлеу
үшін егістік жерін жасырғандарды әшкерелеушілерге әр десятина үшін 50
тиыннан ақша төлеу шарасы. Ал жерін жасырған адам төркілеуге ұшырап, сотқа
тартылатын.
Заңсыздықтан репрессиядағы жергілікті халық та (қазақтар) құтыла алмады.
Жоғарыда аталған жеңілдіктер қазақтардан алынып, 1922 жылы 13-тамызда
Павлодар үйезіндегі көшпелі және жартылай көшпелілерден ет салығы жинала
бастады. Ал сол жылы 25-қазанда үйездік атқару комитетінің қаулысында,
"орталықтың бұйыруы бойынша", етке, жүнге, теріге мемлекеттік салық түседі.
Төлеу шарты өте қатал болатын: 1 желтоқсанға дейін төленбесе, салық екі
еселенеді, ал 1923 жылдың 1-қаңтарынан үш еселеніп күшпен тартып алынады.
Бұл қаулыны орындай алмаса, атқару комитеттерінің басшылары өздері сот және
әкімшілік жолымен жазаланады делінген.
Сонымен 1920—1922 жылдары Қазақстанда жүргізілген Кеңес өкіметінің азық-
түлік саясатының негізі ауыл-село есебін РК(б)П-ның бұйрық-жарлықтарына
сүйеніп, орталықтың қажетін өтеу болды. Ал Қазақстан еңбекшілерінің өз
мүддесі, ондағы ашаршылық, күйзеліс есепке де алынбады. Керісінше, азық-
түлік халықтан Ресейден арнайы жіберілген әскери күштерге сүйеніп күшпен
тартып алынды, экспроприацияға негізделді, шаруалардың наразылығы аяусыз
басып-жаншылды. Жергілікті кеңестер тек орталықтың мүддесін көздейтін
әскери-саяси күшке айналды, олардың заңсыз әрекеттерінің өзі кешіріліп
отырды. Халықтың (әсіресе, шаруалардың) Кеңес өкіметіне сенімі жоғалды.
Осындай кезде революция ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азамат соғысы
Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.)
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. Өлкедегі азамат соғысы (1917-1920 жж.)
Қазақстан азамат соғыс жылдарында
Қазақ зиялыларының большевиктермен жүргізген келіссөзі
Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандық құрамалардың ерліктерін насихаттау
Ұлы Отан соғысы. Шайқас даласындағы қазақтандықтардың ерліктері
Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы - қазақстандық тарихнаманың кейінге қалған саласы
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және оның ерекшелігі. 1917 жылғы Қазан төңкерісінің Қазақстанға әсері
Алаш партиясы және Алашорда автономиясы
Пәндер